"Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 551 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 5) тармақшасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және оның тиімділігін арттыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан      Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі құрылсын, оған:

      азаматтық қорғау саласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің;

      өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, сондай-ақ осы саладағы мемлекеттік қадағалау бойынша Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің;

      мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің функциялары мен өкілеттіктері берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің, сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың арасында штат санын қайта бөлуді;

      2) осы Жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде Ішкі істер, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ұлттық экономика министрліктерінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 12 қаңтардағы № 6 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 22, 205-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі".

      5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады