Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 43 қаулысымен.2) "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 67-68,477-құжат):
1-тармақтың 6) тармақшасындағы "қағидалары бекітілсін." деген сөздер "қағидалары;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
"7) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары;
8) "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
"Терминдер мен анықтамалар" деген 2-тараудың 7-тармағының 9-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9-1) жекелеген кәсіпкерлік субъектілері – қызметін Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және тамақ өнімдерінің өндірісі (ЭҚЖЖ 10), сабын және жуғыш, тазалағыш және жылтыратқыш құралдар шығару (ЭҚЖЖ 20.41), шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарын шығару (ЭҚЖЖ 17.22.0), автомобиль көлігімен жүк тасымалдау (ЭҚЖЖ 49.41), қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі (ЭҚЖЖ 52), туризм (ЭҚЖЖ 55.1, ЭҚЖЖ 55.2, ЭҚЖЖ 55.3.) және жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару (ЭҚЖЖ 68.20) салаларында жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері;";
"Бағдарламаның "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттары" деген 3-тарау алып тасталсын;
"Бағдарламаның "Экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық даму субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттары" деген 4-тарауда:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаның "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттары";
32-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктердің кредиттері бойынша, оның ішінде жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың айналым қаражатын толықтыруға бағытталған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты есебінен берілген кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау да бюджеттен бөлінген лимиттер шеңберінде жүзеге асырылады. Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген талаптар қолданылмайды.";
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 8 (сегіз) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.";
42-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын жекелеген кәсіпкерлік субъектілері кредиттерінің/қаржылық лизинг шарттарының жиынтық портфелі 100 (жүз) млрд. теңгеден аспайды.";
43-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Төтенше жағдайдың/ахуалдың енгізілуіне байланысты кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде субсидиялау мерзімі ұсынылған кейінге қалдыру мерзіміне ұзартылады.";
49-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Даму банкінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мерзімі жағынан шектелмей жүзеге асырылады.";
"Тетік шеңберінде субсидиялау шарттары" деген 6-тараудың 82-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"82. Инвестицияларға бағытталған кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайтын мерзімді құрайды.
Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған күннен бастап белгіленеді.
Төтенше жағдайдың/ахуалдың енгізілуіне байланысты кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде субсидиялау мерзімі ұсынылған кейінге қалдыру мерзіміне ұзартылады.
Осы тармақ, осы тармақтың үшінші бөлігін қоспағанда, 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.";
"Субсидиялар беру үшін Бағдарламаға/Тетікке қатысушылардың өзара іс-қимыл тәртібі" деген 7-тарауда:
90-тармақтың төртінші және бесінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде жобаны іске асыруға өз қаражатының (ақшасының, жылжымалы/жылжымайтын мүлкінің) және/немесе 180 (бір жүз сексен) млн. теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша үшінші тұлғалар мүлкінің қатысуын қамтамасыз ету мерзімдері (бұл ретте мүліктің мұндай қатысуы жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы деңгейінде қамтамасыз етіледі);
қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің ұлғаюы немесе 10 %-ға кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы Бағдарламаның екінші бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);";
94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"94. Кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органы құжаттар топтамасы бар ақпарат түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте, қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда, шешімде: қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің ұлғаюы бойынша немесе 10 %-ға кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша міндеттемесі (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлер жобалары бойынша) көрсетіледі.";
"Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау тәртібі" деген 10-тараудың 141-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе 10 %-ға кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің өсуі бойынша міндеттемелерді орындамауы (Бағдарламаның екінші бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша);";
көрсетілген Қағидаларға 4-қосымшада:
"Бағдарлама шеңберінде "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты" деген жол алып тасталсын;
"Бағдарлама шеңберінде "Экономиканың басым салаларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарлама шеңберінде "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты";
көрсетілген Қағидаларға 5-қосымшада:
"Бағдарлама шеңберінде "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты" деген жол алып тасталсын;
"Бағдарлама шеңберінде "Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызметті салалық қолдау" екінші бағыты" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарлама шеңберінде "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларында:
"Бағдарламаның "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттары" деген 2-тарау алып тасталсын;
"Бағдарламаның "Экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттары" деген 3-тарауда:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаның "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты шеңберінде субсидиялар беру шарттары";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 8 (сегіз) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг/қаржыландыру берілген күннен бастап есептеледі) екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар бұрын берген және Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкес келетін қаржыландыру да субсидиялауға жатады.";
35-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын жекелеген кәсіпкерлік субъектілері кредиттерінің/қаржылық лизинг шарттарының жиынтық портфелі 100 (жүз) млрд. теңгеден аспауға тиіс.";
36-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Төтенше жағдайдың/ахуалдың енгізілуіне байланысты кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде субсидиялау мерзімі ұсынылған кейінге қалдыру мерзіміне ұзартылады.";
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымшада:
"Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты" деген жол алып тасталсын;
"Экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты";
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
"Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің бизнес-бастамаларын қолдау" бірінші бағыты" деген жол алып тасталсын;
"Экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында:
10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын жекелеген кәсіпкерлік субъектілеріне жататын барлық эмитенттердің облигациялар шығарылымының жиынтық номиналды құны 100 (жүз) млрд. теңгеден аспауға тиіс.";
17-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Төтенше жағдайдың/ахуалдың енгізілуіне байланысты кредиттер бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде субсидиялау мерзімі ұсынылған кейінге қалдыру мерзіміне ұзартылады.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдіктер беру қағидаларында:
"Жалпы ережелер" деген 1-тараудың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Тетік шеңберінде басым жобаларға кепілдік беру кезінде Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде агроөнеркәсіптік кешенде, өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу және көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін қаражат аударуға арналған шарт шеңберінде басым жобаларды субсидиялауға бөлінген қаражат кепілдік сомасының 20 % мөлшерінде қаржы агенттігінің ағымдағы шотына аударылуға жатады және шығарылған кепілдіктер үшін төлем болып табылады. Жобаны одан әрі қарау және қаржыландыру Бағдарламада көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. Қаржы агенттігі өз ұйғарымы бойынша алынған қаражатты әртүрлі қаржы құралдарына орналастыра алады.";
"Терминдер мен анықтамалар" деген 2-тараудың 5-тармағының 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-1) жекелеген кәсіпкерлік субъектілері – қызметін Бағдарламаға 2-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі және тамақ өнімдерінің өндірісі (ЭҚЖЖ 10), сабын және жуғыш, тазалағыш және жылтыратқыш құралдар шығару (ЭҚЖЖ 20.41), шаруашылық-тұрмыстық және санитариялық-гигиеналық мақсатқа арналған қағаз бұйымдарын шығару (ЭҚЖЖ 17.22.0), автомобиль көлігімен жүк тасымалдау (ЭҚЖЖ 49.41), қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі (ЭҚЖЖ 52), туризм (ЭҚЖЖ 55.1, ЭҚЖЖ 55.2, ЭҚЖЖ 55.3.) және жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару (ЭҚЖЖ 68.20) салаларында жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері;";
"Бағдарламаның "Моноқалалар, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендер кәсіпкерлерінің жаңа бизнес-бастамаларын қолдау" деген бірінші бағыты шеңберінде кепілдік беру шарттары" деген 3-тарау алып тасталсын;
"Бағдарламаның "Экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" деген екінші бағыты шеңберінде кепілдік беру шарттары" деген 4-тарауда:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Бағдарламаның "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін салалық қолдау" екінші бағыты шеңберінде кепілдіктер беру шарттары";
24-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте, Бағдарламаның екінші бағытының шарттарына сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, БЖЗҚ, облыс, астана, республикалық маңызы бар қалалар әкімдігінің және қаржы агенттігінің қаражаты есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде банктер арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын кәсіпкерлер кепілдік беруге қатысуға жіберіледі.";
25-тармақтың 5) тармақшасындағы "жеткіліксіз кредиттер кепілдік беруге жатпайды." деген сөздер "жеткіліксіз кредиттер;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) кредит алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлеу, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері бар кәсіпкерлердің кредиттері кепілдік беруге жатпайды.";
32-тармақ мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігі банкке кредит сомасының 50 %-ынан аспайтын мөлшерде бұрын берілген кепілдікті ескере отырып, кәсіпкерлердің жобаларына кредит беру құқығын береді. Кредит мөлшері 360 (үш жүз алпыс) млн. теңгеден аспайды.
Банктер жобаны іріктеуден кейін қаржы агенттігіне кепілдік беру шартын қол қою үшін ұсынады. Егер жобаның мәлімделген нысаналы мақсаты Бағдарламаның талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі кепілдік беру шартына қол қоюдан бас тартуға құқылы.";
34-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жоба шеңберінде кредит 100 % мөлшерде сомасы 500 (бес жүз) млн. теңгеден аспайтын айналым қаражатын толықтыруға бағытталған (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуді және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге мақсаттарды қоспағанда) жағдайларда айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.";
35-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер/кәсіпкер үшін:";
мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
"35-1. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің 360 (үш жүз алпыс) млн. теңгеден астам мөлшердегі кредиттеріне кепілдік беру осы Кепілдік беру қағидаларының 36-тармағында айтылған шарттарда жүзеге асырылады.";
36-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит(-тер) сомасы банктің кредиттері бойынша 1 (бір) млрд. теңгеден аспайды.
Бұл ретте кредит(-тер) сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті(-тері) бойынша берешектер есепке алынбай есептеледі.
Кепілдік беру жүзеге асырылатын жекелеген кәсіпкерлік субъектілері кредиттерінің/қаржылық лизинг шарттарының жиынтық портфелі 100 (жүз) млрд. теңгеден аспайды.";
"Кепілдік беру үшін Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимыл жасасу тәртібі" деген 6-тарауда:
58-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) банк қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік беру шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит беруді жүзеге асырады.
Портфельдік кепілдік беру кезінде банк кредит берілгеннен кейін күнтізбелік 30 күн ішінде кепілдік беру шартына қол қоя алады.";
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Жобаларға кепілдік беруге арналған бюджет қаражатының жеткіліксіздігі қалыптасқан жағдайда облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігі қосымша қаражат алғанға дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұру үшін бұл туралы қаржы агенттігін хабардар етеді. Қаржы агенттігі кепілдік беру шарттары қолданысының тоқтатылуы есебінен босаған қаражат болған кезде жобаларға кепілдік беруді жалғастыра алады.
Осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде кепілдік беруге бөлінген және ағымдағы қаржы жылы қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылында жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.";
көрсетілген кепілдіктер беру Қағидаларына 3-қосымшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) екінші бағытын/Басым жобаларға кредит беру тетігін (бұдан әрі – Тетік) іске асыру шеңберінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі) _________________________ жеке кәсіпкерінің/жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің/акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ДК/ЖШС/АҚ) "______________________" _________________________жобасы бойынша қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы өтінімін қарап, мақұлдағанын хабарлаймыз.";
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидаларында:
"Жалпы ережелер" деген 1-тарау мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
"6-1. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуші арасында тиісті шарт жасалғаннан кейін туындаған қатынастарға қолданылады.
6-2. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары күшіне енген күні қолданыста болған және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген грант беру туралы шарттар қаржыландыруға жатады. Грант беру туралы қағаз шарттарды электрондық форматқа аударуды және оларды субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуші осы Қағидалар күшіне енген күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырады.";
"Терминдер мен анықтамалар" деген 2-тарауда:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, мемлекеттік қолдау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;";
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"10) өтінім – осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген қағаз немесе электрондық нысандағы өтініш;";
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12) грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі, қаржы агенттігі және шағын кәсіпкерлік субъектісі арасында субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал) электрондық түрде жасалатын үшжақты келісім, оның талаптары бойынша кәсіпкерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға нысаналы грант беріледі;";
15) және 16) тармақшалар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшалармен толықтырылсын:
"17) транш беруге арналған өтінім – мемлекеттік грантты немесе оның бір бөлігін кәсіпкердің банктік шотына аударуға арналған өтінім;
18) веб-портал – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
19) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, уәкілетті органның, ұлттық институттың, қаржы агенттігінің, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің, конкурстық комиссияның) тізілімдегі дербес веб-парақшасы;
20) жеке шот – тізілімде тіркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін, оны тану (аутентификациялау) және оның жеке деректері мен баптауларына қолжетімділік беру үшін қажетті субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ашылатын шот;
21) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
22) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер туралы, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
23) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға арналған техникалық талаптарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
24) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.";
"Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар берудің тәртібі мен шарттары" деген 3-тарауда:
11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап 18 (он сегіз) айдан аспайды.";
17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес облыстық өңірлік апталық баспасөз басылымында, сондай-ақ веб-порталда бизнес-идеяларды қаржыландыруға мемлекеттік гранттар беру мақсатында кәсіпкерлерді іріктеу үшін конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады;";
мынадай мазмұндағы 17-1, 17-2, 17-3 және 17-4-тармақтармен толықтырылсын:
"17-1. Өңірлік үйлестіруші гранттар беру жөніндегі жеке қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны веб-порталда орналастырады.
17-2. Транш беруге өтінімдерді қабылдау Қаржыландыру жоспарына сәйкес жылдық бюджет шегінде жүзеге асырылады.
17-3. Транштың көлемі Қаржыландыру жоспарында тиісті айға көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын траншты беруге арналған өтінімдер бойынша траншты беру траншты беруге өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады.
17-4. Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.";
"Конкурстық өтінімдерді қарау тәртібі" деген 4-тарауда:
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды, сондай-ақ анық емес және дұрыс емес мәліметтерді, оның ішінде бизнес-жобаның қаржы-экономикалық негіздемесінде анық емес және дұрыс емес мәліметтерді ұсынған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге 5 (бес) жұмыс күні ішінде пысықтау үшін қайтарады.";
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"24. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі хабарландыруда көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін барлық құжаттар мен ақпаратты алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің материалдарын конкурстық комиссияның қарауына шығарады.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде веб-порталда электрондық түрде грант беру туралы шартты дайындайды және оған қаржы агенттігінің және кәсіпкердің қолын қойғызады.";
35 және 36-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"35. Грант беру туралы шарт жасалғаннан кейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкерге оның ағымдағы банктік шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады.
36. Грант қаражаты мемлекеттік грантты немесе оның бір бөлігін кәсіпкердің банктік шотына аударуға арналған өтінімге сәйкес кәсіпкердің ағымдағы шотына аударылады.";
39, 40 және 41-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Кәсіпкер грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және грант беру туралы шарттың талаптарын орындауға міндетті.
40. Мемлекеттік гранттар мына шарттар сақталған жағдайда беріледі:
1) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті грантты алуға өтінім беру.
"Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді тіркеу;
3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған кәсіпкердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерге өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген кезден бастап берілген болып есептеледі;
4) есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы мәліметтерді растау;
5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен "Зейнетақы мен жәрдемақы төлеудің орталықтандырылған дерекқоры" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған өтініш берушінің халықтың әлеуметтік осал топтарына жататындығы туралы мәліметтерді растау (қажет болған жағдайда);
6) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлікпен бірлесіп қаржыландыруды растау мақсатында – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, кәсіпкерде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскесі(лері)нің немесе өзге де жылжымайтын мүліктің болуы (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда);
7) бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы мүлікпен бірлесіп қаржыландыруды растау мақсатында – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен және/немесе "Автомобиль" деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы расталған, кәсіпкерде жылжымалы мүліктің болуы (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда).
Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер тек бір өтінім беруге құқылы.
Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде қабылданады.
41. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы мынадай сканерленген құжаттардың көшірмелерін қоса береді:
1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар түрінде дайындалған бизнес-жоба;
2) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);
3) Бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" бағдарламасы шеңберінде кәсіпкердің оқудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 2 (екі) жылдан аспайтын құжат;
4) берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 10 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды (бизнес-жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландырудың болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар (халықтың әлеуметтік осал топтарын қоспағанда);
5) өтініш берушіде халықтың әлеуметтік осал топтарына жатқызылу мәртебесінің бар екенін растайтын құжат (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылының нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).";
43, 44, 45, 46, 47, 48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:
1) кәсіпкерлердің, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің, қаржы агенттігінің, уәкілетті органның (бұдан әрі – пайдаланушылар) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелуі үшін ЭЦҚ болуға тиіс;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін жібереді.
Жеке кабинетте тіркелу үшін пайдаланушылар мына мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі ( бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН;
3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік уәкілетті органға тұрақты түрде онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.
Уәкілетті орган жыл сайын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бар көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты тұлғалардың тізімін жібереді.
Өтінімді қалыптастыру және тіркеу жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 40-тармағы 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім кәсіпкердің ЭЦҚ қол қоюы арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Егер өңірлік үйлестіруші өтінімді қабылдаған кезге дейін тіркелген өтінімде қателер анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.
44. Бағдарламаның Өңірлік үйлестірушісі кәсіпкер өтінімді тіркеген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.
45. Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе Бағдарламаның талаптарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін кәсіпкерге қайтарады.
46. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесін қалыптастырады.
47. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:
1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесін қалыптастырады;
2) ақпараттық жүйе арқылы осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күн тәртібін, күнін, уақытын көрсете отырып, кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесін қалыптастырады.
Кесте қалыптастырылғаннан кейін өтінімдері мақұлданған өтінімдер тізбесіне енгізілген барлық кәсіпкерлерге олардың жобалары бойынша таныстырылым және дауыс беру күні, уақыты және орны туралы автоматты түрде хабарлама жіберіледі;
3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде конкурстық комиссия мүшелерінің авторландырылуын қамтамасыз етеді;
4) мәлімделген жобаларды мақұлдау/мақұлдамау бойынша шешім қабылдау үшін конкурстық комиссияның мүшелеріне мақұлданған өтінімдерді және кәсіпкердің электрондық құжаттамасын қарау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
48. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес мыналарды жүзеге асырады:
1) мәлімделген жобаны ұсынылған құжаттардың толықтығы мен анықтығы тұрғысынан қарау;
2) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 4-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкерді бағалау өлшемшарттарына сәйкес әрбір мәселе бойынша балдарды қою әдісімен дауыс беру.
Егер кәсіпкердің жобасына конкурстық комиссия мүшелерінің жартысынан азы дауыс берген жағдайда, бұл жоба дауыс беру күні қайта дауыс беруге шығарылады;
3) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімдерді іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының конкурстық комиссияның әрбір мүшесінің дауыс беру нәтижелері және оның қорытынды шешімі көрсетілген хаттамасына қол қою.
49. Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы веб-портал арқылы қалыптастырылады, ЭЦҚ арқылы конкурстық комиссияның мүшелері, хатшысы қол қояды және конкурстық комиссияның төрағасы бекітеді.
Конкурстық комиссияның хаттамасын бекіту кезінде өтінімдерді беру кезектілігіне сәйкес қаржыландыру жоспарында бюджет қаражатының көлемін автоматты түрде резервтеу жүргізіледі.";
55, 56, 57, 58, 59 және 60-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"55. Хаттама бекітілгеннен кейін кәсіпкерлерге веб-порталда тіркелу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайына тиісті хабарлама жіберіледі. Бұл ретте, уәкілетті орган хаттаманы веб-портал арқылы тұрақты негізде, ал Қаржы агенттігі хаттамаға қол қойылғаннан кейін ғана қарайды.
56. Бюджет қаражаты болған жағдайда веб-портал арқылы өткізілген конкурс нәтижелері бойынша Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі:
1) грант беру туралы электрондық шартты қалыптастырады және оны конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне келісуге жібереді;
2) қаржы агенттігі мемлекеттік грантты беру туралы шарттың жобасын келіскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкердің, қаржы агенттігінің грант беру туралы шартқа қол қоюын қамтамасыз етеді.
57. Комиссияның оң шешімін алған жобалар бойынша бюджет қаражатының жетіспеушілігі туындаған жағдайда кәсіпкерлерге гранттар төлеуді тоқтата тұру туралы тиісті автоматты түрдегі хабарлама жіберіледі.
58. Қосымша қаражат алған кезде өтінімдерді беру кезектілігіне сәйкес қаржыландыру жоспарында бюджет қаражатының көлемдерін автоматты түрде резервтеу жүргізіледі.
59. Конкурстық комиссия отырысы хаттамасының қолданылу мерзімі өткеннен кейін веб-портал өтінімдері грант беру туралы шарттарға қол қоюға арналған тізілімде кезекте тұрған кәсіпкерлерге автоматты түрде хабарлама жібереді.
60. Қосымша қаражат алғаннан кейін және конкурстық комиссия отырысының хаттамасы қолданыста болған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкердің және қаржы агенттігінің грант беру туралы шартқа қол қоюын қамтамасыз етеді.";
62-тармақтың екінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) кәсіпкердің грант беру туралы шарт талаптарын орындауын мониторингтеу жатады.";
64 және 65-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"64. Қаржы агенттігі кәсіпкердің грант қаражатын мақсатқа сай пайдаланбағанын не жобаның және/немесе кәсіпкердің мемлекеттік гранттар беру талаптарына және/немесе конкурстық комиссия шешіміне және/немесе грант беру туралы шарт талаптарына сәйкес келмейтінін не кәсіпкердің жұмыс орындарының санына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді орындамағанын анықтаған жағдайда, ол Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және конкурстық комиссияны жазбаша хабардар етеді.
Қаржы агенттігі ұсынған ақпарат негізінде конкурстық комиссия ақпаратты алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде анықталған ескертулерді жою үшін қосымша уақыт беру не кәсіпкермен грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдайды, осыдан кейін өзінің шешімі туралы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін және қаржы агенттігін хабардар етеді.
65. Конкурстық комиссия кәсіпкермен грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі мақсатқа сай пайдаланылмаған мемлекеттік грант қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қайтару бойынша іс-шаралар жүргізеді. Грант қаражаты бір бөлігінің мақсатқа сай пайдаланылмауы анықталған жағдайда, конкурстық комиссияның тиісті шешімі бойынша грант қаражатының мақсатқа сай пайдаланылмаған сомасына ғана қайтаруға жол беріледі.".
көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидаларында:
"Жалпы ережелер" деген 1-тарау мынадай редакциядағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар өңірлік үйлестіруші мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуші арасында тиісті шарт жасалғаннан кейін туындаған қатынастарға қолданылады.";
"Терминдер мен анықтамалар" деген 2-тарауда":
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, мемлекеттік қолдау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы.";
23) тармақша алып тасталсын;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"24) өтінім – осы Инфрақұрылымды жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген қағаз немесе электрондық нысандағы өтініш.";
мынадай мазмұндағы 25), 26), 27), 28), 29), 30) және 31) тармақшалармен толықтырылсын:
"25) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін, Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
26) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, уәкілетті органның, Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің, ӨҮК, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің) тізілімдегі дербес веб-парақшасы;
27) жеке шот – өтінімдерді тіркеу және олармен операцияларды есепке алу мақсатында кәсіпкерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалардың жиынтығы;
28) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі айқындайтын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
29) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер туралы, сондай-ақ кәсіпкерлер туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
30) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе.
31) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.";
"Жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу шарттары" деген 3-тарау мынадай мазмұндағы 20-1 және 20-2-тармақтармен толықтырылсын:
"20-1. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі ӨҮК жұмыс органы болып табылады, ол:
1) кезеңді негізде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары және веб-портал арқылы Бағдарламаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыру түрінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету барысын жария етуді қамтамасыз етеді;
2) кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыруды ұсыну шарттары мен тәртібі бойынша кәсіпкерлерге консультациялар береді.
20-2. Жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жеке қаржыландыру жоспары бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны веб-порталға орналастырады.";
"Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінімді беру тәртібі" деген 6-тарауда:
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінім беру субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыру мынадай шарттар сақталған жағдайда беріледі:
1) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Инфрақұрылым жүргізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беру.
"Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;
2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді тіркеу;
3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылының нәтижесінде расталған кәсіпкердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.
Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерлерге өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген кезден бастап берілген болып есептеледі.";
мынадай мазмұндағы 43-1-тармақпен толықтырылсын:
"43-1. Кәсіпкерлердің жобалары мен индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыруды алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы мынадай сканерленген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:
1) Бизнес-жоспар;
2) уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;
3) сараптаманың оң қорытындысы бар жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.";
45-тармақ алып тасталсын;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.
Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:
1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелу үшін кәсіпкерлердің ЭЦҚ болуға тиіс;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін, сондай-ақ ӨҮК мүшелерінің өзектілендірілген тізімдерін жібереді.";
мынадай мазмұндағы 46-1 және 46-2-тармақтармен толықтырылсын:
"46-1. Жеке кабинетте тіркелу үшін кәсіпкер мынадай мәліметтерді көрсетеді:
1) жеке кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН;
3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);
4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері.
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде кәсіпкер бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.
46-2. Кәсіпкердің өтінімді қалыптастыруы және тіркеуі жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) осы Инфрақұрылым жүргізу қағидаларының 43-тармағы 3) тармақшасының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;
2) өтінім кәсіпкердің ЭЦҚ қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.
Егер Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінімді ӨҮК қарауына жіберген кезге дейін тіркелген өтінімде қателіктер анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кәсіпкер өтінімді тіркеген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде:
1) тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады;
2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
3) ӨҮК барлық мүшелерін өтінім бойынша дауыс беру қажеттігі туралы хабардар етеді. Бұл хабарлама ӨҮК әрбір мүшесінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.";
49, 50, 51, 52-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Дауыс берудің аяқталу күні Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі өтінімнің қабылданғанын растаған күннен бастап 5-ші жұмыс күніне белгіленеді.
Дауыс беруді ӨҮК әрбір мүшесі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде отырыс өткізбей жеке жүзеге асырады.
50. ӨҮК конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Инфрақұрылым жүргізу қағидаларына сәйкес веб-порталда мыналарды жүзеге асырады:
1) Бағдарлама өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан кәсіпкердің жобалары мен қоса берілетін құжаттарды, сондай-ақ кәсіпкерлер жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салықтық түсімдер, өнім өндіру көлемдері туралы болжамды ақпаратты қарау;
2) "келісемін" немесе "қарсымын" тармақтарын белгілеу әдісімен дауыс беру және жобаларды конкурсқа жіберу.
Дауыс беру қорытындысы бойынша дауыстар саны қосылады және субсидиялаудың ақпараттық жүйесі автоматты түрде қорытынды шешімді айқындайды.
Егер кәсіпкердің жобасына субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген ӨҮК мүшелері санының үштен екісінен кем дауыс берілген жағдайда, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі хаттаманы қалыптастырудан бас тартады және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісіне өткізілмеген конкурс туралы хабарлама жібереді.
51. ӨҮК шешімі ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті хаттамамен ресімделеді.
52. Хаттамаға ЭЦҚ пайдалана отырып ӨҮК құрамы қол қояды. ӨҮК хаттамасына қол қойылғаннан кейін жоба бойынша кәсіпкердің құжаттамасы БИЖ-ді одан әрі іске асыру жөнінде шаралар қабылдау үшін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің, кәсіпкердің және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға тұрақты түрде онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бар көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты адамдардың тізімін жібереді.";
57-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"PDF форматындағы есептің сканерленген көшірмесін Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осындай есепті уәкілетті орган/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне жүктейді.";
көрсетілген Инфрақұрылым жүргізу қағидаларына 2-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларымен толықтырылсын;
осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидаларымен толықтырылсын.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 43 қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін электрондық өтінім
1. ___________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)
____________________________________________________________________.
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке кәсіпкердің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
2. Ұсынылып отырған "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған конкурстық іріктеуге қатысу туралы материалдарды қарауды сұраймын.
3. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
заңды тұлға үшін:
атауы _________________________________________________________
БСН___________________________________________________________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі____________________________
басшының ЖСН ________________________________________________
мекенжайы ____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі ___________________________________________
жеке кәсіпкер үшін:
атауы _________________________________________________________
аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі____________________________
ЖСН__________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі_________________________________________________________
кім берді ______________________________________________________
берілген күні ___________________________________________________
мекенжайы _____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі ____________________________________________
Жеке кәсіпкер ретінде қызметі басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері _________________________________________________
хабарлама күні __________________________________________________
4. Кәсіпкердің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының болуы туралы мәліметтер:
Банк деректемелері: _____________________________________________
Банктің атауы: __________________________________________________
БСК ___________________________________________________________
ЖСК___________________________________________________________
БСН ___________________________________________________________
Кбе ____________________________________________________________
5. Жоба туралы мәліметтер:
жобаның атауы __________________________________________________
жобаның қысқаша сипаттамасы ____________________________________
жобаны іске асыру орны __________________________________________
қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады):
_______________________________________________________
қажетті инфрақұрылым түрі _______________________________________
инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесі _____
құрылыстың құны, мың теңге ______________________________________
жобаның құны (инвестициялар), мың теңге __________________________
салық салу жүйесі: _______________________________________________
экономика саласын көрсету: _______________________________________
ЭҚЖЖ:________________________________________________________
жалдамалы жұмыскерлер саны _____________________________________
6. Жоба бойынша күтілетін экономикалық тиімділік:
Р/с № | Жылдар | Факт | Болжам | ||
---|---|---|---|---|---|
ағымдағы жыл | 1-ші жыл | 2-ші жыл | 3-ші жыл | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Құрылатын жұмыс орындарының саны, адам | - | - | ||
2 | Салықтар түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге | ||||
3 | Шығарылатын өнімнің көлемі, мың теңге |
7. Берілген құжаттар туралы мәліметтер:
Р/с № | Құжаттың атауы | Электрондық файлдың атауы (pdf. форматында) |
---|---|---|
1 | 2 | 3 |
1 | Бизнес-жоспар | |
2 | Жобаның ТЭН | |
3 | Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама |
Мыналарға:
1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің бірінші талабы бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және ашуға;
2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісін дереу хабардар етуге міндеттенемін.
Мыналарға:
1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі және ӨҮК ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізуі мүмкін екендігіне;
2) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес екендігіне;
3) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілген құжаттар "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыру үшін ғана ұсынылғанына;
4) көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбауы мүмкін екендігіне;
5) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды тексеру және қарау мақсатында мүдделі үшінші тұлғаларға ұсынуға құқылы екендігіне;
6) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің осы өтінімді, сондай-ақ Кәсіпкердің ықтимал шығыстарын (қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.с.) қабылдауы Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің қаржыландыру беру немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайтынына келісемін.
Конкурс шарттарымен және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жүргізу қағидаларымен таныстым.
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруші 20__ жылғы "___" __________ 00:00 сағатта қол қойды және жіберді:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі 20__ жылғы "___" __________
00:00 сағатта қабылдады:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қол қойылған күні мен уақыты
Қазақстан Республикасы Үкіметінің | |
2020 жылғы 30 шілдедегі № 491 қаулысына 2-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің | |
2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен |
|
бекітілген |
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ)/микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер/микрокредиттер бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды.
2. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді қаржыландыру "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге көзделген жергілікті және республикалық бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін қаражатты Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді) негізінде жергілікті және (немесе) республикалық бюджеттердің қаражаты есебінен аударады.
2-тарау. Терминдер мен анықтамалар
3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі – облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын, Бағдарламаны облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) деңгейде іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;
2) ислам банкі – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын, Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
3) ислам банкі беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкі кәсіпкерге беретін тауар үшін төлемнің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу;
4) кәсіпкер – Бағдарлама шеңберінде қызметін жүзеге асыратын шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісі;
5) кредит шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді. Қайта қаржыландырылатын қарыз болған жағдайда кредиттік желі ашу туралы келісім/қосымша келісім де кредит шартына жатады;
6) кредитті/микрокредитті мақсатты пайдалану – кәсіпкердің қарыз шарты бойынша алынған кредитті/микрокредитті Бағдарламаның шарттарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы. Мақсатты пайдалану жиынтығында кәсіпкердің активті/жұмыстарды /көрсетілетін қызметтерді толық көлемде төлегенін және алғанын және (немесе) Бағдарламаның шарттарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттар жиынтығымен расталады;
7) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
8) қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді не кәсіпкерге лизинг (жалға беру) шарттарында мүлік (лизинг нысанын) береді (қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасады);
9) микрокәсіпкерлік субъектілері – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын шағын кәсіпкерлік субъектілері;
10) микрокредит – шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісіне микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұсынатын, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген сегіз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша;
11) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы;
12) портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім – ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасында жасалатын, портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді іске асыру шеңберінде тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жазбаша келісім;
13) портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге субсидиялар беру нысаны;
14) портфельдік ішінара кепілдік беру – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдік беру нысаны;
15) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
16) шағын кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлға құрмаған жеке кәсіпкерлер және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар.
3-тарау. Бағдарламаның "Шағын және микрокәсіпкерлікті қолдау" бірінші бағыты шеңберінде субсидиялар және кепілдіктер беру шарттары
4. Бағдарламаның бірінші бағытының қатысушылары шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
5. Портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын субсидиялау және ішінара кепілдік беру инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер/микрокредиттер /қаржыландыру бойынша салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.
Портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын субсидиялау және ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын инвестициялық мақсаттарға кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың ең жоғары сомасы 20 (жиырма) млн теңгеден аспайды және айналым қаражатын толықтыруға 5 (бес) млн теңгеден аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер/микрокредиттер жаңартылатын негізде беріледі. Бір қарыз алушыға лимит 20 (жиырма) млн теңгені құрайды.
Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерге кепілдік беру кезінде оларды субсидиялауға жол беріледі.
6. Қарыз алушы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген лимитті асырған жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.
7. Портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы/жалдау төлемінің бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын және 8,5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.
Бұл ретте, шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін портфельдік ішінара кепілдік мөлшері кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ын құрайды, кредит сомасының 15 %-ын кәсіпкер ЕДБ қалауы бойынша өтейді.
8. Инвестициялық мақсаттарға кредиттер/микрокредиттер/ қаржыландыру бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жылды, айналым қаражатын толықтыру 2 жылды құрайды.
9. Ұсынылатын портфельдік ішінара кепілдік мерзімі кредит/микрокредит/ қаржыландыру мерзімінен аспайды.
10. Портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру қаржы агенттігінің уәкілетті органының ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес іріктелетін ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері/ қаржыландыруы бойынша жүзеге асырылады.
11. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы әрбір ЕДБ/МҚҰ үшін оның өңірлік филиалдары бөлінісінде портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын субсидиялау және ішінара кепілдік беру лимитін айқындайды.
12. Егер қаржы агенттігі айқындаған лимит бойынша негізгі борышы және/немесе есептелген сыйақы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар ЕДБ/МҚҰ кредиттерінің деңгейі 10 %-дан асатын болса, онда қаржы агенттігі портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді тоқтатады. Мұндай жағдай туындаған кезде жаңа жобалар қарауға жіберілмейді.
Бұл ретте, қаржы агенттігі бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.
ЕДБ/МҚҰ лимитін айқындау тәртібі
13. Қаржы агенттігі ЕДБ/МҚҰ үшін лимиттерді айқындаудың басталғаны туралы хабарландыруды қаржы агенттігінің ресми интернет-ресурсында жариялайды және кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауға және ішінара кепілдік беруге қатысу үшін ЕДБ/МҚҰ-ға жөнелтілімдер жібереді.
14. Қаржы агенттігінің хабарландыруында ЕДБ/МҚҰ ұсынатын қажетті құжаттардың тізімі көрсетіледі.
15. ЕДБ/МҚҰ хабарландыруда көрсетілген мерзімдерге сәйкес қаржы агенттігіне қажетті құжаттарды қарауға ұсынады.
16. ЕДБ/МҚҰ үшін лимиттерді айқындау жөніндегі қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысы ЕДБ/МҚҰ-ның қаржы агенттігі хабарландыруда көрсеткен қажетті құжаттарды ұсыну мерзімі өткен күннен бастап 10 күн ішінде жүргізіледі.
17. Лимиттің бөлінуіне қатысу үшін ЕДБ мынадай:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциалдық және өзге де нормативтерін орындау;
2) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарына сәйкестік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
18. Лимиттің бөлінуіне қатысу үшін МҚҰ мынадай:
1) МҚҰ меншікті капиталы құжаттар тапсырылған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ең төменгі деңгейден төмен болмауы;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеудің болуы;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциалдық және өзге де нормативтерін орындауы;
4) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарына сәйкестік талаптарына сәйкес болуы тиіс.
19. Лимиттің барлық сомасының 50 %-ынан астамын бір ЕДБ/МҚҰ беруге жол берілмейді.
20. Егер ЕДБ/МҚҰ лимитінің игерілу көлемі қаржы агенттігі лимитті айқындаған кезден бастап 6 ай өткеннен кейін 30 %-дан кем болған жағдайда, лимиттерді басқа ЕДБ/МҚҰ-ға қайта бөлуге рұқсат етіледі.
21. ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасында лимит айқындалғаннан кейін портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім жасалады, онда:
1) ЕДБ/МҚҰ лимиттерін игеру мерзімдері;
2) портфельдік ішінара кепілдікті төлеу тәртібі;
3) портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды төлеу тәртібі;
4) жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру;
5) субсидиялау тоқтатылған (қаражатты мақсатсыз пайдалану) жобалар арасында босаған лимиттерді қайта бөлу шарттары көрсетіледі.
22. ЕДБ/МҚҰ:
1) қаржы агенттігіне қаржыландырылған қарыз алушылар туралы ақпарат ұсынбаған;
2) кәсіпкердің сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеуі туралы, кәсіпкердің негізгі борышты ішінара/толық мерзімінен бұрын өтеуі туралы және төлем кестесінің өзгергендігі туралы қаржы агенттігін хабардар етпеген/уақтылы хабардар етпеген жағдайларда қаржы агенттігіне 100 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.
Портфельдік ішінара кепілдік беру тәртібі
23. Кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ-ға қаржыландыруды ұсыну өтінімімен жүгінеді.
24. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігін кешенді бағалауды/ сараптауды жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит/қаржыландыру беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:
1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда хабарлама хатын ұсынады.
25. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың негізінде қаржы агенттігі хабарлама хатын алған күннен бастап 1 жұмыс күні ішінде ЕДБ/МҚҰ-ға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысанда кепілдік міндеттемені жібереді.
26. Қарыз алушы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген лимитті асырған жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.
27. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген ЕДБ/МҚҰ көрсеткіштері нашарлаған жағдайда қаржы агенттігі портфельдік ішінара кепілдік беру бойынша лимитті әрбір 6 ай сайын басқа ЕДБ/МҚҰ қайта бөлуге құқылы.
28. Қарыз алушының кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша кепілдікті қамтамасыз етуі жеткіліксіз болған жағдайда қаржы агенттігі кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 % мөлшерінде кепілдік беруді қамтамасыз етеді.
29. Қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ кепілдік төлеуі ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
30. Егер кәсіпкер кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған күннен бастап 120 (бір жүз жиырма) күнтізбелік күн ішінде кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаса/тиісінше орындамаса, ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне талап қоюға құқылы.
31. Қаржы агенттігі 10 жұмыс күні ішінде ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері/қаржыландыру бойынша кепілдіктерді төлейді.
32. Кредит/микрокредит/қаржыландыру мақсатсыз/ішінара мақсатсыз пайдаланылған жағдайда қаржы агенттігінің кепілдігі жойылады/кепілдік сомасы мақсатсыз пайдаланылған кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасына барабар төмендейді.
Бұл ретте, қаржы агенттігі басқа жобаларға кепілдіктерді қайта бөлу қажеттігі туралы ЕДБ/МҚҰ-ға талап қояды.
33. Кепілдіктің күшін жою/кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша кепілдік сомасын төмендету есебінен қаражат босаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ бөлінген лимит шеңберінде жаңа жобалар бойынша өтінімдерді қарайды.
34. Бағдарлама шеңберінде банктер:
1) кәсіпкер бастамашылық жасаған кредиттеу/қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланыстыларды;
2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитке/микрокредитке/қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау тәртібі
35. Кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ-ға қаржыландыру беруге өтініммен жүгінеді.
36. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігін кешенді бағалауды/сараптауды жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит/микрокредит/қаржыландыру беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ:
1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін;
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда қаржы агенттігіне хабарлама хатын береді.
37. Кредит шартына/қаржыландыру шартына қол қойған кезде кәсіпкер кредит қаражатын мақсатты пайдалану бойынша өзіне міндеттеме алады. Кәсіпкер осы міндеттемені орындамаған жағдайда:
1) қаржы агенттігінің кепілдігі жойылады және кәсіпкер кепілдік сомасын қаржы агенттігіне өтейді;
2) субсидиялау тоқтатылады, кәсіпкер қаржы агенттігіне төленген субсидиялар сомасын өтейді;
3) кәсіпкерді қаржыландыру шарттары қайта қаралады, оған сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 8,5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық сыйақы мөлшерлемесінен аспайды.
38. ЕДБ/МҚҰ есепті айдан кейінгі айдың 5-ші (қоса алғанда) күніне қарай қаржы агенттігіне қаржыландырылған жобалардың тізімін береді.
39. Қаржы агенттігі қаржыландырылған жобалардың тізімін алғаннан кейін есепті айдан кейінгі айдың 10-шы (қоса алғанда) күніне қарай ЕДБ/МҚҰ портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауға арналған қаражатты аударады.
40. Есепті айдан кейінгі айдың 11-нен 27-не дейін (қоса алғанда) қарыз алушылар кредит/микрокредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің/үстеме бағаның/жалдау төлемінің субсидияланбайтын бөлігін төлеуді жүзеге асырады.
41. ЕДБ/МҚҰ есепті айдан кейінгі айдың 28-інен бастап 30-ын қоса алғанда қаржы агенттігін сыйақы мөлшерлемесінің/үстеме бағаның/жалдау төлемінің субсидияланбайтын бөлігін төлемеген қарыз алушылар туралы хабардар етеді және қаржы агенттігіне қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.
42. ЕДБ/МҚҰ ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін қаржы агенттігіне өзара есеп айырысуларды салыстыру актісін ұсынады.
43. ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігінің ақпараттық жүйесі арқылы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген лимит бойынша талаптарды сақтау үшін қарыз алушы туралы ақпаратты келісуге жіберуге міндетті.
44. Қарыз алушы осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген лимитті асырған жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.
45. Қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ субсидиялар төлеуі ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасындағы портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.
46. Бұл ретте, қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ субсидияларды төлеуі Бағдарламаның тиісті өңірлік үйлестірушісінен қаражат болған кезде жүзеге асырылады.
47. Осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген ЕДБ/МҚҰ көрсеткіші нашарлаған жағдайда қаржы агенттігі лимит шеңберінде жаңа жобаларды субсидиялауды тоқтатады.
48. Кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды мақсатсыз/ішінара мақсатсыз пайдаланған жағдайда қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды тоқтатады.
49. Қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатуды ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады.
50. ЕДБ/МҚҰ 5 жұмыс күні ішінде мынадай:
1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті/ микрокредитті/қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану (бұл ретте субсидиялау кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану сомасына барабар тоқтатыла тұрады);
2) жобаның және/немесе кәсіпкердің Бағдарламаның шарттарына сәйкес келмеуі;
3) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салынуы (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда, талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұруы фактілері анықталған кезде субсидиялауды тоқтату туралы мәселені қарау үшін қаржы агенттігіне хабарлама жібереді.
51. Кредиттер/микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған кезде ЕДБ/МҚҰ қаржыландыру шарттарын қайта қарайды, оларға сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 8,5 пайыздық тармаққа ұлғайтылған мөлшерлемеден аспайды.
52. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауды қайта бастау ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Жобаларды іске асыру мониторингі
53. ЕДБ/МҚҰ қаржыландырылатын жобалардың мониторингін жүзеге асырады және мынадай ақпаратты:
1) облысты, ауданды;
2) қарыз алушының атауын;
3) ЖСН, БСН;
4) заңды мәртебесін;
5) басшының жынысын, жасын;
6) ЭҚЖЖ;
7) жұмыс істейтін жұмыскерлер санын;
8) қаржыландыру мақсаттарын, кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасын, сыйақы мөлшерлемесін/үстеме баға/жалдау төлемінің бір бөлігін, кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімін, төлемдер кестесін көрсете отырып, қаржы агенттігіне жиынтық ақпарат береді.
54. Қаржы агенттігі мынадай:
1) кәсіпкер кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде (немесе кепілдік шартында белгіленген өзге де мерзімде) орындамаған;
2) қаржы агенттігіне хабарлама жіберу шартымен осы Қағидалардың 50-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ЕДБ/МҚҰ кредиттік қаражатты өз бетінше мақсатсыз пайдаланғаны анықталған;
3) қаржы агенттігі инвестициялық мақсаттарға бағытталған жобалар бойынша іріктеп мониторинг жүргізген;
4) кепілдік оқиға басталған жағдайларда мониторинг жүргізеді.
Қаржыландыру тетігі
55. Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі қаражат түскен кезден бастап Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт негізінде (Бағдарлама шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді) 10 жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында бөлінген соманың 50 % мөлшерінде портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін қаржы агенттігі көрсеткен шотқа қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру шеңберіндегі және Бағдарламаның өңірлік үйлестірушілері/қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылында пайдаланбаған қаражат жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларға кезекті қаржы жылында портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауға және ішінара кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.
Шығарылған кепілдіктер үшін ақы төлеу мақсатында Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі кезекті жылдың басында қаржы агенттігіне кредиттерге/микрокредиттерге/қаржыландыруға кепілдік беруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын аударады.
Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін қаржы агенттігіне аударылады.
Жобаларға портфельдік ішінара кепілдік беру үшін бюджет қаражатының жетіспеуі пайда болған жағдайда облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігі қосымша қаражат алғанға дейін жобаларға портфельдік ішінара кепілдік беруді тоқтата тұру үшін бұл туралы қаржы агенттігін хабардар етеді.
56. Облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігі қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны портфельдік ішінара кепілдік сомасының 30 %-ын құрайды және шығарылған кепілдіктер үшін төлем болып табылады. Портфельдік ішінара кепілдік шартының қолданылуы тоқтатылған кезде сома кейіннен жобаларға портфельдік ішінара кепілдік беру үшін пайдаланылады. Қаржы агенттігі алынған қаражатты түрлі қаржы құралдарына өз қалауы бойынша орналастыра алады.
Хабарлама-хат
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру бойынша "Даму "КДҚ" АҚ мен _______________ АҚ (Банктің атауын көрсету) (бұдан әрі – Банк) арасында портфельдік сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы қол қойылған _______________ № _____ келісім шеңберінде, Банк "_______________" ЖК/ЖШС/АҚ/ШҚ (оның ішінде кредит бойынша қоса қарыз алушылар көрсетіледі) өтінімін қарап, төмендегі шарттарда* мақұлдағанын хабарлаймыз:
Банктік қарыз шарты/Қаржыландыру шарты** | |
Қарыз алушының БСН/ЖСН | |
Банктің атауы | |
Кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы мақсаты | |
Осы Шарт жасалған күнгі кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасы | |
Кредит/микрокредит/қаржыландыру валютасы | |
Кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімі | |
Кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың сыйақы мөлшерлемесі | |
Қаржыландыру саласы | |
Кепілдік мөлшері (кредит сомасының %-ын көрсете отырып) | |
Кепілдік мерзімі | |
Кредит бойынша кепілдікті қамтамасыз ету (Қордың кепілдігінен басқа) | |
Жоба іске асырылатын жер (облыс) |
* шарттарды кесте түрінде қосуға рұқсат етіледі
** көшірмесі қоса беріледі
Құрметпен,
___________(лауазымы) | _________________ (қолы) | __________________________ (аты-жөні (бар болса) |
Кепілгердің атауы: "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ Мекенжайы:
________________________________________
Кімге: _________________________________________
(Банктің/МҚҰ толық атауы және деректемелері)
КЕПІЛДІК МІНДЕТТЕМЕСІ № _______
____________ қаласы | 20__ жылғы "___" __________ |
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Мемлекеттік бағдарлама), "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) шарттарын, сондай-ақ _______ "_______________" (бұдан әрі – Қарыз алушы) _______________ АҚ-мен (бұдан әрі – Банк/МҚҰ) мынадай:
1) кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасы ____________________;
2) кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауарға үстеме баға_____________________________________;
3) кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімі___________________;
4) кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы мақсаты________________________ шарттарында 20__ жылғы "___" __________ № _____ (шарттың толық атауы және оның деректемелері көрсетіледі) Кредит шартын/Қаржыландыру шартын (бұдан әрі – Кредит шарты/Қаржыландыру шарты) жасасқанын назарға ала отырып,
осы арқылы "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ жоғарыда көрсетілген Кредиттік шарт/Қаржыландыру шарты бойынша Кепілгер болып табылатынын растайды және Қарыз алушының Кредит шарты/Қаржыландыру шарты бойынша міндеттемелерін орындамауынан және (немесе) тиісінше орындамауынан туындаған Банктің/МҚҰ-ның есептелген сыйақы/үстеме баға сомасын, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын, өсімпұлдарды, айыппұл санкцияларын, қарызды өндіріп алу бойынша сот шығасыларын, басқа да шығындарын ескерместен, негізгі борыш қалдығына тең соманы Банкке/МҚҰ-ға оның талабы бойынша төлеу міндеттемесін өзіне алады.
Кепілдік қарыз алушы Кредит шарты/Қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда ғана орындалуға жатады.
Кепілгердің Банк/МҚҰ алдындағы жауапкершілігі _______________ (___________________________) теңге _______ тиын мөлшеріндегі кепілдік сомасымен шектеледі, бұл кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының _____ %-ын құрайды.
Кредит шарты/Қаржыландыру шарты бойынша негізгі борышты өтеу/ішінара өтеу кезінде Кепілгердің жауапкершілігі негізгі борышты өтеу сомасына тең сомаға азайтылады.
Кепілдік бойынша Кепілгер міндеттемелерінің мөлшері Кепілгер орындаған талап сомасына азайтылады.
Кепілдік қарыз алушының Кредит шарты/Қаржыландыру шарты бойынша негізгі борышты өтеу міндеттемесін және 20__ жылғы "___" __________ № _____ Кепілдік беруші мен Банк/МҚҰ арасында жасалған портфельдік кепілдік беру туралы келісімде көзделген өзге де құжаттарды орындамағанын/тиісінше орындамағанын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын қоса бере отырып, Банктің/МҚҰ-ның төлеуге жазбаша талабының түпнұсқасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалуы тиіс.
Кепілдік Кепілдік беруші мен Банк/МҚҰ арасында жасалған 20__ жылғы "___" __________ № _____ портфельдік кепілдік беру туралы келісімде көзделген барлық талаптар мен шарттар сақталған кезде ғана орындалуға тиіс.
Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "___" __________ қоса алғанда, бұл құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмағанына қарамастан, толық және автоматты түрде аяқталады. Бұл ретте, Сіздің жазбаша талабыңыз жоғарыда көрсетілген күні Алматы қаласының уақытымен 16:00 сағаттан кешіктірмей бізге тапсырылуға тиіс.
Кепілгер, Банк/МҚҰ және Қарыз алушы (бұдан әрі – Тараптар) арасында туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде, бірақ онымен шектелмей, кепілдікті ұсыну және орындау тәртібі, Кредит шарты/Қаржыландыру шарты бойынша талап ету құқықтарының Банктен/МҚҰ-дан Кепілгерге өту тәртібі, кепілдікті тоқтату негіздері және осы кепілдік міндеттемеге байланысты Тараптардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Мемлекеттік бағдарламамен, Қағидалармен, Кепілгер мен Банк/МҚҰ арасында жасалған 20__ жылғы "__"___________ № ___ портфельдік кепілдік беру туралы келісіммен реттеледі.
_______________________________(бірінші басшының қолы)
_______________________________(бас бухгалтердің қолы)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің | |
2020 жылғы 30 шілдедегі № 491 қаулысына 3-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген |
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) 98-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аға сеньорлар – тікелей кәсіпорындарда басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша "Аға сеньорлар" құралының қатысушыларына консультация беру үшін тартылған шетелдік және/немесе отандық консультанттар;
2) банк – Бағдарламаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;
3) "Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталы – "бір терезе" қағидаты бойынша кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету бойынша онлайн-платформа;
4) бұқаралық ақпарат құралы (бұдан әрі – БАҚ) – мерзімді баспасөз басылымы, теле, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе үздіксіз жария таратудың өзге де нысаны;
5) білім беру мекемесі – "Іскерлік байланыстар" құралына қатысушыларға бизнес-тренингтер өткізу және шетелде тағылымдамадан өтуін консультациялық сүйемелдеу жолымен басшы жұмыскерлер мен менеджерлердің біліктілігін арттыру жөнінде қызметтер көрсететін ұйым;
6) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, өтініш берушінің, уәкілетті органның, қаржылай емес қолдау операторының, "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымының, қаржы агенттігінің) тізілімдегі дербес веб-парақшасы;
7) жеке шот – тізілімде тіркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін, оны тану (аутентификациялау) және оның жеке деректері мен баптауларына қолжетімділік беру үшін қажетті субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ашылатын шот;
8) кәсіпкер (бұдан әрі – ШОК субъектісі) – өз қызметін 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;
9) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚКО) – кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, оның ішінде онлайн режимде ұсынуға арналған, облыс орталықтарындағы, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларындағы кәсіпкерлер палаталары жанынан және облыстардың кәсіпкерлер палаталарының моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы филиалдарының жанынан құрылған инфрақұрылымдық кешен;
10) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бөлімшесі (бұдан әрі – КҚКО бөлімшесі) – кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған, облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында кәсіпкерлер неғұрлым көп шоғырланған жерлерде құрылған жұмыс орны;
11) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне/"Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталына қол жеткізуді және иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
12) консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компания – белгілі бір мамандықта консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын, табысты іске асырылған жобаларды растаған және "Еуропа Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы" және "Бағдарлама шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру шеңберінде кәсіпкерлерді атаулы оқыту" құралдарын іске асыруға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес біліктілік іріктеуінен өткен заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер;
13) "Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі дербес ұйымы (бұдан әрі – "Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы" ЗТБ) – "Бағдарлама шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру шеңберінде кәсіпкерлерді атаулы оқыту" құралы шеңберінде кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдау көрсететін ұйым;
14) қаржы агенттігі – Бағдарлама шеңберінде қаржылай қолдауды іске асыруды және мониторингтеуді, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдауды ұсынуды, сондай-ақ "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралын мониторингтеуді жүзеге асыратын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;
15) қаржылай емес қолдау операторы – "Еуропа Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы" құрауышын, "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" және "Бағдарлама шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру шеңберінде кәсіпкерлерді атаулы оқыту" құралдарын қоспағанда, Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай емес қолдауды жүзеге асыратын "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
16) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы – пайдаланушыларға электрондық форматта мемлекеттік қаржылай емес қолдау шаралары ұсынылатын қаржылай емес қолдау операторының ақпараттық жүйесі;
17) қашықтан оқыту – "Бизнес-Мектеп" құралы шеңберінде қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында қашықтан танысу арқылы оқыту материалдарын зерделеу;
18) құрал – Бағдарлама шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетілетін қаржылай емес қолдау шарасы;
19) менеджер-консультант – кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғалар мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық, ақпараттық және түсіндіру қызметтерін көрсету шеңберінде өтеулі қызметтер көрсетуге арналған шартқа қол қойған жеке тұлға;
20) микрокәсіпкерлік субъектілері – жұмыскерлерінің орташа жылдық саны он бес адамнан аспайтын немесе орташа жылдық кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылындағы 1 қаңтарда қолданыста болған отыз мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері;
21) "Назарбаев Университеті" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – "Назарбаев Университеті" ДБҰ) – "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы шеңберінде кәсіпкерлерге қаржылай емес қолдауды жүзеге асыратын ұйым;
22) оқуды аяқтағаны туралы сертификат – оқудан өткенін растайтын құжат;
23) оқыту модулі – кәсіптік құзыреттерді алу мақсатында зерделенетін оқытудың жалпы бағдарламасының тәуелсіз, логикалық аяқталған буыны болып табылатын ақпараттың белгілі бір көлемі;
24) онлайн-оқыту – интернетке қосылған, білім беру ортасына толығымен енуге және жұмыс процесінен қол үзбей біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін компьютердің немесе басқа құрылғының көмегімен білім мен дағдыларды игеру;
25) өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары – техникалық жүйелерге біріктірілген, сервистік көрсетілетін қызметтер алуға, сондай-ақ тестілеуге арналған, техникалық құралдармен және мамандандырылған бағдарламалық өнімдермен жарақтандырылған арнайы жабдықталған орындар. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары КҚКО базасында құрылады;
26) өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын басқару орталығы – техникалық жүйелерге біріктірілген, Бағдарламаға қатысушыларды оқытуды жүзеге асыруға және консультациялық қызметтер көрсетуге арналған, техникалық құралдармен және мамандандырылған бағдарламалық өнімдермен жарақтандырылған, мамандардың дербес жұмысы үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыс орындарының кешені;
27) өңірлік кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ӨКП) – қаржылай емес қолдау операторының өңірлік кәсіпкерлер палатасы;
28) өтінім – Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін қажетті құжаттар қоса берілген өтініш;
29) өтініш беруші – Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алуға жүгінген тұлға;
30) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер туралы, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
31) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған, "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімнің мемлекеттік қолдау көрсету шарттарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;
32) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;
33) халықаралық шетелдік ұйымдар (бұдан әрі – ХШҰ) – шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыруға және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуға жәрдемдесетін және/немесе шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің дамуына жәрдемдесуге бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, шетелдік коммерциялық ұйымдар, шетелдік жергілікті атқарушы органдар;
34) шағын кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің орташа жылдық саны жүз адамнан аспайтын және орташа жылдық кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылындағы 1 қаңтарда қолданыста болған үш жүз мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;
35) шетелдік салалық сарапшы – басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша кәсіпкерлерге консультация беру үшін тартылған, экономиканың белгілі бір саласында 20 (жиырма) және одан да көп жыл кәсіби тәжірибесі бар ірі компанияның басшысы немесе меншік иесі;
36) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – банкке/лизингтік компанияға кредитке/лизинг шартына өтініш берген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі кемінде үш жылды құрайтын кәсіпкер (ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған/жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);
37) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік қолдау алуға арналған өтініш;
38) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, шоғырландырылған барлық үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға арналған техникалық талаптар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің электрондық нысанда көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бір терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
39) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдардың жиынтығы.
3. Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары кәсіпкерлер субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай функционалдық бағыттар бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді:
1) кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2) кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту;
3) кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру;
4) іскерлік байланыстарды кеңейту.
2-тарау. Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету
4. "Кәсіпкерлікті ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" функционалдық бағыты мынадай құралдарды қамтиды:
1) кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
2) "Бизнес-Насихат" мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру.
2.1-параграф. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету
5. "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралы экономиканың барлық секторларында жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылатын ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер кешенін қамтиды.
6. "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралын қаржыландыру "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
7. "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралы бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну КҚКО-да және/немесе КҚКО бөлімшесінде өтініш берушінің жеке қатысуымен не қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы электрондық түрде және КҚКО-да өзіне-өзі қызмет көрсету аймағында жүзеге асырылады.
8. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер:
мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және консультациялар беру бағыты бойынша:
1) ШОК субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты кәсіпкерлік қызметті қаржылай және қаржылай емес мемлекеттік қолдау шаралары туралы хабардар етуді;
2) бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары ("Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек", Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламалары, "Басым жобаларға кредит беру тетігі", "Қазақстан Республикасының ұлттық экспорттық стратегиясы" бағдарламасы) бойынша консультация беруді;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша консультация беруді;
4) бизнес ашу және жүргізу мәселелері бойынша консультация беруді;
өтініштерді сүйемелдеу бағыты бойынша:
1) лицензиялар мен рұқсаттар алу мәселелері бойынша сүйемелдеуді;
2) мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша даму институттарында сүйемелдеуді;
3) екінші деңгейдегі банктерде, басқа да қаржы ұйымдарында, сондай-ақ даму институттарында қаржыландыру үшін құжаттарды дайындау мәселелері бойынша сүйемелдеуді;
4) өнімді өткізуге жәрдемдесуді қамтиды.
9. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша өздері болған кезде көрсетілетін қызметтерді ұсыну тетігі мыналарды қамтиды:
1) өтініш беруші көрсетілетін қызметтерді алу үшін КҚКО-ға жүгінеді және оған кезек күту тәртібімен менеджер-консультант қызмет көрсетеді;
2) көрсетілетін қызметтерді алуға үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);
болған жағдайда ШОК субъектісін тіркеу туралы анықтама;
қажет болған жағдайда нотариат куәландырған сенімхат (түпнұсқасы);
3) менеджер-консультант өтініш берушіге міндетті түрде толтыру үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралын көрсетуге арналған сауалнама-өтінімді ұсынады;
4) өтініш беруші қалауы бойынша ауызша, сол сияқты жазбаша түрде де ақпарат алады;
5) өтініш берушінің қалауы бойынша менеджер-консультант шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұсынады;
6) менеджер-консультант көрсетілетін қызметті ұсынғаннан кейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралы шеңберінде Көрсетілген қызметтер тізіліміне өтініш берушінің деректерін енгізеді;
7) өтініш беруші көрсетілетін қызметтерді күнтізбелік жыл ішінде шектеусіз тұрақты негізде алуға құқылы.
10. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсыну тетігі:
1) өтініш беруші көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі;
2) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркелгеннен кейін өтініш беруші осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес қажетті көрсетілетін қызметті/қызметтерді таңдайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті түрде толтырылатын "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралын көрсетуге арналған электрондық сауалнама-өтінімді толтырады;
3) өтініш беруші электрондық өтінімге мынадай құжаттардың электрондық көшірмесін қоса тіркейді:
жеке куәлік;
ШОК субъектісін тіркеу туралы анықтама (болған жағдайда);
нотариат куәландырған сенімхат (қажет болған жағдайда);
4) өтініш беруші екі факторлы аутентификациялау әдісімен жеке басын сәйкестендіруді жүргізу жолымен және/немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында ЭЦҚ пайдалану арқылы көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған электрондық өтінімге қол қояды;
5) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталына келіп түскен электрондық өтінім менеджер-консультанттар арасында кезектілік және жүктелу тәртібімен бөлінеді;
6) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында электрондық өтінім бөлінгеннен кейін өтініш берушіге оның өтінімінің жұмысқа алынғаны туралы хабарлама электрондық поштаға немесе ұялы телефонға жіберіледі;
7) өтінімнің мәртебесі жөніндегі ақпарат қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі;
8) қаржылай емес қолдау операторының менеджер-консультанты 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы ұсынылған деректерді тексеруді жүргізеді. Қағидалардың осы тармағының 3) тармақшасына сәйкес ұсынылған құжаттар толық болмаған және/немесе сәйкес келмеген жағдайда менеджер-консультант бас тарту себебін көрсете отырып, өтінімді пысықтауға жібереді;
9) электрондық өтінімді қарау нәтижесі өтініш берушіге қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы оның жеке кабинетіне хабарламамен және өтінімнің мәртебесін көрсете отырып, мәтіндік қысқа хабарламалар сервисі арқылы хабармен (бұдан әрі – sms-хабар) жіберіледі;
10) өтініш беруші жеке кабинетте қаржылай емес қолдау операторының менеджер-консультанты көрсеткен қызметтің сапасын бағалауды жүргізеді;
11) ұсынылған қызметтің көрсетілуіне қанағаттанбаған жағдайда өтініш беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы өтініш беру жолымен немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында көрсетілген байланыстар бойынша қолдау қызметіне жүгіну арқылы менеджер-консультанттың іс-әрекетіне шағымданады.
11. Қызметтердің толық көрсетілмегені және сапасыз көрсетілгені үшін қаржылай емес қолдау операторы мен менеджер-консультант арасында жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарына сәйкес менеджер-консультант жауапты болады.
12. Көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау мақсатында қаржылай емес қолдау операторы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті алған өтініш берушілер арасында sms-хабарлар арқылы телефон және/немесе пікіртерім жүргізу арқылы сапа аудитін жүргізеді.
13. Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушілерге осы Қағидалардың шеңберінде қаржы жылының 12 (он екі) айы ішінде кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етеді.
2.2-параграф. "Бизнес-Насихат" құралы бойынша мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру
14. "Бизнес-Насихат" құралы шеңберінде халықтың бұқара тобына мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру:
1) Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
2) Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің табысты үлгілерін және табысты жобаларды танымал ету;
3) кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы түсіндіру;
4) кәсіпкерлік идеяларын насихаттау;
5) Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – ЕАЭО) мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
6) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлердің табысты үлгілерін танымал ету;
7) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау болып табылады.
15. "Бизнес-Насихат" құралын қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
16. Бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу:
1) өңірлік және салалық бөліністерде ШОК-тың ағымдағы жай-күйін және әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің серпінін кешенді жалпы республикалық талдауды, Қазақстан Республикасының әрбір өңірінің ШОК жай-күйіне жеке шолуды, ШОК субъектілерін қаржылай және қаржылай емес қолдаудың қолданыстағы инфрақұрылымы бойынша өзекті ақпаратты көрсететін Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі ШОК дамуының жай-күйі туралы есептің жыл сайынғы шығарылымын қоса алғанда, ШОК бойынша тұрақты есептерді дайындауды;
2) мемлекеттік қолдау шараларының талаптары мен тетіктері бойынша баспа өнімдерін әзірлеуді және тираждауды;
3) жарнаманы қолдана отырып, ақпараттық-білім беретін анимациялық және бейнероликтерді шығаруды және БАҚ-та орналастыруды көздейді.
17. Бағдарлама шеңберінде кәсіпкерлердің табысты үлгілері мен табысты жобаларын танымалы ету:
1) Бағдарлама шеңберінде іске асырылған жобалардың табысты үлгілері бойынша баспасөз турларын ұйымдастыруды;
2) Бағдарламаға қатысушылар туралы деректі фильмдер ("Табыс тарихы") әзірлеуді және өңірлік және республикалық телеарналарда орналастыруды;
3) БАҚ өкілдері арасында Бағдарлама немесе жалпы кәсіпкерлік туралы үздік материалға конкурс өткізуді көздейді.
18. Кәсіпкерлік саласындағы заңнаманы түсіндіру:
1) кәсіпкерлік саласындағы заңнама мәселелеріне маманданған ұйымдарды тарта отырып дайындалған кәсіпкерлік қызмет негіздері бойынша ақпараттық-талдамалық анықтамалықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуді және қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурстарында орналастыруды;
2) түсіндіру сипатындағы баспа өнімдерін әзірлеуді көздейді.
19. Кәсіпкерлік идеяларын насихаттау сарапшылардың, кәсіпкерлердің, шетелдік мамандардың қатысуымен телебағдарламалар сериясын ұйымдастыруды көздейді.
20. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізу шарттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде кәсіпкерлік қызметті жүргізудің мықты және әлсіз тұстарын көрсететін салыстырмалы сипаттағы тоқсан сайынғы ақпараттық-талдамалық материалдарды дайындауды көздейді.
21. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпкерлердің табысты үлгілерін танымал ету:
1) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарықтарында іске асырылған жобалардың табысты үлгілері бойынша баспасөз турларын ұйымдастыруды;
2) ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарықтарында жұмыс істейтін қазақстандық табысты кәсіпкерлер туралы деректі фильмдер ("Табыс тарихы") әзірлеуді және өңірлік және республикалық телеарналарда орналастыруды;
3) БАҚ өкілдері арасында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің нарықтарындағы қазақстандық кәсіпкерлік туралы үздік материалға конкурс өткізуді көздейді.
22. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде қазақстандық кәсіпкерлік идеяларын насихаттау сарапшылардың, кәсіпкерлердің, шетелдік мамандардың қатысуымен телебағдарламалар сериясын ұйымдастыруды көздейді.
3-тарау. Кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту
23. "Кәсіпкерлердің құзыреттерін дамыту" функционалдық бағыты мынадай құралдарды:
1) "Бизнес-Мектеп" кәсіпкерлік қызметін жүргізудің функционалдық бағыттарын оқытуды;
2) шағын және орта кәсіпкерлік топ-менеджментін оқытуды;
3) кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсынуды;
4) шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру шеңберінде кәсіпкерлерді атаулы оқытуды қамтиды.
3.1-параграф. "Бизнес-Мектеп" кәсіпкерлік қызметін жүргізудің функционалдық бағыттарын оқыту
24. "Бизнес-Мектеп" кәсіпкерлік қызметін жүргізудің функционалдық бағыттарын оқыту" құралын (бұдан әрі – "Бизнес-Мектеп") моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында қаржылай емес қолдау операторы көрсетеді.
25. "Бизнес-Мектеп" құралы ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде тартылмаған жұмыспен қамтылған тұлғалардың жекелеген санаттары үшін өтеусіз негізде ұсынылады.
26. "Бизнес-Мектеп" құралын іске асыруды қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
27. Қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын есепті тоқсанға дейінгі айдың 10 (оныншы) күніне дейін оқытудың күні мен өткізілетін орнын, оның кезеңін және өтінімдерді тапсыру мерзімдерін көрсете отырып, алдағы тоқсанға арналған оқыту курстарының графигін жасайды, ол жасалғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде БАҚ-қа орналастырылады.
28. "Бизнес-Мектеп" құралы қағаз және электрондық нысандарда көрсетіледі. Қағаз нысанда "Бизнес-Мектеп" құралын КҚКО-ға, кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына жүгіну арқылы қаржылай емес қолдау операторы көрсетеді. Электрондық нысанда "Бизнес-Мектеп" құралы "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен/ "Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау жолымен көрсетіледі.
29. "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің/"Бизнеске арналған үкімет" сервисі веб-порталының ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
30. "Бизнес-Мектеп" құралын электрондық нысанда көрсету мақсатында қаржылай емес қолдау операторы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде/"Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталында ЭЦҚ арқылы тіркеледі және жеке кабинет ашады. Қаржылай емес қолдау операторы жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес ЭЦҚ бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін жібереді.
31. Уәкілетті орган көрсетілетін қызметтерді жеткізушімен субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне/"Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталына қол жеткізуді сүйемелдеу және қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
32. "Бизнес-Мектеп" құралын көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) құралды көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) құралды көрсету үшін қажет ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Бағдарламада және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.
33. Кәсіпкерлік қызметті жүргізудің функционалдық бағыттарын, оның ішінде "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша цифрлық дағдыларды оқыту 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржылай емес қолдау веб-порталында күндізгі және/немесе қашықтан оқыту арқылы жүргізіледі.
34. Оқыту процесінде білім алушыларға қажетті оқыту материалдары (таңдап алынған функционалдық бағыт бойынша) және қаржыландыру алуға арналған құжаттардың үлгілік нысандарын, салалар бойынша маркетингтік зерттеулер есептерін, инновацияларды енгізу саласындағы тәжірибені, бизнес-жоспарларды және электрондық нысандағы оқыту бейнероликтерін қамтитын стандартты құжаттар топтамасы беріледі, сондай-ақ қаржылай емес қолдау операторының оқыту веб-порталына еркін қол жеткізу ұйымдастырылады.
35. Қаржылай емес қолдау операторы:
1) қашықтан оқытудан өткен тыңдаушыларға қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тестілеу қорытындылары бойынша шекті мәні кемінде 70 (жетпіс) пайызға жеткен кезде;
2) күндізгі оқудан өткен тыңдаушыларға курстың жалпы ұзақтығының кемінде 80 (сексен) пайызына қатысқан кезде қағаз және/немесе электрондық нысанда "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша курстардан өткені туралы сертификат береді.
36. "Бизнес-Мектеп" құралын одан әрі көрсету уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
37. "Бизнес-Мектеп" құралы 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады.
3.2-параграф. Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту
38. "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралын "Назарбаев Университеті" ДБҰ базасында "Назарбаев Университеті" ДБҰ көрсетеді.
39. "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында қызметін жүзеге асыратын, жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің жоғары және орта буын басшыларына өтеусіз негізде ұсынылады.
40. "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралын іске асыруды қаржыландыру уәкілетті орган мен "Назарбаев Университеті" ДБҰ арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
"Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралының қатысушылары оқу орнына дейінгі және кері қайту жолының, сондай-ақ тұру ақысын өздері төлейді.
41."Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы қағаз және электрондық нысандарда көрсетіледі. Қағаз нысандағы "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралын қаржы агенттігіне жүгіну арқылы "Назарбаев Университеті" ДБҰ көрсетеді. Электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен/"Бизнеске арналған үкімет" сервис веб-порталымен өзара іс-қимыл жасасу жолымен көрсетіледі.
42. "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесі/"Бизнеске арналған үкімет" сервисі веб-порталының ақпараттық өзара іс-қимылы "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
43. Құралды электрондық нысанда көрсету мақсатында уәкілетті орган, "Назарбаев Университеті" ДБҰ және қаржы агенттігі ЭЦҚ арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде/"Бизнеске арналған үкімет" сервис веб-порталында тіркеледі және жеке кабинет ашады. Уәкілетті орган, "Назарбаев Университеті" ДБҰ және қаржы агенттігі көрсетілетін қызметтерді берушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жыл сайын ЭЦҚ бар өз жұмыскерлерінің жаңартылған тізімдерін жібереді.
44. Уәкілетті орган көрсетілетін қызметтерді берушімен субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне/"Бизнеске арналған үкімет" сервис веб-порталына қол жеткізуді сүйемелдеу және қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетн қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
45. "Назарбаев Университеті" ДБҰ қаржы агенттігі арқылы тікелей және/немесе БАҚ арқылы Бағдарламаның әлеуетті қатысушыларын конкурстық іріктеудің басталғаны туралы хабардар етеді және/немесе "Назарбаев Университеті" ДБҰ конкурстық іріктеудің басталғаны туралы ақпаратты "Назарбаев Университеті" ДБҰ ресми интернет-ресурсында және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде/"Бизнеске арналған үкімет" сервис веб-порталында жариялайды.
46. "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралын көрсетуден бас тарту үшін мыналар:
1) құралды көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) құралды көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Бағдарламада және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) құралды көрсету үшін талап етілетін келісу туралы сұрау салуға уәкілетті мемлекеттік органның теріс жауабын, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысын алуы негіз болып табылады.
47."Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралын одан әрі көрсету уәкілетті орган бекітетін "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік субъектілерін оқыту" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
48. Қаржы агенттігі мен "Назарбаев Университеті" ДБҰ Кәсіпорындарды дамыту жөніндегі бағдарламаға қатысушылардың қызметіне кейіннен мониторинг жүргізеді.
3.3-параграф. Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету
49. "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы тиімділікті арттыру мақсатында кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін ШОК субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады.
50. "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралын қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында тиісті мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
51. Сервистік қолдауды ұсыну ШОК субъектісінің жеке қатысуымен, облыс орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы жергілікті жерлерде және облыстардың кәсіпкерлер палаталарының моноқалалардағы, шағын қалалардағы және аудан орталықтарындағы филиалдарының жанындағы КҚКО-да, КҚКО бөлімшесінде, сондай-ақ қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады.
52. Экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін ШОК субъектілеріне сервистік қолдау көрсету шеңберінде мынадай мамандандырылған көрсетілетін қызмет түрлері (бұдан әрі – сервистік көрсетілетін қызметтер) ұсынылады:
1) мыналарды:
салық заңнамасы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама мәселелері бойынша консультацияларды;
бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтарды және бюджетке басқа да аударымдарды есептеу мәселелері бойынша консультацияларды;
бухгалтерлік есеп жүргізу бойынша консультацияларды;
"1С-Бухгалтерия" бағдарламасымен жұмыс істеу бойынша консультацияларды;
салықтық және статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультацияларды;
бөгде ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептер жасау бойынша консультацияларды;
салықтық және статистикалық есептер дайындауды қамтитын бухгалтерлік және салық есебін жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілік жасауға байланысты көрсетілетін қызметтер;
2) сыртқы экономикалық қызмет бойынша:
кеден заңнамасы және кедендік рәсімдер саласында;
сыртқы экономикалық қызмет үшін лицензиялар, рұқсаттар алу бойынша;
ЕАЭО шеңберінде тауарларды декларациялау бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтер;
3) мыналарды:
электрондық сауда жүргізу мәселелері бойынша консультацияларды;
электрондық сауда алаңдарында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді;
әлеуметтік желілерде бизнесті ілгерілету бойынша консультацияларды;
іздеу жүйелерінде сайтты ілгерілету бойынша консультацияларды;
интернет-маркетинг құралдарын пайдалану бойынша консультацияларды қамтитын интернет-маркетинг бойынша көрсетілетін қызметтер;
4) мыналарды:
кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттар дайындау бойынша консультациялық қызметтерді;
кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге, қайта тіркеуге, таратуға құжаттар дайындауды;
шарттар жобаларын әзірлеу бойынша консультацияларды;
шарттардың жобаларын электрондық форматта әзірлеуді;
азаматтық, еңбек және кәсіпкерлік құқық саласындағы консультацияларды;
құжат айналымын жүргізу бойынша консультацияларды;
кадрлық құжаттаманы жүргізу және құжат айналымы бойынша консультацияларды;
құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеруге байланысты консультациялық қызметтерді қамтитын заң қызметтерін көрсету;
5) мыналарды:
баға саясатын әзірлеу бойынша консультацияларды;
банктерде кредит беру және мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін бизнес-жоспар әзірлеу бойынша консультацияларды;
банктерде кредит беру және мемлекеттік қолдау шараларын алу үшін бизнес-жоспар әзірлеуді;
тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе көрсетілетін қызметтерге сұраныс түрлерін зерделеу бойынша консультацияларды;
бәсекелес ортаны талдау бойынша консультацияларды қамтитын маркетинг мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметтер;
6) мыналарды:
интернет-ресурстарды әзірлеу және қолдау бойынша консультацияларды;
кәсіпорынның/дара кәсіпкерлік субъектісінің сайт визиткасын жасауды;
есептерді электрондық тапсыру бағдарламасын орнату бойынша консультация беруді;
"1С-Бухгалтерия" бағдарламасын орнату және қолдау бойынша консультацияларды қамтитын ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласындағы көрсетілетін қызметтер;
7) мыналарды:
конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдер дайындауды;
Қазақстан Рспубликасының сатып алу жөніндегі бірыңғай құрылымдалған ақпараттық базасын қамтитын интернет-ресурсқа қашықтан қосылуды;
сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекеттеріне/әрекетсіздігіне шағымдану бойынша консультацияларды;
сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекеттеріне/әрекетсіздігіне шағымдануды;
біліктілікті алдын ала іріктеу тізіліміне қосу бойынша консультацияларды;
мүгедектер ұйымдары тізіліміне қосу бойынша консультацияларды;
"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – "Самұрық-Қазына "ҰӘҚ" АҚ) адал өнім берушілер тізіліміне қосу бойынша консультацияларды;
электрондық сатып алу порталында тіркелу бойынша консультацияларды;
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ электрондық сатып алулар (тауар өндірушілер) тізіліміне қосу бойынша консультацияларды қамтитын мемлекеттік сатып алумен, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты көрсетілетін қызметтер;
8) отандық тауар өндірушілерге (бұдан әрі – ОТӨ) мыналарды:
сауда алаңдарында отандық тауар өндірушілердің (бұдан әрі – ОТӨ) тауарларын ілгерілету және/немесе өткізу бойынша консультацияларды;
ОТӨ өнімдерінің таныстырылымын өткізу үшін өндірушілердің сауда компанияларымен кездесулерін ұйымдастыруға жәрдемдесуді;
ОТӨ-мен сауда алаңдарын жалға алу шарттарын жасасу бойынша консультацияларды;
ОТӨ өнімдерін сауда алаңдарына жеткізу шарттарын жасасу бойынша консультацияларды қамтитын өндірілетін өнімді өткізуге жәрдемдесу жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтер.
53. Қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын ұсынылатын сервистік көрсетілетін қызметтер туралы, БАҚ арқылы және/немесе ақпаратты қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурстарында орналастыру арқылы сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың басталғаны және орны туралы ШОК субъектілерін хабардар етеді.
54. ШОК субъектілері күнтізбелік 1 (бір) жылда 1 (бір) рет алатын бизнес-жоспар әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтен басқа, ШОК субъектілері тұрақты негізде бекітілген сервистік көрсетілетін қызметтер шеңберінде кешенді сервистік қолдау алады.
55. Кәсіпкердің жеке қатысуымен сервистік қызметтер көрсету мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) сервистік қызметтерді алуға мүдделі ШОК субъектілері КҚКО-ға және/немесе КҚКО бөлімшесіне жүгінеді және оған кезек тәртібімен менеджер- консультант қызмет көрсетеді;
2) сервистік қызметтерді алуға үміткер ШОК субъектілері мынадай құжат түрлерін:
жеке куәлігін (сәйкестендіру үшін);
ШОК субъектісін тіркеу туралы анықтаманы;
қажет болған жағдайда нотариат куәландырған сенімхатты (түпнұсқаны) ұсынады;
3) менеджер-консультант ШОК субъектілеріне осы Қағидаларға 3-қосымшадағы нысан бойынша кәсіпкерлік субъектілері үшін сервистік қызметтер ұсынуға арналған сауалнама-өтінімге сәйкес сервистік көрсетілетін қызметті ұсынады;
4) ШОК субъектісі өз қалауы бойынша ауызша, сондай-ақ жазбаша түрде ақпарат алады;
5) менеджер-консультант ШОК субъектісінің қалауы бойынша шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұсынады;
6) тиісті сапада және толық көлемде қызмет көрсетілгеннен кейін менеджер-консультант пен ШОК субъектілері арасында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанда көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылады;
7) ШОК субъектісіне көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау үшін қаржылай емес қолдау операторы телефонмен пікіртерім және/немесе sms-хабарлар арқылы пікіртерім жүргізу жолымен сапа аудитін жүргізеді;
8) менеджер-консультант көрсетілетін қызметті ұсынғаннан кейін ШОК субъектілерінің деректерін осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы шеңберінде Көрсетілген қызметтер тізіліміне енгізеді.
56. Қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимде сервистік қызметтер көрсету мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ШОК субъектілері сервистік қызметті алу үшін қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі. ШОК субъектілері қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркелген кезде қажетті деректерді толтырады және қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында жеке кабинет құрады. Толтырылған деректер форматтық-логикалық бақылауға сәйкес келген жағдайда, ШОК субъектілерінің тіркеу кезінде көрсеткен мобильді нөміріне жіберілген төрт таңбалы санды енгізу және/немесе ЭЦҚ пайдалану арқылы өтінімге қол қою сұралады;
2) ШОК субъектілері қажетті сервистік көрсетілетін қызметтерді таңдайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған электрондық сауалнама-өтінім толтырады және осы Қағидалардың 55-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесін тіркейді;
3) осы Қағидалар шеңберінде сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған электрондық өтінімге екі факторлы аутентификациялау әдісімен жеке басты сәйкестендіру жүргізу жолымен және/немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында ЭЦҚ пайдалану арқылы қол қойылады;
4) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталына келіп түскен электрондық өтінім менеджер-консультанттар арасында кезектілік және жүктеме тәртібімен бөлінеді;
5) ШОК субъектілері электрондық өтінімді менеджер-консультантқа бөлгеннен кейін оның электрондық өтінімінің жұмыс үшін қабылданғаны туралы электрондық поштаға немесе ұялы телефонға хабарлама алады;
6) электрондық өтінімнің мәртебесі бойынша ақпарат қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында ШОК субъектісінің жеке кабинетінде көрсетіледі;
7) қаржылай емес қолдау операторының менеджер-консультанты жұмысқа электрондық өтінімді алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын осы Қағидалардың 55-тармағының 2) тармақшасына сәйкес тексереді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және/немесе сәйкес келмеген жағдайда менеджер-консультант бас тарту себебін көрсете отырып, электрондық өтінімді пысықтауға жібереді;
8) қаржылай емес қолдау операторының менеджер-консультанты сервистік қызмет көрсетеді және қызмет көрсету нәтижесін ШОК субъектісіне оның қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетіне жібереді. ШОК субъектісі сондай-ақ электрондық өтінімнің мәртебесі көрсетілген sms-хабар алады;
9) көрсетілген қызметтің нәтижелерін алғаннан кейін ШОК субъектілері қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанда көрсетілген қызметтер актісіне екі факторлы теңтүпнұсқаландыру әдісімен жеке басын сәйкестендіруді жүргізу жолымен және/немесе ЭЦҚ пайдалану арқылы қол қою жолымен жұмыстардың орындалу фактісін растайды;
10) ШОК субъектілері қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетте менеджер-консультант көрсеткен сервистік қызметтің сапасына бағалау жүргізеді;
11) ШОК субъектілері ұсынылған қызметті көрсету сапасына қанағаттанбаған жағдайда, қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы өтініш беру жолымен немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында көрсетілген байланыстар бойынша қолдау қызметіне жүгіну арқылы менеджер-консультанттың іс-әрекетіне шағымданады.
57. Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету бойынша көрсетілтін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде:
1) қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген нысан бойынша құралды іске асыру туралы есепті жібереді;
2) қаржылай емес қолдау операторы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 3-күнінен кешіктірмей құралды іске асыру мониторингін жүргізу мақсаттары үшін қаржы агенттігіне құралды іске асыру туралы мәліметтер жібереді;
3) қаржы агенттігі "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралын іске асыру барысы туралы мониторингті жүзеге асырады. Қаржы агенттігінің мониторингтік тексеруді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсынуға мониторинг жүргізу әдістемесінде келтірілген.
58. Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылының 12 (он екі) айы ішінде ШОК субъектілеріне сервистік қолдауды үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етеді.
59. 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қаржылай емес қолдау операторы осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша ұзақтығы 2 (екі) минуттан аспайтын оқыту бейнероликтерін әзірлеп, қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурстарында орналастырады.
60. Сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша оқыту бейнероликтерін әзірлеуді және орналастыруды қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
61. Қаржылай емес қолдау операторы сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесі бойынша әзірленіп, орналастырылған оқыту бейнероликтері бойынша есеп береді.
3.4-параграф. Бағдарлама шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру шеңберінде кәсіпкерлерді атаулы оқыту
62. "Бағдарлама шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру шеңберінде кәсіпкерлерді атаулы оқыту" (бұдан әрі – "Атаулы оқыту") құралын "Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы" қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі (бұдан әрі – атаулы оқыту операторы) моноқалаларда, шағын қалалар мен аудан орталықтарында, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында КҚКО-да көрсетеді.
63. "Атаулы оқыту" құралы Бағдарлама шеңберінде жеңілдікті кредит алған не алуды жоспарлап отырған жұмыс істеп тұрған шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері үшін өтеусіз негізде беріледі.
64. "Атаулы оқыту" құралын іске асыруды қаржыландыру уәкілетті орган мен атаулы оқыту операторы арасында көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
65. "Атаулы оқыту" құралын атаулы оқыту операторы консультациялық қызметтерді беруші компанияларды тарту жолымен іске асырады.
66. Атаулы оқыту операторы консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компаниялардың Бағдарламада және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес әзірленген техникалық ерекшелікке сәйкестігіне конкурстық іріктеу жүргізеді.
67. Конкурстық іріктеуден өту үшін консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компаниялар атаулы оқыту операторы әзірлеген техникалық ерекшелікке сәйкес "Атаулы оқыту" құралы шеңберінде оқыту бағдарламаларын әзірлейді және ұсынады.
68. Атаулы оқыту операторы тікелей және (немесе) қаржылай емес қолдау операторы, қаржы агенттігі, екінші деңгейдегі банктер, БАҚ арқылы өтінімдерді қабылдау күніне дейін 30 (отыз) күнтізбелік күн бұрын мекенжайы мен өтінімдерді қабылдау кезеңін көрсете отырып, консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияларға конкурстық іріктеудің басталғаны туралы ақпаратты хабарлайды.
Өтінімдерді қабылдау кезеңін атаулы оқыту операторы белгілейді және ол күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.
69. Атаулы оқыту операторының консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компаниялардың өтінімдерін қарауы құжат қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады, оның ішінде:
1) 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру жүргізіледі;
2) 8 (сегіз) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың Бағдарламаның, осы Қағидалардың шарттарына және атаулы оқыту операторы әзірлеген техникалық ерекшелікке сәйкестігін тексеру жүргізіледі.
Бұл ретте өтінімдерді қабылдау кезеңі аяқталғаннан кейін ұсынылған өтінімдер тіркеуге және қарауға жатпайды.
70. Өтінімді консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания атаулы оқыту операторына парақтар санын көрсете отырып, қол қойылып, нөмірленген түрде қағаз жеткізгіште қолма-қол және (немесе) бірыңғай файлда сканерленген электрондық нысанда береді.
71. Консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания ұсынылған құжаттардың және бастапқы деректердің толықтығын, дұрыстығын қамтамасыз етеді.
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Атаулы оқыту" құралы бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияларды конкурстық іріктеуге қатысуға арналған өтінімді;
2) өтініш берушімен еңбек қатынастарында тұрған, жоғары білімі бар, кемінде 5 (бес) білікті кадрдың болуын растайтын құжаттарды (жұмыскерлер түйіндемелерінің көшірмелерін, дипломдарының көшірмелерін, еңбек шарттарының және (немесе) өтініш берушінің жұмысқа қабылдау туралы бұйрығының көшірмелерін);
3) жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттарды, консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания қызметінің сипаттамасын, оның мамандануының сипаттамасын;
4) мемлекеттік тізілімде тіркелуі туралы куәліктің көшірмесін;
5) кем дегенде алдыңғы 2 (екі) жыл ішіндегі жылдық қаржылық есептілікті (пайдалар мен шығасылар туралы есепті, ақша қаражатының қозғалысы туралы есепті, балансты);
6) пікірлер мен ұсынымдарды қоса алғанда, консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияның мамандануы шеңберінде соңғы 2 (екі) жыл ішінде іске асырылған жобалардың сипаттамасын;
7) атаулы оқыту операторы әзірлеген техникалық ерекшелікке сәйкес әзірленген оқыту бағдарламаларын;
8) оқытуға және консультациялық қызметтер көрсетуге өтінім бірнеше өңір мен елді мекенде бір мезгілде берілген жағдайда, бірнеше елді мекенде және өңірде оқытуды жүргізу мен консультациялық қызметтер көрсету мүмкіндігін растайтын ақпаратты;
9) коммерциялық ұсынысты ұсынады.
72. Осы Қағидалардың 71-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда, атаулы оқыту операторы консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияның өтінімін өтінімдерді қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарамай қайтарады.
Ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 71-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкессіздігі анықталған кезде консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияға анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жіберіледі.
73. Консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания атаулы оқыту операторының хабарламасына сәйкес анықталған сәйкессіздіктерді осы Қағидалардың талаптарына сәйкес хабарламаны алған сәттен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жояды.
74. Атаулы оқыту операторы құжаттар келіп түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде анықталған сәйкессіздіктерді ескере отырып, консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания ұсынған құжаттарды қайта қарайды. Сәйкессіздіктер қайта анықталған жағдайда, атаулы оқыту операторы консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияға одан әрі конкурстық іріктеуге қатысуға консультациялық қызмет көрсетеді.
75. Конкурстық іріктеуді құрамына қаржылай емес қолдау операторының, атаулы оқыту операторының, салалық қауымдастықтар мен даму институттарының өкілдері кіретін консультациялық қызметтерді беруші-компанияларды іріктеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жүзеге асырады.
76. Консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияның өтінімі:
1) консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания осы Қағидаларның 71-тармағының талаптарына сәйкес келмеген;
2) консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания осы Қағидалардың 72-тармағында көзделген оған жіберілген хабарламаға сәйкес сәйкессіздіктерді жоймаған;
3) өтінімде қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі анықталған жағдайларда Комиссияның қарауына жіберілмейді.
77. Атаулы оқыту операторы конкурстық іріктеу жарияланған күнге дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні қалғанда Комиссия мүшелерін және консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияларды Комиссия отырысының өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы хабардар етеді және Комиссия отырысының материалдары мен күн тәртібін ұсынады.
78. Комиссия құрамы атаулы оқыту операторының бұйрығымен бекітіледі. Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі.
79. Комиссия отырысы офлайн және/немесе онлайн режимде өткізіледі.
80. Комиссия отырысы оның мүшелерінің кемінде жартысы қатысқан жағдайда өтті деп есептеледі.
Түскен өтінімдерді қарау кезінде Комиссия отырысына қатысатын Комиссия мүшелерінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, олар Комиссияның тиісті отырысына қатысудан шеттетіледі. Комиссия отырысының жұмысына қатысу мүмкін болмаған жағдайда, Комиссия мүшелері кезекті отырысты өткізу туралы хабарламаны алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде Комиссияның хатшысына жазбаша хабардар етеді.
Комиссияның хатшысы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.
Комиссия отырысын өткізу кезінде отырыстың аудиожазбасы (бейнежазба) жүзеге асырылады.
Комиссия отырыстарының аудиожазбасы (бейнежазбасы), Комиссия отырыстары хаттамаларының түпнұсқалары, Комиссия мүшелерінің өтініш білдірушілерін бағалау парақтарының түпнұсқалары атаулы оқыту операторында сақталады.
Комиссия қызметін материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді атаулы оқыту операторы қамтамасыз етеді.
81. Комиссия отырысында консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компания онлайн және/немесе офлайн форматта өз компаниясын таныстырады және Комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауап береді.
82. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссия отырысының хаттамасына қол қойылады, онда Комиссияның шешімі көрсетіледі.
83. Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде атаулы оқыту операторы консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияларға қабылданған шешім туралы хабарлама жібереді.
Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жеңімпаз деп танылған консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компаниялармен оң шешім қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Комиссия шарт жасасады.
84. "Атаулы оқыту" құралы мынадай функционалдық бағыттарды:
1) қаржылық сауаттылықты, цифрландыруды және есепке алу саясатына көшуді оқытуды;
2) салалық ерекшелігіне сәйкес кәсіпкерлік дағдыларды дамытуды көздейді.
85. Әрбір функционалдық бағыт бойынша оқытудың жалпы ұзақтығы 2 (екі) айды құрайды.
86. "Қаржылық сауаттылықты, цифрландыруды және есепке алу саясатына көшуді оқыту" функционалдық бағыты мынадай:
қаржылық сауаттылықты арттыру және қаржылық есептілікті дайындау;
банк өнімдерінің қолжетімділігін зерделеу және арттыру;
бизнес-процестерді автоматтандыру және POS-терминалдарды пайдалану;
шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін ERP жүйесін енгізу;
интернет-эквайрингті енгізу;
басқару есебін цифрландыру;
персоналды басқаруды жетілдіру модульдерін қамтиды.
87. "Салалық ерекшелікке сәйкес кәсіпкерлік дағдыларды дамыту" функционалдық бағыты мынадай:
салалық ерекшелігіне сәйкес бизнесті пен персоналды басқару модельдері;
кәсіпкерлік қызметтің өндірістік және салықтық шығасыларын төмендету;
кәсіпкерлік қызметті реттейтін заңнаманы зерделеу;
қызметкерлердің біліктілігін арттыру;
сатуды басқару;
өткізу нарығын кеңейту модульдерін қамтиды.
88. Әрбір функционалдық бағыт бойынша оқыту мынадай:
1) бизнестің салалық ерекшелігіне сәйкес оқу-консультациялық жоспар құра отырып, ұзақтығы 1 (бір) айдан кем емес модульдік оқыту;
2) алған білімді игеру және кәсіпорын қызметіне өзгерістерді іс жүзінде енгізу процесін ұзақтығы 1 (бір) айдан кем емес онлайн-сүйемелдеу (алдыңғы кезеңмен қатар жүргізілуі мүмкін);
3) бизнес-процестерді басқару және оларды цифрландыру жүйесін жетілдіру бойынша ұзақтығы 1 (бір) айдан кем емес консультациялық көрсетілетін қызметтер (алдыңғы кезеңдер аяқталғаннан кейін) кезеңдерін көздейді.
89. Бизнестің салалық ерекшелігіне сәйкес оқу-консультациялық жоспар құра отырып, модульдік оқытуды көздейтін кезең онлайн және/немесе офлайн форматтарда өткізіледі.
Онлайн форматта оқыту қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы және/немесе атаулы оқыту операторының және/немесе консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компаниялардың ақпараттық ресурстары арқылы жүргізіледі.
Офлайн форматта оқыту КҚКО-да немесе қаржылай емес қолдау операторының және/немесе атаулы оқыту операторының және/немесе консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компаниялардың өзге де үй-жайларында жүргізіледі.
90. Алған білімді игеру және кәсіпорын қызметіне өзгерістерді іс жүзінде енгізу процесін онлайн-сүйемелдеуді көздейтін кезең консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияның өтініш берушіге тікелей консультация беруі арқылы жүргізіледі.
91. Бизнес-процестерді басқару және оларды цифрландыру жүйесін жетілдіру жөніндегі консультациялық көрсетілетін қызметтерді көздейтін кезең өтініш берушіге онлайн-консультация беру және өтініш берушілердің объектілеріне консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компаниялардың шығуы арқылы жүргізіледі.
92. Консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші әр компания офлайн және/немесе онлайн режимде оқытуды жүргізу және консультациялық қызметтерді көрсету және кемінде 20 (жиырма) оқыту бейнеролигін әзірлеу бойынша міндеттемелерді қабылдайды.
Бейнероликтерде оқыту модульдерінің қысқаша сипаттамасы болуға тиіс.
93."Атаулы оқыту" құралын көрсетуге өтінім электрондық нысанда беріледі.
94. Қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы электрондық нысанда "Атаулы оқыту" құралын көрсетуге өтінім беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) өтініш беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі және өзінің жеке кабинетін құрады;
2) өтініш беруші осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысанда "Атаулы оқыту" құралын көрсетуге арналған электрондық сауалнама-өтінімді мынадай құжаттардың:
жеке куәліктің;
шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне жататындығы туралы анықтаманың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып толтырады.
3) атаулы оқыту операторы қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы келіп түскен электрондық өтінімді 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарайды.
Электрондық өтінім толық болмаған және/немесе осы Қағидаларға 8-қосымшада баяндалған шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, атаулы оқыту операторы өтініш берушіге қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетіне дәлелді бас тарту жібереді және/немесе анықталған ескертулерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күнін құрайтын мерзім береді.
Электрондық өтінім толық және осы Қағидаларға 8-қосымшада баяндалған шарттарға сәйкес келген жағдайда, атаулы оқыту операторы өтініш берушіге "Атаулы оқыту" құралын көрсетуге арналған электрондық өтінімді келісу туралы хабарлама жібереді;
4) электрондық өтінімді қарау нәтижесі өтініш берушіге қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы оның жеке кабинетіне өтінім мәртебесі көрсетілген хабарламамен немесе sms-хабар арқылы хабарлама жіберіледі;
5) атаулы оқыту операторы оқу топтарын қалыптастыру үшін кезектілік тәртібімен мақұлданған өтінімдерді бөледі;
6) атаулы оқыту операторы "Атаулы оқыту" құралына қатысушылардың тізімін қалыптастырады және оларды тиісті оқыту графигін әзірлеу және бекіту үшін "Атаулы оқыту" құралының функционалдық бағыттарын оқыту модульдеріне сәйкес консультациялық көрсетілетін қызметтерді беруші компанияларға жібереді.
95. Өтініш беруші "Атаулы оқыту" құралын іске асыруға байланысты мониторинг жүргізу немесе өзге де іс-әрекеттер үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді ұсыну туралы жазбаша міндеттемеге қол қояды. Өтініш беруші "Атаулы оқыту" құралы шеңберінде атаулы қолдау операторының сұратуы бойынша 2 (екі) жыл ішінде жартыжылдық негізде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысанда "Атаулы оқыту" құралы шеңберінде мониторингтік есепті ұсынады.
96. Өтініш беруші атаулы оқыту операторының веб-порталында көрсетілген қаржылай емес қолдау шараларының сапасына бағалау жүргізеді.
97. Оқыту және консультациялық қызмет көрсету сапасына қанағаттанбаған жағдайда, өтініш беруші атаулы оқыту операторының веб-порталы арқылы өтініш беру жолымен немесе атаулы оқыту операторының веб-порталында көрсетілген қатынас түрі бойынша қолдау қызметіне жүгіну арқылы консультациялық қызмет беруші компанияның іс-әрекетіне шағымданады.
98. "Атаулы оқыту" құралын іске асыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде атаулы оқыту операторы тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей уәкілетті органға көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген нысан бойынша есеп жібереді.
4-тарау. Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру
99. "Кәсіпкерлердің өнімділігін арттыру" функционалдық бағыты мынадай:
1) басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту (Аға сеньорлар);
2) еуропалық Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасы құралдарын қамтиды.
4.1-параграф. Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту (Аға сеньорлар)
100. "Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту" құралын (бұдан әрі – "Аға сеньорлар") Қазақстан Республикасының аумағында қаржылай емес қолдау операторы шетелдік және/немесе отандық консультанттарды, оның ішінде ХШҰ жәрдемімен тарту арқылы іске асырады.
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу қажеттігіне байланысты 2020 жылы "Аға сеньорлар" құралын қаржылай емес қолдау операторы отандық консультанттарды тарту арқылы іске асырады.
101. "Аға сеньорлар" құралының қатысушылары өз қызметін Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын ШОК субъектілері болып табылады.
102. "Аға сеньорлар" құралын қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
103. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын өтеулі қызмет көрсету туралы шарт жасалғанға дейін "Аға сеньорлар" құралы бойынша қаржылай емес қолдау операторы көрсеткен қаржылай емес қолдау шараларын уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған өтеулі қызмет көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.
104. "Аға сеньорлар" құралы жылдық айналымы 5000 (бес мың) айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын ШОК субъектісінің кәсіпорнына сыртқы консультантты тарту арқылы іске асырылады.
105. "Аға сеньорлар" құралы бойынша сыртқы консультанттарды тарту:
1) кәсіпорынды дамытудың нақты проблемаларын диагностикалауды және анықтауды;
2) нақты проблемаларды жою бойынша шешімдер әзірлеуді және практикалық жұмысты;
3) сыртқы консультанттың мамандануына сәйкес практикалық оқыту (бұдан әрі – семинарлар) жүргізуді көздейді.
106. Көлік шығыстары мен сыртқы консультанттардың көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
107. Сыртқы консультанттардың тәуліктік шығыстары, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының аумағында тұруы және аудармашылық көрсетілетін қызметтер ШОК субъектісінің меншік қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
108. "Аға сеньорлар" құралын іске асыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) қаржылай емес қолдау операторы аға сеньорлардың қызметін үйлестіретін ХШҰ-мен Ынтымақтастық туралы меморандум жасасады;
2) қаржылай емес қолдау операторы тікелей және/немесе БАҚ арқылы құралды іске асыру шарттары туралы ШОК субъектілерін хабардар етеді;
3) ШОК субъектісі қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысанда "Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды (Аға сеньорлар) тарту" құралын беруге өтінім береді. ШОК субъектісі ШОК субъектісінің жеке кабинеті құрылатын қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркеуден өтеді;
4) қаржылай емес қолдау операторы қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы түскен ШОК субъектісінің өтінімін электронды түрде қарайды және 10 (он) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге өтінімнің мәртебесі туралы ақпарат жібереді. Өтінім осы Қағидаларға 10-қосымшада баяндалған шарттарға сәйкес келмеген жағдайда, қаржылай емес қолдау операторы 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетке дәлелді бас тартуды жібереді не анықталған ескертулерді жою үшін 2 (екі) жұмыс күнін құрайтын мерзім береді;
5) қаржылай емес қолдау операторы мақұлданған өтінімдер бойынша сыртқы консультанттарды, оның ішінде ХШҰ жәрдемімен тартуды қамтамасыз етеді;
6) "Аға сеньорлар" құралы бойынша қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну мерзімі ШОК субъектісінің өтінімі мақұлданған кезден бастап ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейінгі кезеңді қамтиды;
7) сыртқы консультанттар өз миссиясы шеңберінде тікелей кәсіпорындарда консультациялар жүргізеді;
8) сыртқы консультанттың ШОК субъектісінің кәсіпорнында болу мерзімі кемінде 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
109. "Аға сеньорлар" құралы бойынша қаржылай емес қолдау шарасын алған ШОК субъектісі қаржылай емес қолдау операторының сұрау салуы бойынша 2 (екі) жыл ішінде жартыжылдық негізде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ныснада ШОК субъектісінің қызметі туралы мониторингтік есепті ұсынады.
110. Қаржылай емес қолдау операторы ШОК субъектілеріне қаржы жылының он екі айы ішінде "Аға сеньорлар" құралын үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етеді.
111. "Аға сеньорлар" құралы 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылады.
4.2-параграф. Еуропалық қайта Құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы
112. Еуропалық Қайта құру және Даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) сыртқы бизнес-консультанттарды тарту жолымен "Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы" (бұдан әрі – ЕҚДБ бағдарламасы) құралын іске асырады.
113. ЕҚДБ бағдарламасы төрт бағытта іске асырылады:
1) кәсіпорынның өсуі үшін талап етілетін өзгерістерді енгізу үшін кәсіпорынға консультациялық қызметтерді жеткізуші компанияларды тарту;
2) кәсіпорындардың өсуі мен дамуына көмек көрсету үшін шетелдік салалық сарапшыларды тарту;
3) кәсіпкерлер үшін тақырыптық тренингтер, семинарлар, конференциялар және басқа да оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу жолымен ШОК субъектілері үшін консультациялық көрсетілетін қызметтерге нарықтарды дамыту және сұранысты ынталандыру;
4) жаттықтырушыларға арналған тренингтер сериясын өткізу арқылы жергілікті бизнес-консультанттардың құзыретін дамыту.
114. ЕҚДБ бағдарламасын қаржыландыру уәкілетті орган мен ЕҚДБ арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
115. ЕҚДБ бағдарламасы бойынша сыртқы консультанттарды тарту жөніндегі шығыстарды төлеу бірлесіп қаржыландыру қағидаты бойынша республикалық бюджет қаражаты және ШОК субъектілерінің меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
116. ЕҚДБ консультациялық қызметтерді жеткізуші компаниялар мен жоғары білікті шетелдік сарапшыларды консультациялық жобаларды іске асыруға тарту арқылы ШОК субъектілеріне үздіксіз қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.
117. ЕҚДБ бағдарламасының қатысушылары базалық және қосымша өлшемшарттарға сәйкес келетін кәсіпорындар болып табылады.
Іріктеудің базалық өлшемшарттары:
1) кәсіпорынның мөлшері – жергілікті консультанттармен жобалар үшін 250 қызметкерге дейін және халықаралық сарапшылармен жобалар үшін 500 қызметкерге дейін;
2) меншік нысаны – 49 %-дан аспайтын шетелдік капитал қатысатын жеке кәсіпорын;
3) қызмет саласы – экономиканың басым секторларындағы не моноқалалардағы, шағын қалалардағы және ауылдық елді мекендердегі салалық шектеусіз қызмет;
4) бизнесті жүргізудің табысты тәжірибесі – өтінім беру кезінде 2 (екі) жыл (арнайы бастамаларды қоспағанда);
5) ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға арналған өтінім беру құжаттамасының толық топтамасы:
осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысанда "ЕҚДБ бағдарламасы" құралын ұсынуға арналған өтінімнің толтырылған түпнұсқасын;
кәсіпорынның құрылтай құжаттарының көшірмелерін;
өткен толық екі жыл үшін және өтінім беру кезіндегі соңғы есепті кезең үшін қаржылық есептердің көшірмелерін қамтиды.
118. Қатысушыларды іріктеудің қосымша өлшемшарттары (осы өлшемшарттарға сәйкестігін ЕҚДБ-ның кәсіпорынды қарап-тексеру және диагностикалау жөніндегі стандартты рәсімдері орындалғаннан кейін ЕҚДБ-ның жергілікті мамандар тобы бағалайды):
1) өміршеңдік – көрнекі бәсекелестік артықшылықтардың болуы тұрғысынан одан әрі өсу үшін әлеуеті, табыстылық (жалпы оң пайда), консультациялық жобаларды енгізу және олардың нәтижелерін қолдану үшін жеткілікті қаржылық және операциялық ресурстардың болуы. ЕҚДБ банкроттыққа жуық жағдайда тұрған немесе толық қайта құрылымдауды талап ететін кәсіпорындарға қолдау көрсетпейді;
2) басшылық тарапынан қарым-қатынас – ЕҚДБ мамандарымен және консалтингтік компаниямен ынтымақтастыққа әзірлік;
3) жоғары бедел/парасаттылық – кәсіпорын мен оның басшылығы сенімге және жоғары беделге ие болуға тиіс;
4) штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі – іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтер алуға нақты қажеттілік, сондай-ақ штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі аз болған немесе осындай тәжірибесі болмаған кезде және (немесе) жобаны толық көлемде қаржыландыру үшін қаражат болмағанда алған қолдауды қолдану қабілеті;
5) қаржылық міндеттемелер – кәсіпорын дайын болуы және жобаны іске асырудың жалпы құнының 25-75 %-ын төлеуге мүмкіндігі болуы мүмкін.
119. ЕҚДБ бағдарламасы бойынша сыртқы консультанттарды тарта отырып, алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың консультациялық жобаларын ұйымдастыру және бірлесіп қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) ЕҚДБ біліктілік алдындағы іріктеуді жүргізеді және ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға қойылатын талаптарға жауап беретін консультациялық көрсетілетін қызметтерді берушілер дерекқорын жүргізеді;
2) консультанттар өздерінің нақты бейіндегі консультациялық қызметтер көрсету және нақты білім салаларында жұмыс істеуі үшін біліктілігінің бар-жоғы тұрғысынан мынадай бағалаудан өтеді:
а) жұмыс тәжірибесі – компания қызметінің сипаттамасы, оның мемлекеттік тізілімде тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі, меншік құқығы туралы куәлік (жарғыдан және (немесе) құрылтай шарттарынан үзінділер), егер бұл қолданылса, ең кемі алдыңғы екі жыл үшін жылдық қаржылық есептілік (пайда мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, баланс), консультациялық көрсетілетін қызметтер түрлері бойынша бөліністе, ақы төлеу мөлшерлемелерін көрсете отырып, компанияның/жеке консультанттың мамандануының сипаттамасы (адам-күндермен);
б) клиентпен жұмыс істеу және ұсынымдар – клиент компаниядан алынған консультациялық жобалар басшыларының пікірлері мен ұсынымдарын және байланыс деректерін қоса алғанда, соңғы 2 жылда іске асырылған жобалардың сипаттамасы (консалтингтік компанияның мамандануы шеңберінде);
в) кадрлармен жасақталуы – барлық консультанттармен әңгімелесу және олардың түйіндемелерін зерделеу;
3) кәсіпорынның қажеттілігі айқындалғаннан және жобаны орындау үшін белгіленген нысан бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге техникалық тапсырма дайындалғаннан кейін ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде белгіленген талаптарға жауап беретін консалтингтік компаниялардың коммерциялық ұсыныстарына сұрау салу жүргізілуі мүмкін. Консультантты таңдауды кәсіпорынның өзі жүзеге асырады. Консультанттарға бірінші жоба сәтті іске асырылғанға дейін басқа жобаларды қатар орындауға тыйым салынады;
4) қолдау көрсетілетін жобалар КҚКО және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да бастамалары шеңберінде көрсетілетін қызметтерді толықтыратын болады.
120. ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру тетігі:
1) ЕҚДБ құралға қатысу өлшемшарттары мен өтінім беру топтамасына қойылатын талаптар туралы ақпаратты қоса алғанда, ЕҚДБ бағдарламасы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуетті клиенттерге жобалық өтінімді дайындауда жәрдем көрсетеді;
2) өтініш беруші ЕҚДБ-ға ЕҚДБ бағдарламасының жәрдемдесуімен қолдауға арналған өтінімді және қажетті құжаттар топтамасын:
осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысандна "ЕҚДБ бағдарламасы" құралын ұсынуға арналған өтінімнің толтырылған түпнұсқасын;
құрылтай құжаттарының көшірмелерін;
өткен толық екі жыл және өтінім беру кезіндегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелерін ұсынады;
3) ЕҚДБ маманы кәсіпорынның өміршеңдігін, қажеттіліктері мен басымдықтарын айқындау және өтінім бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін кәсіпорынды тексеру және диагностикалау жөніндегі ЕҚДБ бағдарламасының стандартты рәсімдерін орындағаннан кейін оның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігін бағалау үшін кәсіпорынға шығады;
4) әлеуетті консультациялық жоба кәсіпорын басшылығымен талқыланады;
5) ЕҚДБ кәсіпорын үшін жергілікті және халықаралық сарапшылар дерекқорынан жобаны іске асыру үшін қолайлы консалтингтік компаниялардың және/немесе сарапшылардың тізімін дайындайды және жоба бойынша әлеуетті консультанттармен, атап айтқанда, халықаралық сарапшылармен келіссөздер жүргізуге жәрдемдеседі;
6) өтініш беруші консалтингтік компанияны және/немесе сарапшыны таңдау туралы түпкілікті шешім қабылдайды;
7) кәсіпорын және консалтингтік компания ЕҚДБ келісетін және бекітетін техникалық тапсырманы бірлесіп әзірлейді;
8) ЕҚДБ гранттар бойынша қолданыстағы матрица-нұсқауды негізге ала отырып, консультациялық жобаны бірлесіп қаржыландыру мөлшері жөнінде шешім қабылдайды;
9) кәсіпорын және консалтингтік компания және/немесе сарапшы ЕҚДБ мақұлдаған жобаға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес консультациялық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;
10) ЕҚДБ және кәсіпорын ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде консультациялық жобаға грант беру туралы келісім жасасады;
11) ЕҚДБ жобаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады;
12) жоба аяқталғаннан кейін консультант қорытынды презентация өткізеді және бенефициар-кәсіпорынға және ЕҚДБ-ға жобаның нәтижелері туралы есеп береді;
13) кәсіпорын консультациялық қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес консультанттың және/немесе консалтингтік компанияның қызметтеріне ақы төлейді;
14) орындалған жұмыстардың мәлімделген техникалық тапсырмаға сәйкестігін, жобаның табысты аяқталғанын және кәсіпорынның консультациялық қызметтер көрсету туралы шартқа сәйкес консультантқа және/немесе консалтингтік компанияға жоба құнын төлеу фактісін тексергеннен кейін ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде грант беру туралы қол қойылған келісімге сәйкес бенефициар кәсіпорынға грант төлейді;
15) жоба аяқталғаннан кейін бір жыл өткен соң ЕҚДБ маманы бенефициар кәсіпорын жұмысының тиімділігіне оның әсерін бағалау үшін жобаға келіп, қорытынды баға береді.
121. ЕҚДБ жыл сайын есепті жылдан кейінгі 2 (екі) ай ішінде уәкілетті органға ЕҚДБ бағдарламасының іске асырылу барысы туралы есеп береді.
5-тарау. Іскерлік байланыстарды кеңейту
122. "Іскерлік байланыстарды кеңейту" функционалдық бағыты шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуді, сондай-ақ ұқсас бейіндегі кәсіпорындарға баруды және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуды көздейді және "Іскерлік байланыстар" құралын қамтиды.
5.1-параграф. Іскерлік байланыстар
123. "Іскерлік байланыстар" құралы өз қызметін ХШҰ қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен Бағдарлама шеңберінде экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған.
124. Құралдың қатысушылары өз қызметін Бағдарлама шеңберіндегі экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын, орташа жылдық айналымы 5000 (бес мың) айлық есептік көрсеткіштен кем болмайтын ШОК субъектілерінің жоғары буынының басшылары болып табылады.
125. "Іскерлік байланыстар" құралының қатысушылары мына құралдардың бірі бойынша оқудан өткен кәсіпкерлер болып табылады:
1) 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылатын "Бизнес-Мектеп" құралы;
2) "ШОК топ-менеджментін оқыту" құралы;
3) оқудан өткені туралы сертификат болған жағдайда, 2020 жылға дейін оқудан өткен "Іскерлік байланыстар" құралының бірінші кезеңінің түлектері.
126. "Іскерлік байланыстар" құралы:
1) технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;
2) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өзара жеткізу;
3) франшиза сатып алу;
4) бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері бойынша шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдамадан өтуді, сондай-ақ ұқсас бейіндегі кәсіпорындарға баруды және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуды көздейді.
127. Кәсіпкерлер үшін шетелдік тағылымдамалардан өтуді ұйымдастыруға "Іскерлік байланыстар" құралына қатысушылардың қажеттіліктерін және қабылдаушы елдер салаларының даму деңгейін ескере отырып, ХШҰ жәрдем көрсетеді.
128. ХШҰ-мен өзара іс-қимыл жасасу Қазақстан Республикасының Үкіметі мен қабылдаушы елдің Үкіметі арасындағы ынтымақтастық туралы қолданыстағы халықаралық келісімдер шеңберінде, сондай-ақ қаржылай емес қолдау операторы мен ХШҰ арасындағы келісімдер шеңберінде жүзеге асырылады.
129. "Іскерлік байланыстар" құралының іс-шараларын қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасы негізінде уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ХШҰ байланысты және байланысты емес гранттарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
130. "Іскерлік байланыстар" құралына қатысушылар көліктік шығыстарды және шетелдік тағылымдамадан өтуге ұшу пунктіне дейін Қазақстан Республикасының аумағында тұру шығыстарын өздері төлейді.
131. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын өтеулі қызмет көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде қаржылай емес қолдау шараларын көрсетуге қаржылай емес қолдау операторы шеккен шығыстарды уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған ақылы қызмет көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.
132. Қаржылай емес қолдау операторы "Іскерлік байланыстар" құралына әлеуетті қатысушыларды тоқсан сайын БАҚ арқылы және/немесе қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурстарында ақпарат орналастыру арқылы олардың құралдарға қатысу мүмкіндігі туралы хабардар етеді.
133. "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде қаржылай емес қолдау шараларын алуға өтінім қағаз және электрондық форматта беріледі.
134. "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде қаржылай емес қолдау шараларын алуға өтінімді қағаз форматта беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) өтініш беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі және осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысанда "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары және орта буыны басшыларының біліктілігін арттыру үшін тағылымдамаға қатысуға электрондық өтінімді, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысанда Бағдарлама шеңберінде "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыру шеңберінде қатысушының жазбаша міндеттемесін толтырады;
2) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы "Іскерлік байланыстар" құралы бойынша қатысушының электрондық өтінімі тіркелгеннен кейін құжаттардың толықтығын тексеру жүзеге асырылады;
3) тіркелген электрондық өтінім қаржылай емес қолдау операторының қарауына жіберіледі;
4) қаржылай емес қолдау операторы келіп түскен электрондық өтінімді 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
135. Мақұлданған өтінімдер бойынша қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірлесіп, бизнес-жоспарларды қорғауды ұйымдастырады және қатысушылар әзірлеген үздік бизнес-жоспарларды іріктеуді жүргізеді. Өтініш берушіні іріктеу кезіндегі өлшемшарттар:
шетелдік компаниялармен кооперациялау ниеті;
ШОК субъектісінің әлеуеті;
басқарушы әлеуеті;
шет тілін білу (шет тілінде тағылымдамадан өту кезінде) болып табылады.
136. Үздік бизнес-жоспарлар анықталғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы шетелде бизнес-тағылымдамаға қатысу үшін іріктелген ШОК субъектілерінің тізімін уәкілетті органға жібереді.
137. ХШҰ топтық бағдарламалар күнтізбесін жасайды және қаржы жылының бірінші тоқсанында тақырыптық бизнес-тағылымдамаларды өткізу үшін әріптес кәсіпорындарды іздестіруді жүзеге асырады.
138. Қаржылай емес қолдау операторы қатысушыларды шетелдік тағылымдамадан өтуге жібереді.
139. Тағылымдамадан өтудің нәтижелері бойынша "Іскерлік байланыстар" құралының қатысушылары алған білімдерін, тәжірибесін және технологияларын ескере отырып, кәсіпорынды дамытудың егжей-тегжейлі жоспарын дайындайды.
140. Шетелде бизнес-тағылымдамадан өтуің нәтижелері бойынша қатысушы Қазақстан Республикасына келген кезден бастап 2 (екі) ай ішінде қаржылай емес қолдау операторына келісілген нысан бойынша бизнес-тағылымдаманың нәтижелері және өз бизнесін дамыту жөніндегі одан арғы жоспарлары туралы есепті ақпарат (тағылымдамаға қатысушыларды қабылдаушы елдің шарттарына сәйкес нысан) ұсынады.
141. Қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірлесіп, бизнес-тағылымдамадан өткеннен кейін бір жылдан соң ынтымақтастық орнатылған шетелдік әріптес компанияның атауын көрсете отырып, Бағдарламаға қатысушы ШОК субъектілерінің даму жоспарларының іске асырылуын мониторингтеуді жүргізеді.
142. Бизнес-тағылымдамадан өткен кезден бастап 2 (екі) жыл ішінде ШОК субъектісі қаржылай емес қолдау операторының сұрау салуы бойынша осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысанда кәсіпорынның қызметі туралы мониторингтік есепті ұсынады.
143. Қаржылай емес қолдау операторы қаржы жылының 12 (он екі) айы ішінде ШОК субъектілеріне үздіксіз қызмет көрсетілуді қамтамасыз етеді.
"Бизнестің жол картасы-2025" | |
бизнесті қолдау мен дамытудың | |
мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидаларына |
|
1-қосымша | |
Нысан |
"Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралын көрсетуге арналған сауалнама-өтінім
Өтініш берілген күні (күні, айы, жылы) | |
Облыс/қала | |
Моноқаланың, шағын қаланың және аудан орталығының атауы | |
Мәртебесі (моноқала, шағын қала, аудан орталығы) | |
Клиент (заңды тұлға өкілінің, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тегі | |
Тұрғылықты мекенжайы | |
Клиенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі | |
Қызметтер кешенін ұсыну шеңберінде консультацияның атауы (2 түрлі атау) | |
Көрсетілген консультацияның кіші түрі | |
Жынысы (әйел/ер) | |
Туған күні (күні, айы, жылы) | |
Мүгедектігі | |
Жасы | |
Кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны/жеке тұлға | |
Саланың, кіші саланың атауы; негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып) | |
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты (шағын/орта/ірі) | |
Жұмыс/үй телефоны (елді мекеннің кодын көрсете отырып) | |
Ұялы телефон | |
Менеджер-консультанттың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі | |
Клиенттің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі және қолы |
"Бизнестің жол картасы-2025" | |
бизнесті қолдау мен дамытудың | |
мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау | |
шараларын ұсыну қағидаларына | |
2-қосымша | |
Нысан |
"Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету" құралы шеңберінде көрсетілген қызметтер тізілімі
Толтырылған күні (күні, айы, жылы):
№ | Облыс/қала | Елді мекен | Мәртебесі (қала/ аудан орталығы/ шағын қала/ моноқала) | Клиенттің аты, әкесінің аты, (болған жағдайда), тегі | Клиенттің бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі | Өтініш берген күні (күні, айы, жылы) | Қызмет түрінің атауы | Жынысы (әйел/ер) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
кестенің жалғасы
Туған күні (күні, айы, жылы) | Мүгедектігі | Жасы | Кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны/жеке тұлға | Саланың атауы (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші кодын көрсете отырып) | Кәсіпкерлік субъектісінің санаты (шағын/орта/ірі) | Телефон (жұмыс/ ұялы) | Консультанттың аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі | |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
"Бизнестің жол картасы-2025" | |
бизнесті қолдау мен дамытудың | |
мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау | |
шараларын ұсыну қағидаларына | |
3-қосымша | |
Нысан |
Кәсіпкерлік субъектілері үшін сервистік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған сауалнама-өтінім №
Толтырылған күні | |
Клиент (консультация алуға жүгінген респонденттің немесе компания өкілінің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі | |
Лауазымы | |
Сервистік көрсетілетін қызметтің атауы | |
Сервистік кіші көрсетілетін қызметтің атауы | |
Сервистік көрсетілетін қызметтерді алушы туралы жалпы мәліметтер | |
Ұйымдық-құқықтық нысаны | |
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты (шағын / орта) | |
Ұйымның атауы | |
Жеке сәйкестендіру нөмірі/ бизнес сәйкестендіру нөмірі | |
Заңды тұлғаның тіркелген жері | |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды бойынша саланың коды мен атауы | |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды бойынша кіші саланың коды мен атауы | |
Туған күні | |
Жынысы | |
Мүгедектігі | |
Телефон нөмірі (жұмыс) | |
Ұялы телефон нөмірі | |
Электрондық мекенжайы |
Жүгіну мақсаты (қажеттісінің астын сызыңыз):
Бизнесте жаңа бағыт ашу
Өндіріс көлемін ұлғайту
Жаңа нарықтарды игеру
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру
Қандай қаржылық қолдау алғыңыз келеді (қажеттісін белгілеңіз)
Кредиттер бойынша сыйақының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау | Кредит алу үшін кепілдіктер беру | Гранттық қаржыландыру алу | Өзге де |
Қандай қаржылық емес қолдау алғыңыз келеді (қажеттісін белгілеңіз)
Кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларына қатысу бойынша консультация алу |
2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асырылатын "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша кәсіпкерлік қызметті дамытудың функционалдық бағыттары жөнінде оқыту |
Шағын және орта кәсіпорындардың топ-менеджментін оқыту |
Шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату |
Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту (Аға сеньорлар) |
Шағын және орта бизнесті қолдау бойынша Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің іскери консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы |
* Өтінішке дара кәсіпкердің/шаруа немесе фермер қожалығы куәлігінің көшірмесін, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтаманы, уәкілетті адамға сенімхатты (қажет болған жағдайда) қоса беремін.
* Мен "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының № 94 Заңына сәйкес Шартта айқындалған талаптарда және мақсаттар үшін "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына өзімнің дербес деректерімді өңдеуге келісімімді беремін.
Аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және тегі ________________________________
Күні: 20 жылғы " " ________________ (қолы)
"Бизнестің жол картасы-2025" | |
бизнесті қолдау мен дамытудың | |
мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау | |
шараларын ұсыну қағидаларына | |
4-қосымша | |
Нысан |
№ КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР АКТІСІ
_____________________ (қызмет көрсетілген жер) | 20 жылғы " " |
____________,____________________№ _________ шарт негізінде әрекет ететін ____________________ (бұдан әрі – консультант-менеджер) бір тараптан және ______________ негізінде әрекет ететін__________ шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің (бұдан әрі "Клиент" деп аталатын) атынан _____________ екінші тараптан төмендегілер туралы осы актіні жасасты:
кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету бойынша мынадай көрсетілетін қызметтерді консультант-менеджер көрсетті, ал Клиент алды:
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызмет түрі)
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін кіші қызмет түрі)
Көрсетілетін қызметтер тегін ұсынылды. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Орындаушы: | Тапсырыс беруші: |
______________________________________(консультант-менеджердің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегіЖеке сәйкестендіру нөмірі: _____________________________ Мекенжайы:___________________________ Тел.: _______________________________ ___________ _______________________(қолы) (Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі | ___________________________________(ұйымның атауы)Жеке сәйкестендіру нөмірі / бизнес- сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________ Заңды мекенжайы: _____________________ Тел.: _______________________________ ___________ _______________________ (қолы) (Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі |
"Бизнестің жол картасы-2025" | |
бизнесті қолдау мен дамытудың | |
мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау | |
шараларын ұсыну қағидаларына | |
5-қосымша | |
Нысан |
"Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы шеңберінде көрсетілген қызметтер тізілімі
Толтырылған күні: 20 жылғы "___"________
№ | Облыс/қала | Елді мекен | Көрсету орны | Кәсіпорынның атауы | Клиенттің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі | Заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі | Жынысы (ер / әйел) | Туған күні (күні, айы, жылы) | Мүгедектігі | Жасы |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
кестенің жалғасы
Кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны | Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша сала | Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша кіші сала | Мамандандырылған көрсетілетін қызметтің атауы | Мамандандырылған көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы | Қызмет көрсеткен компанияның атауы және/немесе консультанттың А.Ә.Т. | Жүгіну/ /көрсетілетін қызметтің басталу күні | Көрсетілетін қызметтің аяқталу/аяқталатын күні | Клиенттің жұм./ үй телефоны | Клиенттің ұялы телефоны |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 |
"Бизнестің жол картасы-2025" | |
бизнесті қолдау мен дамытудың | |
мемлекеттік бағдарламасы | |
бойынша кәсіпкерлікті | |
қаржылай емес қолдау | |
шараларын ұсыну қағидаларына | |
6-қосымша |
Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдауды ұсынуға мониторинг жүргізу әдістемесі
1. Қаржылай емес қолдау операторы "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 52-тармағында көрсетілген сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралын іске асырады.
2. Сервистік қолдауды ұсыну кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО) және/немесе КҚКО бөлімшесі арқылы офлайн режимде, сондай-ақ қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады.
3. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қаржы агенттігі) дереккөзі осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік қолдаудың іске асырылу барысы туралы ақпарат болып табылатын сервистік қолдауды ұсыну мониторингін жүзеге асырады. Ақпарат, шарттар мен көрсетілген қызметтер актілерінің көшірмелері осы Әдістеменің 14-тармағында көрсетілген параметрлер бойынша тексеріледі.
4. Сервистік қолдау мониторингі мыналарды көздейді:
1) статистикалық көрсеткіштерді талдау, онда мынадай көрсеткіштерді тексеру мен өңдеу қамтылған:
өңірлік бөліністе көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;
өңірлер бойынша экономика салалары бөлінісінде көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;
өңірлер бойынша ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде клиенттер кәсіпорындар саны;
өңірлер бойынша гендерлік бөліністе көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттен сервистік көрсетілетін қызметтер алу үшін жүгінген жағдайда, осы клиенттің гендерлік тиесілігі бір рет есепке алынады);
жас санаты бойынша клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттен сервистік көрсетілетін қызметтерді алуға жүгінген жағдайда, осы клиенттің жас санаты бір рет есепке алынады);
өңірлер бөлінісінде кәсіпкерлік субъектісінің санаты бойынша көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;
өңірлік бөліністе көрсетілген қызметтердің тізбесі бойынша сандық көрсеткіштер;
қаржылай емес қолдау операторы офлайн және онлайн режимдерде көрсеткен қызметтер саны;
онлайн режимде көрсетілген қызметтер саны;
2) қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының желісі және/немесе қаржы агенттігінің Call-орталығы арқылы клиенттерге телефон арқылы сауал салу жолымен, клиенттердің қанағаттануын бағалау және мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарының қажеттілігін талдау арқылы жүргізілетін сервистік қолдаудың іске асырылу сапасына мынадай өлшемшарттар бойынша аудит жүргізу:
алынған көрсетілетін қызметтер және (немесе) консультациялар сапасын бағалау бойынша көрсеткіштер;
алынған сервистік көрсетілетін қызмет және (немесе) консультацияларға қанағаттану бойынша көрсеткіштер;
клиенттердің мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарын алудағы мүдделілігі.
Осы Әдістемеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік қолдауды іске асыру мониторингі шеңберінде жүргізілетін телефон арқылы жүргізілетін пікіртерімге арналған сұрақтар тізбесіне сәйкес есепті кезеңде көрсетілетін қызметтерді алған клиенттердің жалпы санынан кемінде 5 % көлемінде телефон арқылы сауал салу.
5. Мониторинг жүргізудің дереккөздері:
қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) Өңірлік кәсіпкерлік палаталары (бұдан әрі – ӨКП) қаржы агенттігіне ұсынатын, электрондық excel форматында офлайн және онлайн режимдерде көрсетілген қызметтер бойынша осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік қолдаудың іске асырылу барысы туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат);
көрсетілген қызметтерді растайтын және қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП Қаржы агенттігіне ұсынатын жасалған шарттар мен көрсетілген қызметтер актілерінің көшірмелері (офлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша) көрсетілген қызметтер (онлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша) актілерінің көшірмелері.
6. Қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП ақпаратты осы Әдістеменің 7-тармағына сәйкес есепті тоқсаннан кейінгі айдың 3 (үшінші) күніне дейінгі мерзімде, ал қорытынды ақпаратты есепті жылдың 3 (үшінші) желтоқсанынан кешіктірмей қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарына ілеспе хатпен ұсынады. Бұл ретте қаржылай емес қолдау операторының және (немесе) ӨКП қолы қойылған қағаз жеткізгіштегі ілеспе хатта барлық ұсынылған құжаттар санамаланып, парақтар саны көрсетілуге тиіс.
7. Қаржы агенттігі деректердің дұрыс енгізілмегенін және (немесе) ақпараттың сапасыз толтырылғанын анықтаған жағдайда, 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржылай емес қолдау операторына хабарлама-хат жібереді.
Қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП ұсынған ақпаратта осы Әдістеменің 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген статистикалық көрсеткіштерді талдауға арналған деректердің бірінің болмауы сапасыз толтыру болып есептеледі.
8. Қаржылай емес қолдау операторы ескертулердің күрделілігіне қарай хабарлама-хат түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен 3 (үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімде ескертулерді жойып, қаржы агенттігіне жібереді.
9. Қаржы агенттігі қаржылай емес қолдау операторының осы Әдістеменің 7-тармағында көрсетілген мерзімді бұза отырып ұсынған деректерін енгізбестен, есепті кезеңдегі сервистік қолдаудың іске асырылуы мониторингі бойынша есепті (бұдан әрі – есеп) қалыптастырады. Есеп нысаны осы Әдістемеге 3-қосымшада келтірілген.
10. Қаржы агенттігі қызметтер бойынша деректерді енгізу үшін сервистік қызметтер көрсететін ӨКП жұмыскерлеріне CRM-жүйеге рұқсат береді.
11. Қаржылай емес қолдау операторы сервистік қолдау көрсету жұмыскерлерінің сервистік қызметтерді көрсету бойынша деректерді қаржы агенттігінің CRM-жүйесіне ай сайын енгізуін қамтамасыз етеді.
12. Қаржы агенттігі есепті қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынады. CD дискілері, DVD форматындағы дискілер және (немесе) USB-флеш-жинақтағыш электрондық тасымалдағыш болады. Есеп уәкілетті органға ресми хатпен ұсынылады және уәкілетті органның кеңсесінде тіркеледі.
13. Қаржы агенттігі есепте қаржылай емес қолдау операторының осы Әдістеменің 7-тармағында көзделген ақпаратты ұсыну мерзімдерін сақтамаған жағдайларын көрсетеді.
14. Қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП электрондық түрде ұсынатын ақпаратты қаржы агенттігінің өңірлік филиалы мынадай параметрлер бойынша тексереді:
1) қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП ұсынған ақпараттың осы Әдістемеге 1-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкестігі;
2) ақпаратта толтырылған деректердің толықтығы, оның ішінде: облыс/қала, елді мекен,қызмет көрсету орны, атауы, клиенттің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, дара кәсіпкердің (бұдан әрі – ДК) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН)/заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), жынысы, туған күні, жасы, мүгедектігі, ұйымдық-құқықтық нысаны, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша сала (бұдан әрі – ЭҚЖЖ). ЭҚЖЖ бойынша кіші сала, мамандандырылған көрсетілетін қызметтің атауы, мамандандырылған көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы, жүгіну/көрсетілетін қызметтің басталу күні, көрсетілетін қызметтің аяқталу/аяқталатын күні, жұмыс және (немесе) үй және (немесе) ұялы телефоны, электрондық пошта (мүмкіндігінше).
Облыс/қала – сервистік қолдау көрсетілген облыстың немесе қаланың атауы көрсетіледі. Мысалы: Ақмола облысы немесе Нұр-Сұлтан қаласы.
Елді мекен – КҚКО базасында сервистік қолдау көрсетілген жағдайда, қызмет көрсетілген қала көрсетіледі. Мысалы: Павлодар қаласы.
Қызмет көрсету орны, офлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша КҚКО, базасында қызмет көрсетілген КҚКО бөлімшелері көрсетіледі, онлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағын басқару орталығы (бұдан әрі – ӨҚАБО ) көрсетіледі.
Клиент кәсіпорнының атауы – Клиент жүгінген компанияның толық атауы. Мысалы: ДК Бақытбек Омарғалиұлы Есенғазин немесе London-EC жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС).
Клиенттің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі – сервистік қолдау алуға жүгінген компания өкілінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі толық көрсетіледі. Мысалы: Ботагөз Алмасқызы Тұрсынбекова немесе Айса Әденов.
ДК ЖСН/заңды тұлғаның БСН – дара кәсіпкердің 12 таңбалы жеке сәйкестендіру нөмірі немесе компанияның бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Мысалы: 830514301719 немесе 100164017356.
Жынысы – сервистік қолдау алуға жүгінген клиенттің жынысы көрсетіледі. Мысалы: ер немесе әйел.
Туған күні – клиенттің туған күні күн.ай.жыл. нысанында көрсетіледі. Мысалы: 25.09.1954.
Жасы – бұл тармақ клиенттің туған күніне сәйкес есептеледі. Мысалы: егер клиенттің туған күні 01.01.1985 болса, өтініш берген кездегі жасы (01.01.2020 ж. жағдай бойынша) – 35.
Мүгедектігі – сервистік қолдауға жүгінген Клиенттің мүгедектігі болған жағдайда, мүгедектік тобы көрсетіледі; мүгедектігі болмаған жағдайда, оның жоқ екені көрсетіледі. Мысалы: 1-топ немесе жоқ.
Ұйымдық-құқықтық нысаны – клиенттің кәсіпкер ретінде тіркелу нысаны. Мысалы: ДК (дара кәсіпкер) немесе ШҚ (шаруа қожалығы).
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты – шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне сервистік қолдау көрсетілуіне байланысты Клиент осы санаттардың қайсысына жататынын көрсетуге тиіс. Мысалы: шағын немесе орта.
ЭҚЖЖ бойынша сала – кәсіпорындар қызметінің түрі ЭҚЖЖ-ге қатаң сәйкестікте көрсетіледі. Мысалы: көлік және қоймалау немесе Өңдеу өнеркәсібі.
ЭҚЖЖ бойынша кіші сала – кәсіпорын қызметінің кіші түрі экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне қатаң сәйкестікте көрсетіледі. Мысалы: құрлықтағы көлік және құбыр арқылы тасымалдау немесе қабырға блоктары өндірісі.
Мамандандырылған көрсетілетін қызметтің атауы – Қағидаларда көрсетілген сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес көрсетілетін қызметтің атауы көрсетіледі.
Мамандандырылған көрсетілетін қызметтің кіші түрі – Қағидаларда көрсетілген сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес кіші қызметтің атауы көрсетіледі.
Жүгіну/көрсетілетін қызметтің басталу күні – клиенттің сервистік қолдау алу үшін жүгінген күні немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету кезінде (мысалы, бизнес-жоспар әзірлеу) сервистік қолдау көрсетудің басталған күні көрсетіледі.
Көрсетілететін қызметтің аяқталу/аяқталатын күні – көрсетілетін қызметтің аяқталу күні немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету кезінде (мысалы, бизнес-жоспар әзірлеу) сервистік қолдау көрсетудің аяқталатын күні көрсетіледі. Бұл ретте қызмет қызметтің аяқталу/аяқталатын күнінен бастап көрсетілген болып есептеледі.
Жұмыс және (немесе) үй және (немесе) ұялы телефоны – клиенттің бір және (немесе) бірнеше телефон нөмірі көрсетіледі.
Электрондық пошта болған жағдайда клиенттің электрондық поштасы көрсетіледі.
3) қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП ұсынатын көрсетілген қызметтердің шарттары мен актілерін (офлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша) қаржы агенттігі электрондық түрде мынадай параметрлер бойынша тексереді:
а) жасалған шарттар мен көрсетілген қызметтер актілері көшірмелерінің дұрыс ресімделуі;
б) шарттарда және көрсетілген қызметтер актілерінде көрсетілген деректердің ақпаратта көрсетілген деректермен сәйкестігі, атап айтқанда, қызметтердің көрсетілу күні, көрсетілген қызметтер тізбесі;
в) ақпаратта көрсетілген клиенттер санының шарттардың/актілердің санына сәйкестігі, сондай-ақ Ақпараттағы көрсетілетін қызметтер санының көрсетілген қызметтер актілерінде көрсетілген қызметтер санына сәйкестігі;
г) сервистік қолдау жұмыскері қолының, сондай-ақ офлайн режимінде көрсетілген қызметтер бойынша Клиенттің қолы мен мөрінің (болған жағдайда) болуы;
д) электронды түрде ұсынылған шарттардың және көрсетілген қызметтер актілері көшірмелерінің сапасы;
4) қаржылай емес қолдау және (немесе) ӨКП операторы электрондық түрде ұсынатын көрсетілген қызметтердің актілерін (онлайн-режимде көрсетілген қызметтер бойынша) қаржы агенттігі мынадай параметрлер бойынша тексереді:
а) көрсетілген қызметтер актілері көшірмелерінің дұрыс ресімделуі;
б) көрсетілген қызметтер актілерінде көрсетілген деректердің ақпаратта көрсетілген деректермен сәйкестігі, атап айтқанда қызметтердің көрсетілу күні, көрсетілген қызметтердің тізбесі;
в) ақпаратта көрсетілген клиенттер санының актілер санына сәйкес келуі, сондай-ақ ақпараттағы қызметтер санының көрсетілген қызметтер актілерінде көрсетілген қызметтер санына сәйкес келуі;
г) сервистік қолдау көрсеткен қаржылай емес қолдау операторы жұмыскерінің қолын растайтын "қол қойылды" деген жазудың болуы, сондай-ақ клиенттің қолын растайтын клиенттен "қол қойылды" деген жазудың болуы;
д) ұсынылған электрондық түрде көрсетілген қызметтер актілері көшірмелерінің сапасы.
Кәсіпкерлік қызметті | |
жүргізуге сервистік | |
қолдауды жүзеге асыру | |
мониторингін жүргізу | |
әдістемесіне | |
1-қосымша | |
Нысан |
Сервистік қолдауды іске асырудың барысы туралы ақпарат
Облыс /республикалық маңызы бар қала және астана | Қызмет көрсетілген елді мекен (аумақтық бөлініс) | Қызмет көрсету орны | Клиент кәсіпорнының атауы | Клиенттің аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және тегі | ДК ЖСН/ ШОБ субъектілерінің БСН | Клиенттің жынысы | Клиенттің туған күні | Клиенттің жасы | Клиенттің мүгедектігі | Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны | Кәсіпкерлік субъектісінің санаты |
---|
кестенің жалғасы
Клиент кәсіпорнынының ЭҚЖЖ бойынша саласы | Клиент кәсіпорнының ЭҚЖЖ бойынша кіші саласы | Мамандандырылған көрсетілетін қызметтің атауы | Мамандандырылған көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы | Қызмет көрсеткен қаржылай емес қолдау операторы менеджерінің аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және тегі | Жүгіну/ көрсетілетін қызметтің басталу күні | Көрсетілетін қызметті аяқталу/ аяқталатын күні | Клиенттің жұмыс телефоны | Клиенттің ұялы телефоны | Клиенттің электронды мекенжайы |
---|
Ескертпелер:
БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
ДК – дара кәсіпкер;
ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
ШОБ – шағын және орта бизнес;
ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.
Кәсіпкерлік қызметті | |
жүргізуге сервистік | |
қолдауды жүзеге асыру | |
мониторингін жүргізу | |
әдістемесіне | |
2-қосымша | |
Нысан |
Сервистік қолдаудың іске асырылуын мониторингтеу шеңберінде телефонмен жүргізілетін сауал сауалнамаға арналған сұрақтар тізбесі
1. Сізге _______ (Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы/ Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бөлімшесінің атауы) ____ күні консультация берілді ме немесе қызмет көрсетілді ме?
2. Сіз алынған консультация және (немесе) көрсетілген қызмет сапасын 5 балдық шәкіл бойынша қалай бағалайсыз? (мұнда 1– өте жаман, 5 – өте жақсы)
3. Алынған консультация және/немесе көрсетілген қызмет сіздің бизнесіңізге көмектесті ме?
☐ Жоқ, көмектескен жоқ;
☐ Иә, ішінара көмектесті;
☐ Иә, көмектесті.
4. Сіз мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарын алуға мүдделісіз бе?
☐ Иә
☐ Жоқ
_________________
Кәсіпкерлік қызметті | |
жүргізуге сервистік | |
қолдауды жүзеге асыру | |
мониторингін жүргізу | |
әдістемесіне | |
3-қосымша | |
Нысан |
Сервистік қолдаудың іске асырылуын мониторингтеу туралы есеп
1. Кіріспе: "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралының іске асырылуы туралы жалпы ақпарат.
2. Мынадай көрсеткіштерді тексеру мен өңдеуді қамтитын статистикалық көрсеткіштердің талдауы:
өңірлік бөліністе көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;
өңірлер бойынша экономика салалары бөлінісінде көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;
өңірлер бойынша ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде клиенттер кәсіпорындарының саны;
өңірлер бойынша гендерлік бөліністе көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттен сервистік қызмет алу үшін жүгінген кезде, осы клиенттің гендерлік тиесілігі бір рет есепке алынады);
жас санаты бойынша клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттен сервистік қызмет алу үшін жүгінген кезде, осы клиенттің жас санаты бір рет есепке алынады);
өңірлік бөліністе кәсіпкерлік субъектісі санаты бойынша көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны;
өңірлік бөліністе көрсетілген қызметтер тізбесі бойынша сандық көрсеткіштер;
қаржылай емес қолдау операторы офлайн режимде көрсеткен қызметтер саны;
онлайн режимде көрсетілген қызметтер саны.
3. Қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының желісі және/немесе қаржы агенттігінің Call-орталығы арқылы клиенттерге телефон арқылы сауал салу жолымен, клиенттердің қанағаттануын бағалау және мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарының қажеттілігін талдау арқылы жүргізілетін сервистік қолдаудың іске асырылу сапасына мынадай өлшемшарттар бойынша аудит жүргізу:
алынған көрсетілетін қызметтер және (немесе) консультациялар сапасын бағалау бойынша көрсеткіштер;
алынған сервистік көрсетілетін қызмет және (немесе) консультацияларға қанағаттану бойынша көрсеткіштер;
клиенттердің мемлекеттік қолдаудың қаржылық құралдарын алудағы мүдделілігі.
4. Қорытынды: түйінді қорытындылар мен ұсыныстар.
"Бизнестің жол картасы-2025" | |
бизнесті қолдау мен дамытудың | |
мемлекеттік бағдарламасы бойынша | |
кәсіпкерлікті қаржылай емес | |
қолдау шараларын ұсыну | |
қағидаларына | |
7-қосымша | |
Нысан |
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру аясында кәсіпкерлерді атаулы оқыту" құралы шеңберінде консультациялық қызметтерді жеткізуші компаниялардың конкурстық іріктеуге қатысуына арналған өтінім
1. Консультациялық қызметтерді жеткізуші компанияның толық атауы
2. Заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала (аудан), елді мекен, көшесі, телефон, е-mail)
3. Басшы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), электрондық мекенжайы, ұялы (жұмыс телефоны)
4. Мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні
5. Бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)
6. Құрылтайшылар туралы ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),
егер консультациялық қызметтерді жеткізуші компанияның құрылтайшылары жеке тұлғалар не заңды тұлғалар болып табылса, заңды тұлға болып табылатын өтініш берушінің консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компания атауы, БСН)
Өтінімге келесі құжаттар тізбесін қоса беремін:
1) өтініш берушімен еңбек қатынастарында тұрған, кемінде 5 (бес) жоғары білімі бар білікті кадрлардың болуын растайтын құжаттар (қызметкерлердің түйіндемелерінің көшірмелері, дипломдардың көшірмелері, еңбек шарттарының көшірмелері және (немесе) өтініш берушінің жұмысқа қабылдау туралы бұйрығы);
2) жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын құжаттар, консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компания қызметінің сипаттамасы, оның мамандану сипаттамасы;
4) мемлекеттік тізілімде тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі;
5) кем дегенде алдыңғы екі жыл ішіндегі жылдық қаржылық есептілік (пайда мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, баланс);
6) пікірлер мен ұсынымдарды қоса алғанда, консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компанияның мамандануы шеңберінде соңғы 2 жылда іске асырылған жобалар сипаттамасы;
7) атаулы оқыту операторы әзірлеген техникалық ерекшелікке сәйкес әзірленген оқыту бағдарламалары;
8) бірнеше өңірлер мен елді мекендерде бір мезгілде оқытуды жүргізуге және консультациялық қызметтер көрсетуге өтінім берілген жағдайда, бірнеше елді мекендер мен өңірлерде оқытуды жүргізу және консультациялық қызметтер көрсету мүмкіндігін растайтын ақпарат;
9) коммерциялық ұсыныс.
_______________________________________________________________
Осымен осы өтінім бойынша құжаттарды, материалдар мен ақпаратты, оның ішінде құпия мәліметті қамтитын ақпаратты пайдалануға өз келісімімді беремін.
Осымен ұсынылған материалдар мен ақпараттың, оның ішінде бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің дұрыстығын растаймын және дұрыс емес деректерді беру фактілері анықталған жағдайда, өтінім комиссияның қарауына жіберілмейтіндігім туралы маған ескертілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 ___ жылғы "__" _________ № _______________ қаулысымен бектіліген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидаларымен (бұдан әрі – Қағидалар) таныстым.
Осымен өзімінің "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті дамытуды қолдау мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру аясында кәсіпкерлерді атаулы оқыту" құралы шеңберінде консультациялық қызметтерді жеткізуші компанияларға конкурстық іріктеу жүргізу шарттарымен келісетінімді растаймын.
Қағидалардың талаптарына сәйкес талап етілетін құжаттар ____________ парақта қоса беріледі.
Осы өтінімнің мәселелері бойынша хабарламаларды алу үшін электрондық пошта мекенжайы: __________________.
Ескертпе: Өтінішке басшы немесе өзге уәкілетті тұлға қол қояды. Басшысы ауысқан кезде және байланыс деректері (пошта мекенжайы, электрондық мекенжайы және телефоны) өзгерген кезде атаулы оқыту операторын хабардар ету қажет.
_______________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
______________________________________________________________
Өтініш берушінің атынан құжаттарға қол қоюға өкілеттігі бар адамның лауазымы
_______________________________________________ (қолы)
Құжаттарды алғаны туралы белгі (атаулы оқыту операторы толтырады)
Алған күні: 20 __ жылғы "_____" ___________ Өтінімнің тіркеу нөмірі №_____ Тіркеуші ____________________(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
"Бизнестің жол картасы-2025" | |
бизнесті қолдау мен дамытудың | |
мемлекеттік бағдарламасы | |
бойынша кәсіпкерлікті | |
қаржылай емес қолдау | |
шараларын ұсыну | |
қағидаларына | |
8-қосымша | |
Нысан |
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру шеңберінде кәсіпкерлерді атаулы оқыту" құралын көрсетуге арналған сауалнама-өтінім
Ұсынылған материалдарды қарауды сұраймын және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру шеңберінде кәсіпкерлерді атаулы оқыту" құралына қатысатыным туралы мәлімдеймін.
1. Өтініш беруші туралы мәліметтер:
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)_________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі_________________________________________________________
кім берді____________________________________________________
берілген күні_________________________________________________
мекенжайы___________________________________________________
телефон нөмірі (факс) __________________________________________
ұялы телефон нөмірі_______________________________________
қосымша ұялы телефон нөмірлері ____________
жынысы (ер/әйел)________________
туған күні________________
лауазымы___________________
E-mail ______________________
2. Ұйым туралы мәліметтер:
заңды тұлға үшін:
атауы__________________________________________________
бизнес-сәйкестендіру нөмірі _________________________________
басшының тегі аты, әкесінің аты (болған жағдайда) ________________
басшының жеке сәйкестендіру нөмірі _____________
мекенжайы__________________________________________________
телефон нөмірі (факс)__________________________________________
веб-сайт _____________________________________________________
жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін:
атауы__________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)__________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі _______________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі________________________________________________________
кім берді____________________________________________________
берілген күні_________________________________________________
мекенжайы___________________________________________________
телефон нөмірі (факс)__________________________________________
Жеке тұлға, дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері______________________________________________
хабарлама күні________________________________________________
Экономика секторы (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды бойынша саланың коды және атауы) _______________________________________
Кәсіпкерлік субъектісінің санаты (шағын/микро) ______________________
Кәсіпорынның мемлекеттік тіркелген күні ___________________
Тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің негізгі номенклатурасы ___________
Өткен жылғы орташа жылдық табыс (мың теңге) _______________
Өткен жыл үшін жұмыскерлердің орташа жылдық саны (адам)____
Заңды тұлға қызметінің қысқаша сипаттамасы ___________________________
Мыналарға міндеттенемін:
1) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, дереу хабардар етуге;
2) оқыту бағдарламасына немесе құралды іске асыруға байланысты өзге де іс-әрекеттерге мониторинг жүргізу үшін барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды беруге
Мыналармен келісемін:
1) атаулы оқу операторы ұсынылған мәліметтерді тексеруді жүргізуі мүмкін;
2) көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім қараудың кез келген кезеңінде қабылданбауы мүмкін.
Құралды ұсынудың шарттарымен және қағидаларымен таныстым.
Көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау (аудит) мақсатында жүргізілетін телефон арқылы және/немесе SMS-сауал салуды жүргізуге келісім беремін.
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, теріс мәліметтер ұсынылғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, түсіруге және пайдалануға келісім беремін.
Өтінімді электрондық нысанда берген кезде:
20 __жылғы "__ " сағат 00:00-де өтініш беруші қол қойып, жіберді:
Электрондық цифрлық қолтаңбаның деректері
Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
20 __жылғы "__ " сағат 00:00-де менеджер-консультант қабылдады:
Электрондық цифрлық қолтаңбаның деректері
Электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған күні мен уақыты
"Бизнестің жол картасы-2025" | |
бизнесті қолдау мен дамытудың | |
мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну | |
қағидаларына | |
9-қосымша |
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті дамытуды қолдау мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікті кредит беру аясында кәсіпкерлерді атаулы оқыту" құралы шеңберінде мониторингтік есеп
№ | Компания атауы | Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (болғн жағдайда) | Қызметі | Қызметінің қысқаша сипаттамасы | Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша сала/кіші сала атауы | Компанияның орташа жылдық табысы, мың тг | Жұмыс орындар саны, адам | Өткен жылға төленген салық көлемі, мың теңге | Жобаға қатысу нәтижесі | Ескертпе | Өңір | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Жобаға қатысу дейін | Кейін | Жобаға қатысқанға дейін | Кейін | ||||||||||
Ескертпе: басқа да оң нәтижелер болған жағдайда, ақпаратты "Ескертпе" бағанында көрсету қажет.
"Бизнестің жол картасы-2025" | |
бизнесті қолдау мен дамытудың | |
мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну қағидаларына | |
10-қосымша | |
Нысан |
"Басқарудың жаңа әдістерін, өндіріс технологияларын енгізу мәселелері бойынша сыртқы консультанттарды тарту (Аға сеньорлар)" құралын беруге ӨТІНІМ
Барлық жолдарды толтыру міндетті
1. Сыртқы консультанттарды тарту: | |||||||||
2. Компанияның атауы: | |||||||||
3.1. Құрылған күні: | 3.2. Меншіктің ұйымдық-құқықтық нысаны: | ||||||||
күні | айы | жылы | □ дара кәсіпкер | □ жауапкершілігі шектеулі серіктестік | □ акционерлік қоғам | □ басқа | |||
4.1. Кәсіпкерлік субъектісінің заңды мекенжайы: | 4.2. Облыс: | ||||||||
4.3. Қала (елді мекен, ауданын көрсете отырып): | |||||||||
4.4. Кәсіпкерлік субъектісінің нақты мекенжайы (заңды мекенжайынан айырма болған жағдайда): | 4.5. Пошта индексі: | ||||||||
5. Басшының аты, әкесінің аты (болса), тегі: | |||||||||
6. Компаниядан жауапты адам: | |||||||||
6.2. Басшының жынысы: | 6.3. Басшының туған күні: | ||||||||
6.4. Лауазымы: | 6.5. Ұялы телефоны: | ||||||||
6.6. Телефоны (факс): | 6.7. Электрондық поштасы: | ||||||||
7.1. Компания қызметінің негізгі саласы (экономика саласы): | 7.2. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік бағдарламасының әлеуетті қатысушылары үшін экономиканың басым секторларының тізбесіне сәйкес экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша коды: | ||||||||
7.3. Шығарылатын өнімнің (ұсынылатын | |||||||||
8. Штаттық жұмыскерлер саны: | 9. Алдыңғы жылғы орташа жылдық кіріс (мың теңге): | ||||||||
10.1. Сараптамалық көмек талап етілетін сала: | |||||||||
□ менеджментті ұйымдастыру |
□ қаржы саласындағы көрсетілетін қызметтер | ||||||||
10.2. Сұрау салынған сараптамалық көмектің толық сипаттамасы: | |||||||||
11. Сараптамалық миссияның мақсаты: | |||||||||
12. Күтілетін нәтижелер: | |||||||||
13. Сарапшының құпталатын кәсіби біліктілігі (білімі, қызмет аясы, жұмыс тәжірибесі, ерекше дағдылары): | |||||||||
14. Сараптамалық миссияға қатысты ақпарат: | |||||||||
15.1. Миссияны бастаудың құпталатын күні (айы, жылы): | 15.4. Миссияны жүзеге асыру орны: | ||||||||
15.5. Сарапшы қамтамасыз етілетін тұрғын үй түрі: | |||||||||
15.2. Күтілетін ұзақтығы: | |||||||||
15.6. Сарапшыға берілетін көлік түрі: | |||||||||
15.3. Аудармашы ұсыну дайындығы: | |||||||||
16. Сіздің компанияңызда шет тілдерін білетін жауапты жұмыскер бар ма? | |||||||||
17. Қоса берілген компанияның бизнес (стратегиялық) даму/жаңғырту жоспары болған жағдайда, белгілеңіз | 18. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шараларын ұсыну қағидаларымен танысқан және келіскен жағдайда, белгілеңіз □ | ||||||||
19. Осымен: |
Өтініш берушінің аты, әкесінің аты (болса), тегі ______________________________
Өтініш берушінің лауазымы ________________________________________________
Өтініш берушінің қолы __________________
Өтінішті алған күн: 20___ жылғы "____"_______
Жұмыскердің (Өтінішті қабылдаған адамның) аты, әкесінің аты (болса), тегі _____
Жұмыскердің (Өтінішті қабылдаған адамның) лауазымы ______________________
Жұмыскердің (Өтінішті қабылдаған адамның) қолы __________________________
Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) жеке куәлік (сәйкестендіру үшін);
2) кәсіпкерлік субъектісін тіркеу туралы анықтама (кәсіпорынды қайта тіркеу және тарату үшін) және нотариалды куәландырылған сенімхат (қажет болса) (түпнұсқасы және көшірмесі);
3) мемлекеттік кірістер департаментінен салық төлеушінің соңғы 12 (он екі) айдағы кірістерін растау туралы анықтама;
4) жұмыс орнынан мерзімі күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын анықтаманың көшірмесі;
5) бизнесті кеңейту және жаңғырту жөніндегі көрсеткіштерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, іске асыруға байланысты мониторинг немесе өзге де іс-қимылдар жүргізу үшін қажетті барлық мәліметтер мен деректерді беру туралы жазбаша міндеттеме, одан әрі Бағдарламаның басқа бағыттарына қатысу жөніндегі мәліметтер, оқудан өткеннен кейін құрылған жаңа жұмыс орындарының саны туралы мәліметтер, салық аударымдарының серпіні туралы мәліметтер, мониторингілеу барысында сұратылуы мүмкін өзге де мәліметтер;
6) компанияның электрондық-цифрлық қолтаңбасын пайдалану үшін жауапты орындаушы Өтінімге қол қойған жағдайда, Өтініш берушіге сенімхат;
7) компанияны дамыту/жаңғырту бизнес (стратегиялық) жоспары (болса).
"Бизнестің жол картасы-2025" | |
бизнесті қолдау мен дамытудың | |
мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну | |
қағидаларына | |
11-қосымша | |
Нысан |
"Аға сеньорлар" құралын іске асырылуын мониторинтеу бойынша есеп
№ | Компанияның атауы | Қатысушының аты, әкесінің аты (болса),тегі | Лауазымы | Қызметтің қысқаша сипаттамасы | Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша саланың/кіші саланың атауы | Компанияның орташа жылдық кірісі, мың тг | Жұмыс орындарының саны, адам | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Жобаға қатысқанға дейін | Кейін | Жобаға қатысқанға дейін | Кейін | ||||||
кестенің жалғасы
Өткен жылға төленген салық көлемі, мың теңге | Сараптамалық миссияның мақсаты | Шетелдік әріптес ұйымның атауы | Ынтымақтастық орнату бойынша ақпарат | Жобаға қатысу нәтижесі | Ескертпе | Өңір |
---|---|---|---|---|---|---|
(қатысушы кәсіпорындардың даму жоспарларын іске асыру)
Ескертпе: басқа оң нәтижелер болған жағдайда, "Ескертпе" бағанында ақпаратты көрсету қажет.
"Бизнестің жол картасы-2025" | |
бизнесті қолдау мен дамытудың | |
мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну | |
қағидаларына | |
12-қосымша | |
Нысан |
"Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі Еуропалық Қайта құру және Даму банкінің іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтер бағдарламасы" құралын ұсынуға ӨТІНІМ
Кәсіпорын туралы ақпарат | |
Кәсіпорынның толық атауы: | |
Тіркеу нөмірі: | |
Мекен жайы: Факс: | |
Телефон: Веб-сайт: | |
Электрондық пошта: | |
Басшының ресми лауазымы: | |
Басшының аты, әкесінің аты (болса) тегі: | |
Басшының жасы: | |
Басшының жынысы: | |
Жылдық айналым (еуро): | |
Құрылған жылы: | |
Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (егер бар болса): | |
Қызметкерлер: | |
Әйел жынысты қызметкерлер саны: | |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша саланың атауы: | |
Кәсіпорынның сипаттамасы (тарихы, өнім, көрсетілетін қызметтер, клиенттер, өндіріс көлемі және негізгі даму кезеңдері) | |
Кәсіпорынның даму тарихы (соңғы 5-10 жылда): | |
Дамудың маңызды кезеңдері (жекешелендіру, құрылымдық өзгерістер, салалық стандарттарды енгізу, тағы басқалар): | |
Меншік иелерінің құрылымы (қатысу үлестерін немесе акцияларды бөлу, %): | |
Жергілікті % | |
Шетелдік % | |
Жеке % | |
Әйелдер % | |
Қызмет түрлері және олардың кірістердегі үлесі: | |
Кредит беру (кәсіпорын алған/алуды жоспарлайтын кредиттер туралы ақпарат беруді өтінеміз): | |
Кредиттік ұйымның атауы | |
Жобаның жалпы сомасы | |
Алынған кредиттің жалпы сомасы | |
Кредиттік шартқа қол қойылған күн (күні, айы, жылы) | |
Жылдық пайыздық мөлшерлеме | |
Кредит алу мақсаты (инвестициялар, айналым капиталы, аралас) | |
Кредит қанша айға алынды | |
Сіз осы кредиттік ұйымнан бірінші рет кредит алып отырсыз ба? (Иә, Жоқ) | |
Жобаның сипаттамасы: | |
Жобаның көмегімен шешілуі болжанып отырған, кәсіпорынның негізгі проблемаларын сипаттау: | |
Қажетті консультациялық көрсетілетін қызметтер: | |
Жоба нәтижесінде кәсіпорын қызметіндегі күтілетін өзгерістер | |
Тартылатын консультант (компанияның атауы, байланыс деректері, жауапты тұлғаның аты): | |
Жоба басталуының күтілетін күні: | |
Сіздің кәсіпорынның жобаны іске асыруға жауапты жұмыскері: | |
Аты, әкесінің аты (болса), тегі | |
Лауазымы: | |
Мекенжайы: | |
Телефоны: | |
Эл. поштасы: | |
Сіздің кәсіпорынныңсыртқы консультанттарды тарту бойынша тәжірибесі бар ма? Егер "иә" болса, қысқаша ақпарат беруді өтінеміз: | |
Өтінім құжаттамасы топтамасына кіретін құжаттар тізбесі: | |
Өтінімнің толтырылған түпнұсқасы | |
Тіркеу сертификатының көшірмесі | |
Акциялардың бақылау пакетіне меншік құқығы туралы куәлік (жарғыдан немесе құрылтай шарттарынан үзінді) | |
Компанияның мөрімен расталған алдыңғы 2 (екі) жылға жылдық қаржылық есептіліктің көшірмелері (пайда мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы, бухгалтерлік баланс) |
Бизнестің жол картасы-2025" | |
бизнесті қолдау мен дамытудың | |
мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну | |
қағидаларына | |
13-қосымша | |
Нысан |
"Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін арттыруға арналған тағылымдамаға қатысуға ӨТІНІМ
1. Өтініш беруші туралы ақпарат
Өтініш берушінің аты, әкесінің аты (болса), тегі: | |
Туған күні: | |
Жынысы: | ер / әйел |
Компанияның атауы: | |
Лауазымы: | |
Компанияның ағымдағы қызметі: | |
Компанияның жоспарланатын қызметі: | |
Құрылған күні: | |
Компанияның мекенжайы: | Облыс: |
Қала (елді мекен, ауданды көрсете отырып): | |
Пошта индексі: | |
Меншіктің ұйымдық-құқықтық нысаны: |
дара кәсіпкер ___ |
Компанияның ресми сайты (бар болса): | |
Байланыстар: | Ұялы телефон: |
Электрондық пошта: |
2. Тағылымдамаға қатысу мақсаты
Сіздің кәсіпорынның Германиямен, сондай-ақ басқа да елдермен жоспарланатын ынтымақтастығының нысаны |
Импорт ______________________ Экспорт _________________ Дистрибуция______ |
Тағылымдамаға неге қатысқыңыз келеді (Сіздің кәсіпорынның Германиямен, оның ішінде басқа елдермен экономикалық ынтымақтастығына қатысты жоспарларын сипаттаңыз) |
Сіздің бизнес жоспарыңыздың қысқаша сипаттамасы: |
Өтінімге мынадай құжаттарды қоса беру қажет:
1. Сауалнама;
2. Кооперациялық жоба;
3. Дербес деректерді қорғау туралы өтініш;
4. "Іскерлік байланыстар" құралының іске асырылуы шеңберінде қатысушының міндеттемесі;
5. Сіздің компания туралы ақпараты бар буклет немесе Power Point-тағы таныстырылым;
6. Сіз сатып алғыңыз/сатқыңыз келетін өнімнің, жабдықтың және т. б. техникалық ерекшелігі;
7. Сіздің ұсыныстарыңызға/өтінімдеріңізге неміс фирмаларының қызығушылығын куәландыратын хаттар;
8. Салық төлеушінің соңғы 12 (он екі) айдағы кірісін растау туралы мемлекеттік кірістер департаментінен анықтама – "Іскерлік байланыстар" шетелдік тағылымдамасына қатысуға үміткерлер үшін.
"Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыру шеңберіндегі МІНДЕТТЕМЕ
Осымен
мен,__________________________________________________________________
тағылымдамаға қатысушының аты, әкесінің аты (болса) және тегі, паспорт деректері
______________________________________________________________________,
(лауазымы, кәсіпорынның атауы)
Мыналарды:
1. "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының шарттарына сәйкес келетінімді;
2. 2020 жылға дейін "Іскерлік байланыстар" құралы/ "Шағын және орта кәсіпкерліктің топ-менеджментін оқыту" құралы/ 2020 жылы "Бизнес-Мектеп" құралы бойынша оқудан өткенім туралы сертификатым бар екенін растаймын
және
1) тағылымдамаға ұшу пунктіне дейін Қазақстан Республикасының аумағында көлік шығыстарын өзім төлеуге;
2) тағылымдама шеңберіндегі сабақтарды/іс-шараларды өткізіп алған жағдайда, "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын (бұдан әрі – "Атамекен" ҚР ҰКП) (телефон, телеграф арқылы, электрондық пошта арқылы немесе өзге де тәсілмен) болмау және/немесе қатыспау себептері туралы жазбаша түсініктеме мен өткізіп алуымның дәлелді себептері бар екенін растайтын құжаттарды ұсына отырып, хабардар етуге1;
3) дәлелді себептер бойынша бас тарту жағдайларын қоспағанда, тағылымдамаға қатысудың мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты тағылымдаманы ұйымдастыруға жұмсалған соманы өтеуге1;
4) қайтып келгеннен кейін "Атамекен" ҚР ҰКП-ға тағылымдамаға қатысқанымды растайтын құжаттарды (отырғызу талондарын, шекаралық бақылаудан өткені туралы белгісі бар төлқұжат беттерінің көшірмелерін, шақырушы тараптың (халықаралық және шетелдік ұйымның) мөрі бар іссапар куәліктерін) ұсынуға;
5) тағылымдама нәтижелері бойынша алған білімдерін, тәжірибесін және технологияларды ескере отырып, Кәсіпорынды дамытудың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеуге және оны Қазақстан Республикасына оралған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде "Атамекен" ҚР ҰКП-ға жолдауға;
6) "Атамекен" ҚР ҰКП бірінші талабы бойынша кәсіпорынды дамыту 2 немесе "Іскерлік байланыстар" құралын іске асырумен байланысты өзге де іс-қимылдар жоспарының іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыру үшін барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға;
7) кәсіпорында болып жатқан өзгерістерді мониторингілеу, жеке жоспарында және кәсіпорын үшін тағылымдаманы бағалау мақсатында тағылымдамадан кейін өткізілетін семинарларға қатысуға 2;
8) шетелдік тағылымдамадан кейін оны кешенді бағалау және жақсарту мүмкіндігі үшін кәсіпорынның дамуын, кәсіпорында болып жатқан өзгерістерді және жеке өзгерістерді қадағалау жөніндегі сауалнамаға қатысуға;
9) тағылымдамадан өту кезінде өзіммен бірге туыстарымды, кәмелетке толмаған балаларды алмауға;
10) "Атамекен" ҚР ҰКП ұсынатын логистиканы ұйымдастыру бойынша шарттарды қабылдауға;
11) халықаралық шетелдік ұйым тарапынан тағылымдаманы ұйымдастыруға байланысты мәселелерге белсенді қатысуға міндеттенемін.
Ескертпелер:
1) тағылымдамаға одан әрі қатысудан бас тартудың дәлелді себептеріне мыналар жатады:
a) емдеу мекемесінің тиісті құжаттарымен расталған, тағылымдамаға қатысуға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы;
b) тағылымдамаға қатысуға кедергі келтіретін және құжатпен расталған отбасылық жағдайлар (мысалы, жақын туысының ауыруы немесе қайтыс болуы);
c) алдын ала, тағылымдамаға жіберу күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын тағылымдамаға қатысуының мүмкін еместігі туралы "Атамекен" ҚР ҰКП жазбаша хабардар ету;
d) уәкілетті орган құжатпен растаған еңсерілмейтін күш мән-жайларының, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және алдын алу мүмкін емес мән-жайлар (дүлей апаттар, әскери іс-қимылдар және т. б.) әсерінің салдары;
2) кәсіпорын деп шетелге шығу кезінде тағылымдамаға қатысушы жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектісі түсініледі.
Міндеттеме талаптары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен ГФР Экономика және энергетика министрлігі арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес көзделген.
Тағылымдама елі өзгерген жағдайда міндеттеменің талаптары өзгертілетін болады.
20__ ж. "____" _____________ Қолы: _______________
Бизнестің жол картасы-2025" | |
бизнесті қолдау мен дамытудың | |
мемлекеттік бағдарламасы бойынша кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шараларын ұсыну | |
қағидаларына | |
15-қосымша | |
Нысан |
"Іскерлік байланыстар" құралына қатысушылар қызметін кейіннен мониторингтеу нысаны
Р/с№ | Компанияның атауы | Қатысушының аты, әкесінің аты (болса), тегі | Лауазымы | Қызметтің қысқаша сипаттамасы | Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша саланың/кіші саланың атауы | Активтердің орташа жылдық құны, мың тг. | Компанияның орташа жылдық айналымы, мың тг. | Жұмыс орындарының саны, адам | |||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Құралға қатысқанға дейін | Кейін | Құралғақатысқанға дейін | Кейін | Құралға қатысқанға дейін | Кейін | ||||||
кестенің жалғасы
Өткен жылға төленген салық көлемі, мың тг. | Құралға қатысу мақсаты | Тағылымдама елі | Шетелдік әріптес компанияның атауы | Белгіленген ынтымақтастықтың түрі | Құралға қатысу нәтижесі | Ескертпе | Өңір |
---|---|---|---|---|---|---|---|
Ескертпе: басқа да оң нәтижелер болған жағдайда, ақпаратты "Ескертпе" бағанында көрсету қажет.