Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 жылға арналған
нысаналы трансфсрт бөлу туралы
ҚАУЛЬІ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 жылға арналған республикалық бюджетке 1 (бір) триллион теңге мөлшерінде нысаналы трансферт, оның ішінде:
1) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй құрылысы саласындағы іс-шараларды іске асыруға - 179 619 395 мың теңге;
2) Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыруға - 116 756 211 мың теңге;
3) Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыруға - 68 295 012 мың теңге;
4) "Бизнестің жол картасы - 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және Басым жобаларға кредит беру тетігі шеңберінде іс-шараларды іске асыруға - 66 210 672 мың теңге;
5) Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде моноқалалар мен өңірлерде іс-шараларды іске асыруға - 48 569 415 мың теңге;
6) облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне газ тасымалдау жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттеріне - 30 855 854 мың теңге;
7) Ақмола облысының бюджетіне, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттсріне қалалардың шеткі аумақтарындагы әлеуметгік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттеріне - 19 000 000 мың теңге;
8) жылу-, электр знергетикасын дамытуға - 18 843 890 мың теңге;
9) ұшқышсыз ғарыш аппараттарын ұшыру үшін орта сыныптағы ғарыштық мақсаттағы жаңа буын зымыранының базасында "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құруға - 23 160 549 мың теңге;
10) "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамына нысаналы аударымға - 11 820 830 мың теңге;
11) экспортты қолдаудың тиімді қаржылык шараларын ұсыну есебінен қазақстандық шикізаттық емес тауарларды өндірушілер мен сыртқы нарықтарға көрсетілетін қызметті жеткізушілсрге қолдау көрсету және олардың бәсекеге қабілеттілігін күшейту үшін кейіннен "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайта отырып "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының жарғылық каниталын ұлғайтуға - 5 000 000 мың теңге;
12) "QazExpoCongress" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына нысаналы аударымға - 3 095 308 мың теңге;
13) "KazSat-2R" ғарыштық байланыс жүйесін құруға және пайдалануға беруге - 3 000 000 мың теңге;
14) қаржылық көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін арттыруға - 152 317 769 мың теңге;
15) жер ресурстары туралы ақпаратқа қолжетімділікті арттыруға - 9 1 86 082 мың теңге;
16) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауды қамтамасыз етуге - 244 269 013 мың теңге бөлінсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Қ.Тоқаев |