"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 тамыздағы № 527 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 шілдедегі № 479 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 26-27, 236 құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі туралы ережеде:

      "1. Жалпы ережелер" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      "2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері" деген тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері";

      "16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;";

      31) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "31) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының 2-тармағында көзделген құжаттар бойынша кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен реттеушілік әсерге талдау жүргізеді;";

      78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "78) ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының Мемлекеттік тіркелімін жүргізуді жүзеге асырады;";

      99) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "99) мыналарды:

      қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерiн айқындау әдiстемесiн;

      мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені;

      мұнайдың теңізге және Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарына авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесін;

      табиғат пайдалану шарттарын қоршаған ортаға эмиссияларға берiлетiн рұқсаттарға енгізу тәртiбiн, қоршаған ортаны эмиссияларға рұқсат беру мәселелері бойынша құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртiбiн;

      қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi iс-шаралардың үлгiлiк тiзбесiн;

      қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақыны есептеу әдiстемесiн;

      мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нысанын;

      техникалық реттеу саласындағы сараптама кеңесiнiң құрамын және оның ережесін;

      Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу жөнінде ақпарат алмасудың тiзбелерiн, нысандарын және мерзiмдерiн;

      парниктік газдар шығарындылары мен сіңірулерін реттеу саласындағы жобалық тетіктердің бірліктерін квоталар бірліктеріне ауыстыру тәртібін;

      парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі ішкі жобаларды әзірлеу тәртібін және олар жүзеге асырылуы мүмкін экономика салалары мен секторларының тізбесін;

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру тәртібін;

      парниктік газдар шығарындыларына квоталармен және көміртегі бірліктерімен сауда жасау тәртібін;

      сауда мақсаты үшін парниктік газдар шығарындыларының көміртегі бірліктері бойынша мониторинг, есепке алуды және есептілікті жүргізу тәртібін;

      қондырғы паспортының нысанын;

      парниктік газдарды түгендеу туралы есептің нысанын;

      парниктік газдар шығарындыларын өлшеу мен есепке алуды стандарттау тәртібін;

      парниктік газдар шығарындыларын, шығарындыларын азайтуды және сіңіруді есептеу әдістемесін;

      жойылуы қиын органикалық ластауыштармен және олар құрамында бар қалдықтармен жұмыс істеу қағидаларын;

      көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін;

      ең озық қолжетiмдi технологиялар тiзбелерін;

      эмиссиялар нормативтерi белгiленетiн ластаушы заттар мен қалдық түрлерiнiң тiзбесiн;

      қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға арналған квоталар мен мiндеттемелер саудасының тәртiбiн;

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарын;

      қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді;

      ластану учаскелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн жүргізу тәртiбiн;

      парниктік газдар шығарындылары мониторингі жоспарының нысанын;

      Ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тіркелімін жүргізу қағидаларын;

      Парниктік газдар шығарындыларына квоталар бөлудің ұлттық жоспарындағы квоталар көлемінің резервінен квоталар бөлудің әдістемесін;

      жобалары қоғамдық тыңдауларға шығарылуға жататын шаруашылық қызметі түрлерінің тізбесін;

      мыналар:

      қоршаған ортаға эмиссиялардан бюджетке түсетін түсімдер;

      қоршаған ортаға залалды өтеуден бюджетке түсетін түсімдер;

      Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзғаны үшін айыппұлдан бюджетке түсетін түсімдер;

      қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға бюджет шығыстары туралы ақпараттарды ұсынудың нысандарын;

      қалдықтарды түгендеу жөніндегі есеп нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты;

      қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын;

      тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін;

      мұнайдың Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында авариялық төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау қағидаларын бекітеді;";

      276) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "276) су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде кәсiпорындар мен басқа да құрылыстарды орналастыруды, сондай-ақ құрылыс және басқа да жұмыстар жүргiзу шарттарын келісу тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 281-1) және 281-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "281-1) су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын, су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайлары қауіпсіздігінің өлшемшарттарын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      281-2) гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықты көпфакторлы зерттеп-қарауды орындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 282-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "282-1) суларды және олардың пайдаланылуын мемлекеттiк есепке алуды, мемлекеттiк су кадастрын және су объектiлерiнiң мемлекеттiк мониторингiн жүргiзуді жүзеге асырады;";

      306) тармақша алып тасталсын;

      ведомстволардың функцияларында:

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган, Ұлттық палата және басқа да мүдделі тұлғалар кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 80-бабының 2-тармағында көзделген әзірленетін құжаттардың жобаларына қатысты реттеушілік әсерді талдауды жүргізеді;

      23) тармақша алып тасталсын;

      32) тармақша орыс тіліндегі өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      55) және 56) тармақшалар алып тасталсын;

      136) тармақша алып тасталсын;

      143) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "143) орман тұқымдарын аудандастыруды әзірлейді және бекітеді;";

      200) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "200) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексінде белгiленген тәртiппен арнайы су пайдалануға рұқсат беру, оның қолданысын тоқтата тұру, оны ұзарту және қайта ресімдеу, сондай-ақ арнайы су пайдалану құқығын тоқтату;";

      208) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "208) су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын келіседі;";

      216) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "216) су объектілерін өз бетімен пайдалануға, су қорғау аймақтары мен су объектілері белдеулерінің аумақтарында өз бетімен құрылыс салуға жол берілмеуін бақылауды жүзеге асырады;

      219-1) тармақша алып тасталсын;

      220) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "220) бассейндер және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлігінде су пайдалану лимиттері бассейндік схемаларға сәйкес он жылдық кезеңге белгілейді;";

      225) тармақша алып тасталсын;

      229) және 230) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "229) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың басталуы салдарынан туындаған зардаптарды жою жөніндегі жұмыстарға қатысады;

      230) облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар және бастапқы су пайдаланушылар бөлінісінде су пайдалану лимиттерін айқындайды;";

      250) және 251) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "250) меншік иелерінің су шаруашылығы құрылыстарының жұмыс режимін, сондай-ақ бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

      251) су қорғау аймақтарын, су объектiлерiнiң қорғау белдеулерiн, ауыз сумен жабдықтау көздерiн санитарлық қорғау аймақтарын белгiлеу жөніндегі жобалау құжаттамасын келіседі;";

      259) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "259) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жерүсті су объектілері үшін су объектілеріндегі су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесі негізінде олардағы су сапасының стандарттарын әзірлейді және бекітеді;";

      261-1) тармақша алып тасталсын;

      299) тармақша алып тасталсын;

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Министрліктің қызметін ұйымдастыру";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Министрліктің мүлкі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады