"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2019 жылғы есепті бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 329 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2019 жылғы есепті бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2019 жылғы есепті бекіту туралы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 134-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2019 жылғы есеп бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2019 жылғы есепті Қазақстан Республикасының Парламентіне ақпарат тәртібімен ұсынсын;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2019 жылғы есеп және аудит жүргізу нәтижелері туралы ақпараттың мерзімді баспа басылымдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы
№ Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2019 жылғы ЕСЕП

      Мазмұны:


      1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы 2019 жылғы есеп.

      2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі туралы 2019 жылғы есеп.

      3-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі 2019 жылғы өзге де деректер.

1-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдері және оның пайдаланылуы туралы 2019 жылғы есеп

Р/с

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану

Сомасы (мың теңге)

1

2

3

1.

Есепті кезеңнің басындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі - Ұлттық қор) қаражаты, БАРЛЫҒЫ:

26062038092*

2.

Түсімдер, БАРЛЫҒЫ:
оның ішінде:
- мұнай секторының ұйымдарынан түсетін тікелей салықтар (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда),
оның ішінде:
корпоративтік табыс салығы;
үстеме пайдаға салынатын салық;
бонустар;
пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық;
экспортқа салынатын рента салығы;
жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі;
мұнай секторының ұйымдарынан түсетін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі және жер қойнауын пайдалануға салынатын баламалы салық;
- мұнай секторының ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелген түсімдерді қоспағанда),
оның ішінде:
мұнай секторының ұйымдарына орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
мұнай секторының ұйымдарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар;
мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат;
мұнай секторының ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер;
- республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер;
- ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және тізбе бойынша бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер;
- ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;
- инвестициялық кірістер;
- республикалық бюджеттен берілетін кепілдендірілген трансфертті қайтару;
- республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансфертті қайтару;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер

4491914505
 
 
2837206845
1243162337
109637970
7153696
339530086
431167645
 
 
644077416
 
 
 
62477695
 
 
21986493
 
 
 
7418131
 
 
11564936
 
3002921
 
505
16928307
 
 
 
 
947920
 
222503
1608480366
 
 
319577
 
 
5822494

3.

Пайдалану, БАРЛЫҒЫ:
оның ішінде:
- кепілдендірілген трансферт;
- нысаналы трансферттер;
- Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайынғы сыртқы аудитті жүргізуге байланысты шығыстарды жабу

3083987307
 
2700000000
370000000
 
13987307

4.

Ұлттық қордың есепті кезеңнің соңындағы қаражаты, БАРЛЫҒЫ:

27469965290**

      Ескертпелер:

      * 2019 жылдың басындағы сальдо 9326308 мың теңге мөлшерінде Ұлттық қордың есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 49 мың теңге - айырма мен сыртқы аудиторлар жасаған өткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын және түзету сомасы болып табылатын 2378870875 мың теңге соманы есепке алмай көрсетілген;

      ** 2019 жылдың соңындағы сальдо 9692180 мың теңге мөлшерінде Ұлттық қордың есептелген және мерзімі ұзартылған шығыстарының сомасын және 49 мың теңге - айырма мен сыртқы аудиторлар жасаған еткен жылдардағы қаржылық есептіліктегі дөңгелектеу сомасын және түзету сомасы болып табылатын 23533 12883 мың теңге соманы есепке алмай көрсетілген.

      2019 жылғы 1 қаңтарда Ұлттық қордың қаражаты 26062038092 мың теңгені (23673840860 мың теңге - аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), 2019 жылғы 31 желтоқсанға 27469965290 мың теңгені (25106960178 мың теңге - аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен) құрады.

      2019 жылы Ұлттық қорға 2883434139 мың теңге түсті, оның ішінде мұнай секторының ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) 2837206845 мың теңге, оның ішінде 1613794992 мың теңгесі (4227869 мың АҚШ долларына барабар) күнбе-күн дәйекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын жүргізу жолымен Ұлттық қордың теңгедегі тиісті шотына есептелген шетел валютасындағы түсімдер; мұнай секторының ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелген түсімдерді қоспағанда) - 21986493 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер - 222503 мың теңге және республикалық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер - 16928307 мың теңге, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және тізбе бойынша бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер - 947920 мың теңге.

      "2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 22 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылы республикалық бюджеттен Ұлттық қорға бұрын Ұлттық қордан алынған 319577 мың теңге сомасында нысаналы трансферт қайтарылды.

      Ұлттық қорға "Проблемалық кредиттер қоры" акционерлік қоғамының қаржы активтерін сатудан 5822494 мың теңге түсті.

      Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кіріс түсімдерінің бағамдық түзету ескеріліп есептелген сомасы 1609150893 мың теңге құрады.

2019 жылы Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түскен түсімдердің құрылымы мынадай көрсеткіштермен сипатталады:

Салықтық/салықтық емес түсімдердің түрлері

Сомасы (мың теңге)

Жалпы көлемдегі үлесі %

Мұнай секторы ұйымдарының заңды тұлғаларынан алынатын корпоративтік табыс салығы

1243162337

43,48

Үстеме пайдаға салынатын салық

109637970

3,84

Бонустар

1 7153696

0,25

Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық

339530086

11,87

Экспортқа салынатын рента салығы

431167645

15,08

Шикізат өнімі ұйымынан өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі

644077416

22,53

Мұнай секторының ұйымдарынан түсетін өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі және жер қойнауын пайдалануға салынатын баламалы салық

62477695

2,19

Мұнай секторының ұйымдарына орталық мемлекеттік органдар, олардың аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

7418131

0,26

Мұнай секторының ұйымдарына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын өзге де айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

11564936

0,40

Мұнай секторы ұйымдарының зиянды өтеуі туралы талаптар бойынша табиғат пайдаланушылардан алынған қаражат

3002921

0,10

Мұнай секторының ұйымдарынан түсетін басқа да салықтық емес түсімдер

505

0

БАРЛЫҒЫ:

2859193338

100

      Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің негізгі бөлігін (43,48 %) заңды тұлғалардан алынатын корпоративтік табыс салығы мен мұнай секторының ұйымдарынан түсетін өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі (22,53 %) кұрады, түсімдердің жалпы сомасындағы олардың үлесі 66,01 % болды. Түсімдердің жалпы сомасындағы экспортқа салынатын рента салығы - 15,08 %, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық - 11,87 %, үстеме пайда салығы - 3,84 % және мұнай секторының ұйымдарынан өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі және жер қойнауын пайдалануға салынатын баламалы салық - 2,19 % құрады.

      Бұдан басқа, 2019 жылға бекітілген мұнай секторы ұйымдарының тізбесінен (154 ұйым) тек 104 ұйым Ұлттық қорға тікелей салықтарды төлеуді жүзеге асырғанын атап өткен жөн.

      "2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2018 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2019 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыруға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 2700000000 мың теңгеден 2700000000 мың теңге аударылды, ол жылдық жоспардың 100 %-ін құрайды және нысаналы трансферт түрінде 370000000 мың теңге аударылды, ол 2019 жылға бекітілген соманың 100 %-ін құрайды.

      2019 жылы теңгемен номинацияланған бағалы қағаздар эмиссиясының шарттарына сәйкес эмитенттерден жалпы сомасы 22563179 мың теңгеге купондық сыйақы, оның ішінде "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамының облигациялары бойынша - 21696084 мың теңге, "Бәйтерек" ҰБХ" акционерлік қоғамының облигациялары бойынша - 843095 мың теңге, "ҚазАгро" ҰБХ" акционерлік қоғамының облигациялары бойынша 24000 мың теңге алынды.

      Сондай-ақ 2019 жылы "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" акционерлік қоғамының эмитенті жалпы сомасы 53662257 мың теңге облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуді жүргізді.

Облигациялық қарыздар түрінде бөлінетін қаражатты есепке алмағанда Ұлттық қор қаражатының пайдаланылуы (миллиард теңге)



      Ұлттық қордың валютасы АҚШ доллары болып табылатынын атап өткен жөн. 2019 жылы Ұлттық қорға мұнай секторы ұйымдарынан түскен түсімдер (2859193338 мың теңге) 2018 жылмен салыстырғанда (3211575218 мың теңге) 352381880 мың теңге сомаға немесе 11 %-ке азайды. Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін салықтардың азаюы негізінен әлемдік нарықта мұнай бағасының төмендеуіне байланысты.

Инвестициялық кірісті есепке алмағанда Ұлттық қорға түсетін түсімдер (миллиард теңге)



      Мәселен, есепті кезеңде ұлттық қордың активтері 2018 жылмен салыстырғанда 6 % немесе 3846 млн. АҚШ долларына ұлғайған.



      Ұлттық қордың ағымдағы шотында теңгедегі ақшаның қалдығы 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 724730007 мың теңгені құрады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық қорды сенімгерлік басқару жөніндегі 2019 жылғы қызметі туралы есеп

      "Делойт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Ұлттық қор аудитінің нәтижелері бойынша қаржылық есептілік дұрыс деп танылды және Ұлттық қордың қаржылық жағдайының халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетінін көрсетеді.

      2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Ұлттық қордың кредиторлық берешегі мен есептелген төленбеген шығыстарының жалпы сомасы 108814203 мың теңгені құрады, оның ішінде:

      1) Ұлттық қордың операциялары бойынша кредиторлық берешек - 61214400 мың теңге;

      2) 37907623 мың теңге - инвестициялық операциялар бойынша шетел валютасымен кредиторлық берешегі;

      3) 9692180 мың теңге - Ұлттық қорға көрсетілген қызмет үшін теңгемен кредиторлық берешек, оның ішінде:

      а) 8836740 мың теңге - активтерді басқару үшін комиссиялар, оның ішінде:

      4885940 мың теңге - Ұлттық қордың сыртқы басқарушыларының қызметі үшін;

      3950800 мың теңге - Ұлттық Банктің комиссиялық сыйақысы;

      б) 855440 мың теңге - басқа да есептелген шығыстар, оның ішінде:

      812940 мың теңге - Ұлттық қор кастодиандарының қызметтері үшін;

      42500 мың теңге - Ұлттық қордың аудиті бойынша қызметтер үшін.

  1-нысан

Ұлттық қордың активтері мен міндеттемелері туралы есеп (мың теңге)

Баптардың атауы

31.12.2019

31.12.2018

Активтер



Ақша қаражаты және оның баламалары

1365310110

2018469636

Пайдалануға болмайтын ақшалан қаражаттар

234894972

237685180

Алтын

389696712

-

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша ескерілетін қаржы құралдары:



- Ұлттық қордың меншігінде тұрған

22421262694

20730071751

- РЕПО мәмілелері бойынша кепіл ауыртпалығы бар



Амортизацияланған құны бойынша бағаланатын борыштық бағалы қағаздар

705074904

696927994

Туынды қаржы құралдары

2634646

8567587

Дебиторлық берешек

97653352

684034

Активтер жиыны

25216527390

23692406182

Міндеттемелер



Туынды қаржы құралдары

753009

7799716

РЕІІО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек

-

-

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

108814203

10765606

Міндеттемелер жиыны

109567212

18565322

Таза активтер

25106960178

23673840860

      2019 жылғы 31 желтоқсанға Ұлттық қордың дебиторлық берешегінің жалпы сомасы 97653352 мың теңгені құрады, оның ішінде:

      1) 61215911 мың теңге - Ұлттық қордың операциялары бойынша теңгемен дебиторлық берешек;

      2) 36437441 мың теңге - инвестициялық операциялар бойынша шетел валютасындағы дебиторлық берешек.

  2-нысан

Ұлттық қордың жиынтық кірісі туралы есеп (мың теңге)

Баптардың атауы

2019 жыл

2018 жыл

Кірістер



Сыйақы түріндегі кірістер

317633383

310005900

Дивидендтер түріндегі кірістер

104877456

97241463

Форвардтық валюталық келісімшарттарды қоспағанда, пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдарынан түскен таза кіріс/(зиян)

1023340123

(221926393)

Форвардтық валюталық келісімшарттардан түскен таза кіріс/(зиян)

(105484)

(530625)

Шетел валютасымен операциялардан түскен таза кіріс/(зиян)

249617384

(725102776)

Кірістердің жиыны

1695362862

(540312431)

Шығыстар



Активтерді басқарғаны үшін комиссиялар

(13001322)

(11373681)

Кастодиандық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар

(1309276)

(999414)

Аудиторлық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар

(42500)

(26000)

Кәсіби көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар

-

-

Бағдарламалық өнімдерді және ақпараттық дерекқорды пайдаланғаны үшін ақы төлеу бойынша шығыстар

(81)

(15142)

Шығыстардың жиыны

(14353179)

(12414237)

Таза пайда/(зиян)

1681009683

(552726668)

Басқа да жиынтық кіріс/(шығын)



Қайта санау кезіндегі бағамдық айырма

(86882496)

3062628148

Басқа да жиынтық кіріс/(шығын)

(86882496)

3062628148

Кезең ішіндегі жиынтық кірістің/(шығынның) барлығы

1594127187

2509901480

      Ұлттық қорды сенімгерлік басқарудың қорытындысы бойынша 2019 жылғы негізгі көрсеткіштер:

      1) басқару нәтижелері бойынша кірістер 1695362862 мың теңгені;

      2) басқарудан болатын шығыстар 14353179 мың теңгені;

      3) теңгеге қайта бағалау (қайта есептеу) бойынша теріс айырма 86882496 мың теңгені құрады.

      Осылайша, 2019 жылы таза кіріс 1681009683 мың теңгені, Ұлттық корды басқарудан болатын шығыстарды шегергенге дейінгі жалпы жиынтық кіріс 1608480366 мың теңгені, Ұлттық қорды басқарудан болатын шығыстарды шегергеннен кейінгі жалпы жиынтық кіріс 1594127187 мың теңгені құрады.

      Ұлттық қордың жаһандық кастодианының деректері бойынша 2019 жылғы 1 қаңтар - 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде базалық валюта - АҚШ долларымен есептелген инвестициялық кіріс (іске асырылған және іске асырылмаған) пайда болды, ол 4266629 мың АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордың жаһандық кастодианының деректері бойынша мәмілелерді жасау шығыстары есепке алына отырып түзетілген инвестициялық кіріс сол кезеңде 4265014 мың АҚШ долларын болды.

      Ұлттық қордың шотынан 2019 жылдың ішінде Ұлттық қорды басқаруға байланысты жалпы сомасы 13987307 мың теңгеге мынадай шығыстар төленді:

      1) 9921782 мың теңге - Ұлттық қор активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін Ұлттық Банктің комиссиялық сыйақысы, оның ішінде 2019 жылы көрсетілген қызметтер үшін 6331118 мың теңге және өткен жылдарда көрсетілген қызметтер үшін 3590664 мың теңге;

      2) 2848467 мың теңге - Ұлттық қорды сенімгерлік басқару жөніндегі сыртқы басқарушылардың, оның ішінде 146363 мың теңге 2019 жылғы қызметі үшін және 2702104 мың теңге өткен жылдардағы қызметі үшін комиссиялық сыйақысы;

      3) 1190897 мың теңге - Ұлттық қордың кастодиандары көрсететін қызметтер үшін, оның ішінде 2019 жылы көрсетілген қызметтер үшін 788260 мың теңге және өткен жылдарда көрсетілген қызметтер үшін 402637 мың теңге;

      4) 26000 мың теңге - Ұлттық қорға аудит жүргізу бойынша өткен жылдарда көрсетілген қызметтер үшін;

      5) 161 мың теңге - "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" акционерлік қоғамының теңгемен номиналданған бағалы қағаздарды есепке алу және сақтау бойынша, оның ішінде 81 мың теңге 2019 жылы көрсеткен қызметі үшін және 80 мың теңге өткен жылдардағы қызметі үшін.

      2019 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Ұлттық қорды басқару бойынша есептелген шығыстардың жалпы сомасы 14353179 мың теңге болды, ол мынадай сомалардан тұрады:

      1) 10803570 мың теңге - Ұлттық қордың активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін Ұлттық Банктің комиссиялық сыйақысы;

      2) 2197752 мың теңге - Ұлттық қордың сыртқы басқарушыларының көрсетілген қызметтері үшін;

      3) 1309276 мың теңге - Ұлттық қордың кастодиандары көрсеткен қызметтер үшін;

      4) 42500 мың теңге - Ұлттық қорға аудит бойынша көрсетілген қызметтер үшін;

      5) 81 мың теңге - теңгеге номиналданған қағаздарды есепке алу және сақтау бойынша "Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеуші" акционерлік қоғамының көрсеткен қызметтері үшін.

  3-нысан

Ұлттық қордың ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп (мың теңге)

Баптардың атауы

2019 жыл

2018 жыл

Операциялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы:



Таза пайда/(зиян)

1681009683

(552726668)

Түзетулер:



Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигациялары бойынша (дисконттың)/сыйлықтың амортизациясы

(36319814)

(37067111)

РЕПО мәмілелері бойынша сыйақы түріндегі шығыстар

-

-

Өзгерістері кезең ішіндегі пайда немесе зиян құрамында көрсетілетін әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдарынан іске асырылмаған (кіріс)/зиян

(853990129)

123868200

Операциялық қызметтен түскен ақшалай қаражаттың операциялық активтер мен міндеттемелердегі өзгерістерге дейінгі қозғалысы

790699740

(465925579)

Операциялық активтердің (ұлғаюы)/азаюы:



Пайдалану үшін қол жетпейтін ақша қаражаттарын бұғаттау әсері

2790208

(237685180)

Туынды қаржы құралдарынан басқа, пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы құралдары

(924083308)

1052436573

Алтын

(389696712)

-

Туынды қаржы құралдары

5932940

(3201101)

Дебиторлық берешек

(96969318)

1817896

Операциялық міндеттемелердің ұлғаюы/(азаюы):



Туынды қаржы құралдары

(7046707)

5374267

РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек

-

-

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

98048596

(5032075)

Операциялық қызметтен (қызметке) ақша қаражатының таза түсуі/(пайдаланылуы)

(520324561)

347784801

Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражатының қозғалысы:



Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың облигацияларын (сатып алу)/сату немесе өтеу

28172904

143489360

Инвестициялық қызметтен (қызметке) ақша қаражатының таза түсуі/(пайдаланылуы)

28172904

143489360

Қаржы қызметінен түскен ақша қаражатының қозғалысы:



Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түскен түсімдер

2877611645

3233271993

Республикалық бюджетке аударымдар

(3070000000)

(2600000000)

Бұрын алынған қаражаттарды қайтару

25557992

18553665

Басқа да аударымдар

5822494


Қаржы қызметінен (қызметіне) ақша қаражатының таза түсуі/(пайдаланылуы)

(161007869)

651825658

Ақша қаражаты және оның баламаларының таза ұлғаюы/(азаюы)

(653159526)

1143099819

Кезең басындағы ақша қаражаты және оның баламалары

2018469636

875369817

Кезең соңындағы ақша қаражаты және оның баламалары

1365310110

2018469636

  4-нысан

Ұлттық қордың таза активтеріндегі өзгерістер туралы есеп (мың теңге)


Түсімдер

Аударымдар

Таза пайда/(шығын)

Валютаны қайта бағалау бойынша рзерв

Барлығы

2017 жылғы 31 желтоқсанға қалдық

26815772863

(21778172695)

2258525000

13215988554

20512113722

Таза пайда/(шығын)



(552726668)


(552726668)

Өзге жиынтық кіріс






Кейіннен пайда немесе шығын құрамына қайта жіктелмейтін баптар:






Валютаны қайта бағалаудың таза активтердің бастапқы сальдосына әсері




3201526611

3201526611

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға/(шығынға) әсері және басқа да қозғалыстар




(138898463)

(138898463)

Кейіннен пайда немесе шығын құрамында қайта жіктелмейтін баптардың барлығы:




3062628148

3062628148

Кезеңдегі өзге де жиынтық кірістің барлығы



(552726668)

3062628148

2509901480

Тікелей таза активтердің құрамында көрсетілген меншік иелерімен жасалған операциялар






Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түскен түсімдер

3233271993




3233271993

Республикалық бюджетке аударымдар


(2600000000)



(2600000000)

Бұрын алынған қаражаттарды қайтару

18553665




18553665

Тікелей таза активтердің құрамында көрсетілген меншік иелерімен операциялардың барлығы

3251825658

(2600000000)



651825658

2018 жылғы 31 желтоқсанға қалдық

30067598521

(24378172695)

1705798332

16278616702

23673840860

Таза пайда/(шығын)



1681009683


1681009683 і

Өзге де жиынтық кіріс






Кейіннен пайда немесе шығын құрамында қайта жіктелмейтін баптар:






Валютаны қайта бағалаудың таза активтердің бастапқы сальдосына әсері




(99205840)

(99205840)

Валютаны қайта бағалаудың таза пайдаға/(шығын) әсері және өзге де ауыстырулар




12323344

12323344

Пайда немесе шығын құрамына кейіннен қайта жіктеле алмайтын баптардың барлығы




(86882496)

(86882496)

Кезеңдегі өзге де жиынтық кірістің барлығы



1681009683

(86882496)

1594127187

Тікелей таза активтердің құрамында көрсетілген меншік иелерімен операциялар






Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінен түскен түсімдер

2877611645




2877611645

Республикалық бюджетке аударымдар


(3070000000)



(3070000000)

Бұрын алынған қаражаттарды қайтару

25557992




25557992

Өзге де түсімдер

5822494




5822494

Тікелей таза активтердің құрамында көрсетілген меншік иелерімен операциялардың барлығы

2908992131

(3070000000)



(161007869)

2019 жылғы 31 желтоқсанға қалдық

32976590652

(27448172695)

3386808015

16191734206

25106960178

      Ұлттық қордың таза активтері 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 25106960178 мың теңгені құрады (аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу әдісімен), 6,05 %-ке өсу байқалады.

3-тарау. Ұлттық қорды басқару жөніндегі 2019 жылғы өзге де деректер

      Ұлттық қордың валюталық портфелінің және қазақстандық эмитенттер облигацияларының теңгелік портфелінің, сондай-ақ 2019 жылғы 31 желтоқсанға теңгелік шоттағы қалдықтың жиынтық нарықтық құны 65488999833 АҚШ долларына тең болды, оның ішінде валюта портфелі - 61751827115 АҚШ долларына (94,29 %), облигациялардың теңгелік портфелі - 1842899458 АҚШ долларына баламалы (2,81 %), теңгелік шоттағы қалдық - 1894273260 АҚШ доллары (2,89 %). Ұлттық қордың валюталық портфелінің құрамындағы тұрақтандыру және жинақтау портфелінің нарықтық құны тиісінше 8901727157 АҚШ долларын (14,41 %) және 52850099958 (85,59 %) АҚШ долларын құрады.

      Ұлттық қордың валюталық портфелінің құрамына кіретін бағалы қағаздардың және басқа да қаржы құралдарының нарықтық құны жаһандық кастодиан деректеріне негізделеді.

Ұлттық қордың валюталық активтерін бөлу құрылымы

Мандаттың түрлері

Барлығы

Нарықтық құны USD-мен

%

Дамыған елдердің мемлекеттік облигациялары

36497072853

59,10%

Дамушы елдердің мемлекеттік облигациялары

1198092314

1,94 %

Корпоративтік облигациялар

453042051

0,73 %

Ақша нарығы

8901727157

14,42 %

Акциялар

12814916980

20,75 %

Жаһандық тактикалық бөлу

868400487

1,41 %

Алтын портфелі

1018575272

1,65 %

БАРЛЫҒЫ

61751827115

100,00 %

Тұрақтандыру портфелінің активтерін бөлу серпіні

Активтер сыныбы

2016

2017

2018

2019

Ақша және ақша нарығының құралдары

68,15 %

77,58 %

87,11 %

88,48 %

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

31,85 %

22,42 %

12,89 %

11,52 %

Тұрақтандыру портфелінің барлығы

100,00 %

100,00 %

100,00 %

100,00 %

      Есепті кезеңнің соңында тұрақтандыру портфелінің құрамындағы эталондық индекске кіретін елдердің қолма-қол валютасы мен МБҚ үлесі тұрақтандыру портфелі көлемінің шамамен 85,12 %-іне тең болды.

Жинақтау портфелінің активтерін бөлу серпіні

Активтер сыныбы

2016

2017

2018

2019

Тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар

77,23 %

75,06 %

71,79%

70,54 %

Акциялар

21,19%

23,49 %

20,96 %

24,29 %

Ақша және ақша нарығының құралдары

1,58 %

1,45 %

7,24 %

3,24 %

Алтын

0 %

0 %

0 %

1,93 %

Жинақтау портфелінің барлығы

100,00 %

100,00%

100,00%

100,00 %

      2019 жылғы 31 желтоқсанға елдік қатынаста Ұлттық қордың жинақтау портфелінің активтерін бөлуде ең көп үлес мыналарға тиесілі: АҚШ (46 %), Еуроаймақ елдері (14,42 %), Ұлыбритания (7,87 %), Жапония (7,29 %), Канада (5,14 %), Оңтүстік Корея (5,53 %), Аустралия (4,52 %) және басқа елдер (7,30 %).

      2019 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық қордың кірістілігі 7,42 %-ті құрады.

      2019 жылы Ұлттық қордың валюталық активтерімен инвестициялық операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде алынған инвестициялық кіріс 4265 миллион АҚШ долларын құрады.

      Құрылғаннан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсан аралығында Ұлттық қордың кірістілігі 89,14 %-ті құрады, бұл жылдық мәнде 3,49 %-ті құрайды.

Ұлттық қордың тарихи кірістілігі (АҚШ долл.)



      Ұлттық қордың таза активтері мынадай санаттар (инвестициялық портфель түрлері) бойынша жіктелген:

      1) тұрақтандыру портфелі;

      2) жинақтау портфелі:

      тіркелген кірісі бар бағалы қағаздар портфелі;

      акциялар портфелі;

      активтерді тактикалық бөлу портфелі.

      Инвестициялық стратегияға сәйкес Ұлттық қор активтерінің әрбір сыныбы эталондық портфельге (индекске) қатысты басқарылады, оның негізінде олардың кірістілігі бағаланады. Эталондық портфельдер (индекстер) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының 2006 жылғы 25 шілдедегі № 65 қаулысымен бекітілген Ұлттық қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларында айқындалған.

      Тұрақтандыру портфелінің кірістілігі 2019 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығында 2,60 %-ті құрады, осы кезеңде эталондық портфельдің (Merrill Lynch 6-month US Treasury Bill Index) кірістілігі 2,57 %-ті құрады. Осылайша, тұрақтандыру портфелінің активтерін басқару нәтижесінде 2019 жылы оң үстеме кірістілік алынды, ол 0,04 %-ті құрады.

      Жинақтау портфелінің кірістілігі 2019 жылғы 1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығында 8,26 %-ті құрады.

      Дамыған елдердің мемлекеттік облигацияларының қосалқы портфелін басқару кірістілігі 2019 жылдың басынан бастап 31 желтоқсан аралығында 3,13 %-ті құрады. Осы қосалқы портфельдің эталондық портфелінің кірістілігі 3,11 %-ті құрады. Осылайша, мандаттың осы түрін басқару нәтижесінде алынған үстеме кірістілік 0,02 %-ті құрады. 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мандаттың осы түрі бойынша басқаруды 6 сыртқы басқарушы және Ұлттық Банк жүзеге асырды.

      "Жаһандық акциялар" мандатының түрі бойынша активтерді басқарудан түскен кірістілік 27,60 % болды, ал бенчмарк кірістілігі 28,45 %-ті құрады.

      Осылайша, мандаттың осы түрі бойынша басқару нәтижесінде алынған үстеме кірістілік (-) 0,86 %-ті құрады.

      "Жаһандық тактикалық бөлу" мандатының түрі бойынша жинақ портфелінің активтерін басқарудан түскен кірістілік 8,56 % болды, ал бенчмарк кірістілігі 7,91 %-ті құрады. Осылайша, маңдаттың осы түрі бойынша жинақ портфелінің активтерін басқару нәтижесінде эталондық портфельге қарағанда үстеме кірістілік 0,65 %-ті құрады.

2019 жылғы жинақтау портфелінің кірістілігі



2019 жылғы тұрақтандыру портфелінің кірістілігі



Ұлттық қорды басқару бойынша 2018 жылы жүргізілген іс-шаралар туралы қосымша ақпарат

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2019 жылы Ұлттық қордың активтерін басқару процесін одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмысты жалғастырды.

      Ұлттық қордың активтерін алтынға инвестициялау жөніндегі шешімнің қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына өзгерістерге бастама жасады.

      Осылайша, Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасына сәйкес Ұлттық қордың жинақ портфелінің активтерін стратегиялық бөлу дамыған елдердің (30 %), дамушы елдердің (20 %) облигацияларына, корпоративтік облигацияларға (10 %), жаһандық акцияларға (30 % және одан жоғары), балама құралдар мен алтынға (әрқайсысы 5 %-ке дейін) инвестициялауды көздейді.

      "Инвестициялық деңгейдегі жаһандық корпоративтік облигациялар" мандаты бойынша теңгерімді бөлуге ауысу мақсатында 3 сыртқы басқарушы және "Дамушы нарықтардың облигациялары" мандаты бойынша 4 сыртқы басқарушы бекітілді.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2019 жылғы 21 тамыздағы № 144 қаулысымен (бұдан әрі - № 144 қаулы) алтын портфелін қосуды және жинақ портфелінің активтерін нысаналы стратегиялық бөлуді өзгертуді көздейтін Ұлттық қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.

      № 144 қаулыны іске асыру мақсатында алтын-валюта активтерінен Ұлттық қордың алтын портфеліне кезең-кезеңімен алтын сатып алу жүргізілді. Нәтижесінде 2019 жылғы тамыз - желтоқсан аралығында Ұлттық қорға шамамен 1,0 миллиард АҚШ доллары сомасына 668,8 мың унция алтын сатып алынды.

      Осылайша, 2019 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша алтын портфелінің нарықтық құны 1018,6 миллион АҚШ долларын немесе жинақ портфелінің 1,93 %-ін құрады.

      Ұлттық қордың мақсаттары мен міндеттерін халық арасында түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізу шеңберінде 2018 жылғы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын қалыптастыру және пайдалану туралы есеп және сыртқы аудитті жүргізу нәтижелері туралы ақпарат 2019 жылғы 19 шілдедегі № 137 (29616) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-сайтында орналастырылды.

      Ұлттық қордың қызметі туралы қажетті ақпарат, есептер, Ұлттық қордың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің веб-сайтында (www.minfin.gov.kz), сондай-ақ Мемлекеттік органдар үшін интернет-ресурстың бірыңғай платформасында (www.gov.kz) орналастырылған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады