"Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 355 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 865 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 58, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру;

      9) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың орындалуын бағалау нормативтерін әзірлеу және бекіту;";

      24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24) мәдениет саласындағы ғылыми бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және іске асыру;";

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      27) Министрлік реттейтін салалардағы ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын әзірлеу және бекіту;";

      49) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "49) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту;";

      58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "58) оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту;";

      62), 63) және 64) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "62) білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту;

      63) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу бағдарламаларын келісу;

      64) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері, спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары үшін спорт түрлері бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту және олимпиадалық резервтің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледждерінің оқу жоспарларын келісу;";

      мынадай мазмұндағы 79-1), 79-2), 79-3), 79-4), 79-5), 79-6), 79-7) және 79-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "79-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеудің мөлшері туралы ұсыныс енгізу;

      79-2) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын бекіту;

      79-3) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту;

      79-4) Қазақстан Республикасы спорттық әдебін бекіту;

      79-5) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін бекіту;

      79-6) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды бекіту;

      79-7) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын бекіту;

      79-8) "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңына сәйкес бірыңғай операторды айқындау;";

      81) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "81) мемлекеттік меншік болып табылатын, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін, сондай-ақ республикалық меншік болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беруді келісу;";

      85) тармақша мынадай редакцияда жазылсын;

      "85) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің орнын ауыстырған немесе өзгерткен кезде оларды тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;";

      90) тармақша алып тасталсын;

      91) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "91) тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумағын қозғайтын қала құрылысы жобаларын келісу;";

      96) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "96) тарих және мәдениет ескерткішінің орнын ауыстыруды және оны өзгертуді келісу;";

      97), 98) және 99) тармақшалар алып тасталсын;

      100) және 101) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "100) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 2-тармағына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау;

      101) рұқсат беру бақылауын жүзеге асыру;";

      102) тармақша алып тасталсын;

      111) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "111) тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияны құру, оның ережесін және құрамын бекіту;";

      114), 115) және 116) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "114) тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағын, құрылыс салуды реттеу аймағын және қорғалатын табиғи ландшафт аймағын және оларды пайдалану режимін айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      115) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүргізу қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;

      116) монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      117) тармақша алып тасталсын;

      118) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "118) мемориалдық тақталар орнату қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      119) тармақша алып тасталсын;

      120), 121), 122), 123) және 124) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "120) Қазақстан Республикасының атынан халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне меншік иесінің өкілеттіктерін жүзеге асыру;

      121) тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, мәртебе беру және одан айыру, орнын ауыстыру және өзгерту, жай-күйін мониторингтеу және санатын өзгерту қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      122) қорғау міндеттемелерін беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      123) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстарды және (немесе) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары мен шарттарын әзірлеу және бекiту;

      124) тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру және оларға қол жеткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      126) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "126) республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiшiн тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде мәртебесінен айыру және оны Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен алып тастау;";

      мынадай мазмұндағы 134-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "134-1) жеңімпаздары мәдениет және өнер, дене шынықтыру және спорт мамандықтары бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға жіберілетін халықаралық, республикалық конкурстар мен фестивальдардың, спорттық жарыстардың тізбесін бекіту;";

      144) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "144) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;";

      150), 151) және 152) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "150) мәдениет пен өнерді дамытуға, тарихи-мәдени мұраны қорғауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;

      151) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, тексеру парақтарын бекіту;

      152) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәдениет басқармасының басшысын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келісу;";

      мынадай мазмұндағы 152-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "152-1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың дене шынықтыру және спорт жөніндегі басқару органының бірінші басшысын лауазымға тағайындауды және лауазымнан босатуды келісу;";

      174) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "174) Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатын, орталық мемлекеттік мұрағаттарды толықтыру көздерінде электрондық құжат айналымы және электрондық мұрағаттар бөлігінде электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      186) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "186) тауар таңбаларын, қызмет көрсету таңбаларын, тауар шығарылған жерлердің атауларын қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның сауалына сәйкес оларды тауар таңбасы ретінде тіркеу үшін Қазақстан Республикасының тарихы мен мәдениетінің игілігі болуы мүмкін белгіні келісу не келісуден бас тарту;";

      190) және 191) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "190) мемлекеттiк меншiктегi тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының мөлшерлемелерін белгiлеу;

      191) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 195), 196), 197), 198), 199), 200), 201), 202), 203), 204), 205), 206), 207), 208), 209), 210), 211) және 212) тармақшалармен толықтырылсын:

      "195) тарих және мәдениет ескерткішінің паспортын ресімдеу қағидаларын бекіту;

      196) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің жай-күйін мониторингтеуді жүзеге асыру және олардың сақталуын қамтамасыз ету;

      197) тарихи-мәдени мұра объектісін және (немесе) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану және оларды Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу;

      198) Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін келісу;

      199) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың, халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумақтарындағы шаруашылық және өзге де қызметтің және оларды қорғау аймақтарының жобаларын келісу;

      200) тарих және мәдениет ескерткіштерінің арасынан Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру;

      201) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін ұсыну;

      202) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік мәдени мұрасының алдын ала тізімін қалыптастыру және ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      203) археологиялық жұмыстарды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын әзірлеу және бекіту;

      204) халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне қатысты тарих және мәдениет ескерткіштерінің қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарының шекараларын айқындау;

      205) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларда халықаралық және республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне тарихи-мәдени сараптама қорытындысы және тарихи-мәдени мұра мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның ұсынымдары негізінде шешім қабылдау, сондай-ақ жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімін келісу;

      206) тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық және археологиялық жұмыстардың жоспарларын бекіту, сондай-ақ бекітілген жоспарларға өзгерістер еңгізу;

      207) "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 34-бабының 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау үшін тұрақты жұмыс істейтін сараптама комиссиясын құру;

      208) материалдар мен олжаларды республикалық немесе жергілікті маңызы бар мемлекеттік музейге беру туралы шешім қабылдау;

      209) жеке және заңды тұлғалар мен тиісті мемлекеттік музейді қабылданған шешім және материалдар мен олжаларды қабылдау-тапсыру рәсімін жүзеге асыру қажеттігі туралы хабардар ету;

      210) мәдениет ұйымдарының балет әртістеріне ай сайынғы арнайы ақшалай төлемдерді тағайындау қағидалары мен шарттарын бекіту;

      211) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілігін ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинау мен талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      212) интернет-казино белгілерінің болуы тұрғысынан ақпаратты жүйелі жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;";

      екінші бөлікте:

      мынадай мазмұндағы 38-1), 38-2), 38-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "38-1) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілігін ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинау мен талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      38-2) интернет-казино белгілерінің болуы тұрғысынан ақпаратты жүйелі жинау және интернет-ресурстардың мазмұнын талдау;

      38-3) тотализаторлар мен букмекерлік кеңселер кассаларының тізілімін жүргізу;";

      41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "41) халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 41-1), 41-2), 41-3), 41-4), 41-5), 41-6) 41-7), 41-8), 41-9), 41-10) тармақшалармен толықтырылсын:

      "41-1) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, жаттықтырушыларға және спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу және оны қайтару қағидаларын әзірлеу;

      41-2) спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын әзірлеу;

      41-3) оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды әзірлеу;

      41-4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын спорттық іс-шараларға, оның ішінде дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін оқу-жаттығу жиындарына бөлінетін ақша қаражатын жұмсау қағидаларын әзірлеу;

      41-5) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны жұмсау қағидаларын әзірлеу;

      41-6) Қазақстан Республикасы спорттық әдебін әзірлеу;

      41-7) балалар-жасөспірімдер спорт мектептері желісінің ең төмен мемлекеттік нормативтерін әзірлеу;

      41-8) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қағидаларды әзірлеу;

      41-9) Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғынжай беру және оны пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      41-10) дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай операторды айқындау қағидаларын әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 53-1) және 53-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "53-1) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесе отырып, республикалық спорттық жарыстарды өткізуін ұйымдастыру;

      53-2) мүгедектер арасындағы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) халықаралық спорттық жарыстарға, оның ішінде Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға және Дүниежүзілік арнайы олимпиадалық ойындарға даярлау және олардың қатысуын ұйымдастыру;";

      59) және 60) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "59) спортшылар мен жаттықтырушыларға: "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" спорттық атақтарын беру, спортшылар мен жаттықтырушыларды осындай спорттық атақтарынан айыру;

      60) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру, біліктілік санаттарынан айыру;";

      64) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "64) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командалардың) бас жаттықтырушыларын және спорт түрлері бойынша мемлекеттік жаттықтырушыларды – аккредиттелген республикалық (өңірлік) спорт федерацияларының ұсынуымен, олимпиадалық спорт түрлері бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің келісу бойынша, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық паралимпиада комитетінің келісу бойынша, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық сурдлимпиада комитетінің келісу бойынша лауазымдарға тағайындау және олардан босату;";

      75) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "75) ойын бизнесін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы 75-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "75-1) Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";

      78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "78) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады