Солтүстік Қазақстан облысының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 қазандағы № 648 қаулысы.

Солтүстік Қазақстан облысының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру және оларды қайта атау туралы

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:

      1) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Өнер колледжі – музыкалық эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Ермек Серкебаевтың есімі;

      2) "Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының облыстық филармониясы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Ақан серінің есімі берілсін.

      2. Мынадай білім беру ұйымдары:

      1) Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының "№ 4 Булаево орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Солтүстік Қазақстан облысы "Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Преснов жалпы орта білім беру мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының білім бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің "Қожаберген жырау атындағы жалпы білім беретін мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады