"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № 289 қаулысы. Қаулы 2020 жылғы 1 қазаннан бастап өз қолданысын тоқтатты

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қаулы 01.10.2020 бастап өз қолданысын тоқтатты.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қазақстан Республикасының аумағында әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, сондай-ақ төтенше жағдайдың құқықтық режимін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілген жағдайда, төтенше жағдайдың тиісті түрі саласындағы орталық уәкілетті орган заңнамаға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қарауына тиісті негіздемелермен және есеп-қисаптармен Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтерінен ақша бөлу туралы өтінішхат ұсынады. Бұл ретте орын алған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай өңірлік немесе жаһандық ауқымда не авария, зілзала немесе апаттың салдарынан төтенше жағдайдың аймағы тұрғындарының саны 15000 адамнан астам бір қалалық елді мекеннің не тұрғындарының жалпы саны 6000 адамнан астам 5 ауылдық елді мекеннің аумақтарын қамтыған және олардың тыныс-тіршілік жағдайлары бұзылған жағдайда жергілікті ауқымда болуға тиіс.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қазаннан бастап өз қолданысын тоқтатады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады