"Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1176 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 тамыздағы № 533 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 620 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.07.2023 № 620 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерін және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібін, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1176 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 85-86, 616-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын нақты шығындардың мөлшерінде және оларды ақпарат иеленушіге төлеу тәртібінде, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарын көшірме жасауға немесе басып шығаруға жұмсалатын шығындарды төлеуден босату тәртібінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ақпарат иеленуші квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылса, сондай-ақ егер ақпарат заңды тұлғалардан сұрау салынған жағдайда, оларға мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаражатты пайдалануға, оның иелігіндегі экологиялық ақпаратқа қатысты, төтенше жағдайлар туралы, табиғи және техногендік апаттар, олардың болжамдары мен салдары, өрт қауіпсіздігінің жай-күйі, санитариялық-эпидемиологиялық және радиациялық жағдай, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі және елді мекендердің, өндіріс объектілерінің және азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына кері әсері бар басқа да факторлар, сондай-ақ мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін (өткізетін), тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бағалары бөлігіндегі ақпарат пайдаланушы 2-тармаққа сәйкес ақпаратты ұсыну үшін төлемді ақпарат иеленушінің есепшотына аударады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады