Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А.Мамин |
"Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1."Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 952-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларында:
3-тармақта:
мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
"7-1) Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық баяндаманы мақұлдауының қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарды іске асырудың толықтығын талдау, отандық ғылымды дамытудың түйінді бағыттары бойынша прогресті бағалау, форсайттық зерттеулердің нәтижелері (3 жылда 1 рет мерзімділікпен);".
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |