"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 437 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 8, 46-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 83-1), 86-1), 93-1), 95-1) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ереженің 16-тармағының 83) тармақшасы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" әкімшілік ғимараты, 6-кіреберіс.";

      16-тармақта:

      55) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 62-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "62-1) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру, олардың жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен бірлесіп, комиссияның арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобалармен, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 73-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "73-1) кадрлардағы жергілікті қамту үлесін есептеу әдістемесін бекіту;";

      79) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "79) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шекте және тәртіппен Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында бөлу;";

      87) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "87) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін бюджет қаражаты есебінен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк базалық әлеуметтiк жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      96) және 97) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "96) әлеуметтік аударымдарды есептеу мен Қорға төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидаларын және Мемлекеттік корпорацияның банк шотына артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақытылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлды аудару қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      97) әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу (айқындау), Қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      100) және 101) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "100) Қордың басшы жұмыскерлерін тағайындауға (тағайындаудан бас тартуға) келісім беру;

      101) Қордың қаржылық және өзге есептілігінің тізбесін, нысандарын, оларды ұсыну мерзімдерін айқындау;";

      мынадай мазмұндағы 103-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "103-1) "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен Қордың қызметін ішкі бақылауды жүзеге асыру;";

      104) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "104) Қор активтерін инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттерін әзірлеу;";

      105) тармақша алып тасталсын;

      106) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "106) Қордың комиссиялық сыйақысының проценттік мөлшерлемесінің шекті шамасын белгілеу туралы ұсыныс әзірлеу;";

      мынадай мазмұндағы 106-1) және 106-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "106-1) Қордың комиссиялық сыйақысының проценттік мөлшерлемесінің шамасын жыл сайын, бірақ жылына екі реттен асырмай белгілеу;

      106-2) Қордың комиссиялық сыйақыны алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      109) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "109) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 114-1), 114-2), 114-3), 114-4) және 114-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "114-1) халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қаржыландыру және мониторингтеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      114-2) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынатын ұйымдардың бірыңғай тіркелімін және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мамандардың тізілімін қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      114-3) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      114-4) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу және бекіту;

      114-5) Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және денсаулық сақтау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен бірлесе отырып, әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау өлшемшарттарын айқындау;";

      117) және 118) тармақшалар алып тасталсын;

      119) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "119) мүгедектер мен мүгедек балаларға жеке оңалту бағдарламаларына сәйкес санаторийлік-курорттық емдеуді ұсыну тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 119-1) және 119-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "119-1) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мынадай әлеуметтік көрсетілетін қызметтерді:

      жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін – жеке көмекші;

      есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманын жылына алпыс сағатқа беру тәртібін бекіту;

      119-2) жеке оңалту бағдарламасына сәйкес мүгедектерді

      протездiк-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен, арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 121-1), 121-2), 121-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "121-1) тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы мүгедектерге өткізу кезінде олардың құнын мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу қағидаларын бекіту;

      121-2) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында өнім берушілерді тіркеу, сондай-ақ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеуден шығару қағидаларын бекіту;

      121-3) әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталы арқылы сатып алынатын санаторийлік-курорттық емдеудің, протездік-ортопедиялық көмектің, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының құнын өтеу ретінде ұсынылатын кепілдік берілген соманың мөлшерін есептеу қағидаларын бекіту;";

      123) және 124) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "123) атаулы әлеуметтік көмекті, оның ішінде кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы беру, балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау және төлеу тәртібін айқындау;

      124) учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сондай-ақ өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру нәтижесі бойынша атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту;";

      133) тармақша алып тасталсын;

      152) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "152) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларды, олардың әлеуметтік аударымдары мен әлеуметтiк төлемдерін дербес есепке алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      154) тармақша алып тасталсын;

      17-тармақта:

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында бөлу;";

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) бюджет қаражаты есебiнен берілетін мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууға байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақы, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдау және оларды төлеуді қамтамасыз ету;";

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) бюджет қаражаты есебiнен берілетін мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемінің, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің, арнаулы мемлекеттік жәрдемақының, мемлекеттік арнайы жәрдемақының, бала тууға байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақылардың, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақының, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмектің, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына берілетін біржолғы ақшалай өтемақының, жерлеуге арналған біржолғы төлемнің, Қордан берілетін әлеуметтік төлемдердің уақтылы және толық төленуін бақылауды жүзеге асыру;";

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) бюджет қаражаты есебiнен берілетін мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны, мемлекеттік арнайы жәрдемақыны, бала тууға байланысты және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша тағайындалатын және төленетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақыларды, мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қамқоршыға (қорғаншыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтіміне байланысты тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасыларға тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны, банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына келтірген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түріндегі әлеуметтік көмекті, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге арналған біржолғы төлемді тағайындау үшін қажетті құжаттардың дұрыстығын тексеру;";

      30) тармақша алып тасталсын;

      35-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-1) кадрлардағы жергілікті қамту үлесін есептеу әдістемесін әзірлеу;";

      ведомствоның қарамағындағы аумақтық бөлімшелердің тiзбесiнде:

      Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық бөлімшелерінде:

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті, Нұр-Сұлтан қаласы.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады