"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 652 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж.; № 22-І, 22-II, 107-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93, 94-құжаттар; 2019 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 19 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 3 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес-ортаны дамыту және сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 5 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар, инвестициялар тарту, экспортты дамыту және жылжыту, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 23 сәуірде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұнында:

      69-тараудың 4-параграфының тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы";

      2) 49-баптың 1-тармағының екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақылар түсініледі.";

      3) 101-баптың 5-тармағы 2) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "салықтың, жер учаскелерін пайдаланғаны, жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақының артық төленген (өндіріп алынған) сомасы – осындай салықтар, төлемақылар бойынша салықтық есептілікті ұсыну мерзімі ұзартылған жағдайда оны ұсыну күніне дейін есепке жатқызуға және қайтаруға жатпайды.";

      4) 102-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) артық төленген сома түзілген, белгілі бір салық түрі, жер учаскелерін пайдаланғаны, жерүсті көздерінен су ресурстарын пайдаланғаны, қоршаған ортаға теріс әсер еткені, радиожиілік спектрін пайдаланғаны, қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақы (бұдан әрі осы баптың мақсаттары үшін – төлемақы) бойынша орындалу мерзімі басталған салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомаларын төлеу жөніндегі салықтық міндеттеменің есебіне;";

      5) 138-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Салық органы жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының салық заңнамасы, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасы нормаларының орындалуын тексеру салықтық тексеру болып табылады.";

      6) 189-баптың 1-тармағы 2) тармақшасының сегізінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қоршаған ортаға теріс әсер еткені;";

      7) 215-бапта:

      5-тармақтың 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "қоршаған ортаға теріс әсер еткені;";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы бойынша салық міндеттемелерін есепке алу жөніндегі салық тіркелімін қоспағанда, бірыңғай жер салығын төлеушілер осы баптың 5-тармағында көзделген салық тіркелімдерін жүргізуге міндетті.";

      8) 4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы";

      9) 573-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы (бұдан әрі осы параграфтың мәтіні бойынша – төлемақы) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес экологиялық рұқсаттар мен қоршаған ортаға әсер ету туралы декларация негізінде жүзеге асырылатын қоршаған ортаға эмиссия, күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны және көмгені үшін алынады.";

      10) 574-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. I, II және III санаттағы объектілердің операторлары төлемақы төлеушілер болып табылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимі қолданылатын қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоршаған ортаға теріс әсер ету бойынша шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер төлемақы төлеушілер болып табылмайды.";

      11) 575-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "575-бап. Салық салу объектілері

      Есепті кезеңде (І және ІІ санаттағы объектілер үшін – белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде), оның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық органдары Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтау бойынша мемлекеттік экологиялық бақылауды (мемлекеттік экологиялық бақылау) жүзеге асыру нәтижелері бойынша белгіленген қоршаған ортаға теріс әсер етудің нақты көлемі (масса, белсенділіктің өлшем бірлігі – радиоактивті қалдықтар үшін) салық салу объектісі болып табылады:

      1) ластаушы заттардың шығарындылары;

      2) ластаушы заттардың төгінділері;

      3) көмілген қалдықтар;

      4) көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкірт карталарында ашық түрде орналастырылған күкірт.";

      12) 576-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Төлемақы мөлшерлемелері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және салық кезеңінің бірінші күні қолданыста болған АЕК-нің еселенген мөлшерінде айқындалады.

      2. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:


Р/с
Ластаушы заттардың
түрлері
1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 2 3 4

1.

Күкірт оксидтері (SOx)

20


2.

Азот оксидтері (NOx)

20


3.

Шаң және күл

10
 


4.

Қорғасын және оның қосылыстары

3 986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртегі монооксиді

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз (а) пирен


996,6

      ";

      5, 6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері:


Р/с
Ластаушы заттардың түрлері 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 2 3

1.

Нитриттер

1 340

2.

Мырыш

2 680

3.

Мыс

26 804

4.

Оттегіні биологиялық тұтыну

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық бетүсті белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54

      6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын көму үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:


Р/с
Қалдықтардың түрлері Төлемақы мөлшерлемелері (АЕК)
1 тонна үшін 1 гигабеккерель үшін (Гбк)
1 2 3 4

1.

Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтағыштарда және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін:



1.1.

Қауіптілік қасиеттері ескерілген қалдықтар



1.1.1.

Қауіпті қалдықтар

8,01


1.1.2.

Қауіпсіз қалдықтар

1,06


1.2.

Төлемақыны есептеу кезінде қауіптілік қасиеттерін ескерместен қалдықтардың жекелеген түрлері:



1.2.1.

Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар немесе тазарту құрылыстарының кәріздік тұнбасы)

0,38


1.2.2.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа):



1.2.2.1

аршынды жыныстар

0,004


1.2.2.2

жанас тау жыныстар

0,026


1.2.2.3

байыту қалдықтары

0,02


1.2.2.4

шлактар, шламдар

0,038


1.2.3.

Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар

0,038


1.2.4.

Күл және күл шлактары

0,66


1.2.5.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде қи, құс саңғырығы

0,002


2

Радиоактивті қалдықтарды көму үшін, гигабеккерельде (Гбк):



2.1.

Трансурандық


0,76

2.2.

Альфа-радиоактивті


0,38

2.3.

Бета-радиоактивті


0,04

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер


0,38


      7. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін ашық түрде күкіртті карталарда орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 3,77 АЕК-ні құрайды.

      8. Жергілікті өкілді органдардың осы баптың 6-тармағының 1.2.1-жолында белгіленген коммуналдық қалдықтарды (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбалары) көму бойынша мөлшерлемелерді көтеруге құқығы бар.";

      13) 577-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Төлемақы сомасы:

      1) 575-бапта көрсетілген салық салу объектілерін және осы бапта көзделген коэффициенттерді қолданып, белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып, I және II санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлеушілер есептейді;

      2) 575-бапта көрсетілген декларацияланған салық салу объектілерін және белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін негізге ала отырып, ІІІ санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлеушілер есептейді;

      3) салық органдары осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағында белгіленген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімде ұсынылған мемлекеттік экологиялық немесе салықтық бақылауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша анықталған, 575-бапта айқындалған салық салу объектілерінің белгіленген төлемақы мөлшерлемелерін және оның ішінде декларацияланбаған бөлігін негізге ала отырып, осы бапта көзделген коэффициенттерді қолдана отырып есептейді.

      Салық органы осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында белгіленген негіздер бойынша төлемақы сомаларын есептеген жағдайда, салық органы осы Кодекстің 573-бабының 3-тармағында көрсетілген мәліметтерді алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның мәліметтері негізінде қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының есептелген сомасы туралы хабарлама шығарады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының аумағында ең озық қолжетімді техникаларды енгізу мен қолдануды ынталандыру және қоршаған ортаға зиянды әсерді төмендету жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:

      0 коэффициенті – қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектіге қатысты кешенді экологиялық рұқсат алған күннен бастап стационарлық көздерден, ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағудан, ластаушы заттардың төгінділерінен ластаушы заттардың шығарындылары үшін;

      0 коэффициенті – қалдықтарды көму лимиттер шегінде және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын түзу, пайдалану, залалсыздандыру және көму кезінде ұсынылатын есептілікке сәйкес көму объектісіне қатысты кешенді экологиялық рұқсат алған күннен бастап;

      0 коэффициенті – көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде лимиттер шегінде күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастырғаны үшін осындай күкіртті орналастыру объектісіне қатысты кешенді экологиялық рұқсат алынған күннен бастап есептілікке сәйкес.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектіге қатысты кешенді экологиялық рұқсат алынғанға және осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициенттерді қолданғанға дейін мынадай жағдайларда жекелеген төлеушілер қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы есептеген кезде тиісті төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) электр энергиясын өндіру кезінде коммуналдық қызметтер көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын объектілер операторлары және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерін жүзеге асыру және қалдықтарды көму кезінде:

      0,3 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,43 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,05 коэффициенті – осы Кодестің 576-бабының 6 -тармағының 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге;

      2) 0,2 коэффициенті – полигондар операторлары коммуналдық қалдықтарды көмуі кезінде осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының
1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге;

      3) 8-коэффициентті тиісті операторлар I санат объектілерінен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақыны есептеген кезде осы Кодекстің 576-бабының 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне.

      Егер І санаттағы объект бір мезгілде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) немесе 2) тармақшаларында көзделген объекті болып табылса, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген коэффициент қолданылады.

      Бұл ретте осы тармақта белгіленген коэффициенттер салық төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ету көлемдеріне қолданылады.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. І және ІІ санаттағы объектілердің операторлары болып табылатын төлемақы төлеушілер жиынтық жылдық көлемде 100 АЕК-ге дейінгі төлем көлемдерімен рұқсат беру құжатын беретін орган белгілеген қоршаған ортаға теріс әсер ету нормативтерін немесе лимиттерін сатып алуға құқылы. Нормативтерді немесе лимиттерді сатып алу рұқсат беру құжатын ресімдеу кезінде ағымдағы жыл үшін толық алдын ала төлеммен есепті салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей жүргізіледі.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Төлемақы сомасы қозғалмалы ластанған көздерді қоспағанда, рұқсат құжатында көрсетілген қоршаған ортаға теріс әсер ету көзінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген төлеушілерді қоспағанда, төлеушілер қоршаған ортаға теріс әсер етудің нақты көлемі үшін төлемақының ағымдағы сомасын есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 25-інен кешіктірмей енгізеді.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Төлеуші кешенді экологиялық рұқсаттың экологиялық тиімділігін арттыру бағдарламасының іс-шараларын онда белгіленген мерзімде орындамаған және кешенді экологиялық рұқсатты кері қайтарып алған не Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген өзге де негіздер бойынша кешенді экологиялық рұқсатты кері қайтарып алған жағдайда, осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициенттер кешенді экологиялық рұқсат алынған күннен бастап осы баптың 2-тармағында көзделген тиісті коэффициенттердің мәнін алады. Бұл жағдайда пайда болған төлемақы сомасына осы Кодексте айқындалған тәртіппен және мөлшерде төлемақы төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есептеледі.";

      14) 705-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) осы арнаулы салық режимі қолданылатын шаруа немесе фермер қожалығының қызметі бойынша – қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақыны төлеушілер болып табылмайды.".

      2. "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы"" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 22-III, 108-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 337-құжат):

      1) мынадай мазмұндағы 43-8-баппен толықтырылсын:

      "43-8-бап. Салық кодексінің 576-бабы 2-тармағының қолданысы 2037 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақ мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      1) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "2. Жекелеген төлеушілер қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақыны есептеген кезде тиісті төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер:

      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын объектілер операторлары және электр энергиясын өндіру кезінде Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыруы және қалдықтарды көмуі кезінде:

      0,3 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,43 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,05 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге;

      2) 0,2 коэффициенті – полигон операторлары коммуналдық қалдықтарды көму кезінде осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының 1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге қолданылады.";

      2) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2028 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "2. Мынадай жағдайларда қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектіге қатысты кешенді экологиялық рұқсат алғанға дейін және осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициенттерді қолданғанға дейін жекелеген, тиісті төлеушілер қоршаған ортаға зиянды әсер еткені үшін төлемақыларды есептеу кезінде тиісті мөлшерлемелерге мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын объектілер операторлары және электр энергиясын өндіру кезінде Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асырған және қалдықтарды көмген кезде:

      0,3 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,43 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,05 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабы 6-тармағының 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге;

      2) 0,2 коэффициенті – полигон операторларының коммуналдық қалдықтарды көмуі кезінде осы Кодекстің 576-бабы 6-тармағының
1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге;";

      3) 2 коэффициенті – осы Кодекстің 3) тармақшасында көрсетілген І санаттағы объектілерді қоспағанда, І санаттағы объектілер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін тиісті операторлардың төлемақы есептеуі кезінде осы Кодекстің 576-бабы 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне қолданылады.

      Егер І санаттағы объекті бір мезгілде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) немесе 3) тармақшаларында көзделген объектілерге жататын болса, төлемақы есептеу мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген коэффициент қолданылады.

      Бұл ретте осы тармақта белгіленген коэффициенттер салық төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ету көлеміне қолданылады.";

      3) 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап 2031 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "2. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектіге қатысты кешенді экологиялық рұқсат алғанға дейін және осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициенттерді қолданғанға дейін мынадай жағдайларда жекелеген төлеушілер қоршаған ортаға зиянды әсер еткені үшін төлемақыларды есептеу кезінде тиісті төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын объектілер операторлары және электр энергиясын өндіру кезінде Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асырған және қалдықтарды көмген кезде:

      0,3 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,43 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,05 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабы 6-тармағының 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге.

      2) 0,2 коэффициенті – полигон операторларының коммуналдық қалдықтарды көмуі кезінде осы Кодекстің 576-бабы 6-тармағының
1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге;

      3) 4 коэффициенті – тиісті операторлар осы бөлімнің 3) тармақшасында көрсетілген І санаттағы объектілерді қоспағанда, объектілер тізіміне енгізілген І санаттағы объектілердің қоршаған ортаға теріс әсер етуінің төлемақысын есептеу кезінде жиынтық эмиссияны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен кемінде елу пайыз құрайтын осы Кодекстің 576 - бабының 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарымен белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне қолданылады.

      Егер І санаттағы объекті бір мезгілде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1), 2) немесе 3) тармақшаларында көзделген объектілерге жататын болса, төлемақы есептеу мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көзделген коэффициент қолданылады.

      Бұл ретте осы тармақта белгіленген коэффициенттер салық төлеушілердің экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ету көлеміне қолданылады.";

      4) 2031 жылғы 1 қаңтардан бастап 2034 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "2. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектіге қатысты кешенді экологиялық рұқсат алынғанға және осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициенттерді қолданғанға дейін мынадай жағдайларда жекелеген төлеушілер қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы есептеген кезде тиісті төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын объектілер операторлары және электр энергиясын өндіру кезінде Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыруы және қалдықтарды көмуі кезінде:

      0,3 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,43 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,05 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабы 6-тармағының 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге;

      2) 0,2 коэффициенті – полигон операторларының коммуналдық қалдықтарды көмуі кезінде осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының
1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге;

      3) 8 коэффициенті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасындағы олардың ластаушы заттар эмиссиясының жиынтығы елу пайыздан аспайтын объектілер тізбесіне кіретін І санаттағы объектілер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткеніне тиісті операторлардың төлемақы есептеуі кезінде осы Кодекстің 576-бабы 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне;

      4) 2 коэффициенті – осы бөліктің 3) тармақшасында көрсетілген І санаттағы объектілерді қоспағанда, І санаттағы объектілер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін тиісті операторлардың төлемақы есептеуі кезінде осы Кодекстің 576-бабы 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне қолданылады.

      Егер І санаттағы объекті бір мезгілде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) немесе 2) тармақшаларында көзделген объектілер болып табылса, төлемақы есептеу мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) немесе 4) тармақшаларында көзделген коэффициент қолданылады, аталған объектінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасындағы олардың ластаушы заттар эмиссиясының жиынтығы елу пайыздан аспайтын объектілер тізбесіне кіру-кірмеуіне байланысты.

      Бұл ретте осы тармақта белгіленген коэффициенттер салық төлеушілердің экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ету көлеміне қолданылады.";

      5) 2034 жылғы 1 қаңтардан бастап 2037 жылғы 1 қаңтарға дейін:

      "2. Қоршаған ортаға зиянды әсер ететін объектіге қатысты кешенді экологиялық рұқсат алынғанға және осы баптың 1-1-тармағында көзделген коэффициенттерді қолданғанға дейін мынадай жағдайларда жекелеген төлеушілер қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы есептеген кезде төлемақы мөлшерлемелеріне мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде табиғи монополиялар субъектілері болып табылатын объектілер операторлары және электр энергиясын өндіру кезінде Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыруы және қалдықтарды көмуі кезінде:

      0,3 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабының 2-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,43 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабының 5-тармағында белгіленген мөлшерлемелерге;

      0,05 коэффициенті – осы Кодекстің 576-бабы 6-тармағының 1.2.4-жолында белгіленген мөлшерлемелерге;

      2) 0,2 коэффициенті – полигон операторларының коммуналдық қалдықтарды көмуі кезінде осы Кодекстің 576-бабының 6-тармағының
1.2.1-жолында белгіленген мөлшерлемелерге;

      3) 8 коэффициенті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасындағы олардың ластаушы заттар эмиссиясының жиынтығы елу пайыздан аспайтын объектілер тізбесіне кіретін І санаттағы объектілер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткеніне тиісті операторлардың төлемақы есептеуі кезінде осы Кодекстің 576-бабы 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне;

      4) 4 коэффициенті – осы Кодекстің 3) тармақшасында көрсетілген І санатты объектілерді қоспағанда, І санаттағы объектілер бойынша қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін тиісті операторлардың төлемақы есептеуі кезінде осы Кодекстің 576-бабы 2, 3, 5, 6 және 7-тармақтарында белгіленген төлемақы мөлшерлемелеріне қолданылады.

      Егер І санаттағы объекті бір мезгілде осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) немесе 2) тармақшаларында көзделген объектілер болып табылса, төлемақы есептеу мақсаттары үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) немесе 4) тармақшаларында көзделген коэффициент қолданылады, аталған объектінің Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасындағы олардың ластаушы заттар эмиссиясының жиынтығы елу пайыздан аспайтын объектілер тізбесінің қатынасына байланысты.

      Бұл ретте осы тармақта белгіленген коэффициенттер салық төлеушілердің тиісті экологиялық рұқсаттарында белгіленген нормативтер мен лимиттер шегінде қоршаған ортаға теріс әсер ету көлеміне қолданылады.".

      2-бап. Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады