"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 359 қаулысы. 01.01.2021 дейін қолданыста болды

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      01.01.2021 дейін қолданыста болды (2-тармақтан қараңыз).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 24-1-тармақпен толықтырылсын:

      "24-1. Тиісті өндірістік практика (GMP) стандарттары мен талаптарына сәйкес келетін иммундық-биологиялық препараттарды шығаратын биофармацевтикалық зауытты жобалауға және салуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлінген жағдайда өтінішхат жобалау-сметалық құжаттама ұсынылмай, жиынтық есептеулер қоса беріле отырып ұсынылады.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап өз қолданысын тоқтатады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады