ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қаулының қолданыста болу мерзімі - екі жыл бойы қолданылды (қаулының 3-т.).
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау, ұлттық экономиканы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерде шығарылатын тауарларды (бұдан әрі – тауарлар) ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.
2. Тауардың шығу тегі туралы "CT-KZ" нысанындағы сертификаты бар, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы шығарған тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 356 қаулысына қосымша |
Ұлттық режимнен алып тастауға жататын, шет мемлекеттерде шығарылатын тауарлар тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады) қаулысымен.
Р/с № | Атауы | ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауар коды | ТЖК ҚКБНН |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады) қаулысымен. | ||
2 | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады) қаулысымен. | ||
3 | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады) қаулысымен. | ||
4 | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 49 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады) қаулысымен. | ||
5 | Цемент |
2523 10 0000 |
235111.000.000000 |
235112.300.000016 |
* - "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 39-бабының 3-тармағы 31), 32), 33) тармақшаларының негізінде сатып алынатын тауарларды қоспағанда.