2020 - 2022 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 маусымдағы № 345 қаулысы

      "Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша республикалық бюджеттен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру 2020 − 2022 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы жүзеге асырылады деп белгіленсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 3 маусымдағы
№ 345 қаулысына
қосымша

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы конкурстан тыс рәсімдер арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын ғылыми-техникалық бағдарлама

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:

      "2020 − 2022 жылдарға арналған "COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жасау".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады