"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 маусымдағы № 380 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 731 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 731 (02.03.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 44, 278-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Уәкілетті органның трансферттерді аударуы:

      1) ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде (желтоқсан айында 20-күніне дейін) қазынашылықтағы қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына ай сайын жүзеге асырылады;

      2) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге арналған қордың шығындарын өтеуге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қордың өтініміне (бұдан әрі – өтінім) сәйкес есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей Қордың банк шотына ай сайын төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде жүзеге асырылады.

      Өтінім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері деректерінің негізінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге қордың шығындарын өтеуге арналған жиынтық тізілімге сәйкес есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін қалыптастырылады.

      Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ақша қаражатын аудару ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырылады.

      ТМККК шеңберінде көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге арналған трансферттер бойынша пайдаланылмаған қалдық сомасын айдың соңына қарай қор одан кейінгі айдың сомасына енгізуге тиіс.

      Өткен қаржы жылында бөлінген ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге арналған трансферттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары қор алдыңғы жылдың міндеттемелерін өтегеннен кейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей республикалық бюджеттің кірісіне қайтарылуға жатады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 15) тармақшаларында көрсетілген, жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін мемлекеттің МӘМС-ке жарналары түріндегі ақшалай қаражатты аудару уәкілетті орган айқындайтын Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";

      осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 22 маусымдағы
№ 380 қаулысына
1-қосымша
  Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорына
трансферттерді беру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

20____ жылғы _______ үшін әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге арналған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеуге 20____ жылғы _______ өтінім


  теңге

Мекеме
226

Бағдарлама
066

Кіші бағдарлама 104

Ерекшелігі
351

Төлем түрі

Сомасы

Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге арналған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттер


      Басқарма төрағасы ___________________________ ______________ (не оны алмастыратын тұлға) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Бас бухгалтер ___________________________ ______________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      М.О.

      20_____ "_____" ____________

      Орындаушының тегі және телефон нөмірі _______________________

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 22 маусымдағы
№ 380 қаулысына
2-қосымша
  Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорына
трансферттерді беру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

МӘМС жүйесінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеуге жиынтық тізілім, _________ жылғы ___________

  мың теңге

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың атаулары

Ақы төлеуге барлығы

Консультациялық-диагностикалық көмек

Стационарды алмастыратын көмек

Стационарлық медициналық көмек

Амбулаториялық деңгейде дәрілік қамтамасыз ету

Сомасы

Көрсетілген қызмет саны

Сомасы

Емделген науқастар саны

Сомасы

Емделген науқастар саны

Сомасы

Саны

Сомасы

Қазақстан Республикасы бойынша жиыны










Ақмола










Ақтөбе










Алматы










Атырау










Шығыс Қазақстан










Жамбыл










Батыс Қазақстан










Қарағанды










Қостанай










Қызылорда










Маңғыстау










Павлодар










Солтүстік Қазақстан










Түркістан










Алматы қаласы










Нұр-Сұлтан қаласы










Шымкент қаласы










      Басқарма төрағасы _________________________________________ ________________ (немесе оны алмастыратын адам) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Бас бухгалтер _________________________________________ ________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Мөрдің орны 20____ "_______" ___________

      Орындаушының тегі және телефоны _______________________ ______________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады