Темекі өнімдерін, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотині бар сұйықтықты таңбалау таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 623 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 3 тамыздағы № 638 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.08.2023 № 638 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.10.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 11-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Темекі өнімдерін, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, электрондық сигареттерде пайдалануға арналған құрамында никотині бар сұйықтықты таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралдары құнының шекті мөлшері қосылған құн салығынсыз бірлігіне 2,68 теңге мөлшерінде айқындалсын.

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады