"Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 582 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереже:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      53-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "53) байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер тізбесін қалыптастыру және оларды бағалау нәтижелеріне негізделген байланысты гранттарды пайдалану туралы жиынтық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсыну;";

      мынадай мазмұндағы 53-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "53-1) байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер тізбесін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 59-9), 59-10), 59-11) және 59-12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "59-9) инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын бекіту;

      59-10) табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимылдар тәртібімен қызметтер көрсетуінің үлгілік регламенттерін бекіту;

      59-11) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларын бекіту;

      59-12) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу тәртібін бекіту;";

      259-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "259-1) жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 5 қаңтарынан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес заңды тұлғаларды бәсекелестік ортаға беру жөніндегі ұсыныстарды және мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерiнiң) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесін жаңартып отыру жөнінде ұсыныстарды жіберу;";

      17-тармақта:

      ведомстволардың функциялары:

      мынадай мазмұндағы 1-37), 1-38), 1-39), 1-40), 81-15) және 81-16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-37) инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттардың үлгілік нысандарын әзірлеу;

      1-38) табиғи монополиялар субъектілері қызметкерлерінің нақты іс-қимылдар тәртібімен қызметтер көрсетуінің үлгілік регламенттерін әзірлеу;

      1-39) кәсіпкерлік субъектілерінің белгіленген қуаты 200 кВт-қа дейінгі электр қондырғыларын энергия беруші ұйымдардың электр желілеріне технологиялық қосуға арналған шығындарды айқындау қағидаларын әзірлеу;

      1-40) қызметтер көрсету регламенттерін үлгілік регламентке сәйкестігі тұрғысынан келісу;";

      мынадай мазмұндағы 81-15) және 81-16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "81-15) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізу тәртібін әзірлеу;

      81-16) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасының бұзылу белгілерін анықтау және монополияға қарсы ден қою шараларын қабылдау мақсатында тауар нарықтарында бағаларға мониторинг жүргізуді жүзеге асыру;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады