Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А.Мамин |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
"Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 14, 53-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Орталық атқарушы органдардың (Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Сыртқы істер министрліктерін қоспағанда) басшылары жыл сайын екінші тоқсан ішінде өңірлермен бейнеконференцбайланысын, әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық интернет-ресурста онлайн-трансляциялар ұйымдастыра отырып, жұртшылық өкілдерімен есеп беру кездесулерін өткізсін, олардың барысында елде іске асырылып жатқан реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, стратегиялық жоспарлардың түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізу мен тиісті салаларды дамыту жөніндегі міндеттер, олардың проблемалары мен шешу жолдары, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі - мемлекет қатысатын ұйымдар) қойылған міндеттерді орындау қорытындылары және қаржы-шаруашылық қызметінің қол жеткізілген нәтижелері туралы хабардар етсін.
Ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар осы ұйымдар басшыларының қаржы-шаруашылық қызметтің қорытындылары туралы жыл сайынғы негізде үшінші тоқсан ішінде әлеуметтік желілер арқылы жұртшылық өкілдерімен интернет-конференииялар өткізуі үшін шаралар қабылдасын.";
5-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) мемлекет қатысатын ұйымдардың бірінші басшыларының халыққа есеп беру кездесулеріне қатысуын қамтамасыз етсін.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Есеп беру кездесулері және азаматтарды қабылдау аяқталған күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей есептерді, мемлекет қатысатын ұйымдардың қойылған міндеттерді орындау қорытындылары және қаржы-шаруашылық қызметінің қол жеткізілген нәтижелері туралы ақпаратты (қолжетімділік шектеулі ақпаратты қоспағанда) және есеп беру кездесулерінде халық көтерген проблемалық мәселелердің тізбесін оларды шешу бойынша тиісті шаралар қабылдау мерзімдерін көрсете отырып:
орталық атқарушы органдардың басшылары және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың әкімдері - тиісті мемлекеттік органның ресми интернет-ресурстарында және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталында;
аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық округтердің, кенттер мен ауылдардың әкімдері бұқаралық ақпарат құралдарында, бар болған жағдайда әкімдер аппараттарының ресми интернет-ресурстарында және (немесе) "электрондық үкімет" веб-порталында орналастыруды қамтамасыз етсін.".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Қ.Тоқаев |