1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Venus Airport Investments B.V" компаниясына "Алматы халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының орналастырылған 100 % жай акцияларын құрайтын "Алматы халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамының 78414 (жетпіс сегіз мың төрт жүз он төрт) жай акциясын "ТАВ Қазақстан (TAV Kazakhstan)" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасасуға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |