Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтанда жасалған 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шарттың 3-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің 321-бабының 2-тармағына мынадай өзгерістер енгізілсін (2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа № 1 қосымша):
1) тармақша "мүше мемлекеттер басшыларының" деген сөздерден кейін ", мүше мемлекеттер үкіметтері басшыларының" деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақшадағы "үкіметтері басшыларының," деген сөздер алып тасталсын;
3) 5) тармақша "Армения Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының" деген сөздерден кейін ", Армения Республикасы Премьер-Министрі Әкімшілігі Басшысының," деген сөздермен толықтырылсын, "Армения Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының" деген сөздерден кейін ", Армения Республикасы Премьер-Министрінің Күзет қызметі бастығының" деген сөздермен толықтырылсын;
4) 8) тармакшадағы "Қорғаныс" деген сөз "Қауіпсіздік" деген сөзбен ауыстырылсын
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді мүше мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатаялық арналар арқылы алған күннен бастап күшіне енеді.
2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Хаттаманың төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитариі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы Беларусь Республикасы Қазақстан Республикасы |
үшін үшін үшін |
Қырғыз Республикасының Ресей Федерациясы |
үшін үшін |
Осымен, аталған мәтіннің 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында, мыналар:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Премьер-министрі Н.В. Пашинян;
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасының Президенті Г. Лукашенко;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасының Президенті К.К. Тоқаев;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Президенті C.Ш. Жээнбеков;
Ресей Федерациясы үшін - Ресей Федерациясының Президенті В. Путин
қол қойған 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманның толық және тең түпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын растаймын.
Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
Барлығы көшірменің 2 парағы тігілген, қол қоюмен және мөрмен бекітілген |
Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқық департаментінің директоры |
В.И. Тараскин |