Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕД1:
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
"Қазакстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
1-бап. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 10, 35-құжат; 2007 ж., № 4, 34-құжат; 2010 ж., № 17-18, 109-құжат; 2011 ж., № 7, 54-құжат; 2014 ж., № 2, 13-құжат; № 23, 138-құжат; 2015 ж., № 20- IV, 113-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 20-1-баппен толықтырылсын:
"20-1-бап. Қазақстан Республикасының ратификацияланған қолданыстағы халықаралық шарттарының Қазақстан Республикасының заңдарымен арақатынасы
Қазақстан Республикасы ратификациялаған қолданыстағы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары оның заңдары алдында басымдыққа ие және халықаралық шартта оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданылады.";
21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын оларға басқа қатысушылар бұзған жағдайда, сондай-ақ халықаралық құқықтың нормаларында көзделген өзге де жағдайларда:
1) халықаралық шарттардың қолданысы осы Заңның 28 және 29-баптарында көзделген тәртіппен тоқтатылуы немесе тоқтатыла тұруы мүмкін;
2) осы Заңның 29 және 30-баптарында көзделген тәртіппен халықаралық шарттардың немесе олардың жекелеген ережелерінің орындалуын тоқтата тұру түрінде қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдануы мүмкін.";
28-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"28-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату
1. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату халықаралық шарттардың ережелеріне сәйкес немесе барлық қатысушылардың келісімімен, сондай-ақ халықаралық құқықтық нормаларына сәйкес кез келген уақытта жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтату туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялайды.";
29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"29-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшін жою туралы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындаудың Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұру туралы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұрылғаннан кейін оларды орындауды қалпына келтіру туралы ұсыныстар
1. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшін жою, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұру және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұрылғаннан кейін оларды орындауды қалпына келтіру халықаралық шарттардың өздерінде көрсетілген талаптарға, халықаралық құқық нормаларына және осы Заңның ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің келісімі бойынша өз құзыреті мәселелері бойынша:
1) Қазақстан Республикасының атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшін жою туралы, Қазақстан Республикасының атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұру туралы, Қазақстан Республикасының атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұрылғаннан кейін оларды орындауды қалпына келтіру туралы ұсыныстарды - Қазақстан Республикасының Президентіне;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе күшін жою, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұру, Қазақстан Республикасының атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұрылғаннан кейін оларды орындауды қалпына келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар жасайды.
3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен келісуі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшін жою туралы, Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұру туралы, Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұрылғаннан кейін оларды орындауды қалпына келтіру туралы ұсыныстар береді.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшін жою туралы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелері орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұру туралы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұрылғаннан кейін оларды орындауды қалпына келтіру туралы осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында және 3-тармағында көрсетілген ұсыныстарды қарайды, және:
1) Қазақстан Республикасының атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшін жою туралы, Қазақстан Республикасының атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұру туралы, Қазақстан Республикасының атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұрылғаннан кейін оларды орындауды қалпына келтіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне енгізеді;
2) Қазақстан Республикасы Президентімен келісуі бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді;
3) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған, ратификацияланған халықаралық шарттардың күшін жою туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.
5. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары өздерінің құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарымен және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісілген, өздерінің аттарынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшін жою туралы, өздерінің аттарынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұру туралы, өздерінің аттарынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұрылғаннан кейін оларды орындауды қалпына келтіру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне ұсынады.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшін жою туралы, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұру туралы, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұрылғаннан кейін оларды орындауды қалпына келтіру туралы ұсыныстарды қарайды және мұндай халықаралық шарттардың қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшін жоюдың, осындай халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұрудың, орталық мемлекеттік органдардың атынан жасалған халықаралық шарттарды немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұрылғаннан кейін оларды орындауды қалпына келтірудің сыртқы саяси орындылығы туралы қорытындылар береді.";
30-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"30-бап. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарыныц қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшін жою туралы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұру туралы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұрылғаннан кейін оларды орындауды қалпына келтіру туралы шешімдер қабылдау
1. Қазақстан Республикасының ратификацияланған халықаралық шарттарының күшін жою туралы заңдарды Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдайды.
2. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру немесе олардың күшін жою туралы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұру туралы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұрылғаннан кейін оларды орындауды қалпына келтіру туралы шешімдерді:
1) Қазақстан Республикасының атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты - Қазақстан Республикасының Президенті;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты - Қазақстан Республикасының Үкіметі;
3) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалған халықаралық шарттарға қатысты – Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттік органдарының бірінші басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қабылдайды.
3. Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының қолданысын тоқтата тұру туралы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының күшін жою туралы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұру туралы, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын немесе олардың жекелеген ережелерін орындауды Қазақстан Республикасының қарымта шаралар (қарсы шаралар) қабылдау тәртібімен тоқтата тұрылғаннан кейін оларды орындауды қалпына келтіру туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында жариялайды.".
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |