"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 шiлдедегi № 421 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 11 қарашадағы № 952 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.11.2024 № 952 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 113 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 4, 50-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қоғам жанынан осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес құрамда Сараптама кеңесі (бұдан әрі – Сараптама кеңесі) құрылсын.";

      5-тармақта орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы Сараптама кеңесінің құрамы";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы сараптама кеңесі туралы ереженің тақырыбы мен 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы Сараптама кеңесі туралы ереже";

      "1. Осы Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы жанындағы Сараптама кеңесі туралы ереже Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Сараптама кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.";

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшамен бекітілген Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының жанындағы сараптама кеңесінің құрамына мыналар енгiзiлсiн:

      Абзалбек Ғабит – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің

      Мұхамеджанұлы Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі (келісу бойынша);

      Мухимов Абзал – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің

      Сансызбаевич Ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі (келісу бойынша).

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады