Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 28 қарашада ратификациялаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 40-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы үшінші мерзімді баяндама бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы үшінші мерзімді баяндаманы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына жіберсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 маусымдағы № 416 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні орындауы туралы үшінші мерзімді баяндама
I. Алғысөз
1. Осы баяндама Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің (бұдан әрі – Пакт) 40-бабының 1-тармағына, Пактінің 40-бабына сәйкес қатысушы мемлекет ұсынатын баяндамаға басшылық қағидаттарға (2010 жылғы 22 қарашадағы CCPR/C/2009/1), сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі халықаралық шарттарға қатысушы мемлекеттер ұсынатын баяндамалардың нысаны мен мазмұнына қатысты басшылық қағидаттарға (2009 жылғы 31 маусымдағы HRI/GEN/2/REV.6) сәйкес дайындалды.
2. 2016 жылы соңғы мерзімді баяндаманы қорғаған кезден бастап Қазақстанның ұлттық заңнамасы көптеген өзгерістер мен жетілдірулерден өтті. Осы баяндамада ең маңызды, соның ішінде Пактінің нормалары мен БҰҰ Адам құқықтары комитетінің (бұдан әрі – Комитет) 117-сессиясында берілген қорытынды ұсынымдарын (2016 жылғы 9 тамыздағы CCPR/C/KAZ/CO/2) орындауға бағытталған өзгерістер көрсетілген.
3. Осы баяндаманы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, сондай-ақ азаматтық қоғамның белсенді қатысуымен қалыптастырды және дайындады. Баяндаманы қалыптастыру кезінде альтернативті баяндама, үкіметтік емес ұйымдардың түсініктемелері мен ескертулері де ескерілді.
II. Жалпы мәліметтер
4. Соңғы жылдары Қазақстанда бірқатар негізгі мемлекеттік бағдарламалар ("Қазақстан - 2050" стратегиясы, "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары, "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы, қазақ тілінің әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңмен көшіру) қабылданды, соның негізінде алдыңғы онжылдыққа арналған стратегиялық мақсаттар мен даму бағыттары белгіленді. Осы құжаттарды әзірлеу кезінде халықаралық және ұлттық тәуелсіз сарапшылар тартылып, ауқымды қоғамдық пікірталастар жүрді.
5. 2017 жылы өкілеттіктерді мемлекеттік билік тармақтары арасында қайта бөлу жөніндегі конституциялық реформа жүргізілді, Президенттің өкілеттіктерін беруге байланысты Парламент пен Үкіметтің азаматтар алдындағы рөлі мен жауапкершілігі күшейтілді. Қоғамдық маңызы бар мәселелер бойынша азаматтық қоғамның пікірін білдіру және ескеру мақсатында орталық және жергілікті атқарушы органдар жанынан қоғамдық кеңестер құру арқылы халық пен Үкімет арасында "кері байланыс" тетігі қалыптастырылды. Орталық және жергілікті атқарушы органдар басшыларының, сондай-ақ мемлекеттік университеттер ректорларының халық алдында жыл сайынғы міндетті есеп беруі енгізілді.
6. 2019 жылы биліктің бейбіт және ашық транзиті өтті. Н. Назарбаевтың өз өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты мерзімінен бұрын Президент сайлауы өтті.
7. Жаңадан сайланған Президент Қ. Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында Үкіметке азаматтардың және ҮЕҰ-ның сыны мен сындарлы ұсыныстарына тез арада әрекет ету мақсатында "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасына жедел көшу, халықпен және бизнеспен тиімді коммуникация орнату жөніндегі тапсырманы жария етті.
8. 2018 жылы көп партиялылықты, саяси бәсекелестікті және пікірлер плюрализмін дамыту мақсатында жергілікті өкілді органдар депутаттарын сайлаудың пропорционалды жүйесін енгізуді қоса алғанда, сайлау және жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңдарға түзетулер қабылданды.
9. 2018 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында сайлау процесін жаңғыртуға, негізге алынатын сайлау қағидаттарының, азаматтардың еркін білдіру бостандығының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған өзгерістер енгізілді. Жергілікті атқарушы органдардың, сайлау комиссияларының мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын іске асыру мақсатында жауапкершілігі қарастырылған.
10. 2019 жылғы қыркүйекте Президент зорлық-зомбылық көрсету, адам саудасы және жеке адамға қарсы, әсіресе, балалар мен әйелдерге қарсы басқа да қылмыстар үшін жазаны қатаңдату, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, НҚА жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қайтару, мемлекеттік органдарға қарсы сот дауларында азаматтар үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге арналған әкімшілік әділетті енгізу, азаматтық қоғамды дамытудың және қоғамдық кеңестердің мандатын күшейтудің тұжырымдамасын қабылдау, сондай-ақ митингілер туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде Парламент пен Үкіметтің экономикалық, әлеуметтік сипаттағы шаралар қабылдауын көздейтін Жалпыұлттық жоспарды бекітті.
11. Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құрды, оның мақсаты адам құқықтарын барлық секторда көтермелеу және қорғау, сондай-ақ азаматтық қоғамды өзекті жалпы мемлекеттік міндеттерді талқылауға тарту болып табылады. Кеңес құрамына танымал құқық қорғаушылар, экономистер және басқа да тәуелсіз сарапшылар кірді.
12. 2019 жылғы 22 желтоқсанда Президент ҰҚСК-ның екінші кездесуінің шеңберінде өлім жазасын жоюға бағытталған АСҚХП-ға Екінші факультативтік хаттамаға қол қою рәсіміне кірісуді тапсырды. Қазіргі уақытта тиісті мемлекетішілік жұмыстар жүргізіліп жатыр.
13. Мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ-ның Қазақстан Республикасының адам құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі баяндамаларына ұсынымдар мен үйлестірілген тәсілдерді, сондай-ақ ұлттық заңнамаға адам құқықтары саласындағы шараларды имплементтеу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында Президент Әкімшілігінің жанындағы Үйлестіру кеңесі құрылды. Кеңес өзекті мәселелерді талқылау алаңы ретінде қызмет етеді, сондай-ақ адам құқықтары мәселелері бойынша сындарлы өзара әрекет етуге жәрдемдеседі. Кеңес құрамына министрліктердің бірінші басшылары, АҚУ, БҚУ, сондай-ақ құқық қорғаушы ҮЕҰ-ның 14 басшысы кірді.
14. 2030 жылға дейін тұрақты даму саласында Күн тәртібі қабылданған кезден бастап білім беру, кәсіпкерлік, қаржы құралдарына қолжетімділікті кеңейту, кедейлікті азайту және сот жүйесін жаңғырту мәселелерінде ілгерілеуге қол жеткізілді. ТДМ индикаторлары мен көрсеткіштерінің 79,9 %-і ұлттық стратегиялық жоспарлауға енгізілді.
15. 2016 жылдан бастап ТДМ-ның іске асырылуын бақылау мақсатында Премьер-Министр орынбасарының басшылығымен Үйлестіру кеңесі жұмыс істейді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ-ның және халықаралық ұйымдардың өкілдері кіреді.
16. Қазақстан терроризмге қарсы күреске жоғары бейілділігін сақтай отырып, Терроризмнен азат әлемге қол жеткізудің жүріс-тұрыс кодексін қабылдау жөніндегі бастаманы қолдағаны үшін БҰҰ-ға мүше мемлекеттер мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне алғыс білдіреді. Қазақстан осы саясатты жалғастыра отырып, "Жусан" және "Русафа" гуманитарлық операциялары шеңберінде Сирия және Ирактан қазақстандық әйелдер мен балаларды қайтару үшін пәрменді шаралар қабылдады. Осы гуманитарлық операция терроризм актілері үшін кінәсі сот тәртібімен дәлелденген азаматтардың да адам құқықтарын сақтай отырып, өз азаматтарымызға, олардың өмір сүру және бейбітшілікке құқығына, отанына оралуына қатысты алаңдаушылығымызды айқын көрсетеді.
17. Қазақстан Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі ЕК-тің конвенциясына (Ыстамбұл конвенциясы) қосылуға шешім қабылдады, ол тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, құрбандарды қорғауға және кінәлі адамдарды соттық қудалауға, сондай-ақ әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықпен күресудің жан-жақты құқықтық негізі мен тәсілдерін жасауға бағытталған.
III. Пактінің жекелеген баптары және Адам құқықтары жөніндегі комитеттің
Қорытынды ескертулері бойынша ақпарат
Пактінің 1-бабы бойынша
1. Барлық халықтар өзiнiң мемлекеттік құрылысын өздерi шешуге құқылы. Осы құқық бойынша олар өз елiнiң саяси мәртебесiн еркiн белгiлеп, оның экономикалық, әлеуметтiк және мәдени дамуын еркiн түрде қамтамасыз етедi.
2. Барлық халықтар алдарына қойған мақсат-мұраттарына жету жолында халықаралық экономикалық ынтымақтастықтан туындайтын, өзара тиiмдiлiк қағидаттары мен халықаралық құқыққа негiзделген қандай да болсын мiндеттемелерге нұқсан келтiрместен, өз елiнiң табиғи байлықтары мен ресурстарын еркiн игере алады. Бiрде-бір халықты меншiгіндегі тiршiлiк етуге қажеттi заттардан еш уақытта айыруға болмайды.
3. Осы Пактiге қатысушы мемлекеттердiң бәрi, соның iшiнде өзiн-өзi басқарушы емес және қамқорлығындағы аумақтарды басқаруда жауапты мемлекеттер де, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының ережелерiне сәйкес, мемлекеттік құрылысын өзi шешу құқығын жүзеге асыруын көтермелеуге және ондай құқықты құрметтеуге тиiс.
18. Конституцияның 6-бабына сәйкес ҚР-да мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді.
19. Жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Жер, сондай-ақ заңда белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде жеке меншікте де болуы мүмкін.
20. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Заңмен көзделген ерекше жағдайларда мемлекет мұқтажы үшін мүліктен күштеп айыру оның құны тең бағамен өтелген кезде жүргізілуі мүмкін.
21. ҚР егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Пактінің 2, 26-баптары және Қорытынды ескертулердің 10-тармағы бойынша
1. Осы Пактiге қатысушы әрбір мемлекет, осы Пактiде танылған құқықтарды өзiнiң аумағының шегiнде және юрисдикциясына қарасты аумақта тұратын барлық жұртты нәсiлiне, түр-түсiне, жынысына, тіліне, дiнiне, саяси, немесе басқа да наным-сенімiне, ұлттық немесе әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жай-күйiне, туу немесе өзге де жағдаяттарына қарамастан, еш алаламай аталған құқықтарды құрметтеуге және қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
2. Мұндай мiндеттер қолданыстағы заң жүзiнде, немесе басқа шаралар түрiнде ескерiлмеген жағдайда, осы Пактiге қатысушы әрбір Мемлекет, өзiнiң конституциялық процедуралары мен осы Пактiнiң ережелерiне сәйкес, осы Пактiде танылған құқықтарды жүзеге асыру үшiн қажет болатын заң шығару немесе басқа да шараларды қабылдау үшiн қажеттi шаралар қабылдауға мiндеттенедi.
3. Осы Пактiге қатысушы әрбір Мемлекет:
а) осы Пактiде танылған құқықтары мен бостандықтары бұзылған кез-келген адамға, олардың құқықтары мен бостандықтарын ресми тұлғалар бұзған күннiң өзiнде де, тиiмдi құқықтық қорғау амалын қамтамасыз етуге;
б) құқығын қорғауды талап еткен кез келген адамның құқықтық қорғау құқығы мемлекеттік құқықтық жүйесiмен көзделген құзыреттi сот, әкiмшілік, заң шығару билiктерi немесе басқа құзыреттi орган арқылы белгiленуiн және сот арқылы қорғалу мүмкiндiгінiң дамуын қамтамасыз етуге;
с) құқықтық қорғау құралдары берiлген күнде, оларды құзыреттi өкiмет орындарының пайдаланып қолдануларын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
Барлық адамдар заң алдында тең және қандай да болсын кемсiтуге ұшырамай, заңмен тең қорғалуға құқылы. Бұл орайда кемсiтудiң қандай түрiне болса да, заң тұрғысынан тыйым салынады және заңда барлық адамдар, қандай да бір белгiсiне, нәсiлiне, түр-түсiне, жынысына, тіліне, дiнiне, саяси және басқа да наным-сенімдерiне, ұлттық және әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жағдайына, туу және басқа жағдаяттарына қарамастан кемсiтуден тең және тиiмдi түрде қорғалатынына кепiлдiк берiлуi тиiс.
22. Конституция кемсітушіліктің кез келген көрінісінен қорғаудың кепілдіктерін бекітеді. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
23. Қазақстан Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы БҰҰ конвенциясын ратификациялады. "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы" Заңда "жыныстық белгісі бойынша кемсітушілік" ұғымы "жыныстық белгісі бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарын кез келген шектеу немесе оларға қысым жасау, сондай-ақ оның қадір-қасиетін түсіру" деп анықталған.
24. 2016 жылы Білім беру саласындағы кемсітушілікке қарсы күрес туралы конвенция ратификацияланды. Барлығына толық теңдік негізінде сапалы білім алуға қолжетімділігі білім берудің барлық деңгейінде іске асырылады.
25. ҚР ҚПК қылмыстық іс жүргізуде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген мән-жайлар бойынша кемсітушілікке тыйым салуды бекітеді. ҚР ҚК-ның 145-бабында жоғарыда көрсетілген себептер бойынша адамның құқықтары мен бостандықтарын тікелей немесе жанама шектегені үшін қылмыстық жауаптылык көзделген.
26. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" заңға сәйкес мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде шығу тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітушілікке жол берiлмейдi.
27. 2019 жылы ҚР АҚДМ гранттық қаржыландыру шеңберінде "Eurasian Expert Council" қоғамдық қорымен бірлесіп, халықтың, әсіресе, өмірлік қиын жағдайдағы адамдардың құқықтық білім деңгейін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесін құруға бағытталған "Құқық қорғаушы" жобасын іске асырды.
28. Халықтың әлеуметтік осал топтарын заң көмегімен толық қамту мақсатында "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Заңда адвокаттар мен заң консультанттарының кешенді әлеуметтік заң көмегін көрсетуі көзделген. КӘЗК клиентті өтініш жасаған кезінен бастап құқықтық жағдай шешілгенге дейін толық қолдап отырып, өтеусіз негізде көрсетіледі.
29. КӘЗК "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңға сәйкес өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға; АӘК-ке құқығы бар адамдарға; ҰОС қатысушыларына және оларға теңестірілген адамдарға; I және II топтардағы мүгедектерге; жасына байланысты зейнеткерлерге; қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар мен мүгедектерге; қиын әлеуметтік және қаржылық жағдайда жүрген өзге де адамдарға көрсетіледі.
30. Мемлекет кепілдік берген заң көмегі институты азаматтардың заң мен сот алдындағы теңдігі қағидатын қамтамасыз етудің кепілі болып табылады. МКБЗК қылмыстық істер бойынша іс жүзінде кез келген адамға көрсетіледі, бірақ азаматтық және әкімшілік істерде шектелген.
31. МКБЗК ҰОС қатысушылары және оларға теңестірілген адамдар; мерзімді қызмет әскери қызметшісі; I және II топтардағы мүгедектер; жасына байланысты зейнеткерлер, егер дау кәсіпкерлікпен байланысты болмаса; алименттер өндіріп алу, зейнетақы мен жәрдемақылар тағайындау, ақтау, босқын немесе оралман мәртебесін алу мәселелері бойынша жеке тұлғалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған кәмелетке толмағандар сияқты азаматтардың әлеуметтік тұрғыдан осал санаттарына көрсетіледі.
32. Жыл сайын МКБЗК алған азаматтардың саны артып келеді. 2015 - 2019 жылдар аралығында 800 мыңнан астам азаматқа МКБЗК көрсетілді. Жыл сайын МКБЗК көрсету үшін бюджеттен 1,5 миллиардтан астам теңге бөлінеді.
Қорытынды ескертулердің 10-тармағы
Қатысушы мемлекет өзінің кемсітушілкке қарсы заңнамасында: а) сексуалды бағдарлық және гендерлік сәйкестілік кемсітушілікке тыйым салынған негіздер ретінде тікелей көрсетілуін; b) кемсітушіліктің кез-келген нысанынан, соның ішінде жеке өмір саласында барабар және тиімді қорғау көзделуін; c) Пактінің ережелеріне және адам құқықтары саласындағы басқа да халықаралық нормаларға сәйкес тікелей, жанама және көп мәрте кемсітушілікке тыйым салынуын; және d) кемсітушілік құрбандарының құқықтық қорғаудың тиімді және тиісті құралдарына қол жеткізуінің көзделуін қамтамасыз етуі керек. Қатысушы мемлекет, сондай-ақ адамдарға қатысты кемсітушіліктің немесе зорлық-зомбылықтың кез келген нысанына олардың сексуалды бағдарлық немесе гендерлік сәйкестілік белгісі бойынша мүлдем төзуге болмайтын қатынастың болуын және осындай жағдайларда тиісті түрде тергеу жүргізілуін, ал кінәлі адамдардың жауапқтылыққа тартылуын қамтамасыз етуі керек. Ол Пактінің ережелеріне үйлесімділігін қамтамасыз ету мақсатында жынысты түзету және өзгерту бойынша хирургиялық операцияларды жүргізуге қатысты рәсімдерді қайта қарастыруы керек.
33. 2016 жылы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы қабылданды, онда көрсетілген салалардағы міндеттерді шешуге және іс-шараларды іске асыруға бағытталған ауқымды кешенді шаралар қарастырылған. Тұжырымдама ТДМ, ЭЫДҰ ұсынымдарын орындауға, ерлер мен әйелдердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жөніндегі нақты мақсатты индикаторларға қол жеткізуге, жыныстық белгі бойынша кемсітушіліктің барлық нысанын еңсеруге бағытталған.
34. Тұжырымдама ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдардың белсенді қатысуымен үш кезеңде іске асырылады. 1 кезең (2017 – 2019 жж.) аяқталды, оның шеңберінде саясатты іске асыруды үйлестіру тетігі әзірленді, әйелдердің барлық салаларда өкілдік етуі ұлғайды, ауыл әйелдеріне мемлекеттік қолдау шаралары кеңейтілді.
35. ҚР ҰЭМ ҰКП-мен бірге жыл сайын Ауыл әйелдерінің форумын өткізеді. Сонымен қатар, "Бизнес-Бастау" жобасы аясында шағын және орта бизнесті қолдау үшін гранттар жүзеге асырылуда.
36. Тұжырымдаманың екінші кезеңін (2020 – 2022 жж.) іске асыру басталды. Үкімет тиісті іс-шаралар жоспарын қабылдады
37. "Кейбір заңнамалық актілерге отбасылық және гендерлік саясат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы әзірленді. Онда "гендер", "гендерлік теңдік" анықтамаларын "жыныс белгісі бойынша тең құқықтық" анықтамасына ауыстыруға бағытталған түзетулер қамтылған.
38. Атап айтқанда, заң жобасында ер және әйел жынысты жұмысшыларға өздерінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең жағдайлар мен қолжетімділікті қамтамасыз етуге; ерлер мен әйелдердің, соның ішінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген индикаторларға қол жеткізу арқылы квазимемлекеттік сектордағы басшылық ету мен басқаруға тең қолжетімділігіне; мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі тармақтарында және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ерлер мен әйелдердің тең құқықтық қағидатының сақталуына қатысты түзетулер қамтылған.
39. Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия әйелдердің жағдайын жақсарту, отбасын қорғау, әйелдердің елдің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріне қатысуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында белсенді жұмыс жүргізуде.
40. 2020 жылғы 25 мамырда Президент "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңға және "Саяси партиялар туралы" Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды. Бұл заңдар партиялық тізімдерге әйелдер мен жастарға 30 % квота енгізуді, сондай-ақ саяси партиялар құруға тіркеу кедергісін 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендетуді қарастырады.
41. Әйелдердің саясатта өкілдік етуінің біршама ілгерілеуіне қол жеткізілді. Парламентарий-әйелдер – депутаттардың жалпы санының 23 %-ін, ал Парламенттің төменгі палатасында – 27 %-ін құрайды. Жергілікті өкілді органдарда әйелдер саны – 22 %-ті құрайды, ал алты өңірде 30 % шекті деңгейге жетті.
42. Жекелеген партиялардың құжаттарында гендерлік "квоталар" ("Nur Otan", ЖСДП, ҚКХП) белгіленген, ондағы әйелдердің үлесі 33 %-тен 57 % -ке дейін құрайды.
43. Мемлекеттік қызметте шамамен 55,7 % әйелдер жұмыс істейді, соның ішінде 40,2 % – басшылық лауазымдарда. Судья-әйелдер саны – 51 %-ті құрайды. Қазақстанның ЮНЕСКО, ШЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдардағы өкілдігінде әйелдер бар. Алғаш рет 5 елші әйел және БҰҰ жанындағы 1 Тұрақты өкіл тағайындалды. Әскери қызметші әйелдер БҰҰ-ның әртүрлі бітімгершілік миссияларында Қарулы Күштердің мүдделерін лайықты түрде білдіреді.
44. Бүгінгі таңда 22 мың ҮЕҰ-ның 37 %-ін (8220) әйелдер басқарады, олардың 500-ге жуығы отбасы және гендерлік саясат мәселелерімен айналысады.
Пактінің 3, 25-баптары және Қорытынды ескертулердің 12-тармағы бойынша
3-бап
Осы Пактiге қатысушы мемлекеттер, осы Пактiде көзделген барлық азаматтық және саяси құқықтарды пайдалану құқығы ерлер мен әйелдерге тең болуын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
45. Конституцияға сәйкес әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы. Бұл құқықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс.
46. Сот төрелігі заң мен сот алдындағы теңдік жағдайында жүзеге асырылады. Қылмыстық, азаматтық немесе әкімшілік сот ісін жүргізу барысында ешкімді де қандай да бір кемсітушілікке ұшыратуға болмайды. Тең құқықтықты бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделген.
47. "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы" Заңда "тең құқықтар" түсінігі белгіленген. Жынысы, жыныстық көзқарасы белгісі бойынша және гендерлік сәйкестілігі бойынша кемсітушілік жағдайларында шағымдарды беру және қарау тетігін жасау үшін шаралар қабылданды.
Әрбір азамат 2-бапта айтылған қандай да болсын кемсiтушiлiкке және негiзсіз шектеуге ұшырамай:
а) тiкелей өзi, сондай-ақ ерiктi түрде сайланған өкiлдерi арқылы, мемлекет iсiн жүргiзуге қатысу;
b) сайлаушылардың еркiн бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн жасырын дауыс беру жолымен жалпыға бірдей және тең сайлау құқығы негiзiнде өткiзiлетiн шынайы мерзiмдi сайлауда дауыс беру және өзi сайлану;
с) жалпыға бірдей теңдiк шарты бойынша өз елiнде мемлекеттік қызметке орналаса алу құқығы мен мүмкіндігiне ие болуы тиiс.
48. Мемлекет ісін басқаруға қатысу, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау және оларға сайлану, сондай-ақ республикалық референдумға қатысу құқығы Конституцияның 33-бабында бекітілген.
49. Сайлау негізінде Мемлекет басшысы, Парламент және мәслихат депутаттары сайланады. Президент, Парламент Мәжiлiсiнiң және мәслихаттар депутаттарын сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiледi. Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы өткiзiледi.
50. Азаматтардың сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
51. Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа жеткен азаматтары тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, белсенді сайлау құқығына ие.
52. Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалардан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады.
53. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Мәжілістің тоқсан сегіз депутаты жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша, саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша сайланады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.
54. Конституцияда Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік қызметке кіруге тең құқығы бар екендігі де белгіленген. Мемлекеттік қызметші лауазымына кандидатқа қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді.
55. "Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы" Заңда ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттеріне және кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз ету белгіленген.
56. "Ашық үкімет" интернет-порталы жұмыс істейді, оның мақсаттарының бірі азаматтардың мемлекетті басқарудағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту болып табылады. Портал арқылы азаматтар құжаттың соңғы редакциясына ықпал ете отырып, мемлекеттік органдар әзірлеген бюджеттік бағдарламалардың жобалары, сондай-ақ НҚА жобалары бойынша өз пікірін білдіре алады.
Қорытынды ескертулердің 12-тармағы
Қатысушы мемлекет әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың барлық нысандарының алдын алу және оған қарсы күрес бойынша, соның ішінде:
а) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жол берілмейтіндігі мен кесірлі салдары туралы хабардар болу деңгейін арттыруды қоса алғанда, алдын алу шараларын күшейту;
b) әйелдерді осындай жағдайлар туралы хабарлауға, атап айтқанда әйелдерге өздерінің құқықтары мен өздері солардың көмегімен қорғау ала алатын бар құқықтық құралдар туралы жүйелі түрде хабардар ету арқылы ынталандыру;
с) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесімен айналысатын арнайы бөлімшелердің кадрлық және қаржылық әлеуетін нығайту және құқық қорғау және сот органдары қызметкерлерінің, әлеуметтік және медицина жұмыскерлерінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын қалай анықтау және оларға қалай әрекет ету керектігіне тиісті түрде үйренуін қамтамасыз ету;
d) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық, соның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық актілерін, іс жүргізуі мен қудалау жәбірленушінің шағымына, сондай-ақ тараптардың татуласуы бойынша қылмыстық іс жүргізуді тоқтатуға жол беретін ережелерді жоюға қарамастан жүзеге асырылатын, жариялы қудалау істері санатына жатқызу;
e) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың барлық жағдайларының уақытылы және жете тергелуін, кінәлі адамдардың жауапқа тартылуын және жәбірленушілердің құқықтық қорғау құралдарына, соның ішінде бүкіл ел бойынша қауіпсіз және соған сәйкес қаржыландырылатын баспаналар/дағдарыс орталықтары мен тиісті қосымша қызметтердің жеткілікті санын қоса алғанда, қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы өз күш-жігерін екі еселеу керек
57. Қазақстан – посткеңестік кеңістіктегі ПД-да әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі бөлімшелері әрекет ететін жалғыз ғана ел болып табылады. Олардың қызметкерлері әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі полиция органдары қызметтерінің қызметін үйлестіруді жүзеге асырады, зорлық-зомбылық құрбандарын қабылдауды жүзеге асырады және оларды қорғау бойынша шаралар қабылдайды.
58. 2017 жылдан бастап сот тәртібімен отбасылық бұзақыларға ерекше талаптар белгілеу шеңберінде 3 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге алкоголь ішімдіктерін, есірткі және психотроптық заттарды пайдалануға тыйым салу белгіленген.
59. 2019 жылы полиция органдары 73 мыңнан астам қорғау нұсқамаларын шығарған (2018 жылы – 64 мың, 2017 жылы – 61 мың, 2016 жылы – 64 мың) және 7,7 мыңнан астам құқық бұзушылардың мінез-құлқына ерекше талаптар белгіледі (2018 жылы – 6,6 мың, 2016-2017 жылдары – 6 мың). Жыл сайын 10 мыңнан астам әйелге консультативтік көмек көрсетіледі, оның ішінде 8 мыңнан астамы дағдарыс орталықтарының пана үйлеріне жолданады.
60. 2019 жылғы 2 қыркүйекте Президент Парламент пен Үкіметке сексуалдық зорлық-зомбылық, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға қарсы басқа да қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуды тапсырды. Айталық, 2019 жылы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстар үшін жауаптылықты қатаңдататын заң қабылданды. Аталған заң отбасылық-тұрмыстық әкімшілік құқық бұзушылықтардың неғұрлым кең тараған түрлері бойынша санкцияларды күшейтуге (ӘҚБтК-нің 73-бабы бойынша әкімшілік қамауға алу мерзімі 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін ұлғайтылды), денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені және тұрмыс саласында ұрып-соғу үшін жауаптылықты бөлуге, сондай-ақ жазаның тиімсіз шарасы ретінде тиісті баптардың санкцияларынан айыппұлдарды алып тастауға бағытталған.
61. Заңда тараптардың татуласуы туралы шешімдер қабылдау және құқық бұзушының жүріс-тұрысына ерекше талаптар белгілеу, сондай-ақ осындай талаптарды бұзғаны үшін жауаптылықты енгізу бойынша соттың өкілеттігі кеңейтілді.
62. Заңмен кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қатаңдатылды. Зорлау және сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері ауыр қылмыстар санатына ауыстырылды, бұл қылмыскерге жәбірленушімен татуласуға мүмкіндік бермейді. Көрсетілген іс-әрекеттерді жасағаны үшін 5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген (бұрын – 3-тен 5 жылға дейін).
63. Адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде, адамдар тобымен, оның ішінде өлтірумен қорқыта отырып, осы қылмыстарды бірнеше рет жасағаны үшін 9-дан 12 жылға дейін (бұрын – 5-тен - 10 жылға дейін) бас бостандығынан айыру түрінде санкция артқан.
64. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері және жас балаларды зорлағаны үшін бас бостандығынан айыру 20 жыл не өмір бойына бас бостандығынан айыруды көздейді (бұрын – 17-ден 20 жылға дейін не өмір бойына бас бостандығынан айыру). Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстарды жасырған адамдарға 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген (бұрын егер әрекет ауыр қылмысқа жатпаса жауапкершілік көзделмеген).
65. 2019 жылы зорлық-зомбылық әрекеттермен жәбір көрсетуге байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар (ҚР ҚК-нің 110-бабы "Қинау") жекеше айыптау істері санатынан жекеше-жариялы айыптау саласына ауыстырылды. Бұл өзгеріс мемлекеттің сотта зорлық-зомбылық құрбандарының мүдделерін, егер олар өз құқықтарын сотта іске асыра алмаған, сондай-ақ іс жүргізуді бастай алмаған жағдайда білдіруіне мүмкіндік береді.
66. Елімізде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған
41 дағдарыс орталығы жұмыс істейді, онда 400-ге жуық психолог, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер қызмет етеді. Дағдарыс орталықтарында зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге баспана берумен қатар, құқықтық, медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіледі, тренингтер мен консультациялар өткізіледі.
67. Жыл сайын сенім телефондарына үйдегі зорлық-зомбылық құрбандарынан 20 мыңнан астам қоңыраулар келіп түседі. Әлеуметтік, психологиялық және құқықтық көмек 20 мыңнан астам әйелге көрсетілген. 2019 жылы 2,2 мыңнан астам үйдегі зорлық-зомбылық құрбандары дағдарыс орталықтарының пана үйлеріне орналастырылған (2018 жылы – 2,1 мың, 2017 жылы – 1,5 мың, 2016 жылы – 938).
68. Соттар судьялар, сот қызметкерлері мен халық арасында адам құқықтары саласындағы хабардарлық деңгейін арттыру, азаматтардың өз құқықтарының бұзылуына қарсы күрес рәсімдері мен құралдарын қолдану мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. ҚР ЖС интернет-ресурсында "Әйелдерге арналған құқықтық көмек" бөлімі бар, онда әйелдерге қатысты кемсітушілікті жоюға қатысты НҚА, сот практикасы және пайдалы сілтемелер орналастырылған.
69. Халықтың бала құқықтары туралы хабардарлығын арттыру үшін білім беру мекемелері БАҚ-та балаларға қатыгездікпен қарау жағдайында көмек көрсететін сенім телефондары мен қызметтері туралы ақпаратты орналастырады.
70. 2019 жылы ҚР АҚДМ гранттық қаржыландыру шеңберінде "Қазақстан дағдарыс орталықтарының одағы" заңды тұлғалар бірлестігі пилоттық режимде отбасылық соттар жанындағы "Бақытты отбасы" отбасын ресурстық қолдау 12 орталықтың (Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларындағы екі орталық, Алматыдағы үш орталық, сондай-ақ Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында) қызметін ұйымдастырды. Жоба ажырасу деңгейін төмендету мақсатында ажырасуға бастамашылық еткен ерлі-зайыптыларға татуласу үшін берілген уақыт бойы психологиялық көмек көрсетуге бағытталған.
71. 2019 жылғы маусымнан қараша айларына дейін орталықтарға 2750 өтініш, соның ішінде неке бұзу процестері бойынша 2030 өтініш келіп түсті. Өтініш білдіргендердің жасы – 20-77 жас аралығындағы адамдар. Консультациялар алғаннан кейін 774 адам татуласуға дайын болды.
72. 2018 жылы әртүрлі профильдегі мамандардың сапалы қызметтер көрсетуі шеңберінде ӘЖжҰРО құрды, оның жұмысы кадрлар дайындау жүйесін жетілдіруге, әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби стандарттарын әзірлеуге және олардың біліктілігін бағалаудың тәуелсіз жүйесін енгізуге бағытталған.
73. Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспардың тармақтарын орындау шеңберінде қазіргі таңда "Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жұмыскердің әлеуметтік мәртебесі туралы" Заң жобасының тұжырымдамасы әзірленуде (орындау мерзімі – 2021 жыл).
74. Президенттің тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап ЕТЖ 1,5 есеге 42,5 мың теңгеге дейін артты. Бұл – арнайы орта білімі бар, санаты жоқ және жұмыс өтілі аз бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ 1-ден 4-ке дейінгі разрядты жұмысшылар.
75. 2019 жылдың 1 маусымынан бастап денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы салаларында жұмыс істейтін азаматтық қызметшілердің және басқа да азаматтық қызметшілердің 1 миллионнан астамының жалақысы 30 % -ке дейін өсті.
76. Жоғары білікті жұмысшылардың әлеуметтік жұмысқа ынтасын арттыру және кадрлардың тұрақтамауын болдырмау мақсатында 2020 жылдан бастап жұмыстың күрделілігі мен жоғары қауырттығы үшін халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлеріне 15-тен 60 % -ке дейінгі мөлшерде қосымша ақы төлеу белгіленді.
77. 2018 жылғы қыркүйектен бастап ҚР ЖС кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттарда, сондай-ақ баланың мүдделерін қозғайтын азаматтық істерді қарайтын соттарда сыналатын "Отбасы соты" пилоттық жобасын іске асырып жатыр. Жобаға 89 аудандық сот, мемлекеттік органдар, әкімдіктер және қоғамдық институттар қатыстырылды.
78. Судьялар психологтармен, наркологтармен, медиаторлармен, адвокаттармен бірлесіп жанжалдарды сотқа дейінгі шешу, отбасылық құндылықтарды өзектендіру, балаға мейірімді әділ сот құру бойынша іс-әрекеттер алгоритмін пысықтап жатыр. Жоба аясында қаралған 42 мың істің 9,4 мыңы татуласумен тоқтатылды. Осылайша, судьялардың, психологтардың, медиаторлардың және т.б. бірлескен жұмысының арқасында соттасудан 22 % бас тартты.
Пактінің 4-бабы бойынша
1. Мемлекеттегi төтенше жағдай ұлт өмiрiне қауiп төндiрген күнде, және ол ресми түрде жарияланған болса, осы Пактiге қатысушы мемлекеттер осы Пактi бойынша өз мiндеттерiнен жалтару шараларын қиын жағдайдың шиеленiсi талап ететiн дәрежеде ғана және бұл шаралар халықаралық құқық бойынша басқа да мiндеттемелерiне қайшы келмейтiн жағдайда және нәсiлге, түр-түске, жынысқа, тiлге, дiнге немесе әлеуметтiк текке негiзделген кемсiтуге әкелiп соқпайтын жағдайда ғана қолдана алады.
2. Бұл ереже 6, 7, 8 (1, 2-тармақтар), 11, 15, 16 және 18-баптардан қандай да бір жалтаруға негiз бола алмайды.
3. Жалтару құқығын пайдаланып отырған осы Пактіге қатысушы кез келген мемлекет, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы арқылы, осы Пактiге қатысушы басқа мемлекеттердi қандай ережелерден жалтарғанын және мұндай шешiм қабылдауға мәжбүр еткен себептердi айтып, дереу хабардар етуге тиiс. Сонымен қатар, сол дәнекер арқылы, жалтару құқығының пайдалану мерзiмi қай уақытта аяқталатыны да хабарлануы тиiс.
79. "Төтенше жағдай туралы" Заңның 4-бабына сәйкес ТЖ Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, тәуелсiздiгi мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, оның азаматтарының қауiпсiздiгiне елеулi және тiкелей қауiп төнген және мемлекеттiң конституциялық органдарының қалыпты жұмыс iстеуi бұзылған жағдайда енгiзiледi.
80. "Ұлттық қауіпсіздік туралы" Заңның 17-бабына сәйкес Қазақстан заңнама мен халықаралық шарттарға сәйкес өз аумағында әрбiр адамның және азаматтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Мемлекет Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жүрген азаматтарын қорғауға және оларға қамқорлық жасауға кепiлдiк бередi.
81. Ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету кезінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары тек заңдармен және конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті сақтауды, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында қаншалықты қажет болса, соншалықты ғана шектелуі мүмкін. Бұл ретте аталған адамдар заңнамада белгiленген тәртiппен тиісті мемлекеттік органдардан өз құқықтары мен бостандықтарының шектелуi жөнiнде түсiніктер алуға құқылы.
Пактінің 5-бабы бойынша
1. Осы Пактiдегi ешбір қағида, қайсыбір мемлекетке, қайсыбір топқа, немесе қайсыбір адамға аталған Пактiде танылған кез-келген құқықтар мен бостандықтарды жоюға, немесе оларды осы Пактiде көзделген дәрежеден тыс шектеуге бағытталған қандай да бір жұмыспен айналысуға немесе қандай да бір iс-әрекет жасауға құқық бередi деп пайымдалуы тиiс емес.
2. Осы Пактiде танылған немесе осы Пактiге қатысушы қайсыбір мемлекетте заң, конвенция, ереже, немесе әдет-ғұрып жүзіндегі қандай да бір негiзгi адам құқықтарын осы Пактiде танылмайды немесе, танылған күнде де, кем ауқымда танылады деген сылтаумен ешқандай шектеуге немесе кемсiтуге жол берiлмейдi.
82. Конституцияға сәйкес адамның құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.
83. Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады. Саяси себептер бойынша азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қандай да бір түрде шектеуге жол берілмейді. Конституцияның 10-11, 13-15-баптарында, 16-бабының 1-тармағында, 17, 19, 22-баптарында, 26-бабының 2-тармағында көзделген құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуге тиіс.
Пактінің 6-бабы және Қорытынды ескертулердің 16-тармағы бойынша
1. Өмiр сүру құқығы – әрбір адамның ажырамас құқығы болып табылады. Бұл құқық заңмен қорғалады. Ешкiмнiң де өмiрi ерiксіз қиылуға тиiс емес.
2. Өлiм жазасы жойылмаған елдерде, өлiм жазасы тек қана айрықша ауыр қылмыс жасағаны үшiн, қылмыс жасалған уақытта қолданыста болған заңға сәйкес және осы Пактiнiң, сондай-ақ Геноцид қылмыстарының алдын алу және жазалау туралы конвенцияның қаулыларына қайшы келмеген жағдайда ғана, ең ауыр жаза ретiнде берiледi. Бұл жаза тек қана құзыреттi сот шығарған ақтық үкiмдi орындау үшiн ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Өлiм жазасы геноцид қылмыстары үшiн берiлген болса, онда осы баптағы ешбір қағида осы Пактiге қатысушы мемлекеттерге Геноцид қылмыстарының алдын алу және жазалау туралы конвенцияның қаулылары бойынша қабылдаған кез келген мiндеттемелерiнен қайсы бір жолдармен жалтару құқығын бермейтiндiгiн ескеру керек.
4. Өлiм жазасына кесiлген әрбір адамның кешiрiм берудi немесе шығарылған үкiмдi жеңiлдетудi сұрап арыздануға хақысы бар. Барлық жағдайда да рақымшылдық, кешiрiм беру немесе өлiм жазасы туралы шығарылған үкiм ауыстырылып берiлуi мүмкiн.
5. Он сегiз жасқа толмаған адамдар жасаған қылмыстары үшiн өлiм жазасына кесiлмейдi және де өлiм жазасына кесiлген әйелдiң аяғы ауыр болса, өлiм жазасы жүзеге асырылмайды.
6. Осы баптағы ешбір қағида осы Пактiге қатысушы қайсыбір мемлекеттер үшiн өлiм жазасын жою мәселесiн болдырмауға, немесе өлiм жазасын жоюды кейiнге қалдыруға негiз бола алмайды.
Қорытынды ескертулердің 16-тармағы
Қатысушы мемлекет өлім жазасына мораторийді сақтап, өлім жазасына жазаланатын қылмыстардың тізбесін, онда ең ауыр қылмыстар ғана қалатындай етіп қайта қарауы керек. Оған сондай-ақ өлім жазасын заңнамалық тәртіппен жою және өлім жазасын жоюға бағытталған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге екінші Факультативтік хаттаманы ратификациялау мүмкіндігін тиісті түрде қарастыру қажет.
84. Конституцияның 15-бабына сәйкес әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға құқығы жоқ. Өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету құқығы бар.
85. 2003 жылы Президент өлім жазасын орындауға мерзімсіз мораторий жариялады. Қазіргі уақытта мораторий сақталады.
86. 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексімен салыстырғанда (19 қылмыс құрамы) қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жасағаны үшін өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыстардың тізбесі 2 құрамға қысқартылған: бұл әскери қылмыстар бойынша құрамдар – билікті теріс пайдалану және соғыс уақытында билікті асыра пайдалану.
87. Өлім жазасы тағайындалмайтын ерлердің жасы 63 жасқа дейін төмендетілді (бұрын – 65 жас), сондай-ақ өлім жазасы кешірім жасау тәртібімен белгілі бір мерзімге өмір бойы бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін екендігі туралы ережелер белгіленді.
88. Ең ауыр жазаға тарту үкімдерін шығару соңғы жылдары өте сирек жүзеге асырылатынын атап өткен жөн, негізінен өлім жазасына балама ретінде – өмір бойы бас бостандығынан айыру қолданылады.
89. 2010 – 2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында өлім жазасын қолдану саласын біртіндеп тарылтуды жалғастыру көзделген.
90. 2016 жылы Қазақстан "Өлім жазасын қолдануға мораторий туралы" БҰҰ БА 2007 жылғы 18 желтоқсандағы 62/149 қарарының негізіне айналған өлім жазасын жою туралы ЕО өтінішіне қосылды және 2010 жылы бүкіл әлемде толық жою жолында өлім жазасына жаппай мораторий жариялағаны үшін күресте күш-жігерге ықпал етуге арналған Өлім жазасына қарсы халықаралық комиссияға қосылды.
91. Одан басқа, 2019 жылғы 22 желтоқсанда ҰҚСК-нің екінші отырысының аясында Президент АСҚХП-ға Екінші Факультативтік Хаттамаға қол қою рәсімін бастауға тапсырма берді. Қазіргі уақытта қол қою бойынша тиісті мемлекетішілік жұмыстар жүргізілуде.
92. 2010 жылдан бастап өмір бойы бас бостандығынан айыру және өлім жазасы түріндегі жазаны қолдану:
жыл | өмір бойы бас бостандығынан айыру | өлім жазасы |
2010 | 7 (ҚР ҚК 96-бабының 2-бөлігі – 7 адам) | 0 |
2011 |
12 (ҚР ҚК 96- бабының 2-бөлігі – 11 адам; | 0 |
2012 |
9 (ҚР ҚК 96- бабының 2-бөлігі – 8 адам; | 0 |
2013 | 8 (ҚР ҚК 96- бабының 2-бөлігі – 8 адам) | 0 |
2014 | 8 (ҚР ҚК 96- бабының 2-бөлігі – 8 адам) | 0 |
2015 |
4 (ҚР ҚК 96- бабының 2-бөлігі – 2 адам; | 0 |
2016 |
12 (ҚР ҚК 99- бабының 2-бөлігі – 5 адам; |
1 (255-баптың |
2017 |
8 (ҚР ҚК 99- бабының 2-бөлігі – 7 адам; | 0 |
2018 |
6 (ҚР ҚК 99- бабының 2-бөлігі – 4 адам; |
1* (429-баптың |
2019 ж. 10 ай | 0 | 0 |
жиыны | 74 | 1 |
*Арқалық қалалық сотының 2018 жылғы 30 шілдедегі үкімімен Р.А. Күлекбаев ҚР ҚК-нің 429-бабы 2-бөлігі (қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу) бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
ҚР ҚК 60-бабының 1 және 3-бөліктері негізінде Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 2016 жылғы 2 қарашада тағайындаған жазаны толық қосу арқылы үкімдердің жиынтығы негізінде Р.А. Күлекбаевқа өлім жазасы белгіленді.
Пактінің 7-бабы және Қорытынды ескертулердің 22, 24-тармақтары бойынша
Ешкiм де азапталуға немесе оның қадiр-қасиетiн қорлайтындай адамшылыққа жатпайтын қатыгездiк жолымен жәбірленуге немесе жазалануға тиiс емес. Iшiнара, ешбір тұлға өзiнiң ерiктi түрдегi келісімiнсіз медициналық немесе ғылыми тәжiрибеге ұшыратылуы тиiс емес.
93. Конституцияның 17-бабына сәйкес ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
94. 2015 жылдан бастап жаңа ҚК, ҚПК және ҚАК енгізілді, онда халықаралық актілердің негізгі элементтері имплементацияланған. Азаптаулар жеке бапта көрсетілген (ҚР ҚК-нің 146-бабы). Осы бап БҰҰ-ның Азаптауларға қарсы конвенциясының 1-бабына сәйкес келтірілген.
95. Азаптау үшін ең ұзақ жаза 10 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруға ұзартылды. Рақымшылық немесе ескіру мерзімін қолдануға тыйым салынды. 2018 жылдың шілде айында тараптардың шынайы өкінуі мен татуласуы үшін жауапкершіліктен босатуға осындай тыйым енгізілді.
96. ҚР ҚПК-не сәйкес азаптау туралы әрбір мәлімдеме СДТБТ-де тіркеледі және ол бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі. ҚПК-нің 112-бабына сәйкес азаптау, күш қолдану, қорқыту, алдау, сол сияқты басқа да заңсыз әрекеттер мен қатыгездік қолдану арқылы алынған дәлелдемелерге жол берілмейді деп танылады және оларды сотта қолдануға болмайды.
97. Қылмыстық істерді тергеуде корпоративтілік алып тасталады. Тергеп-тексеруді ІІО немесе осы органның қызметкері болып табылмайтын адамға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізеді. Прокурорларға азаптау туралы өтініштерді тіркеу және оларды тергеп-тексеру құқығы берілген.
98. Азаптау жасаған кез келген адам (ол ҚР азаматы немесе құқық қорғау органдарының қызметкері болып табылатынына қарамастан) заңды бұзды. Осылайша, аталған тетік азаптаулар туралы барлық арыздарды мұқият және тәуелсіз тергеп-тексеруді қамтамасыз етеді.
99. 2018 жылдың шілде айында заңнамалық өзгерістердің бірі ҚР ҚК 146-бабы бойынша татуласуға және шынайы өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатуға тыйым салу болды. 2015 жылдан бастап аталған бап рақымшылық және қылмыстық жауаптылыққа тарту ескіру мерзімінің өтуі қолданылмайтын қылмыстар санатына жатқызылған.
100. Заңнамада азаптауға немесе азаптауға қатысуға дем беруші мен оған айдап салу үшін де қылмыстық жауаптылық көзделеді. ҚР ҚК 28-бабында қылмыстық жауаптылықтың алуан түрі айқындалады. Мәселен, ұйымдастырушылар, айдап салушылар және дем берушілер кінәлі адамдармен бірге қылмысқа сыбайлас қатысушы болып саналады, ал қылмысқа сыбайлас қатысушылар кінәлілермен бірдей дәрежеде қылмыстық жауаптылықта болады.
Қорытынды ескертулердің 22-тармағы
Қатысушы мемлекет Пактінің 7-бабына және басқа да халықаралық танылған нормаларға сәйкес келтіру мақсатында өз заңнамасын қамтылған азаптаулар анықтамасын қайта қарағаны жөн және қандай да бір жағдайда да азаптаулардың ақталмауына кепілдік беруі тиіс.
101. ҚР БП қылмыстық сот төрелігі саласындағы азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынас проблемаларын кешенді шешу мақсатында 2017 жылы "Азаптаусыз қоғам" жобасына бастама жасады. Азаптаулардың алдын алу, тергеп-тексеру және құрбандарды оңалту жөніндегі тұжырымдама мен шаралар жоспары әзірленді.
102. Жоба азаптауға қарсы күрестің ең жақсы халықаралық тәжірибесін, БҰҰ-ның тиісті комитеттерінің стандарттары мен ұсыныстарын, сондай-ақ ұлттық құқықтық жүйенің және заңнаманың ерекшеліктерін ескереді.
103. Жобаны іске асыру барысында 2019 жылы күшіне енген "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамаларын жетілдіру және жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы әзірленді.
104. Заңда қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың жағдайын жақсартатын, прокурорлардың қадағалау өкілеттіктерін кеңейтетін және ҚК-қа, ҚПК-қа, ҚАК-қа азаптауға жол бермеуге бағытталған нормалар енгізілген.
105. ҚР ЖС үш нормативтік қаулысына соттардың азаптауға қарсы заңнама нормаларын қолдануы, қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалау және келтірілген залалды өтеу кезінде бірыңғай тәжірибені қалыптастыру мәселелерін реттейтін өзгерістер енгізілді.
106. 2019 жылы "азаптаулар" ұғымын халықаралық стандарттармен сәйкес келтіру, азаптау және қорлайтын, қатыгез және адамгершілікке жатпайтын қарым-қатынас үшін жауапкершілікті көздейтін бапты имплементациялау үшін жазаны қатаңдату мәселелері ҚР БП жанындағы ҚК және ҚПК қолдану практикасын мониторингілеу және қорыту жөніндегі ведомствоаралық кіші жұмыс тобының отырысында қаралды.
107. Қазіргі уақытта Ведомствоаралық жұмыс тобының шеңберінде "азаптаулар" ұғымын ұлттық заңнамада конвенцияның анықтамасына сәйкес келтіру туралы мәселе қарастырылуда.
Қорытынды ескертулердің 24-тармағы
Қатысушы мемлекет азаптаулар мен қатыгез қарым-қатынастарды жою және мұндай әрекеттер тиімді тергеп-тексеруді, қылмыстық тәртіппен қудалануды және жазалануды қамтамасыз ететіндей, атап айтқанда:
а) азаптау немесе қатыгез қарым-қатынас туралы шағымға байланысты қылмыстық іс қозғау туралы шешім қабылдаған кезде дәлелдемелер мен шынайылыққа жол бергенде қолданылатын критерийлер лайықты және ақылға қонымды болуын қамтамасыз ету;
b) азаптауларға және қатыгез қарым-қатынастың басқа да түрлеріне жасалған шағымдар бойынша тергеп-тексерулерді тәуелсіз орган жүргізетінін және негізсіз созылмауын және "арнайы прокурорлар басқармасы" азаптау және қатыгез қарым-қатынас жағдайларын барлық тергеп-тексерулерді жүргізуге өздері жауапты болуы және тергеуді өздерінің бағынысындағы құқық қорғау органдарына жүктемеуін қамтамасыз ету;
c) азаптауға байланысты қылмыс үшін жазалаудың заңнамалық тәртіппен де, практикада да қылмыстың сипаты мен ауырлығына мөлшерлес болуын қамтамасыз ету;
d) азаптаудан немесе қатыгез қарым-қатынастан ықтимал жәбірленуші "қылмыс жасағаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізді" деп айып тағуға жол бермеу;
e) азаптаулардан және қатыгез қарым-қатынастан зардап шеккендердің заңнамалық тәртіппен де, іс жүзінде де оңалтуды, барабар өтемді және қылмыстық сот ісін жүргізуге байланысты емес азаматтық-құқықтық қорғау құралдарына жүгіну мүмкіндігін қоса алғанда, зиянды толық өтеттіруге қол жеткізуін қамтамасыз ету;
f) пенитенциарлық жүйенің қызметін қадағалауды құқықтық тәртіпті қолдау және ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету органдарына тәуелді емес мекеме жүзеге асыруын қамтамасыз ету арқылы бар күш-жігерін салғаны жөн.
108. Қазақстан Республикасы азаптауларға нөлдік төзімділік саясатын толық қолдайды және БҰҰ ұсынымдарын дәйекті түрде енгізеді.
109. Сот талқылауы барысында күдікті өзіне қатысты азаптауды немесе басқа да заңсыз әрекеттердің жасалғаны туралы мәлімдеген немесе зорлық-зомбылық белгілері болған кезде тергеу судьясы прокурорға фактілерді дереу тексеруді тапсыруға міндетті.
110. Қылмыстық істерді электрондық тергеп-тексеру институты енгізілді. Бұл формат айғақтардың бұрмалануын азайтады.
111. Call-орталықтар мен сенім телефондары жұмыс істейді, онда кез келген адам өтінішпен, оның ішінде азаптау туралы өтінішпен жүгіне алады.
112. Прокуратура азаптау және қатыгез қарым-қатынас туралы шағымдарды қабылдауға, сондай-ақ олар бойынша шаралар қолдануға, оның ішінде тергеп-тексеруді бастауға уәкілетті. Прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексерусіз азаптау туралы шағымдарды тексеруін талап ететін нормалар алып тасталды. Барлық хабарламалар СДТБТ-де тіркеледі және жәбірленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қабылданады.
113. Тергеу-қамауындағылар және сотталушылар қызметкерлерге қатысты өздерінің мәлімдемелерін өзін-өзі қорғау әдісі ретінде пайдаланады. ҚПК нормаларына сәйкес шағым берген немесе оның мүддесі үшін берілген адамға зиян келтіруге шағымдануға жол берілмейді.
114. ҚАЖ-дағы заңдылықты қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады. Колонияларда лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне шағымдар мен өтініштерге арналған жәшіктер жасалған.
115. ҚАЖ мекемелерінде "прокурор кабинеті" институты жұмыс істейді, онда тұрақты негізде арнайы контингентті қабылдау жүзеге асырылады. Сондай-ақ мекемелерді (УҰИ, ТИ, колониялар) аралап шығу жүргізіледі, онда кез келген қамаудағы прокурорға қызметкерлердің әрекетіне шағымдана алады.
116. Прокурорға заңсыз ұстап алынған және ұсталған адамдарды дереу босату өкілеттігі, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарға заңды бұза отырып қолданылған тәртіптік жазалар мен көтермелеудің күшін жою құқығы берілген.
117. Азаптаудың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарының ғимараттарында шыны есіктермен жабдықталған, тергеу әрекеттерін жүргізу үшін 490 "ашық" кабинеттер ашылды. Жауап алу процесі камерамен бақыланады және мониторға шығарылады. Туыстары нақты уақыт режимінде арнайы бөлінген орындарда жауап алуды бақылай алады.
118. 2018 жылы заңда жәбірленушілерге, оның ішінде азаптаудың немесе қатыгез қарым-қатынастың болжамды құрбандарына өтемақы төлеу тәртібі белгіленді. Мемлекет мүліктік және моральдық зиянды өтейді. Қолданыстағы заңнама кінәлі сотталған адамдардан қаржылай өтемақы өндіріп алуға, азаптау құрбандары үшін ақтауды талап етуге мүмкіндік береді. Азамат қайтыс болған жағдайда зиянды өтеу жөніндегі құқық белгіленген тәртіппен оның мұрагерлеріне ауысады.
119. ҚАЖ-да тәуелсіз мониторинг институттары – ҰАТ және Қоғамдық бақылау комиссиялары енгізілді. Олар мекемелерге кедергісіз барып, сотталғандармен сөйлесіп, шағымдарын ала алады. ҰАТ моделі мекемелердегі құқық бұзушылықтарды тіркеуге және нақты, негізделген және өзекті сипаттағы ұсынымдар жасауға мүмкіндік береді. Бұл ретте
2019 жылы ҰАТ мандаты арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін арнаулы мекемелерге, оның ішінде балаларға кеңейтілгенін атап өткен жөн. ҰАТ мандатына жататын мекемелердің жалпы саны қазіргі уақытта 3296 мекемені құрайды.
120. ҚР Әділетминінің ССО Стамбул хаттамасының негізінде азаптау және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын, ар-намысты қорлайтын адамдармен қарым-қатынас түрлерін қолдану жағдайларында кешенді сот-медициналық және психологиялық-психиатриялық сараптамалық зерттеу әдістемесі әзірленді, ол арқылы тиісті сараптамалар жүргізіледі.
121. ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы да құқық қорғау органдары мен мамандандырылған жоғары оқу орындарының практикада қолдануы үшін азаптауды тергеп-тексерудің әдістемесін жасады.
122. 2019 – 2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту аясында сотталушыларға арналған медициналық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне беру туралы мәселені зерделеу көзделген.
Пактінің 8-бабы және Қорытынды ескертулердің 46, 34, 36-тармақтары бойынша
1. Ешкiм де құлдықта ұсталуы тиiс емес; құлдық пен құл саудасының барлық түрiне тыйым салынады.
2. Ешкiм де кiрiптарлықта ұсталуы тиiс емес.
3. а) Ешкiм де ықтиярсыз немесе мiндеттi еңбекке мәжбүрленуi тиiс емес;
б) азапты жұмыстарды қолданатын елдерде, жасалған қылмыс үшiн тағайындалатын бас бостандығынан айыру жазасы азапты жұмыстармен iлесетiн болса, осындай жазаны тағайындаған құзыреттi соттың үкімін орындау үшiн, азапты жұмыстарды қолдануға 3 а) тармағы бөгет бола алмайды;
с) осы баптағы "ықтиярсыз немесе мiндеттi еңбек" деген термин қамтымайтын жұмыс пен қызметтiң түрлерi:
i) b тармақшасында көрсетiлмеген, әдетте соттың заңды ұйғарымы негiзiнде тұтқында жүрген немесе тұтқыннан шартты түрде босатылған адам атқаруға тиiс жұмыс пен қызметтiң қай түрi болмасын;
іі) әскери сипаттағы қызметтiң қай түрi болмасын, ал саяси және дiни этникалық себептермен әскери қызметтен бас тарту танылған елдерде, осындай себептермен әскери қызметтен бас тартқан адам үшiн заңды түрде белгiленген қызметтiң қай түрi болмасын;
iii) жұрттың өмiрi мен игiлiгiне қауiп төндiретiн төтенше жағдай немесе апат кезiнде мiндеттi түрде атқарылатын қызметтiң қай түрi болмасын;
iv) әдеттегi азаматтық мiндеттерге жататын жұмыс пен қызметтiң қай түрi болмасын.
Қорытынды ескертулердің 46-тармағы
Қатысушы мемлекет діни немесе өзге де сенімге сәйкес әскери қызметтен бас тарту құқығын заңнамалық тәртіппен мойындағаны, сондай-ақ осы сенімдері үшін әскери қызметтен бас тартатын адамдарға тән балама азаматтық қызметті көздегені жөн.
123. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде "Құлдық" бабы жоқ, бірақ адамды пайдалану мақсатында ұрлау (ҚР ҚК 125-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы) және қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру (ҚР ҚК-нің 126-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы) үшін қылмыстық жауаптылық көзделген. ҚР ҚК-нің 128 және 135-баптарында адамдарды сату және кәмелетке толмағандардың саудасы, сондай-ақ адамды қанау ұғымдары көзделген.
124. ҚР ҚК 3-бабы "адамды қанау" ұғымын түсіндіреді, мұнымен: Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кiнәлi адамның мәжбүрлi еңбекті, яғни адам оны орындау үшiн өз қызметтерiн ерiктi түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе оны қолдану қатерін төндіру арқылы талап етiлетiн кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы; кiнәлi адамның алынған табыстарды иемденiп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелiкпен айналысуын немесе ол көрсететiн өзге де қызметтерді пайдалануы, сол сияқты кiнәлi адамның осы мақсатты көздемей, адамды сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі; адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлiктi сұрауға байланысты қоғамға жат іс-әрекет жасауға мәжбүрлеу; кiнәлi адам және (немесе) басқа адам үшiн жұмыстарды және (немесе) көрсетiлетiн қызметтердi орындаудан өзiне байланысты емес себептер бойынша бас тарта алмайтын адамға қатысты меншiк иесiнің өкiлеттiктерiн кiнәлi адамның жүзеге асыруына байланысты өзге де әрекеттер түсініледі.
125. Мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағыттарының бірі ретінде адам саудасы үшін қылмыстық жазаны күшейту мәселесі белгіленген.
126. ҚР ЕК-нің негізгі қағидаттарының бірі кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу болып табылады. Балалар еңбегін пайдалануды болдырмау мақсатында еңбек шартын жасасуға рұқсат етілген жасы – 16 жас. 18 жасқа толмаған жұмыскерлердің еңбегін пайдалануға тыйым салатын жұмыстардың тізімі бекітілген.
127. "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңға сәйкес ешкімнің діни нанымға негізделген, Конституция мен заңдарда көзделген міндеттерден бас тартуға құқығы жоқ.
128. Конституцияның 36-бабында Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті міндеті және міндеті екендігі белгіленген. Азаматтар әскери қызметті заңда белгіленген тәртіппен және түрде жүзеге асырады.
129. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңда партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің қызметінен тәуелсіздік қағидасы бекітілген. Жауынгер қызметтен бос уақытында жеке адам ретінде діни рәсімдерге қатысады. Сонымен қатар, әскери қызметшілердің құқықтары мен бостандықтарын алып қою және шектеу, ерекше міндеттері мен жауапкершіліктері қосымша құқықтар мен жеңілдіктермен өтеледі.
130. Заңда әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру көзделеді, оның негіздерінің бірі күндізгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімді, діни білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа мемлекеттердің жоғары оқу орындарында күндізгі білім беруді жалғастыру болып табылады.
131. Бейбіт уақытта әскери қызметке шақырудан тіркелген діни бірлестіктердің діни қызметшілері босатылды. Сонымен қатар, адамның діни және өзге де нанымдар бойынша әскери қызмет атқарудан бас тарту құқығы заңмен тікелей танылмайды. Әскери қызметшінің мәртебесі әскери қызметтен босатылуына (әскери жиындардың аяқталуына) байланысты әскери бөлім тізімінен шығарылған күннен бастап жойылады.
Қорытынды ескертулердің 34-тармағы
Қатысушы мемлекет адам саудасына қарсы күреске бағытталған құқықтық саясаттың бекітілген тұжырымдамасының тиісті ережелерін тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс. Ол:
a) құрбандарды идентификаттаудың қазіргі механизмдерін нығайтуға;
b) адам саудасына байланысты құқық қорғау қызметіндегі сыбайлас жемқорлық мәселесін шешуге;
с) Қылмыстық кодекстің тиісті баптары бойынша адам саудасы жағдайларын тиімді тергеп-тексеруді және сот қудалауын қамтамасыз етуге, ауыр емес жазаларды көздейтін ережелерге сәйкес осындай қылмыстарды ақталмаған саралаудан тартынуға, сондай-ақ құқық бұзушыларды соттауға қол жеткізуге;
d) құрбандарға тиісті медициналық, әлеуметтік және құқықтық көмекті, сондай-ақ оңалтуды қоса алғанда, зиянды өтеуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ құрбандар үшін жеткілікті баспаналардың болуын қамтамасыз етуге;
e) елге әкелінетін адам саудасының құрбандарына көшіп-қону қағидаларын бұзғаны және оларды мәжбүрлеп репатриациялағаны үшін айыптаудан тартынуға тиіс.
132. Қазақстан Республикасы адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі халықаралық конвенциялардың: БҰҰ-ның Құлдық туралы конвенциясының; БҰҰ-ның Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күрес туралы конвенциясының; Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияны толықтыратын Адамдарды, әсіресе, әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу мен жолын кесу және ол үшін жазалау туралы хаттаманың қатысушысы болып табылады.
133. 2015 жылдан бастап адам саудасының құрбаны деп 462 адам танылды, 599 адам жауапкершілікке тартылды. 2019 жылы адам саудасына қарсы күрес желісі бойынша 182 қылмыстық іс қозғалып, адам саудасының 44 құрбаны анықталды.
134. Адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндiру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау үшін қылмыстық жазалау көзделеді. Ең жоғары жаза мерзімі 12 жылдан 15 жылға дейін (ҚР ҚК-нің 128-бабы) және 12 жылдан 18 жылға дейін (ҚР ҚК-нің 135-бабы) санкцияны ұлғайтумен жауапкершілік күшейтілді.
135. 2019 жылы ҚР ҚК-нің 125-бабының 2-бөлігі "Адамды ұрлау" және ҚР ҚК-нің 126-бабының 2-бөлігі "Бас бостандығынан заңсыз айыру" "адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып" және "жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалап, жасырып не жойып" деген саралау белгілерімен толықтырылды.
136. Адам саудасының құрбандарын қорғау және оларға көмек көрсету "Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Заң шеңберінде жүзеге асырылады. "Жәбірленушілерге өтемақы төлеу қоры туралы" Заңға сәйкес адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша жәбірленуші деп танылған адамдар 30 АЕК мөлшерінде өтемақы алуға құқылы.
137. Бұдан басқа, қылмыстық іс бойынша сот шешімі шығарылғанға дейін шетелдіктердің (ауыр қылмыстар бойынша жәбірленушілердің) Қазақстанда болу мерзімін ұзарту заң жүзінде көзделген (ӘҚБтК-нің 51-бабы 2-бөлігі). Сондай-ақ адамдар адам саудасына байланысты қылмыстық істер бойынша оларды жәбірленуші деп таныған жағдайда әкімшілік жауапкершіліктен босатылады (ӘҚБтК-нің 741-бабы 1-бөлігінің 11) тармақшасы).
138. Жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру мақсатында елде Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді, оның құрамына 14 мемлекеттік органның, 2 халықаралық ұйымның және 5 ҮЕҰ өкілдері кіреді.
139. 2004 жылдан бастап адам саудасына байланысты қылмыстардың профилактикасы, алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі үкіметтік жоспарлар кезең-кезеңімен қабылдануда. Қазіргі уақытта 2018 – 2020 жылдарға арналған жоспар іске асырылуда, оған БҰҰ-ның құлдықтың қазіргі заманғы нысандары мәселелері жөніндегі Арнайы баяндамашысы Г. Шахинянның ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар енгізілген.
140. Атап айтқанда, құрбандар идентификатталатын қатыгез қарым-қатынастың болуын бағалау критерийлерін, сондай-ақ осы санаттағы адамдарға "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңға сәйкес арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын енгізу бойынша ұсыным орындалды.
141. Стандартта адам саудасы құрбандарының құқықтық мәртебесі және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық туралы қабылданған шешімге қарамастан көмек көрсетіледі. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-құқықтық қызметтер көрсету көзделген.
142. Өз кезегінде, 2016 жылдан бастап Еңбекмині жыл сайын бюджеттен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ҮЕҰ-ға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға АНТ бөлінеді. Айталық, 2016-2019 жылдары Қазақстан бойынша 600 адамға жуық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілді.
Қорытынды ескертулердің 36-тармағы
Қатысушы мемлекет:
a) көшіп-қонушы еңбекшілердің заңды жұмыспен қамтылуына қол жеткізуін жақсартуға және олардың құқықтарын тиімді іске асыруға қол жеткізуге және оларды қатыгез қарым-қатынас пен қанаудың кез келген нысандарынан қорғауға мүмкіндік беретін тиісті базаның болуын қамтамасыз етуге;
b) қатысушы мемлекеттің заңнамасына құлдықтың барлық нысандарын және құлдыққа ұқсас практиканы, оның ішінде үй қызметшісі ретіндегі еріксіз еңбекті, жасырын еңбекті, мәжбүрлі және ауыр еңбек пен мәжбүрлі некелерді анық айқындайтын және осы жағдайларда қылмыстық жауаптылықты көздейтін ережелерді енгізуді қамтамасыз етуге;
c) балалар еңбегіне, атап айтқанда, мақта өнеркәсібіндегі балалар еңбегіне қарсы күрес бойынша күш-жігерді екі еселендіруге;
d) құқықтық, қаржылық және әлеуметтік көмекті қоса алғанда, , мәжбүрлі еңбек құрбандары үшін тиісті қызметтердің, сондай-ақ баспаналардың болуын қамтамасыз етуге тиіс.
143. Шетелдіктердің, оның ішінде көшіп-қонушы еңбекшілердің құқықтары "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Заңда, сондай-ақ көші-қон саласындағы басқа да құқықтық актілерде және халықаралық шарттарда реттеледі. ҚР-да тұрақты тұратын шетелдіктердің сайлауға қатысу, сайлану, әскерде қызмет ету және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқықтарын қоспағанда, азаматтар сияқты құқықтары бар және сол міндеттерді атқарады.
144. Қолданыстағы тіркеу институты еркін жүріп-тұру құқығын шектемейді және халықаралық практикаға сәйкес келеді. Халықтың есебі азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Қазіргі уақытта тұрғылықты жері бойынша тіркеу рәсімі барынша жеңілдетілді және ЭҮП арқылы автоматтандырылған. Еңбек қызметімен айналысуға рұқсат алудың заңдылығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында барлық облыстарда КҚО құрылды.
145. Осы шарттар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы 1 жұмыс күні ішінде және ЭҮП арқылы жүгінген кезде 30 минут ішінде КҚО-ға 40 минут ішінде жұмысқа рұқсат алуға мүмкіндік береді. Қызметті осылайша алу шетелдікке көші-қон қызметінің қызметкерімен байланыс жасамауға мүмкіндік береді.
146. ҚР ЕК 7-бабына сәйкес мәжбүрлі еңбекке (мәжбүрлі еңбек қандай да бір адамнан қандай да бір жаза қолдану қатерімен талап етілетін, оны орындау үшін бұл адам ерікті түрде өз қызметтерін ұсынбаған кез келген жұмыс немесе қызмет) тыйым салынады. Мәжбүрлі еңбекке жұмыс қадағалаумен жүргізіледі және оны орындайтын адам жеке және (немесе) заңды тұлғалардың билігіне берілмейтін немесе тапсырылмайтын жағдайда соттың заңды күшіне енген үкіміне байланысты; төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
147. Үкімет ХЕҰ конвенцияларын ескере отырып, балалар еңбегінің ең жаман түрлерінің алдын алу және жою мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Балалар еңбегін болдырмау үшін жеткілікті құқықтық база және заңнаманы сақтау үшін тетіктер жасалды, сондай-ақ балаларды балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тарту үшін жауапкершілік көзделген.
148. Кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған бақылауды уәкілетті мемлекеттік органдар (еңбек инспекциясы, прокуратура, білім басқармасы) жүзеге асырады.
149. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандарды еңбекке тартудың жекелеген фактілері бар, олар негізінен қызмет көрсету және сауда саласындағы объектілерде анықталады. Түркістан (бұрын – Оңтүстік Қазақстан) облысында 2013-2015 жылдары балаларды мақта және темекі жинауға тарту проблеманың бірі болған, онда жыл сайын 400-600 мектеп оқушысын егін жинауға тарту фактілерін прокуратура анықтады.
150. 2015 жылы прокуратураның бастамасымен уәкілетті органдар мен тауар өндірушілер арасында Балалар еңбегін жою жөніндегі ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды. 2016 жылдан бастап егін жинауға тарту фактілері тіркелген жоқ. Осылайша, жұмыста басты назар алдын алу мен ескертуге беріледі.
151. Өз кезегінде, балалар еңбегіне қарсы күрес жөніндегі жұмысты күшейту мақсатында 2019 жылғы тамызда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен 2020 – 2022 жылдарға арналған балалар еңбегінің ең жаман түрлерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
Пактінің 9, 14-баптары және Қорытынды ескертулердің 26, 28, 30, 38, 40-тармақтары бойынша
1. Әрбір адамның бостандыққа және жеке басының өмiрiне қол сұғылмауына құқығы бар. Ешкiм де ерiксіз қамауда немесе тұтқында ұсталуға тиiс емес. Әркiм өз бостандығынан тек қана заң негiзiнде және сол заңда белгiленген процедураға сәйкес айырылуы мүмкiн.
2. Қамауға алынған әрбір адамға қамалған кезiнде оның қамауға алынған себептерi мен өзiне тағылған кез келген айып жедел түрде хабарланады.
3. Қамауға алынған немесе қылмыстық айыптау бойынша ұсталған әрбір адам судьяның немесе заң бойынша сот билiгiн жүзеге асыру құқығы бар және ақылға қонымды уақыт iшiнде iстi сотта қарауға немесе босатуға құзыретi бар басқа лауазымды адамның алдына жедел жеткiзiлуi тиiс. Сотта iсi қаралуын күтiп отырған адамдарды тұтқында ұстау жалпыға бірдей тәртiп болып саналмауы тиiс, бірақ босату - сотқа кел, сотта iсiнiң қаралуының қай сатысында болмасын келу, керектi жағдайда үкiм орындалу кезiне келу кепiлдігі берiлсе ғана жүзеге асырылады.
4. Қамау немесе тұтқында ұстау арқылы бас бостандығынан айрылған әрбір адамның, оның ұсталуының заңды-заңсыз екендiгi туралы сот кiдiртпей қаулы шығарып және ұсталуы заңсыз болған күнде оны босату туралы бұйрық беру үшiн iсi сотта қаралуына құқығы бар.
5. Қамаудың, я болмаса тұтқында ұсталудың құрбаны болған әрбір адам талаптық күшi бар өтемақы төлемдерiне құқылы.
152. Адамдарды ұстау және жеткізу рәсімдері ҚР ҚПК-де көрсетілген. Күдіктілер ретінде танылған, ұсталған барлық адамдарға олардың ҚПК-нің 64-бабында көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.
153. Әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу шарасы ретінде бас бостандығын алдын ала шектеуді қолдану заңнамада көзделмеген. АСҚХП 9-бабы бойынша міндеттемемен үйлесімділік мақсатында жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу мәселелері "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" Заңда реттеледі.
154. Белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адам Заңның 29-бабына сәйкес отыз тәулікке дейінгі мерзімге жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолдану туралы ІІБ-ның сот санкциялаған қаулысы негізінде қабылдау-бөлу орнына орналастырылады.
155. Жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолдану тәртібі мен шарттары, сондай-ақ ІІБ-ның арнаулы мекемесінен босату негіздері "Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы" Заңда айқындалады, онда жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеуді қолдану соттың санкциясын алғаннан кейін ғана жүргізіледі.
156. Қабылдау-бөлу орындарының негізгі міндеті белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды анықтау, оларды қылмыс жасаған деп іздестіріліп жүрген адамдармен идентификаттау, анықтау, тергеу органдарынан және соттан жасырынып жүрген, із-түзсіз жоғалған адамдардың жеке басын анықтау, жеке басын анықтау үшін қабылдау-бөлу орындарына орналастыру және кейіннен тиісті органдар мен мекемелерге беру болып табылатынын атап өту қажет.
157. Адамды қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстау кезінде лауазымды адам адамға қандай қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталғанын ауызша хабарлайды, оған қорғаушыны шақыру құқығын, үнсіздікті сақтау құқығын және оның айтқаны өзіне қарсы сотта қолданылуы мүмкін екендігін түсіндіреді.
158. Егер ұсталған адам қазақ және (немесе) орыс тілдерін білмесе не алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан мас болу не ауыр психосоматикалық жай-күйіне байланысты оған құқықтарын түсіндіруді барабар қабылдай алмаса, онда күдіктінің құқықтары оған жауап алу басталғанға дейін аудармашының және (немесе) қорғаушының қатысуымен түсіндіріледі, бұл туралы жауап алу хаттамасында белгі жасалады.
159. МСМШ психикалық бұзылулар осы адамдардың өзге елеулі зиян келтіру мүмкіндігімен не өзіне немесе басқа адамдарға қауіп төндірумен байланысты болған жағдайларда тағайындалады.
160. МСМШ қолдану бойынша іс жүргізу қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті есі дұрыс емес күйде жасаған немесе қылмыстық заңда тыйым салынған іс-әрекетті психикасының бұзылуымен ауырғаннан кейін жазаны тағайындау немесе орындау мүмкін емес ететін адамдарға қатысты істер бойынша жүзеге асырылады. Кейіннен әр 6 ай сайын сот МСМШ қолдануды ұзарту, өзгерту немесе тоқтату туралы мәселені қарайды.
1. Сот пен трибунал алдында жұрттың бәрi тең. Әрбір адам өзiне тағылған кез келген қылмыстық айыптауды қарау кезiнде немесе қайсыбір азаматтық процесте оның құқықтары мен мiндеттерiн анықтау кезiнде заң негiзiнде құрылған құзыреттi, тәуелсіз және әдiл сот арқылы iсi әдiлеттi және ашық қаралуын талап етуге құқылы. Егер, iстiң ашық қаралуы демократиялық қоғамда адамгершiлiк пен қоғамдық тәртiп, мемлекет қауiпсіздiгiнiң пайымдаулары ескерiлген жағдайда немесе азаматтардың жеке өмiрiнiң мүдделерi талап етсе немесе соттың пiкiрi бойынша, жариялылық әдiл соттың мүдделерiн бұзатын ерекше жағдай тудыратын болса, онда соттың iстi қарауы басынан аяғына дейiн немесе оның бір деңгейiнде, жабық түрде, баспасөз өкiлдерi мен жұртшылықты қатыстырмай, жүргiзiлуi мүмкiн; алайда, кез келген қылмыстық, не болмаса азаматтық iстер бойынша шығарылған қаулылардың бәрi, тек кәмелетке толмағандардың мүдделерi басқа шараларды талап еткен жағдайда немесе матримониалдық дау-дамайлар немесе балаларды қамқорлыққа алу жөніндегі iстер бойынша шығарылған қаулыларды қоспағанда, көпшiлiк алдында жария етiлуi тиiс.
2. Қылмыстық iс бойынша айыпталған әрбір адам, кiнәсi заң бойынша дәлелденгенге дейiн, кiнәсіз деп есептелуге құқылы.
3. Әрбір адамның өзiне тағылған кез келген қылмыстық айыптауды қарау кезiнде, ең кем дегенде, төменде көрсетiлген, толық теңдiк негiзiнде берiлетiн кепiлдiктерге:
а) өзiне тағылған айыптаудың сипаты мен негiзi жөнiнде өзi түсiнетiн тiлде толық және дереу хабардар етiлуiне;
b) қорғау шараларына дайындық жүргiзуге және өзi таңдап алған қорғаушымен жүздесiп-тiлдесуге мүмкiндiк берiлiп, жеткiлiктi уақытпен қамтамасыздандырылуына;
с) дәлелсіз ұстау негiзiнде сотталмауына;
d) өз қатысуымен сотталуға және өзiн өзi дербес қорғауына немесе өзi таңдап алған қорғаушы арқылы қорғалуына: егер оның қорғаушысы жоқ болса, онда осындай құқығы бар екендiгi жөнiнде хабардар етіліп, қандай жағдай болмасын әдiл сот мүдделерi талап етсе, өзiне тағайындалған қорғаушының көмегiн пайдалануына және де қорғаушының еңбегiне төлейтiн жеткiлiктi қаражаты жоқ болса, оның көмегiн ақысыз пайдалануына;
e) өзiне қарсы көрсетпе берген куәлардан жауап алынуына немесе осы куәлардан жауап алуды талап етуiне, сонымен қатар өзiнiң куәлары шақыртылуына және олардан жауап алу шарты өзiне қарсы көрсетпе берген куәлардан жауап алу шартымен бірдей болуына;
f) егер сот жұмысын атқаруда пайдаланатын тiлдi түсiнбесе, немесе сол тiлде сөйлей алмаса тiлмаштың көмегiн ақысыз пайдалануына;
g) өз-өзiне қарсы көрсетпе беруге немесе өзiн-өзi кiнәлi деп мойындауға мәжбүрленбеуiне құқығы бар.
4. Кәмелетке толмағандар жайындағы iс, олардың жасы ескерiлiп және қайта тәрбиеленулерiне ықпал жасайтын ықылас бiлдiрiлiп жүргiзiлуi тиiс.
5. Қайсыбір қылмыс үшiн сотталғандардың қай-қайсысы болмасын өзiнiң айыпталуы және шығарылған үкiм, заң бойынша жоғарғы сот инстанцияларында қайта қаралуын талап етулерiне құқықтары бар.
6. Егер қайсыбір адам қылмыстық iс жасағаны үшiн ақтық шешiм бойынша сотталып, одан кейiн соттың қателiгiн даусыз дәлелдейтiн қайсыбір жаңа немесе бұрын мәлiм болмаған мән-жайдың негiзiнде шығарылған үкiм бұзылса немесе оған кешiрiм жасалса және де жаңадан табылған жағдай кезiнде мәлiм болмағандығына сотталушының өзi iшiнара немесе толық кiнәлi еместiгi дәлелденсе, онда осындай сотталудың нәтижесiнде жазаланған адамға заң бойынша өтемақы төленедi.
7. Ешкiм де, егер жасаған қылмысы үшiн әрбір елдiң заңы мен қылмыстық iс жүргiзу құқығына сәйкес кезiнде үзiлдi-кесiлдi сотталып немесе ақталған болса, онда осы қылмысы үшiн екiншi рет сотталуға немесе жазалануға тиiс емес.
161. Конституцияның 14-бабына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең. Аталған ҚР АПК 8-бабына сәйкес әркім бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтарды немесе заңды мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы.
162. Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабына сәйкес судья заңды қолдану кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алуға тиіс: адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі; бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды; өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды; сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы; жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады; айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес; ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес; адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдік айыпталушының пайдасына қарастырылады; заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес; қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
163. Конституцияда белгіленген сот төрелігінің қағидаттары Қазақстан Республикасының барлық соттары мен судьялары үшін ортақ және бірыңғай болып табылады.
Қорытынды ескертулердің 26-тармағы
Қатысушы мемлекет өзінің заңнамасы мен практикасын Комитет қабылдаған бостандық және жеке қол сұғылмаушылық туралы № 35 (2014) жалпы тәртіптегі ескертуді назарға ала отырып, Пактінің 9-бабына сәйкес келтіру керек. Ол, атап айтқанда, судьяның алдында қазіргі кезде ересектер үшін 72 сағаттан 48 сағатқа дейін және кәмелетке толмағандар үшін 24 сағатқа дейін күзетпен ұстаудың ең жоғары мерзімін азайтып, іс жүзінде жазылған қамаққа алу күні мен уақыты нақты ұстау күні мен уақытқа сәйкес келуін және осындай мәліметтерді кез келген қолдан жасауға кінәлі адамдар тиісті жазасын алуын қамтамасыз еткен жөн.
164. Азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ ұстау мерзіміне УҰИ қызметкерлері тарапынан бақылауды қамтамасыз ету мақсатында ұстау хаттамасында адам ұсталған мерзімді көрсету туралы норма көзделген.
165. Бұлтартпау шарасы туралы мәселені шешу үшін тергеу судьясына жеткізу мақсатында адамды ұстау мерзімі 72 сағаттан 48 сағатқа дейін қысқартылды. Кәмелетке толмағандарға қатысты ұстау мерзімі 24 сағатқа дейін қысқартылды.
166. Азаматтардың құқықтарын сақтау мақсатында күзетпен ұстауға санкция беру туралы мәселені шешу кезінде прокурордың күдіктіден оның күзетпен ұстау орны бойынша жауап алу құқығы көзделген.
167. 2019 жылы ҚР ҚК-нің 414-бабы "Көрiнеу заңсыз ұстап алу, күзетпен қамауға алу немесе күзетпен ұстау" және ҚР ҚК-нің 416-бабы "Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау" бойынша жауапкершілік айтарлықтай күшейтілді.
168. 2017 жылы қылмыстық-процестік заңнама жаңғыртылды. Соттардың күзетпен ұстауға санкция беру туралы мәселені қараған кезде адамның қылмыс жасады деген күдіктің негізділігін тексеруге міндетті екендігі туралы норма енгізілді.
169. Сот санкциясынсыз 72 сағаттан аспайтын мерзімге ұстауға, егер бұл заңнамада тікелей көзделген жағдайда ғана жол беріледі. Мысалы, аса ауыр қылмыс, террористік немесе экстремистік қылмыс, қылмыстық топ құрамындағы қылмыс, есірткі құралдары мен олардың аналогтарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстар, сондай-ақ адам өліміне әкеп соққан қасақана қылмыс жасады деп күдіктенген кезде. Сондай-ақ мұндай ұстау шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолдарының болмауы салдарынан, сондай-ақ ТЖ немесе ТА жағдайларында адамды уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда көзделген.
170. Неғұрлым қатаң бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау шараларын қолдану негіздері шектелді. Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстарды жасады деп күдік келтірілген адамдарды күзетпен ұстауға тыйым салынды.
Қорытынды ескертулердің 28-тармағы
Қатысушы мемлекет іс жүзінде бас бостандығынан айырылатын барлық адамдарға олардың құқықтары туралы уақтылы хабарлануын және өзінің таңдауы бойынша заңгерге уақтылы қол жеткізу және заңгермен құпия тәртіпте кездесу мүмкіндігін қоса алғанда, ұстаудың басынан бастап барлық негізгі құқықтық кепілдіктердің берілуін қамтамасыз етуі қажет. Ол осы талаптарды сақтамау тиісті жаза шығаруға және құқықтық қорғау құралдарын іске қосуға әкеп соғатын процестік құқықтардың бұзылуын білдіретінін де қамтамасыз етуі қажет.
171. 2019 жылы ҚР ҚК 435-бабы "Адвокаттар мен өзге де адамдардың адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету жөніндегі заңды қызметіне кедергі жасау" бойынша жауапкершілік айтарлықтай күшейтілді.
172. 2017 жылы қылмыстық-процестік заңнаманы жаңғыртуға сәйкес күдіктілерді жеткізу және ұстау процесі нақтыланды. "Миранда ережелері" енгізілді. ҚАЖ мекемелерінде қолжетімді орындарда сотталғандардың және тергеу-қамауындағылардың құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі түсіндірумен көрнекі ақпарат ілінген.
173. ҚР ІІМ ҚАЖК мен Республикалық адвокаттар алқасы арасында адвокаттардың саны мен ұзақтығын шектемей қамауда ұстау орындарына кіруі мәселелері бойынша меморандумға қол қойылды.
174. 2018 жылы "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" жаңа Заң күшіне енді. Заңға сәйкес адвокаттың іс жүзінде пайдалануы тиімсіз болған және алқа басшылығына негізсіз тәуелді болған өкілеттігін растайтын адвокаттық ордерлер таратылды. Енді өкілеттіктер қорғау (өкілдік) туралы куәлікпен және хабарламамен расталады, оны адвокат өзі ресімдейді. Заң көмегін көрсету сапасын жақсарту үшін адвокаттардың біліктілігін міндетті түрде арттыру көзделген.
Қорытынды ескертулердің 30-тармағы
Қатысушы мемлекет өзінің әкімшілік ұстау практикасын Пактінің 9 және 14-тармақтарымен толық сәйкестікке келтіруі және шағым жасауға тиімді құқықты қоса алғанда, тиісті процестік кепілдіктерді қамтамасыз ету құқықтарының толық құрметтелуін қамтамасыз етуі және жеке адамның бостандығы мен қол сұғылмаушылығын шектейтін кез келген шешімдерді қабылдау кезінде заңдылық пен тепе-теңдік қағидаттарын қатаң сақтауы керек. Ол белсенділерге қатысты күзетпен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шараларын қабылдау практикасынан бас тартқан жөн, бұл қатысушы мемлекеттің Пактінің 9, 14, 19 және 21-баптары бойынша міндеттемелерімен келіспейді.
175. Күштеп әкелу қолданылған әрбір ұсталған адамға ұстап алу, әкелу, жеткізу негіздері, сондай-ақ оған тағылып отырған құқық бұзушылықтың саралануы дереу хабарланады. Ұсталған адамға оның құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі, бұл туралы әкімшілік ұстау туралы хаттамада жазба жасалады.
176. Жаңа ӘҚБтК-де әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатын құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік ұстау мерзімі 48 сағаттан 3 сағатқа дейін қысқартылды.
177. Ұстап алынған адамның бас бостандығы ұстап алған адамға қандай да бір процестік мәртебе берілуіне қарамастан, шын мәнінде шектелген кезде, минутына дейінгі дәлдікпен сол сағат ұстап алу мерзімінің басталуы болып табылады. Масаң күйдегі адамға қатысты әкімшілік ұстап алу мерзімі медицина қызметкерi оны айықты деп куәландырған уақыттан бастап есептеледi.
178. Ұсталған адамның өтініші бойынша оның тұрған жері туралы оның туыстары, жұмыс немесе оқу орны бойынша әкімшілік, қорғаушы, сондай-ақ шет мемлекеттің елшілігі немесе өзге де өкілдігі хабардар етіледі.
179. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан адамның заңды өкілі адам ұсталған немесе хаттама жасалған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі.
180. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Мүдделі адам бұзылған немесе дау туғызып отырған құқықтарды, бостандықтарды немесе мүдделерді қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Ешкiмге өзінің келiсiмiнсiз ол үшiн заңда көзделген соттылығын өзгертуге болмайды.
181. ӘҚБтК-нің 789-бабында "әкімшілік жазалау шарасының бірі ретінде әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өзіне қатысты іс жүргізу қозғалған адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралғанға дейін, бірақ жиырма төрт сағаттан аспайтын әкімшілік ұстауға тартылуы мүмкін" деп көзделген.
Қорытынды ескертулердің 38-тармағы
Комитет өзінің алдыңғы ұсыныстарын қайталайды (CCPR/C/KAZ/CO/1, 21-22-тармақтарды қараңыз). Қатысушы мемлекет сот жүйесінің тәуелсіздігін заңнамалық тәртіппен де, практикада да қамтамасыз ету жөніндегі барлық қажетті шараларды қабылдауға және судьялардың құзыреттілігіне, тәуелсіздігі мен ауыстырылмайтындығына кепілдік беруге тиіс. Ол, атап айтқанда:
a) сот органдарының қызметіне атқарушы билік тарапынан заңсыз араласудың барлық нысандарын жоюы және мұндай пікірлерді тиімді тергеп-тексеруі;
b) сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша күш-жігерді жандандыруы және оған араласуы мүмкін судьяларды қоса алғанда, кі
c) әлілерді жауапқа тартуы және жазалауы;судьяларды іріктеу процесін басқару үшін құрылған Жоғары Сот Кеңесінің толық тәуелсіз болуын және өте ашық әрекет етуін қамтамасыз етуі және осы мақсатпен оның мүшелерінің көпшілігі соттың өзін-өзі басқару органдары сайлайтын судьялар болуын қамтамасыз ету үшін Кеңестің мүшелік құрамын қайта қарау мүмкіндігін қарастыруы;
d) судьялар корпусындағы тәртіпті тәуелсіз органның қадағалауы үшін шаралар қабылдауы, судьяларды қызметінен шеттетуді қоса алғанда, тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін негіздерді түсіндіруі және тәртіптік талқылау өткізу кезінде тиісті құқықтық рәсімдердің сақталуына кепілдік беруі және қолданылған тәртіптік жазаларды сот тәртібімен тәуелсіз қайта қарауы;
e) Бас прокуратураның әрекеттері сот жүйесінің тәуелсіздігін бұзбауы үшін және тараптардың сот ісін жүргізудегі процестік мүмкіндіктерінің теңдігі қағидаты қатаң сақталуы үшін оның өкілеттіктерін қайта қарауы;
f) практикада адвокаттардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткілікті кепілдіктер беруі, адвокаттарға қысым көрсету немесе қудалау немесе олардың жұмысына заңсыз араласу болуы мүмкін кез келген әрекеттерден тартынуы және осындай әрекеттерге жауапты адамдарды жауапкершілікке тартуы керек.
182. Конституцияға және "Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
183. Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға бағынады. Судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.
184. Сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді.
185. Жүргізіліп жатқан реформалардың басты бағыттарына азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету тетігін, әлемдік стандарттарға сай келетін сот ісін жүргізудің қолжетімділігі мен ашықтығын жетілдіру жатады.
186. Сот төрелігіне қолжетімділікті жеңілдету мақсатында бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың рөлін күшейте отырып, бес сатылы сот төрелігі жүйесінен (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау) үш буынды (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сотқа көшу жүзеге асырылды.
187. Судья кадрларын іріктеу, олардың мансаптық өсуі, қызметін бағалау, сондай-ақ тәртіптік жауаптылыққа тарту тәртібі өзгертілді. Халықаралық тәжірибені ескере отырып ЖСК реформаланды, ол сот кадрларын іріктеудің тәуелсіз автономды органына айналды.
188. Біліктілік талаптары мен кандидаттарды іріктеу тетіктері қатаңдатылды. Егер бұрын әрбір төртінші кандидат судья атанса, қазір қатысушылар санының 4 % ғана судья болады. 2019 жылдан бастап материалдық кепілдіктер айтарлықтай жақсарды – барлық сатыдағы судьялардың жалақысы көбейді.
189. 2019 жылы судьяның кәсіби қызметін бағалауды жүзеге асыратын Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссия құрылды.
190. Сот жүйесін цифрландыру шеңберінде электрондық сот төрелігі дамуда. Талап арыздардың 73 %-тен астамы интернет арқылы беріледі. Өтініштердің онлайн-конструкторлары іске асырылды, оларды пайдалану нәтижесінде пайдаланушылардың жауаптары негізінде дайын талап арыз жасалады.
191. "Сот кабинеті" сервисі арқылы жылына орта есеппен 1 млн. астам құжат беріледі. Пайдаланушылардың 8 млн сот актісіне қол жеткізуі қамтамасыз етілді. Соттарда азаматтық істер бойынша бұйрықтық және жеңілдетілген іс жүргізу электрондық түрде жүргізіледі. "Электрондық қылмыстық іс" шеңберінде соттарда 9023 ауыр емес қылмыстық іс тіркелді.
192. Тергеу соттары құрылды, оларға адамның және азаматтың конституциялық құқықтарын шектейтін барлық тергеу әрекеттерін санкциялау жөніндегі өкілеттіктер берілді. Олардың жұмысының тиімділігі мен қажеттілігі деректермен расталады. Қылмыстық қудалау органдарының әрекеттеріне шағымдардың саны өсуде. Егер 2017 жылы соттар 2146 шағым, 2018 жылы – 3057 немесе 42,5 %-ке көп шағым қараса, 2019 жылғы 9 айда – 3033 шағым қараған. Сонымен қатар мұндай шағымдардың қанағаттандырылуы өсуде: 2017 жылы – 26,7 %, 2018 жылы – 32,1 %, 2018 жылғы 9 ай – 43,4 %.
193. Соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі шаралар белсенді жүргізілуде. Судьялардың әдеп кодексін сақтау бойынша семинарлар өткізіледі, судьялардың процеске қатысушылармен байланысын азайту жүзеге асырылады, сыбайлас жемқорлыққа "мүлдем төзбеушілікке" қолдау көрсетіледі.
Қорытынды ескертулердің 40-тармағы
Қатысушы мемлекет мемлекеттік құпияны қорғау мақсатында қолданылатын әділ сот талқылауы кепілдіктерінің кез келген шектеулерін оның Пакті бойынша міндеттемелеріне толық көлемде сәйкес келуін және атап айтқанда, олар қозғаған адамдардың құқықтары, оның ішінде тараптардың сот ісін жүргізуде іс жүргізу мүмкіндіктерінің теңдігі қағидаты қатаң сақталуын қамтамасыз етуі керек.
194. Қылмыстық істерді қарау барлық соттарда және сот сатыларында ашық жүргізіледі. Сот талқылауының жариялылығын шектеуге мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау мақсатында сот қаулысы негізінде жол беріледі. Жабық сот талқылауы үшін негіздер тізбесі толық болып табылады.
195. ҚР ЖС 2013 жылғы № 3 нормативтік қаулысында қылмыстық іс бойынша ҚПК-де көзделген жариялылықты, оның ішінде мемлекеттік құпияларды қорғауға байланысты шектеу негіздері болмаған кезде ауыр немесе аса ауыр қылмысты жасаудың бір ғана фактісі жабық талқылауды өткізу үшін мән-жай болып табылмайды деп түсіндірді.
Пактінің 10-бабы және Қорытынды ескертулердің 20, 32-тармақтары бойынша
1. Бас бостандықтарынан айрылған барлық адамдар өздерiне деген адамгершiлiктi көзқарасқа және адам баласына тән қадiр-қасиетiнiң құрметтелуiне құқылы.
2. а) Айыпкерлер, ерекше жағдай тумаған күнде, сотталушылардан жеке орналастырылады және оларға жеке, сотталмаған адамдардың мәртебесiне сай режим берiледi.
b) кәмелетке толмаған айыпкерлер кәмелетке толған айыпкерлерден бөлек ұсталады және өте қысқа мерзiм iшiнде, шешiм шығарылуы үшiн сотқа жеткiзiледi.
3. Тұтқындарға, пенитенциарлық жүйе бойынша, олардың түзелуiн және оларға әлеуметтiк қайта тәрбие берудi маңызды мақсат тұтатын режим қарастырылады. Кәмелетке жасы толмаған құқық бұзушылар кәмелетке жасы толған құқық бұзушылардан бөлек ұсталады және оларға өздерiнiң жасы мен құқықтық мәртебесiне сай режим берiледi.
196. Қазақстан сотталғандардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін құрметтейді және қорғайды, оларды түзеу құралдарын қолданудың заңдылығын, сондай-ақ құқықтық қорғауды және жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
197. Сотталғандарды қандай да бір кемсітушілікке ұшыратуға болмайды. Жазаны орындайтын мекемеге немесе органға келген кезде әкімшілік сотталушыға оның құқықтары, міндеттері және құқықтық шектеулері туралы ақпаратты, сондай-ақ ішкі тәртіп қағидаларын түсіндіруге міндетті.
198. Мекемелерде сотталған ерлер мен әйелдерді, кәмелетке толмағандар мен ересектерді бөлек ұстау белгіленеді. Бірінші рет сотталғандар бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген сотталғандардан бөлек ұсталады.
199. Қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде сотталғандар; өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталғандар; өмір бойына бас бостандығынан айыру белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар; өлім жазасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылған сотталғандар басқа сотталғандардан бөлек оқшауланады, сондай-ақ бөлек ұсталады.
200. Жеке мекемелерде сотталу санына қарамастан, соттардың, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың бұрынғы қызметкерлері, сотталғандардың мінез-құлқын бақылау мен қадағалауға уәкілеттік берілген адамдар ұсталады.
201. Жұқпалы аурулармен ауыратын сотталғандар сау адамдардан бөлек ұсталады. Емдеу-профилактикалық мекемелерде сотталғандар режимнің түріне қарамастан бірге ұсталады. Туберкулезге қарсы ауруханаларда бөлек ұстау медициналық көрсеткіштер бойынша анықталады.
202. ҚАК-тің 89-бабына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталған кәмелетке толмағандар, сондай-ақ мекемелерде кемінде 1 жыл болу шартымен, кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған орташа қауіпсіз мекемелерде жиырма бір жасқа толғанға дейiн қалдырылған сотталғандар жазасын өтейдi.
203. ҚАЖ қызметін жетілдіру Ішкі істер органдарын жаңғыртудың 2019 – 2021 жылдарға арналған жол картасын, сондай-ақ ҚАЖ дамытудың 2019 – 2023 жылдарға арналған жол картасын іске асыру шеңберінде жалғасуда.
Қорытынды ескертулердің 20-тармағы
Қатысушы мемлекет жабық мекемелерде өзін-өзі өлтіру мен өлімнің алдын алу бойынша, атап айтқанда:
а) өзін-өзі өлтіру алдында тұрған адамдарды анықтау әдістерін жетілдіру және ерте хабарлаудың тиімді стратегиялары мен бағдарламаларын жасау;
b) күзетпен ұстау орындарында қайтыс болу мән-жайларын уақтылы, бейтарап және тәуелсіз тергеп-тексеруді тиісті жағдайларда кінәлілерді жауапқа тарта және құрбан болғандардың отбасыларына құқықтық қорғау құралдарын ұсына отырып қамтамасыз ету арқылы қажырлы күш-жігер жұмсауы керек.
204. Барлық сотталғандарға ҚАЖ мекемелеріне келген күннен бастап босатылғаннан кейін қайта әлеуметтендіру және сәтті интеграциялануы үшін алғышарттар жасала отырып психологиялық көмек көрсетіледі. Сотталғандар үшін тренингтер, дәрістер, релаксация сеанстары, арт-терапия және т.б. өткізіледі.
205. Төтенше жағдайларға жол бермеу жөніндегі алдын алу іс-шараларын қолдануға бағытталған нұсқаулар, шолулар мен ұсыныстар суицидтерге жол бермеу үшін ҚАЖ бөлімшелеріне жіберіледі. Психологтар психикалық ауытқулары бар адамдарды не суицид жасаған, сондай-ақ тәуелділіктен зардап шегетін туыстарын анықтайды.
206. Қамаудағылар ортасындағы моральдық-психологиялық климатты жақсарту, пенитенциарлық мекемелерде суицидтердің алдын алу бойынша кешенді жұмыстарды ұйымдастыру ҚАЖ мекемелерінің барлық қызметтері тарапынан әрбір сотталған адамның жеке басы зерделене отырып қамтамасыз етіледі.
207. 2018 – 2020 жылдарға арналған арнайы контингент арасында зиянды заң бұзушылықтардың, дене жарақаттары мен суицидтердің алдын алу бойынша ҚР ІІМ ҚАЖК мекемелері мен ҚР ҰГ Бас қолбасшылығы қызметтерінің өзара іс-қимыл жасау жөніндегі
іс-шаралар жоспары іске асырылуда.
Қорытынды ескертулердің 32-тармағы
Қатысушы мемлекет күзетпен ұстау жағдайларын жақсартуға, атап айтқанда, тиісті медициналық қызметтерге қол жетімділікті кеңейтуге күш салуды жалғастыруы керек. Ұлттық Ұлан жүргізетін қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша операциялар барысында тұтқындарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық дерегі уақтылы және мұқият зерттеліп, кінәлілер жауапқа тартылуын қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ қатысушы мемлекет ұлттық алдын алу тетігінің толық тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдауға және бас бостандығынан айырудың барлық орындарын, оның ішінде тұратын мемлекеттік мекемелерді қамту үшін мандатын кеңейтуге тиіс.
208. Қазақстан Республикасында пенитенциарлық жүйені кезең-кезеңімен реформалау жүргізілуде. Мәселен, 2020 – 2023 жылдары үлгілік жоба бойынша аумағында тұрғын блоктар салу арқылы ҚАЖ мекемелерін қайта құру жоспарлануда.
209. 2020 жылғы 1 сәуірге дейін Алматы және Қарағанды облыстары бойынша ҚАЖ департаменттерінде сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету функцияларын ҚР ІІМ-нен ҚР ДСМ-ге беру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда.
210. Балалар әлеуметтік мекемелерін қоса алғанда, ҰАТ шеңберінде барған мекемелердің саны 2014 жылы 400-ден 2019 жылы 3 262-ге дейін артты. 2017 – 2018 жылдары АҚУ халықаралық ұйымдардың қолдауымен ҰАТ қатысушылары үшін 7 тренинг ұйымдастырды.
Пактінің 11-бабы бойынша
Тек қана қайсыбір шарттық мiндеттеменi орындау дәрменсіздiгiнiң негiзiнде ешкiм де бас бостандығынан айырылуға тиiс емес.
211. Заңнамада адамның қандайда бір шарттық міндеттемелерді орындай алмайтындығына байланысты бас бостандығынан айыруға тыйым салынады.
212. Сот шешімімен балаларына алимент төлеуге міндетті адамдарға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға кредиттер мен басқа да қарыздарды төлеу бойынша шарттық міндеттемелері бар адамдарға ғана Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға уақытша тыйым белгіленуі мүмкін.
213. 2018 жылдан бастап ҚПК-де жазбаша нысанда жасалған және сот жарамсыз, жалған немесе өтірік деп танымаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді орындамауға немесе тиісінше орындамауға негізделген бұзушылықтар туралы өтініштер мен хабарларды тіркеу туралы тыйым салу енгізілді.
214. Қылмыстық қолсұғушылықтарды азаматтық-құқықтық қатынастардан айырудың жекелеген мәселелері ҚР ЖС "Алаяқтық туралы істер бойынша сот практикасы туралы" 2017 жылғы 29 маусымдағы № 6 және "Жымқыру туралы істер бойынша сот практикасы туралы" 2003 жылғы 11 шілдедегі № 8 нормативтік қаулыларында көзделген.
Пактінің 12, 13-баптары және Қорытынды ескертулердің 42, 44-тармақтары бойынша
1. Кез келген мемлекеттің аумағында заңды түрде жүрген әрбір адам сол аумақтың шегiнде еркiн жүрiп-тұруға және тұрғылықты мекенжайды өз қалауынша таңдау құқығына ие болуы тиiс.
2. Әрбір адам өзiнiң туған елiн қоса алғанда, кез келген елдi тастап шығуға құқылы.
3. Жоғарыда айтылған құқықтар, заңда көзделген, мемлекеттік қауiпсіздiктi немесе қоғам тәртібін, жұрттың денсаулығы мен имандылығын немесе басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшiн және осы Пактiде танылған құқықтармен қабысатын басқа құқықтарды қорғау үшiн қажет шектеулерден тыс ешқандай шектеулердiң объектiсi бола алмайды.
4. Ешкiм де өзiнiң туған елiне қайтып оралу құқығынан ерiксіз айырылуы тиiс емес.
215. Қазақстан Республикасы аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамның, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар. Әркімнің ҚР-дан тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Азаматтардың ҚР-ға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.
216. "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Заңға сәйкес шетелдіктер ҚР шетелдіктердің болуына рұқсат етілген аумағында еркін жүріп-тұра алады және заңнамамен белгіленген тәртіпке сәйкес тұрғылықты жер таңдай алады. Жүріп-тұрудағы және тұрғылықты жер таңдаудағы шектеулер қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті, халықтың денсаулығы мен адамгершілігін сақтау, азаматтар мен басқа да адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қажет болғанда бұған уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың актілерінде белгіленеді.
Осы Пактiге қатысушы мемлекеттердiң қайсыбірiнiң аумағында заңды негiзде жүрген шетел азаматын осы аумақтан, заңға сәйкес шығарылған шешiмдi орындау бағытында ғана қайтаруға болады, және де, егер мемлекет қауiпсіздiгiнiң императивтi қажеттілігi басқадай шараларды талап етпесе, ол өзiнiң қайтарылуына қарсы дәлелдемелердi ұсынып, құзыреттi өкiмет арнайы тағайындаған, құзыреттi өкiмет орны, тұлға, немесе тұлғалар арқылы iсiнiң қайта қаралуын талап етуiне және осы мақсатпен сол өкiметтiң, тұлғаның, немесе тұлғалардың алдына келтiрiлуiне құқығы бар.
217. Конституция ҚР аумағында заңды түрде жүрген әрбір адамға оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді өз қалауынша таңдап алу құқығына кепілдік береді. Бұл құқықтар конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін.
218. Егер Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
219. Шетел азаматтарын экстрадициялаудың және шет мемлекеттерге ҚР азаматтарын ұстап беру туралы өтініш жасаудың жалпы қағидалары ҚР ҚПК-де регламенттеледі.
220. ҚР заңнамасының бұзылуына кінәлі шетелдік азамат ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қорытынды ескертулердің 42-тармағы
Қатысушы мемлекет өзінің тұрғылықты жері бойынша міндетті тіркеу жүйесін Пактінің ережелеріне толық сәйкес келтіруі керек.
221. Қазақстан өз азаматтарына еркін жүріп-тұру, елден тыс жерлерге кету және кедергісіз қайтып оралу құқығына кепілдік береді.
222. ҚР заңды түрде жүрген әрбір адамның, заңда көрсетілгеннен басқа реттерде, оның аумағында еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты жерін өз қалауынша таңдап алуға құқығы бар. Әркімнің ҚР-ден тыс жерлерге кетуіне құқығы бар. Азаматтардың ҚР-ға кедергісіз қайтып оралуына құқығы бар.
223. Ішкі көші-қон процестерін мониторингілеу, аумақты дамыту бағдарламаларын әзірлеу кезінде әр елді мекеннің дамуын айқындау үшін азаматтарды есепке алу азаматтарды тұрғылықты жері бойынша және уақытша болатын жері бойынша тіркеу міндеті болып табылады. Осы есептеулер негізінде жұмыс орындарын құру, инфрақұрылым құру, мектептер мен ауруханалар салу жоспарланып отыр.
224. ҚР-да Тіркеу институты еркін жүріп-тұру құқығын шектемейді және халықаралық практикаға сәйкес келеді, өйткені экономикалық және әлеуметтік саясатты жоспарлау соған байланысты.
225. Азаматтардың оның аумағында еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді еркін таңдау жөніндегі конституциялық құқығын сақтау мақсатында тұрғылықты жерін тіркеу кезінде шектеулерге жол берілмейді.
226. Азаматтарды тіркеуді жетілдіру бойынша шаралар қабылдануда. 2018 жылдан бастап тіркеу үшін мемлекеттік баж алып тасталды; тіркеу үшін тек жеке куәлік қажет. ЭҮП арқылы тұрғылықты жер бойынша тіркеу рәсімі (2017 жылдан бастап – уақытша тіркеу, 2018 жылдан бастап – тұрақты, 2019 жылы – мобильді қосымша арқылы) автоматтандырылды.
227. 2018 жылғы желтоқсаннан бастап нәрестені тіркеудің проактивті қызметі бала анасының телефонына SMS жолдау арқылы енгізілді.
228. Азаматтар тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілік әкімшілік қамаққа әкеп соқпайды. ӘҚБтК сәйкес тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұру ескерту жасауға не 7 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қорытынды ескертулердің 44-тармағы
Қатысушы мемлекет барлық шекаралық пункттерде, оның ішінде халықаралық әуежайларда және транзиттік аймақтарда босқындардың мәртебесін анықтау рәсімдеріне тиімді қол жеткізуге кепілдік беруі, көмекпен жүгінудің тиісті рәсімдерін қамтамасыз етуі және Шекара қызметі қызметкерлері мен мемлекеттің басқа да жауапты лауазымды адамдарын өтінішхаттар бойынша дұрыс шешімдер қабылдауға жақсы дайындау үшін оларды тиісті даярлауды ұйымдастыруы керек. Сондай-ақ ол пана бермеу туралы шешімге қатысты апелляцияны қарау рәсімі аяқталғанша мәжбүрлеп қайтып оралу жағдайына жол бермеуі керек. Соңында, қатысушы мемлекет Пактінің 6 және 7-баптарына сәйкес шығарып жіберуге мүлдем тыйым салуды қатаң түрде орындауы және: а) дипломатиялық кепілдіктерді бағалау кезінде барынша қырағылық танытуы; б) дипломатиялық кепілдіктерге сәйкес берілетін адамдар табысталғаннан кейін тиісті, тиімді және тәуелсіз бақылауды қамтамасыз етуі; с) қатысушы мемлекеттің мұндай адамдармен қарым-қатынасты олар ұстап берілгеннен кейін, басқа елдерге қайтарылғаннан, табысталғаннан немесе қайтып оралғаннан кейін тиімді бақылауы мүмкін болмаған жағдайларда мұндай кепілдіктерге сенбеуі; d) кепілдемелер орындалмаған кезде жағдайды түзету бойынша тиісті шаралар қабылдауы керек.
229. Қазақстан 1951 жылғы Босқындардың мәртебесі туралы конвенцияға қосылды. Босқындарды олардың өміріне немесе бостандығына нәсіліне, дініне, азаматтығына, әлеуметтік топқа жататындығына байланысты немесе нанымдары бойынша қауіп төнген елдің шекарасына шығаруға немесе қайтаруға тыйым салынады.
230. "Босқындар туралы" Заңда босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты беру және тіркеу тәртібі, оның ішінде ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өтудің әр түрлі мән-жайлары кезіндегі тәртібі айқындалған. Атап айтқанда, Мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде адам көші-қонды бақылау пунктіне, ал ол болмаған жағдайда – ҚР ҰҚК ШҚ-ға жазбаша өтінішхат береді. Шекараны мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өту жағдайында (төтенше оқиғаларға байланысты) өтініш ҚР ҰҚК ШҚ қызметкерлеріне берілуі мүмкін.
231. Босқындармен жұмысты үйлестіру үшін ҚР ІІМ КҚК жанынан СІМ, ДСМ, ЕХӘҚМ, БҒМ, ҰҚК ШҚ, сондай-ақ БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының өкілдерінің қатысуымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ПД көші-қон қызметі басқармаларының босқын мәртебесін беруден, ұзартудан, одан айырудан және тоқтатудан бас тарту туралы шешімдеріне шағымдарды қарау бойынша тұрақты жұмыс істейтін Комиссия құрылды.
Пактінің 15-бабы бойынша
1. Ешкiм де жасаған iс-әрекетi немесе жiберген қателiгi негiзiнде, егер сол iс-әрекет жасалған кезде қолданыстағы мемлекетiшiлiк заң тұрғысынан немесе халықаралық құқық бойынша қылмыстық iс болып саналмаса, қандай да бір қылмыстық iске кiнәлi деп айыпталуына жол берiлмейдi. Сондай-ақ кесiлген жаза, қылмыстық iс жасалған кезде қолданылатын жазадан ауыр болмауы тиiс. Ал егер қылмыс жасалғаннан кейiн сондай қылмыс үшiн кесiлетiн жазаның түрi, бұрын қолданып жүрген түрiнен гөpi, заң жүзiнде жеңiлдетiлген болса, онда қылмыскер соңғы заң бойынша айыпталуы тиiс.
2. Осы баптағы ешбір қағида кез келген адамды кез келген iс-әрекетi немесе жасаған қателiгi үшiн, егер де сол iс-әрекет жасалған кезiнде халықаралық қоғамдастық таныған құқық қағидаттары бойынша қылмыстық iс болып табылған болса, сот алдына келтiрiп жазалауға кедергi етпейдi.
232. ҚР оларды жасау кезінде қылмыстық деп танылмаған әрекеттері үшін соттылыққа тыйым салуға қатысты Пактінің нормаларын толығымен сақтайды. Конституцияға сәйкес сот ісін жүргізу қағидаттарының бірі жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, жаңа міндеттер жүктейтін немесе олардың жағдайын нашарлататын заңдардың кері күші болмайды деп жариялайды. Егер құқық бұзушылық жасағаннан кейін жауапкершілік жойылса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады.
233. Қылмыстық жауаптылықтың жалғыз негізі қылмыстық құқық бұзушылық жасау болып табылады. Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді.
234. Қылмыстық заң тек ҚР ҚК-ден тұрады. Қылмыстық жауаптылықты көздейтін өзге де заңдар олар ҚР ҚК-ге енгізілгеннен кейін ғана қолданылады. Мәселен, қылмыс жасаған барлық адамдар заңға сәйкес қылмыстық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық және тәртіптік жауапқа тартылады.
Пактінің 16-бабы бойынша
Әрбір адам, қай жерде жүрсе де, құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқылы.
235. Конституцияның 13-бабына сәйкес әркімнің құқық субьектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы.
236. Конституцияның 12-бабына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де НҚА мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады.
237. Мыналар: азаматтың паспорты; азаматтың жеке куәлігі; шетелдіктің тұруына ықтиярхат; азаматтығы жоқ адамның куәлігі; ҚР дипломатиялық және қызметтік паспорты; босқын куәлігі; теңізшінің жеке куәлігі; шетелдік паспорт; қайтып оралуға арналған куәлік; туу туралы куәлік жеке басты куәландыратын құжаттар болып табылады. ҚР ҚПК көзделген жағдайларда жүргізуші куәлігі және әскери куәлік жеке басты куәландыратын құжаттар ретінде танылуы мүмкін.
Пактінің 17-бабы бойынша
1. Әрбір адам жеке және отбасылық өмiрiне өзгелердiң өз бетінше, немесе заңсыз араласуынан, өз бетінше немесе заңсыз озбырлық жасап, баспанасына, хат жазысып-алысу құпиясына қол сұғылуынан, ар-намысы мен абырой-беделiне нұқсан келтiрiлуiнен қорғалуы тиiс.
2. Әрбір адамның осындай озбырлық пен қол сұғушылықтан заңмен қорғалуына құқығы бар.
238. Конституцияға сәйкес әркімнің жеке өміріне қол сұғылмауына, өзінің және отбасының құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройлы атының қорғалуына құқығы бар.
239. Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңда белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.
240. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңның 10-бабында егер заңнамада өзгеше көзделмесе, дербес деректерге қол жеткізу субъектінің немесе оның заңды өкілінің меншік иесіне және (немесе) операторға оларды жинауға және өңдеуге берген келісімінің шарттарымен айқындалады. Егер меншік иесі және (немесе) оператор және (немесе) үшінші тұлға Заңның талаптарын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді өзіне қабылдаудан бас тартса немесе оларды қамтамасыз ете алмаса, деректерге қол жеткізуге тыйым салынады.
Пактінің 18, 27-баптары және Қорытынды ескертулердің 48-тармағы бойынша
1. Әрбір адамның ой-пiкiр, ар-ождан және дiн бостандығына құқығы бар. Бұл құқық дiнге сену немесе дiндi қабылдау және наным-сенімiн өз қалауынша таңдап алу еркiндiгiн, өз дiнiн, наным-сенімiн жеке өзi немесе басқа адамдармен бірiгiп тұту бостандығын, жария түрде немесе жеке жолмен уағыздау, құдайға құлшылық ету, дiни және наным-сенім мен iлiм салт-жораларын орындау бостандығын да қамтиды.
2. Ешкiм де дiнге сену немесе дiн мен наным-сенімдерiн өз қалауынша таңдап алу еркiндiгін кемiтетiн мәжбүрлiкке ұшыратылуы тиiс емес.
3. Дiнге сену немесе наным-сенімдерiн тұтыну еркiндiгi тек қана қоғам қауiпсіздiгін, тәртiптi, денсаулық пен имандылықты, сондай-ақ басқалардың негiзгi құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшiн заңмен белгiленген шектеулермен ғана шектелуi тиiс.
4. Осы Пактiге қатысушы мемлекеттер ата-аналардың, тиiстi жағдайларда заңды қамқоршылардың, балаларына өздерiнiң наным-сенімдерiне сай дiни және имандылық тәрбиенi қамтамасыз ету бостандығын құрметтеуге мiндеттенедi.
241. Конституцияның 22-бабында "әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар" деп нақты бекітілген. Ар-ождан бостандығы – ең әуелі, жеке адамның кез келген идеологиялық басқарудан бостандығы, әркімнің өзі үшін рухани құндылықтар жүйесін дербес таңдау құқығын білдіретін, адамның негізгі жеке құқықтарының бірі.
242. Діни сенім бостандығы құқығы "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" Заңда бекітілген, ол қоғамдық және діни мүдделер тепе-теңдігіне қол жеткізу арқылы діни сенім бостандығы қағидаттарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара түсіністік қатынастарын дамытуға бағытталған.
243. Заңда: "Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады" делінген. Барлық елдерде осындай ережелер жоқ.
244. Заң адам құқықтарының жалпыға бірдей танылған негізгі стандарттарына сай келеді, діни сенім бостандығы мен діни қызметті қорғауға, сондай-ақ елімізде конфессияаралық татулықты қамтамасыз етуге бағытталған.
245. Заңның негізгі ережелері ЕО тәжірибесіне негізделген. Атап айтқанда, ЕК 2012 жылғы "Секталардың өз өкілеттіктерін асыра пайдалануы және адам құқықтарын бұзуы"; 1999 жылғы "Секталардың заңсыз қызметі туралы" және 1992 жылғы "Секталар мен жаңа діни ағымдар туралы" ұсынымдарына негізделген.
Этникалық, дiни және тiл азшылығы бар елдерде, осындай азшылық құрамындағы адамдар өз тобының басқа мүшелерiмен бірге өз мәдениетiн пайдалану, өз дiнiн тұтыну, дiнiнiң салт-жораларын ұстану және ана тілінде сөйлеу құқығынан айырылмауы тиiс.
246. Конституция нәсіліне, этностық тиесілігіне, дінге көзқарасына, әлеуметтік топтар мен қоғамдық бірлестіктерге жататынына қарамастан, құқықтар мен бостандықтардың теңдігіне кепілдік береді.
247. "Бір ел – бір тағдыр", "Тегі басқа – теңдігі бір", "Әр алуандықтағы біртұтастық", "Ұлт рухының дамуы" ұлттық бірлік қағидаттары барлық қоғамдық даму стратегияларының, тұжырымдамалары мен бағдарламаларының мазмұнын айқындайды.
248. Қазақстанда 18 конфессия мен деноминацияны білдіретін 3800-ге жуық діни субъектілер өкілдері, оның ішінде мормондар, кришнаиттер, муниттер, бахайлар және басқалар бейбіт өмір сүруде және өзара іс-қимыл жасауда. Олардың барлығы дінді еркін зерделей, діни құлшылықты орындау үшін жинала, діни әдебиеттерді тарата алады.
249. Мемлекеттік саясат конфессияаралық үйлесімділікті сақтауға, нығайтуға және адамның діни наным-сенім бостандығына арналған құқықтарын сақтауға бағытталған, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін шақыру жөніндегі халықаралық бастама осының дәлелі болып табылады. Мәселен, астанада әр үш жыл сайын съездер өтеді, оған әлемнің ірі конфессияларының басшылары, ислам, православие, католицизм, протестантизм, буддизм, индуизм, конфуцианство, иудаизм елшілері және басқалар қатысушы болады.
250. Этникааралық өзара іс-қимылдың өзіндік моделі қалыптасты. Оның негізгі буыны Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы оның төрағасы болып табылады.
251. Ассамблеяның қызметі барлық этностардың өкілдері қоғамның қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени өміріне тартылған қоғамды қалыптастыруға бағытталған. Ассамблеяның қызметіне азаматтың қатысу қағидаты басым болып табылады. Мәселен, Ассамблея 1155 этномәдени бірлестікпен ынтымақтастық жасайды.
252. Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғам жүйесіне интеграциялау Ассамблеяға қоғам сұраныстарын қалыптастыруға және трансляциялауға, этносаясатты түзетуге, уәкілетті мемлекеттік органдардың барлық өзгерістер мен үрдістерді икемді және жедел ден қоюына ықпал етуге мүмкіндік береді.
253. Дәстүрлерді, тілдерді және мәдениетті сақтау және дамыту саласындағы қолдау – мемлекеттік саясат басымдықтарының бірі. Этномәдени бірлестіктер аясында 15 тілде 52 баспа басылымы шығарылады. Телеэфирге 11 тілде 4 хабар шығады.
254. Интеграция элементі ретінде көптілділікті көтермелейтін Люблянск ұсынымдарымен байланыстыратын этностардың тілдерін меңгеру мен дамыту үшін жағдай жасаумен бір уақытта үш тілді білім беру енгізілуде.
255. Аз этностар отбасыларының балаларын ана тілінде білім берумен барынша қамту бойынша шаралар қабылдануда. 190-нан астам жексенбілік мектеп жұмыс істейді, онда оқушылар 27 этностың салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын және тілдерін үйренеді. Этностардың тілдерін қолдау және сақтау мақсатында Қазақстан этностарының тілдерін үйрену үшін 25 тілде "Ана тілі" құралы шығарылды.
Қорытынды ескертулердің 48-тармағы
Қатысушы мемлекет дін мен діни сенім бостандығын тиімді жүзеге асыруға және өз дінін немесе сенімін іс жүзінде ұстану еркіндігіне кепілдік беруі тиіс. Ол өз Конституциясының 22-бабын Пактінің ережелеріне сәйкес келтіру мүмкіндігін қараған және Пактінің 18-бабы бойынша жол берілетін тар түсіндірілетін шектеулердің шеңберінен шығатын кез келген шектеулерді жою мақсатында барлық тиісті заңдар мен практика түрлерін қайта қараған жөн.
256. Қазақстан дін бостандығын немесе барлық қоғам мүшелерінің нанымдарын бір уақытта қорғай отырып, барлық дін өкілдері арасында толеранттық пен диалогты дамыту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.
257. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің идеяларын насихаттауға бағытталған Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы құрылды.
Пактінің 19, 21-баптары және Қорытынды ескертулердің 52, 50-тармақтары бойынша
1. Әрбір адам өз ой-пiкiрiн еш кедергiсіз ұстануға құқылы.
2. Әрбір адам өз пiкiрiн еркiн бiлдiруге құқылы. Бұл құқық мемлекеттік шекараларға қарамастан кез келген ақпараттар мен идеяларды еркiн iздеу, тауып алу және оларды өз қалауынша таңдап алған құралдар арқылы ауызша, жазбаша немесе баспасөз арқылы немесе көркемдiк бейнелеу формалары түрiнде тарату бостандығын да қамтиды.
3. Осы баптың 2-шi тармағында көзделген құқықтарды қолдану ерекше мiндеттер мен ерекше жауапкершiлiктi жүктейдi. Сондықтан оларды қолдану кезiнде кейбір шектеулердiң кездесуi мүмкiн, алайда ондай шектеулер заңмен белгiленiп және:
а) басқа тұлғалардың құқықтары мен абырой-беделiн құрметтеу;
b) мемлекеттік қауiпсіздiктi, қоғамдық тәртiптi, жұртшылықтың денсаулығын немесе имандылығын қорғау қажеттілігiнен туындауы тиiс.
258. Конституция, "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" және "БАҚ туралы" заңдар әркімнің ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату құқығын бекітеді.
259. Ақпаратқа қол жеткізу құқығы тек заңдармен және конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында қажетті шамада ғана шектелуі мүмкін.
260. Ақпаратқа қол жеткізу саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында халықаралық ұйымдардың ұсынымдары ескеріле отырып, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасына енгізілген түзетулер әзірленді. Атап айтқанда, ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган және оның құзыреті ұғымын енгізу, ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жыл сайынғы есепті дайындау және оны Мемлекет басшысына енгізу, әрбір мемлекеттік органда ақпаратқа қол жеткізу жөніндегі уәкілетті адамды және т.б. айқындау ұсынылады.
261. ҚР Конституциясы мен заңнамасында кепілдік берілген сөз бостандығы да жұмыста әділ және адал болу міндетін жүктейді. Бұдан басқа заңнама журналистер қызметінде жеткілікті мөлшерде еркіндік береді.
262. "БАҚ туралы" Заңның 26-бабына сәйкес егер таратылатын ақпарат: ресми хабарларда қамтылса; БАҚ сұрау салуына берілген жауапта қамтылса немесе БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлғаның (бөлімшенің) материалдарынан алынса; жарнама берушілерден және жарнама жасаушылардан алынса; таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе ҚР заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты таратуды қоспағанда, өкілді органдар депутаттарының, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының лауазымды немесе уәкілетті тұлғаларының, жеке және заңды тұлғалардың ресми сөйлеген сөздерінің сөзбе-сөз қайталанып берілуі болса; алдын ала жазылып алынбай эфирге шығарылатын авторлық сөздерде не осы Заңға сәйкес редакциялауға жатпайтын мәтіндерде қамтылса; таратылуына заңды күшіне енген сот актілерінде немесе Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектеу қойылған ақпаратты таратуды қоспағанда, өз хабарында осы хабарды таратқан БАҚ-қа сілтеме көрсетілген жағдайда, уәкілетті органда есепке қойылған басқа БАҚ таратқан хабарларда, материалдарда немесе олардың фрагменттерінде қамтылса; "БАҚ туралы" Заңның 18-2-бабына сәйкес белгіленген міндетті хабарларда қамтылса, журналист жауаптылықтан босатылады.
263. Бұл ретте Конституцияның 20-бабының 3-тармағына сәйкес Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді. Тиісті шектеулер "БАҚ туралы" Заңның
13-бабында да қамтылған.
264. 2017 жылы "БАҚ туралы" Заңға енгізілген түзетулер ақпаратты жедел алуды қамтамасыз етеді. Ресми хабарларға БАҚ-тың сұрау салуын қарау мерзімі 3 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Қосымша зерделеу қажет болған жағдайда, мерзім күнтізбелік 15 күннен аспайтын мерзімге бір рет ұзартылуы мүмкін. Бұрын мерзім бір айды құрауы мүмкін болған.
265. Ресми емес хабарларға сұрау салу 7 жұмыс күні ішінде қаралады. Сонымен қатар халықтың тыныс-тіршілік ету жағдайлары бұзылған кезде тиісті саланың мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары өз құзыреті шеңберінде оқиғалар басталған кезден бастап 3 сағаттан кешіктірмей
БАҚ-қа ахуал туралы ресми хабарлар беруге міндетті.
Бейбiт түрдегi жиналыстарды өткізу құқығы танылады. Бұл құқықты пайдалану тек демократиялық қоғамның мемлекеттік, немесе қоғамдық қауiпсіздiк пен қоғамдық тәртiп мүдделерiн, жұрттың денсаулығы мен имандылығын сақтау және басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қажет етiлетiн, заңмен көзделген шектеулерден тыс шектелуi тиiс емес.
Қорытынды ескертулердің 52-тармағы
Қатысушы мемлекет барлық адамдардың заң тәртібімен де, іс жүзінде де өзінің жиналыстар еркіндігі құқығын толығымен пайдалануын және жиналыс еркіндігін кез-келген шектеудің, оның ішінде осы құқықты жүзеге асыратын тұғаларға әкімшілік және қылмыстық жазалау шараларын қолдану жолымен Пактінің 21-бабының қатаң талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету мақсатында барлық тиісті нормативтік ережелерді, саясат пен практиканы қайта қарауды қамтамасыз етуі қажет.
266. Қазақстан жиналыстар еркіндігі – бұл азаматтардың тұрақты дамуы тиіс саяси белсенділігінің демократиялық институты екендігін таниды. Заңнама адамның осы етене, айыруға болмайтын құқығын іске асыруға және қорғауға кепілдік береді. Мұндай кепілдіктер Конституцияда жиналыс еркіндігі құқығын бекіту және оларды ұйымдастырудың және өткізудің тәртібін арнайы заңда бекіту болып табылады. Бұл кепілдіктер азаматтардың наным-сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге мүшелігіне немесе өзге де себептерге байланысты құқықтары мен бостандықтарын шектегені үшін, сондай-ақ жиналыс, митинг, демонстрация, шеру, пикет өткізуге немесе оларға қатысуға заңсыз кедергі келтіргені үшін жауапкершілікпен бекемделген.
267. Жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының Президенті 2020 жылғы 25 мамырда қол қойған "Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңмен реттеледі.
268. Заң бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуді реттеу тетігін жетілдіруге, сондай-ақ халықаралық тәжірибені ескере отырып, олқылықтарды толтыру арқылы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған.
269. Заң көпшілік шаралардың "жиналыс", "митинг", "шеру", "пикет", "демонстрация" сияқты құқықтық анықтамасын енгізуді, ұйымдастырушылар мен қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін егжей-тегжейлі реттеуді енгізуді, сондай-ақ алдын ала үгіт-насихат жүргізу тәртібін, қоғамдық іс-шаралардың уақытша мерзімдерін белгілейді.
270. Заң бейбіт жиналыстарды ұйымдастырудың гибридті процедурасын енгізуді қарастырады, оған рұқсат беру және хабарлау рәсімдері де кіреді. Мұндай көзқарас Қазақстанға бейбіт жиналыстарды одан әрі ырықтандыру жолында маңызды қадам жасауға мүмкіндік береді.
Қорытынды ескертулердің 50-тармағы
Қатысушы мемлекетке:
а) жала жабуды қылмыстық сипатынан айыру мүмкіндігін қарау және кез келген жағдайда қылмыстық заңнаманы неғұрлым ауыр жағдайларға байланысты ғана қолдану, бұл жалпы тәртіптің № 34 (2011) пікір еркіндігі және оларды білдіру туралы ескертуде қалай көзделгенін ескере отырып, қандай жағдайда болмасын бас бостандығынан айыру жала жапқаны үшін жазалаудың барабар шарасы болып саналмауы тиіс;
b) Пакт бойынша өз міндеттемелеріне сәйкестендіру мақсатында пікір білдіру еркіндігін шектейтін басқа құқықтық ережелерді, оның ішінде қорлау туралы ережелерді алып тастау немесе өзгеше қайта қарау;
c) "әлеуметтік, ұлттық, рулық, тектік-топтық немесе діни араздықты" қоздырумен байланысты қылмысты қоса алғанда, осы заңдардағы негізгі терминдердің түсініксіз және кең анықтамасын нақтылау;
d) Пактінің 19-бабында жол берілетін, тар тұжырымдалған шектеулер шеңберінен шығатын өзгеше ойлауды басу құралдары ретінде қылмыстық заңнаманың ережелерін және басқа да нормативтік ережелерді қолданудан бас тарту қажет.
271. ҚР ҚПК сәйкес жала жабу туралы қылмыстық істер жеке айыптау істеріне жатқызылған. Бұл істер бойынша іс жүргізу жәбірленушінің шағымы бойынша басталады және татуласқан жағдайда тоқтатылуға жатады.
272. 2019 жылғы 22 желтоқсанда ҰҚСК екінші отырысы аясында Президент ҚР ҚК-нің 130-бабын қылмыстық сипатынан айыруды және оны ӘҚБтК ауыстыруды ұсынды.
273. Конституцияның 5-бабында мақсаты араздықты "қоздыруға" бағытталған қоғамдық бірлестіктерді құруға тыйым салу көзделген. ҚР ҚК 174-бабы диспозициясында "разжигание" емес, "возбуждение" термині көзделген, бұл Конституция нормасына қайшы келеді. Сонымен бірге Конституцияда "разжигание" термині мемлекеттік тілге "қоздыру" деп аударылған. ҚР ҚК 174-бабындағы "возбуждение" термині мемлекеттік тілге "қоздыру" деп аударылған.
274. Осыған байланысты Президент ҚР ҚК 174-бабының тұжырымдалуын – "әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни араздықты қоздыру" деп өзгертуді және осы бапты ізгілендіруді, қолданыстағы редакцияға өзгеріс енгізуді, "возбуждение" деп тұжырымдаудан бас тартуды және оның орнына "разжигание" деген неғұрлым нақты заң ұғымын қолдануды ұсынды.
275. Сонымен қатар ізгілендіру мақсатында ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі санкциясында 2000-нан 7000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі қосымша балама жаза нормасын көздеу ұсынылады.
Пактінің 20-бабы бойынша
1. Соғысты қандай түрде болса да насихаттауға заң тұрғысынан тыйым салынуы тиiс.
2. Ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни өшпендiлiкке әкелiп соғатын, өздiгiнен кемсiтуге, араздыққа немесе зорлық-зомбылыққа арандатушылық болып табылатын қандай да бір үгiт жүргiзуге заң тұрғысынан тыйым салынуы тиiс.
276. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" Заңға сәйкес терроризм, экстремизм және сепаратизм кез келген нысандарында және көріністерінде ұлттық қауіпсіздіктің басты қауiп-қатерлері қатарына жатады.
277. "Байланыс туралы" Заңның Бас Прокурорға және оның орынбасарларына байланыс желілерінің және (немесе) құралдарының жұмысын уақытша тоқтата тұру жөнінде ұсыным енгізу құқығы берілетін 41-1-бабы халықаралық нормаларға қайшы келмейді. Оларды қоғам мен мемлекет мүдделеріне нұқсан келтіретін қылмыстық мақсатта пайдалану, сондай-ақ экстремистік және террористік әрекеттерге, жаппай тәртіпсіздіктерге шақыру қамтылатын ақпаратты тарату және белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін іс-шараларға қатысу негіз бола алады.
278. Бұл тетік ерекше жағдайларда қолданылады. Ол қабылданған кезден бастап экстремизмді, терроризмді және соғысты насихаттайтын материалдарға қатысты тек 15 нұсқама енгізілді. Мысалы, ҚР БП-ның нұсқамасы бойынша Сирия мен Ирактағы ("Шамдағы Қазақстан мұджахедтері", "Алламен шыншылдар", "Жақсы істерде жарыс" және басқалары) террористер қатарына қосылуға шақыру қамтылған бейнероликтер тарату сот тәртібімен заңсыз деп танылды және тыйым салынды.
279. Халықаралық тәжірибені талдау көптеген дамыған елдерде заңсыз контентке ден қою тәжірибесі жалпыға бірдей қабылданғанын көрсетеді. ЕО-ның бірқатар елдерінде олар бірнеше мемлекеттік органдарға (салалар бойынша) берілген.
Пактінің 22-бабы және Қорытынды ескертулердің 54-тармағы бойынша
1. Әрбір адамның басқалармен бірiгiп қауымдастықтар құру бостандығына оның iшiнде кәсiподақтарды құрып оларға өз мүдделерiн қорғау мақсатымен кiруге құқығы бар.
2. Бұл құқықты пайдалану демократиялық қоғамның мемлекеттік немесе қоғамдық қауiпсіздiк пен қоғамдық тәртiп мүдделерiн, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау және басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау қажет етiлетiн, заңмен көзделген, шектеулерден тыс шектелуi тиiс емес. Осы бап бұл құқықты пайдалануда қарулы күштер құрамындағы және полицияда iстейтiн адамдар үшiн заңды шектеулер енгiзуге кедергi етпейдi.
3. Осы баптағы ешбір қағида Халықаралық еңбек ұйымының қауымдастықтар бостандығы мен ұйымдасу құқығын қорғау жөніндегі 1948 жылғы конвенциясына қатысушы мемлекеттерге, аталған Конвенцияда көзделген кепiлдiктерге нұқсан келтiретiн заң актілерін қабылдау, немесе заңды осы кепiлдiктерге нұқсан келтіретiндей етiп пайдалану құқығын бермейдi.
280. Конституцияның 23-бабына сәйкес азаматтардың бірлестіктер бостандығына құқығы бар.
281. "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңның нысанасы азаматтардың бірлесу бостандығына құқығын іске асыруға, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің құрылуына, қызметіне, қайта ұйымдастырылуына және таратылуына байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар болып табылады.
282. "Кәсіподақтар туралы" Заңға сәйкес кәсіподақ кемінде 10 адамнан тұратын, олардың кәсіптік мүдделерінің ортақтығымен байланысты, жарғысы бекітілетін және кәсіподақ органдары құрылатын құрылтай съезін шақыратын азаматтар тобының бастамасы бойынша құрылады.
283. Кәсіподақтар өз мүшелерінің тең құқылығы негізінде құрылады. Бір сала немесе ұйым шеңберінде құрылатын кәсіподақтар саны шектелмейді. Барлық кәсіподақтарға тең құқықтық мүмкіндіктер беріледі. Кәсіподаққа кіру, одан шығу, мүшеліктен айырылу шарттары мен тәртібі кәсіподақтың жарғысында айқындалады.
Қорытынды ескертулердің 54-тармағы
Қатысушы мемлекет саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдарды тіркеуді және олардың қызметін реттейтін өз нормативтік ережелері мен практикасын, сондай-ақ ереуілдер мен кәсіптік одақтардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық базасын Пактінің 19, 22 және 25-баптарының ережелеріне толық сәйкес келтіруі қажет. Ол, атап айтқанда:
а) қоғамдық бірлестіктерді, оның ішінде саяси партияларды кең мағынада айқындалған және құқықтық айқындылық қағидатына сәйкес келмейтін қылмыстық құқық нормалары негізінде олардың заңды қызметі үшін қылмыстық жауаптылыққа тартудан тартыну;
б) саяси партиялар қызметін тоқтата тұрудың немесе таратудың кең негіздерін нақтылау;
с) қоғамдық бірлестіктерді гранттық қаржыландыру туралы жаңа заңнаманың мұндай бірлестіктердің қызметіне заңсыз бақылау мен араласу құралы ретінде немесе олардың қаражат жинау бойынша мүмкіндіктерін шектеу мақсатында пайдаланылмауын қамтамасыз ету керек.
284. 2018 жылы сайлау және жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңдарға жергілікті өкілді органдардың депутаттарын сайлаудың пропорционалды жүйесін енгізуді қоса алғанда, саяси бәсекелестікті, көппартиялылықты және пікірлердің плюрализмін дамытуға бағытталған түзетулер қабылданды.
285. 2019 жылғы 22 желтоқсанда Президент ҰҚСК екінші отырысы аясында саяси партиялар құру үшін тіркеу кедергілерін 40 мыңнан 20 мың адамға дейін төмендету қажеттілігін атап өтті. Тиісті заң жобасы әзірленді, ол Парламент Мәжілісіне 2020 жылғы 6 сәуірде ұсынылды.
286. ХЕҰ ұсынымдарын іске асыру шеңберінде "Кейбір заңнамалық актілерге еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасы әзірленді, онда мынадай жаңалықтар: кәсіподақтарды тіркеу шарттарын жеңілдету; жоғары тұрған кәсіподақ бірлестіктеріне кәсіподақтардың міндетті мүшелігін алып тастау; кәсіподақтардың республикалық, салалық, өңірлік ретінде мәртебесін растау шарттарын жеңілдету; ереуілдерді заңсыз деп тану жағдайларын, оның ішінде қауіпті өндірістік объектілерде нақтылау; әлеуметтік серіктестік жүйесінде жұмыс берушілер өкілдерінің өкілеттіктерін бекіту (жұмыс берушілердің өкілдері мен олардың өкілеттіктері анықталды, ҰКП-ның әлеуметтік серіктестік жүйесіне қатысуы алып тасталады); "тарату" орнына қызметті қалпына келтіру мүмкіндігімен "тоқтата тұру" енгізіледі; ҚР ҚК 402-бабын ізгілендіру (1-бөлік қылмыстық теріс қылықтар дәрежесіне ауыстырылады, 2-бөліктің санкциясы ауырлығы орташа санаттан онша ауыр емес санатқа ауыстырылады) көзделген.
Пактінің 23-бабы бойынша
1. Отбасы қоғамның табиғи және негiзгi ұясы болып табылады және қоғам мен мемлекет тарапынан қорғалуға құқылы.
2. Heкe жасына толған ер азаматтар мен әйелдер некеге тұруға және отбасын құруға құқылы екендiктерi танылады.
3. Бiрде бір неке, некеге тұратын екi жақтың өзара еркiн және толық келісімдерiнсіз қиылмайды.
4. Осы Пактiге қатысушы мемлекеттер некенi қию, некелi болу уақытында және некенi бұзған кезде ерлi-зайыптылардың құқықтары мен мiндеттерiнiң теңдігін қамтамасыз ететiн тиiстi шаралар қабылдауға тиiс. Неке бұзылған жағдайда балалардың бәрiне тиiстi қорғау шаралары көзделуi қажет.
287. Конституцияға сәйкес неке мен отбасы, ана, әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті.
288. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекс неке-отбасы қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттары мен негіздерін айқындайды, отбасы дамуын мемлекеттік әлеуметтік саясаттың басым бағытымен айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
289. Некеге отыру кезінде шығу тегi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, нәсiлі, ұлты, тiлі, діни көзқарасы бойынша немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша кез келген шектеулерге тыйым салынады. Азаматтардың неке-отбасы қатынастарындағы құқықтары тек заң негізінде және конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын қорғау мақсатында қажет болған шамада ғана шектелуі мүмкін.
290. Неке қию үшін некеге отырушылардың еркін және толық келісімі және олардың неке жасына жетуі қажет. Неке жасы 18 жас болып белгіленген. Жүктілік кезінде және ортақ бала туған кезде неке жасы 2 жылдан аспайтын мерзімге төмендейді.
291. Ерлі-зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең міндеттер атқарады. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.
292. Діни жоралар бойынша қиылған неке тіркелген некеге теңестірілмейді және тиісті құқықтық салдар тудырмайды. Мешіттерде діни рәсімдер бойынша неке қию рәсімдері неке қию туралы куәлік болған кезде ғана жүргізіледі.
293. ҚК 16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер жасағаны үшін жауаптылық көзделеді. Бұл кәмелетке толмағандарды некеге отыруға мәжбүрлегені үшін не олармен неке қатынастары үшін жауаптылық ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделгенін куәландырады.
Пактінің 24-бабы бойынша
1. Әрбір бала нәсілiне, түр-түсiне, жынысына, тілiне, дiнiне, ұлттық, немесе әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк немесе туу жағдаяттарына қарамастан, ешқандай кемсiтусіз отбасы, қоғам және мемлекет тарапынан, өзiнiң жас шамасы талап ететiн тиiстi қорғау шараларын иеленуге құқылы.
2. Әрбір бала туғаннан кейiн дереу тiркеуден өткiзiлiп, есiмi қойылуы тиiс.
3. Әрбір бала азаматтық алуға құқылы.
294. "Баланың құқықтары туралы" Заңға сәйкес барлық бала тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, тең құқыққа ие. Некеден де және некесіз де туған балалар тең және жан-жақты қорғауды пайдаланады.
295. Заңның 9-бабына сәйкес туылғаннан кейін әрбір бала заңдарға сәйкес тіркелуі керек. Туылған кезінен бастап оның аты, әкесінің аты және тегі, ұлты және азаматтығы болуына құқығы, ал заңдарда көзделген жағдайларда оларды сақтауға құқығы бар.
296. "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодекстің 187-бабына сәйкес бала медициналық ұйымда туылған және анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайларда, туу фактісін тіркеу кезінде ол туралы мәліметтер анасының өтініші бойынша және туу туралы медициналық куәлікке сәйкес толтырылады, оған анасы туралы мәліметтер өзінің сөзі бойынша жазылғаны туралы белгі қойылады. Кодекстің ережесінде ата-анасының жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ жаңа туылған балалардың азаматтығы жоқтығы туралы мәселелер қаралады.
Қорытынды ескертулердің 6-тармағы бойынша
Қорытынды ескертулердің 6-тармағы
Қатысушы мемлекет Пакті бұзылған жағдайда құрбан болғандардың тиімді құқықтық қорғау құралына құқығына кепілдік беру үшін Комитет пайымдауларында қамтылған ұсынымдарды толық орындау мүддесінде тиісті рәсімдердің болуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Ол өз пайымдауларында қамтылған барлық ұсынымдарды уақтылы және толығымен орындауы керек.
297. Қазіргі уақытта ҚР БП қолдауымен БҰҰ бейінді комитеттеріне Қазақстанға қарсы жасалған жеке шағымдарды қарау, сондай-ақ олардың шешімдерін орындау тетігін әзірлеу бойынша мемлекеттік органдар қатарынан Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Қорытынды ескертулердің 8-тармағы бойынша
Қорытынды ескертулердің 8-тармағы
Қатысушы мемлекет Омбудсмен институтын Париж қағидаттарына (Бас Ассамблеяның 48/134 қарары, қосымша), оның ішінде тәуелсіздігін одан әрі нығайту жолымен және оған ұлттық алдын алу тетігі ретінде оның күшейтілген рөлімен шамалас жеткілікті қаржы және адами ресурстарды беру жолымен толық сәйкестендіру жөнінде одан әрі шаралар қабылдауы керек.
298. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты қызметінің тиімділігін арттыру туралы мәселені қараудың орындылығы 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында қарастырылған (Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген).
299. Президент 2017 жылғы 10 наурызда Президенттің ұсынуы бойынша Парламент Сенатының Адам құқықтары жөніндегі уәкілін сайлауын көздейтін "Конституцияға өзгерістер енгізу туралы" Заңға қол қойды.
300. Қазіргі уақытта Қазақстанның ұзақ мерзімді кезеңге арналған құқықтық саясаты жөнінде стратегиялық құжаттың жаңа жобасы жасалуда. Осы құжат аясында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты қызметінің тиімділігін арттыру мәселесін қарастыру да жоспарланған. Сонымен бірге Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің әлеуетін күшейту мәселесі жыл сайын қаралады.
301. Сонымен қатар 2019 жылы қызметін Адам құқықтары жөніндегі уәкіл үйлестіретін ұлттық алдын алу тетігінің мандаты күшейтілді. Осылайша ҰАТ алдын ала баруға жататын мекемелер мен ұйымдардың саны ұлғайтылды, сондай-ақ бару мекемелері бағыттары бойынша ҰАТ алдын алу әсері кеңейтілді. Басқаша айтқанда, бүгінгі таңда ҰАТ мандатына кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтары, арнайы оқу орындары, оның ішінде ұстаудың ерекше режимімен, тәрбие колониясы, ТИ және УҰИ-да кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған камералар, учаскелік полиция бөлімшелері, психиатриялық, туберкулез диспансерлердегі балалар бөлімшелері, әйелдер колониясындағы балалар үйі жатады.
Қорытынды ескертулердің 14-тармағына сәйкес
Қорытынды ескертулердің 14-тармағы
Қатысушы мемлекет терроризмге және экстремизмге қарсы күреске қатысты өзінің заңнамасын және практикасын Пакт бойынша өз міндеттемелеріне толықтай сәйкестендіруі, атап айтқанда, жоғарыда аталған кең ұғымдарды нақтылау және тарылту мақсатында олардың құқықтық айқындылық пен болжамдық қағидаттарына сәйкес келуін және мұндай заңнама заңмен қорғалатын әрекетке және пікір білдіруге тыйым салуға қолданылмауын қамтамасыз ету үшін тиісті заңнамалық ережелерін қайта қарау арқылы сәйкестендіруі керек. Ол сонымен бірге "экстремизм" үшін кез келген қудалауды жүзеге асыру кезінде әділ сот талқылау құқығы мен сот төрелігіне қол жетімділіктің сақталуын қамтамасыз етуі керек.
302. Конституцияның 20-бабына сәйкес ҚР конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, тұтастығын бұзуды, қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді.
303. Қазақстан терроризмге қарсы күрес бойынша халықаралық және өңірлік бастамаларды қолдайды. Сонымен қатар БҰҰ ҚК тұрақты емес мүшесі болып сайланған Орталық Азия өңіріндегі алғашқы мемлекет бола отырып, Қазақстанның бірқатар бастамалары қолдау тапты және БҰҰ-ға мүше басқа мемлекеттердің қатысуымен іске асырылды.
304. Халықаралық және өңірлік деңгейде қабылданатын шаралар біздің еліміздің БҰҰ ҚК 2178 (2014) қарары бойынша міндеттемелерін орындауға деген берік ниетін куәландырады. Бұл, әсіресе, ұлттық қауіпсіздік пен бейбітшілікті қамтамасыз ету, ішкі тұрақтылықты қорғау тұрғысынан адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты.
305. Қазақстан БҰҰ институттарының конвенцияларын, шешімдері мен ұсынымдарын ескере отырып, адам құқықтарын ілгерілетудегі арнайы рәсімдердің мандаты мен міндеттерін құрметтейді. Осыған орай Үкімет БҰҰ-ның терроризммен күрес жағдайларында адам құқықтарын көтермелеу және қорғау туралы мәселе бойынша арнайы баяндамашы Ф. Ни Аолайнға 2019 жылғы 10 мамырдан бастап 17 мамыр аралығында ҚР сапары кезінде өз мандаты мәселелері бойынша ашық диалог жүргізгені үшін ризашылығын білдіреді.
306. Конституция нормаларына, Пактінің ережелеріне, БҰҰ АҚК Жалпы тәртібі ескертулеріне, сондай-ақ Сиракуза қағидаттарына сүйене отырып, ұлттық, нәсiлдiк немесе дiни өшпендiлiк жағына кемсiтуге, араздыққа немесе зорлық-зомбылыққа айдап салу түрiндегi кез келген сөз сөйлеуге тыйым салынатын және ол үшін жауаптылықты көздейтін заңдар қабылданды.
307. "Ұлттық қауіпсіздік туралы" Заңға сәйкес кез келген нысандардағы және көріністердегі терроризм мен экстремизм ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіп-қатерлер қатарына жатады. "БАҚ туралы", "Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы" және "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" заңдарда экстремизм мен терроризмді насихаттауға және ақтауға тыйым салу белгіленген.
308. ҚР ҚК әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, мүліктік немесе діни араздықты қоздырғаны үшін жауаптылық туралы 174-бап бекітілген. Бап қолданысы Пактінің талаптарына қайшы келмейді, керісінше, олардан, басқа да шарттар нормаларынан, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың ұстанымдарынан туындайды. Атап айтқанда, ЕҚЫҰ елдері өшпенділік негізінде жасалған қылмыстардың қауіптілігін мойындап, осыған ұқсас қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылықты күшейту жөніндегі шараларды қабылдауға міндеттенді.
309. Осылайша араздық қоздырғаны үшін қылмыстық жауаптылықтың болуы Казақстанның ұлттық мүдделеріне де, халықаралық міндеттемелеріне де сәйкес келеді.
310. ҚР жаңа ҚК "террористік немесе экстремистік даярлықтан өту", "ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу" сияқты қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді.
311. Террористік қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтың жас деңгейі өзгертілді. Егер ҚР ескі ҚК бойынша террористік бағыттағы қылмыстардың үш түрі үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан бастап туындаса, онда ҚР жаңа ҚК сәйкес құрамы 12 террористік және экстремистік қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан бастап туындайды.
312. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңда терроризмге қарсы
іс-қимылды ұйымдастыру бойынша нормалар реттелген, терроризмге қарсы
іс-қимылды жүзеге асыратын органдардың құзыреті, террористік іс-әрекеттің алдын алу, анықтау және жолын кесу жөніндегі шаралар айқындалған. Заңмен терроризм салдарынан зардап шеккен адамдардың залалдарын өтеу және оларды әлеуметтік жағынан оңалту, сондай-ақ террористік әрекеттерге қатысқаны үшін жауаптылық мәселелері реттеледі.
313. "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Заңға сәйкес ІІО өз құзыреті шегінде заңдарында өздерінің қарауына жатқызылған террористік қылмыстарды анықтайды, олардың алдын алады, жолын кеседi және тергейдi, терроризмге қарсы операцияларды өткізуге қатысады, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастырады және оның жай-күйін бақылайды.
314. Экстремизмнің алдын алу саласындағы Заңның 6-бабына сәйкес ІІО жедел-iздестiру қызметiн, қоғамдық тәртiптi қорғау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiнде атқарушылық және өкiмдiк функцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ өздерiнiң iс-әрекеттерiмен қоғам мен мемлекет қауіпсiздiгiне қатер төндiретiн немесе нұқсан келтiретiн шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды ҚР шығарып жiберудi жүзеге асырады.
315. Біркелкілік мақсатында сот тәжірибесін жалпылау жүргізілді және 2017 жылы ҚР ЖС "Террористік және экстремистік қылмыстар туралы заңнаманы қолдану бойынша сот практикасының кейбір мәселелері туралы" № 11 нормативтік қаулысы қабылданды.
316. Терроризмге қарсы күрес саласында жаңа тәсілдерді белгілеу мақсатында "Кейбір заңнамалық актілерге қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Заң жобасы әзірленді.
317. Заң жобасына коммерциялық емес секторды терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудан қорғауға қатысты новеллалар енгізілді. Осылайша ФАТФ ұсынымына сәйкес КЕҰ-ға қойылатын талаптарды, атап айтқанда, терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдалануға болатын ұйымдардың қызметін реттейтін заңдар мен ережелердің жеткіліктілігін қарастыру ұсынылады.
318. Аталған ұсыным бойынша КЕҰ (қайырымдылықпен айналысатын КЕҰ, сондай-ақ ерікті қаржылық және басқа қайырымдылық көмекке жүгінетін діни бірлестіктер) ақшалай қаражатты террористік әрекеттер мен терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланудан қорғау жөнінде белгілі бір міндеттемелер мен шаралар ұсынылады.
319. Заң жобасында ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін азайтуға бағытталған шараларды әзірлейтін Ведомствоаралық кеңес құру көзделген.
320. Ұлттық заңнамаға БҰҰ ҚК қарарларына сәйкес терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қатысты мақсатты қаржы санкцияларының тетіктері имплементацияланады.
Қорытынды ескертулердің 18-тармағы бойынша
Қорытынды ескертулердің 18-тармағы
Қатысушы мемлекет кінәлілерді тиісті түрде жауаптылыққа тартуды қамтамасыз ету, сотталғандардың әділ сот талқылауына құқықтарын қалпына келтіру және адам құқықтарын бұзудан зардап шеккендердің барлығына немесе олардың отбасыларына барабар өтемақы төлеуді қоса алғанда, құқықтық қорғаудың тиімді құралдарын беру мақсатында Жаңаөзендегі оқиғаларға байланысты адамдардың қаза болуының және жарақат алуының әрбір жағдайы бойынша, сондай-ақ азаптауға және қатыгездікпен қарауға жасалған әрбір шағым бойынша тәуелсіз, бейтарап және тиімді тергеп-тексеруді жүргізуі тиіс.
321. Оқиғалар хронологиясын қалпына келтіру мақсатында Президенттің тапсырмасы бойынша Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу қатаң түрде қылмыстық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүзеге асырылды. 200-ден астам сараптама жасалып, 1,5 мыңнан астам куәлерден жауап алынды, сондай-ақ Жаңаөзен қалалық алаңы аумағындағы барлық үй тексерілді.
322. Нәтижелері бойынша сотқа үкім шығарумен 8 қылмыстық іс, оның ішінде 6 полиция қызметкеріне қатысты 2 іс, тәртіпсіздіктерге қатысқан 48 адамға қатысты 3 іс, мұнай компанияларының 3 басшысына қатысты 1 іс, әрекеттері тәртіпсіздіктер тудырған адамдарға қатысты 2 іс жіберілді және қаралды.
323. Осы қылмыстық істер бойынша сот актілері соттың барлық сатысының, оның ішінде ҚР ЖС қарау нысанасы болды. Үкімдер біліктілік жағынан да, жаза жағынан да өзгертілді.
324. Тергеп-тексеруге құрамына саяси партиялардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері, сонымен қатар ардагер мұнайшылар, дәрігерлер, экономистер және заңгерлер кірген қоғамдық комиссия қатысқанын атап өту керек.
325. Байқаушылардың қатарында: Ұлыбритания елшілігінің кеңесшісі Т.Блэйк-Джеймс, АҚШ елшілігінің қызметкерлері Э.Лидербах және А.Жантикина, ЕО өкілдері А. Якобсоне және К.Джаманкулова, ЕП депутаты П. Борыс болды.
326. Халықаралық ұйымдар мен билік институттарынан байқаушылардың көпшілігі Қазақстанның тергеп-тексеру процесінде ашықтықты қамтамасыз еткенін растады. Сонымен қатар олар қамауға алынғандарға қатысты азаптау немесе қатыгездікпен қарау фактілерін анықтамады және айыпталушыларды ұстау шарттарының тиісті стандарттарға сәйкестігін атап өтті.
327. Бұдан басқа 19-шы сессияда БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің Жұмыс тобы Жаңаөзендегі оқиғалар жөніндегі мәселелерді қарау тоқтатылғаны туралы мәлімдеді. Ол Қазақстан Үкіметіне БҰҰ-мен жоғары деңгейдегі ынтымақтастық үшін алғыс білдірді және көрсетілген оқиғаларды тергеп-тексерудегі халықаралық міндеттемелерді сақтау жөніндегі жұмысты оң бағалады.
Қысқартулар тізімі
АӘК | атаулы әлеуметтік көмек |
ҰОС | Ұлы Отан соғысы |
ҚР ЖС | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
ЖСК | Жоғары Сот Кеңесі |
ЖОО | жоғары оқу орны |
БҰҰ БА | Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы |
МКБЗК | мемлекет кепілдік берген заң көмегі |
ҚР БП | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
ҚР АПК | Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі |
ПД | полиция департаменті |
СДТБТ | Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімі |
ЕО | Еуропалық Одақ |
ЕП | Еуропалық Парламент |
УҰИ | уақытша ұстау изоляторы |
АҚЗСҚХБ | Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы |
ҚР ІІМ КҚК | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті |
ҚКХП | Қазақстан Коммунистік Халық партиясы |
ӘҚБтК | Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі |
БҰҰ АҚК | Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі комитеті |
СІМ жанындағы "АӨДА" ККО | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Адами өлшем бойынша диалог алаңы" консультативтік-кеңесші органы |
КӘЗК | кешенді әлеуметтік заң көмегі |
ҚР ІІМ ҚАЖК | Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi |
ҚР ІІМ | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ҚР ДСМ | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
ЕТЖ | ең төменгі жалақы |
ҚР СІМ | Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі |
ҚР АҚДМ | Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
ҚР БҒМ | Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлігі |
ҚР ҰЭМ | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ХЕҰ | Халықаралық еңбек ұйымы |
АСҚХП | Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт |
АЕК | айлық есептік көрсеткіш |
ҚР Еңбекмині | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ҚР Әділетмині | Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі |
ҚР ҰҰ | Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы |
ӘІОДСҰК | Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия |
КЕҰ | коммерциялық емес ұйымдар |
НҚА | нормативтік құқықтық акт |
ҰАТ | ұлттық алдын алу тетігі |
ҮЕҰ | үкіметтік емес ұйымдар |
ҰКП | "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы |
ӘЖҰРО | Әлеуметтік жұмыс бойынша Ұлттық ресурстық орталық |
ҰҚСК | Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі |
АҚҰО | Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық |
ЕҚЫҰ | Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы |
ІІО | ішкі істер органдары |
БҰҰ | Біріккен Ұлттар Ұйымы |
ЖСДП | Жалпыұлттық социал-демократиялық партия |
ЭЫДҰ | Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы |
МСМШ | медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары |
ҚР ҰҚК ШК | Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі |
ЭҮП | "Электрондық үкімет" порталы |
ҚР | Қазақстан Республикасы |
ЕК | Еуропа Кеңесі |
ТИ | тергеу изоляторы |
БҰҰ ҚК | Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесі |
БАҚ | бұқаралық ақпарат құралдары |
ҚР ЕК | Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі |
ҚР ҚАК | Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі |
ҚАЖ | қылмыстық атқару жүйесі |
ҚР ҚК | Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі |
ҚР ҚПК | Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі |
БҚУ | Бала құқықтары жөніндегі уәкіл |
АҚУ | Адам құқықтары жөніндегі уәкіл |
ФАТФ | Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржы шараларын әзірлеу тобы |
ТЖ | төтенше жағдай |
ТА | төтенше ахуал |
КҚО | Көші-қон қызметтері орталығы |
ХҚКО | Халыққа қызмет көрсету орталығы |
ҚР Әділетмині ССО | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы |
АНТ | ағымдағы нысаналы трансферттер |
ТДМ | тұрақты даму мақсаты |
ШЫҰ | Шанхай ынтымақтастық ұйымы |
ЮНЕСКО | Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы |