"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 619 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-1, 121, 124-құжаттар; № 21-11, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 172-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1,4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат):

      1) 19-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының резервіне:

      1) төтенше резерв;

      2) шұғыл шығындарға арналған резерв кіреді.";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі, трансферттер мен қарыздарды есептемей, тиісті бюджет түсімдері көлемінің он пайызынан аспауға тиіс аудандық маңызы бар қала, ауыл, ауылдық округ әкімі аппаратының резервін қоспағанда, екі пайыздан аспауға тиіс.";

      2) 45-бапта:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Ағымдағы қаржы жылы ішінде аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттер көлемін өзгертуге жол берілмейді.";

      9-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдык округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есептейді.";

      9-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жоспарлы кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілеу үшін аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамын жыл сайын жылжымалы негізде ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы айқындайды.";

      3) 52-бапта:

      1-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығы;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелері бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;";

      3-тармақтың 2) және 3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

      3) облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы;";

      4) 52-1-бапта:

      1-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы жер учаскелері бойынша бірыңғай жер салығы;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы жер учаскелері бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер мыналар болып табылады:

      1) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;

      2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы және облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

      3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындагы жер учаскелері бойынша жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы.";

      5) 56-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 20) тармақшамен толықтырылсын;

      "20) елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.";

      6) 75-баптың 2-тармағында:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті бекіту туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешіміне қол қойылған күннен бастап қаржы жылының соңына дейін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін бекітеді.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихаттарының жекелеген шешімдермен бекітуге жол беріледі.";

      7) 111-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толыктырылсын:

      "3-1. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін түзету аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің жиырма процентінен аспайтын көлемде қаражатты қайта бөлген жағдайда, бюджет жобасын жергілікті қоғамдастық жиналысы міндетті түрде қарап, келіскеннен кейін бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражатын игермеген және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды тиімсіз орындаған кезде бюджеттік бағдарламалар арасында жүзеге асырылады.";

      8) 130-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:

      1) әкімнің не оны алмастыратын тұлғаның облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы және тиісті кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалык даму болжамында қабылданған өңірдің салық-бюджет саясатының негізгі бағыттарының іске асырылуы туралы баяндамасын;

      2) облыстың республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясы төрағасының облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің атқарылуы туралы баяндамасын;

      3) әкімнің не оны алмастыратын тұлғаның облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы баяндамасын тыңдайды.";

      9) 132-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жылдық есепті қараған кезде мәслихат:

      1) әкімнің не оны алмастыратын тұлғаның аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;

      2) облыстың тексеру комиссиясы төрағасының немесе төраға уәкілеттік берген мүшесінің аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің атқарылуы туралы баяндамасын;

      3) әкімнің, не оны алмастыратын тұлғаның ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын іске асыру туралы баяндамасын тындайды.".

      2. "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., № 23-24, 507-құжат; 1995 ж., № 23, 146-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 18, 111-құжат; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 8, 44-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2013 ж., 2, 11-құжат; № 14, 72-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат):

      1) 2 және 3-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің санаттары

      1. Қазақстан Республикасы аумағының республикалық және жергілікті мүдделерін қолайлы ұштастыру негізінде мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру негізгі екі санатқа - аймақтарға және елді мекендерге бөлінеді.

      2. Аймақ-республиканың бірнеше елді мекені енгізілетін, оның мүддесі үшін құрылатын және басқарылатын республика аумағының бір бөлігі.

      Республикалық әкімшілік-аумақтық құрылыстың негізгі буындары облыс, аудан және ауылдық округ аймақтар болып табылады:

      1) облыс облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардан тұрады;

      2) облыстағы аудан халқының жалпы саны 300 мың адамнан аспайтын аудандық маңызы бар қалалардан, ауылдардан, кенттерден, ауылдық округтерден тұратын аймақ болып табылады;

      3) ауылдық округ екі және одан да көп елді мекенді қамтитын, халқының жалпы саны 500 адамнан кем емес аймақ болып табылады.

      3. Елді мекен - республика аумағының халық жинақы орналасқан, кемінде 50 адамы бар, азаматтардың шаруашылық және басқа қоғамдық қызметі нәтижесінде калыптасқан, заңда белгіленген тәртіппен есепке алынған және тіркелген, жергілікті өкілді және аткарушы органдар басқаратын бір бөлігі.

      Халқының саны 50 адамнан аз шаруа қоныстары мен өзге де қоныстар ең жақын маңдағы елді мекеннің құрамына енгізіледі.

      4. Қазақстан Республикасы аумағындағы елді мекендер қалалық және ауылдық елді мекендерге бөлінеді:

      1) қалалық елді мекендерге республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, сондай-ақ олардың әкімшілік бағыныстылығындағы кенттер жатады;

      2) ауылдық елді мекендерге олардың әкімшілік бағыныстылығына қарамастан барлық басқа елді мекендер жатады.

      5. Елді мекендердің құрамдас бөліктері болады.

      Шағын аудандар, қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, тұйық көшелер, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқа да бөліктер елді мекендердің құрамдас бөліктері болып табылады.

      Қаладағы аудан облыстық маңызы бар қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қаладағы аудан, астанадағы аудан болып табылады. Қаладағы аудандар халық саны 400 мың адамнан асатын қалаларда құрылады. Қаладағы аудан халқының саны 200 мың адамнан кем болмауы тиіс.

      3-бап. Қалалар мен басқа да елді мекендердің санаттары

      Қалалар мен басқа да елді мекендер мыналарға бөлінеді:

      1) республикалық маңызы бар қалалар, оларға ерекше мемлекеттік маңызы бар немесе халқының саны бір миллион адамнан асатын елді мекендер жатады;

      2) облыстық маңызы бар қалалар, оларға ірі экономикалық және мәдени орталықтар болып табылатын, дамыған өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымы бар және халқының саны 50 мың адамнан асатын елді мекендер жатады;

      3) аудандық маңызы бар қалалар, оларға аумағында өнеркәсіп орындары, коммуналдық шаруашылық, мемлекеттік тұрғын үй қоры, оқу және мәдени-ағарту, емдеу мен сауда объектілерінің дамыған желісі бар, халқының саны кемінде 10 мың адам болатын елді мекендер жатады;

      4) кенттер, оларға халқының саны кемінде 3 мың адам болатын елді мекендер жатады.

      Кемінде 2 мың халқы бар, жыл сайын емделу және демалу үшін келетіндердің саны кемінде олардың жартысын құрайтын, емдік маңызы бар жерлерде орналасқан елді мекендер де кенттерге теңестіріледі; оларға қала тұрғындарының жазғы демалыс орындары болып табылатын, ересек халықтың кемінде 25 проценті ауыл шаруашылығымен тұрақты түрде айналысатын саяжай кенттері де жатады;

      5) ауыл - халқының саны 50 адамнан кем емес елді мекен.";

      2) 9-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) аудандық маңызы бар қала мәртебесінен айыру туралы шешім қабылдайды;";

      3) 10-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшасымен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасының Президентіне аудандық маңызы бар қала мәртебесінен айыру туралы ұсыныс енгізеді;";

      4) 11-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасының Үкіметіне аудандық маңызы бар қала мәртебесінен айыру туралы ұсыныстар енгізеді;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді;";

      5) мынадай мазмұндағы 14-2-баппен толықтырылсын:

      "14-2-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің санатын өзгерту тәртібі

      1. Қала мәртебесін өзгерту бес жыл ішінде осы Заңның 3-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.

      2. Ауыл мәртебесін өзгерту үш жыл ішінде осы Заңның 3-бабында бслгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда жүзеге асырылады.

      3. Үш жыл ішінде осы Заңның 2-бабының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ауылдық округ таратылады, ал оның ауылдық елді мекендері жақын маңдағы ауылдық округтерге қосылады.

      4. Елді мекеннің санатын өзгерту рәсімі осы Заңда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      6) 16-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шешілетін мәселенің мәніне қатысты жергілікті қоғамдастық жиындарының хаттамалары;";

      5) тармақша мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 3-бабы 5) тармақшасының талаптарына сәйкес келмейтін ауылдық елді мекендер таратылған кезде ғылыми сараптама актісін ұсыну талап етілмейді.".

      3. "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" 1998 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 14, 200-құжат; № 22, 308-құжат; № 24, 443-құжат; 2001 ж., № 13-14, 173, 176-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 24, 178-құжат; 2004 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 142-құжат; 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 13, 114-құжат; 2016 ж., № 8-1, 62-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат):

      4-бап мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толыктырылсын:

      "8-1) Алматы қаласының аумағында мақсатқа сай пайдаланылмайтын жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығаруға байланысты жер учаскесін немесе жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы сотқа талап-арыз береді;".

      4. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141 -құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат;      № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5,35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3,21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-1, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-1, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-баптың 14) тармақшасы алып тасталсын;

      2) 8-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мәслихат өз өкілеттігін сессияларда тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, мәслихаттың депутаттары мен хатшысы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мәслихат хатшысын сайлайды және лауазымынан босатады және оның есептерін тындайды;";

      3) 10-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат хатшысы жүргізеді. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат хатшысы шақырады және жүргізеді. Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған ерекше мәселелер каралуы мүмкін.";

      4) 11-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мәслихаттың бірінші сессиясын тиісті сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат хатшысы сайланғанға дейін жүргізеді. Одан әрі мәслихат сессиясын мәслихат хатшысы жүргізеді.";

      6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады. Мәслихат хатшысы немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бірінің ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешімімен, егер катысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілігі осы үшін дауыс берсе, жабық сессиялар өткізуге жол беріледі.

      7. Мәслихат хатшысының шақыруы бойынша жергілікті атқарушы органдардың басшылары, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары мәслихаттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат беру үшін мәслихат сессиясына келуге міндетті.";

      5) 12-бап мынадай мазмұндағы 4, 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:

      "4. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кіретін депутаттардың жалпы санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі.

      5. Тұрақты комиссияның қаулысы комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады.

      6. Тұрақты комиссияның қаулысы мен отырыстың хаттамасына оның төрағасы қол қояды, ал бірнеше тұрақты комиссияның бірлескен отырысы өткізілген жағдайда, тиісті комиссиялардың төрағалары қол қояды.";

      6) 14-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат хатшысына ұсыныс енгізуге;";

      7) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы

      1. Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасын мәслихат сессияда депутаттар арасынан ашық дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сайлайды және лауазымынан босатады.

      Егер комиссияның отырысында дауыс беру кезінде депутаттардың даусы тең бөлінген жағдайда, тұрақты комиссияның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      Мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы лауазымына кандидатураларды тиісті мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.

      2. Тұрақты комиссияның төрағасы:

      1) тұрақты комиссияның отырысын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, хаттама жасауды қамтамасыз етеді және комиссия отырысында қабылданған қаулыларға, өзге де құжаттарға қол қояды;

      2) мәслихат депутаттарына олардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды комиссия қызметінің мәселелері жөнінде қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді;

      3) тұрақты комиссияның атына келіп түскен депутаттардың сауалдары мен депутаттық өтініштердің қаралуын бақылайды;

      4) мәслихаттың тиісті комиссиясының қаулыларын жариялауды камтамасыз етеді, олардың орындалуын бақылау жөніндегі шараларды айқындайды;

      5) мәслихаттың шешімі бойынша өзге де функцияларды орындайды.

      3. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам бола алады.

      Тұрақты негізде жүмыс істейтін тұракты комиссиялар төрағаларының санын мәслихат айқындайды және ол екі бірліктен аспауға тиіс.

      Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы мәслихаттың екілеттігі мерзіміне сайланады және қатарынан екі реттен артық сайлана алмайды.

      4. Тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы болмаған кезде, мәслихат хатшысының шешімі бойынша оның өкілеттігін басқа тұрақты комиссияның төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.";

      8) 18-бап алып тасталсын;

      9) 19-бапта:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеуді ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін жасайды, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды;

      1-2) мәслихат сессиясының отырысын жүргізеді, мәслихат регламентінің сақталуын камтамасыз етеді;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Облыс, республикалық маңызы бар қала және астана мәслихатының хатшысы болмаған кезде, оның өкілеттігін тұрақты негізде жұмыс істейтін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы уақытша жүзеге асырады.

      Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының хатшысы болмаған кезде оның өкілеттігін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірінің төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Егер мәслихат сессиясында дауыс беру кезінде депутаттардың даусы тең бөлінген жағдайда, мәслихат хатшысы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.";

      10) 21-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сайлауға және мәслихат хатшысы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жергілікті қоғамдастық жиналыстарына қатысуға;";

      мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17) және 18) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) мәслихат сессиясында азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерін жария етуге;

      11) мәслихаттардың тұрақты және уақытша құрылатын комиссияларының құрамына кандидатураларды, оның ішінде өзінің жеке кандидатурасын ұсынуға;

      12) мәслихат сайлайтын немесе тағайындайтын лауазымды адамдардың кандидатуралары бойынша өз пікірін білдіруге;

      13) жарыссөздерге қатысуға, баяндамашыларға, сондай-ақ мәслихат сессиясы мен отырысына төрағалық етушіге сұрақтар қоюға;

      14) сессияның күн тәртібі және өзі құрамына сайланған комиссия отырысы бойынша, сондай-ақ олар талқылайтын мәселелерді қарау және олардың мәні бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге;

      15) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында орналасқан мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңдары мен заңға тәуелді актілерін орындауын тексеру қажеттілігі туралы мәслихатқа ұсыныстар енгізуге;

      16) мәслихат қабылдайтын актілердің жобаларына түзетулер енгізуге;

      17) тиісті мәслихат құрған, сайлаған немесе бекіткен органдардың құрамына, сондай-ақ мәслихат сайлаған немесе бекіткен лауазымды адамдарға сенім білдіру туралы мәселе көтеруге;

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасында және мәслихат регламентінде көзделген өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы.";

      2-тармақтың 4) тармақшасындағы "тұруға міндетті." деген сездер "тұруға"; деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5), 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) сайлаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, қоғамдық пікірді, азаматтардың, қоғамдық және өзге де ұйымдардың мұқтаждары мен сұрауларын зерделеуге, олар туралы мәслихат пен оның органдарына хабарлауға, оларды қанағаттандыру үшін ұсыныстар енгізуге және өзге де шаралар қолдануға;

      6) мәслихат хатшысына не өзі мүше болып табылатын тұрақты комиссияның төрағасына отырысқа келе алмайтыны туралы алдын ала хабарлауға міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Депутаттың отырыстарда дәлелсіз себептермен үш реттен артық болмауы депутатқа осы заңда белгіленген жазалау шараларын қолдануға әкеп соғады.";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Мәслихат депутаты азаматтардың құқықтарының бұзылуы немесе заңдылықтың өзге де бұзылушылықтары анықталған кезде, бұзушылықты тоқтатуды талап етуге, ал қажет болған жағдайларда тиісті органдарға және лауазымды адамдарға бұзушылықтың жолын кесу талабымен жүгінуге кұқылы.

      Депутаттың тиісті бюджет қаражаты есебінен даярлануға, қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға құқығы бар.";

      11) 21-1-бапта:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Депутаттық сауалға берілетін жауапқа атына сауал жіберілген мемлекеттік органның бірінші басшысы не оның орынбасары қол қоюға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Прокурордың атына берілген сауалдар қылмыстық қудалауды жүзеге асырумен байланысты болмауға тиіс.";

      12) 22-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-бал. Депутаттық қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстарды өтеу

      Депутат регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында және депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыруға байланысты мәслихат депутаттарын оқыту, олардың біліктілігін арттыру немесе қайта даярлау кезеңінде оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс өтілі бар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріле отырып, мәслихат сессиялары, тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының отырыстары, оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлаудан өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.";

      13) 27-баптың 1-тармағының 33-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-1) жасыл екпелерді күтіп-баптау және қорғау қағидаларын әзірлейді және мәслихатка бекітуге ұсынады.

      Облыстардың әкімдіктері сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін жасыл екпелерді күтіп-баптау мен қорғаудың үлгілік қағидалары негізінде әзірленген жасыл екпелерді күтіп- баптау және қорғау қағидаларын әзірлейді және мәслихатқа бекітуге ұсынады.";

      14) 33-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мынадай лауазымды адамдарды:

      шекті санын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

      аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) білім беруді басқару органдарының бірінші басшыларын қоспағанда, әкім аппаратының қызметкерлерін, сондай-ақ аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;";

      15) 35-баптың 1-3-тармағы мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:

      "16) өз құзыреті шегінде елді мекендерде жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.";

      16) 38-1-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Әкім аппараты халқының саны кемінде 500 адам болатын ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде құрылады.

      Халқының саны кемінде 250 адам болатын:

      стратегиялық маңызы бар және мемлекеттік шекарадан 25 километрге дейінгі қашықтықта орналасқан;

      50 километр радиуста тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басқа елді мекені болмаған жағдайда, ауылдарда әкім аппаратын құруға жол беріледі.";

      17) 39-3-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) төрт жыл мерзімге жергілікті қоғамдастық жиналысының жиырма бес адамға дейінгі мөлшердегі кұрамын айқындау;";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Ауыл, көше, шағын аудан, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуге жол беріледі.

      Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін учаскелерге (шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді. Ауыл, көше, шагын аудан, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері әзірлейді және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттары бекітеді.

      Бөлек жергілікті қогамдастық жиындарын өткізудің үлгілік тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жергілікті қоғамдастық жиындары аталған аумақта тұратын және оған қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      Жергілікті қоғамдастық жиналысы жергілікті коғамдастық жиыны жіберген мүшелердің оған кемінде жартысы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.".

      5. "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазакстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 16, 128-құжат; 2010 ж., № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-1, 99-құжат; № 19-11, 103-құжат; 2016 ж., №23, 118-құжат; 2017 ж., №9, 17-құжат; №14,51 -құжат; 2019 ж., № 1,4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7,39-құжат):

      1) 8-бап мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) астананың жасыл екпелерін күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекітеді.";

      2) 9-бапта:

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін және (немесе) өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығаруды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 43) тармақшамен толықтырылсын:

      "43) астананың жасыл екпелерін күтіп-баптау және қорғау қағидаларын әзірлейді.".

      6. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік кызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      17-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) өкілді және атқарушы органдарының және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің құзыреті";

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) атқарушы органдары басшыларының және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі есептерін қарайды;";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.".

      7. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-II, 171-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-ІІ, 72-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 18-құжат; № 14, 51-құжат; № 23-ІII, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланган "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына):

      39-баптың 3-тармағының 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "42) егер біртекті тауарлардың құндық мәндегі жылдық көлемі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің бір жүз еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, егер біртекті жұмыстар мен көрсетілетін кызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің бес жүз еселенген мөлшерінен аспаса, осындай жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді, ал аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары үшін біртекті тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің құндық мәндегі жылдық көлемі айлық есептік көрсеткіштің үш мың еселенген мөлшерінен аспаса, осындай біртекті тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу;".

      8. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53, 55-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      44-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды." деген сөздер "нормативтік құқықтық актілерге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін бекіту немесе нақтылау туралы мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдеріне қолданылмайды.".

      9. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатып алуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 22, 82-құжат):

      5-баптың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап. "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 3-тармағы 42) тармақшасының қолданысы 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:".

      2-бап. Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 7) тармақшасыныц он екінші, он үшінші, он төртінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады