"Техникалық реттеу туралы" (жаңа редакция) Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 маусымдағы № 412 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:

      "Техникалық реттеу туралы" (жаңа редакция) Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Техникалық реттеу туралы

      Осы Заң өнімге, оның ішінде ғимараттар мен құрылысжайларға, өнімге қойылатын талаптарға байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру құрылыс салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне, өнімге, процестерге және қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарды ерікті негізде қолдануға, сәйкестікті бағалауға және техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға қойылатын міндетті талаптарды белгілеу және орындау кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) дәлелдемедік материалдар - объективтік куәліктер, оның ішінде фото және бейнетіркеу көмегімен алынған, өнім үлгілерін іріктеу туралы, сынаулар зерттеулер және (немесе) өлшеу нәтижелері туралы мәліметтерді қамтитын сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттарды және (немесе) сәйкестік бағалау объектісінің техникалық регламеттерінің талаптарына сәйкестігін дәлелдейтін өзге де құжаттарды және (немесе) өнімнің бақылау үлгілерін сынақ зертханаларында (орталықтарында) сақтауды, талап етілетін көрсеткіштер мен параметрлерге қол жеткізуді растайтын құжаттарды және қажет болған жағдайларда, дайындаушының, импорттаушының, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, сатушының құқықтық мәртебесі және (немесе) декларацияны қабылдау құқығы;

      2) дайындаушы - Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, сериялық-шығарылатын өнімді өндіруді немесе өндіруді және өткізуді өз атынан жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға -

      3) дайындаушы уәкілеттік берген тұлға - Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одақтың өзге де қатысушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, дайындаушымен, оның ішінде шетелдік дайындаушымен жасалған шарт негізінде Қазақстан Республикасының аумағында сериялық-шығарылатын өнімнің сәйкестігін бағалау және айналысқа шығару кезінде осы дайындаушының атынан іс-әрекеттерді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға;

      4) жалпы қауіпсіздік туралы декларация - Кеден одағы Комиссиясының шешімімек бекітілген Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімнің Бірыңғай тізбесіне (бұдан әрі - Бірыңғай тізбе) енгізілмеген өнімге, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ оған қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе күшіне енбеген өнімге қатысты дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы, сатушы қабылдайтын электрондық құжат;

      5) импорттаушы - Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген шетелдік дайындаушымен (сатушымен) партиямен шығарылатын өнімді беру сыртқы сауда нарығын (келісім-шартты) жасасқан, осы өнімді айналысқа шығаруды және (немесе) оны Қазақстан Республикасының аумағында өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға;

      6) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру - Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметін жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген көлік құралын жасаушыға жекелеген таным белгілерін бекітіп беру;

      7) көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік - Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылық қызметті жүзеге асыратын тұлға ретінде тіркелген көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру коды берілгенін растайтын құжат;

      8) көрсетілетін қызмет - нәтижелері материалдық түрде көрініс таппайтын және стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкес келетін, жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың қажеттілігі қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

      9) қауіпсіздік - зиян келтіру және (немесе) залал келтіру мүмкін болуына байланысты жол берілмейтін тәуекелдің болмауы;

      10) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - техникалық реттеу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;

      11) міндетті сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі органның техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігін міндетті растау нысаны;

      12) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі (бұдан әрі - техникалық реттеу тізілімі) - электрондық нысанда жүзеге асырылатын техникалық регламенттерді, аккредиттеу субъектілерін, сәйкестікті бағалау жөніндегі берілген құжаттарды, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторларды, жабдықтарды, техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы ақпаратты және техникалық реттеу, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы және стандарттау саласындағы өзге де мәліметтерді есепке алу жүйесі;

      13) нормативтік техникалық құжат - техникалық және технологиялық нормаларды қамтитын құжат;

      14) оқу орталығы - сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын заңды тұлға;

      15) өзара байланысты стандарттар - техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін ұлттық және (немесе) мемлекетаралық стандарттар;

      16) өнімді айналысқа шығару - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында тарату мақсатында өтеусіз немесе өтеулі негізде өнімді жеткізіп беру (өткізу) немесе әкелу (оның ішінде дайындаушының қоймасынан жөнелту немесе қоймаға түсірмей жөнелту);

      17) өнімнің өмірлік циклі - жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, құрылыс салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестері;

      18) өтінім беруші - Қазақстан Республикасының немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес тіркелген, сәйкестігін растау және (немесе) сынақтар жүргізу үшін өнімді, процестерді және көрсетілетін қызметті ұсынған заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға (дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы);

      19) өнім - материалдық-заттай нысанда ұсынылған және шаруашылық және өзге де мақсатта одан әрі пайдалануға арналған қызмет нәтижесі;

      20) процесс - өнімнің өмірлік циклінің процестерін қоса алғанда, қандай да бір тапсырылған нәтижеге қол жеткізу бойынша өзара байланысты және дәйекті іс-әрекеттердің (жұмыстардың) жиынтығы;

      21) сәйкестік сертификатының иесі - сәйкестік сертификатын алған сәйкестікті бағалауды жүргізуге өтінім беруші;

      22) сәйкестікті растау құжатын пайдаланушы - бұл Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген, сәйкестік сертификатының иесінен немесе сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған тұлғадан техникалық реттеу тізілімінде орналастырылған сәйкестік сертификатын және (немесе) сәйкестік туралы декларацияны пайдалану құқығы жөніндегі мәліметтерді алған заңды тұлға не дара кәсіпкер;

      23) сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттар - электрондық сәйкестік сертификаттары, сәйкестік туралы декларациялар, жалпы қауіпсіздік туралы декларация, сынақ хаттамалары, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктер, көлік құралының типін мақұлдау, шасси типін мақұлдау және техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарда белгіленген өзге де құжаттар;

      24) сәйкестік туралы декларация - дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға және сатушы айналысқа шығарылатын өнімнің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат;

      25) сәйкестікті ерікті түрде растау - өтінім берушінің бастамасы бойынша стандарттау жөніндегі құжаттарға және (немесе) өтінім берушінің талаптарына сәйкестігіне жүргізілетін, өнімнің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жүзеге асырылатын рәсім;

      26) сәйкестік белгісі - өнімнің және көрсетілегін қызметтің техникалық регламенттерде және (немесе) ұлттық стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімінен өткені туралы сатып алушыларды хабардар ету қызметін атқаратын белгіленімі;

      27) сынақ - нәтижесі өнім үлгісінің, сәйкестікті бағалаудың өзге обьектісі қасиеттерінің бір немесе бірнеше сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларын белгіленген әдістеме бойынша айқындау болып табылатын сынақ зертханасы (орталығы) жүргізетін сәйкестікті растау шеңберіндегі рәсім не сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны;

      28) сынақ зертханасы (орталығы) (бұдан әрі - зертхана) - сынауларды ( зерттеулерді) жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі:

      29) сәйкестікті міндетті растау - өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау арқылы жүзеге асырылатын рәсім;

      30) сәйкестікті растау жөніндегі орган - сәйкестікті растау жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген заңды тұлға;

      31) сәйкестікті бағалау - техникалық реттеу объектісіне қойылатын талаптардың сақталуын тікелей немесе жанама айқындау;

      32) сәйкестікті растау - нәтижесі техникалық реттеу объектісінің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын рәсім;

      33) сатушы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, партиямен шығарылатын өнімді сатып алу-сату шарты бойынша тұтынушыға өткізетін заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретіндегі жеке тұлға;

      34) сәйкестік сертификаты - өнімнің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын электронды құжат;

      35) сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім;

      36) сәйкестікті растау схемасы - сәйкестікті растау рәсімдерінің жиынтығы мен реттілігі;

      37) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордар - уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аттестатталған жеке тұлғалар;

      38) тиісті зертханалық практиканың сәйкестік мониторингі - тиісті зертханалық практика қағидаттарының сақталуын растау мақсатында сынақ зертханаларын мерзімді инспекциялау және (немесе) олардың зерттеу нәтижелерінің аудиті;

      39) тиісті зертханалық практика қағидаттары - клиникаға дейінгі зертханалық зерттеудің сапасын қамтамасыз етуге, оның ішінде адам денсаулығын сақтау, қоршаған ортаның қауіпсіздігі саласындағы клиникаға дейінгі зертханалық зерттеулерді ұйымдастыру, жоспарлау процестеріне, жүргізу және бақылау тәртібіне, осындай зерттеулердің нәтижелерін ресімдеуге, мұрағаттауға және ұсынуға бағытталған талаптар жүйесі;

      40) техникалық кедергі - техникалық регламенггерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда қамтылған талаптардың айырмашылықтары немесе өзгермелілігі салдарынан елдер арасындағы саудада туындайтын кедергі;

      41) техникалық регламент - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына сәйкес немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ратификацияланған Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес әзірленетін және қолданылатын өнімге және (немесе) олардың өмірлік- циклі процестерін қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт;

      42) техникалық реттеу - өнімге немесе өнімге қойылатын талаптарға байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, құрылыс салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілеу, қолдану және орындау саласындағы, сондай-ақ сәйкестікті бағалay саласындағы қатынастарды құқықтық peттey;

      43) техникалық хатшылық көлік құралының типін мақұлдаулы, шасси типін мақұлдаулы ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы берілген куәліктер туралы мәліметтерді жинау және көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға уәкілетті орган айқындайтын ұйым;

      44) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) - техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын, Интернет желісінде орналастырылған интернет- ресурсы;

      45) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі - техникалық реттеу тізілімінде қамтылған мәліметтер мен ақпараттарды сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;

      46) техникалық күрделі бұйым - өзінде көптеген құрылымдық элементтерді не әртекті элементтерді қамтылған бір бүтін құрайтын оны мақсаты бойынша пайдалануға мүмкіндік беретін, ішкі құрылғысы техникалық жағынан күрделі өндірістік бұйым;

      47) уәкілетті орган - техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

      2-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      3. Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған өнімді (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) жекелеген түрлеріне қатысты техникалық реттеу ерекшеліктері тиісті саладағы заңдармен реттеледі.

      3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

      1. Техникалық реттеу объектілері:

      азаматтық авиация өнімін мемлекеттік құпияны (мемлекеттік құпияларды) құрайтын немесе заңнамаға сәйкес қорғалатын қолжетімділігі шектеулі өзге де ақпаратқа жататын мәліметтерді қорғау мақсатында пайдаланылатын өнімді, мәліметтері мемлекеттік құпияны (мемлекеттік кұпияларды) құрайтын өнімді, атом энергиясын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты талаптар белгіленетін өнімді, бұрын пайдалануда болған өнімді, ветеринариялық препараттарды, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды (медициналық мақсаттағы бұйымдарды, медициналық техниканы) қоспағанда, өнім;

      өнімге қойылатын талаптарға байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, құрылыс салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестері:

      реттелуі Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде белгіленген ветеринария, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині саласындағы көрсетілетін қызметтерді, мемлекеттік, медициналық білім беру, қаржы, банк саласындағы және басқа да көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, көрсетілетін қызметтер болып табылады.

      2. Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес пайдалану құқығына ие жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.

      4-бап. Техникалық реттеудің және сәйкестікті бағалаудың мақсаттары мен қағидаттары

      1. Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:

      1) адам өмірі мен денсаулығы үшін және қоршаған ортаға, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін өнімнің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      2) қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

      3) өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыруға алып келетін іс-әрекеттердің алдын алу, оның ішінде өнімнің, процестердің сәйкестігін бағалау мен қадағалаудың дұрыстығын қамтамасыз ету арқылы алдын алу;

      4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;

      5) сатып алушыларға, оның ішінде тұтынушыларға өнімді, процестерді және көрсетілетін қызметтерді құзыреттілікпен таңдауға жәрдемдесу болып табылады.

      2. Техникалық реттеу және сәйкестікті бағалау:

      1) техникалық реттеудің және сәйкестікті бағалаудың бірлігі мен тұтастығы;

      2) техникалық регламенттерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын ұйымдардың техникалық регламенттерінде бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу;

      3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен колжетімділігі техникалық реттеу процестеріне қатысу үшін тек мүмкіндіктерді, мемлекет пен мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету;

      4) өзара байланысты стандарттардан таңдау еріктілігі;

      5) дайындаушының, импорттаушының, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, сатушының өз өнімінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді декларациялауы;

      6) дайындаушының, импорттаушының, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғаның, сатушының техникалық регламенттерге және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкес келетін өнімді айналысқа шығарғаны үшін жауаптылығы;

      7) техникалық реттеу субъектілерінің техникалық реттеу процестеріне қатысуы үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

      8) отандық және импортталатын өнім мен көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптардың теңдігі;

      9) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді коспағанда, техникалық регламенттердің және олар туралы оларды әзірлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжегімділігі;

      10) техникалық регламенттер мен өзара байланысты стандарттарды әзірлеу кезінде ғылым мен техника жетістіктерін, халықаралық, өңірлік стандарттарды және шет мемлекеттер стандарттарын басым пайдалану;

      11) техникалық регламенттер талаптарының мемлекет экономикасының, материалдық-техникалық базасының дамуының және ғылыми-техникалық дамуының деңгейіне сәйкестігі;

      12) аккредиттеу және сәйкестікті растау жөніндегі өкілеттіктерді бір органның қоса атқаруына жол берілмеушілігі;

      13) бір мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау мен қадағалау және сәйкестікті растау функцияларының үйлеспеушілігі;

      14) сәйкестікті растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан, импорттаушылардан, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғалардан, сатушылардан тәуелсіздігі;

      15) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестікті шектеуге жол бермеушілік;

      16) сәйкестікті бағалау рәсімдерінің дұрыстығы мен бақыланушылығы;

      17) өнімнің, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру жолымен олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді.

      5-бап. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы

      Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымын:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

      2) уәкілетті орган, оның ведомствосы, ведомствоның аумақтық бөлімшелері;

      3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;

      4) аккредиттеу жөніндегі орган;

      5) Стандарттау жөніндегі ұлттық орган;

      6) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сараптамалық кеңестер (бұдан әрі - сараптамалық кеңестер);

      7) Саудадағы техникалық кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бұдан әрі - Ақпарат орталығы);

      8) аккредиттеу субъектілері, оның ішінде сәйкестікті растау жөніндегі органдар, зертханалар;

      9) сәйкестікті растау жөніндегі және аккредиттеу жөніндегі сарапшы аудиторлар құрайды.

      6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзыреті

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзыретіне:

      1) мемлекеттік саясаттың техникалық реттеу саласындағы негізгі бағыттарын әзірлеу;

      2) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құру;

      3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;

      4) өнімнің өмірлік циклі сатыларында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тиісті техникалық регламенттер талаптарының сақталуын- мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын уәкілетті органдарды айқындау;

      5) Оған Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады.

      7-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган мынадай функцияларды орындайды:

      Техникалық реттеу саласында:

      1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін қалыптастыруға қатысады;

      2) техникалық реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

      3) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қызметін салааралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      4) көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      5) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      6) көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәліктің нысанын әзірлейді және бекітеді;

      7) тиісті зертханалық практика қағидаттарын іске асыру тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      8) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарды әзірлейді және бекітеді;

      9) техникалық реттеу мәселелері бойынша сараптамалық кеңестерге жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды;

      10) техникалық реттеу мәселелері бойынша келіссөз ұстанымын қалыптастырады және техникалық реттеу, сәйкестікті бағалау және аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасы атынан өкілдік етеді;

      11) мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар және өзге де ұйымдар берген ақпарат негізінде техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сүйемелдеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      12) Ақпарат орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      13) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын рұқсат беру талаптарын, оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін сондай-ақ сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау аттестаттарының қолданысын ұзарту тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      14) сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын оқу орталықтарына қойылатын талаптарды, оларды тізбеге енгізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      15) өнімді айналысқа шығару бөлігінде оның техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне, Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында, ұлттық стандарттарда белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;

      16) техникалық реттеу саласында, өнімді айналысқа шығару бөлігінде оның техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүргізу бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекел дәрежесін бағалаудың, тексеру парақтары мен өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;

      17) өнімнің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүдделерінде консультативтік-кеңесші органдар құрады;

      18) әзірленген техникалық регламенттерге сараптамалар жасауды, келісуді, техникалық регламенттердің қолданылуын тоқтата тұруды не жоюды келісуді, оның ішінде салалық мемлекеттік органдардың техникалық регламенттердің қолданылуын тоқтата тұру немесе жою мәселелерін бастамашылық етуін жүзеге асырады;

      19) техникалық регламенттерді әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгеру және жою тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      20) техникалық регламенггерді әзірлейді және бекітеді;

      21) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді қайтарып алу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      22) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналысқа шығаруға тыйым салады;

      23) өнім үлгілерін іріктеуді жүргізеді;

      24) техникалық реттеу саласындағы заңнама талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама береді;

      25) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сәйкестікті бағалау жөніндегі құжаттардың қолданысын тоқтата тұруды, қайта бастауды және тоқтатуды жүзеге асырады;

      26) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін өнімді осы Заңға сәйкес оны бақылау және қадағалау субъектісінен алып қою және Казақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасына сәйкес      құқық иеленушіні оны иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығынан айыру туралы сотқа талап қоюды беру жолымен айналысқа шығарудың жолын кесу және оған жол бермеу жөніндегі ықпал ету шараларын қолданады;

      27) мемлекеттік органдарға техникалық peттey объектілерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасына, техникалық регламенттерге және ұлттық стандарттарға сәйкес келтіру туралы ұсынысты енгізеді;

      28) жеке, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер техникалық реттеу саласындағы лауазымды адамдар берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінеді;

      29) техникалық реттеу саласына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасайды.

      Сәйкестікті бағалау саласында:

      1) сәйкестікті бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      2) зертханааралық салыстырмалы сынақтар (салыстыру) бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      3) көлік құралдарының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды, ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      4) Бірыңғай тізбеге енгізілмеген, Кеден одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ техникалық регламенттер қабылданбаған немесе күшіне енбеген өнімді айналысқа шығару қағидаларын, сондай-ақ жалпы қауіпсіздік туралы декларация қабылданатын өнімнің тізбесін, жалпы қауіпсіздік туралы декларацияның нысанын әзірлейді және бекітеді;

      5) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, техникалық реттеу объектілерінің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде зерттеулер (сынаулар) және өлшеу жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттары ретінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында қолдану үшін әзірлейді және бекітеді;

      6) сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігіне енгізу (одан алып тастау) туралы шешімдер қабылдау тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      7) қолданысқа енгізілген (күшіне енген) техникалық регламенттер немесе қолданыстағы талаптар болмаған жағдайда, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, оның ішінде өсімдіктер немесе жануарлар дүниесіне тікелей қатер төндіруге алып келетін төтенше жағдай кезінде мемлекеттік реттеудің жедел шараларын қабылдау қажеттілігіне байланысты сәйкестікті міндетті растау объектілерінің тізбесіне сәйкестікті бағалау объектісін енгізу туралы ұсыныстарды дайындау және енгізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      8-бап. Мемлекеттік органдардың техникалық реттеу саласындағы құзыреті

      Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласында:

      1) техникалық регламенттерді әзірлеуді, бекітуді, олардың күшін жоюды, тоқтата тұруды, сондай-ақ уәкілетті органмен келісу бойынша өздерінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттерге өзгерістер енгізуді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен уәкілетті органға техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу туралы ұсыныстар дайындауды және енгізуді;

      3) техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды;

      4) сараптамалық кеңестер құруды;

      5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен белгіленген құзыреті шеңберінде тиісті техникалық регламент талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды);

      6) техникалық регламенттерді, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді және орындауды;

      7) уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес тиісті зертханалық практика қағидаттарын іске асыруды;

      8) тиісті зертханалық практика саласында нормативтік-әдістемелік базаны әзірлеуді (әзірлеуге қатысуды);

      9) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сәйкестікті міндетті растауға жататын өнім бойынша зертханаларды құру, жаңғырту және жарақтандыру жөніндегі ұсыныстарды дайындауды;

      10) Еуразиялық экономикалық одақтың Сәйкестікті бағалау женіндегі органдардың бірыңғай тізілімінін ұлттық бөлігіне сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды енгізу (одан алып тастау) бойынша жұмысқа қатысуды;

      11) техникалық регламенттердің талаптарын іске асыру үшін нормативтік техникалық құжаттар қолданылған жағдайда стандарттау туралы заңнамада белгіленген тәртіппен оларды ұлттық стандарттар ретінде әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізуді;

      12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      9-бап. Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополия

      1. Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік монополияға:

      1) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу;

      2) техникалық реттеу тізілімін қалыптастыру, жүргізу және сүйемелдеу:

      3) тиісті зертханалық практика мониторингі жатады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.

      10-бап. Стандарттау жөніндегі ұлттық органның техникалық реттеу саласындағы өкілеттіктері

      Стандарттау жөніндегі ұлттық орган:

      1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға қатысады;

      2) техникалық регламенттерді әзірлеуге қатысады;

      3) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      11-бап. Сараптамалық кеңестер

      1. Сараптамалық кеңестер техникалық регламенттерді қолдануға, техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясат пен мақсаттарға сәйкестігіне талдау жүргізуге байланысты, қызметті жетілдіру, перспективалық бағыттарды дамыту мәселелерін қарау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін жетекшілік ететін салаларда құрылады.

      2. Сараптамалық кеңестер туралы ережені және оның құрамын мемлекеттік органдар бекітеді.

      Сараптамалық кеңестің құрамына мемлекеттік органдардың, бейінді стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың өкілдері және басқа да мүдделі тұлғалар енгізіле алады.

      3. Сараптамалық кеңестердің жұмысы отырысы нысанында жүзеге асырылады. Сараптамалық кеңестердің ұсынымдарын ескеріп, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын және Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының келіссөз ұстанымын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге ұсыныстар мен ескертулер қалыптастырылады.

      12-бап. Ақпарат орталығы

      1. Ақпарат орталығы мүдделі тараптар мен шет мемлекеттерге мыналар:

      1) қолданыстағы немесе әзірленетін техникалық регламенттер, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық шаралар, стандарттау жөніндегі құжаттар, оларға өзгерістер және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдері туралы;

      2) Қазақстан Республикасының стандарттау, сәйкестікті растау, аккредиттеу, ветеринария және фитосанитария саласындағы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы екіжақты және көп жақты сипаттағы халықаралық ұйымдарға және халықаралық шарттар мүшелігі немесе қатысуы туралы;

      3) әзірленетін және қабылданган техникалық регламенттердің стандарттау жөніндегі құжаттардың, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық шаралардың және өнімнің, көрсетілетін қызметтің сәйкестігін растау рәсімдерінің жобаларын немесе олар туралы ақпаратты жариялау көздері туралы құжаттардың көшірмелері мен ақпаратты ұсыну және консультативтік қызметтер көрсету мақсатында Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелерімен, халықаралық және шетелдік стандарттау жөніндегі ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен құрылады және жұмыс істейді.

      2. Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымындағы міндеттемелеріне байланысты мәселелер бойынша Дүниежүзілік сақтау ұйымының Хатшылығымен және Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелерін өзара іс-қимыл жасау сауда қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері бойынша Ақпарат орталығы арқылы жүзеге асырылады.

      3. Осы баптың 1-тармағында көзделген ақпарат Ақпарат орталығының интернет ресурсына орналастырылады.

      Хабарламаларды толтыру және ұсыну нысандарын, тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      13-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар

      1. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар аккредиттеу туралы заңнамада белгіленген тәртіппен аккредиттелуге жатады:

      2. Міндетті растау кезінде сәйкестікті растау жөніндегі органда аккредиттелген зертханалардың сынақ нәтижелерін пайдалануға тиіс.

      3. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар өтінім берушілермен шарт талаптарында аккредиттеу саласы шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

      1) өтінім берушілердің сәйкестікті міндетті және ерікті түрде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге өтінімдерін қарайды, сәйкестікті растау үшін ұсынылған өнімді, көрсетілетін қызметті сәйкестендіреді;

      2) сәйкестікті міндетті және ерікті түрде растау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;

      3) өтінім берушілердің өтінімдері бойынша сәйкестік туралы декларацияны қабылдау үшін қажетті жұмыстарды жүргізеді.

      4. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар:

      1) сәйкестікті растау саласында электрондық құжаттарды бере отырып өтінім берушінің өтінімі бойынша аккредиттеу саласы шегінде обьектілер сәйкестігін міндетті және ерікті түрде растауды жүргізуге;

      2) өтінім берушіден сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау үшін қажетті құжаттардың және (немесе) мәліметтердің ұсынылуын сұратуға құқылы.

      5. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар:

      1) өтінім берушінің сәйкестікті растау қағидалары мен шарттары туралы ақпаратқа кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз етуге;

      2) өтінім берушіге қатысты кемсітушілікке жол бермеуге;

      3) сәйкестікті бағалау туралы, сертификаттаудан бас тарту туpaлы берілген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған (тоқтатылған) тіркелген құжаттар туралы деректерді есепке алуды және оларды уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беруді жүзеге асыруға;

      4) өнімнің, көрсетілетін қызметтің шығарылған еліне қарамастан, өтінім берушінің коммерциялық мүддесін құрайтын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      5) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.

      6. Сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сарапшы-аудиторлар сәйкестікті бағалау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      7. Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың аккредиттеу саласында консалтингтік қызметтер көрсетуге құқылы емес және олар осы қызметтер көрсететін тұлғалармен үлестес болмауға тиіс.

      8. Сәйкестікті растау жөніндегі органның меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде техникалық реттеу объектілерін сынауды қамтамасыз ететін зертханасы болуға және оны пайдалануға тиіс.

      14-бап. Зертханалар

      1. Зертханалар сәйкестікті растау жөніндегі органдармен немесе басқа өтінім берушілермен шарт талаптарына орай:

      1) өзінің аккредиттеу саласы шегінде сәйкестікті міндетті немесе ерікті түрде растау мақсатында обьектілерге сынақ жүргізеді;

      2) сынақ нәтижелерінің дәйектілігін қамтамасыз етеді;

      3) сәйкестікті бағалау қағидаларында көзделген тәртіппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерін ресімдейді және береді;

      4) сынақтарды, өнімді зерттеу (сынау) және өлшеу нәтижелерін фото және (немесе) бейнетіркеуді жүргізеді;

      5) зерттелген (сыналған) өнімнің бақылау үлгілерін сақтайды;

      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметті жүзеге асырады.

      2. Зертханада жекелеген салаларда көлемін тізбесін) уәкілетті орган белгілейтін меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі зертханалық жабдықтар болуға және пайдаланылуға тиіс.

      3. Зертханалар сәйкестікті бағалау саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      15-бап. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыреті, оларға қойылатын талаптар және сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестаты" тоқтата тұру, одан айыру (кері қайтарып алу) үшін негіздер

      1. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар сәйкестікті растау жөніндегі органның құрамында өнімнің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің белгілі бір түрлерінің сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қатысады.

      2. Жеке тұлғалардың сәйкестікті растау жөніндегі тек бір органның немесе зертхананың құрамында сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитор ретіндегі қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.

      3. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, егер олар өтінім берушінің мүдделерін білдірсе немесе онымен еңбек немесе өзге де шартты- қатынастарда болса, нақты өнімнің, процестердің және көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құқылы емес.

      4. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлардың аттестатын тоқтата тұру, сарапшы-аудитордың осындай аттестатының негізінде басқа тұлғаның сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау фактісі аныкталған жағдайда, уәкілетті орган ведомствосының шешімімен жүргізіледі.

      5. Сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатынан айыру (кері қайтарып алу) уәкілетті орган ведомствосының, оның аумақтық бөлімшесінің, аккредиттеу жөніндегі органның талап-арызы бойынша сот шешімімен:

      1) сарапшы-аудитордың аттестатты беру үшін негіз болған құжаттарды дәйексіз немесе қасақана бұрмаланған ақпарат беру фактісі анықталған;

      2) сарапшы-аудитордың осындай аттестаты негізінде басқа тұлғаны сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындау фактісі қайтадан анықталған:

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудитордың аттестатын тоқтата тұру түрінде әкімшілік жаза қолдануға әкеп соқпайтын үш мәрте бұзылуы;

      4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтірген және (немесе) Қазақстан Республикасы заңнамасының сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы- аудитордың аттестатын тоқтата тұру түрінде әкімшілік жаза қолдануға әкеп соғатын қайтадан бұзылуы жағдайларында жүргізіледі.

      16-бап. Тиісті зертханалық практикалық сәйкестік мониторингі

      1. Тиісті зертханалық практиканың сәйкестік мониторингі сынау зертханаларының тиісті зертханалық практика қағидаттарына сәйкестік дәрежесін бағалау және бастапқы деректер мен жазбаларды сынақ зертханаларының аралық және қорытынды есептеріндегі деректермен және жазбалармен салыстыру үшін тиісті зертханалық практиканың қағидаттарына сәйкестік мониторингінің бағдарламасына енгізілген сынақ зертханалары қолданатын рәсімдер мен нормативтерді тексеру жүргізу мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Тиісті зертханалық практиканың сәйкестік мониторингі органының функциялары осы Заңның 9-бабы 2-тармағында көзделген тәртіппен құрылған мынадай функцияларды орындайтын мемлекеттік монополия субъектісіне жүктеледі:

      1) сынақ зертханаларының тиісті зертханалық практика қағидаттарына сәйкестігіне мониторинг жүргізеді;

      2) сынақ зертханаларының тиісті зертханалық практика қағидаттарына сәйкестік мәртебесін анықтайды;

      3) тиісті зертханалық практика қағидаттарына сәйкестік мониторингі жүзеге асыратын инспекторларды дайындайды;

      4) тиісті зертханалық практика қағидаттарына сәйкестік мониторингі бағдарламасына енгізілген сынақ зертханаларының тізілімін жүргізеді;

      5) тиісті зертханалық практика қағидаттарына сәйкестік мониторингіне қатысты ақпаратпен алмасуды жүзеге асырады.

      17-бап. Сәйкестікті сертификаты иесінің, деклирацияны қабылдайтын тұлғаның және техникалық реттеу саласындағы өзге де жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері

      1. Дайындаушы немесе дайындаушы уәкілеттік берген тұлға сериялық өндіріс өнімін сертификаттауға өтінім беруші бола алады.

      Дайындаушы, сатушы, импорттаушы өнім партиясын (дара бұйымды) сертификаттауға өтінім беруші бола алады.

      2. Сәйкестік сертификаты иесінің:

      1) сәйкестікті растау жөніндегі органға қайта сертификаттауға өтініммен жүгінуге;

      2) сәйкестікті растау жөніндегі органға сәйкестік сертификатына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, сертификаттың төлнұсқасын беру, сертификаттың қолданысын тоқтату, қайта сертификаттау кезінде сертификат беру туралы өтінім беруге;

      3) уәкілетті органға сәйкестікті растау жөніндегі органның шешімдерін және (немесе) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), ал олардың шешімімен келіспеген не заңнамада белгіленген мерзімде жауап ала алмаған жағдайда сот органдарына шағым жасауға;

      4) осы Заңға, Қазақстан Республикасы заңнамасының өзге де актілеріне, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне және Еуразиялық экономикалық одақтың өзге де құқығына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрамайтын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, сертификаттау жөніндегі жұмыстарды орындауға арналған шартқа сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.

      3. Сәйкестік сертификаты иесі:

      1) сертификаттауға өтінім беруші мен сәйкестікті растау жөніндегі орган арасындағы шарттың талаптарына сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі орган өзіне жеткізілген тиісті өзгерістерді іске асыруды қоса алғанда сертификаттау талаптарын тұрақты түрде орындауға;

      2) сәйкестігіне сертификаттау жүргізілген техникалық регламенттерде белгіленген өнімге қойылатын талаптарды орындауға;

      3) сәйкестікті растау жөніндегі органның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін өнімді сертификаттауды пайдаланбауға, сәйкестікті растау жөніндегі орган жаңылыстыратын немесе құқыққа сыйымсыз деп санай алатын өз өнімін сертификаттауға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамауға;

      4) сәйкестік сертификаты тоқтатыла тұрғаннан немесе оның күші жойылғаннан кейін сертификаттауға сілтемелерді қамтитын барлық жарнамалық материалдарды пайдалануды тоқтатуға және сертификаттау схемасында талап етілетін шараларды қабылдауға;

      5) сәйкестік сертификатын пайдаланушыларға техникалық реттеу тізіліміне орналастырылған, сәйкестік туралы электрондық декларацияны пайдалану құқығы жөніндегі мәліметтерді беруге;

      6) сәйкестікті растау жөніндегі органды өнімнің, оны өндіру процесінің, басқару жүйесінің (болған жағдайда) барлық өзгерістері, өндірістік технологиялық жарақтандырылуының өзгергені, өндірістік алаңдардың ауыстырылғаны, ұйымдық-құқықтық мәртебесінің немесе меншік нысанының өзгергені, мекенжайының, байланыс деректерінің өзгергені туралы хабарлар етуге;

      7) қажет болған жағдайда, сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде екі ай бұрын сәйкестікті растау жөніндегі орган сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін ұзарту туралы хат жолдауға;

      8) электрондық сәйкестік сертификатын пайдалану құқығы жөніндегі мәліметтерді сәйкестік сертификатын пайдаланушының атауын оның орналасқан жерінің мекенжайын және ұйым қызметін жүзеге асыратын орынның мекенжайын көрсете отырып, техникалық реттеу тізіліміне енгізуге міндетті.

      4. Қазакстан Республикасының аумағында сәйкестік сертификатының төлнұсқасын, егер осындай өнім сертификатының иесі нарықта әкелінетін және өткізілетін өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау кезінде осындай құжатта өтінім беруші ретінде көрсетілген тұлға болып табылса, оның пайдалануына жол беріледі.

      5. Егер электрондық сертификатты иелену және Пайдалану құқығы жөніндегі мәліметтер техникалық реттеу тізілімінде болмаған жағдай сәйкестік сертификаттарын Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға жол берілмейді.

      6. Сәйкестік сертификатының иесі сәйкестік сертификатында көрсетілген техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмейтін, өнімнің сертификатталған және сәйкестік белгісімен танбаланған өнімді бергені (өткізгені) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады. Сәйкестік сертификатының төлнұсқасы иесінің сәйкестік сертификатының көшірмелерін беру тәртібін бұзуы сәйкестікті растау жөніндегі органның сәйкестік сертификатының қолданысын тоқтата тұруын немесе оның күшін жоюына әкеп соғады.

      7. Декларацияны қабылдайтын тұлғаның:

      1) сәйкестікті декларациялау кезінде қолданылатын сәйкестікті растаудың кез келген схемасын олардың қолданылу шарттарын ескере отырып, осы сәйкестікті бағалау объектісі үшін көзделген схемалар арасынан таңдауға;

      2) Қазақстан Республикасының техникалық регламентінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентінде айқындалған сәйкестікті растаудың таңдап алынған схемасын және дәлелдемелік материалдардың құрамына қойылатын талаптарды ескере отырып, белгілі бір сәйкестікті бағалау объектісіне қатысты дәлелдемелік материалдардың нақты құрамын, егер Қазаксган Республикасының техникалық регламенттері немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері болмаған не дәлелдемелік материалдардын құрамы олардың тарапынан анықталмағаи жағдайда, сәйкестікті растау қағидаларына сәйкес айқындауға;

      3) егер Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде және Еуразиялық экономикалық одақтың өзге де құқығында өзгеше көзделмесе, сәйкестікті растау жөніндегі органға жазбаша нысанда декларацияны тіркеу туралы өтініш беруге;

      4) сәйкестікті растау жөніндегі органға жазбаша нысанда сәйкестік туралы декларацияны тіркеу әрекетін тоқтату туралы өтініш, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкестік туралы декларацияның қолданысын тоқтату туралы хабарлама немесе бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның қолданысын тоқтату туралы өтініш беруге;

      5) уәкілетті органға сәйкестікті растау жөніндегі органның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдануға, ал уәкілетті органның шешімі болмаған не одан жауап ала алмаған немесе оның шешімімен келіспеген жағдайда, соғу шағымдануға құқығы бар.

      8. Декларацияны қабылдайтын тұлға:

      1) сәйкестікті декларациялауды жүргізуге және декларацияларды тіркеуге қатысты Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті растау қағидаларының талаптарын орындауға;

      2) өзіне қатысты декларация қабылданған және тіркелген өнімнің Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      3) өзіне қатысты сәйкестікті растау рәсімдері жүргізілген және Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келетін өнімді таңбалау үшін Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақты заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде және Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарында белгіленген тәртіппен сәйкестік белгісін қолдануға;

      4) өзіне қатысты тіркелген декларация бар өнімді, егер бұл өнім декларацияда көрсетілген актілерде (құжаттарда) қамтылған техникалық талаптарға сәйкес келмесе, айналысқа шығаруды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;

      5) техникалық реттеу тізілімінде орналастырылған сәйкестік туралы электрондық декларацияны пайдалану құқығы жөніндегі мәліметтерді пайдаланушыларға беруге;

      6) сәйкестік туралы декларацияны пайдаланушының атауын, оның орналасқан жерінің мекенжайын және ұйым қызметін жүзеге асыратын орнының мекенжайын көрсете отырып, сәйкестік туралы электрондық декларацияны пайдалану құқығы жөніндегі мәліметтерді техникалық реттеу тізіліміне енгізуге міндетті.

      9. Егер осындай өніммін сәйкестігі туралы декларацияны қабылдаған тұлға нарықта әкелінетін және өткізілетін өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау кезінде осындай құжатта өтінім беруші ретінде көрсетілген тұлға болып табылса, Қазақстан Республикасының аумағында сәйкестік туралы декларацияның төлнұсқасын пайдалануына жол беріледі.

      10. Егер сәйкестік туралы электрондық декларацияны иелену және пайдалану құқығы жөніндегі мәліметтер техникалық реттеу тізілімінде болмаған жағдайда, сәйкестік туралы декларацияларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға жол берілмейді.

      11. Сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған тұлға сәйкестік сертификатында көрсетілген техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сай келмейтін сәйкестігін растау рәсімінен өткен өнімнің берілгені (өткізілгені) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.

      Сәйкестік туралы декларацияны қабылдаған тұлғаның сәйкестік туралы декларациялардың көшірмелерін ресімдеу үшін басқа заңды тұлғаларға немесе дара кәсіпкерлерге сәйкестік туралы декларациялардың көшірмелерін беру тәртібін бұзуы сәйкестікті растау жөніндегі органның сәйкестік туралы декларацияның қолданысын тоқтата тұруына немесе оның күшін жоюына әкеп соғады.

      12. Осы баптың 1-тармағы ережелерінің Еуразиялық экономикалық одақтың тиісті техникалық регламентінде көзделген ерекшеліктермен бірге көлік құралы типі конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктің, көлік құралы типін мақұлдаудың иелеріне қатысы бар.

      18-бап. Техникалық реттеу тізілімі

      1. Техникалық реттеу тізілімі рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы мемлекеттік органдардың жеке және заңды тұлғалардың, басқа да орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының деректері мен мәліметтері негізінде қалыптастырылады.

      2. Техникалық реттеу тізілімі деректерінің пайдаланушылары үшін оған қол жеткізу уәкілетті органның веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      3. Тізілімді қалыптастыру, жүргізу және сүйемелдеу:

      1) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы техникалық реттеу тізілімінің деректерін жүргізуді, беруді және сақтауды;

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне қамтылған ақпаратты алуға құқығы бар мемлекеттік органдарға ақпарат беруді;

      3) пайдаланушыларға техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық қызметтер көрсетуді;

      4) техникалық реттеу тізілімінен мәліметтер мен ақпаратты жариялауды;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды қамтиды.

      2-тарау. Техникалық регламенттер

      19-бап. Жалпы ережелер

      1. Техникалық регламенттер осы Заңның 4-бабы 1 -тармағында көзделген мақсаттарда әзірленеді және қолданылады.

      2. Қазақстан Республикасының бекітілген (қабылданған) және қолданысқа енгізілген (күшіне енген) техникалық регламенттерінің және Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптары мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің барлық субъектілерінің сақтауы үшін міндетті болып табылады.

      3. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар міндетті болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданыста болады және тиісті техникалық регламенттерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу арқылы өзгертілуі мүмкін.

      4. Өнім үшін немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері қолданысқа енгізілмеген (күшіне енбеген) өнімді әзірлеу, жобалау, іздестіру, өндіру, құрылыс салу, монтаждау, баптау, пайдалану (қолдану), сақтау, тасымалдау (тасымал), өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын талаптарға байланысты өнім үшін Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің немесе Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдерінің талаптары қолданылады.

      5. Егер сыртқы сауда шартының талаптарында Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде белгіленгеннен өзге техникалық талаптар айқындалса, Қазақстан Республикасында Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тысқары жерлерге экспортқа өткізуге арналған өнімді өндіру кезінде, осындай шарттың талаптары қолданылады.

      6. Техникалық регламенттерде айқындалған, процестерге қойылатын талаптар, егер олар осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгіленеді және қолданылады.

      7. Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсіпкерлік қызмет үшін осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындау үшін қажетті дәрежеге қарағанда, көп дәрежеде кедергі жасамауға тиіс.

      8. Техникалық регламент осы Заңның 4-бабы ережелеріне, мемлекеттік саясат мүдделеріне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми техникалық даму деңгейіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес келмеген жағдайда техникалық регламентті әзірлеген мемлекеттік орган осындай нормативтік құқықтық актінің күшін жою немесе оған өзгсрістер енгізу рәсімін бастауға міндетті.

      9. Техникалық регламент оны қолданысқа енгізу, нормативтік немесе техникалық құжаттаманы әзірлеу және (немесе) түзету мәселелері, сондай-ақ өнімді шығаруға байланысты мәселелер ескерілуге тиіс өтпелі кезеңнің уақытын белгілейтін, техникалық регламентті қолданысқа енгізу мерзімі мен шарттарын көздеуге тиіс.

      10. Егер өнімді өндіру кезінде өзара байланысты стандарттар пайдаланылса, техникалық регламенттердің талаптары орындалды деп есептеледі.

      Өзара байланысты стандарттарды талдауды және жүйелендіру Қазақстан Республикасының стандарттау базасындағы заңнамасына сәйкес Стандарттау жөніндегі ұлттық орган жүзеге асырады.

      Өнімді өндіру кезінде стандарттау жөніндегі құжаттар техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен нормалардың орындалуын қамтамасыз еткен жағдайда пайдаланылуы мүмкін.

      11. Техникалық регламенттерде өнімнің сәйкестігін растау схемалары болмаған кезде, олар ұлттық стандарттарда айқындалады.

      20-бап. Техникалық регламенттердің мазмұны

      1. Техникалық регламенттер зиян келтіру тәуекел дәрежесін ескере отырып, өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең аз қажетті талаптарды белгілейді.

      2. Техникалық регламентте:

      1) талаптары қолданылатын өнімнің, процестердің толық тізбесі;

      2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін өнімнің сипаттамаларына, процестерге қойылатын талаптар болуға тиіс.

      Техникалық регламентте өнімнің сынамасын іріктеу және сынау қағидалары, сәйкестікті растау қағидалары мен нысандары (оның ішінде сәйкестікті растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбадауға немесе затбелгі жапсыруға және оларды түсіру қағидаларына қойылатын талаптар қамтылады.

      3. Техникалық регламентке зиян келтіру тәуекел дәрежесі ескеріле отырып, конструкцияға және орындауға қойылатын талаптардың болмауына байланысты осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға жету қамтамасыз етілмейтін жағдайларды қоспағанда, өнімнің конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар қамтылмауға тиіс.

      4. Нормалар және халықаралық, өңірлік стандарттар мен шет мемлекеттер стандарттары, егер олар осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкес келсе, техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде негіз ретінде толық немесе ішінара қолданыла алады.

      5. Егер ұзақ уақыт пайдалануы зиян келтіруі мүмкін өнімге қойылатын талаптарды анықтау мүмкін болмаған жағдайда, оның әсері жол берілетін тәуекел дәрежесін анықтауға мүмкіндік бермейтін факторларға байланысты болса, техникалық регламент тұтынушыны өнімнің ықтимал зияны және ол тәуелді факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптарды қамтуға тиіс.

      6. Техникалық регламенттерде зиян келтіру тәуекелі дәрежесін ескере отырып:

      1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, бала емізетін аналар, мүгедектер) қорғауды қамтамасыз ететін;

      2) егер климаттық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты мұндай талаптардың болмауы осы Заңның 4-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға жеткізбеуге әкеп соқса, Қазақстан Республикасының жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерінде қолданылатын;

      3) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адам өмірі мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да шектес мемлекеттердің қоршаған ортасына қатер төндіретін трансшекаралық қауіпті өндірістік объектілерге қойылатын арнайы талаптар қамтылады.

      7. Техникалық регламенттерде өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар белгіленеді.

      8. Қабылданған техникалық регламенттерде белгіленгеннен темекі өнімнің қауіпсіздігіне және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын талаптарды қамтитын техникалық регламенгке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

      21-бап. Техникалық регламентті әзірлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және күшін жою ерекшеліктері

      1. Техникалық регламент, техникалық регламентке енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Заңның ережелері ескеріле отырып, белгіленген тәртіппен әзірленеді, қабылданады және күші жойылады.

      2. Техникалық регламентті әзірлеу, өзгерту, толықтыру немесе күшін жою жөніндегі ұсыныстарды стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, Стандарттау жөніндегі ұлттық органның, мүдделі тараптардың ұсыныстарын ескере отырып, құзыретіне міндетті қағидалар мен нормаларды белгілеу кіретін мемлекеттік органдар дайындайды және уәкілетті органға беріледі.

      3. Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың жобасын жасап, бекітеді. Бекітілген техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар бекітілген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялауға жатады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.

      4. Техникалық регламенттің жобасын әзірлеген мемлекеттік орган жобаны, нормативтік құқықтық актіге енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды немесе оның күшін жоюды әзірлей бастаған сәттен бастап, отыз күнтізбелік күннен кешіктірмей, уәкілетті органның интернет-ресурсында техникалық регламенттің жобасын әзірлеу, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу немесе оның күшін жою туралы белгіленген нысанда хабарламаны орналастырады.

      5. Техникалық регламент жобасын әзірлеген мемлекеттік орган:

      1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;

      2) алынған ескертулерді есепке ала отырып, жобаны пысықтайды және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге орналастырады;

      3) мүдделі тараптарға олардың сауал салуы бойынша техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелерді береді;

      4) қолдану нәтижесінде техникалық регламент талаптарының сақталу қамтамасыз етілетін стандарттардың өзара байланысты тізбесін, сондай-ақ техникалық регламент талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті техникалық регламент жобасына қосымша түрінде ресімделетін зерттеулер (сынаулар) мен өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттардың тізбесін (бұдан әрі - тізбелер) қалыптастырады.

      Қолдану нәтижесінде техникалық регламенттің талаптарын сақтау қамтамасыз етілетін өзара байланысты стандарттардың тізбесі, техникалық регламенттің талаптары тікелей орындалуы мүмкін болған жағдайда, қалыптастырылмайды.

      Зерттеулер (сынаулар) мен өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттардың тізбесі (бұдан әрі - қағидалар мен әдістерді қамтитын өзара байланысты стандарттар тізбесі), техникалық регламентте сәйкестікті бағалауды жүргізу туралы талаптар болмаған техникалық регламенттің талаптарына сәйкестікті бағалау зерттеулер (сынаулар) мен өлшеу жүргізбей жүзеге асырылуы мүмкін жағдайларда, калыптастырылмайды.

      Қағидалар мен әдістерді қамтитын стандарттар тізбесіне ұлттық стандарттар және (немесе) мемлекетаралық      стандарттар, ал олар болмаған жағдайда өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін міндетті болып табылатын өлшеуді орындау әдістемесі енгізіледі.

      Қағидалар мен әдістерді қамтитын стандарттар тізбесінде ұлттық стандарт және (немесе) мемлекетаралық стандарт болмаған кезде ал олар болмаған жағдайда техникалық регламенттің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті өлшеуді орындау әдістемесі, техникалық регламенттің тиісті талабы тиісті ұлттық стандарт және (немесе) мемлекетаралық стандарттар, ал олар болмаған жағдайда, өлшеуді орындау әдістемесі қағидалар мен әдістерді қамтитын стандарттар тізбесіне енгізілгеннен кейін ғана күшіне енеді.

      6. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзімі (оны әзірлеу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама жарияланған күнге дейін) алпыс күнтізбелік күннен кем болмауға тиіс.

      7. Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы хабарлама уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялануға және жобамен және алынған ескертулер тізбесімен танысу тәсілі туралы ақпаратты техникалық регламенттің жобасын әзірлеген мемлекеттік органның атауын оның пошталық және электрондық мекенжайын қамтуға тиіс.

      8. Техникалық регламент жобасының түпкілікті редакциясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылдау үшін ұсынылады.

      9. Техникалық регламентті қабылдау күні мен қолданысқа енгізу немесе күшін жою күні арасында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін қажетті уақыт кезеңі көзделуге тиіс.

      10. Төтенше жағдайлардан туындаған техникалық регламентті әзірлеу, қабылдау және қолданысқа енгізу, оның ішінде оған өзгерістер енгізу қажет болған кезде (мемлекеттік органнан адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер туралы ақпарат), техникалық регламент хабарламасыз және жария талқылаусыз қабылданады.

      11. Қабылданған техникалық регламент туралы хабарлама уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялануға, сондай-ақ сауда қызметін реттеу туралы заңнамаға сәйкес Дүниежүзілік сауда ұйымының мәселелері жөніндегі ақпарат орталығы арқылы Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығына жіберілуге тиіс.

      3-тарау. Сәйкестікті бағалау

      22-бап. Сәйкестікті бағалау

      1. Айналысқа шығарылатын өнімнің техникалық регламенттердің және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігін бағалау оны айналысқа шығарғанға дейін жүзеге асырылады.

      2. Уәкілетті орган:

      1) сәйкестікті бағалау схемалары, рәсімдері;

      2) сәйкестікті бағалау құжаттарының нысандары, оларды ресімдеу тәртібі;

      3) ерікті түрде сертификаттау жүйесін құру және қолдану, сондай-ақ тіркелген ерікті түрде сертификаттау жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібі және көрсетілген тізілімде қамтылған мәліметтерді ұсыну тәртібі белгіленетін сәйкестікті бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді.

      23-бап. Сәйкестікті бағалау нысандары мен объектілері

      1. Сәйкестікті бағалау:

      1) сертификаттау;

      2) декларациялау;

      3) егер олар техникалық регламенттерге сәйкес сәйкестікті бағалауды дербес нысаны болып табылса, сынақтар;

      4) техникалық регламенттерде және (немесе) ұлттық стандарттардың белгіленген өзге де нысандары түрінде жүргізіледі.

      2. Мемлекеттік органдардың салалық заңнамалық актілерде сәйкестікті бағалау нысандарын белгілеуі уәкілетті органмен келісілуге жатады.

      3. Сәйкестікті бағалау объектілері осы Заңда және сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамада айқындалады.

      24-бап. Сәйкестікті бағалау туралы құжаттар және сәйкестікті бағалау саласындағы өзге де құжаттар

      Сәйкестікті бағалау туралы құжаттарға:

      1) сәйкестік сертификаты;

      2) сәйкестік туралы декларация;

      3) егер сынақ техникалық регламентке сәйкес сәйкестікті бағалауды дербес нысаны болып табылса, сынақ хаттамасы;

      4) жалпы қауіпсіздік туралы декларация;

      5) тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынау, сараптама нысандарында және (немесе) өзге де нысанда техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген өзге де құжаттар жатады.

      25-бап. Өнім мен процестердің және көрсетілетін қызметтердің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау

      1. Өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау сәйкестік туралы декларацияны қабылдау нысанында және (немесе) сертификаттауды жүргізу және сәйкестік сертификатын беру нысанында жүргізіледі.

      2. Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды басқару мемлекет техникалық реттеу жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Техникалық күрделі бұйымның міндетті талаптарға сәйкестігін растау сертификаттау нысанында жүргізіледі, техникалық күрделі бұйымның конструктивтік элементтеріне, егер техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, сынақ хаттамалары ұсынылады.

      4. Қазақстан Республикасының аумағында өнім мен процестердің сәйкестігін растау міндетті немесе ерікті сипатта болады.

      5. Сәйкестікті растау схемаларында сәйкестікті белгілеу тәсілде (сынау, өндіріс жағдайын талдау, сапа менеджменті жүйесін бағалау техникалық құжаттаманы талдау, өнімді талдау) қамтылады және олар сәйкестікті растау жөніндегі органдар және (немесе) өнімді дайындаушылар сертификаттау рәсімдерін жүргізу немесе сәйкестік туралы декларацияны қабылдау кезінде қолданылады.

      Өнімнің сәйкестігін растау кезінде техникалық сарапшылар тартылады.

      6. Шетелдік үлгідегі сәйкестікті растау саласындағы құжаттарды беретін шетелдік және халықаралық ұйымдар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қызметтің басталғаны туралы уәкілетті органды хабардар eтe отырып, Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыруға құқылы.

      26-бап. Cәйкестікті міндетті растау

      1. Сәйкестігі міндетті растауға жататын өнім техникалық регламенттерде айқындалады.

      Сәйкестікті растау туралы құжаттарсыз өнімді айналысқа шығару жеке және заңды тұлғалардың құқықтарына, заңды мүдделеріне, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, қоғамдық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді.

      2. Сәйкестікті міндетті растау:

      1) сәйкестік туралы декларация қабылдау;

      2) міндетті сертификаттауды жүргізу нысандарында жүзеге асырылады.

      3. Өнімнің сәйкестігін міндетті растау техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігіне жүзеге асырылады.

      Өнімді сәйкестендіру мақсатында ұйым стандарттарын қолдануга жіберіледі, бірақ ұйым стандарттары сәйкестікті міндетті растау рәсімдерін жүргізу үшін қолданылмайды.

      4. Егер техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, бұрын тұтынуда болған, көрме үшін және оны нысаналы пайдаланбай әкелінетін, сондай-ақ ізгілік көмек желісі бойынша жеткізілетін өнім сәйкестікті міндетті растау объектілеріне жатпайды.

      27-бап. Өнімнің жалпы қауіпсіздігі туралы декларация

      1. Өнімнің жалпы қауіпсіздігі туралы декларация Бірыңғай тізбеге енгізілмеген өнімге, сондай-ақ Бірыңғай тізбеге енгізілген, бірақ оған қатысты техникалық регламенттер қабылданбаған немесе күшіне енбеген өнімге қатысты ресімделеді.

      2. Өнімнің жалпы қауіпсіздігі туралы декларация дайындаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, импорттаушы, сатушы тарапынан ерік негізде қабылданады және декларацияны қабылдаған тұлғадан алынған хабарлама негізінде техникалық реттеудің ақпараттық жүйесіне енгізіледі.

      3. Қолданысы айналысқа шығарылатын өнімге таралатын ұлттық стандарттарды ерікті негізде қолдану өнімнің жалпы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті шарт болып табылады.

      4. Жалпы қауіпсіздік туралы декларация ұлттық стандарттарды және (немесе) өзге де стандарттау жөніндегі құжаттарды қолдану және (немесе) техникалық құжаттамаларды пайдалану нәтижесінде алынған дәлелдемелердің және (немесе) зерттеулер (сынаулар) мен өлшеу нәтижелерінің негізінде қабылданады.

      28-бап. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру

      1. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды бекіту және тіркеу мақсатында жүзеге асырылады.

      2. Сәйкестікті растау жөніндегі орган көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ресімдеудің дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларда көрсетілген құжаттардың тізбесін техникалық хатшылыққа ұсынады.

      3. Техникалық хатшылық құжаттарды қараулы техникалық хатшылыққа келіп түскен күннен бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      4. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) олар көл құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды, ресімдеуді, дұрыстығын және негізділігін тексеру жөніндегі қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, техникалық хатшылық жазбаша дәлелді бас тартуды қоса бере отырып, ұсынылған құжаттарды он бес күнтізбелік күн ішінде сәйкестікті растау жөніндегі органға қайтарады.

      5. Он шешім шығарылған жағдайда, техникалық хатшылық көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды уәкілетті органға жібереді.

      6. Техникалық хатшылық сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханалары (орталыктары) берген ресімдеу мен беру кезінде бұзушылық орын алған көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктерге қатысты мәліметтерді жинауды жүзеге асырады.

      29-бап. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды бекіту және тіркеу

      1. Көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды бекіту және тіркеу, көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды бекіту және тіркеу жөніндегі қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Техникалық хатшылык бекіту және тіркеу үшін уәкілетті органға көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдауды ұсынады.

      3. Уәкілетті орган көлік құралының типін мақұлдауды, шасси типін мақұлдаулы бекітуді және тіркеуді, олардың уәкілетті органға келіп түскен күнінен бастап есептелетін он күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.

      30-бап. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру

      1. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беруді көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларына сәйкес техникалық хатшылық жүзеге асырады.

      2. Көлік құралын жасаушы көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлікті алу үшін көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру қағидаларына сәйкес құжаттар тізбесін техникалық хатшылыққа жібереді.

      3. Көлік құралдарын жасаушыларға халықаралық сәйкестендіру кодтарын беру жөніндегі құжаттарды қарау олардың техникалық хатшылыққа түскен күнінен бастап есептелетін отыз күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.

      4. Көлік құралын жасаушыға құжаттарды қарау нәтижелері бойынша көлік құралын жасаушыға халықаралық сәйкестендіру кодын беру туралы куәлік беріледі.

      31-бап. Сәйкестікті раста саласындағы өнімді дайындаушыдардың, импорттаушылардың, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғалардың, сатушылардың құқықтары мен міндеттері

      1. Өнімді дайындаушылар, импорттаушылар, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғалар және сатушылар:

      1) осы өнім үшін көзделген, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестікті растау нысаны мен схемасын таңдауға;

      2) аккредиттеу сапасы мәлімделген өнімге қолданылатын сәйкестікті растау жөніндегі кез келген органға жүгінуге;

      3) егер бұл сәйкестікті растаудың таңдалған схемасында көзделсе, сәйкестікті міндетті растаудан өткен өнімге сәйкестік белгісін қолдануға;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және аккредиттелген зертханалардың заңсыз әрекеттеріне уәкілетті органға шағыммен жүгінуге;

      5) өзінін құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.

      2. Сәйкестігі міндетті растауға жататын өнімді дайындаушылар, импорттаушылар, дайындаушы уәкілеттік берген тұлғалар, сатушылар:

      1) өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге;

      2) өнім сәйкестігін растауды өткізуді қамтамасыз етуге;

      3) сәйкестігі міндетті растауға жататын өнімді олардың сәйкестігі расталғаннан кейін ғана өткізуге;

      4) қажетті ақпаратты, сәйкестік сертификаттарын (олардың көшірмелерін), өнімнің сәйкестігі туралы декларацияны (олардың көшірмелерін), басқа да дәлелдемелік материалдарды беруге;

      5) ілеспе құжаттамада сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация туралы мәліметтерді көрсетуге;

      6) егер сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның қолданылу мерзімі аяқталса не сәйкестік сертификатының немесе сәйкестік туралы декларацияның қолданылуы тоқтатыла тұрса, күші жойылса немесе тоқтатылса, өнімді айналысқа шығаруды тоқтата тұруға немесе тоқтатуға;

      7) сертификатталған өнімді өндірудің техникалық құжаттамасына немесе технологиялық процестеріне енгізілетін өзгерістер туралы сәйкестікті растау жөніндегі органға хабарлауға;

      8) сәйкестікті растау нәтижелері бойынша техникалық регламенттері белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді өндіруді (айналысқа шығаруды) тоқтата тұруға;

      9) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді қайтарып алуды қамтамасыз етуге;

      10) техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруға уәкілетті, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың ұйғарымын белгілеген мерзімде орындауға;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауаптылықта болуға міндетті.

      32-бап. Сайкестік сертификаты

      1. Сәйкестік сертификатын өнімге, процестерге және көрсетілетін қызметтерге сәйкестікті растау жөніндегі орган өтінім берушіге таңдалған сәйкестікті растау схемасына сәйкес барлық рәсімдерді орындаудан нәтижелер алынған жағдайда береді.

      Сәйкестік сертификатының иесі дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы болып табылады.

      2. Сәйкестік сертификатының нысандарьг және оларды ресімдеу тәртібі сәйкестікті бағалау қағидаларында белгіленеді.

      Сәйкестік сертификаты оны берген сәйкестікті растау жөніндегі органда техникалық реттеу тізіліміне тіркеуге жатады.

      3. Сәйкестік сертификатының қолданысы Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

      4. Сериялық-шығарылатын өнімге берілген сәйкестік сертификаты, сәйкестікті растау схемасында белгіленген мерзімге беріледі.

      33-бап. Сәйкестік белгісі

      1. Сәйкестік белгісі сәйкестікті растау рәсімінен өткен өнімді таңбалауға арналады.

      2. Сәйкестік белгісінің бейнесі, оған қойылатын техникалық талаптар және таңбалау тәртібі ұлттық стандарттарда айқындалады.

      3. Сәйкестік сертификатын алған дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы сәйкестік белгісін ұлттық стандарттарда белгіленген, өздері үшін қолайлы кез келген тәсілдермен қолдануға құқылы.

      4. Сәйкестігі міндетті растауға жататын және техникалық регламенттерде және (немесе) ұлттық стандарттарда белгіленген талаптар сәйкестігін растаудан өтпеген өнімге сәйкестік белгісін салуға жол берілмейді.

      34-бап. Сәйкестік туралы декларация

      1. Сәйкестік туралы декларация, егер бұл техникалық регламенттерде көзделген жағдайда, сәйкестігі міндетті растауға жататын өнімге қатысты ресімделеді.

      Дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы сәйкестік туралы декларацияны қабылдаушы тұлға болып табылады.

      2. Сериялық-шығарылатын өнімге және өнім партиясына берілген сәйкестік туралы декларацияның қолданысы сәйкестікті растау схемасында белгіленеді.

      3. Сәйкестік туралы декларация аккредиттеу саласы өнімнің осы туралы қамтитын сәйкестікті растау жөніндегі органда техникалық реттеу тізілімі тіркеуге жатады.

      4. Сәйкестік туралы декларацияның Қазақстан Республикасының барлық аумағында сәйкестік сертификатымен бірдей заңды күші бар.

      5. Сәйкестікті декларациялау:

      1) жеке дәлелдемелер негізінде сәйкестік тура декларацияны қабылдаумен;

      2) менеджмент жүйелерін сертификаттау жөніндегі органның және (немесе) аккредиттелген сынақ зертханасының (орталығының) және (немесе) өнімді сертификаттау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдемелер негізінде сәйкестік туралы декларацияны қабылдаумен жүзеге асырылады.

      Сәйкестікті растау үшін дәлелдемелер ретінде пайдалана алатын құжаттардың тізбесі тиісті техникалық регламентте айқындалады.

      Дәлелдемелер ретінде өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін негіз болған техникалық құжаттама, зерттеулері (сынаулар) мен өлшеу нәтижелері және (немесе) басқа да құжаттар пайдаланылады.

      Өз дәлелдерінің және сәйкестікті растау жөніндегі органның қатысуымен алынған дәлелдемелердің негізінде сәйкестікті декларациялау кезінде өтінім беруші өз дәлелдемелеріне қосымша өз таңдауы бойынша зертханада жүргізілген зерттеулер (сынаулар) мен өлшеу хаттамаларын пайдалануға, сапа менеджменті жүйесінің сертификатын ұсынуға құқылы.

      Егер мұндай өнім үшін техникалық регламенттерде өзге сәйкестікті растау нысаны көзделген жағдайды қоспағанда, сапа менеджменті жүйесінің сертификаты сәйкестік туралы декларацияны қабылдау кезінде дәлелдемелер құрамында пайдаланыла алады.

      6. Сәйкестік туралы декларацияның қолданылу мерзімі аяқталған сәттегі бастап үш жыл ішінде сәйкестік туралы декларацияның бірінші данасы және сәйкестікті растау үшін дәлелдемелер ретінде пайдаланылатын материалдар өтінім берушіде, ал сәйкестік туралы декларацияның екінші данасы оны тіркеген сәйкестікті растау жөніндегі органда сақталады.

      35-бап. Сәйкестігі міндетті растауға жататын өнімнің нарықтағы айналыс шарттары

      1. Сәйкестігі міндетті растауға (сертификаттауға немесе декларациялауға) жататын өнімімнің нарықтағы айналысқа түсуінің қажетті шарты, оның белгіленген тәртіппен расталған, техникалық регламенттерде айқындалған талаптарға сәйкестігі болып табылады.

      2. Сәйкестігі мімдетті растауға жататын, сәйкестігі растаудан өтпеге сондай-ақ Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың заңнамасына сәйкес ресімделген, сәйкестікті растайтын құжаттары жоқ өнімді айналысқа шығаруға тыйым салынады.

      Белгіленген тәртіппен сәйкестігі растаудан өтпеген, сәйкестігі міндетті растауға жататын өнімді жарнамалауға жол берілмейді.

      3. Өнімді дайындаушылар (импорттаушылар), сатушылар оны айналысқа шығарған кезде техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың, тұтынушылардың талап етуі бойынша оларға өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттарын ұсынады.

      36-бап. Сәйкестікті ерікті түрде растау

      1. Сәйкестікті ерікті түрде растау ерікті сертификаттау нысанында жүргізіледі.

      2. Ерікті сертификаттау өтінім берушінің бастамасы мен талаптары бойынша сәйкестікті бағалаудың кез келген объектілеріне қатысты олардың стандарттау жөніндегі құжаттарға, ал олар болмаған кезде, мәлімделген талаптарға сәйкестігі түрғысынан жүргізіледі.

      3. Ерікті сертификаттау жүйесінің жұмыс істеу және қолдану, сондай-ақ тіркелген ерікті сертификаттау жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібін және көрсетілген тізілімде қамтылған мәліметтерді ұсыну тәртібін уәкілетті орган белгілейді.

      4. Ерікті сертификаттау жүйесін заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер немесе бірнеше заңды тұлғалар және (немесе) дара кәсіпкерлер құра алады.

      Ерікті сертификаттау жүйесін құрған тұлға немесе тұлғалар сертификаттауға жататын объектілердің тізбесін және оларға сәйкес ерікті сертификаттау жүзеге асырылатын олардың сипаттамаларын белгілейді, осы ерікті сертификаттау жүйесінің қатысушыларын айқындайды. Ерікті сертификаттау жүйесімен сәйкестік белгісін қолдану көзделуі мүмкін.

      5. Сәйкестікті ерікті түрде растау, егер бұл техникалық регламентте немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген болса, өнімнің сәйкестігін міндетті растауды алмастырмайды.

      6. Сәйкестікті ерікті түрде растауды сәйкестікті растау жөніндегі орган шарттық негізде жүргізеді.

      7. Сәйкестікті ерікті түрде растау рәсімін жүргізу және сәйкестік белгілерін беру тәртібіне қойылатын талаптар ұлттық стандарттарда белгіленеді.

      8. Мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар ұлттық стандарттарға сәйкестігін ерікті түрде растаудан өткен тауарлардың, жұмыстардың, керсетілетін қызметтердің отандық өндірісін дамытуды ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі шараларды іске асырады.

      37-бап. Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау

      Көрсетілетін қызметтердің сәйкестігін растау көрсетілетін қызметтерді қолданыстағы заңнаманың және стандарттау жөніндегі құжаттардың белгіленген талаптарына ерікті сертификаттау арқылы жүргізіледі.

      Сертификаттау кезінде қолданылатын схемаларды өтінім беруші сәйкестікті растау қағидаларында көзделген тәртіппен тұтынушы мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету кезінде көрсетілетін қызметтерді орындау ерекшеліктерін, сынақтар жүргізу мүмкіндігін, дәлелдемелердің талап етілетін деңгейін, өтінім берушінің болуы мүмкін шығындарын ескере отырып айқындайды.

      38-бап. Өнімді сынау

      1. Сынау мақсаттары:

      1) өнім үлгісінің, сәйкестікті бағалаудың өзге де обьектісінің қасиеттерінің сипаттамаларын анықтау;

      2) егер сынақтар сәйкестікті растау шеңберіндегі рәсім болып табылса сәйкестікті растауды жүргізуді қамтамасыз ету;

      3) егср сынақтар сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны болып табылса осы Заңның 4-бабы 1-тармағында керсетілген өзге де мақсаттар болып табылады.

      2. Сынау қағидаттары:

      1) сынақ нәтижелерінің дұрыстығы, сынақтарды жүргізу кезіндегі бейтараптылық;

      2) егер сынақтар сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны болса, осы Заңның 4-бап 2-тармағында көрсетілген өзге де қағидаттар болып табылады.

      3. Сынақтар, егер бұл сәйкестікті сертификаттау немесе декларациялау, кезінде қолданылатын сәйкестікті растау схемасында көзделсе, сәйкестікті растау шеңберіндегі рәсім болып табылады. Сынақтар, егер регламенттерде көзделген болса, сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны болып табылады.

      4. Осы Заңның 43-бабының 3-тармағында айқындалған жағдайды қоспағанда, сынақ зертханасы сынақтарды өтінім берушінің сынақтар жүргізуге берген өтінімі негізінде және сынақтар жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға шарт жасалған жағдайда жүргізеді.

      5. Сынақтарды, егер ол сәйкестікті сертификаттау немесе декларациялау кезінде қолданылатын сәйкестікті растау схемасында көзделген жағдайларда, тиісті аккредиттеу саласындағы аккредиттелген сынақ зертханасы жүргізеді.

      39-бап. Шет мемлекеттсрдің сәйкестікті растау нәтижелерін тану

      1. Шет мемлекеттердің сәйкестік сертификаттары, өнімнің сынақ хаттамалары, сәйкестік белгілері және сәйкестікті растау саласындағы өзге де құжаттар уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен танылады.

      2. Осы баптың ережелері халықаралық мамандандырылған көрме аумағын көрмеден кейін пайдалануға арналған тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтар аумағында жобаларды іске асыруға қатысты шетелдік сәйкестік сертификаттарына, сынақ хаттамаларына, сәйкестік белгілеріне және сәйкестікті растау саласындағы өзге де құжаттарға қолданылмайды.

      4-тарау. Уәкілетті орган жүзеге асыратын техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау

      40-бап. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау мақсаты

      1. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, оның ішінде өсімдіктер жануарлар дүниесі үшін, жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүлкін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, оның ішінде олардың сәйкестікті бағалаудың дұрыстығын қамтамасыз ету, техникалық реттеу объектілерінің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын жағдайларды алып тастау және саудадағы техникалық кедергілерді жою арқылы техникалық реттеу объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының техникалық реттеу, метрология және аккредиттеу саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге бағытталган.

      2. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері:

      1) сәйкестікті растау жөніндегі, аккредиттеу жөніндегі сарапшы- аудиторлар;

      2) аккредиттеу субъектілері;

      3) тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сараптамалық ұйым және сарапшы-аудиторлар;

      4) тауардың шығарылған жері туралы сертификатты беруге және ішкі айналысқа арналған тауардың шығарылған жері туралы сертикафикатты беруге, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау туралы сертификатты беруге уәкілетті ұйым;

      5) сәйкестікті растау, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айкындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын оқу орталықтары;

      6) аккредиттеу жөніндегі орган;

      7) дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, дайындаушылар, импорттаушылар, сатушылар, дайындаушылар уәкілеттік берген тұлғалар;

      8) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және техникалық реттеу объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес пайдалану құқығына ие жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

      3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері және олардың лауазымды адамдары техникалық реттеу саласында, заңнаманың сақталуы үшін бақылау және қадағалау субъектілеріне, техникалық реттеу объектілеріне, сондай-ақ мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық-санитариялық, карантиндік-фитосанитариялық бақылауға және қадағалауға жататын өнімді қоспағанда, айналысқа шығару сатысындағы өнімге қатысты жүзеге асырады.

      4. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау жоспардан тыс тексеру, профилактикалық бақылау және қадағалау нысанында жүзеге асырылады. Бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы жоспардан тыс тексеруді және профилактикалық бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырады. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.

      41-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау және қадағалау

      1. Бақылау және қадағалау субьектісіне бармай профилактикалық бақылау және қадағалау максаттары бұзушылыктардың уақтылы жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылыктарды өз бетінше жою құқығын беру және оған әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

      2. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау және қадағалау әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді зерделеу, талдау салыстыру арқылы, оның ішінде:-

      1) мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері, мемлекеттік және өзге де органдар мен ұйымдар ұсынған;

      2) ақпараттық техникалық реттеу жүйесінен және басқа да ақпарат жүйелерінен алынған;

      3) бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзге ашық көздерден, жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің өтініштерінен алынған мәліметтердің негізінде жүзеге асырылады.

      3. Техникалық реттеу саласындағы қадағалау субъектісіне барлық профилактикалық қадағалау объектісі өнімді айналысқа шығару кезінде техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келетін өнім, ал қадағалау субъектісі өнімге қатысты Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иелену, пайдалану және (немесе) өкім ету құқығы бар тұлға болып табылады. Өзге де техникалық реттеу объектілеріне және бақылау субъектілеріне қатысты профилактикалық бақылау бармай жүргізіледі.

      4. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау және қадағалау қорытындылары бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылыктарды жою тәсілін міндетті түрде түсіндіре отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай, бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс жасалады, сондай-ақ техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу үшін өнімді өткізу сатысында қауіптілік дәрежесі жоғары өнім үлгілеріне іріктеу жүргізілуі мүмкін. Өнімнің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру кезінде техникалық регламенттердің талаптарын бұзу, техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді өткізу, өнімге қатысты сәйкестігін растайтын құжаттардың болмауы осындай іріктеу үшін негіз болып табылады.

      5. Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне жеке өзіне қолын қойдыра отырып немесе жөнелту мен алу фактілерін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.

      Төменде атап көрсетілген тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойған күннен бастап;

      2) пошта арқылы - тапсырыс хатпен;

      3) электрондық тәсілмен - бақылау және қадағалау субъектісіні электрондық мекенжайына уәкілетті орган жіберген күннен бастап тапсырылған болып есептеледі.

      6. Профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне бармай анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным ол тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      7. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсыным табыс етілген күннен кейін күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынымды жіберген органның аумақтық бөлімшесіне қарсылық жіберуге құқылы.

      8. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылауды және қадағалауды жүргізу еселігі - ай сайын 25-інен кешіктірмей, айына бір реттен артык емес.

      9. Бақылау және қадағалау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің мөрімен нөмірленуге, тігілуге және аумақтық бөлімшенің мөрімен бекітілуге тиісті профилактикалық бақылауды және қадағалауды тіркейтін арнайы журналға есепке алуға жатады.

      42-бап. Бақылау және қадағалау субьектісіне бару арқылы өнім үлгілерін іріктеу қажеттілігіне байланысты профилактикалық бақылау және қадағалау

      1. Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу үшін өнімді айналысқа шығару сатысында бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы өнім үлгілерін іріктеу қажеттілігіне байланысты профилактикалық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабына және осы бапқа сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Техникалық реттеу саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау тағайындауға негіз, егер бару өнімнің үлгілерін іріктеу қажеттігіне байланысты болған жағдайда облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас аумақтық мемлекеттік инспекторының немесе оның міндетін атқарушы адамның бақылау және қадағалау субъектісін бармай профилактикалық бақылаудың және қадағалаудың Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзушылыктардың бар екенін куәландыратын нәтижелері бойынша қабылданған шешімі болып табылады.

      Өнімнің үлгілерін іріктеу осы Заңның 43-бабының 2-4-тармақтарында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      3. Бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы осындай профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бұзушылықтар болған жағдайда, егер осы бұзушылық профилактикалық сипатта болып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғамай жойылатын болса, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады

      4. Егер анықталған бұзушылық жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін жағдайда, осы Заңның 44-бабына сәйкес жедел ден қою құқық шектеу шараларын қолдана отырып, өнімді айналысқа шығару бөлігінде оның техникалық регламенттер талаптарына сәйкестігіне техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік қадағалау жүзеге асырылады.

      43-бап. Техникалық реттеу саласындағы өнім үлгілерін іріктеу

      1. Жалпы тәртіп бойынша жүргізілетін техникалық реттеу саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне бару арқылы тәуекел дәрежесі жоғары өнімге қатысты жоспардан тыс тексерулер, профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу кезінде зертханаларда сынақтар жүргізу үшін өнім үлгілерін іріктеу Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 149-бабының тәртібімен жүргізіледі.

      Тәуекел дәрежесі жоғары өнім тізбесін уәкілетті орган бекітеді.

      2. Бақылау және қадағалау жүргізу үшін өнім үлгілерін іріктеу олар сынақ жүргізу мақсатында зертханаларда жүргізіледі, ал іріктеп алынатын үлгілердің санын уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары нормативтік құқықтық актілердің және өнімді сынау әдістеріне арналған Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарының талаптарын ескере отырып, бақылау және қадағалау субъектісі басшысының немесе өкілінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде белгіленген тәртіппен айқындайды және өнімді сатып алу фактісін растайтын құжатпен куәландырады.

      3. Өнім үлгілерін іріктеу зертханаларда тексеру және профилактикалық бақылау және қадағалау максаттары үшін:

      өнім техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарды белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жұмсалған үлгілердің құны және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге арналған шығындарды бюджет қаражаты есебінен жатқыза отырып;

      өнім техникалық регламенттерде, стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, жұмсалған үлгілердің құнын және сынақ (талдау, өлшеу) жүргізуге арналған шығындарды тексерілетін тұлғалардың ессбінен жатқыза отырып, жүзеге асырылады.

      4. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары зертханаларда іріктелген өнім үлгілеріне сынақ жүргізу кезінде қатыса алады және сынақ жүргізетін зертхананың қызметкерлерінен барлық қажетті ақпаратты сұрата алады. Сынақ нәтижелерімен және жүргізілген жұмыстардың сапасымен негізделген түрде келіспеген жағдайда, мұндай лауазымды адамдар сынақ нәтижелерін жоюға құқылы, ал зертхана өз қаражаты есебінен қайта сынақ жүргізуге міндетті.

      5. Егер анықталған бұзушылық жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін жағдайда, осы Заңның 44-бабына сәйкес жедел ден қоюдың құқық шектеу шараларын қолдана отырып, өнімді айналысқа шығару бөлігінде оның техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігіне техникалық peттеу саласындағы мемлекеттік қадағалау жүзеге асырылады.

      44-бап. Өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін айналысқа шығару бөлігінде техникалық реттеу саласында мемлекеттік қадағалау (өнімді алып кою бойынша жедел ден қоюды құқықтық шектеу шаралары)

      1. Жедел ден қоюдың құқық шектеу шаралары деп қоғамдық қауіпті салдарлардың туындауын болдырмау мақсатында бақылау және қадағалау субъектілеріне аумақтық бөлімшенің ықпал ету тәсілдері түсініледі, олардың нәтижелері бойынша қаулы шығарылады.

      Жедел ден қоюдың құқық шектеу шаралары, жеке және заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін бұзушылықтар анықталған жағдайда, жоспардан тыс тексерулерді және қадағалау субъектісіне бару арқылы профилактикалық қадағалауды жүзеге асыру барысында қоғамға қауіпті салдарлардың туындауын болдырмау мақсатында өнімді алып қою арқылы қолданылады.

      Қоғамдық қауіпті салдарға:

      1) өнімге сәйкестікті бағалау рәсімдерін жүзеге асыру кезінде техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған;

      2) өнімге, оның сәйкестігін растайтын құжаттардың болмауы;

      3) өнім үлгілерін сынау нәтижелері бойынша өнімді таңбалауға қойылатын талаптарды қоспағанда, өнімнің техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеуі жағдайлары себеп болады.

      2. Техникалық регламенттер талаптарына сәйкес келмейтін, сәйкестік сертификаты жоқ және (немесе) сәйкестікті бағалау туралы құжат бұзушылықпен берілген, сондай-ақ ішінен үлгілер іріктеп алынған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адам өмірі ме денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздігіне қатер төндіретін өнім сериясы және (немесе) партиясы алып қоюға жатады.

      3. Өнімді алып қою қадағалау субъектісіне міндетті түрде орындалу үшін тапсырылатын өнімді алып қою туралы қаулының негізінде жүзеге асырылады. Өнімді алып қою туралы қаулының нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      Өнімді алып қою туралы қаулыны орындамағаны үшін қадағалау субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.

      4. Алынған өнімді сақтау уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      5. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі үш жұмыс күні ішінде сотқа қадағалау субъектісінен алып қойылған өнімді иелену, пайдалану және (немесе) оған өкімдік ету құқығынан айыру туралы талап қояды.

      Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін және жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздігіне қатер төндіретін өнім шаруашылық және өзге де қызметте қолдануға жатпайды және техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган белгілеген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы ветеринария саласындағы, азаматтық қорғаныс туралы заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып жойылуға тиіс, не кәдеге жаратылады немесе қайта өңделеді, немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс кері әкетіледі.

      45-бап. Техникалық рсттеу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

      1. Мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:

      1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы - уәкілетті орган ведомствосының басшысы;

      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары - уәкілетті органның және уәкілетті орган ведомствосы басшысының орынбасарлары;

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас аумақтық мемлекеттік инспекторлары - аумақтық бөлімшелердің басшылары;

      4) мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі бас аумақтық мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары - аумақтық бөлімшелер басшыларының орынбасарлары және (немесе) олардың кұрылымдык белімшелерінін басшылары;

      5) мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар - аумақтық бөлімшелердің мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі мамандары кіреді.

      2. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар берген (шығарған ұйғарымдар мен қаулылар барлық адамдардың орындауы үшін міндетті.

      46-бап. Техникалық реттеу саласында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері

      1. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген құқықтардан басқа, мыналарға:

      1) өнім үлгілерін іріктеуді жүргізуге:

      2) заңда белгіленген тәртіппен бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруге және өнімді алып қою туралы қаулы шығаруға;

      3) өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес еместігі анықталған жағдайда берілген сәйкестік туралы декларациялар мен сәйкестік сертификаттарын тіркеудің қолданылуын тоқтата тұруға және (немесе) күшін жоюға;

      4) техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналысқа шығаратын тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапқа тартуға;

      5) өнімді сатуға және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайда оны жою жөніндегі комиссияларға қатысуға;

      6) техникалық реттеу объектілерінің техникалық регламенттерге сәйкес келмеуі анықталған жағдайда, техникалық реттеу саласындағы өзге де мемлекеттік органдар алдында өз құзыреті шегінде өмірлік циклдің кез келген сатыларында сәйкес келмеу себептерін тексеру үшін бастама көтеруге;

      7) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда Заңда белгіленген тәртіппен сотқа талап-арыз беруге құқылы.

      2. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген міндеттерден басқа,

      мыналарға:

      1) Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын қолдану жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуге, дайындаушыларды (импорттаушыларды), сатушыларды қолданыстағы техникалық регламенттер туралы хабардар етуге;

      2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;

      3) бақылау және қадағалау субъектісіне тиесілі өнімнің, егер ол жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының қоғамдық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндірсе, айналысқа шығарылуына жол бермесе және жолын кесу жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

      5-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

      47-бап. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жеке және заңды тұлғалардың жауаптылығы

      1. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.

      2. Өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі нәтижесінде жеке тұлғаның өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне не заңды тұлғаның мүлкіне келтірілген зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өтелуге тиіс.

      3. Алып қоюға жататын өнімге сәйкестікті бағалау туралы құжат болған жағдайда техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімге сәйкестікті бағалау туралы құжатты берген аккредиттеу субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.

      48-бап. Өтпелі ережелер және осы Заңды қолданыска енгізу тәртібі

      1. Осы Заңға сәйкес техникалық регламенттер қолданыска енгізілгенге дейін осы Заңның 4-бабын 1-тармағында белгіленген қауіпсіздік мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған ұлттық стандарттардың талаптары Қазақстан Республикасының аумағында міндетті болып табылады.

      2. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      3. "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2004 ж., № 21, 124-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 15, 92-құжат; № 24, 148-құжат; 2008 ж., № 15-16, 60-құжат; 2009 ж., № 17, 80-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 26-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013      ж., № 4, 21-құжат; № 14, 75-құжат; № 15, 81-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат - 2018 ж., № 10, 32-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады