Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 337 қаулысы

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 130-бабына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ұлттық парк) жалпы ауданы 16,6042 гектар жерлері Алматы қаласының Наурызбай ауданын сумен жабдықтау үшін Ақсай өзенінде су жинау құрылысы мен магистральды су құбырын салу және оның жұмыс істеуі үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан Алматы облысының Қарасай ауданының босалқы жерлері санатына ауыстырылсын.

      2. Алматы облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін "Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. "Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінің босалқы жерлерге ауыстырылуына байланысты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман шаруашылығы өндiрiсiнiң шығыстарын республикалық бюджет кiрiсiне өтесiн және алынған сүректі ұлттық парктің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 29 мамырдағы
№ 337 қаулысына
қосымша

Алматы қаласының Наурызбай ауданын сумен жабдықтау үшін Ақсай өзенінде су жинау құрылысы мен магистральды су құбырын салу және оның жұмыс істеуі үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан Алматы облысы Қарасай ауданының босалқы жерлері санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы


Атауы

Жалпы ауданы гектар

Оның ішінде:

орман алқаптары

орман алқаптары жиыны

ормансыз алқаптар

ормансыз алқаптар жиыны

орман көмкерген, барлығы

оның ішінде

орман көмкермеген, барлығы

жайылымдар

жолдар

өзге алқаптар

орман дақылдары

"Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі

 
 
 
 
 
 
 
 
16,6042

 
 
 
 
 
 
 
 
13,9644

 
 
 
 
 
 
 
 
0

 
 
 
 
 
 
 
 
0

 
 
 
 
 
 
 
 
13,9644

 
 
 
 
 
 
 
 
0,1231

 
 
 
 
 
 
 
 
1,5549

 
 
 
 
 
 
 
 
0,9618

 
 
 
 
 
 
 
 
2,6398

Барлығы:

16,6042 13,9644 0 0 13,9644 0,1231 1,5549 0,9618 2,6398


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады