"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 576 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 18 ақпандағы № 81 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 8, 46-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігi туралы ережеде:

      16-тармақта:

      14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдері және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер, арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын беру тәртібін бекіту, сондай-ақ оларды ұжымдық қорғаныш құралдарымен, санитариялық-тұрмыстық үй-жайлармен және құрылғылармен қамтамасыз ету тәртібін белгілеу;

      15) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жұмыскерлерге сүт немесе оған теңестірілген тамақ өнімдерін және (немесе) диеталық (емдік және профилактикалық) тамақтануға арналған арнайы өнімдер беру нормаларын бекіту;";

      37) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "37) әйелдердің еңбегін пайдалануға шектеу қойылатын жұмыстардың тізімін, әйелдердің ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шекті нормаларын бекіту;";

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) жұмыскерлерді, басшылар мен еңбек қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқытудан, нұсқау беруден және білімін тексеруден өткізу қағидалары мен мерзімдерін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 41-1), 41-2), 41-3), 41-4), 41-5), 41-6), 41-7) және 41-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "41-1) еңбекті қорғауды басқару жүйесі туралы үлгілік ережені әзірлеу және бекіту;

      41-2) кәсіптік тәуекелдерді басқару қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      41-3) еңбекті қорғау қызметтерінің жұмыскерлері санының салааралық үлгілік нормативтерін әзірлеу және бекіту;

      41-4) Азаматтық қызметшілердің қызмет әдебі кодексін әзірлеу және бекіту;

      41-5) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді ұсыну және алу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      41-6) қаупі жоғары жағдайларда жұмыс жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды ресімдеу және қолдану қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      41-7) еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде қамтылған жұмыскердің дербес деректерінің құпиялылығын және қорғалуын Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қамтамасыз ету;

      41-8) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жеке және заңды тұлғаларға еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінен мәліметтер беру;";

      61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "61) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында бөлу тәртібін әзірлеу;";

      62) тармақша алып тасталсын;

      73) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 73-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "73-1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан шетелдік жұмыс күшін тартуға беретін рұқсаттың жеңілдетілген тәртібін айқындау;";

      74) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "74) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;";

      мынадай мазмұндағы 77-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "77-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасына біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын қарау және куәландыру қағидаларын бекіту;";

      79) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "79) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бекіту және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана арасында бөлу;";

      мынадай мазмұндағы 79-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "79-1) мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу бойынша маусымдық шетелдік жұмыскерлердің еңбек қызметін жүзеге асыруы үшін кәсіптердің тізбесін әзірлеу және бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 80-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "80-1) этникалық қазақтарды және олардың отбасы мүшелерiн оралман мәртебесiн алғанға дейiн алғашқы қоныстандыру олардың қалауы бойынша, сондай-ақ ішкі көшіп-қонушыларды қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы шеңберінде қоныс аударған жағдайда уақытша орналастыру орталықтарына бастапқы орналасу тәртiбін және мерзiмдерін айқындау;";

      17-тармақта:

      14) тармақша алып тасталсын;

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың алдағы жылға арналған өңірлік квотасын белгілеу және оны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөлу;".

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады