"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 қазандағы № 654 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:     

      1. 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; №111-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; №15, 139-құжат; №19-20, 146-құжат; 2004 ж., №6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көшi-қон процестерiн реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 305-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "305-1-бап. Тең кепіл ұстаушылар";

      2) 229-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "229-бап. Шартқа қатысушылардың ортақ iстерiн жүргiзу

      Бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ iстерiн жүргiзу олардың ортақ келісуі бойынша жүзеге асырылады. Өзара келісу бойынша олар бірлескен қызметке басшылық етудi және ортақ iстердi жүргiзудi, бұл жағдайда шартқа қалған қатысушылар берген сенімхат негiзiнде әрекет ететін қатысушылардың бiрiне немесе осы Кодекстің 823-бабында және Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда үшінші тұлғаға тапсыра алады.";

      3) мынадай мазмұндағы 305-1-баппен толықтырылсын:

      "305-1-бап. Тең кепіл ұстаушылар

      1. Заңнамалық актілерде немесе шарттарда көзделген жағдайларда бір қарыз шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ететін кепіл нысанасы бірнеше кепіл ұстаушының (тең кепіл ұстаушылардың) алдындағы бір борышкердің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін олардың кепілінде болуы мүмкін.

      Егер заңнамалық актілерде немесе шарттарда өзгеше белгіленбесе, тең кепіл ұстаушылардың әрқайсысы кепілмен қамтамасыз етілген өз талаптарының мөлшері шегінде кепіл ұстаушының құқықтары мен міндеттерін дербес жүзеге асырады.

      2. Кепіл нысанасын сатудан түскен ақша негізгі міндеттеме бойынша кредиторлар болып табылатын тең кепіл ұстаушылар арасында, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, олардың кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшерлеріне пропорционалды мөлшерде бөлінеді.

      Кепіл нысанасы сатылмаған жағдайда оған өндіріп алу қолданылған кезде кепіл нысанасы, егер тең кепіл ұстаушылардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, олардың кепілмен қамтамасыз етілген талаптарының мөлшерлеріне пропорционалды мөлшерде олардың үлестік меншігіне түседі.

      Осы баптың ережелері келесі кепілге (қайта салынған кепілге) қолданылмайды.";

      4) 328-баптың 2-1-тармағында:

      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Микрокредит беру туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін жасалған, ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт бойынша кепіл нысанасын өткізу, сондай-ақ кепілі міндетті тіркеуге жататын мүлікті қоспағанда, мұндай мүліктің кепіл ұстаушының меншігіне өтуі ломбардта заттарды кепілге салу туралы шартта осындай талап болған кезде микрокредитті өтеу мерзімі өткен соң бір айдан кейін сауда-саттық өткізілместен жүзеге асырылуы мүмкін.";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Міндетті тіркеуге жататын кепіл нысанасын өткізу микрокредитті өтеу мерзімі өткеннен кейін ерте дегенде бір айдан соң жария сауда-саттық өткізу жолымен жүзеге асырылады. Міндетті тіркеуге жататын кепіл нысанасы сауда-саттық басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде жария сауда-саттықта өткізілмеген жағдайда кепіл нысанасы ломбард меншігіне өтеді.";

      5) 353-баптың 1-тармағында "қайта қаржыландырудың ресми ставкасы" деген сөздер "базалық ставка" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 370-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) егер кредитордың талабы талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындайтын болса, лицензиядан айырылған не консервациялау немесе тарату (қызметін тоқтату) процесінде тұрған банкке, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына қойылатын талаптарды;".

      2. 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 16-17, 642-құжат; № 23, 929-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 10, 244-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 23, 309-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 7-құжат; № 4, 25-құжат; № 11, 56-құжат; № 14, 103-құжат; № 15, 138-139-құжаттар; 2004 ж., № 3-4, 16-құжат; № 5, 25-құжат; № 6, 42-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 21-22, 87-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24,25-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 3, 21-құжат; № 4, 28-құжат; № 5-6, 37-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 12, 88-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; № 9-10, 48-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 3-4, 12-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 15,.71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-53-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13, 14, 15-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 12, 85-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат;
№ 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 4, 21-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 82-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 11, 61, 69-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117, 119-құжаттар; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 22-VII, 161-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 11, 37-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; №19-20, 86-құжат):

      1) 740-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына;";

      2) 841-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, соттың сақтандырушыны мәжбүрлеп тарату туралы (қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы) шешімі заңды күшіне енгізілген, уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;";

      3) 915-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер тендерге қатысушылар екеуден аз болса немесе тендерге қатысушылардың ұсыныстарын оның бастамашысы тендердiң талаптарын қанағаттандырмайды деп таныса, оның бастамашысы тендердi өткiзiлмеген деп тануы мүмкiн.";

      4) 916-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, егер аукционға кемiнде екi қатысушы (сатып алушы) қатысса, ол өте алады.".

      3. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-І, 119-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 13 мамырдағы Заңы, 2020 жылғы 1 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 33-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) басқарушы компания жер учаскелерін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде де жекеше әріптес болып табылатын арнайы экономикалық аймаққа қатысушыға иеліктен шығарған кезде;";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Осы баптың 2-тармағында көзделген шектеулер жер пайдаланушылардың орман және су қорлары, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер құрамындағы, иеліктен шығарылатын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан және оларды пайдалануға арналған жер учаскесіне жер пайдалану құқығына қатысты жер пайдаланушылар жасайтын мәмілелеріне, соның ішінде кепілге салуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік, соның ішінде концессия шарттары бойынша жер учаскелерін қорғаныс мұқтаждары үшін объектілерді салуға, реконструкциялауға және пайдалануға уақытша өтеусіз пайдалануға беруге қолданылмайды.";

      2) 39-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5.Жер учаскесі қызметтік жер телімі тәртібімен және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, соның ішінде концессия шарттары бойынша қорғаныс мұқтажы үшін объектілерді салуға, реконструкциялауға және пайдалануға берілетін жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік жер пайдаланушының өзіне тиесілі жер учаскесін уақытша өтеусіз жер пайдалануға беруіне жол берілмейді.";

      3) 47-баптың 4-тармағының екінші бөлігінде "қайта қаржыландыру ресми ставкасы" деген сөздер "базалық ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 105-баптың 3-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) тауарлық балық және басқа да су жануарларын өсіретін балық-су шаруашылықтарын, балық питомниктерiн, уылдырықты өсіретін және балық өсiретiн зауыттар салу;".

      4. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 17, 141-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 19, 147-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 2-3, 15-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 79, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 57-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат, 2019 ж., № 21-22, 91-құжат):

      1) 107-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Балық ресурстары мен басқа да су жануарларын сақтау, өсімін молайту және аулау үшiн (оның iшiнде кәсiпшілiк балық аулау үшiн) маңызды мәнi бар су объектiлерiнде немесе олардың бөлiктерiнде балық ресурстары мен басқа да су жануарларын, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын пайдалану және балық шаруашылығын жүргізу құқығы Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес беріледі.";

      2) 125-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылыстар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылыстарын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерінің қызметіне байланысты өзге де көлік инфрақұрылымдары объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайлар салмай ғимараттар мен құрылыстарды салуға және пайдалануға;".

      5. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 1, 2-құжат; № 2, 3-құжат; № 4, 6-құжат; № 7, 8, 9, 10-құжаттар; № 10, 11, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3, 7-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 129-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 10-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-I, 141-құжат; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 156-құжат; 2016 ж., № 1, 2-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 56, 57-құжаттар; № 8-II, 71, 72-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 7, 14-құжат; № 9, 17-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      285-2-бап мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-2) өңдеу саласындағы қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жобаларды одан әрі қаржыландыру үшін дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп процентi тікелей немесе жанама түрде мемлекетке және/немесе ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен және шарттарда қаржыландыруға;".

      6. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11,63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15 78-құжат; № 19-I, 100-құжат; № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІ, 144-құжат; № 22-V, 156-құжаттар; № 22-IV, 159-құжаттар; № 22-V, 156-құжаттар; 2016 ж., №7-ІІ, 53-құжат; №8-І; 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51-құжат; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-ІІІ,109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 12, 39-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 50-құжаттар; № 16, 55-құжат; № 16, 55-құжат 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 99, 106-құжаттар; № 24-i, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 62-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің стратегиялық жоспарын әзірлеу тәртібі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.";

      6-тармақ мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің меморандумын әзірлеу тәртібі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалады.";

      2) 155-2-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бюджет комиссиялары инвестициялық ұсынысқа берілетін экономикалық қорытындының негізінде мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.       Концессионерді таңдау жөніндегі конкурс "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-1-бабына сәйкес екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылып өткізілген жағдайда конкурстық құжаттаманы әзірлеу немесе түзету кезінде республикалық концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу талап етілмейді.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуге немесе түзетуге бөлінген қаражатты игеру кезеңі бір жылдан көп болуы мүмкін, бірақ тиісті бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзімнен аспайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымға сараптамаға жібереді.

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-3) тармақшасында белгіленген жағдайда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын жергілікті атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаға сараптамаға жібереді.";

      7. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 15-I, 15-II, 88-құжат; № 19-І, 19- ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 20-VII, 115-құжат; № 21-III, 137-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 8, 16-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 21, 98, 102-құжаттар; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 10, 32-құжат; № 16, 53, 56-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 19-20,
86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат; № 24-ІІ, 120-құжат):

      1) 18-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Процестік әрекеттер барысында адамдардың екінші деңгейдегі банктерде және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында орналастырылған салымдарына және басқа да мүлкiне тыйым салу, сондай-ақ оларды алып қою осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен жүргiзiлуi мүмкiн.";

      2) 161-баптың жетінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мүлікке билік етуге уақытша шектеу, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер белгілеуге, мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттардағы активтеріне, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдері негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған жинақтар түріндегі екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға, нотариус депозиті шарттарында енгізілген, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына тыйым салуға жол берілмейді.";

      3) 163-баптың он екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Екінші деңгейдегі банктердегi, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы және кредиттік мекемелердегi шоттар мен салымдардағы ақшаға және өзге де құндылықтарға тыйым салу кезiнде осы шот бойынша шығыс операциялары тыйым салынған қаражат шегiнде тоқтатылады.".

      8. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-II, 20-III, 112 құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I, 62, 65-құжаттар; № 8-II, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-III; 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., №2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; №21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-і, 118-құжат; № 24-ІІ, 123, 124-құжаттар; 2020 жылғы 26 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 25 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы тақырыптармен толықтырылсын:

      "25-1-бап. Бизнес-әріптестердің жосықтылығы тізілімі";

      "295-2-бап. Инвестициялар туралы келісім";

      2) мынадай мазмұндағы 25-1-баппен толықтырылсын:

      "25-1-бап. Бизнес-әріптестердің жосықтылығы тізілімі

      1. Бизнес-әріптестердің жосықтылығы тізілімі – сенімді және адал отандық бизнес-әріптестер туралы рейтингтер мен мәліметтерді қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттандыру объектілерімен интеграцияланған Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесі.

      2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпараттандыру объектілерін бизнес-әріптестердің жосықтылығы тізілімімен біріктіруді қамтамасыз етеді.

      Бизнес-әріптестердің жосықтылығы тізілімімен интеграциялауға жататын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттандыру объектілерінің тізбесін, сондай-ақ интеграциялау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      3. Бизнес-әріптестердің жосықтылығы тізілімі қалыптасқан рейтинг негізінде өнім берушінің сенімділігі мен жосықтылығы тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтерді қамтиды.

      4. Бизнес-әріптестердің жосықтылығы тізілімін жасау және жүргізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";

      3) 82-баптың 2-тармағы екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттарының құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттеуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына;";

      4) 85-баптың 2-тармағының 13-2) және 13-3) тармақшалары алып тасталсын;

      5) 102-бапта:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сыртқы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган:

      1) тергеп-тексеру жүргізетін органмен арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

      2) тергеп-тексеру жүргізетін органға арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану алдындағы тергеп-тексерулерге бастама жасау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді;

      4) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша ұсыныстарды қалыптастырады және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келіседі;

      5) арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шаралары мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

      6) басқа елдердің ресми органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;

      7) отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      8) сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      9) өз құзыреті шегінде шикізаттық емес экспортты дамытуды және ілгерілетуді жүзеге асырады;

      10) Қазақстан Республикасының салалық мемлекеттік органдарының шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша жұмысын үйлестіреді;

      11) Қазақстан Республикасының салалық мемлекеттік органдарымен шикізаттық емес экспортты дамыту және ілгерілету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;

      12) шикізаттық емес экспортты ілгерілету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

      13) Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, экспортты ілгерілету жөніндегі шараларды әзірлейді және бекітеді;

      14) құзыреті шеңберінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және оған жауапты болады;

      15) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.";

      6) 112-1-баптың 2-тармағының екінші бөлігінде:

      "қаржы ұйымдарының," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың," деген сөздер алып тасталсын;

      7) 192-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 5) тармақшасындағы "жағдайларда кәсіпкерлік қызметке қатысады." деген сөздер "жағдайларда;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) мемлекеттік бюджет қаражатынан ұсталмайтын мемлекеттік органның жұмыс істеуін және (немесе) қосалқы функцияларын іске асыруын қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыру мақсатында кәсіпкерлік қызметке қатысады.";

      8) 266-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 1-тармағында көзделген бағыттарға сәйкес келетін индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды салуға (реконструкциялауға) бюджет қаражатын бөлу арқылы, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру арқылы жүзеге асырылады.";

      9) 286-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасындағы "өндірушілерге беріледі." деген сөздер "өндірушілерге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) инвестициялық жоба бойынша – Инвестициялар туралы келісім жасасқан заңды тұлғаға беріледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Заңды тұлға Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген қызмет түрлерi бойынша осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес инвестициялық жобаны iске асырған кезде инвестициялық преференциялар берiледi.

      Басым қызмет түрлерiн айқындау техникалық реттеу саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауышына сәйкес жүзеге асырылады.

      Инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiне мына қызмет түрлерi:

      1) ойын бизнесi саласындағы қызмет;

      2) көмір қабаттарындағы метанды өндіруді қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы қызмет;

      3) "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 462-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 5) және 6) тармақшаларында көзделген акцизделетiн тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) қоспағанда, акцизделетiн тауарлар өндіру жөнiндегi қызмет енгiзiлуге жатпайды.

      Инвестициялық басым жобаларды iске асыру үшiн айқындалған басым қызмет түрлерiнiң тiзбесiн қоса алғанда, басым қызмет түрлерiнiң тiзбесi жылына екі реттен артық қайта қаралмайды.";

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) заңды тұлға республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференцияларды беруге арналған өтінім берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің екі миллион еселенген (жаңа өндірістерді құру бойынша) немесе бес миллион еселенген (жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту және (немесе) жаңарту бойынша) мөлшерінен кем емес мөлшердегі инвестицияларды жүзеге асырады.

      Тамақ және жеңіл өнеркәсіп салаларында инвестициялық қызметтің жаңа объектілерін құру кезінде заңды тұлға инвестицияларының мөлшері республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және инвестициялық преференциялар беруге арналған өтінім берілген күні қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде миллион еселенген мөлшерін құрайды.";

      5-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес арнайы инвестициялық жобаға инвестициялық преференцияларды қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы мынадай шарттардың біріне сәйкес келуге тиіс:";

      10) 289-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Кодекстің 286-бабының 5-тармағына сәйкес келетін инвестициялық басым жобаларды іске асыратын, немесе 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған инвестициялық келісімшарттар бойынша инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын, немесе Инвестициялар туралы келісім шеңберінде инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлғаларға:

      1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасы;

      2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасы шетелдік жұмыс күшін тарту саласында өзгерген кезде тұрақтылыққа кепілдік беріледі:";

      11) 291-бап алып тасталсын;

      12) мынадай мазмұндағы 295-2-баппен толықтырылсын:

      "295-2-бап. Инвестициялар туралы келісім

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген тұлға мен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде жеті жарым миллион еселенгеннен мөлшерде инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін заңды тұлға арасында жасалатын инвестициялық жобаны іске асыруға арналған шарт Инвестициялар туралы келісім болып табылады.

      2. Инвестициялар туралы келісімдер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін қызмет түрлерінің тізбесіне сәйкес келетін инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жасалады.

      3. Инвестициялар туралы келісімде инвестициялық преференциялардың түрлері, оларды берудің шарттары мен тәртібі айқындалады.

      4. Инвестициялар туралы келісімнің мерзімі, оны өзгертудің және бұзудың тәртібі мен шарттары Инвестициялар туралы келісімде айқындалады.

      5. Инвестициялар туралы келісімге тараптардың келісуі бойынша өзгерістер енгізілген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасы өзгерген жағдайда Инвестициялар туралы келісімнің ережелері жасалған күнінен бастап жиырма бес жыл бойы өз қолданысын сақтайды.

      6. Инвестициялар туралы келісім жасасқан заңды тұлғаның "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 712-1-бабына сәйкес қосылған құн салығы мен акциздер есепке алынбай, құрылыс-монтаждау жұмыстары және жабдық сатып алу құнының жиырма пайызына дейін өтем алуға құқығы бар.".


      9. 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-V, 20-VI, 114-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36, 37-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 118, 119-құжаттар):

      1) 155-баптың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі дауланып отырған құқықтық актісінің, оның жазбаша нұсқамаларының, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу туралы, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу және оған реттеу шараларын қолдану туралы, дау айтылып отырған құқықтық актінің қолданылуын тоқтата тұруға қатысты талап қоюды қамтамасыз ету шараларын қабылдауға жол берілмейді.";

      2) 156-баптың бірінші бөлігінде:

      1) тармақшада:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жауапкерге тиесілі және оның өзіндегі немесе басқа да тұлғалардағы мүлікке тыйым салу (банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының корреспонденттік шотындағы ақшаға және сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттықтар әдісімен жасасқан репо операциялары бойынша нысана не клиринг ұйымының (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар, сауда-саттық ұйымдастырушылардың сауда жүйелерінде ашық сауда-саттықтар әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасасқан мәмілелер бойынша қамтамасыз ету болып табылатын маржалық жарналар болып табылатын мүлікке, сондай-ақ жалақы сомалары түсетін банктік шоттарындағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) болуы мүмкін.";

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жауапкерге тиесілі және банкте, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында тұрған ақшаға тыйым салу түріндегі талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымда тыйым салынатын ақша сомасы көрсетілуге тиіс. Тыйым салынатын ақша сомасын талап қоюдың бағасын негізге ала отырып сот айқындайды;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының дауланып отырған құқықтық актісінің (қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялардың және (немесе) оларға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, оның жазбаша нұсқамаларын, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз құзыреті шегінде қабылдаған, қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) қолдану жөніндегі, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу туралы, банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу және оған реттеу шараларын қолдану туралы құқықтық актіні қоспағанда) қолданысын тоқтата тұру;";

      3) 158-баптың бірінші бөлігінің 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) жауапкерге тиесілі және банк шоттарында тұрған ақшаға тыйым салу үшін банктерге, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға шоттардың нөмірлері мен нақты банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы белгілі болған жағдайда оны дереу ұсыну үшін қамтамасыз ету шараларын қабылдау туралы өтінішхатты берген адамға талап қоюды қамтамасыз ету туралы ұйғарымды жібереді немесе табыс етеді.";

      4) 239-баптың 1-тармағындағы "қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін" деген сөздер "базалық мөлшерлемені" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-і, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; №10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; №21-22, 91-құжат; 2020 жылғы 14 мамырдағы "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 8-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Кодекстің сақтандыру ұйымы үшін көзделген ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған және қызметін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына қолданылады.";

      2) 113-баптың 3-тармағындағы және 4-тармағының екінші бөлігіндегі "қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі" деген сөздер "1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. 2017 жылғы 26 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-І, 23-ІІ, 110-құжат; 2018 ж., № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 24-І, 118-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 93-баптың 2-тармағында:

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейтін және пайыздарды есепке жазу үшін қолданылатын қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің" деген сөздер "пайыздарды есепке жазу үшін қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 111-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің" деген сөздер "базалық мөлшерлемесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;";

      3) 124-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің" деген сөздермен ауыстырылсын;";

      4) 128-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметі мәжбүрлеп тоқтатылса – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап;".

      12. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне ("Егемен Қазақстан" 28.12.2017 ж., № 249 (29230); "Казахстанская правда" 28.12.2017 ж., № 249 (28628); Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 05.01.2018 ж.; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 23-IV (a), № 23-IV (б), 112-құжат):

      36-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) жер қойнауын пайдаланушының Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес Инвестициялар туралы келісім жасасқан заңды тұлғадан тауарларды сатып алу жөніндегі міндеттемелері;".

      13. 2020 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 01.07.2020 ж., "Егемен Қазақстан" 30.06.2020 ж., № 124 (29853); "Казахстанская правда" 30.06.2020 ж., № 124 (29251)):

      1) мазмұнында:

      37-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-бап. Жеке қолданылатын құқықтық актiнiң, жобалардың, ұлттық жобалардың, бағдарламалар мен портфельдердің орындалуын ұйымдастыру және бақылау";

      мынадай мазмұндағы 7-1-тараудың тақырыбымен толықтырылсын:

      "7-1 тарау. Мемлекеттік органдардың жобалық қызметін ұйымдастыру

      46-1-бап. Жобалық басқару қағидаттары

      46-2-бап. Жобаларды, ұлттық жобаларды, бағдарламаларды және портфельдерді іске асыру

      46-3-бап. Жобалық басқару жүйесі

      46-4-бап. Мемлекеттік органдардың жобалық қызметі

      46-5-бап. Жобалық басқарудың ақпараттық жүйесі

      46-6-бап. Жобалық офистер

      46-7-бап. Жобаларды, ұлттық жобаларды, бағдарламаларды іске асыруды ведомствоаралық үйлестіру

      46-8-бап. Жобалық персонал"

      2) 4-баптың 1-тармағында:

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімі – мемлекеттік органды ұйымдастыру, қызметтік құжаттарды қараудың, өткерудің ішкі тәртібі және олардың орындалуын ішкі бақылау мәселелеріне байланысты лауазымды адамның жеке-дара өкімдік қызметі немесе алқалы мемлекеттік органның қызметі, мемлекеттік органдардың, олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің және лауазымды адамдардың арасында ақпарат алмасуды, мемлекеттік функцияларды бәсекелес ортаға беруді, сондай-ақ жобалық қызметті жүзеге асыруды регламенттейтін рәсім;";

      мынадай мазмұндағы 40), 41), 42), 43), 44), 45), 46), 47), 48) және 49) тармақшалармен толықтырылсын:

      "40) жобалық басқару (жобалық қызмет) – уақыт және ресурс шектеулері жағдайында білімді, дағдыларды, құралдар мен техниканы қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қолдану;

      41) жоба – уақыт және ресурс шектеулері жағдайында қойылған мақсатқа (мақсаттарға), нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені;

      42) бағдарлама – стратегиялық мақсаттарға сәйкес келетін байланысты жобалар мен басқа да жұмыстар тобы;

      43) ұлттық жоба – мемлекеттік жоспарлау жүйесінің аяны, саланы дамытудың түйінді индикаторларын, сондай-ақ оларға қол жеткізу үшін қажетті ресурстарды, тетіктер мен мерзімдерді айқындайтын жобалық тәсілдер негізінде іске асырылатын құжаты;

      44) портфель – стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі осы жұмыстарды тиімді басқаруға жәрдемдесу мақсатында топтастырылған жобалардың, ұлттық жобалардың, бағдарламалардың және басқа да жұмыстардың жиынтығы;

      45) жобалық тапсырма – орындалуы мемлекеттік органдарға, олардың құрылымдық немесе аумақтық бөлімшелеріне және (немесе) өзге (үшінші) тұлғаларға жүктелетін жобалық офистің жобалау персоналы және/немесе жобалық командалары жүзеге асыратын қызмет шеңберіндегі міндет;

      46) жобалық персонал – жобалық офистің жобалық персоналын, жобалық командаларға қатысушыларды және жобалық тапсырмаларды орындаушыларды қамтитын жобалық қызметке қатысушылардың жиынтығы;

      47) жобалық офис – ұлттық жобалардың, бағдарламалардың іске асырылуына жауапты мемлекеттік орган қалыптастыратын, ұлттық жобаларға барлық қатысушылардың өзара іс-қимылы мен жобалық қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым;

      48) жобалық команда – жобаға қатысушылардың жоба нәтижелеріне қол жеткізу үшін бірлескен қызмет мақсатында біріктірілген тобы;

      49) жобалалық басқарудың ақпараттық жүйесі – бастамалар, жобалар, жобалар топтары, портфелдер, ұлттық жобалар, бағдарламалар туралы өзекті және шынайы ақпаратты жасау, сақтау, беру үшін пайдаланылатын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде осындай ақпаратқа қолжетімділік ұсынатын автоматтандырылған бірыңғай ақпараттық платформа.";

      3) 37-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-бап. Жеке қолданылатын құқықтық актiнiң, жобалардың, ұлттық жобалардың, бағдарламалар мен портфельдердің орындалуын ұйымдастыру және бақылау";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қажет болған жағдайда жеке қолданылатын құқықтық актiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган (лауазымды адам) оны орындау, оның ішінде жобалық басқару жолымен орындау жөнiндегi ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын әзiрлейді және бекiтедi, ол тiкелей орындаушылардың назарына жеткiзіледi.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Жобалық қызмет арқылы іске асыру көзделетін жеке қолданылатын құқықтық актілердің, сондай-ақ жобалардың, ұлттық жобалардың, бағдарламалар мен портфельдердің орындалуын ұйымдастыру және бақылау жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.";

      4) 38-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылатын жобаларды, ұлттық жобалардың, бағдарламаларды іске асыру нәтижелерін талдау және бағалау;";

      4-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген лауазымды тұлға не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі оның орындалуы туралы келіп түсетін ақпаратты және/немесе жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде орналастырылған ақпаратты:";

      5) 40-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекеттік орган өз қызметін ұйымдастыру және ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды, ол жобалық қызмет регламентін қамтиды.

      Жобалық қызметтің үлгілік регламенті мен ұйымдық құрылымын жобалық басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.";

      6) мынадай мазмұндағы 7-1-тараумен толықтырылсын:

      "7-1-тарау. Мемлекеттік органдардың жобалық қызметін ұйымдастыру

      46-1-бап. Жобалық қызметтің қағидаттары

      Мемлекеттік органдардың жобалық қызметі мынадай қағидаттарға сәйкес жүзеге асырылады:

      ұлттық жобалардың, бағдарламалардың мақсаттары нақты, өлшенетін, қол жеткізілетін және уақыт тұрғысынан шектелген болуға тиіс;

      дербес жауаптылық;

      қағидалардың қатаңдығы мен ішкі және сыртқы ортаның өзгеруіне ден қою икемділігінің үйлесімі;

      жобалардың мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, кезеңділігін және шекарасын дәл, алдын ала айқындау;

      үздік тәжірибе мен практика негізінде жобалық басқаруды дамыту.

      46-2-бап. Жобаларды, ұлттық жобаларды, бағдарламаларды және портфельдерді іске асыру

      1. Ұлттық жоба, бағдарлама базалық бағыттардан тұрады. Мемлекеттік орган басшысының орынбасары базалық бағыттың жетекшісі болып табылады.

      2. Базалық бағытты басқаруды ұйымдастыру мақсатында жобалық офистің жобалық персоналының құрамына кіретін базалық бағытты басқару тобы қалыптастырылады.

      3. Ұлттық жоба, бағдарлама портфельдерге біріктірілуі мүмкін.

      Мемлекеттік органның бірінші басшысы ұлттық жобаның, бағдарламаның, жобалардың жетекшісі болып табылады.

      Жобаларды іске асыру өзара байланысты дәйекті процестерден тұрады – жобаға бастама жасау, жобаны жоспарлау, жобаны орындау, жобаны мониторингтеу және үйлестіру, жобаны аяқтау.

      Жобаларға бастама жасау процесінің нәтижелері бойынша іске асыруға қабылданған жобалар кейіннен бекітілген ұлттық жоба, бағдарлама шеңберінде іске асыру үшін жобалар топтарына біріктірілуі мүмкін.

      46-3-бап. Жобалық басқару жүйесі

      1. Жобалық басқару жүйесі мынадай деңгейлерден тұрады:

      1) портфельдерді басқару – Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде;

      2) ұлттық жобаларды, бағдарламаларды басқару – мемлекеттік органдар деңгейінде;

      3) жобаларды басқару – жобалық командалар деңгейінде.

      2 Мемлекеттік органдардың жобалық қызметін ұйымдастыру тәртібін және жобалық басқарудың ұйымдық құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      46-4-бап. Мемлекеттік органдардың жобалық қызметі

      1. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар жобалық қызметті:

      мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, мониторингтеу және іске асыру кезінде;

      ішкі әкімшілік рәсім шеңберінде оның процестерін өзгерту (жетілдіру) мақсатында жүзеге асыра алады.

      2. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде мемлекеттік органдардың жобалық қызметін әдіснамалық сүйемелдеуді жобалық басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

      46-5-бап. Жобалық басқарудың ақпараттық жүйесі

      Мемлекеттік органдардың жобалық қызметі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жобалық қызметін мониторингтеу, талдау және бақылау жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.

      Жобалық басқарудың ақпараттық жүйесіндегі жобалық қызметке қатысушылар арасындағы барлық хат алмасу ресми болып табылады.

      46-6-бап. Жобалық офистер

      1. Мемлекеттік органдардың жобалау офистері жобаларды, ұлттық жобаларды, бағдарламаларды басқаруды қамтамасыз етеді, жобалық командаларды әдіснамалық, талдамалық, ұйымдастырушылық, техникалық сүйемелдеуді, жобалық басқарудың ақпараттық жүйесін енгізу мен дамытуды, жобалар, ұлттық жобалар, бағдарламалар бойынша жиынтық есептілікті қалыптастыруды жүзеге асырады.

      2. Жобалық офис мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      Мемлекеттік орган өзіне иелену және пайдалану құқығымен берілген мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің базасында жобалық офис құра алады.

      Жобалық офис туралы ережені және оның ұйымдық құрылымын мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.

      46-7-бап. Жобаларды, ұлттық жобаларды, бағдарламаларды іске асыруды ведомствоаралық үйлестіру

      1. Жобалардың, ұлттық жобалардың, бағдарламалардың іске асырылуын ведомствоаралық үйлестіру және ведомствоаралық қатысуды талап ететін мәселелерді шешу қажет болған жағдайда, жобалық офистердің жанынан құрамына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары кіретін басқарушы комитеттер құрылады.

      Басқарушы комитеттердің шешімдері хаттамалармен ресімделеді және орындау үшін міндетті болып табылады.

      2. Жобалық командаларға ведомствоаралық қатысуды талап ететін жобалар бойынша мәселелерді шешу қажет болған жағдайда ұлттық жобаның, бағдарламаның базалық бағыты жетекшісінің ресми жазбаша сұрау салуы негізінде басқа мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекет бақылайтын заңды тұлғалардың қызметкерлері жіберіледі.

      Жобалық командаларға жұмысқа жіберілген қызметкерлер негізгі жұмыстан толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

      Жобалық командаларға жұмысқа жіберілген қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу негізгі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады.

      Жобалық командалардың қызметіне жеке сектордың, қоғамдық, ғылыми және өзге де ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.

      Осы бапта көрсетілген тұлғаларды жобалық командаларға тарту осы Кодекстің 46-3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік органдардың жобалық қызметін ұйымдастыру тәртібімен жүзеге асырылады.

      46-8-бап. Жобалық персонал

      1. Жобалық персонал, сондай-ақ жобаларды, ұлттық жобаларды, бағдарламаларды іске асыруға қатысатын мемлекеттік органдардың қызметкерлері жобаны аяқтау және тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижелері бойынша көтермеленуі мүмкін.".

      14. 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) 7-бапта:

      мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "60-1) медициналық көмек алу үшін зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      86) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "86) ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды денсаулық сақтау саласындағы басқа да деректер базаларымен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне қосу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      2) 13-бап мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:

      "23) жеке тұлғаларды зейнетақы жинақтары есебінен медициналық көмек алуға жіберу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастырады.";

      3) 57-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерін қамтитын денсаулық сақтауды ақпараттандыру объектілерін қорғауды, жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерінің сақталуы мен құпиялылығын, сондай-ақ пациенттің өзінің дербес деректеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;

      4) 58-баптың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын::

      "3) дербес медициналық деректердің агрегаторы – уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес дербес медициналық деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды, қорғауды және ұсынуды жүзеге асыратын дербес деректердің операторы;";

      4) дербес медициналық деректердің иесі – өзіне қатысты осы деректер қалыптастырылған дербес медициналық деректер субъектісі;";

      5) 61-бапта:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға жеке тұлғаның дербес медициналық деректеріне қол жеткізу құқығы дербес деректерді қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган бекіткен цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің қол жеткізу құқықтарының аражігін белгілеу қағидаларында көзделген тәртіппен беріледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Талдамалық, статистикалық қызметті, ғылыми және өзге де зерттеулерді жүзеге асыру үшін медициналық деректер иесіздендірілген түрде пайдаланылады.";

      6) 62-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дербес медициналық деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы және дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес белгіленеді.";

      7) 66-баптың 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Денсаулық сақтау объектілерін құруды (реконструкциялауды) және (немесе) пайдалануды көздейтін ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша әлеуетті жекеше әріптестерге, концессионерлерге немесе жобаны іске асыру мақсатында құрылған жаңа заңды тұлғаның (консорциумның) құрылтайшыларына (қатысушыларына) техникалық жағынан күрделі денсаулық сақтау объектілерін салу немесе пайдалану жөніндегі жобаларды іске асыру тәжірибесінің (құрылтайшылардың (қатысушылардың) бірінің тәжірибесінің) болуы туралы қосымша (арнайы) біліктілік талабы қойылады.";

      8) 67-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың зейнетақы төлемдері;";

      9) 69-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмекке жеке тұлғалардың зейнетақы төлемдері есебінен ақы төлеуге;";

      10) 195-баптың бірінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "көмекті қамтитын қосымша көлемі." деген сөздер "көмекті;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғалардың зейнетақы жинақтары есебінен ұсынылатын медициналық көмекті қамтитын қосымша көлемі.".

      15. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №3-4, 23-құжат; № 12, 88-құжат; №15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., №2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; №19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; №23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; №2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; №11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-II, 148-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 6, 11-құжат; № 9, 21-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16 (2790-2791), 67-құжат):

      1) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:

      "3-1 бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің стратегиялық жоспары мен меморандумы

      1. Қазақстан Ұлттық Банкі бес жылдық кезеңге арналған стратегиялық жоспар әзірлейді.

      Стратегиялық жоспарды Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді және Қазақстан Ұлттық Банкі қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен нысаналы индикаторларын айқындайды.

      Стратегиялық жоспар Қазақстан Республикасының Президентімен не оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысымен келісу бойынша бекітіледі.

      2. Қазақстан Ұлттық Банкі кезекті қаржы жылына арналған меморандумды жыл сайын әзірлейді, онда Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы жоспарлы кезеңде қол жеткізуді (орындауды) қамтамасыз етуге міндеттенетін түйінді нысаналы индикаторлар қамтылады.

      Меморандумға Қазақстан Ұлттық Банкінің төрағасы қол қояды және оны Қазақстан Республикасының Президенті не оның уәкілеттік беруі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы бекітеді.

      Қазақстан Ұлттық Банкі жыл қорытындысы бойынша есепті жылдан кейінгі 20 ақпанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне меморандумның орындалуы туралы есеп береді.";

      2) 4-баптың екінші бөлігіндегі "– "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы", "Вестник Национального Банка Республики Казахстан" ресми басылымдарында" деген сөздер "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң интернет-ресурсында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 8-баптың 18-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-1) валюталық реттеу, ақша-кредит статистикасы және қаржы нарығы статистикасы, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдары мен олардың үлестес тұлғаларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюролар мен коллекторлық агенттіктерді реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады;";

      4) 12-баптың екінші бөлігіндегі "мен Директорлар кеңесi (Директорат)" деген сөздер ", Директорлар кеңесi мен Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет" деген сөздермен ауыстырылсын;";

      5) 15-бапта:

      екінші бөлікте:

      63) және 65) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "63) барлық қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент- банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, Қазақстанның Даму Банкі орындауға мiндеттi бухгалтерлiк есеп мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлердi, оның ішінде бухгалтерлiк есеп шоттарының типтік жоспарларын, бухгалтерлiк есеп жүргiзу жөніндегі нұсқаулықтарды, бухгалтерлiк есеп жүргiзудi ұйымдастыру қағидаларын және бухгалтерлiк есеп жүргiзудi автоматтандыру қағидаларын;";

      "65) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржылық есептіліктің нысандарын, тiзбесiн, оны ұсынудың кезеңділігі мен мерзімдерін қоса алғанда, оны ұсыну тәртібі айқындалатын қаржы ұйымдарының қаржылық есептiлiкті және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептiлiкті ұсыну қағидаларын;";

      мынадай мазмұндағы 65-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "65-2) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қаржы ұйымдары және олардың ірі қатысушылары, банктік холдингтер, банк конгломераттары, сақтандыру холдингтері, сақтандыру тобы, "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік қоғамы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйым, кредиттік бюро және коллекторлық агенттіктер есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен ұсыну тәртібін;";

      69) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "69) валюталық реттеу, қолма-қол ақша айналысы, төлемдер және төлем жүйелері, қаржылық тұрақтылық, қаржы ұйымдарын және олардың үлестес тұлғаларын, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымды, кредиттік бюроларды және коллекторлық агенттіктерді, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын реттеу, бақылау және қадағалау, ақша-кредит статистикасы мен қаржы нарығы статистикасын қалыптастыру мәселелері бойынша әкімшілік деректерді жинау жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстан Даму Банкінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулықты;";

      үшінші бөлікте:

      2) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) инфляция бойынша орта мерзімді перспективаға арналған нысаналы бағдарларды белгілейді;";

      6) 19-бапта:

      бірінші бөліктегі "(Директорат)" деген сөз алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының ұсынуы бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      7) мынадай мазмұндағы 19-1-баппен толықтырылсын:

      "19-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті және оның өкілеттіктері

      1. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының құзыретіне жатпайтын ақша-кредит саясаты мәселелері бойынша жедел шешімдер қабылдайтын орган болып табылады.

      2. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің құрамына Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, оның ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелеріне жетекшілік ететін оның орынбасарлары, функцияларына ақша-кредит саясаты, монетарлық операциялар, қаржылық тұрақтылық мәселелері кіретін Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымдық бөлімшелерінің, сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкінің өзге де бөлімшелерінің басшылары кіреді.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің құрамы мен жұмыс регламентін Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы бекітеді.

      3. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің отырыстарын Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы, ал ол болмаған жағдайда – оны алматыратын адам жүргізеді.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ тоқсанына бір реттен сиретпей өткізіледі.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің кезектен тыс отырыстары Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының бастамасы бойынша өткізіледі.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде шешім қабылдауға құқылы, олардың ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы не оны алмастыратын адам болуға тиіс.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің шешімі оның мүшелерінің жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің шешімін қайта талқылау және дауыс беру үшін бір апта мерзімінен кешіктірмей өзінің қарсылықтарымен қайтаруға құқылы. Егер Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті оның мүшелерінің жалпы санының үштен екісінің даусымен бұрын қабылданған шешімді растаса, Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы шешімге қол қояды.

      4. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитетінің отырыстарына оның шешімі бойынша тұрақты немесе уақытша негізде кеңесші дауыс құқығымен қатысу үшін өзге де тұлғалар шақырылуы мүмкін.

      5. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.

      6. Қазақстан Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті:

      1) базалық мөлшерлемені белгілейді;

      2) ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді;

      3) Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының құзыретіне жатпайтын ақша-кредит саясатының кез келген өзге мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды.";

      8) 29-бапта:

      екінші бөлікте:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін;";

      үшінші абзацтағы "ставкаларының деңгейлерiн" деген сөздер "мөлшерлемелерін" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Ұлттық Банкі инфляция бойынша орта мерзімді перспективаға арналған нысаналы бағдарларды белгілейді.";

      9) 34-бапта:

      тақырыбындағы "Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының негізгі құралы және ақша-кредит саясатының операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу үшін бағдар болып табылады.";

      10) 51-3-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен" деген сөздер "базалық мөлшерлемеден" деген сөздермен ауыстырылсын.

      16. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1) 6-2-бап мынадай мазмұндағы сегізінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалын есептік тіркеу кезінде Бизнес-сәйкестендіру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмi электрондық хабарлама арқылы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган рұқсатының бар екені туралы мәліметтерді алады.";

      2) 12-баптың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Заңды тұлғаның, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржы қызметтерін көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының мемлекеттік (есептік) тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттың болуы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия алуды талап ететiн қызметтi бастау үшiн негiз болып табылмайды. Заңды тұлғаның, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржы қызметтерін көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының лицензияланатын қызмет саласындағы құқықтық қабiлетi тиiстi лицензияны алған кезден бастап пайда болады және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен лицензияның қолданысы тоқтатылған немесе ол жарамсыз деп танылған кезден бастап тоқтатылады.";

      3) 14-1-бап мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың ережелері қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қолданылады.";

      4) 16-1-бап мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:

      "Қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы осы Заңның осы бабының бірінші бөлігінің 1), 2) және 4) тармақшаларында және 16-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген құжаттардың негізінде есептік тіркеуден шығаруға жатады.

      Қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалын есептік тіркеуден шығару қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның филиал қызметін ерікті немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешімінің негізінде жүзеге асырылады.".

      17. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы"1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж.,№ 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 15, 281-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 5, 58-құжат; № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 9, 86-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 5, 31-құжат; № 10, 51-құжат; № 11, 56, 67-құжаттар; № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 15, 86-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 11, 55-құжат; № 16, 99 құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 18, 21; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 55-құжат; № 8-I,.65-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; № 13, 45-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 жылғы 7 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы, 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 2-1-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының үлестес тұлғалары деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес осылай деп танылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің үлестес тұлғалары танылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі ұсынатын мәліметтердің негізінде өзінің үлестес тұлғаларының есебін жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-баппен толықтырылсын:

      "4-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы

      1. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы – Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің заңды тұлға болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, корпорацияда есептік тіркеуден өткен және уәкілетті орган лицензиясының негізінде банк қызметін жүзеге асыратын оқшауланған бөлімшесі.

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы өз атауы ретінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы ережеде көрсетілген атауды пайдаланады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы өз атауында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің атауын, сондай-ақ "филиал" деген сөзді пайдалануға міндетті.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының орналасқан жері деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы ережеде көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағындағы орналасқан жері танылады.";

      3) 8-бапта:

      9-тармақтың 14) тармақшасындағы "жалға берумен айналысуға құқылы." деген сөздер "жалға берумен айналысуға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыруға қатысуға және (немесе) банк-агенттің және (немесе) кепілді басқарушының функцияларын орындауға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 14-тармақпен толықтырылсын:

      "14. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына осы Заңның 30-бабының 2-1-тармағында және 52-5-бабының 4-тармағында көзделген банк қызметіне жатпайтын кәсіпкерлік қызмет, сондай-ақ осы баптың 10-тармағының 2) тармақшасында көзделген қызмет ретінде операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салынады.";

      8-1-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Банкке құны банктің меншікті капиталының он пайызынан асатын активтерді банктің директорлар кеңесінің осы мәмілені алдын ала бекітуінсіз кепілге немесе ауыртпалықтың өзге де нысанына беруге тыйым салынады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына құны Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының активтері сомасының он пайызынан асатын, резерв ретінде қабылданған активтерді Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің осы мәмілені алдын ала бекітуінсіз кепілге немесе ауыртпалықтың өзге де нысанына беруге тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:

      "13-1-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашу

      1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі мынадай талаптар орындалған кезде Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға жүгінуге құқылы:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің жиынтық активтерінің сомасы жиырма миллиард АҚШ долларына балама сомадан төмен болмауға тиіс;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекет қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысушы болып табылады, сондай-ақ ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобымен (ФАТФ) ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      3) уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының арасында келісімнің болуы.

      Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының арасындағы келісімде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банк құпиясын, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын құпия ақпарат алмасу тәртібі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің және оның филиалының қызметін лицензиялау, басшы қызметкерлерін келісу, қызметін реттеу, бақылау мен қадағалау (оның ішінде қызметіне тексерулер жүргізу) және тоқтату мәселелері бойынша ынтымақтасу тәртібі, сондай-ақ бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттары үшін өзге де өзара іс-қимыл мәселелері қамтылуға тиіс;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламасының не көрсетілген мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішінің болуы;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің банк қызметін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растауының болуы.

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы қазақ немесе орыс тілдеріндегі өтініш уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша мынадай құжаттармен қоса беріледі:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімі;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы туралы ереженің жобасы;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің құрылтай құжаттарының көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынбаған жағдайда нотариат куәландырған);

      4) уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі туралы мәліметтер, оның ішінде аудиторлық ұйым растаған, аяқталған соңғы екі қаржы жылы үшін қаржылық есептілік (бар болса шоғырландырылған есептілікті қоса алғанда);

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының ұйымдық құрылымы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      6) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің лауазымды адамы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берген адам бекіткен Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бизнес-жоспары. Бизнес-жоспардың мазмұнына қойылатын талаптарды уәкілетті орган белгілейді, оған қызмет стратегиясын, қызмет бағыттары мен ауқымдарын, қаржылық перспективаларын (бюджет, есеп айырысу балансы, алғашқы үш қаржы (операциялық) жыл үшін пайда мен шығын шоты, маркетинг жоспары (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының клиентурасын қалыптастыру), еңбек ресурстарын тарту, тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру жоспарын ашып көрсету кіреді;

      7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;

      8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде өтініш берілетін күнге тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз талап етілетін рейтингінің болуын куәландыратын құжат;

      9) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға қарсылығының жоқ екені туралы жазбаша хабарламасы не Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініші;

      10) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде банк қызметін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиясының болуы туралы жазбаша растауы;

      11) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің өтініш ұсынудың алдындағы екі жыл ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзбағаны туралы жазбаша растауы;

      12) Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметіне байланысты міндеттемелер филиал тарапынан орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің оларды сөзсіз және дереу орындауы туралы жазбаша міндеттемесі;

      13) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы орналасқан Қазақстан Республикасының аумағында деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар меншікті үй-жайының болуын растайтын мәліметтер және құжаттар;

      14) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қолданыстағы лицензиясының көшірмесі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің шет тілінде ұсынылатын құжаттары қазақ және орыс тілдеріне аударылады және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нотариатта куәландырылып беріледі.

      Шет мемлекеттердің қаржылық қадағалау органы, өзге құзырлы органдары немесе лауазымды тұлғалары берген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастыруға не апостильдеуге жатады.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган қарап жатқан кез келген сәтте оны кері қайтарып ала алады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту кез келген мынадай негіздердің бірі бойынша жүргізіледі:

      1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеу;

      2) осы баптың 2-тармағының 8) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптарды сақтамау;

      3) бизнес-жоспарының және өзге де ұсынған құжаттарының:

      алғашқы үш қаржы (операциялық) жылы өткеннен кейiн Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы қызметiнiң рентабельдi болатынын;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тәуекелдi шектеуге қойылатын талаптарды сақтауға және тиiсті басқару құрылымын құруға ниетті екенін;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының өз қызметінің жоспарына сәйкес келетін ұйымдық құрылымының бар екенін;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының өз қызметінің жоспарына сәйкес келетін есепке алу және бақылау құрылымы бар екенін көрсетпеуі;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы атауының осы Заңның 29-2-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      5) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті орган ескертулерінің ол белгілеген мерзімде жойылмауы.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етеді.

      4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берiлген рұқсат:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      2) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалын банк немесе өзге де операцияны жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде корпорацияда есептік тіркеуден өтпеген;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы есептік тіркеуден өткен күннен бастап үш ай ішінде банк операцияларын жүзеге асыруға лицензия алмаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі.

      5. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап алпыс бес жұмыс күні ішінде қарайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне және корпорацияға жіберіледі.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына банк операциясын жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берілген рұқсаттың заңды күші болады.

      6. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын есептік тіркеуді уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға берген рұқсаты негізінде корпорация жүзеге асырады.";

      6) 20-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және солардың негізінде банк және өзге де операциялар жүргізілетін құжаттарға қол қою құқығына ие Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысы және оның орынбасарлары, өзге де басшылары, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері болып танылады. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденттері болуға тиіс.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшысы атқарушы орган басшысының не заңды тұлғаның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын адамның, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің басқа филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары басшысының лауазымын атқаруға құқылы емес.";

      3-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату не оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшының орынбасары, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк холдингі) – заңды тұлғаның басшысы болып табылған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату не оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады.

      Осы тармақшаның талабы осы Заңның 17-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг көрсетілген банктердің акцияларын сатып алғанға дейін тағайындалған (сайланған) басшы қызметкерлерді қоспағанда, дауыс беретін акцияларының елу және одан да көп пайызы ұлттық басқарушы холдингке тікелей немесе жанама түрде тиесілі, осы Заңға сәйкес оларға қатысты қайта құрылымдау жүзеге асырылған банктердің басшы қызметкерлеріне қолданылмайды;";

      5-тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) осы және (немесе) өзге де қаржы ұйымында, осы және (немесе) өзге де Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімі кері қайтарып алынған адам банктің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";

      6-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган өтініш берушіге жаңадан құрылатын банктің (ашылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының) басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдарға келісім беру не келісім беруден бас тарту туралы шешімді заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының есептік тіркелгенін) растайтын құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жібереді.";

      8-тармақта:

      бірінші бөліктің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) басшы қызметкерлердің осы бапта немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері үшін), "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сай келмеуі;";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге, оның ішінде уәкілетті органның Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алған мәліметтер де жатады.";

      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктің басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалдарында бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алуға негіз болып табылады.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Ұлттық компанияларды қоспағанда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының басшысы банктің атқарушы органының басшылары үшін осы бапта белгіленген талаптарға сай болуға тиіс. Көрсетілген талаптарға сай келген жағдайда, басшы лауазымға уәкілетті органның келісімінсіз тағайындалады (сайланады). Атқарушы органның басшысы осы баптың талаптарына сай келмеген жағдайда, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органның талабы бойынша оны қызметтен шеттетеді.

      Уәкілетті орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органының басшысына осы Заңның 46-бабы 1-тармағының 12) тармақшасында көрсетілген қадағалап ден қою шарасын қолданған жағдайда, осы ұйым осы адаммен еңбек шартын бұзуға не атқарушы орган басшысының өкілеттіктерін тоқтату бойынша шаралар қабылдауға міндетті.";

      7) 26-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банк операцияларын, сондай-ақ осы Заңда белгiленген өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды осы Заңның талаптарына сәйкес өз құзыреті шегінде және уәкілетті орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi айқындайтын тәртiппен уәкiлеттi орган немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бередi.

      Осы Заңның 52-5-бабында көзделген банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган ислам банктеріне ғана береді.

      Осы Заңның 52-5-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4) 5) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізуге арналған лицензияларды уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарына ғана береді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына банк операцияларын және өзге де операцияларды жүргiзуге арналған лицензияларды уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банк және өзге де мәні бойынша ұқсас операцияларды жүргізуге қолданыстағы лицензиясы болған жағдайда береді.

      Уәкiлеттi орган лицензия берген немесе қайта ресімдеген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктердің және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жүзеге асыруына рұқсат берілген операциялардың атауларын нақтылауға құқылы.

      Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленеді.".

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабында көзделген құжатты алғаннан кейін және осы Заңның 16-бабының 4-тармағына сәйкес жарғылық капиталға ақы төлегеннен кейін өтініш беруші жарғылық капиталға ақы төленген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға көрсетілген талаптың орындалғанын растайтын құжаттарды, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, банк ашуға арналған өтiнiште көрсетілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсынуға міндетті.

      Өтініш беруші банк қызметін жүзеге асыруды бастағанға дейін барлық ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды орындауға, оның ішінде уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес келетін үй-жайды, жабдықтарды және бухгалтерлік есепке алу мен бас бухгалтерлік кітапты жүргізуді автоматтандыру бойынша бағдарламалық қамтылымды дайындауға, тиісті персоналды жалдауға, банк қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекітуге, банктің директорлар кеңесінің ішкі аудит қызметі туралы, кредит комитеті туралы ережелерді бекітуге міндетті.

      Банктің атқарушы органы орналасқан елді мекенде банк автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйеге орталықтандырылған қолжетімділігі бар меншікті үй-жайының болуын қамтамасыз етуге міндетті, бұл жүйеге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы филиалдың есептік тіркелгенін растайтын құжатты алғаннан және осы Заңның 42-бабының 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес резерв ретінде қабылданатын активтерді қалыптастырғаннан кейін активтер қалыптастырылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға көрсетілген талаптың орындалғанын растайтын құжаттарды, сондай-ақ "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын ашуға арналған өтiнiште көрсетілген жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжатты ұсынуға міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банк қызметін жүзеге асыруды бастағанға дейін осы тармақтың екінші бөлігінің талаптарын орындайды және Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының деректерді өңдеу орталығы (сервері) бар меншікті үй-жайының болуын қамтамасыз етеді, оған қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделеді.";

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті орган жаңадан құрылатын банкке (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің ашылатын филиалына) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының есептік тіркелгенін) растайтын құжаттарды алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде лицензия не лицензия беруден уәжделген бас тарту береді.";

      8) 27-бапта:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) осы Заңның 42-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру жөніндегі талап орындалмаған;

      2-2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы банк және өзге де операцияларға мәні бойынша ұқсас операцияларды жүргізуге қолданыстағы лицензиясы болмаған;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыруға лицензия алуға ниет білдірген заңды тұлғаның басшы қызметкері осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес келмеген, қоғам органдары сайлағандардың арасынан басшы қызметкер келісілмеген (жаңадан құрылатын банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің ашылатын филиалы үшін);";

      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің ішінде кемінде екі Қазақстан Республикасының резидент-басшы қызметкерлерінің болуы жөніндегі осы Заңның 20-бабының 1-1-тармағында көрсетілген талап сақталмаған жағдайларда жүргізіледі.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы баптың 3-тармағында белгіленген жағдайды қоспағанда, лицензия беруден бас тартуды алған жағдайда, өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және лицензия беруден бас тартуды жіберуге негіз болған түзетілген құжаттарды ұсына отырып, лицензия алуға өтінішпен қайта жүгінеді.";

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша лицензия беруден бас тартуды алған жағдайда, өтініш беруші сәйкессіздіктерді жояды және келісім беруден бас тартылған адамдардың орнына осы Заңның 20-бабының талаптарына сәйкес банктің басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдардың құжаттарын ұсына отырып, лицензия алуға өтінішпен қайта жүгінеді.";

      9) 29-бапта:

      6-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының саны ұлғайған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген міндетті шартты орындау туралы талап Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылады.";

      8-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының саны ұлғайған немесе оның үй-жайларының саны азайған жағдайда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайларының санын ұлғайту немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының үй-жайларының санын азайту туралы шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайлары қамтылған филиалдың осындай шешімінен үзінді көшірмені ұсынуға міндетті.";

      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Осы баптың 6, 7, 8-1, 11 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда уәкілетті орган резидент-банктің филиалын не филиалының қосымша үй-жайын немесе резидент-банктің өкілдігін және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қосымша үй-жайын не өкілдігін жабуды талап етеді.";

      10) 30-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының банктік қызметі Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының осы баптың 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 12), 13), 14), 15), 16) тармақшаларында, 11-тармағының 1), 2), 3), 4), 6), 7), 8) және
9) тармақшаларында көрсетілген банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруы болып табылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органның лицензиясы болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында осы баптың 12-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.";

      11-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды және басқа да қаржы құралдарын, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөніндегі көрсетілетін қызметтер.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 9) тармақшасында көрсетілген операцияларды банктерден басқа, құжаттандырылған нысанда шығарылған қаржы құралдарын сақтау жөніндегі қызметтерді көрсету мақсатында орталық депозитарийлер жүзеге асыруға құқылы.";

      12-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін банк осы тармақтың 1) тармақшасының ережелерін есепке алмай Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес брокерлік қызметті лицензия негізінде жүзеге асырады.";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген шарттардан басқа, жеке тұлғадан бір жүз жиырма мың АҚШ доллары баламасына тең сомадан төмен болмайтын салымды қабылдауы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуінің шарты болып табылады.";

      11) 40-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалымен ерекше қатынастармен байланысты тұлғаларды тану мақсаттары үшін:

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында банк ретінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі түсініледі;

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында банк ретінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі түсініледі;

      осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) және 5) тармақшаларында банк ретінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы түсініледі.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына осы тармақтың және осы баптың 1-тармағының талаптарын қолдану мақсаттары үшін банктің директорлар кеңесі ретінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің тиісті басқару органы түсініледі.";

      12) 44-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметіне тексеру жүргізген кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қызметі туралы ақпаратты осы Заңның 13-1-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан алуға құқылы.";

      13) 47-2-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы атынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі ғана Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын барлық банк операцияларын жүргізуге лицензиядан айыру туралы шешімге шағын айтуға құқылы.

      Барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының банктік немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ.";

      14) 48-бапта:

      1-тармақтың 16) тармақшасындағы "жатқызу." деген сөз "жатқызу;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 17), 18), 19), 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17) филиалында депозиттер қабылдауға, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінде тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің талап етілетін ең төмен рейтингінің болмауы;

      18) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының осы Заңның 42-бабы 6-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген резерв ретінде қолданылатын активтердің мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамауы;

      19) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің барлық немесе мәні бойынша ұқсас банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиясының қолданылуын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе соттың тоқтата тұруы немесе айыруы;

      20) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекет сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешім қабылдауы;

      21) осы Заңның 74-5-бабының 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда соттың Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы.";

      1-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-4. Барлық немесе жекелеген банк операцияларын жүргiзуге лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша, банкке ерікті түрде таратылуға рұқсат, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат берілген кезде жүзеге асырылады.";

      15) 50-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 4-9) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-9) басқа банктерге Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыруды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді беру;";

      16) 51-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және қызметі мәжбүрлеп тоқтату процесінде тұрған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына;";

      17) 52-5-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкінің филиалы уәкілетті органның лицензиясы болған кезде Қазақстан Республикасының аумағында:

      1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген банк операцияларын;

      2) егер бұл филиал туралы ережеде көзделсе, осы Заңның 52-1-бабында көрсетілген талаптарды сақтай отырып, осы Заңның 30-бабы 2-1-тармағының бірінші бөлігінде көзделген банктік және өзге де операциялардың жекелеген түрлерін (осы Заңның 30-бабы 11-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген операцияларды қоспағанда) жүзеге асыруға құқылы.";

      18) 54-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Шоғырландырылған негiздегі қаржылық және өзге де есептілiктi қоса алғанда, банктердің қаржылық және өзге де есептiлiгінiң тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбi уәкiлеттi органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілігінің және өзге де есептілігінің тізбесі, нысандары, оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімі мен тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде уәкілетті органмен келісу бойынша белгіленеді.

      Банктер операциялар мен оқиғаларды есепке алуды Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      19) 55-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "55-бап. Банк және банк холдингі қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiн жариялау

      1. Банктер – жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда, шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті осы Заңның 19-бабы 4-тармағының талаптарына сай келетін аудиторлық ұйым оларда ұсынылған мәліметтердің анықтығын растағаннан кейін және банк акционерлерінің жылдық жиналысы қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде жариялайды, сондай-ақ уәкілетті органның талап етуі бойынша банктің корпоративтік интернет-ресурсында уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тізбеге және мерзімдерге сәйкес өзге де есептілікті орналастырады.

      Банктер тоқсан сайын уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сай келетін бухгалтерлік балансын, пайдасы мен шығыны туралы есебiн оларды аудиторлық растаусыз жариялап отырады.

      Банк холдингтері жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, сондай-ақ еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жариялайды.

      Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының банк холдингі болып табылатын бейрезиденттерге қолданылмайды.

      2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде:

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлiк есеп деректері бойынша жылдық есептілікті;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің шоғырландырылмаған қаржылық есептілігін, аудиторлық есепті аудиторлық ұйым онда ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін растағаннан және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі бекіткеннен кейін жариялайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы уәкiлеттi органның талабы бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының корпоративтік интернет-ресурсында уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тізбеге және мерзімдерге сәйкес өзге де есептілікті орналастырады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы тоқсан сайын уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сай келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті оларды аудиторлық растаусыз жариялап отырады.";

      20) 57-бап мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Осы баптың 1, 1-1, 1-3, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылмайды.

      Аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкіне қаржы жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қаржылық есептілігінің аудиторлық есебінің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын ұсынғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы оларды қазақ немесе орыс тілдерінде уәкілетті органға ұсынуға міндетті.";

      21) 61-6-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасын қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық есептілігі деп Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша есептілік түсініледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызылған банк және оның ірі қатысушылары, банк холдингі оның қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасына және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келтіру арқылы банктің қаржылық жағдайын жақсарту, тәуекелдерді барынша азайту жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      Қаржылық жағдайы орнықсыз Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жағдайын жақсарту жөнінде, оның ішінде осы Заңның 42-бабының 6-тармағының екінші бөлігінде көзделген резервтер ретінде қабылданатын активтердің мөлшерін ұлғайту, оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келтіру арқылы тәуекелдерді барынша азайту жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі қабылдайтын шаралар жеткіліксіз болған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі бұрын уәкілетті органға осы Заңның 13-1-бабының 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған міндеттемелерін орындайды.

      Осы тармақтың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көрсетілген шаралар және оларды әрбір тармақ бойынша іске асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты лауазымды адамдар банк әзірлеген және уәкілетті органға мақұлдау үшін ұсынған қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарында айқындалады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шараларды іске асыру және банктің қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатында болу мерзімдері он екі айдан аспауға тиіс және банкті қаржылық жағдайы орнықсыз банктердің санатына жатқызғаннан кейін оның қаржылық жағдайының жақсару фактілері болған жағдайда, уәкілетті орган оны бір рет он екі айдан аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін.

      Уәкілетті орган қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдаған кезде, осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған тұлғалар уәкілетті органды жоспарда белгіленген мерзімдерде оны орындау нәтижелері туралы хабардар ете отырып, оны іске асыруға кіріседі.

      Қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары белгіленген мерзімде ұсынылмаған, уәкілетті орган оны мақұлдамаған немесе ол орындалмаған кезде, уәкілетті орган қаржылық жағдайы орнықсыз банкке, оның ірі қатысушыларына, банк холдингіне осы Заңның 45-1-бабында көзделген бір немесе бірнеше қадағалап ден қою шарасын қолданады.

      Қаржылық жағдайды жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсыну және уәкілетті органның оны мақұлдау тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ оның мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      22) 61-8-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің төлемге қабілетсіз филиалдарының санатына жатқызылған жағдайда уәкілетті орган кейіннен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің төлемге қабілетсіз филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтата отырып, оны барлық банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиясынан айырады.";

      23) мынадай мазмұндағы 74-5-баппен толықтырылсын:

      "74-5-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату

      1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы рұқсатының не уәкілетті органның рұқсаты болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы тиісті мемлекеттің қаржылық қадағалау органы мәлімдемесінің негізінде (қызметті ерікті түрде тоқтату) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің шешімі бойынша;

      2) уәкілетті органның лицензиядан айыру туралы шешімінің немесе осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларда сот шешімінің (қызметті мәжбүрлеп тоқтату) негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін ерікті және мәжбүрлеп тоқтату рәсімдеріне қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті немесе мәжбүрлеп тоқтататын кредиторлар комитетінің құрамын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкілетті орган бекітеді. Кредиторлар комитетін қалыптастырудың және оның қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу не депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару арқылы қайтару жөніндегі шараларды қабылдауға міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына аудару жүзеге асырылғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтару, депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банкке немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына оларды аудару тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату осы Заңның 69-бабында (6, 7 және 7-1-тармақтарын қоспағанда) көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы тарату комиссиясын құрады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтататын тарату комиссиялары қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

      Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату туралы есеп бекітілгеннен кейін жеті күндік мерзімде оны уәкілетті органға ұсынуға міндетті. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешім қабылдайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тарату рәсімі аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшін белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсыруға және бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға байланысты барлық шығыстар, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының барлық кредиторларының талаптары қанағаттандырылғаннан кейін пайдаланады.

      4. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату уәкілетті органның Қазақстан Республикасының банктік заңнамасында көзделген негіздер бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін банктік қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешіміне байланысты Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиядан айыруға байланысты жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуды уәкілетті мемлекеттік органдардың, жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген басқа негіздер бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату туралы өтінішіне (талап-арызына) байланысты сотқа жүргізеді.

      Соттың Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімі осы бапта белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату рәсімін жүргізу үшін уәкілетті органға жіберіледі. Соттың Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген негіз бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиядан айырылады.

      5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиядан айырылған күннен бастап уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясын тағайындайды, ол Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалының тарату комиссиясы оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиядан айырылған күннен бастап:

      1) мыналарға:

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының пайдасына түскен ақшаны есепке алуға;

      банктік шоттары жазылған тұлғалардың пайдасына түскен және түсетін ақшаны, сондай-ақ қате көрсетулер бойынша түскен және түсетін ақшаны қайтаруға;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын лицензиядан айырғаннан кейін клиенттің Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің алдында берешегінің болмауы немесе клиенттің Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің алдындағы берешегін өтеуі шартымен клиенттердің өздерінің банктік шоттарына түскен ақшаны аудару жөніндегі нұсқауларын орындау бойынша шығыстарға байланысты жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы клиенттерінің және филиалдың өзінің банктік шоттары бойынша барлық операциялар тоқтатылады;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері тоқтатылады, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы, ал қажет болған кезде өзге де қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан шығарылады;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің құрылтайшылары (қатысушылары), органдары, басшы қызметкерлер Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлкін басқаруға құқылы болмайды;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының банктік шоттарынан кредиторлардың, мемлекеттік кірістер органдарының талабы, оның ішінде даусыз тәртіппен қанағаттандыруға жататын талабы бойынша ақша өндіріп алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүлкіне өндіріп алуды қолдануға жол берілмейді;

      5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қатысты соттардың бұрын қабылданған шешімдерін орындау тоқтатылады;

      6) негізгі борышты, сыйақыны және тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) өтеу жөніндегі міндеттемелерді жасалған банктік қарыз шарттарына және мәмілелердің өзге түрлеріне сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының борышкерлері орындайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату осы Заңның 73 (1, 2, 6-1, 7 және 8-тармақтарын қоспағанда), 74-2-баптарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты барлық шығыстар Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкілетті органның қызметкерлеріне еңбекақы төлеуге байланысты шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкілетті органның қаржыландыруына тыйым салынады.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртібін, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелеріне қойылатын талаптар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату тәртібі және тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.

      Тарату комиссиясы төрағасының және мүшелерінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын филиалының істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және олармен кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып жасасқан келісіммен реттеледі.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелеріне және тартылған өзге де қызметкерлерге төленетін сыйақының ай сайынғы мөлшері олардың әрқайсысына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының конкурстық тарату массасы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен қалыптастырылады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкі филиалының конкурстық тарату массасына инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақшаның есебінен сатып алынған мүлік кірмейді. Көрсетілген мүлікті, сондай-ақ инвестициялық депозиттер бойынша міндеттемелерді тарату комиссиясы басқа ислам банкіне немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалына береді.

      Ислам банкін, Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкінің филиалын таңдау және оларға инвестициялық депозит туралы шарт бойынша тартылған ақшаның есебінен сатып алынған мүлікті және қызметі мәжбүрлеп таратылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банкі филиалының инвестициялық депозиттері бойынша міндеттемелерді беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының активтерін, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтерін және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшаны пайдалануға құқылы.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының активтері, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтері жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын осы Заңның 13-1-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға бұрын ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес қанағаттандырады.

      Уәкілетті орган тарату туралы есепті бекітеді және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі аяқтау туралы шешім қабылдайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі аяқталған кезде тарату комиссиясы сақтау үшін белгіленген тәртіппен құжаттарды мұрағатқа тапсыруға және бұл туралы уәкілетті органға хабарлауға міндетті.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы есептік тіркеуден шығарылғаннан кейін қызметі мәжбүрлеп тоқтатылған Қазақстан Республикасы оның бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиалды есептік тіркеуден шығару туралы анықтаманың көшірмесін ұсынады.

      6. Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін банктік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) негіздері бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиядан айырған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі мынадай ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады:

      1) осы баптың 5-тармағы он төртінші бөлігінің ережелері қолданылмайды;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыруды қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалының тарату комиссиясы осы Заңның 74-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы активтерінің, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтерінің және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшаның есебінен жүргізеді;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының активтері, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақша жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      Уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкін тарату рәсімінің барысы мен нәтижелері туралы ақпарат алмасу осы Заңның 13-1-бабы 1-тармағының
3) тармақшасында көрсетілген келісімнің негізінде және онда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

      7. Уәкілетті орган қызметі ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының тарату комиссияларының қызметін бақылауды осы Заңның 74-4-бабына сәйкес жүзеге асырады.";

      24) 75-баптың 2-1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылмайды.".

      18. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8; 1999 ж., № 13, 431-құжат; № 23, 921-құжат; 2001 ж., № 15-16, 228-құжат; 2002 ж., № 6, 71-құжат; 2003 ж., № 11, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат: № 14, 82-құжат; № 17, 101-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 16, 103-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 15, 106, 108-құжаттар; №18, 143-құжат; 2009 ж., № 11-12, 54-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 84-құжат 122-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 10, 86-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 128, 129-құжаттар; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 15, 77-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 154, 158-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 8-і, 65-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 8 16-құжат; № 11, 29-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 16, 56-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 9-10, 52-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 119-құжат; №24-ІІ, 122-құжат, № 21-22, 90-құжат; №23, 103-құжат; №24-І, 119-құжат; 24-ІІ, 122-құжат, "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      10-2-бап мынадай мазмұндағы 10-27) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді.".

      19. "Қазақстан Республикасындағы вексель айналымы туралы" 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 8, 87-құжат; 2001 ж., № 24, 338-құжат; 2003 ж.), № 15, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат):

      47-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында және 48-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында "Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ставкасының" деген сөздер "Ұлттық Банкінің базалық ставкасының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      20. "Аудиторлық қызмет туралы" 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 22, 309-құжат; 2000 ж., № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 5-құжат; № 8, 52-құжат; 2002 ж., № 23-24, 193-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 86-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 23, 138-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 79-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-I, 143-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат):

      21-бапта:

      1-тармақтың 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан, жергілікті атқарушы органдардан, сондай-ақ банктерден, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарынан және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан аудиттелетін субъектіге қатысты мәліметтер сұратуға;";

      2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының өзге ақпаратының аудиті бойынша аудиторлық қорытындыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға;".

      21. "Әкімшілік рәсімдер туралы" 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; №7, 29-құжат; №17-19, 111-құжат, 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 15, 118-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-ІІ, 130-құжат; 141-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; 2019 ж., № 8, 46-құжат, 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6, 6-1, 6-2, 6-3, 6-4, 6-5, 6-6, 6-7, 6-8 және 6-9-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Жобалық басқару (жобалық қызмет) деп уақыт және ресурс шектеулері жағдайында қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін білімді, дағдыларды, құралдарды және техниканы қолдану түсініледі.

      6-1. Жоба деп уақыт және ресурс шектеулері жағдайында қойылған мақсатқа (мақсаттарға), нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған өзара байланысты іс-шаралар кешені түсініледі.

      6-2. Ұлттық жоба деп аяны, саланы дамытудың түйінді индикаторларын, сондай-ақ оларға қол жеткізу үшін қажетті ресурстарды, тетіктер мен мерзімдерді айқындайтын жобалық тәсілдер негізінде іске асырылатын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты түсініледі.

      6-3. Бағдарлама деп стратегиялық мақсаттарға сәйкес келетін байланысты жобалар мен басқа да жұмыстар тобы түсініледі.

      6-4. Портфель деп стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу бойынша осы жұмыстарды тиімді басқаруға жәрдемдесу мақсатында топтастырылған жобалардың, ұлттық жобалардың, бағдарламалардың және басқа да жұмыстардың жиынтығы түсініледі.

      6-5. Жобалық тапсырма деп орындалуы мемлекеттік органдарға, олардың құрылымдық бөлімшелеріне және (немесе) өзге (үшінші) тұлғаларға жүктелетін жобалық офистің жобалық персоналы және/немесе жобалық командалар жүзеге асыратын қызмет шеңберіндегі міндет түсініледі.

      6-6. Жобалық персонал деп жобалық офистің жобалық персоналын, жобалық командалардың қатысушыларын және жобалық тапсырмаларды орындаушыларды қамтитын ұлттық жобалар, бағдарламалар шеңберіндегі жобалық қызметке қатысушылардың жиынтығы түсініледі.

      6-7. Жобалық офис деп ұлттық жобаларды, бағдарламаларды іске асыруға жауапты мемлекеттік орган қалыптастыратын, барлық ұлттық жобаға қатысушылардың өзара іс-қимылы мен жобалық қызметін үйлестіруді қамтамасыз ететін ұйымдық құрылым түсініледі.

      6-8. Жобалық команда деп жобаның нәтижелеріне қол жеткізу үшін бірлескен қызмет мақсатында біріктірілген жобаға қатысушылар тобы түсініледі.

      6-9. Жобалық басқарудың ақпараттық жүйесі деп портфельдерге кіретін бастамалар, жобалар, жобалар топтары, ұлттық жобалар, бағдарламалар туралы өзекті және шынайы ақпаратты жасау, сақтау, беру үшін пайдаланылатын, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде осындай ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ететін бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған платформа түсініледі.";

      2) 6-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актiнiң, сондай-ақ жобалардың, ұлттық жобалардың, бағдарламалардың және портфельдердің орындалуын ұйымдастыру және бақылау";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Жобалық қызмет арқылы орындау көзделетін, жеке-дара қолданылатын құқықтық актінің, сондай-ақ жобалардың, ұлттық жобалардың, бағдарламалар мен портфельдердің орындалуын ұйымдастыру және бақылау жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.";

      3) 7-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылатын жобалардың, ұлттық жобалардың, бағдарламалардың іске асырылу нәтижелерін талдау мен бағалау;";

      4-тармақтың екінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті лауазымды адам не мемлекеттік органның тиісті құрылымдық бөлімшесі оның орындалуы туралы келіп түсетін ақпаратты және/ немесе жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде орналастырылған ақпаратты:";

      4) 9-1-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Мемлекеттік орган жобалау қызметін ішкі регламентке сәйкес жүзеге асырады. Жобалық қызметтің үлгілік регламентін жобалық басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.";

      5) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:

      "5-1-тарау. Мемлекеттік органдардың жобалық қызметін ұйымдастыру

      22-1-бап. Жобалық басқару жүйесі

      1. Жобалық басқару жүйесі мынадай деңгейлерден тұрады:

      1) портфельдерді басқару – Қазақстан Республикасының Үкіметі деңгейінде;

      2) ұлттық жобаларды, бағдарламаларды басқару – мемлекеттік органдар деңгейінде;

      3) жобаларды басқару – жобалық командалар деңгейінде.

      2. Жобалық басқарудың ұйымдық құрылымын қоса алғанда, мемлекеттік органдардың жобалық қызметін ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

      22-2-бап. Мемлекеттік органдардың жобалық қызметі

      1. Республикалық және жергілікті бюджеттерде қаржыландырылатын мемлекеттік органдар:

      1) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, мониторингтеу және іске асыру кезінде;

      2) өз қызметінің процестерін өзгерту (жетілдіру) мақсатында ағымдағы қызмет шеңберінде жобалық қызметті жүзеге асыра алады.

      Мемлекеттік органдардың жобалық қызметін әдіснамалық сүйемелдеуді жобалық басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

      22-3-бап. Жобалық басқару қағидаттары

      1. Мемлекеттік органдарда жобалық басқару қағидаттары мыналар болып табылады:

      жобалардың, ұлттық жобалардың, бағдарламалардың мақсаты нақты, өлшемді, қолжетімді және уақыты шектеулі болуға тиіс;

      дербес жауапкершілік;

      ішкі және сыртқы ортаның өзгерістеріне қызмет процестерін орындау қағидаларының қатаңдығы мен ден қою икемділігін үйлестіру;

      жобаның мақсаттарын, нәтижелерін, мазмұнын, кезеңділігін және шекараларын нақты, алдын ала айқындау;

      жобалық басқаруды дамыту үздік тәжірибе мен практиканы пайдалануға негізделеді.

      22-4-бап. Жобаларды, ұлттық жобаларды, бағдарламаларды және портфельдерді іске асыру

      1. Ұлттық жоба, бағдарлама базалық бағыттардан тұрады. Мемлекеттік орган басшысының орынбасары базалық бағыттың басшысы болып табылады.

      2. Базалық бағытты басқаруды ұйымдастыру мақсатында базалық бағытты басқару тобы құрылуы мүмкін, ол мемлекеттік органның жобалық офисінің жобалық персоналының құрамына кіреді

      3. Ұлттық жобалар, бағдарламалар портфельдерге біріктірілуі мүмкін. Мемлекеттік органның бірінші басшысы ұлттық жобаның, бағдарламаның басшысы болып табылады.

      4. Жобаларды іске асыру өзара байланысты дәйекті процестерден тұрады, олар – жобаға бастамашы болу, жобаны жоспарлау, жобаны орындау, жобаны мониторингітеу және үйлестіру, жобаны аяқтау.

      Жобаларға бастамашылық жасау процесінің нәтижелері бойынша іске асыруға қабылданған жобалар бекітілген ұлттық жоба, бағдарлама шеңберінде кейіннен іске асыру үшін бағдарламалар жобаларына біріктірілуі мүмкін.

      22-5 бап. Жобалық басқарудың ақпараттық жүйесі

      Мемлекеттік органдардың жобалық қызметі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жобалық қызметіне мониторинг, талдау және бақылау жобалық басқарудың ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.

      Жобаны басқарудың ақпараттық жүйесіндегі жобалық қызметке қатысушылар арасындағы барлық хат алмасу ресми хат алмасу болып табылады.

      22-6-бап. Мемлекеттік органдардың жобалық офистері

      1. Мемлекеттік органдардың жобаларды іске асыру офистері жобаларды, ұлттық жобаларды, бағдарламаларды басқаруды қамтамасыз етеді, жобалық командаларды әдіснамалық, талдамалық, ұйымдастырушылық, техникалық сүйемелдеуді, жобалық басқарудың ақпараттық жүйесін енгізу мен дамытуды, жобалар, ұлттық жобалар, бағдарламалар бойынша жиынтық есептілікті қалыптастыруды жүзеге асырады.

      2. Жобалық офис мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      Мемлекеттік орган өзіне иелену және пайдалану құқығында берілген мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің базасында жобалық офис құра алады.

      Жобалық офис туралы ережені және оның ұйымдық құрылымын мемлекеттік органның бірінші басшысы бекітеді.

      22-7-бап. Жобаларды, ұлттық жобаларды, бағдарламаларды іске асыруды ведомствоаралық үйлестіру

      1. Жобаларды, ұлттық жобаларды, бағдарламаларды іске асыруды ведомствоаралық үйлестіру және жобалық офистердің жанынан ведомствоаралық қатысуды талап ететін мәселелерді шешу қажет болған кезде басқарушы комитеттер құрылады, олардың құрамына мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орынбасарлары кіреді. Басқарушы комитеттердің шешімдері хаттамалармен ресімделеді және орындау үшін міндетті болып табылады.

      2. Жобалық командаларға ведомствоаралық қатысуды талап ететін жобалар бойынша мәселелерді шешу қажет болған жағдайда, ұлттық жобаның, бағдарламаның базалық бағыты басшысының ресми жазбаша сұрау салуы негізінде басқа мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекет бақылайтын заңды тұлғалардың қызметкерлері жіберіледі.

      Жобалық командаларға жұмыс істеу үшін жіберілген жұмыскерлер негізгі жұмыстан толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

      Жобалық командаларға жұмыс істеу үшін жіберілген қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу негізгі жұмыс орны бойынша жүзеге асырылады.

      Жобалық командалардың қызметіне жеке сектордың, қоғамдық, ғылыми және өзге де ұйымдардың өкілдері тартылуы мүмкін.

      Осы бапта аталған адамдарды жобалық командаларға тарту осы Заңның 22-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мемлекеттік органдардың жобалық қызметін ұйымдастыру тәртібімен жүзеге асырылады.

      22-8 бап. Жобалық персонал

      1. Жобаларды, ұлттық жобаларды, бағдарламаларды іске асыруға қатысатын жобалық персонал, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қызметкерлері жобаны аяқтау және тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу нәтижелері бойынша көтермеленуі мүмкін.".

      22. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 22, 406-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 85-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; 2005 ж., № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28, 33-құжаттар; № 8, 52-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; 2009 ж. №2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-II, 94-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжаттар 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; 2019 ж., № 21-22, 90-құжат; 2020 ж., № 23 106-құжат):

      1) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заң сақтандыруды кәсіпкерлiк қызмет түрі ретінде жүзеге асырудың негізгi ережелерін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, сақтандыру брокерлерін құру, лицензиялау, реттеу, олардың қызметiн тоқтату ерекшелiктерiн, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашу, қызметiн лицензиялау, реттеу, тоқтату ерекшеліктерін, өзге де жеке және заңды тұлғалардың сақтандыру нарығындағы қызметтерiнің талаптарын, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу міндеттерін және сақтандыру қызметін бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.";

      2) 3-бапта:

      мынадай мазмұндағы 8-1) және 8-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыратын, заңды тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің оқшауланған бөлімшесі;

      8-2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және уәкілетті органның лицензиясы негізінде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметін жүзеге асыратын, заңды тұлға болып табылмайтын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оқшауланған бөлімшесі;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылар – өз қызметін уәкілетті органның тиісті лицензиялары негізінде жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы, актуарий;";

      3) 4-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру қызметi – сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасауы мен орындауына байланысты қызметi, сондай-ақ өзара сақтандыру қоғамдарының Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес лицензиясыз жүзеге асырылатын сақтандыру шарттарын жасасуға және орындауға байланысты қызметі.

      3. Исламдық сақтандыру қызметі исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде жүзеге асырылатын, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу мен орындауға байланысты қызметi болып табылады.";

      4) 5-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға Қазақстан Республикасының резиденттері - жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің пайдасына сақтандыру сыйлықақыларын (жарналарын) төлеуге байланысты төлемдерді және ақша аударымдарын жүзеге асыруға тыйым салынады.";

      5) 11-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне жатпайтын кәсіпкерлік қызмет ретіндегі операциялар мен мәмілелерді жүзеге асыруға тыйым салынады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, сақтандыру қызметінен басқа, сақтандыру қызметіне байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге құқылы.

      Сақтандыру қызметінен басқа, "өмірді сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан өзінің сақтанушыларына тиісті жинақтаушы сақтандыру шартында көзделген сатып алу сомасы шегінде қарыздар беру қызметтерін көрсетуге құқылы.";

      3-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы, оның түрлері, шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының жекелеген заңнамалық актілерінде айқындалады.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кепілдік беруге жататын сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары сақтандыру ұйымдары мәжбүрлеп таратылған жағдайда сақтанушыларға (сақтандырылушыларға, пайда алушыларға) сақтандыру төлемдерін жүзеге асыруға кепілдік беретін ұйымның акцияларын немесе жарғылық капиталына қатысу үлесін сатып алады.";

      6) 11-1-бапта:

      3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Сақтандыру қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ішкі қағидаларын директорлар кеңесі, ал Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында – Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы бекітеді.";

      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру қағидалары мен ішкі қағидаларын исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде – директорлар кеңесі, ал Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру ұйымының филиалында исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру ұйымының тиісті басқару органы бекітеді.";

      7) 12-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымынан өзiнiң сақтанушыларына сатып алу сомасы шегiнде қарыз беру бойынша қызметтер көрсетуге құқылы.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шартын жасау тәртібі мен ерекшеліктері, сондай-ақ сақтанушының инвестицияларға немесе сақтандырушының пайдасына қатысу талаптары көзделетін сақтандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шартын жасасу кезінде сақтандыру ұйымы инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымының бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия болған кезде өзі дербес басқаруға не оларды сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беруге құқылы.

      Сақтандыру ұйымының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді сақтандыру ұйымы болып табылмайтын инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға беру шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтерді резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы болып табылатын мемлекеттің бағалы қағаздар нарығында инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымына инвестициялық басқаруға беру талаптары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Сақтанушының инвестицияларға қатысу талабы көзделетін сақтандыру шарттарын жасасуды жүзеге асыратын сақтандыру ұйымдары бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілік пен алғашқы статистикалық деректерді меншікті қаражаттары және инвестициялау мақсаттары үшін сақтанушылардан алынған сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігі және оларды инвестициялаудан алынған кірістер (шеккен залалдар) есебінен қалыптастырылған активтер бойынша бөлек Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Ұлттық Банкке ұсынады.

      Сақтандырушының пайдасына сақтанушының қатысуына байланысты төлемдерді есепке жазу аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша жүргізіледі.";

      8) 15-1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамы немесе басшы қызметкері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының iрi қатысушысының лауазымды адамы, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;

      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар орналастырылған акциялардың (артықшылықты және сатып алынған акцияларды қоспағанда) немесе жарғылық капиталға қатысу үлестерінің он және одан көп процентін иеленетін не лауазымды адамдары болып табылатын заңды тұлға;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасына сәйкес осындай деп танылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары;

      5) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланыстылық белгілеріне сәйкес келетін жеке немесе заңды тұлға Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар деп танылады.

      Осы баптың 4-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген тұлғалар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының үлестес тұлғалары болып танылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы беретін мәліметтер негізінде өздерінің үлестес тұлғаларының есебін жүргізеді.";

      4-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың талаптарын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолдану мақсатында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының директорлар кеңесі дегеніміз Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының тиісті басқару органы деп түсініледі.";

      9) 16-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру ұйымы филиалының интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:

      1) толық атауы, мекенжайы (орналасқан жері), телефон нөмірлері, жұмыс режимі;

      2) есептік тіркеу және бизнес-идентификаттау нөмірі туралы мәліметтер;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы, оның ресми интернет-ресурсы туралы ақпарат;

      4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудиторлық ұйым растаған, өткен үш қаржы жылы үшін шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бухгалтерлік есеп деректері бойынша өткен есепті үш жыл үшін жылдық есеп (бар болса);

      6) осы баптың 2-тармағының 3), 5), 6), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшаларында көрсетілген ақпарат.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының интернет-ресурсында мынадай ақпарат орналастырылады:

      1) толық атауы, мекенжайы (орналасқан жері), телефон нөмірлері, жұмыс режімі;

      2) есептік тіркеу және бизнес-идентификаттау нөмірі туралы мәліметтер;

      3) Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокері туралы ақпарат, оның ресми интернет-ресурсы;

      4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігі, ал еншілес ұйым (ұйымдар) болмаған жағдайда - Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) брокерінің аудиторлық ұйым растаған өткен үш қаржы жылы үшін шоғырландырылмаған қаржылық есептілігі;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) брокері филиалының бухгалтерлік есеп деректері бойынша өткен есепті үш жыл үшін жылдық есеп (бар болса);

      6) осы баптың 2-тармағының 3), 5), 6), 9) және 10) тармақшаларында, 3-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ақпарат.";

      5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) сақтандыру омбудсменының өкілдер кеңесінің құрамына кіретін сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының тізбесі;";

      10) 16-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-2-бап. Сақтандыру брокерінің құрылтайшыларына қойылатын талаптар

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе оның қызметкерлерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметкерлері сақтандыру брокерін құруына немесе оның қызметіне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалын ашуға немесе оның қызметіне қатысуына тыйым салынады.

      2. Сақтандыру брокерінің құрылтайшылары мен қызметкерлерін, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметкерлері бір мезгілде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында қызмет атқара алмайды.";

      11) мынадай мазмұндағы 16-4-баппен толықтырылсын:

      "16-4-бап. Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру брокерінің филиалын ашу

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімі;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы туралы ереженің жобасы;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің құрылтай құжаттарының көшірмелері (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариатта куәландырылған);

      4) уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері туралы мәліметтер, оның ішінде аудиторлық ұйым растаған соңғы аяқталған екі қаржы жылы үшін қаржылық есептілік (бар болған ретте шоғырландырылған есептілікті қоса алғанда);

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының ұйымдық құрылымы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      6) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;

      7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға қарсылығы жоқ екендігі туралы жазбаша хабарламасының не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы мәлімдемесі;

      8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына қолданыстағы лицензияның болуы туралы жазбаша растауы;

      9) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруды реттейтін заңнама талаптарын бұзу туралы өтінішті табыс ету алдындағы екі жыл ішінде болмағанын жазбаша растауы;

      10) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері құрылтайшысының (құрылтайшыларының) лицензиядан заңнамада белгіленген тәртіппен айырылған, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату, акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешім қабылданған кезден бастап бір жылдан аспайтын кезеңде экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар бойынша соттылығының жоқтығы туралы, сондай-ақ құрылтайшының (құрылтайшылардың) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері мемлекетінің өзге қаржы ұйымының басшы қызметкері ретінде қызметті жүзеге асырмағаны туралы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің тиісті мемлекетінің уәкілетті органының жазбаша растауы;

      11) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің қолданыстағы лицензиясының көшірмесі;

      12) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабында көзделген Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын есептік тіркеу құжаттары;

      13) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің шет тілінде берілетін құжаттары қазақ және орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға нотариатта куәландырылып ұсынылады.

      Қаржылық қадағалау органы, шет мемлекеттердің өзге де құзыретті органдары немесе лауазымды адамдары берген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастыруға не апостильдеуге жатады.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті оны уәкілетті орган қараған кез келген сәтте кері қайтарып алуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:

      1) ұсынылған құжаттардың осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін ол белгілеген мерзімде жоймау;

      3) осы баптың 1-тармағының 9) тармақшасында белгіленген талаптарды сақтамау;

      4) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалы атауының осы баптың 8-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      5) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне қатысты дәйексіз ақпарат беру.

      Уәкілетті орган осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беруден бас тартылғаны туралы бас тарту негіздемесін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін жазбаша нысанда хабардар етеді.

      3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға берілген рұқсаттың:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі ай ішінде Есептік тіркеу корпорациясында тіркеуден өтпеген;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы есептік тіркеуден өткен күннен бастап үш ай ішінде сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға лицензия алмаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі.

      4. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін оны есептік тіркеу сәтіне қарай қалыптастырады. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының активтерін қалыптастыру тәртібі, олардың тізбесі мен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап елу жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне және Корпорацияға жіберіледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсаттың уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыруға лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін заңды күші бар.

      6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын есептік тіркеуді Корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға берген рұқсатының негізінде жүзеге асырады.

      7. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының құқықтық мәртебесі Корпорацияда есептік тіркеумен және сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуымен айқындалады.

      8. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің ережесінде көрсетілген атауы ретінде пайдаланады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы өз атауында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің атауын, сондай-ақ "филиал" деген сөзді пайдалануға міндетті.

      9. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының орналасқан жері Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің ережесінде көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жері болып танылады.";

      12) 17-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру брокері меншікті қаражатын Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы депозиттерге орналастыруға құқылы.";

      13) 20-бап мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Осы баптың 1, 1-1, 2, 3, 4, 5, 8, 9, 10 және 11-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылмайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің қаржы жылының қорытындылары бойынша қаржылық есептілігінің аудиторлық есебінің көшірмесін және аудиторлық ұйымның ұсынымдарын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының аудиторлық ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері табыс еткеннен кейін он жұмыс күні ішінде қазақ және орыс тілдерінде ұсынуға міндетті.";

      14) 23-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде көрсетілген атауды өз атауы ретінде пайдаланады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы өз атауында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының атауын, сондай-ақ "филиал" деген сөзді пайдалануға міндетті.";

      15) мынадай мазмұндағы 30-1-баппен толықтырылсын:

      "30-1-бап. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашу

      1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында филиалын ашуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға мынадай талаптар сақталған кезде жүгінуге құқылы:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жиынтық активтерінің сомасы бес миллиард АҚШ долларына балама сомадан төмен болмауға тиіс;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақтандырудың барлық саласы мен сыныптарында сақтандыруды (қайта сақтандыруды) жүзеге асыру бойынша кемінде он жылдық тәжірибесінің болуы;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекет заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроримзді қаржыландырудың алдын алу және қарсы іс-қимыл жасау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың қатысушысы болып табылады, сондай-ақ Ақшаны жылыстатумен күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобымен (ФАТФ) ынтымақтастықты жүзеге асырады;

      4) уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасындағы келісімнің болуы.

      Уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасындағы келісімде бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық құпияны, банк құпиясын, сақтандыру құпиясын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын конфиденциалды ақпарат алмасу тәртібі, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашу, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және оның филиалының қызметін лицензиялау, басшы қызметкерлерін келісу, қызметін реттеу, бақылау мен қадағалау (қызметіне тексерулер жүргізу) және тоқтату мәселелері бойынша ынтымақтасу тәртібі, сондай-ақ бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру мақсаттары үшін өзге де өзара іс-қимыл мәселелері қамтылуға тиіс;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға қарсылық білдірмейтіні туралы жазбаша хабарламаның не көрсетілген мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша осындай рұқсаттың талап етілмейтіні тура мәлімдемесінің болуы;

      6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растамасының болуы.

      2. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы қазақ немесе орыс тілдеріндегі өтініш уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша мынадай құжаттарды қоса ұсына отырып беріледі:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағында филиал ашу туралы шешімі;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ереженің жобасы;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      4) уәкілетті орган айқындаған нысан бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы туралы мәліметтер, оның ішінде аудиторлық ұйым растаған соңғы аяқталған екі қаржылық жыл үшін қаржылық есептілік (бар болған ретте шоғырландырылған есептілікті қоса алғанда);

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ұйымдық құрылымы және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;

      6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының лауазымды адамы не құжаттарға қол қоюға уәкілетті адам бекіткен, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының актуарийі қол қойған, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары үшін таяудағы үш жылға әзірленген, "жалпы сақтандыру" саласында ашылған және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары үшін бес жылға "өмірді сақтандыру" саласында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бизнес-жоспары. Бизнес-жоспарда мынадай мәселелер көрсетілуге тиіс: Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашу мақсаты, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылатын филиалы бағдарланған қызметінің негізгі бағыттарының және нарық сегменттерінің қысқаша сипаты, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және оның филиалы туралы ақпарат, өнімдер мен көрсетілетін қызметтің түрлері, оларды іске асыру тәсілдері, маркетингтік зерттеулер, сақтандыру андеррайтингі, баға стратегиясы, оның ішінде сақтандыру тарифтерін есептеу тәртібі және олардың экономикалық негіздері, өнімдерді өткізу стратегиясы, сақтандыру өнімдерін бөлу, қаржы жоспары, оның ішінде шығындылық коэффициенттерінің болжамы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылатын филиалы жүргізуге ниет білдірген қайта сақтандыру саясаты, еңбек ресурстарын тарту жоспары, уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру;

      7) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлерінің лауазымдарына ұсынылатын адамдардың құжаттары;

      8) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында өтінішті беру күнінде тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленетін рейтингтік агенттіктердің бірінің ең аз талап етілетін рейтингінің болуын куәландыратын құжат;

      9) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға қарсылығы жоқтығы туралы жазбаша хабарлама не Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасы бойынша мұндай рұқсат талап етілмейтіні туралы өтініш:

      10) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында банк қызметін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиясының болуы туралы жазбаша растауы;

      11) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген пруденциялық нормативтер мен сақталуы міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзушылықтарының жоқтығы туралы жазбаша растауы;

      12) Қазақстан Республикасының аумағында іс-әрекет ететін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметіне байланысты міндеттемелер филиал тарапынан орындалмаған және (немесе) ішінара орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының оларды сөзсіз, дереу орындауы туралы жазбаша міндеттемесі;

      13) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қолданыстағы лицензиясының көшірмесі;

      14) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабында көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын есептік тіркеу құжаттары;

      15) "электрондық үкімет" төлем шлюзі арқылы ақы төлеу жағдайларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға лицензия бергені үшін алым төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шет тілінде берілетін құжаттары қазақ және орыс тілдеріне аударылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органға нотариатта куәландырылып ұсынылады.

      Қаржылық қадағалау органы, шет мемлекеттердің өзге де құзыретті органдары немесе лауазымды адамдары берген құжаттар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес заңдастыруға не апостильдеуге жатады.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті қосымша ақпаратты немесе құжаттарды сұратуға құқылы.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті оны уәкілетті орган қараған кез келген сәтте кері қайтарып алуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту төмендегi кез келген негiздер бойынша жүргiзiледi:

      1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;

      2) ұсынылған құжаттардың осы баптың 2-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) уәкілетті органның ұсынылған құжаттар бойынша ескертулерін олар белгілеген мерзімде жоймауы;

      4) осы баптың 2-тармағының 8) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптарды сақтамауы;

      5) осы Заңның 28-бабы 1-тармағының 4) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер;

      6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы атауының осы Заңның 23-бабының 7-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі;

      7) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты дәйексіз ақпарат беруі.

      Уәкілетті орган осы баптың 5-тармағында көзделген мерзімде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына бас тарту негіздерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беруден бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.

      4. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға берiлген рұқсат:

      1) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      2) уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат берілген күннен бастап екі айдың ішінде Корпорацияда есептік тіркеуден өтпеген;

      4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы есептік тіркеуден өткен күннен бастап үш ай ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияны алмаған жағдайларда күші жойылды деп есептеледі.

      5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы өтінішті уәкілетті орган өтініш берілген күннен бастап елу жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсат беру туралы хабарлама Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына және Корпорацияға жіберіледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға рұқсаттың уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүргізуге лицензия беру туралы шешім қабылдағанға дейін заңды күші бар.

      6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалын есептік тіркеуді Корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға берген рұқсаттың негізінде жүзеге асырады.

      7. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының орналасқан жері Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережесінде көрсетілген Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жері болып танылады.";

      16) 34-бап:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіруді және (немесе) бақылауды жүзеге асыратын және олардың негізінде сақтандыру және (немесе) инвестициялық қызмет жүргізілетін құжаттарға қол қою құқығы бар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшысы және оның орынбасарлары, өзге де басшылары, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлері болып танылады. Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының кемінде екі басшы қызметкері Қазақстан Республикасының резиденттері болуға тиіс.

      Басшы және оның орынбасарлары, бас бухгалтер Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлері болып танылады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы атқарушы орган басшысының не атқарушы органының заңды тұлғаның функциясын жеке дара жүзеге асыратын адамның лауазымын атқаруға басқа Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары басшысының лауазымын атқаруға құқығы жоқ.";

      3-тармақта:

      4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган қаржы ұйымын таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлеуге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент- сақтандыру брокерінің филиалын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банк филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы – жеке тұлға, сақтандыру ұйымының ірі қатысушысы (сақтандыру холдингі) – заңды тұлғаның басшысы болған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) оның қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруын тоқтатуға алып келген банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлеуге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, оны, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

      Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Басшы қызметкер тиісті функцияларды уәкілетті органның келісімінсіз ол тағайындалған (сайланған, тиісті функциялар берілген) күннен бастап не заңды тұлға сақтандыру холдингі мәртебесін алған кезде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының акцияларын сатып алған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде жүзеге асыруға құқылы.

      Осы тармақта көрсетілген мерзім өткеннен кейін және құжаттардың толық топтамасы уәкілетті органға келісуге ұсынылмаған не уәкілетті орган келісуден бас тартқан жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері осы адаммен еңбек шартын бұзуға не еңбек шарты болмаған жағдайда осы басшы қызметкердің өкілеттігін тоқтату жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

      Уәкілетті органның келісімінсіз осы тармақта белгіленген мерзімнен артық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерінің басшы қызметкерінің міндеттерін орындауға (уақытша жоқ адамды ауыстыруға) тыйым салынады.

      Уәкілетті орган сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру үшін ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарайды.

      Осы Заңның 27-бабы 1-1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдарды келісу үшін құжаттарды ұсынған кезде уәкілетті орган заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттарды алған күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде өтініш берушіге көрсетілген тұлғаларды келісу не келісуден бас тарту туралы шешімді жібереді.

      Осы Заңның 16-4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және 30-1-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жаңадан ашылатын филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлері лауазымдарына ұсынылатын тұлғаларды келісу үшін құжаттарды ұсынған кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне көрсетілген тұлғаларды келісу не келісуден бас тарту туралы шешімді Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының есептік тіркелуін растайтын құжаттарды алған күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының басшы қызметкерлері лауазымына ұсынылатын адамдарды келісуден бас тартуына байланысты құжаттар қайтадан ұсынылған кезде құжаттарды уәкілетті орган осы тармақтың төртінші бөлігінде көзделген мерзімде қарайды.";

      8-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) басшы қызметкерлердің осы Заңның 16-2-бабында, осы бапта немесе уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының басшы қызметкерлері үшін), "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 20) тармақшасында, 54-бабының 4-тармағында, 59-бабының 2-тармағында және "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген мәліметтерге, оның ішінде резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан уәкілетті орган алған мәліметтер жатады.";

      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органның сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, сақтандыру брокерінде басшы қызметкерді тағайындауға (сайлауға) берген келісімін кері қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарындағы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарындағы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарындағы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарындағы осы басшы қызметкерге бұдан бұрын берілген келісімін (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.";

      17) 36-5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережемен исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңеске исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметіне қойылатын, сақталуы міндетті өзге де талаптарды айқындау құқығы берілуі мүмкін.";

      18) 36-7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-7-бап. Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысына қойылатын қосымша талаптар

      Исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жарғысында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы туралы ережеде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген мәліметтерге қоса:

      1) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қызметінің мақсаттары;

      2) исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы тұрақты жұмыс істейтін органының – исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ оны құру тәртібі және исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңестің мүшелеріне қойылатын талаптар;

      3) исламдық қаржыландыру қағидаттары жөніндегі кеңес мақұлдаған исламдық сақтандыру қорын басқарғаны үшін сыйақы алудың талаптары және тәртібі қамтылуы тиіс.";

      19) 37-бап:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1.      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияны уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде резиденті Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиялар болған кезде береді.";

      4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Сақтандыру ұйымы сақтандыру ұйымын құруға (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын ашуға) рұқсат алу кезiнде сақтандырудың қосымша сыныптары бойынша сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшiн бизнес-жоспарда көрсетiлген талаптарды орындау мерзiмi аяқталғанға дейiн уәкiлеттi органға өтініш жасауға құқығы жоқ.";

      8-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Брокерлік қызметтің қосымша түрі бойынша сақтандыру брокерінің қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 5) тармақшаларында белгіленген құжаттар;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының резерв ретінде қабылданатын активтері мөлшерінің уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең төменгі мөлшерге сәйкестігін растайтын құжаттар.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Лицензия беру туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Осы Заңның 27-бабы 1-1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына лицензия беру туралы құжаттарды ұсынған кезде уәкілетті орган заңды тұлға мемлекеттік тіркелген күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде өтініш берушіге лицензия беру не беруден бас тарту туралы шешімді жібереді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылатын филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына лицензия беру туралы құжаттарды осы Заңның 16-4-бабының 1-тармағына және 30-1-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынған кезде уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокеріне филиалды есептік тіркеген күннен бастап тоғыз жұмыс күні ішінде лицензия беру не беруден бас тарту туралы шешімді жібереді.

      Құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ашылатын филиалына лицензия беруден бас тартуға байланысты құжаттарды қайта ұсынған кезде құжаттарды уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзімде қарайды.

      Өтініш беруші лицензия алу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, лицензияны қайта ресімдеу туралы өтінішті уәкілетті орган Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келетін құжаттардың толық топтамасы ұсынылған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.

      Өтініш беруші лицензияны қайта ресімдеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган құжаттарды алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді.";

      мынадай мазмұндағы 13-тармақпен толықтырылсын:

      "13. Осы баптың 7-2, 7-3 және 8-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылмайды.";

      20) 38-баптың 1-тармағында:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) тағайындау (сайлау) ұсынылып отырған кандидаттардың арасынан басшы қызметкерге келісім берілмесе (жаңадан құрылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері, Қазақстан Республикасының ашылатын бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы үшін);";

      мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) осы Заңның 16-4-бабының 4-тармағына және 46-бабының 12-тармағына сәйкес резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының активтерін қалыптастыру жөніндегі талапты орындамаса;

      7) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы берген мәні бойынша ұқсас қызмет түрлерін жүзеге асыруға қолданыстағы лицензиялары болмаса;

      8) осы Заңның 34-бабының 1-1-тармағында көрсетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлерінің қатарында кемінде екі басшы қызметкердің болуы жөніндегі талаптарды сақтамаса жүргізіледі.";

      21) 43-бапта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын құруға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат бередi;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруға және таратуға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға келісім береді;";

      13) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін мәжбүрлеп тоқтататын тарату комиссияларының қызметiн бақылауды жүзеге асырады;";

      22) 44-бап мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметіне тексеру жүргізу кезінде уәкілетті орган резиденті осы Заңның 30-1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген келісім шеңберінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органынан Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің қызметі туралы ақпарат алуға құқылы.";

      23) 48-баптың 5-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) осы Заңның 25-1-бабында көзделген шарттарға сәйкес келетін қамтамасыз етілмеген қарыз тартуды қоспағанда, банктерден, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарынан меншікті капиталының мөлшерінен асатын мөлшерде қарыз қаражатын үш айдан астам мерзімге тартуға;";

      24) 53-3-бап мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Филиалына уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көрсетілген талаптар қойған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржылық жай-күйін жақсарту бойынша, оның ішінде осы Заңның 46-бабының 12-тармағында көзделген резервтер ретінде қабылданатын активтердің мөлшерін ұлғайту жөнінде, оның қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына және уәкілетті органның талаптарына сәйкес келтіру арқылы тәуекелдерді барынша азайту бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

      Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдаған шаралар жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы бұрын уәкілетті органға осы Заңның 30-1-бабының 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының орындамаған және (немесе) тиісінше орындамаған міндеттемелерін орындайды.";

      25) 53-5-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалына бұрын оларға қолданылған қадағалап ден қою шараларына қарамастан, мынадай санкцияларды қолдануға

      1) осы Заңның 54-бабының 1-2-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензияның қолданылуын тоқтата тұру;

      2) осы Заңның 55-бабының 1-2-тармағында көзделген негіздер бойынша лицензиядан айыруға құқылы.";

      26) 54-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы лицензиясының қолданылуы мынадай негіздердің бірі бойынша алты айға дейінгі мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін:

      1) осы Заңның осы бабының 1-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 2-4), 2-6), 2-7), 4), 5), 7), 8), 9), 10), 10-1), 11), 12), 13) және 16) тармақшаларында көзделген негіздер;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының осы Заңның 16-4-бабының 4-тармағына және 46-бабының 12-тармағына сәйкес уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген резерв ретінде қабылданатын активтердің мөлшеріне қойылатын талаптарды сақтамауы;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уәкілетті органның осы Заңның осы бабының 4-тармағына және 46-бабының 4-тармағына сәйкес қойған талаптарды орындамауы;

      4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы үшін осы Заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес тыйым салынған қызметті жүзеге асыруы;

      5) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының қызметі барысында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптардың сақталмауы;

      6) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданылуын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе соттың тоқтата тұруы.";

      27) 55-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Уәкілетті орган мынадай негіздердің бірі бойынша:

      1) осы баптың 1-тармағының 1), 2), 2-1), 2-2), 2-3), 4), 6), 7), 8) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша;

      2) осы Заңның 54-бабының 1-2-тармағының 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген бірнеше рет (қатарынан он екі күнтізбелік ай ішінде екі және одан да көп рет) бұзушылық;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының немесе сотының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметіне, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерін сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыруға лицензиядан айыруы;

      4) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері резиденті болып табылатын мемлекеттің соты Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерін мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешім қабылдауы;

      5) соттың осы Заңның 72-1-бабының 4-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдауы.";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім оны уәкілетті орган қабылдаған күннен бастап күшіне енеді. Лицензиядан айыру туралы қабылданған шешім туралы ақпарат уәкілетті органның интернет ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыру туралы шешімге шағымдануға құқылы.";

      28) мынадай мазмұндағы 72-1-баппен толықтырылсын:

      "72-1-бап. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтата тұру

      1. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін тоқтату:

      1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының рұқсаты не тиісті мемлекеттік қаржылық қадағалау органының заң бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына мұндай рұқсат (қызметті ерікті түрде тоқтату) талап етілмейтіндігі туралы өтініш негізінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шешімі бойынша уәкілетті органның рұқсаты болған кезде;

      2) уәкілетті органның лицензиядан айыру (қызметті мәжбүрлеп тоқтату) туралы шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

      2. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде және мәжбүрлеп тоқтату рәсімдеріне қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде немесе мәжбүрлеп тоқтататын кредиторлар комитетінің құрамын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясын ұсыну бойынша уәкілетті орган бекітеді.

      Кредиторлар комитетін қалыптастырудың және олардың қызметінің ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      3. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына олар жасаған сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы филиалының міндеттемелерінен тұратын сақтандыру портфелін беру жөніндегі шаралар қабылдауға міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру портфелін берілетін сақтандыру сыныптары бойынша лицензиясы бар және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалына бергеннен кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінуге құқылы.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру не аталған рұқсатты беруден бас тарту тәртібі, сондай-ақ сақтандыру портфелін беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беру туралы өтiнiшхатқа тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленетiн құжаттар қоса берілуге тиiс.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алуға берілген өтінішхатты уәкілетті орган барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап екі ай ішінде қарауға тиіс.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруден уәкiлеттi орган мынадай негiздер бойынша:

      1) осы Заңның 68-бабы 1-тармағының 2), 3) және 5) тармақшаларында көзделген негіздері бойынша;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін көзделiп отырған ерікті түрде тоқтату нәтижесiнде сақтанушылар мен өзге де кредиторлардың заңды мүдделерi бұзылған;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда бас тартады.

      Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат беруден бас тартқаны туралы бас тартудың негiздемесiн көрсете отырып жазбаша хабарлайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат алғаннан кейін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы он жұмыс күні ішінде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны уәкілетті органға қайтаруға міндетті.

      Қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсатын алғаннан кейін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы тарату комиссиясын құрады, оған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер өтеді.

      Қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы уәкiлеттi органның сұратуы бойынша оған өз қызметi туралы кез келген мәлiметтердi және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға қатысты деректердi табыс етуге мiндеттi.

      Тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын тарату туралы есеп бекiтілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi. Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтату рәсімінің аяқталғаны туралы шешім қабылдайды.

      Қызметін ерікті түрде тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерінде белгiленедi.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға байланысты барлық шығыстар Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалы кредиторларының барлық талаптары қанағаттандырылғаннан кейін пайдаланады.

      4. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыруға байланысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру және (немесе) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) туралы шешіміне байланысты жүргізіледі.

      Сот Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін уәкілетті орган оны лицензиядан айыруға байланысты емес негіз бойынша мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган оны лицензиядан айыру туралы мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.

      5. Уәкілетті органның шешіміне байланысты Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айырған күннен бастап Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы тағайындалады, ол Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүзеге асырады.

      Қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы оның кредиторларымен есеп айырысуды қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айырылған күннен бастап:

      1) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты шығыстар жүргізіледі;

      2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының басшы қызметкерлерінің өкілеттіктері тоқтатылады, ал қажет болған кезде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының өзге қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыстан босатылады;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары), органдары, басшы қызметкерлері Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкіне иелік етуге құқығы жоқ;

      4) кредиторлардың, мемлекеттік кірістер органдарының талаптары, оның ішінде даусыз тәртіппен қанағаттандыруға жататын талаптары бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының банктік шоттарынан ақшаны өндіріп алуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкінен өндіріп алуға жол берілмейді;

      5) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қатысты соттардың бұрын қабылдаған шешімдерін орындау тоқтатыла тұрады;

      6) үш ай ішінде сақтандыру портфелін беру жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы лицензиядан айырылған күннен бастап сақтандыру портфелін беру тәртібі мен ерекшеліктері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы сақтандыру портфелін беру, кредиторларының талаптарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты барлық шығыс Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданған активтерін қоса алғанда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаражаты есебінен ғана жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының құрамына енгізілген уәкiлеттi орган қызметкерлерiнің еңбегіне ақы төлеуге байланысты шығыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтатуға байланысты шығыстарды уәкiлеттi органның қаржыландыруына тыйым салынады.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларын тағайындау және босату тәртiбi, тарату комиссиясының төрағасына және мүшелерiне қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссияларының жұмысына қойылатын талаптар уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалады.

      Тарату комиссиясы төрағасының және мүшесінің құқықтары мен міндеттері, оның ішінде сыйақыға құқығы, қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының істері мен мүлкін басқару жөніндегі өкілеттіктердің көлемі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен және кредиторлар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, олармен жасасатын келісіммен реттеледі.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясының төрағасына, мүшелерiне және өзге де тартылған қызметкерлерiне төленетiн ай сайынғы сыйақының мөлшерi олардың әрқайсысына тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленетiн он еселенген ең төменгi жалақыдан аспауға тиiс.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының аралық тарату балансын және кредиторларының талаптар тізілімін уәкілетті орган бекітеді.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы уәкілетті органға істеген жұмысы туралы есептер және оның жазбаша сұратуы бойынша өзінің қызметі туралы қосымша мәліметтер және таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымына қатысты деректерді беруге міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату, конкурстық массасы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалған тәртiппен қалыптасады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлкін сатуды тарату комиссиясы уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде айқындалған тәртіппен жүргізеді.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы жасасқан мәмілені өзін лицензиядан айырғанға дейін бір жыл ішінде осы Заңның 70-бабының 1-1-тармағында көзделген негіздер бойынша соттың жарамсыз деп тануы туралы талап қоя алады.

      Қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру осы Заңның 72-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтерін, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтерін және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақшаны пайдалануға құқылы.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтері, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтері жеткіліксіз болған кезде, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын осы Заңның 30-1-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес бұрын уәкілетті органға ұсынылған жазбаша міндеттемеге сәйкес қанағаттандырады.

      Уәкiлеттi орган тарату туралы есепті бекітеді және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімінің аяқталғаны туралы шешім қабылдайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы есептік тіркеуден шығарылғаннан кейін қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиалдың есептік тіркеуден шығарылғаны туралы анықтаманың көшірмесін ұсынады.

      6. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалынан Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру және (немесе) Қазақстан бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату (қызметін тоқтату) құқығына лицензиядан айыру негіздері бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан айырған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімі мынадай ерекшеліктерді ескере отырып жүзеге асырылады:

      1) осы баптың 5-тармағы он сегізінші бөлігінің ережелері қолданылмайды;

      2) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыруды қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының тарату комиссиясы осы Заңның 72-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтері, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақша есебінен жүргізеді;

      3) Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының активтері, оның ішінде резерв ретінде қабылданған активтері және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін жүзеге асыру үшін ашылған банктік шоттардағы ақша жеткіліксіз болған кезде, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы кредиторларының талаптарын қанағаттандыру Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүргізіледі.

      Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органы арасында Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын тарату рәсімдерінің барысы және нәтижелері туралы ақпаратпен алмасу осы Заңның 30-1-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген келісімде көзделген негіздермен және тәртіппен жүзеге асырылады.

      7. Уәкiлеттi орган қызметі ерiктi және мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалдарының тарату комиссияларының қызметiне бақылауды осы Заңның 73-бабына сәйкес жүзеге асырады.";

      29) 74-бапта:

      1-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы Ұлттық Банкке бухгалтерлік есеп деректері бойынша анық және толық есептілікті және өзге де есептілікті уақтылы ұсынуға міндетті.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының бухгалтерлік есеп деректері бойынша анық және толық есептілігінің және өзге де есептiлігінің тiзбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзiмдерi мен тәртiбi уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленедi.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы анық (толық емес) есептілікті ұсынған жағдайда олардың бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілігін және өзге де есептiлігін түзетуді талап етуге құқылы.";

      30) 75-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сақтандыру резервтерi бойынша мiндеттi актуарий қорытындысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жылдық қаржылық есебiнiң, Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының бухгалтерлік есеп деректері бойынша жылдық есебінің ажырамас бөлiгi болып табылады және уәкiлеттi органға табыс етiлуге тиiс.";

      31) 76-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "76-бап. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, сақтандыру брокері және сақтандыру холдингі қызметінің негізгі көрсеткіштерін жариялау

      1. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы және сақтандыру брокері – жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – жылдық шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті және аудиторлық есепті оларда ұсынылған мәліметтердің дәйектілігін тәуелсіз аудиторлық растаудан кейін және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы акционерлерінің жылдық жиналысы жылдық қаржылық есептілікті бекіткеннен кейін уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жариялайды.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін бухгалтерлік балансты, пайдалар мен шығындар туралы есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде, оларды аудиторлық растаусыз тоқсан сайын жариялайды.

      Сақтандыру холдингтері – жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілікті, ал еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ аудиторлық есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімде жариялайды.

      Осы баптың талаптары сақтандыру холдингтері болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қолданылмайды.

      2. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы:

      бухгалтерлік есеп деректері бойынша жылдық есептілікті;

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін, еншілес ұйымы (ұйымдары) болмаған жағдайда – Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокері бекіткен шоғырландырылмаған қаржылық есептілікті, сондай-ақ тексерілетін Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінен, олардың акционерлерінен (қатысушыларынан) және аудиторлық ұйымның басшы қызметкерлерінен тәуелсіз оларда берілген мәліметтердің дәйектілігін растайтын аудиторлық есепті уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және мерзімде жариялайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келетін активтер мен міндеттемелер туралы есепті, кірістер мен шығыстар туралы есепті уәкілетті орган белгіленген тәртіппен және мерзімде, оларды аудиторлық растаусыз тоқсан сайын жариялайды.";

      32) 80-бапта:

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ұйыммен жасалған ақпарат беру туралы шарттар негізінде сақтандырушылар, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары;";

      4-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) ұйыммен сақтандыру есептерін алу туралы жасалған шарттар негізінде сақтандырушылар, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) ұйыммен жасалған ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттың және дерекқор субъектісінің келісімі негізінде банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар сақтандыру есебін алушылар болып табылады.";

      33) 81-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары лицензияда көрсетілген сақтандырудың барлық сыныбы бойынша осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген ақпарат ұсынады.";

      34) 84-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын есептік тіркеу туралы анықтаманы;".

      23. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат): 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; №17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-І, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; №24-І, 119-құжат, 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 27-баптың 1-тармағының 1-12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-12) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлейді және мақұлдайды, облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекітуіне ұсынады, жобалық басқару негізінде мониторингті және іске асыруды қамтамасыз етеді;";

      2) 29-баптың 1-тармағы:

      мынадай мазмұндағы 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-3) аумақтарды дамыту бағдарламасына басшылық жасайды";

      1-4) жобалық басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Жобалау қызметінің үлгі регламенті негізінде жобалау қызметінің регламентін және жобалық басқарудың ұйымдық құрылымын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) бағдарламалардың басқарушы комитеттерінің дербес құрамын қалыптастырады;";

      3) 35-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі өзіне жүктелген функциялар мен аумақтарды дамыту бағдарламасының жобаларын іске асыру үшін өзінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша жоғары тұрған әкімнің, аудандық (облыстық маңызы бар қаланың), республикалық маңызы бар қаланың, астананың мәслихатының алдында жауапты болады.";

      4) 39-3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мониторинг аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің бекітілген көрсеткіштерінің, аумақтарды дамыту бағдарламасы аясында іске асырылатын жобалардың атқарылуы туралы ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және жинақтап қорыту мақсатында жүргізіледі.".

      24. "Қазақстанның Даму Банкі туралы" 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; № 24, 93-құжат, 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      5-баптың 9) тармақшасындағы "жүзеге асыруға құқылы." деген сөздер "жүзеге асыруға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес синдикатталған қаржыландыруға қатысуға және (немесе) банк-агенттің және (немесе) кепілді басқарушының функцияларын орындауға құқылы.".

      25. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 13-14, 175-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; 2003 ж., № 23, 168-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 17, 139-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019ж., № 7, 337-құжат):

      27-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шетелге шығатын турист туристі міндетті сақтандыру шартын жасасуға ниет білдірген сақтандыру ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының атауын сұратуға;".

      26. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж., № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж. 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 3, 21, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6,45-құжат, №7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар;. №24-І, 119-құжат, 2020 жылғы 1 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы)":

      1) 17-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) объектіні жобалау, сараптама, салу және кейіннен пайдалану процесінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ еңбекті қорғау, өрт және жарылыс қауіпсіздігі, санитариялық және экологиялық қауіпсіздік, мүгедектер мен халықтың қауқары аз топтары үшін әлеуметтік, көліктік және рекреациялық инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік нормативтерді сақтамау, оның ішінде мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерде ТЖКҚ дерекқорын жүргізу қағидаларына сәйкес жасалған тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді және оларды берушілердің дерекқорына енгізілген отандық өнім құрылыс материалдарын, жабдықтарын, бұйымдары мен конструкцияларын қолданбау;".

      27. "Кредиттік серіктестіктер туралы" 2003 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 5, 32-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 11, 55-құжат; 2010 ж., № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 6-құжат; 2012 ж., № 6, 7, 28-құжат; 2013 ж., № 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат; № 24, 126-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; 2019 жылғы 5 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет пен салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы):

      17-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кредиттік серіктестіктер өз қызметін микрокредиттер беру қағидаларының, кредиттік серіктестіктің кредиттік комитеті туралы ереженің және кредиттік серіктестіктің жоғары органы – кредиттік серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысы бекітетін ішкі ережелері негізінде жүзеге асырады.

      3. Микрокредиттер беру қағидаларының мазмұнына қойылатын талаптар "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген".

      28. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33 -құжаттар; 2008 ж., 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-І, 101-құжат; № 19-II, 101-құжат 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 7, 37, 39-құжаттар; № 15-16, 67-құжат):

      1) 22-баптың 6-тармағының екінші бөлігіндегі "қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін" деген сөздер "базалық мөлшерлемесін" деген сөздермен ауыстырылсын;";

      2) 23-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс.";

      3) 24-баптың 1-тармағында:

      екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Артықшылықты бір акцияға дивидендтер төлеу кезеңділігі, мерзімдері және дивидендтің мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді.";

      төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қоғамда немесе бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде акционердің жаңартылған деректемелері туралы мәліметтер болмаған жағдайда, қоғамның артықшылықты акциялары бойынша дивидендтерді төлеу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, талап етілмеген ақшаны есепке алу үшін орталық депозитарийде ашылған шотқа жүзеге асырылуға тиіс.";

      4) 59-баптың 2-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атқарушы органның басшысы не қоғамның атқарушы органының функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адам атқарушы орган басшысының не басқа заңды тұлғаның атқарушы органының функциясын жеке дара жүзеге асыратын адамның лауазымын атқаруға не қызмет нысанасы қаржылық қызметтерді көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалы басшысының лауазымын атқаруға құқығы жоқ.".

      29. "Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы" 2003 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 11, 63-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; 2006 ж., № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2017 ж., № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының құқықтық жағдайын, оның құрылуы мен қызметінің тәртібін, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына қатысу шарттарын және оның қызметіне бақылауды қамтамасыз ету қағидаттарын айқындайды.";

      2) 1-бапта:

      4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) консультативтік комитет – сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының мүдделерін білдіретін алқалы консультативтік-кеңесші орган;

      5) кредитор – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры кепілдік беретін, сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының міндетті сақтандыру шарты бойынша, таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша кепілдік төлем алуға құқығы бар сақтанушы (сақтандырылушы, пайда алушы) не сақтандыру шарты мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген сақтандырушы жауапкершілігінің көлемі шегінде келтірілген зиянды жәбірленушіге (зиянның өтелуіне құқығы бар адамға) өтеген және сақтандыру төлеміне құқық алған өзге де тұлға;

      6) қосымша жарна – осы Заңға сәйкес зиянды өтеу резервін қалыптастыру үшін сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорына төлейтін ақша сомасы;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы – уәкілетті орган оған қатысты сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) өтініш беруші – сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша лицензия алуға және (немесе) қызметті жүзеге асыруға ниет білдірген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сақтандыру ұйымы ретінде тіркелген заңды тұлға не сақтандыру ұйымы, есептік тіркеуден өткен Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы;";

      13), 14) және 15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) сақтандырудың міндетті түрлері бойынша кепілдік төлем – "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда, мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыру шарты бойынша Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры осы Заңда көзделген тәртіппен және талаптармен басталған сақтандыру жағдайлары бойынша сақтанушыға (сақтандырылушыға, пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы;

      14) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесі – сақтандыру жағдайы басталған кезде мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыруының міндетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді, сондай-ақ таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының сақтандыруының аннуитетті сыныптары бойынша кепілдік төлемді алуға байланысты сақтанушылардың (сақтандырылушылардың, пайда алушылардың) құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған, осы Заңда көзделген ұйымдық-құқықтық шаралар кешені;

      15) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы болып табылатын сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы (қатысушы-сақтандыру ұйымы) – Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорымен қатысу шартын жасасқан сақтандыру ұйымы, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы;";

      17), 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17) сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резерві – Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры міндетті жарналар, комиссиялық сыйақы шегеріле отырып, оларды инвестициялаудан алынған кірістер (залалдар), сондай-ақ Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қорының талаптарын қанағаттандыру тәртібімен ол мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымынан, қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалынан алған және осы Заңның 12-бабының 2-2-тармағында көзделген жағдайларда пайдаланылатын ақша есебiнен қалыптастыратын ақша сомасы;

      18) сақтандыру шарты – сақтандырудың кепілдік берілетін түрлері бойынша сақтанушы сақтандыру ұйымымен, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалымен жасасқан шарт;

      19) таратылатын сақтандыру ұйымы, қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы – уәкілетті орган өзіне қатысты лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған қатысушы – сақтандыру ұйымы;";

      3) 2-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы Заңның сақтандыру ұйымдарына белгіленетін талаптары, сондай-ақ осы Заңның кепілдік төлемдерін жүзеге асырудың негіздері мен тәртібін реттейтін ережелері "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында сақтандырудың кепілдік берілген түрлері бойынша сақтандыру қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.";

      4) 4-1-бапта:

      2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағанға не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқарушы органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы-жеке тұлға, ірі қатысушы-заңды тұлғаның басшысы болып табылған адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган қаржы ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиясынан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағаннан не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) Қордың және (немесе) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісім кері қайтарып алынған адам Қордың басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді кері қайтарып алу туралы шешімді қабылданғаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай ішінде қолданылады.";

      7-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қордың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) берілген келісімді уәкілетті органның кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында бұдан бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болады.";

      5) 9-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өтiнiш берушi қатысу шартын жасасу, Қордың акцияларын сатып алу үшiн Қорға мынадай құжаттардың:

      1) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесін;

      2) есептік тіркеу туралы анықтаманың көшірмесін (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы үшін);

      3) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде жарғының көшірмесін не жарғының нотариат куәландырған көшірмесін;

      4) салыстырып тексеру үшін түпнұсқасымен бір мезгілде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туралы ереженің көшірмесін не Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалы туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады.";

      6) 12-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қатысушы-сақтандыру ұйымы (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда) сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан айрылған күннен бастап қатысушы-сақтандыру ұйымының міндетті және төтенше жарналарын төлеу міндеттемесі қатысушы-сақтандыру ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін тоқтатыла тұрады.

      Қатысушы-сақтандыру ұйымының (Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымының филиалын қоспағанда) міндетті және төтенше жарналарын төлеу міндеттемесі оны мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап тоқтатылады.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының міндетті және төтенше жарналарын төлеу міндеттемесі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру ұйымының филиалын сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған күннен бастап тоқтатылады.

      Осы Заңға сәйкес қатысушы-сақтандыру ұйымдары төлеген міндетті және төтенше жарналар қайтарылуға жатпайды.";

      7) 19-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) уәкілетті органның Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалын лицензиядан айыру және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату рәсімін жүргізу туралы Қорды хабардар етуге;";

      8) 20-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қордан мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының, қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалының кредиторларына кепілдік төлемдерін жүзеге асырылғаны туралы хабарлама алуға құқылы.";

      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) құжаттардың көшірмелерін және үзінділерін алу құқығын бере отырып, Қордың уәкілетті өкілдерінің Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымы филиалын тарату немесе қызметін мәжбүрлеп тоқтату процесіне қатысты ақпарат пен құжаттамаға қол жеткізуін қамтамасыз етуге;".

      30. "Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 11 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 84-құжат; 2009 ж., № 24, 134 құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын талаптары Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.".

      31. "Аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2003 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 12, 89-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын талаптары Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.".

      32. "Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 102-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын талаптары Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезиденті-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.".

      33. "Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 1 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 25-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 8, 44-құжат;№ 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж.,№ 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-I, 119-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын талаптары Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.".

      34. "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 119-құжат; 2004 ж., № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 24-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 4, 28-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; № 17-18, 111-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 15, 125-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14, 15-құжаттар; № 10, 77-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-І, 128-құжат; № 22-III, 149-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-І, 169-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22 90-құжат):

      1) 1-бапта:

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы – өз қызметін бағалы қағаздар рыногында лицензия негізінде не Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;";

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) делистинг – бағалы қағаздарды сауда-саттық ұйымдастырушының ресми тiзiмiнен шығарып тастау;";

      47-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "47-2) клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік қоры – клирингтік қатысушылардың жарналары есебінен қалыптастырылған және клирингтік қатысушыларға қызмет көрсету, сондай-ақ клирингтік қатысушылардың клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету кезінде клирингтік ұйым (орталық контрагент) қызметінің тәуекелдерін төмендетуге арналған қаражат;";

      49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "49) қамтамасыз етiлген облигация – эмитент мiндеттемелерiн орындау эмитент мүлкiнiң кепiлiмен толық немесе ішінара, банк кепiлдiгiмен және (немесе) мемлекеттің кепілдігімен қамтамасыз етiлген облигация;";

      мынадай мазмұндағы 50-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "50-1) маржалық жарна – клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) алдындағы міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде клирингтік қатысушы енгізген ақша және (немесе) өзге қаржы құралдары;";

      59) және 60) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "59) листинг – қор биржасының бағалы қағаздар тiзiмiнiң санатына енгiзу және соларда болу үшін қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленiп, бағалы қағаздарды бағалы қағаздардың ресми тізіміне енгiзу;

      60) лицензиат – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган берген лицензия негiзiнде бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;";

      77) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "77) өтiнiш берушi – бағалы қағаздар рыногында қызметтi жүзеге асыру үшiн лицензия алу мақсатымен қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органға құжаттарды табыс еткен заңды тұлға, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы;";

      83) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "83) төлем агентi – банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым;";

      100) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "100) эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару талабы – эмитент, оның қаржылық жағдайы, сатылады деп болжанатын эмиссиялық бағалы қағаздар, шығарылымның көлемi, шығарылымдағы бағалы қағаздардың саны, олардың шығарылымы, орналастырылуы, айналымда болуы, дивидендтер (сыйақы) төлеу, өтеу рәсiмi мен тәртiбi туралы мәлiметтер және инвестордың бағалы қағаздар сатып алу туралы шешiмiне ықпал етуi мүмкiн басқа да ақпарат бар құжат (бағалы қағаздар шығарылымының проспектісі, жеке меморандум, он екі айдан аспайтын айналыс мерзімі бар облигациялардың шығарымы туралы мәліметтер, шығарылым талаптарын айқындайтын өзге құжат);

      мынадай мазмұндағы 105) және 106) тармақшалармен толықтырылсын:

      "105) қатысудың клирингтік сертификаты – орталық контрагенттің функцияларын орындайтын және оның иесінің клирингтік ұйымның кепілдік қорындағы активтерінің құқығын куәландыратын клирингтік ұйым шығаратын эмиссиялық емес бағалы қағаз;

      106) клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған шоттар – клирингтік ұйымның осы Заңның 44-1-бабы 4-1-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген активтерін есепке алу үшін клирингтік ұйымның атына ашылған шоттар.";

      2) 3-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бағалы қағаздармен қаржы рыногының активтерiн таниды, оларды тіркеу тәртібін, шығару, айналысқа жіберу, өтеу талаптары мен тәртібін айқындайды;";

      3) 3-2-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және Ұлттық пошта операторы бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде оларға осы баптың талаптары қолданылмайды.";

      4) 3-5-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымның (банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын қоспағанда) өз есебінен және өз клиенттерінің есебінен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелерді орындауы;";

      5) 3-6-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бағалы қағаздар рыногында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүргiзуге лицензиядан айыру туралы шешімге Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы болып табылатын бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушы атынан Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі ғана шағым жасауға құқылы.";

      6) 9-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Осы баптың талаптары айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларға, жеке орналастыруға жататын облигацияларға қолданылмайды.";

      7) 12-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Осы баптың талаптары айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларға, жеке орналастыруға жататын облигацияларға қолданылмайды.";

      8) мынадай мазмұндағы 12-1-баппен толықтырылсын:

      "12-1-бап. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару

      1. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигацияларды шығару, осы Заңның мақсатына орай шектеулі инвесторлардың арасында орналастырылатын облигацияларды шығару деп танылады.

      2. Жеке орналастыруға жататын облигацияларды шығару талаптарын жеке меморандум айқындайды, мазмұнына қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      3. Осы облигацияларды орналастыруға қатысатын инвесторлар саны елуден аспауға тиіс.

      4. Жеке орналастыруға жататын облигацияларды білікті инвесторлар болып табылмайтын инвесторлардың арасында орналастыруға тыйым салынады.

      5. Жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу, жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеу тәртібі, талаптары және мерзімдері, сондай-ақ жеке орналастыруға жататын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуге, жеке меморандумға өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды тіркеуге арналған құжаттарға қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      6. Жеке орналастыруға жататын облигацияларды қор биржасының ресми тізіміне енгізуге рұқсат етіледі.";

      9) 15-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы баптың талаптары айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын облигацияларға, жеке орналастыруға жататын облигацияларға қолданылмайды.";

      10) 16-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібі, талаптары және мерзімдері, сондай-ақ айналыс мерзімі он екі айдан аспайтын мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуге арналған талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      11) 18-3-баптың 1-тармағындағы "резиденті емес эмитенттер" деген сөздерді "эмитенттері" деген сөзбен ауыстырылсын;

      12) 31-баптың 8-тармағында "қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін" деген сөздер "базалық мөлшерлемесін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Эмитент немесе төлем агенті (эмитентте төлем агентімен шарт болған жағдайда) облигациялар шығарылымының проспектiсiнде (жеке меморандумда) белгiленген өтеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр ай iшiнде уәкiлеттi органды мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары жөнінде хабардар етеді.";

      14) 36-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер, сондай-ақ эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі эмитенттердің міндеттемелері бойынша талап ету құқығын басқаға беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен және мерзімде номиналдық ұстауды есепке алу жүйесінде және бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесінде тіркелуге жатады.";

      2, 4, 5, 6 және 8-тармақтар алып тасталсын;

      15) 41-бапта "акционерлері" деген сөз "ірі акционерлері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 43-баптың 3-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) эмиссиялық бағалы қағазды немесе басқа да қаржы құралын ұстаушыға: эмиссиялық бағалы қағаздар немесе басқа да қаржы құралдары бойынша өзінің құқықтарына қатысты, ұстаушының жазбаша түрде берген келісімі негізінде не бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінде және (немесе) нақтылы ұстау жүйесінде ашылған жеке шоттағы сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға;";

      17) 46-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.";

      18) 47-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.";

      19) 47-1-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.";

      20) 51-баптың 1-тармағы 13) тармақшадағы "жоймаған жағдайларда, лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы." деген сөздер "жоймаған;" деп ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі резидент болып табылатын мемлекеттің қаржылық қадағалау органының Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің мәні бойынша барлық немесе осыған ұқсас жекелеген қызмет түрлерін жүргізуге лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған жағдайларда (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына берілген лицензияға қатысты), лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.";

      21) 53-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банктердiң, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының бағалы қағаздар нарығындағы қызметi Қазақстан Республикасының осы ұйымдардың қызметiн реттейтiн заңнамалық актiлерiнiң талаптары ескерiле отырып жүзеге асырылады.";

      22) 53-1-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылар ұсынатын қызметтерді жарнамалаушы ретінде мына тұлғаларға:

      уәкілетті органның бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарына;

      лицензиаттардың қызметкерлері болып табылмайтын және лицензиаттар уәкілеттік бермеген жеке тұлғаларға әрекет етуге тыйым салынады.";

      23) 54-бапта:

      2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті органның қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау туралы не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену туралы, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиясынан айыру туралы шешімі қабылданғанға дейін немесе қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының, басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі (трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын тұлға және оның орынбасары), бас бухгалтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент- сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, ірі қатысушы – жеке тұлға, қаржы ұйымның ірі қатысушысы – заңды тұлғаның басшысы болған адамдар өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену туралы, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін немесе қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) лицензиаттың не өзге де қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері лауазымына тағайындалуға (сайлануға) келісімі кері қайтарып алынған адам, өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алу туралы шешімді қабылдағаннан кейін қатарынан соңғы он екі ай бойы қолданылады.

      Сыбайлас жемқорлық қылмысты жасаған не тағайындалу (сайлану) күніне дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да өтініш берушінің (лицензиаттың) басшы қызметкері болып тағайындала (сайлана) алмайды;";

      11-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органның лицензиаттың басшы қызметкерін тағайындауға (сайлауға) келісімін кері қайтарып алуы осы басшы қызметкерге өзге де қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында бұрын берілген келісімді (келісімдерді) кері қайтарып алуға негіз болып табылады.";

      мынадай мазмұндағы 11-1 тармақпен толықтырылсын:

      "11-1. Осы баптың талаптары басқару органның басшысына және мүшелеріне, атқарушы органның басшысына, сондай-ақ ұлттық атқарушы органының лауазымдық міндеттеріне бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметпен байланысты емес мәселелерге жетекшілік ету кірмейтін мүшелеріне компаниялардың қолданылмайды.";

      24) 57-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Нақтылы ұстаушы ретiнде клиенттердiң шоттарын жүргізу құқығы бар кастодиан және брокер және (немесе) дилер клиентпен нақтылы ұстау туралы шарт жасалғаннан кейiн үш жұмыс күні iшiнде клиентке уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен нақтылы ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке шотты, сондай-ақ орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі шоттарды (қосалқы шоттарды) ашуға міндетті.";

      25) 58-бап мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген көлемде, тәртіппен және мерзімде электрондық деректерді ұсынуға;";

      26) 59-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) акционерлердің жалпы жиналысында клиенттер атынан сенімхатсыз сол клиенттерден алынған жазбаша нұсқаулықтарға сәйкес, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, дауыс беру;";

      2-тармақтың 1) тармақшасында "Қазақстан Республикасы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) 60-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) клиентке қосалқы шот ашу және ол туралы ақпаратты орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашып көрсету;";

      28) 61-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нақтылы ұстаудағы бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеудi нақтылы ұстаушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырады.";

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiнде ол туралы мәліметтер ашып көрсетілген депоненттiң клиентi орталық депозитарийдiң есепке алу жүйесiндегi өзiнiң қосалқы шотының жай-күйi туралы үзiндi көшірме алуға құқылы.";

      29) 72-баптың 1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың талаптары трансфер-агентке, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар екінші деңгейдегі банкке және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.";

      30) 72-2-баптың 1-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын төлеуге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп өтеуін төлеп алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде тұлға бұрын ірі қатысушы-жеке тұлға не ірі қатысушы-заңды тұлғаның бірінші басшысы және (немесе) қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшы қызметкері болып табылған не табылатын жағдайлар негіз болып табылады. Көрсетілген талап уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын төлеуге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп өтеуін төлеп алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оны банкрот деп тану немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы шешім қабылдағаннан кейін бес жыл бойы қолданылады.";

      31) 77-1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-1, 3-2 және 3-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйым клирингтік қатысу сертификаттарын шығаруға құқылы.

      3-2. Орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын клирингтік ұйымның клирингтік қатысу сертификаттарын шығару тәртібі, сондай-ақ клирингтік ұйымның кепілдік немесе резервтік қорындағы активтерді есепке алу тәртібі клирингтік ұйымның қағидаларында белгіленеді.

      3-3. Клирингтік қатысу сертификаттарын орналастыру, олардың айналысы мен өтеу тәртібі клирингтік ұйымның қағидаларында белгіленеді.";

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Клирингтік ұйым клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларының және клирингтік қатысушыны өзге де қамтамасыз ету құрамына кіретін маржалық жарналар мен ақшаны клирингтік ұйымның ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен және шарттарда инвестициялайды.

      Клирингтік ұйым клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналардың, маржалық жарналардың, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз етудің клирингтік ұйымның басқа активтерінен оқшауланған есебін, сондай-ақ клирингтік ұйымның клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналардың, маржалық жарналардың, қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз етудің инвестициялары нәтижесінде сатып алынған активтерін есепке алуды қамтамасыз етеді.

      Клирингтік ұйымның осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген оқшауланған активтерін клирингтік ұйым клиринг қызметін жүзеге асыруға арналған шоттарда есепке алады.

      Клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған шоттарда осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілгеннен өзгеше активтерді сақтауға жол берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 4-2, 4-3 және 4-4-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-2. Клирингтік ұйымның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік шоты, клирингтік ұйымның орталық депозитарийдегі корреспонденттік шоты, клирингтік ұйымның екінші деңгейдегі банктеріндегі және шетелдік банктердегі корреспонденттік шоттары, клирингтік ұйымның (орталық контрагенттің) кепілдік немесе резервтік қорларына жарналар ретінде қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда-саттық әдісімен және (немесе) орталық контрагенттің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын толық және (немесе) ішінара қамтамасыз етумен клирингтік қатысушылар аударған қаражат есебінен жүзеге асырылған клирингтік ұйымның инвестицияларын есепке алуға арналған шот, маржалық жарналарды, болып табылатын нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінде ашылған клирингтік ұйымның жеке шоты осы баптың 4-1-тармағының үшінші бөлігінде белгіленген шоттар болып табылады.

      4-3. Клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған шоттарда есепте тұрған қаржы құралдарын клирингтік ұйым меншікті активтерден бөлек есепке алады және бұлар оның банкрот болған жағдайында мүліктік массаға және (немесе) осы баптың 4-4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, таратылған кезде оның мүлкінің құрамына енгізілмейді.

      4-4. Клирингтік ұйымның резервтік қорының қаражаты ол банкрот болған жағдайда мүліктік массаның құрамына және (немесе) таратылған кезде клирингтік ұйым оның клирингтік қатысушылар алдындағы барлық міндеттемелерін атқарғаннан кейін қалған бөлігінде оның мүлкінің құрамына енгізіледі.";

      32) 77-2-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) клирингтік ұйым орталық контрагенттің функцияларын орындаған жағдайда, клирингтік қатысу сертификаттарын шығару;";

      33) 77-3-баптың 2-тармағында:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) клирингтік ұйымның кепілдік қорларын қалыптастыру тәртібі мен шарттарын, клирингтік ұйымның кепілдік қорларындағы активтерді есепке алу тәртібін, сондай-ақ клиринг ұйымының жарналары мен алымдарын төлеу тәртібі мен шарттарын;";

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) клирингтік қатысу сертификаттарын шығару, орналастыру, олардың айналысы мен өтеу тәртібін;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) резервтік қорлардың түрлерін, клиринг ұйымының резервтік қорларды қалыптастыру тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ клирингтік ұйымның резервтік қорларындағы активтерді есепке алу тәртібін;";

      34) 78-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Орталық депозитарий шарт негізінде шетелдік қаржы ұйымдарына және шет мемлекеттің қаржылық заңнамасына немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес қаржылық қызметтер көрсететін "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымдарға қызмет көрсетуге құқылы.

      Орталық депозитарий мен шетелдік қаржы ұйымының немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген ұйымның арасында жасалған шартта оларды көрсету шарттары мен тәртібі шет мемлекеттің заңнамасына немесе "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне сәйкес айқындалатын қызметтер тізбесі қамтылуға тиіс.";

      3-тармақтың 7) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) нақтылы ұстаушы туралы шарт талаптарына және орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес осы тұлғалардың жекелеген деректемелерін ашып көрсетпей депонент ұсынған мәліметтердің негізінде оларға орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде қосалқы шоттар ашылған тұлғаларды қоспағанда, депоненттердің клиенттері;

      8) іскерлік қатынастар орнату рәсімдерінен өткен өзге де жеке және заңды тұлғалар.";

      35) 80-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалған және оның депоненттерінің, сондай-ақ ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында өзге де клиенттердің қатысуымен жасалған мәмілелер бойынша қаржы құралдарымен есеп айырысуларды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) Қазақстан Республикасының резиденттері-қаржы ұйымдарына олардың клиенттерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсаттары үшін тиісінше тексеру жөніндегі қызмет көрсету шарты негізінде көрсетеді;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) бағалы қағаздар нарығында қызметтің барлық немесе жекелеген түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылған және өз клиентіне активтерді қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған нақтылы ұстаушының клиентіне нақтылы ұстаудағы активтерді қайтаруды жүзеге асырады, сондай-ақ уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен мұндай клиенттің активтеріне қатысты басқа операцияларды жүзеге асырады;";

      2-тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасындағы "орындауды жүзеге асыруға құқылы." деген сөздер "орындауды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын қоспағанда, шетел валютасымен айырбастау операцияларын;

      6) сейфтік операцияларды: құжаттық нысанда шығарылған бағалы қағаздарды және өзге де қаржы құралдарын сақтау бойынша көрсетілетін қызметтерді орындауды жүзеге асыруға құқылы.";

      5-тармақтағы "тiзiлiмдер" деген сөз "тiзiлiмдері" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Орталық депозитарий өз қызметін жүзеге асыру үшін пайдаланылатын меншікті бағдарламалық өнімді әзірлеуге және оларды одан әрі жетілдіруге құқылы.";

      9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бағалы қағаздар нарығындағы қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық және ақпараттық көрсетілетін қызметтер ұсынуды, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылды қоспағанда, қаржы нарығындағы қызметке жатпайтын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға құқығы жоқ;";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Орталық депозитарий мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен, сондай-ақ мемлекеттің қатысуымен кредиттік бюро жүйесінен осы бапта көрсетілген қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын ақпаратты растау мақсатында қажет болатын ақпарат алуға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      "11. Орталық депозитарий уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде және орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен және талаптармен инвесторлар үшін эмитент және оның бағалы қағаздары туралы ақпарат ұсынуды жүзеге асырады.";

      36) 81-баптың 2-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1)      Қазақстан Республикасының резиденттері-қаржы ұйымдарына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсаттары үшін тиісінше тексеру жүргізу бойынша қызметтер көрсету;";

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) нақтылы ұстауды есепке алу жүйесінен орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіне деректер ұсынуды, сондай-ақ орталық депозитарийдің көрсетілген электрондық деректерді қабылдау, өңдеу және сақтауын жүзеге асыру;";

      37) 113-2-бап алып тасталсын.

      35. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 132-құжат; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 13, 85-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 4, 28-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар; 2011 ж., № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 78-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1) 1-баптың 6) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қаржылық көрсетілетін қызметтер – сақтандыру нарығына, бағалы қағаздар нарығына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына қатысушылардың қызметі, банк қызметі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған лицензиялар негізінде жүзеге асырылатын банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізу жөніндегі ұйымдардың, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметі, сондай-ақ:";

      2) 6-5-баптың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органмен бірлесіп, кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алу қағидаларын, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан белгіленген шекті мөлшерден тыс қолма-қол ақшаны алу шарттарын, сондай-ақ салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органға және уәкілетті органға нысанын, тізбесін және оларды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, кәсіпкерлік субъектілерінің банк шоттарынан қолма-қол ақшаны алуы туралы мәліметтер мен ақпаратты ұсыну тәртібін бекітеді;";

      3) 9-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларда қаржы ұйымдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарын ашуға (құруға), оларды ерiктi түрде қайта құру мен таратуға, оның ішінде банк және сақтандыру холдингтерін ерікті түрде қайта ұйымдастыруға, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға рұқсат бередi, сондай-ақ көрсетілген рұқсаттарды беру тәртiбiн айқындайды;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) қаржы ұйымдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру
(қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшiн, оның iшiнде шоғырландырылған негiзде пруденциялық нормативтердi және сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiтедi;";

      6-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-1) құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және Қазақстан Даму Банкінің бухгалтерлік есепке алуды жүргізуді автоматтандыру тәртібін сақтауына бақылау мен қадағалауды жүзеге асырады;";

      2-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уәкiлеттi орган қаржы ұйымдарына және олардың үлестес тұлғаларына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына, оның iшiнде аудиторлық ұйымдарды тарта отырып:";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының үлестес тұлғаларын айқындау;";

      2-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1. Уәкiлеттi орган өз құзыреті шегінде қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің, Ұлттық пошта операторының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Уәкілетті органның қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын операциялардың барлық түрлері мен қызметті жүргізуге арналған лицензиядан айыру туралы, банкті төлемге қабілетсіз банктердің санатына жатқызу, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының санатына жатқызу, төлемге қабілетсіз банктердің санатына жатқызылған банкті реттеу жөніндегі шараларды қолдану, қаржы ұйымына консервациялау режимін белгілеу туралы шешімдерінің, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің банктің активтері мен міндеттемелерін беру жөніндегі операцияларды жүргізу, сақтандыру портфелін беру туралы шешімдерінің күшін жою көрсетілген шешімдерді қабылдау нәтижесінде туындаған құқықтық салдардың өзгеруіне немесе тоқтатылуына алып келмейді.";

      4) 10-бапта:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген барлық немесе жекелеген операцияларды жүргiзуге лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдайды және банктің уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін), қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалын тарату комиссиясын тағайындайды;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешiм қабылдайды;";

      5) 11-бапта:

      8), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру және қайта сақтандыру шарттарын, оның iшiнде сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы белгiленген (шарттарда немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында) мерзiмдердi бұза отырып орындаған шарттарды есепке алу тәртібін айқындайды;

      9) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының, актуарийлердің тiзiлiмiн жүргiзедi;

      10) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген жағдайларда сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыру туралы шешiм қабылдайды және сақтандыру (қайта сақтандыру) уақытша әкiмшiлiгін (уақытша әкiмшісін), қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметі мәжбүрлеп тоқтататылады тарату комиссиясын тағайындайды;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасында белгіленген жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті немесе мәжбүрлеп тоқтату рәсімін аяқтау туралы шешiм қабылдайды;";

      6) 12-2-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) микроқаржылық қызметті лицензиялау қағидаларын, микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін бекітеді;";

      7) 15-1-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:

      "микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың," деген сөздер алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының," деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссияларының" деген сөздермен толықтырылсын;

      "қаржы ұйымдарының" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 15-2-баптың 3-тармағының бірінші бөлігінде:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бақылау және қадағалау функцияларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар не қаржы ұйымының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының, банк конгломератының, сақтандыру тобының тұрақты жұмыс істеуіне және (немесе) олардың клиенттерінің мүдделеріне қатер төндіретін жағдайдың жасалуына алып келуі мүмкін кемшіліктер және (немесе) тәуекелдер анықталған жағдайда;";

      5) тармақшадағы "жатқызған жағдайда, жүзеге асырады." деген сөздер "жатқызған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызған жағдайда жүзеге асырады.";

      9) 15-3-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімі отыз жұмыс күнінен аспауға тиіс. Тексеру көлемінің ауқымдылығына байланысты тәуекел дәрежесін бағалау негізінде тексеруді, жоспардан тыс тексеруді жүргізу мерзімі бақылау және қадағалау органы басшысының орынбасары, бақылау және қадағалау органы аумақтық бөлімшелерінің басшылары не өзге де уәкілетті лауазымды адамдар тиісті бұйрық негізінде бекіткен тексеруді ұзарту туралы қосымша актінің негізінде – отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана, ал депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін, қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары не төлемге қабілетсіз банктер санатына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалына қатысты отыз жұмыс күнінен асатын мерзімге ұзартылуы мүмкін.";

      10) 15-6-баптың 1-тармағында:

      8), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының уақытша әкімшіліктері (уақытша әкімшілері), Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының тарату комиссиялары беретін есептілік пен өзге де ақпаратты қарау;

      9) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары мен өкілдіктерін ескере отырып, тарату комиссияларының, қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтататын тарату комиссияларының төрағасы мен мүшелерін тағайындау және босату;

      10) мәжбүрлеп таратылатын банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының аралық тарату балансын және кредиторлары талаптарының тізілімін, ерікті түрде немесе мәжбүрлеп таратылатын банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, қызметін ерікті немесе мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтататын кредиторлар комитетінің құрамын бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) қызметін мәжбүрлеп тоқтататын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын тарату туралы есепті бекіту;";

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) орындалған жұмыс туралы есебін бекіту;";

      11) 15-14-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті орган, бұрынғы жұмыскерлері мен Басқарма мүшелерін қоса алғанда, өз жұмыскерлерінің, Басқарма мүшелерi мен өзі тартқан тұлғалардың уәкілетті органға жүктелген функцияларды жүзеге асыру мақсатындағы, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының уақытша әкімшіліктері және тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін орындауы кезеңіндегі әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап қоюлар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.".

      36. "Автомобиль көлігі туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 15, 134-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 16, 129-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 87-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 100, 101-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 8-I, 65-құжат; 2017 ж., № 9, 17-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 91-құжат, 2020 жылғы 7 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) жолдама парақ – жүргізуші мен автокөлiк құралының жұмысын есепке алуға және бақылау жүргізуге арналған қағаз немесе электрондық нысандағы құжат;";

      мынадай мазмұндағы 18-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-3) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі – автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне байланысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеуді және сақтауды және осындай құжаттар туралы формалды ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мен тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;";

      мынадай мазмұндағы 23-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "23-5) интеллектуалды көлік жүйесі – жол қозғалысын және тасымалдау қызметін басқаруды, мониторингті және бақылауды қамтамасыз ететін, оның ішінде автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі және жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптары мен жабдықтарының өзара байланысты автоматтандырылған жүйелер кешені;";

      2) 13-бапта:

      мынадай мазмұндағы 23-19) және 23-20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "23-19) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру және пайдалану қағидаларын бекітеді;

      23-20) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркеуге, есепке алуға, өңдеуге және сақтауға жататын құжаттардың тізбесін бекітеді;";

      3) 22-бапта:

      2-тармақтың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1) автокөлік құралдарын тасымалдауды ұйымдастырушыға, халықаралық және облысаралық тасымалдау кезінде – уәкілетті органның диспетчерлік жүйесіне автокөлік құралының ағымдағы орналасқан жері туралы ақпаратты нақты уақыт режимінде ұсына отырып, спутниктік навигация аппаратурасымен жабдықтауға;";

      3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы баптың 2-тармағының 1) – 4) және 5-1) тармақшаларында аталған талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге;";

      4) 30-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жүктi автомобильмен тасымалдау шартының жасалуы қағаз немесе электрондық нысанда тауар-көлiк жүкқұжатының жасалуымен расталады.".

      37. "Туристі мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 24, 179-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2011 ж., № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІV, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын талаптары Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.".

      38. "Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 15, 87-құжат; 2005 ж., № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 18, 143-құжат; № 19,
149-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 3, 32-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 21-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Осы Заңның банктерге қатысты қолданылатын талаптары
Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.".

      39. "Қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 94-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 9, 44-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 18, 84-құжат): 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын талаптары Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.".

      40. "Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы" 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына ("Егемен Қазақстан" 2004 ж., № 174; "Официальная газета" 2004 ж., № 32; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16, 90-құжат; "Казахстанская правда" 2006 ж., № 172; "Официальная газета" 2006 ж., № 33; Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы 2006 ж., № 16, 103-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 19-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-1) маркет-мейкер – қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қаржы құралы бойынша бағалар белгілеуді жариялау және қолдау жөнінде көрсетілген қызметтерді ұсынатын ұйым;";

      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде инвестициялық қорлардың активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын басқарушы компанияларға осы Заңның және уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы Заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.";

      3) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Тәуекелді инвестициялаудың акционерлік инвестициялық қорларының акцияларын қорлар биржасының сауда жүйесінде орналастыру және айналысқа жіберуге, егер осындай орналастыруға мен айналысқа жіберу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, жол берілмейді.";

      4) 17-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы басқарушы компания өзі басқаратын қордың маркет-мейкер функциясын орындауы шеңберінде (басқарушы компания инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған жағдайда) оның пайларын ұстаушы болған жағдайларға қолданылмайды. Бұл ретте осы басқарушы компанияның ұстауындағы пайлардың саны өзі басқаратын қордың барлық орналастырылған пайлары (сатып алынған пайларды қоспағанда) санының он пайызынан кемін құрауға тиіс.";

      5) 20-бапта:

      1-1-тармақтағы "қағаз түрінде не" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-тармақпен толықтырылсын:

      "7. Инвестициялық пай қорлары пайларының шығарылымын мемлекеттік тіркеу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      6) 21-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Егер мұндай орналастыру мен айналысқа жіберу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, ашық инвестициялық пай қорының және тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық пай қорының пайларын қор биржасының сауда жүйесiнде орналастыру мен айналысқа жiберуге жол берiлмейдi.";

      7) 23-баптың 6-тармағының төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайларды орналастыру кезінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде пайларды сатып алушының жеке шотына (қосалқы шотына) немесе номиналды ұстаушының жеке шотына есепке алу мәмілесін тіркеу басқарушы компанияның бұйрығы негізінде жүзеге асырылады.";

      8) 24-бап мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Осы баптың 3, 4, 5, 6 және 8-тармақтарының талаптары басқарушы компания маркет-мейкердің функциясын орындау шеңберінде осы сатып алуды жүзеге асырған жағдайда (басқарушы компания инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқарған жағдайда), оларды қор биржасында сатып алу арқылы ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға қатысты қолданылмайды.";

      9) 27-баптың 3-тармағының 2) тармақшасындағы "шарттары," деген сөзден кейін "мерзімдері мен" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 37-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) аяқталмаған құрылыс объектілері;

      1-2) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес осындай деп танылатын инвестициялық жылжымайтын мүлік;";

      5-тармақтағы "жылжымайтын мүлiк қорының" деген сөздерден кейін "қаржы жылының қорытындысы бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      9 және 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бір тұлға және оның үлестес тұлғалары шығарған (берген) қаржы құралдарына (ақшаны қоспағанда) инвестициялық қордың активтері есебінен инвестициялардың жинақталған мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      9-1. Инвестициялық қордың активтерi есебiнен дауыс беретін акцияларының елу пайыздан астамы мемлекетке немесе ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке және оның ұлттық экономиканың бір саласында қызметін жүзеге асыратын үлестес тұлғаларына тиесілі бiр тұлға шығарған (берген) қаржы құралдарына инвестициялардың жиынтық мөлшерi уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.";

      11) 41-баптың 1-тармағында:

      11) тармақша алып тасталсын;

      екінші бөлікте "5) және 11) тармақшаларының" деген сөздер
"5) тармақшасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 45-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Акционерлер мен пай ұстаушыларды қордың ережесiне өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы хабардар ету, акционерлiк инвестициялық қор акционерлерiнiң жалпы жиналысын және жабық инвестициялық пай қоры пай ұстаушыларының жалпы жиналысын шақыру, пайларды орналастыруды тоқтата тұру, акционерлiк инвестициялық қорды тарату және инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату жағдайларын қоспағанда, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық қор туралы мәлiметтер басқарушы компанияның және осы қордың бағалы қағаздары айналыста болатын қор биржасының интернет-ресурстарын қоспағанда, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылмайды және сыртқы (көрнекі) жарнама құралдары арқылы таратылмайды.".

      41. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 18, 107-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 26-құжат; 2011 ж., 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 21, 161-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 12, 57-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат, 2019 ж., № 19-20, 86-құжат):

      1) 1-бапта:

      40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "40) жануарлар дүниесі объектілерін жасанды өсіру – көл-тауарлы балық өсіру шаруашылықтарын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарын, тоғандық балық өсіру шаруашылықтарын және сумен қамтамасыз етудің тұйық циклі бар балық өсіру шаруашылықтарын қоса алғанда, жануарлар түрлерін еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда ұстау және өсіру;";

      мынадай мазмұндағы 71-2) және 71-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "71-2) балық шаруашылығы технологиялық су айдыны – гидротехникалық құрылыстардың немесе құрылғылардың көмегімен сумен толтырылатын акваөсіру объектілерін өсіруге жағдай жасауға арналған жасанды жасалған су айдыны (тоған, балық өсіру бассейні);

      71-3) тоған балық өсіру шаруашылығы – балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын пайдалана отырып, балық және басқа да су жануарларын өсіру жөніндегі шаруашылық қызмет түрі;";

      2) 9-бапта:

      1-тармақта:

      77) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "77) халықаралық, республикалық және жергілікті маңызы бар су айдындарының балық шаруашылығы учаскелерін бекітіп беру жөнінде конкурс өткізеді;";

      мынадай мазмұндағы 77-12), 77-13) және 77-14) тармақшалармен толықтырылсын:

      "77-12) әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, акваөсірудің негізгі объектілерінің жасанды өсімін молайту, тауарлық өсіру және тасымалдау жөніндегі балық өсіру нормативтерін әзірлейді және бекітеді;

      77-13) өсімін молайту мақсатында олардан жыныстық өнімдерді алғаннан кейін бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын, балық өсіру материалдарын және бекіре тұқымдас балықтардың дарақтарын өсіруді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорынның сату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      77-14) балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасайды;";

      3) 10-баптың 2-тармағының 5-3) тармақшасы алып тасталсын;

      4) 19-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Балықтарды жасанды өсіру мақсатында табиғи және (немесе) жасанды тоғандарды, күріш чектерін, сондай-ақ басқа да жасанды құрылған су айдындарын пайдалануға жол беріледі.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жануарлар түрлерін, оның ішінде көл-тауарлы балық өсіру шаруашылықтарында, тор қоршамада балық өсіру шаруашылықтарында, тоған балық өсіру шаруашылықтарында және сумен қамтамасыз етудің тұйық циклі бар балық өсіру шаруашылықтарында жасанды өсіру кәсіпкерлік қызмет мақсатында жеке және заңды тұлғалардың қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.";

      5) 27-бапта:

      1-тармақтың 8) тармақшасындағы "ауыстыруға құқығы бар." деген сөздер "ауыстыруға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме болған кезде кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін өзіне бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын ұйымдастыруға құқығы бар.";

      2-тармақтың 24) тармақшасындағы "жіберуді жүргізуге міндетті." деген сөздер "жіберуді жүргізуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 25) тармақшамен толықтырылсын:

      "25) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздемемен айқындалған су айдынының жобалық қуатына сәйкес балықтарды тауарлық өсіруді қамтамасыз етуге міндетті.";

      6) 35-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ведомствоның аумақтық бөлімшесімен балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт болған кезде беріледі.";

      7) 37-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп бере отырып, аңшылық шаруашылығын, сондай-ақ балық шаруашылығын жүргізу құқығы аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі, ведомствоның аумақтық бөлімшелері мен жануарлар дүниесін пайдаланушы арасында жасалатын аңшылық, балық шаруашылықтарын жүргізуге арналған шарттар негізінде Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беріледі.";

      8) мынадай мазмұндағы 39-2-баппен толықтырылсын:

      "39-2-бап. Балық шаруашылығы технологиялық су айдындары

      1. Жеке және заңды тұлғалар балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын ұйымдастыру үшін жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы жергілікті атқарушы органдарға жүгінеді.

      2. Балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын құру үшін жер учаскелерін беру осы Заңға және жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын пайдалану кезінде су ресурстарын пайдалану Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      4. Жеке және заңды тұлғалар ведомствоның аумақтық бөлімшесімен осы Заңның 40-бабының талаптарын ескерместен, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарында балық шаруашылығын жүргізуге шарт жасасады.

      5. Балық өсіру учаскесін пайдалану шарты қырық тоғыз жылға жасалады.".

      42. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 10, 48-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 5, 43-құжат; № 8 64-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 19-ІІ, 104-құжат; № 22-І, 140-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; №24-І, 119-құжат; 2019 жылғы 1 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 29 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 7-бап мынадай мазмұндағы 24-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "24-2) Қазақстан Республикасының Президентімен келісу бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін бекітеді;";

      2) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Пайдаланылмайтын әскери мүлікті және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша қорғаныс мұқтажы үшін жеке әріптеске немесе концессионерге шығындарды өтеу шеңберінде беруге жататын қорғаныс объектілерін қоспағанда, мемлекеттік меншік болып табылатын, экономика салаларының ұйымдарына жедел басқару, шаруашылық жүргізу құқығында бекітіліп берілген және қорғаныс мұқтаждарын қамтамасыз етуге және жұмылдыру тапсырмаларын орындауға арналған объектілер мен мүлік иеліктен шығаруға жатпайды.";

      3) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын іске асыру мақсатында мүлікті пайдалану және иеліктен шығару

      1. Қару-жарақты, әскери техниканы және арнайы құралдарды қоспағанда, әскери мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қорғаныс мұқтажы үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттарын іске асыру мақсатында уақытша иеленуге және пайдалануға берілуі мүмкін.

      2. Қорғаныс объектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша шығындарды өтеу мақсатында жеке әріптеске немесе концессионерге иеліктен шығарылуы мүмкін.

      3. Инвестициялық шығындар өтемақысының жиынтық көлемі мен осы баптың 2-тармағына сәйкес иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің құны жеке әріптестің немесе концессионердің инвестициялық шығындарының көлемінен аспауы тиіс.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілері Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бағалауға жатады.";

      4) 22-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 26-26), 26-27) және 26-28) тармақшалармен толықтырылсын:

      "26-26) қорғаныс мұқтажы үшін объектілер салу, реконструкциялау және пайдалану үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша жер учаскесін уақытша өтеусіз жер пайдалануға беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      26-27) жеке әріптес пен концессионерге шығындарды өтеу үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша қорғаныс объектілерін иеліктен шығару қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      26-28) мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары бойынша иеліктен шығарылатын қорғаныс объектілерінің тізбесін әзірлейді;".

      43. "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 3-4, 2-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж. 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-V, 152-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 13, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      3-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын талаптары Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.".

      44. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 13, 52-құжат; 2007 ж., № 5-6, 42-құжат; № 18, 145-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 17, 82-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 1, 2, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 7-құжаттар; № 2, 26-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 16-құжат; № 14, 94-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж. 2, 10-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 11, 52-құжат; № 20-I, 110-құжат; 20-IV, 113-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VII, 161-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 8-I, 65-құжат; № 8-II, 72-құжат; 2017 ж., № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат):

      1) 1-баптың 24-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-1) сарапшылық кеңес – агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың жанынан құрылатын, құрылуы мен қызметінің мақсаты сақтандыру өнімдерін қарау болып табылатын және сақтандыру ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдары филиалдарының, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның, агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператордың, тәуелсіз сарапшылар мен өзге де тұлғалардың өкілдерінен тұратын алқалы орган;";

      2) 10-1-баптың 2-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сақтандыру ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдары (бұдан әрі-сақтандырушылар) жасасқан агороөнеркәсіп кешеніндегі сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақылары субсидиялауға жатады:".

      45. "Міндетті экологиялық сақтандыру туралы" 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 23, 90-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 24, 134-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы Заңның сақтандырушыға, оның ішінде сақтандыру ұйымына қатысты қолданылатын талаптары Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.".

      46."Жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 4, 23-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; № 13, 91-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-VI, 159-құжат): 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң Қазақстан Республикасында жобалық қаржыландыру мен секьюритилендірудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейді, жобалық қаржыландыру мен секьюритилендіру кезінде талап ету құқықтарын беруді жүзеге асырудың ерекшеліктерін және мүліктің құқықтық режимін, арнайы қаржы компаниясының құқықтық жағдайын, сондай-ақ синдикатталған қаржыландырудың құқықтық негіздері мен шарттарын айқындайды.";

      2) 1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) банк-агент – екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Даму Банкі;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) кредитор – облигацияларды ұстаушы болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлға немесе жобалық қаржыландыру кезінде кредит беруді жүзеге асыратын немесе синдикатталған қаржыландыру кезінде кредиттеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) кредиторлар синдикатына қатысушылар – екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары, Қазақстан Даму Банкі, халықаралық қаржы ұйымдары;

      10-2) қарыз алушы – синдикатталған қаржыландыру шеңберінде қарыз берілетін заңды тұлға;";

      мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) синдикатталған қаржыландыру – бір қарыз шарты негізінде бірнеше кредитордың қарыз алушыны қаржыландыру тәсілі;";

      3) мынадай мазмұндағы 3-1-тараумен толықтырылсын:

      "3-1-тарау. Синдикатталған қаржыландыру

      14-1-бап. Синдикатталған қаржыландыру талаптары

      1. Әрбір кредитордың қарыз алушыға беретін ақшаның мөлшері қарыз шартында тұрақты ақша сомасы немесе қарыз алушыға берілуі тиіс ақшаның белгілі бір үлесі түрінде белгіленуі мүмкін.

      Әрбір кредитордың қарыз алушыға берілген ақшаның мөлшеріне тепе-тең мөлшерде қарыз алушыға қатысты дербес құқықтары (талаптары) бар.

      Егер қарыз шартында өзгеше көзделмесе, кредитор өзге кредиторлардың қарыз алушыға ақша беру жөніндегі олардың міндеттемелерін орындамағаны үшін жауап бермейді.

      2. Кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы қатынастар кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісіммен реттеледі.

      Кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісімде, оның ішінде бір немесе бірнеше кредиторлар синдикатына қатысушылар қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан біржақты бас тартқан жағдайда, кредиторлар синдикатына қатысушылардың жауапкершілігі және кредиторлар синдикатына қатысушы құқығының басқа тұлғаға ауысуы жөнінде шешімдер қабылдау тәртібі айқындалады.

      Кредиторлар синдикатына қатысушылар агент-банкті және (немесе) кепіл басқарушыны кредиторлар синдикатына қатысушылар немесе үшінші тұлғалар қатарынан белгілейді.

      Агент-банк кредиторлар тізілімін жүргізеді, кредиторлардың әрқайсысы қарыз алушыға берген барлық қарыздарды есепке алуды жүзеге асырады, қарыз алушыдан немесе үшінші тұлғалардан қарыз шарты бойынша орындауды, оның ішінде сыйақы мен өзге де төлемдерді алады, келіп түскен ақшаның есебін жүргізеді және оларды кредиторлар арасында бөледі, кредиттік досье мен құжаттама жинақтауды, қалыптастыруды және жүргізуді, қарыз алушының қарызды мақсатты пайдалануын және қарыз алушының қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындауын бақылауды, қарыз алушының қаржылық жағдайын мониторингтеуді жүзеге асырады, қарыз алушыны қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін өткізіп алғаны туралы хабардар етеді, сондай-ақ кредиторлар синдикатына қатысушылар арасындағы келісімге сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Кредиторлар синдикатына қатысушы әрбір кредитор агент-банктің функцияларын тиісінше орындамауынан туындаған шығындарды өтеу жөніндегі өз талаптарын мәлімдеуге құқылы.

      3. Кредиторлар (бірлесіп кепіл ұстаушылар) кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша кепілді басқарушымен кепілді басқару шартын жасасуға құқылы.

      Кепілді басқару шарты бойынша кепілді басқарушы барлық кредиторлар (бірлесіп кепіл ұстаушылар) атынан және мүддесінде әрекет етеді, кепіл берушімен кепіл шартын жасасады және кепіл шарты бойынша кепіл ұстаушылардың барлық құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ кепілді басқару шартына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

      Кредиторлар (бірлесіп кепіл ұстаушылар) кепілді басқару шарты тоқтатылған кезге дейін кепіл ұстаушы ретінде өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға құқылы емес.

      14-2-бап. Синдикатталған қаржыландыру кезінде құқықтарды (талаптарды) беру

      Кредиторлар қарыз шарты бойынша құқықтарын (талаптарын) басқа кредиторлар синдикатына қатысушы кредиторға, сондай-ақ осы Заңға сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушы болуға құқығы бар тұлғаларға беруге құқылы.

      Кредиторлар синдикатының қатысушысы болып табылатын банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, сонымен қатар "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 4-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаларға да қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) беруді жүргізуге құқылы.

      Қарыз шарты бойынша құқықтарды (талаптарды) берген кезде беруді жасаған кредитор құқықтардың (талаптардың) жаңа кредиторға ауысқаны туралы растайтын құжаттарды ұсына отырып, құқықтардың (талаптардың) ауысқаны туралы агент банкті және кепілді басқарушыны хабардар етуге міндетті.".

      47. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 1, 2, 3-құжат; № 2, 11, 14-құжат; 2012 ж., № 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 23-II, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат, 2019 ж., № 19-20, 86-құжат):

      1) 38-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) шектеулі шаруашылық қызметтен, соның ішінде:

      кәдесый өнімдерін өндіруден;

      аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуден және өзге де кесуден тауарларды, олардан алынған сүректі өңдеу өнімдерін өткізуден;

      жанама орман пайдалану өнімдерін өткізуден (шектеулі мал жаю, марал шаруашылығы, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемістер мен жидектерді әуесқойлық жинау, бақ шаруашылығы);

      ормандарды молайту және елді мекендерді көгалдандыру үшін көшет материалдарын өсіруден;

      шектеулі шаруашылық қызмет тауарларын өткізуден, балық және балық өнімін өткізуден, орман дақылдарын, қорғаныштық және көгалдандыру екпелерін отырғызудан түсетін табыстар;

      балық шабақтарын өсіруден;

      жеке заңды тұлғалармен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда жасалатын бірлескен қызмет туралы шарттар бойынша өнім өндіруден және қызметтер көрсетуден алынған табыстардан құралады.

      Жеке және заңды тұлғалармен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда бірлескен қызмет туралы шарт жасасу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға табиғи кешендерді туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалану кезінде ақылы қызметтер көрсеткені үшін ақы алу және бірлескен қызмет бойынша ортақ шығыстарды және оның нәтижесінде туындаған шығындарды жабу тәртібін уәкілетті орган айқындайды;";

      2) 46-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға және концессия жобасын іске асыру мерзіміне ұзақ мерзімді, бірақ концессия саласындағы заңнамаға сәйкес 10 жылдан аспайтын мерзімге пайдалануға беріледі. Бұл учаскелерді беру уәкілетті орган бекітетін тәртіппен жүзеге асырылады.";

      3) 46-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "46-1. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін пайдалануға берілген мемлекеттік ұлттық табиғи парктер учаскелерінде объектілер салу жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік ұлттық табиғи парктің әкімшілігімен жасасқан концессияға сәйкес және сызбаға (сызба жобасына) сәйкес әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы бойынша жүргізіледі.".

      48. "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 1, 2-құжат; 2012 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 3-құжат) 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж., № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; №24, 93-құжат; 2019 жылғы 30 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру және денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) концедент – Қазақстан Республикасының немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан әрекет ететін, осы Заңға сәйкес концессия шартын жасасатын Қазақстан Республикасының бір немесе бірнеше мемлекеттік органдары не осы Заңға сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс немесе республикалық маңызы бар қала немесе астана) атынан концессия шартын жасасатын Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органы.

      Осы тармақша 2017 жылғы 17 желтоқсаннан бастап республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессия шарттары бойынша туындаған қатынастарға қолданылады.

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) концессия жөніндегі конкурс (аукцион) ұйымдастырушы (бұдан әрі-конкурс, аукцион ұйымдастырушы) – концессионердің таңдауы бойынша конкурстар (аукциондар) өткізуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу – конкурстық құжаттаманы, концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді және (немесе) түзетуді, комиссияның конкурсқа қатысушымен келіссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтитын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғалар көрсететін қызметтер;";

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) тікелей келісім – осы Заңның 26-2-бабының ережелеріне сәйкес концессиялық жобаларды іске асыру үшін концедент, концессионер және концессионер кредиторлары арасында жасалатын жазбаша келісім.;";

      мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын:

      "27) концессиялық жоба бойынша инвестициялық шығындарды өтеу –концессия объектісі пайдалануға берілгеннен кейін концессия шартына сәйкес инвестициялық шығындардың белгілі бір көлемін кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде, тең үлестермен өтеуге бағытталған бюджет қаражаты есебінен ақшалай төлемдер. Бұл ретте концессия шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімдерін ерте кезеңдерге ауыстыруға тыйым салынады.";

      2) 3-баптың 5) тармақшаларындағы "жол бермеуге негізделеді." деген сөздер "жол бермеуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы
6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) концессиялық жобаны іске асыру үшін концессионердің инвестицияларды жүзеге асыруына;

      7) концессиялық жобаның халық үшін құндылығына негізделеді.";

      3) 4-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілерді қоспағанда, барлық экономика салаларындағы (аяларындағы) туристік қызмет, әлеуметтік және қоғамдық инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілері концессияға берілуі мүмкін.";

      4) 9-бапта:

      2) тармақшадағы "орта мерзімді кезеңге" деген сөздер алып тасталсын;

      7-5) тармақшадағы "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын;)

      7-7) тармақша алып тасталсын;

      5) 12-баптың 2) және 7) тармақшалары "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын;

      6) 13-бапта:

      2) тармақша "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын;

      3-2-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-2) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4000000 айлық есептік көрсеткішке дейінгіні құраған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар атынан мыналар:

      конкурстық құжаттама бойынша, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде;

      конкурсқа қатысушылар концессионерді таңдау жөніндегі конкурс өткізген кезде ұсынған концессиялық өтінімдер бойынша;

      концессия шарттарының жобалары бойынша, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде қорытындылар дайындайды;

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы тармақшада көзделген құжаттарға сараптама жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларды тартады;";

      5) және 9) тармақшалар "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын.";

      7) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Объектілерді концессияға беру тәртібі

      1. Объектілерді концессияға беру үш кезеңде жүзеге асырылады:

      1) тізбені қалыптастыру;

      2) концессионерді таңдау бойынша конкурс (аукцион) өткізу;

      3) концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу.

      2. Концессионерге мемлекет кепілгерлігін берудің міндетті шарты Қазақстан Республикасының қор биржасында инфрақұрылымдық облигацияларды орналастыру болып табылады.";

      8) 17-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзац "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын;

      1) тармақша "талаптарды" деген сөзден кейін "және оларды бағалау тәртібін" деген сөздермен толықтырылсын;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) концессия шартының жобасын;";

      7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес концессиялық (аукциондық) өтінімдерді жасау және ұсыну тіліне қойылатын талаптарды;

      8) әлеуетті концессионердің конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына тиісті нұсқаманы;

      9) конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну тәсілін, орны мен түпкілікті мерзімін (бiрақ жергiлiктi уақыт бойынша жұмыс күнiнiң он бес сағатынан кеш емес) және олардың қолданылу мерзімін;

      10) әлеуетті концессионердің тікелей конкурстық (аукциондық) өтінімдер бар конверттерді ашу кезінде концессия объектісінің құны көрсетілетін конкурстық (аукциондық) өтінімнің бір бөлігін ұсыну құқығына тиісті нұсқаманы;

      11) олардың көмегімен әлеуетті концессионерлер конкурстық құжаттаманың мазмұны бойынша түсіндірме сұрату үшін көмегіне сүйене алатын тәсілдерді және конкурс (аукцион) ұйымдастырушының осы кезеңде әлеуетті концессионерлермен ашық нысанда өткізілетін және хаттамасы жасалатын кездесу өткізу ниеті туралы хабарламаны;

      12) конкурстық (аукциондық) өтінімді енгізу шарттарын және оның мазмұнын, оның ішінде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттарын;

      13) конкурстық (аукциондық) өтінімдер салынған конверттерді ашу жерін, күні мен уақытын (бірақ конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталған кезден екі сағаттан кеш емес);

      14) конкурстық (аукциондық) өтінімдер салынған конверттерді ашу үшін пайдаланылатын рәсімдерді және оларды қарауды қамтитын осы Заңның 9-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және осы Заңның 10-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген конкурстық құжаттаманы ұсынуға міндетті.";

      2-тармақ "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын;

      3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сауал жiберуге құқылы, бiрақ ол конкурстық өтiнiмдердi табыс етудiң түпкiлiктi мерзiмi аяқталғанға дейiнгi күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрiлмеуге тиiс. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы сауал тiркелген кезден бастап үш күн мерзiмде оған жауап қайтаруға және сауалдың кiмнен түскенін көрсетпей-ақ, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы табыс еткен барлық әлеуетті концессионерлерге осындай түсiндiрменi хабарлауға мiндеттi.

      Қайта конкурс (аукцион) өткізу кезінде әлеуетті концессионер конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сауал жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінімдерді табыс етудің түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмеуге тиіс.

      4. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн күнтiзбелiк жиырма күннен кешiктiрілмейтін мерзімде, ал конкурсты (аукционды) қайта өткізу кезінде – күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде өз бастамасымен немесе әлеуетті концессионердiң сауалына жауап ретiнде хаттама ресiмдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзуге құқылы. Енгiзiлген өзгерiстердiң және (немесе) толықтырулардың мiндеттi күшi болады.

      Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың мәтінін конкурстық құжаттама ұсынылған барлық әлеуетті концессионерлерге өтеусіз түрде береді. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті концессионерлердiң осы өзгерiстердi және (немесе) толықтыруларды конкурстық өтiнiмдерде ескеруі үшiн конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмiн кемiнде күнтiзбелiк отыз күн мерзімге, ал конкурсты қайталап өткізу кезінде кемінде күнтізбелік он бес күн мерзімге ұзартады.

      5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру үшін конкурстық құжаттамада көрсетілген белгілі бір жерде және тиісті уақытта әлеуетті концессионерлермен кездесу өткізуге құқылы. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы осы кездесу барысында ұсынылған конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы сұрау салуларды, олардың көздерін көрсетпей, осы сұрау салуларға жауаптарды қамтитын хаттама жасайды. Хаттама дереу комиссияға және конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы ұсынған барлық әлеуетті концессионерлерге жібереді.

      6. Конкурстық құжаттаманы конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы бекітеді.";

      9) 18-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысу үшін әлеуетті концессионер мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс:

      1) концессия шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

      2) төлем қабілетті болып табылуы, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы, оның мүлкіне баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын банкроттық не тарату рәсіміне жатқызылмауы тиіс, тыйым салынбауы тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиіс;

      3) өзінің соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша міндеттемелерін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес не концессионер деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі негізінде орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылыққа тартылмауға;

      4) концессия объектісін құру (реконструкциялау) құнының кемінде он пайызын құрайтын өз қаражаты болуы;

      5) әлеуетті концессионердің құрылтайшылары, басшылары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілмеуі тиіс;

      6) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеуі тиіс;

      7) құқықтық қабілеттілікке ие болуы.

      Өз қаражаты деп концессиялық жобаны іске асыруға тікелей тартылатын әлеуетті концессионерге тиесілі меншікті капитал, ақша және өзге де активтер түсініледі.";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әлеуетті концессионер өзінің осы баптың 1-тармағында көзделген біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға тізбесі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін қағидаларда көзделген құжаттарды ұсынады.";

      3, 3-1, 3-2, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Әлеуетті концессионер біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат ұсынған жағдайда, осындай факті анықталған кезден бастап үш жыл ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің барлық түрлері бойынша жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберілмейді.

      Әлеуетті концессионер ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың дұрыстығын комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар концессионерді таңдау бойынша конкурс (аукцион) өткізудің кез келген сатысында белгілеуі мүмкін.

      3-1. Әлеуетті концессионердің біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат беру фактісін анықтаған Комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар осындай факті анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабарламаға осы фактілерді растайтын құжаттардың көшірмесін қоса, бұл туралы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.

      3-2. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) жеке және (немесе) заңды тұлғалар бірлестіктері жай серіктестік нысанында қатысқан жағдайда, аталған тұлғалардың әрқайсысы жай серіктестікке барлық қатысушылардың қаржылық және материалдық ресурстары жиынтығы бойынша осы баптың 1-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      4. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының әлеуетті концессионерге осы Заңда көзделмеген біліктілік талаптарын қоюға құқылы емес. Әлеуетті концессионер өзіне қойылатын біліктілік талаптарына жатпайтын ақпаратты бермеуге құқылы.

      5. Әлеуетті концессионердің осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін концессионерді таңдау бойынша конкурс (аукцион) өткізу кезінде конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы біліктілік іріктеуді жүзеге асыру жолымен айқындайды.

      Әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ол конкурсқа (аукционға) қатысуға жіберілмейді, ал оның конкурстық (аукциондық) өтінімі қабылданбайды.";

      10) 18-1-бапта:

      тақырып "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      1-тармақта:

      бірінші абзац "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын";

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осындай конкурстық (аукциондық) өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін кері қайтарып алмайды не өзгертпейді және (немесе) толықтырмайды;";

      3) тармақша "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Конкурсқа қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету концессия шарты бойынша болжанатын инвестициялар құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      Концессия шарты бойынша болжанатын инвестициялардың құны конкурстық құжаттамада айқындалады.";

      4-тармақта:

      бірінші абзац "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) мемлекеттік органдар болып табылатын конкурстар (аукциондар) ұйымдастырушылар үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарна;";

      2) тармақшада:

      екінші абзац "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      үшінші абзацта "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын";

      5, 6 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:

      1) әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық (аукциондық) өтінімді кері қайтарып алса не өзгертсе және (немесе) толықтырса;

      2) конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті концессионер концессия шартын жасасудан жалтарса, қайтармайды.

      6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі туындаған кезде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджеттің кірісіне есептеледі.

      7. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті концессионерге ол енгізген конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) осы әлеуетті концессионер конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін кері қайтарып алған;

      2) конкурсқа (аукционға) қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға қол қойылған жағдайда. Көрсетілген жағдай конкурсқа (аукционға) қатысушылар деп танылған әлеуетті концессионерлерге қолданылмайды);

      3) концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған жағдайларда жүзеге асырылады. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа (аукционға) қатысушыға қолданылмайды;

      4) концессия шарты күшіне енген;

      5) әлеуетті концессионердің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткен жағдайларда жүзеге асырылады.";

      11) 18-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-2-бап. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға байланысты шектеулер

      1. Егер әлеуетті концессионер:

      1) осы әлеуетті концессионердің басшыларының және (немесе) осы әлеуетті концессионердің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары концессионерді таңдау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының өкілі болып табылса;);

      2) әлеуетті концессионер және (немесе) оның қызметкері конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға өткізілетін конкурстарды (аукциондарды) дайындау жөнінде сарапшылық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсеткен, оның ішінде конкурстың (аукционның) нысанасы болып табылатын объектіні құруға арналған техникалық-экономикалық негіздемені және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеуге бас жобалаушы не қосалқы жобалаушы ретінде қатысқан;);

      3) баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын әлеуетті концессионердің мүлкіне тыйым салынған;

      4) әлеуетті концессионердің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері болады және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізеді;

      5) әлеуетті концессионердің қаржы-шаруашылық қызметі
Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының бейрезидент-әлеуетті концессионері мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, өткізілетін конкурсқа (аукционға) қатысуға құқығы жоқ.

      2. Әлеуетті концессионердің және әлеуетті концессионердің үлестес тұлғасының бір конкурсқа (аукционға) қатысуға құқығы жоқ.

      3. Осы баптың талаптарын бұзушылықтарды конкурстық (аукциондық) Комиссия, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы уәкілетті мемлекеттік органдар концессиялық жобаны жоспарлаудың және іске асырудың кез келген сатысында белгілеуі мүмкін.";

      12) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-бап. Концессионерді таңдау бойынша конкурс (аукцион) өткізу

      1. Концессионерді таңдау концессиялық жобалар бойынша конкурс (аукцион) өткізу жолымен жүзеге асырылады.

      2. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурс (аукцион) ұйымдастырушы болып табылады.

      Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) тиісті жергілікті атқарушы органы коммуналдық меншікке жататын және тізбеде көзделген концессия объектілеріне қатысты конкурс (аукцион) ұйымдастырушы болып табылады.

      3. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурс (аукцион) өткізу туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында конкурс (аукцион) өткізілетін күнге дейін кемінде күнтізбелік алпыс күн бұрын, ал қайталап конкурс (аукцион) өткізу кезінде кемінде күнтізбелік отыз күн бұрын қазақ және орыс тілдерінде міндетті түрде жариялайды. Конкурс (аукцион) өткізу туралы ақпарат концессия объектілері туралы мәліметтерді, конкурсты ұйымдастырушыға ұсыну үшін қажетті құжаттардың тізбесін, конкурс жарияланған объектінің сипатына қарай әлеуетті қатысушыларға қойылатын талаптарды; конкурс өткізу жері, уақыты және күні туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.

      4. Концессиялық (аукциондық) өтінімдерді қарауды және іріктеуді аса маңызды концессиялық жобалар бойынша Премьер-Министрдің өкімімен құрылатын комиссия немесе қалған жобалар бойынша конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы жүзеге асырады.

      Тиісті конкурс (аукцион) ұйымдастырушы комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Осы Заңның 20-бабының 4-1-тармағына сәйкес конкурстың (аукционның) шарттарына, сондай-ақ ерекше маңызы бар жобалар бойынша концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде тиісті шешімдер комиссияның хаттамалық шешімімен ресімделеді.";

      13) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу

      1. Комиссия конкурстық өтінімдер салынған конверттерді конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімде, уақытта және жерде ашады.

      Конкурсты ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға тиісті конкурстық (аукциондық) өтінімдерде қамтылған концессиялық өтінімдерді оларға сараптама жүргізу үшін жібереді.

      Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы, концессия шартының жобасын әзірлеу, тиісті конкурстық (аукциондық) өтінімде қамтылған ұсынылған концессиялық өтінімдерді тәуелсіз бағалау үшін, сондай-ақ әлеуетті концессионерлермен келіссөздерге қатысу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаларды тартады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі заңды тұлғаларды тарту үшін конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға концессиялық жобаны консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыруға өтінім жібереді.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөнінде қызметтер көрсетуге арналған қорытындыны тиісті бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

      Бюджет комиссиялары мақұлдаған әрбір концессиялық жобаны консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтер тізбесін қалыптастырады.

      Концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Комиссия конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін, концессиялық (аукциондық) өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау бойынша қорытындыларды ескере отырып, конкурсқа (аукционға) қатысушылар ұсынған барлық конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қарайды.

      Егер конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға белгіленген мерзімде конкурстық (аукциондық) өтінімдер түспеген не ұсынылған барлық конкурстық (аукциондық) өтінімдер конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмесе, онда конкурс (аукцион) өткізілмеген деп есептеледі.

      Егер бір ғана конкурстық (аукциондық) өтінім ұсынылған жағдайда, осы өтінімді комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.

      3. Концессиялық өтінімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін өлшемшарттар негізінде үздік деп танылған конкурсқа (аукционға) қатысушымен комиссия концессиялық жобаны және концессия шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.

      4. Келіссөздер дайындау шеңберінде концессиялық жоба және концессия шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды комиссия өтініш берушіге жазбаша нысанда жіберуі тиіс.

      Келіссөздер жүргізудің қорытындысы бойынша комиссияның олардың нәтижелері туралы тиісті шешімі қабылданады.

      Келіссөздер барысында, осы баптың 4-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, конкурстың (аукционның) шарттарына, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      4-1. Ерекше маңызды жобалар бойынша конкурс (аукцион) шарттарына, сондай-ақ конкурсты (аукционды) өткізу барысында ұлттық валюта бағамы елеулі өзгерген жағдайда, концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол беріледі.

      Конкурстың (аукционның) шарттарына, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарының құны мен мемлекет төлемдері бойынша, сондай-ақ концессиялық (аукциондық) өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім келіссөздер хаттамасы мен комиссия шешімі негізінде жүзеге асырылады және Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады.

      5. Егер концессиялық өтінімі үздік деп танылған конкурсқа (аукционға) қатысушы комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес концессиялық өтінімді және концессия шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан жағдайда не оның ұсыныстары конкурс (аукцион) шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылса, онда комиссия осы концессиялық өтінімді қарамайды және үздік концессиялық өтінімді қайта таңдайды.

      6. Концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындысы бойынша комиссияның шешімімен үздік концессиялық өтінім айқындалады, ал өтінім беруші конкурстың (аукционның) жеңімпазы болып танылады.

      7. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы комиссияның шешімі негізінде конкурс (аукцион) жеңімпазымен концессия шартын жасасады.

      Ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру үшін конкурс (аукцион) ұйымдастырушы комиссияның шешімі негізінде құрылуын концессиялық жобаны іске асыру мақсатында (концедентке концессия шартында айқындалған көлемде және шарттарда осындай заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банк кепілдіктерін ұсынылған жағдайда) конкурс (аукцион) жеңімпазы конкурстық (аукциондық) өтінімде мәлімдеген заңды тұлғамен концессия шартын жасасады.

      8. Концессия шартын жасасу мерзімі конкурстың (аукционның) қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспауы тиіс.

      9. Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстардың (аукциондардың) нәтижелері туралы мәліметтерді конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.".

      49. "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 90-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16-құжат; 2011 ж., № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., №21-22, 115-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2018 ж., №14, 44-құжат):

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң депозиторлар – жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғауға бағытталған және ол талап етуге дейінгі процентсіз депозиттерді және ислам банктерінде (Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдарында) орналастырылған инвестициялық депозиттерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнде (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесi жұмыс iстеуiнiң құқықтық негiздерiн, депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның құрылу және оның қызмет ету, екiншi деңгейдегi банктердiң (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысу тәртiбiн, сондай-ақ жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерiн айқындайды.";

      2) 1-бапта:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) қатысушы банк – депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын, тартылған депозиттерiн қайтару жөнiндегi мiндеттемелерiне осы Заңға сәйкес кепiлдiк берiлетiн банк (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы);";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) қосылу шарты – банктiң (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қосылу шарты, оның талаптарын депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым айқындайды және олар жүйеге кiретiн барлық банктер (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары) үшiн стандартты болып табылады;";

      мынадай мазмұндағы 11) және 12) тармақшалармен толықтырылсын:

      "11) кепілдік берілген өтемді төлеудің электрондық порталы (бұдан әрі – төлемдердің электрондық порталы) – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банкті барлық банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиядан айыру күніне жасалған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеумен депозиторлардың тізілімін (бұдан әрі – депозиторлардың тізілімі) қамтитын және кепілдік берілетін өтемді төлеуге өтініштерді қабылдауға, сондай-ақ кепілдік берілген өтемді төлеудің автоматтандырылған есебін жүргізуге арналған ақпараттық жүйесі;

      12) кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы – кепілдік берілген өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде депозитор талап етпеген кепілдік берілген өтем сомасы;";

      3) 3-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауды, банк шоттарын ашуды және жүргiзудi жүзеге асыратын банктердiң (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысу мiндеттiлiгi;";

      4) 5-баптың 2-тармағында:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен агент-банктерге қойылатын талаптарды белгілейді;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындаған тәртіппен кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін агент-банктердің алдын ала тізбесін бекітеді;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) қатысушы банктi консервациялау кезеңiнде тағайындалатын банкті басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiктiң құрамына қатысады;";

      8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) тарату комиссиясы депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым алдында ол төлеген (төлейтiн) кепiлдiк берiлген өтем сомасы бойынша берешектi өтеген кезге дейiн мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясының құрамына қатысады;

      9) тарату комиссиясы депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым алдында ол төлеген (төлейтiн) кепiлдiк берiлген өтем сомасы бойынша берешектi өтеген кезге дейiн мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының) кредиторлар комитетiнiң құрамына қатысады.";

      5) 6-баптың 2-тармағында:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның депозиторларға кепiлдiк берiлген өтемдi төлеу жөнiндегi мiндеттемелерi қатысушы банктi мәжбүрлеп тарату (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату) туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн, бiрақ қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап кем дегенде бес жылдан кейiн тоқтатылуға жатады.";

      төртінші бөліктегі "5" және "21" деген сандар "3" және "18" деген сандармен ауыстырылсын;

      6) 7-бапта:

      1-тармақтың 2) және 8) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған және (немесе) төлеуге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған қатысушы банктен, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктен (банкті уақытша басқарушыдан) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді сұратуға;";

      "8) қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктен, мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының) тарату комиссиясынан кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша депозиторлардың тiзiмiн, сондай-ақ кепiлдiк берiлетiн депозиттер бойынша кепiлдiк берілген өтемнің есеп-қисабын уақтылы ұсынуды талап етуге;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым, бұрынғы қызметкерлерді қоса алғанда, өз қызметкерлерін олардың қатысушы банктердің уақытша әкімшіліктері мен тарату комиссиялары мүшелерінің міндеттерін атқарған кезеңдегі іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), шешімдер қабылдауына байланысты оларға қарсы талап арыздар берілген жағдайда, оларды құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді;";

      7) 3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібі";

      8) 10-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне кіру";

      1, 2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банк (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне кiру үшiн уәкiлеттi органның жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргiзуге берген лицензиясын алған күннен кейiнгi күннен кешiктiрмей депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға аталған лицензияның нотариалдық жолмен куәландырылған көшiрмесiн табыс етедi.

      2. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне кiретiн банк (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы) уәкiлеттi органның жеке тұлғалардың депозиттерiн қабылдауға, банк шоттарын ашу мен жүргiзуге берген лицензиясын алған күнi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген нысан бойынша жасалған өтiнiш беру арқылы қосылу шартына қосылуға мiндеттi.

      Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне кiретiн банк (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы) қосылу шартына қосылу туралы өтiнiшiн бермеген жағдайда депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым екi жұмыс күнi iшiнде осы фактi туралы уәкiлеттi органды хабардар етедi.

      3. Уәкiлеттi орган қосылу шартына қосылу туралы өтiнiш ұсынбаған банкке (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес санкциялар қолдану туралы мәселенi қарайды.

      4. Депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым банктен (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалынан) оның қосылу шартына қосылуы туралы өтiнiшiн алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оған қатысушы банктiң куәлiгiн бередi.

      Қатысушы банк куәлiгi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктер тiзiлiмiне ақпарат енгiзiлген күнi берiледi.

      5. Банк (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы) мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысушы банктер тiзiлiмiне ақпарат енгiзiлген күннен бастап депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болады.";

      9) 11-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Банктiң (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының) қосылу шартына қосылуы оның депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiне қатысуының мiндеттi шарты болып табылады.";

      2-тармақтың 9) тармақшасындағы "шарттары қамтылуға тиіс." деген сөздер "шарттары;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) қатысушы банк куәлігін алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қатысушы банктің депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен төлемдердің электрондық порталына қосылу және оған қол жеткізу шарттары мен тәртібін айқындайтын келісім жасасу міндеті қамтылуға тиіс.";

      10) 13-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың 2) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.";

      2-тармақта:

      2) және 5-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) клиенттерді қатысушы банк куәлігінің нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, өзінің депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысатыны туралы, сондай-ақ банк шоты шартын және (немесе) банк салымы шартын жасасқан кезде оның ішінде Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен ашылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотына аудару жолымен оларды кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімдері мен тәртібі туралы жазбаша хабардар етуге;";

      "5-1) қатысушы банк өз депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына және (немесе) төлеуге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызылған жағдайда, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның сұратуы бойынша жеке тұлғалардың депозиттері жөніндегі мәліметтерді, сондай-ақ кредитор мен борышкер бір тұлға болған жағдайда олардың міндеттемелері жөніндегі, оның ішінде банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынуға;";

      7) тармақшадағы "қайтаруға міндетті." деген сөздер "қайтаруға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырған жағдайда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым жүргізетін агент банктердің алдын ала тізбесін бекіту жөніндегі рәсімдерге кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін қатысуға міндетті.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің 8) тармақшасының ережесі Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалына қолданылмайды.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшілік (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының тарату комиссиясы) қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру күніне жасалған кепілдік берілетін депозиттер бойынша депозиторлар тізімін, сондай-ақ кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемнің есеп-қисабын ұсынуға міндетті.";

      11) 14-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қатысушы банк депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға өз атауының өзгергенi туралы мемлекеттік қайта тіркеу туралы (есептік қайта тіркеу туралы) анықтаманы алған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде жазбаша түрде хабарлайды.";

      12) 15-бапта:

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қайта ұйымдастыру, тарату жолымен қатысушы банктің қызметін тоқтату немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін тоқтату;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатқан кезде – Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға уәкілетті органның рұқсатын алған күннен бастап;";

      4-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Уәкілетті органның жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдауға, банк шоттарын ашуға және жүргізуге берілген лицензиядан айыруы, ерікті қайта ұйымдастыру негіздері бойынша, сондай-ақ осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша қатысушы банктi депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнен шығарған кезде жүйеден шығарылған банк (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы) оны шығарған күннен бастап үш ай iшiнде жеке тұлғалардың депозиттерiн тiкелей төлеу арқылы не Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, оларды басқа қатысушы банкке аудару арқылы қайтарып беруге мiндетті.

      Осы баптың 2-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінен шығарған кезде жүйеден шығарылған банк (Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес депозиттерді қайтарып беруге міндетті.";

      13) 18-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Егер барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған қатысушы банк депозиторға қатысты кредитор ретінде болған жағдайда, кепілдік берілген өтемнің мөлшері барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырылған күні кепілдік берілген депозит сомасын және аталған қатысушы банктің қарсы талаптарының сомасын есепке алу нәтижесінде пайда болған айырма сомасын негізге ала отырып айқындалады.";

      14) 19-баптың 1-тармағындағы "белгіленген мөлшерде және тәртiппен" деген сөздер "белгіленген мөлшерде, тәртiппен және мерзімдерде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Агент банктер арқылы кепілдік берілген өтемді төлеу

      Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым кепілдік берілген өтемді төлеуді кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыру үшін агент банктердің алдын ала тізбесінен таңдап алынған агент банктер арқылы жүргізеді.

      Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күнге қойған талаптарына сай келетін агент банктер депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен кепілдік берілген өтемді төлеу туралы келісім жасасуға міндетті.

      Кепілдік берілген өтем сомасын және депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі рәсімдерді орындауға байланысты шығыстарды
агент банкке аудару талаптары мен тәртібі депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасасқан кепілдік берілген өтемді төлеу туралы келісімде айқындалады.";

      16) 21-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде кепілдік берілген өтемді төлеуді жүзеге асыратын агент банктердің тізбесін көрсете отырып, кепілдік берілген өтемді төлеу басталатын күн, төлеу кезеңі мен орындары туралы не осы Заңның 23-бабында көзделген жағдайда, кепілдік берілген өтемді төлеуді бастауды кейінге қалдыру туралы ақпаратты орналастыру арқылы депозиторларға хабарлайды.";

      үшінші бөлікте:

      "орны (орындары)" деген сөздер "орындары" деген сөзбен ауыстырылсын.

      "мемлекеттiк" деген сөз ", сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру арқылы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Кепілдік берілген өтемді алу үшін депозитор кепілдік берілген өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш:

      депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға төлемдердің электрондық порталы не "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда;

      осы Заңның 21-бабының 1-тармағында көрсетілген агент банктердің тізбесінен таңдап алынған агент банкке қағаз тасымалдағышта беруге құқылы.

      3. Депозитордың барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған қатысушы банкке талап ету құқығы расталған кезде кепілдік берілген өтемді төлеу кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш және растайтын құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

      4. Депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу тәртібін, сондай-ақ қатысушы банктерді, қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыру кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшілікті және мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының) тарату комиссиясын төлемдердің электрондық порталына қосу және қол жеткізу тәртібін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      17) мынадай мазмұндағы 21-1-баппен толықтырылсын:

      "21-1-бап. Кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы

      1. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі өткенге дейін отыз жұмыс күні бұрын:

      кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталатын күн;

      осы баптың 2-тармағында көзделген талаптар болған кезде кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аудару туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялау арқылы, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде орналастыру арқылы ақпараттандырады.

      Осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі аяқталғанға дейін депозитордың кепілдік берілген өтемді төлеуге жүгінбеуі кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына аударуға келісу ретінде қарастырылады.

      2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуға арналған жеке зейнетақы шотына:

      депозиторлардың тізілімінде қамтылған депозитордың дербес деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні) жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу және сақтау бірыңғай жүйесінде қамтылған жеке тұлғаның дербес деректеріне (жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні) сай келген, сондай-ақ депозитордың жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжат болған;

      депозитордың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және (немесе) ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы жинақтары бар жеке зейнетақы шоты болған жағдайларда аударуды жүзеге асырады.

      3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өзара іс-қимылы:

      1) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арасында ақпарат алмасу тәртібі мен мерзімдерін;

      2) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасын Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотына аудару тәртібін, мерзімдерін және шарттарын қамтуға тиіс келісімнің негізінде жүзеге асырылады.

      4. Осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім өткеннен кейін кепілдік берілген өтемді төлеуге берілген өтінішті депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бір мезгілде мынадай шарттардың:

      кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы осы баптың 2-тармағында көзделген талаптарға сай келмеуіне байланысты Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген тәртіппен депозитордың атына ашылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шотына аударылмаған;

      осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі келтірген мынадай мән-жайлардың бірі болған:

      депозитордың әскери қызметке кіруі;

      депозитордың республика шегінен тыс жерде болуы;

      депозитордың мұраны қабылдауы және мұраны алуға немесе ашуға байланысты өзге де себептердің болуы;

      депозитордың бас бостандығынан айыру орындарында болуы;

      сот анықтаған өзге де мән-жайлардың болуы кезінде қарауға жатады.

      Кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш осы Заңның 21-бабының 2-тармағында көзделген мерзім кезеңінде кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш беруге кедергі болған мән-жайлардың бірінің болуын растайтын құжаттар қоса беріле отырып, қағаз тасымалдағышта беріледі.

      Кепілдік берілген өтемді төлеуге өтініш қатысушы банктің қызметін тоқтату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген күнге дейін берілуі мүмкін.

      Кепілдік берілген өтемді төлеуге арналған өтінішті депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым ол келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей қарайды.";

      18) 22-бапта:

      1-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктiң (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының) төленген (төленетiн) кепiлдiк берiлген өтем сомалары бойынша депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымның талаптарын қанағаттандыру тәртiбiмен алынған ақша;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның арнайы резерві:

      кепілдік берілген өтемді төлеу;

      банк мүлкінің мөлшері мен басқа банкке (банктерге) берілетін кепілдік берілетін депозиттер бойынша міндеттемелердің мөлшері арасындағы айырманы толтыру;

      депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен жасасқан кепілдік берілген өтемді төлеу туралы келісімде айқындалған талаптармен және тәртіппен депозиторларға кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі рәсімдерді орындауға байланысты шығыстарды агент банкке өтеу үшін пайдаланылуы мүмкін.".

      50. "Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 3, 19-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 17-18, 101-құжат; 2011 ж., № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24,125-құжат, 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 15, 78-құжат; № 22-І, 143-құжат; № 22-V, 156,158-құжаттар; 2016 ж., № 22, 116-құжат; 2017 ж., № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат):

      1) 3-баптың 4-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) шетелдік корреспондент-банктердің корреспонденттік шоттарын және резидент емес заңды тұлғалардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың жинақ шоттарын қоспағанда, банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда банк шоттарын ашу және жүргізу;";

      2) 7-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректер субъектісі келіскен жағдайда қол жеткізілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, мекемелерінің, ұйымдары мен өзге де заңды тұлғаларының, ақпараттық жүйелері үшін электрондық ақпараттық ресурс болып табылады.";

      3) 9-бапта:

      5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Банктер, бейрезидент-банктердің филиалдары мен банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар сәйкестендiру нөмiрiн ескеруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген қалыптастыру алгоритміне сәйкес бизнес-сәйкестендіру нөмірінің және (немесе) есептеу алгоритміне сәйкес жеке сәйкестендіру нөміріндегі бақылау разрядының дұрыс көрсетiлуiн бақылауға мiндеттi.";

      8-тармақтың 4) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "резидент-банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында ағымдағы шоттар ашатын бейрезидент-заңды тұлғаларды мемлекеттік кіріс органында салық төлеушілер ретінде тіркеу кезінде жүзеге асырылады.";

      10-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) резидент-банктiң, бейрезидент-банк филиалының орналасқан жерi бойынша:

      резидент-банктерде, бейрезидент-банктердің филиалдарында ағымдағы шоттарын ашатын және осы тармақтың 2)-6) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша сәйкестендiру нөмiрi қалыптастырылмайтын бейрезиденттер үшiн жүзеге асырылады.";

      4) 10-бапта:

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) бейрезидент-жеке тұлға резидент-банктегі, бейрезидент-банктің филиалындағы ағымдағы шотын жапқан жағдайда;";

      3-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) қызметінің мәні қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі тоқтатылған кезде;";

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) бейрезидент-заңды тұлға резидент-банктегi, бейрезидент-банктің филиалындағы ағымдағы шотын жапқан жағдайда;";

      5) 11-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-3), 3-4) және 3-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестердің жосықытылығы тізілімін құру және жүргізу мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасына;

      3-4) дербес деректер субъектісі келіскен жағдайда Қазақстан Республикасының өзге де заңды тұлғаларына;

      3-5) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін жүргізу мақсаты үшін орталық депозитарийге;";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жалпыға қолжетімді ақпаратты қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға қатысты ақпарат жеке немесе заңды тұлғаның келісімімен беріледі және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасына сәйкес қорғалуға жатады.".

      51. "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 4, 32-құжат; 2008 ж., № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 1, 2-құжат; № 1, 2-құжат; №11, 102-құжат; № 14, 117-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 15-құжат; №13, 91-құжат; № 15, 97-құжат; № 20, 121-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 19-құжат; № 19-ІІ, 96-құжат; №19-І, 20-құжат; № 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 8-II, 68-құжат; № 24, 124-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат):

      1) 1-баптың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) жария мүдделі ұйымдар – қаржы ұйымдары (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғаларды, шаруашылық серіктестік нысанында құрылған микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда), акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерін қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа), астық қабылдау кәсіпорындары және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар;";

      2) 19-баптың 3-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Қаржы ұйымдары (банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда) жылдық қаржылық есептерін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде ұсынады.";

      3) 20-бапта:

      3-тармақта "(Директорат)" деген сөз алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында, Қазақстанның Даму Банкінде бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік жүйесін мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі нормативтік құқықтық актілер және оларға әдістемелік ұсынымдарды қабылдау арқылы жүзеге асырады.";

      6-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қаржы ұйымдары үшін:";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қаржы ұйымдарының (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасының талаптарын сақтауын бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.".

      52. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-Құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат;2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар, № 22, 83-құжат; 2019 ж., 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы
26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 10-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-2) мемлекеттік білім беру кредиті – білім алушыларға жоғары білім алуға ақы төлеу үшін берілетін нысаналы кредит;";

      2) 5-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 12-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-3) мемлекеттік білім беру кредитін беру және орналастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      3) 26-баптың 8-тармағының 6) тармақшасындағы "қабылдау үшін квота көзделеді." деген сөздер "қабылдау үшін;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "7) кәмелетке толмаған төрт және одан да көп бала тәрбиеленіп отырған отбасылардағы балалар үшін;

      8) толық емес отбасы мәртебесі қатарындағы 3 жылдан кем емес отбасылардағы балалар үшін;

      9) бала кезінен мүгедек балаларды, І, ІІ топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін квота көзделеді.".

      53. "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 15-16, 59-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., №14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 52-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2018 ж., № 19, 62-құжат):

      7-бапта:

      2-тармақтың 2) тармақшасында:

      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "аккредиттеу субъектілерінің және сәйкестікті бағалау саласындағы құжаттардың тізілімін жүргізуге;";

      оныншы абзацтағы "сотқа жүгінуге міндетті." деген сөздер "сотқа жүгінуге;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "аккредиттеу схемасын әзірлеуге және енгізуге міндетті.".

      54. "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 27-құжат; № 24, 145-құжат; 2011 ж., № 1, 3-құжат; № 5, 43-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; № 24, 144-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 19-II, 106-құжат; 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; №16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; № 16, 56-құжат; № 22, 83-құжат, 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 29 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 4-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңның банктерге, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.";

      2) 42-баптың бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған;";

      3) 62-баптың 3-тармағының екінші бөлігінің 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату (қызметін мәжбүрлеп тоқтату) процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына;".

      55. "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 17-18, 113-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 8, 64-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 14 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 19-I, 100-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 23-II, 170,172-құжаттар; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 23, 103-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 39-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі шегінен тыс тұрақты емес ұшуларды орындайтын азаматтық әуе кемесін пайдаланушының бас офисі Қазақстан Республикасының аумағында орналасуы тиіс және ұйымның қызметі мен операцияларын бағыттауға, бақылауға және үйлестіруге әсер ететін операциялық-қаржылық шешімдер құзыретті мемлекеттік органдардың тексеруі үшін қолжетімді болуы тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымды осы баптың
4-тармағына сәйкес орындалған ұшу күні мен мақсаты туралы хабардар етпеу не хабарламада анық емес ақпаратты ұсыну, сондай-ақ осы баптың 4-1 және
5-тармақтарының талаптарын бұзу пайдаланушы сертификатын қайтарып алу үшін негіз болып табылады.";

      2) 45-баптың 2-тармағының екінші бөлігінің 3) тармақшасындағы "жарамды деп таныған жағдайда ғана Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі." деген сөздер "жарамды деп танылған;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4) жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемелерін пайдаланудың күнтізбелік мерзімі (әуе кемесі шығарылған күннен бастап тіркелген күнге дейін есептелетін мерзім) 25 жылдан аспайтын;

      5) жүктерді тасымалдауға арналған әуе кемесінің ресурсы ұшу циклдерінің саны бойынша және белгіленген зауыт ресурсының үштен екісінен аспайтын сағат бойынша (дайындаушы зауыттың немесе конструкторлық бюроның ресми растауымен) есептелетін;

      6) жүктерді жер үсті және спутниктік арналар арқылы тасымалдауға арналған борттың жай-күйі мен орналасқан жері туралы деректер беруді қамтамасыз ететін жабдық болған жағдайда ғана Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркеледі.";

      3) 46-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) мүлікке ауыртпалық салу болған жағдайларды қоспағанда, пайдаланудың күнтізбелік мерзімі әуе кемесі шығарылған күннен бастап қырық жылдан асатын, бір жылдан астам ұшуға жарамдылығының жарамды сертификаты болмаған;".

      56. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-I, 99-құжат; № 19-II, 103, 105-құжаттар; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-І, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 15, 55-құжат; № 20, 96-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 15, 47-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 23, 91-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжаттар; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45, 46-құжаттар; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 106, 108-құжаттар; № 24-I, 118, 119-құжаттар; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 14-баптың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіліп берілген мүлікті (өзі өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен иелік етуге, филиалдар (өкілдіктер) құруға жазбаша келісім береді;";

      2) 14-баптың 26) тармақшасы алып тасталсын;

      3) 14-баптың 26-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "26-1) мемлекеттік материалдық резервті және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жедел басқаруындағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз етеді;";

      4) 15-бап мынадай мазмұндағы 20-1), 20-2) және 20-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "20-1) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен келісу бойынша өзіне бекітіліп берілген мүлікті (өзі өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығару немесе өзге тәсілмен иелік ету, филиалдар (өкілдіктер) құру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      20-2) республикалық мемлекеттік кәсіпорынға дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

      20-3) шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қарыз беруге келісім береді;";

      5) 17-баптың 5) тармағы алып тасталсын;

      6) 18-баптың 5) тармағы алып тасталсын;

      7) 45-баптың 3-тармағындағы "қайта қаржыландыруының ресми ставкасы" деген сөздер "базалық ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 98-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Егер сауда-саттыққа қойылған акционерлік қоғамдар акцияларының жүз пайызы және мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарындағы қатысу үлестері өткізілген үш сауда-саттықтың нәтижелері бойынша сатылмаған жағдайда, осы заңды тұлғалар қосылу не бірігу арқылы қайта ұйымдастырылуға немесе таратылуға жатады.";

      9) 100-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сауда-саттықты ашық болуға тиіс. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тендер жабық болуы мүмкін.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бір қатысушы ғана қатысқан аукциондар, егер қатысушы бастапқы немесе жарияланған бағаны растаса, өткізілген деп танылады.

      Бір ғана қатысушы қатысқан тендерлер, егер қатысушы бастапқы бағадан кем емес құнды ұсынса, өткізілген деп танылады.";

      10) 100-1-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жекешелендіру объектілерін сату жекешелендіру объектісінің нарықтық құны бойынша жүзеге асырылады.

      Мәміле тараптары бағалау объектісі туралы барлық қолжетімді ақпаратқа ие бола отырып, есеппен және мәжбүрлеусіз әрекет ететін бәсекелестік жағдайларында, мәміле негізінде жекешелендіру объектісі иеліктен шығарылуы мүмкін есептік ақшалай сома жекешелендіру объектісінің нарықтық құны болып табылады.

      Жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасы бағалаушы ұсынған жекешелендіру объектісінің құнын бағалау туралы есептің негізінде айқындалады және оны мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейді.";

      11) 101-бапта:

      101-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сатушы сауда-саттық өткізу туралы хабарламаны оларды өткізгенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялауға тиіс. Хабарлама мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.";

      4-1 және 4-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4.1. Аукцион екі әдіспен:

      бағаны көтеру арқылы;

      бағаны төмендету арқылы өткізіледі.

      Бағаны көтеру әдісін қолдана отырып, аукционды өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасына тең болады.

      Бағаны төмендету әдісін қолдана отырып, аукционды өткізу кезінде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаны 3-ке тең болатын көтеру коэффициентіне көбейту жолымен айқындалады.

      Жекешелендіру объектісі бірінші сауда-саттыққа бағаны көтеру әдісі қолданыла отырып, аукционға шығарылады.

      Жекешелендіру объектісі екінші сауда-саттыққа бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, алғашқы бағаның елу пайызы мөлшерінде ең төменгі бағаны белгілей отырып, аукционға шығарылады.

      Жекешелендіру объектісі үшінші сауда-саттыққа бағаны төмендету әдісі қолданыла отырып, ең төменгі баға белгіленбей, аукционға шығарылады.

      Әр келесі аукцион алдыңғы аукцион күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өткізіледі.

      4-2. Жекешелендіру объектісін бірінші тендерге шығарған кезде жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы алғашқы бағаға тең болады.

      Жекешелендіру объектісін екінші және үшінші тендерге шығарған кезде бастапқы баға алдыңғы тендердің бастапқы бағасынан елу пайызға төмендетіледі.

      Әр келесі тендер алдыңғы тендер күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өткізіледі.";

      12) 102-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сату туралы хабарлама мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында және қор биржасының интернет-ресурсында қазақ және орыс тілдерінде жариялануға тиіс. Сату туралы хабарлама қор биржасында сауда-саттық өткізу басталғанға дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жариялануға және сауда-саттықтың басталу күні, сауда-саттықты өткізу орны, сату объектісі және оның мөлшері туралы мәліметтерді қамтуға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды шет мемлекеттердің қор биржаларында сатуға жол беріледі.

      Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды шет мемлекеттердің қор биржаларында сату кезінде сол мемлекеттің заңнамасы қолданылады.";

      13) 103-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) сатушының жекешелендіру объектісін сату туралы хабарламаны мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қазақ және орыс тілдерінде жариялауын, сондай-ақ тәуелсіз консультанттың әлеуетті сатып алушыларға (инвесторларға) сату туралы ұсынысты жіберуін;";

      14) 105-бапта:

      4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің тікелей атаулы сату туралы шешімі объектінің және стратегиялық инвестордың атауын, сондай-ақ стратегиялық инвесторға қойылатын осы тармақта көрсетілген міндеттемелер тізбесінен міндеттемелерді қабылдау туралы талаптарды және міндеттемелерді орындау мерзімдерін қамтиды.";

      4-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері алып тасталсын;

      15) 106-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сенімгерлік басқарушы немесе жалдаушы (жалға алушы) тендердің әлеуетті қатысушыларына қатысты бәсекелестікке қарсы болып табылмайтын талаптар мен шарттарды белгілей отырып, осы Заңның 100 және 101-баптарына сәйкес тендердің негізінде таңдалады.";

      16) 108-баптың 4-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте кейінгі енгізілетін сомаға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық ставкаларына қарай проценттер есептеледi.";

      17) мынадай мазмұндағы 120-1-тармақпен толықтырылсын

      "120-1. Мемлекеттік-жекешілік әріптестік шарттары оның ішінде, концессиялар бойынша қорғаныс объектілерін иеліктен шығару

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессиялар бойынша қорғаныс объектілерін иеліктен шығару "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.";

      18) 140-баптың 4-тармағының үшінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 145-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келiсуiмен:

      1) филиалдар, өкілдіктер құруға.

      2) акционерлік қоғамдардың өзіне тиесiлi акцияларына;

      3) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiлгер болуға немесе кепiлдiк беруге құқылы;

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келiсуiмен ғана дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға, қарыздар беруге құқылы.";

      20) 153-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазыналық кәсіпорын тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының жазбаша келiсуiмен дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға құқылы.";

      21) 213-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекет жекелеген негіздер бойынша сатып алған мемлекеттік мүлікті өткізу мынадай тәртіпті сақтау арқылы жүргізіледі:

      1) мемлекеттік сатып алу туралы (комиссияның) шарттың негiзiнде сауда ұйымдары арқылы:

      жарамдылық (сақталу) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары;

      бұрын пайдалануда болған өнеркәсiп тауарлары (көлiк құралдарынан, антикварлық бұйымдар мен тауарлардан басқа) өткізіледі;

      2) қор биржасындағы сауда-саттықта бағалы қағаздар өткізіледі;

      3) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген өзге де мүлік аукциондарда өткізіледі.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, аукциондарда екінші сауда-саттық қорытындысы бойынша өткізілмеген мүлік мемлекеттік сатып алу туралы (комиссияның) шарттың негізінде сауда ұйымдары арқылы өткізуге беріледі.

      Ең төменгі баға бойынша өткізілмеген жылжымалы мүлікті пайдаланудың және жоюдың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.".

      57. "Микроқаржылық қызмет туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 20, 120-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; №24-1, 119-құжат 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:     

      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның ірі қатысушысы микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін (артықшылық берілгендерін шегергенде) акцияларының он немесе одан көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін жеке немесе заңды тұлға;

      5-2) мінсіз іскерлік бедел – өтелмеген немесе алынбаған сотталығының болмауы, оның ішінде қаржы ұйымының, банк және (немесе) сақтандыру холдингінің басшы қызметкері лауазымын атқару және қаржы ұйымының ірі қатысушысы (ірі акционері) болу құқығынан өмір бойына айыру түрінде қылмыстық жаза қолдану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болмауы;";

      6) тармақша алып тасталсын;

      2) 2-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Осы Заңның банктерге қатысты қолданылатын ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында ашылған филиалдарына қолданылады.";

      3) 7-баптың 2-тармағы 8-1) тармақшасының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақшада белгіленген талап ломбардтарға қолданылмайды.";

      4) 14-бапта:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Атқарушы органның (алқалы немесе жеке-дара) бірінші басшысы мен мүшелері, байқау кеңесінің (болған кезде) мүшелері, директорлар кеңесінің (болған кезде) мүшелері, бас бухгалтер микроқаржы ұйымының басшы қызметкерлері деп танылады.

      Мынадай:

      1) жоғары білімі жоқ;

      2) мінсіз іскерлік беделі жоқ;

      3) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, оның таратылуына және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуына әкелген қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, қаржы ұйымының ірі қатысушысы жеке тұлға, ірі қатысушысы (банк холдингінің) – заңды тұлғаның басшысы болған адам микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, олардың таратылуына және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуына әкелген қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      4) сол және (немесе) өзге қаржы ұйымында, сол және (немесе) өзге Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім қайтарып алынған адам микроқаржы ұйымының басшы қызметкері бола алмайды. Аталған талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін соңғы қатарынан он екі ай ішінде қолданылады;

      5) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған, не тағайындау (сайлау) күніне дейін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза салынған;

      6) бұрын қатарынан төрт және одан да ұзақ кезең ішінде шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша дефолтқа жол берген не дефолт жіберілген шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы төлеу бойынша берешек сомасы төрт есе және (немесе) купондық сыйақының одан да көп мөлшерін құрайтын не шығарылған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша негізгі борышты төлеу бойынша дефолт мөлшері ақы төлеу күніне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштен он мың есе асатын соманы құраған эмитент басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органның басшысы, мүшесі, қаржы ұйымының бас бухгалтері, жеке тұлға - ірі қатысушы (ірі акционер), басқару органының басшысы, мүшесі, атқару органының басшысы, мүшесі, заңды тұлға – эмитенттің ірі қатысушысының (ірі акционерінің) бас бухгалтері болған адам микроқаржы ұйымының басшысы бола алмайды. Аталған талап осы тармақшада көзделген мән-жайлар пайда болған сәттен бастап бес жыл бойы қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Микроқаржы ұйымының ірі қатысушысы микроқаржы ұйымының атқарушы органының басшысы лауазымына тағайындала (сайлана) алмайды.

      Алқалы атқарушы орган мүшелерінің саны кемінде үш адамды құрауға тиіс.

      Жеке-дара атқарушы орган бір адамнан тұрады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің талабы шаруашылық серіктестік нысанында құрылған микроқаржы ұйымына қолданылмайды.";

      6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау, оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиясынан айыру туралы, сондай-ақ қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы шешім қабылдағанға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының жеке тұлға – ірі қатысушысы не заңды тұлға – ірі қатысушысының бірінші басшысы және (немесе) басшы қызметкері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары болып бұрын табылған не болып табылса, микроқаржы ұйымының басшысы бола алмайды.";

      5) мынадай мазмұндағы 14-1-баппен толықтырылсын:

      "14-1-бап. Микроқаржы ұйымының филиалдарын және өкілдіктерін құру, жабу

      1. Микроқаржы ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында, сол сияқты оның шегінен тыс жерлерде уәкілетті органның келісуінсіз өзінің оқшауланған бөлімшелерін – филиалдары мен өкілдіктерін құруға құқылы.

      2. Микроқаржы ұйымы өзінің филиалы немесе өкілдігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде мыналарды:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының белгісі бар филиал немесе өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;

      2) филиалды (өкілдікті) есептік тіркеу туралы анықтаманы;

      3) филиалдың немесе өкілдіктің бірінші басшысына берілген сенімхаттың нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, олардың құрылғаны туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге міндетті.

      3. Микроқаржы ұйымы филиалының микроқаржы ұйымымен бірыңғай балансы және микроқаржы ұйымының атауына толық сәйкес келетін атауы болады.

      Микроқаржы ұйымының филиалы бір облыс шегінде бірнеше мекенжайда орналасқан үй-жайларды иеленуге құқылы.

      Микроқаржы ұйымының астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада орналасқан филиалы:

      астанада және (немесе) республикалық маңызы бар қалада;

      астанаға (республикалық маңызы бар қалаға) жақын орналасқан облыс шегінде бірнеше мекенжайда орналасқан үй-жайларын иеленуге құқылы.

      4. Микроқаржы ұйымының өкілдігі микроқаржы ұйымының атынан немесе тапсырмасы бойынша әрекет етеді және микроқаржылық қызметті жүзеге асырмайды.

      5. Микроқаржы ұйымының филиалдарын құрудың, жұмыс істеп тұрған филиалдардың, оның ішінде бірнеше мекенжай бойынша орналасқан қосымша үй-жайлардың санын ұлғайтудың міндетті талабы уәкілетті органның микроқаржы ұйымына "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында филиалдың есептік тіркелген күнінің немесе микроқаржы ұйымының тиісті органы микроқаржы ұйымының жұмыс істеп тұрған филиалының, оның ішінде бірнеше мекенжай бойынша орналасқан қосымша үй-жайларының санын ұлғайту туралы шешім қабылдаған күнінің алдындағы үш ай ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға лицензияның қолданысын тоқтата тұру түріндегі санкцияны, сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 211-бабының бірінші және үшінші бөліктерінде, 227-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазаларды қолданбауы болып табылады.

      6. Филиал, өкілдік туралы ережелерге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркеуді талап ететін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезін микроқаржы ұйымы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркелген күнінен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға міндетті.

      Филиал, өкілдік туралы ережелерге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында есептік қайта тіркеуді талап етпейтін өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде микроқаржы ұйымы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының микроқаржы ұйымының хатын қабылдағаны туралы белгісі қойылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға микроқаржы ұйымының көрсетілген хатының көшірмесін, филиал, өкілдік туралы ережелерге өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті.

      7. Микроқаржы ұйымы филиалының қосымша үй-жайларының саны ұлғайған немесе микроқаржы ұйымы филиалының үй-жайларының саны азайған жағдайда микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымының органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымы органының микроқаржы ұйымы филиалының көрсетілген үй-жайларының мекенжайлары қамтылған қабылданған шешім туралы микроқаржы ұйымы органының шешімінен үзінді көшірмені қоса бере отырып, уәкілетті органға жазбаша хабарлама ұсынуға міндетті.

      8. Микроқаржы ұйымы филиалы және (немесе) өкілдігі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан өзі есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде микроқаржы ұйымы филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы құжатының көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы уәкілетті органды жазбаша хабардар етуге тиіс.

      9. Уәкілетті орган осы баптың 3, 5 және 7-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда микроқаржы ұйымы филиалын не филиалының немесе өкілдігінің қосымша үй-жайын жабуды талап етеді.";

      6) 15-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) осы Заңның 11, 12, 13-баптарында, 14-бабының 5 және 6-тармақтарында, 14-1-бабының 3-тармағында белгіленген талаптардың бірі сақталмаған;";

      6) тармақшадағы "сақталмаған жағдайларда жүргізіледі." деген сөздер "сақталмаған;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия алуға өтініш беру үшін осы Заңның 31-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзім сақталмаған жағдайларда жүргізіледі.";

      2-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құқықтан бас тартылған, сондай-ақ осы баптың 1-тармағының 3), 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша бас тарту алынған жағдайда, микроқаржы ұйымы, кредиттік серіктестік, ломбард ретінде тіркелген заңды тұлға бас тартуды алған күннен кейін отыз жұмыс күні ішінде өзінің атауынан "микроқаржы ұйымы", "кредиттік серіктестік", "ломбард" деген сөздерді, олардан туындайтын сөздерді немесе көрсетілген заңды тұлғаның микрокредиттер беру қызметін жүзеге асыратынын болжайтын аббревиатураны өз атауынан алып тастау арқылы қайта тіркеу рәсімін жүргізуге не қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдауға міндетті.";

      7) 16-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) қызметін осы Заңның 14-бабының 5 және 6-тармақтарында, 14-1-бабының 3, 5 және 7-тармақтарында көзделген талаптарды бұза отырып жүзеге асырған;";

      8) 20-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) егер берiлген микрокредит мүлiк кепiлiмен қамтамасыз етiлген жағдайда – кепiл туралы шарт, тіркелуге тиіс мүлікке меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері, ал мүлік кепілі міндетті тіркелетін жағдайда – мүлік кепілінің тіркелу фактісін растайтын құжаттар қамтылады.";

      9) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға микроқаржылық қызмет санатына жататын, жүзеге асырылатын қызметтерді көрсетуді жарнамалауға тыйым салынады.";

      10) 27-баптың бірінші бөлігінде:

      2) тармақша алып тасталсын;

      4-1) және 4-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) микроқаржы ұйымы (ломбардты қоспағанда) қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу тәртібін және шекті мәнін бекітеді;

      4-2) микрокредит алу үшін қажетті құжаттардың тізбесін, сондай-ақ микрокредит беру туралы шарт бойынша кредиттік дерекнама жүргізу тәртібін бекітеді;";

      7) тармақша мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "2021 жылға дейін микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар ретінде тіркелген, осы Заңның 31-бабының 2-1-тармағында белгіленген мерзім ішінде микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия алуға өтініш бермеген заңды тұлғаларды;";

      11) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-бап. Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылық

      Қазақстан Республикасының микроқаржылық қызмет туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.";

      12) 31-бап мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2 және 2-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. 2021 жылға дейін құрылған және 2021 жылғы 1 наурызға дейін уәкілетті органға микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия алуға өтініш бермеген микроқаржы ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастырылуға не таратылуға жатады.

      2-2. Егер құрылтайшысы (акционері, қатысушысы) не басшы қызметкері бұдан бұрын уәкілетті орган микроқаржы ұйымын микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығару туралы шешім қабылдағанға дейін бір жылдан аспайтын кезеңде микроқаржы ұйымының бірінші басшысы немесе құрылтайшысы (қатысушысы) болған заңды тұлға болып табылса, көрсетілген тұлғалар өзінің қызметін қайта ұйымдастыру немесе тарату арқылы ерікті түрде тоқтату туралы шешім қабылдауына байланысты микроқаржы ұйымдарының тізілімінен шығарылған жағдайды қоспағанда, бірде-бір тұлға микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталдарына не орналастырылған акцияларына қатысу үлестерін дербес немесе басқа тұлғамен (тұлғалармен) бірлесіп тікелей немесе жанама түрде иелене және (немесе) пайдалана және (немесе) оларға билік ете алмайды.

      2-3. Микроқаржы ұйымдары микроқаржылық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия алуға өтініш бергенге дейін орналасқан жері осы Заңның 14-1-бабының 3-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін филиалдардың үй-жайларын жабуға міндетті.";

      13) 31-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-1-бап. Микроқаржы ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы хабарлама

      Микроқаржы ұйымы уәкілетті органды микроқаржы ұйымының қаржы өнімдерін бекітуге уәкілетті органы қаржы өнімдерін бекіткені туралы олар бекітілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Микроқаржы ұйымы уәкілетті органды бекітілгені туралы хабардар ететін қаржы өнімдерінің тізбесі, микроқаржы ұйымының қаржы өнімдерін бекітуі туралы уәкілетті органды хабардар ету тәртібі, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.".

      58. "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 5-6, 29-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 21-І, 121-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-V, 154, 156-құжаттар; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-І, 50-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; 2019 ж., № 7, 37-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 18-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) "электрондық үкімет" веб-порталы, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы және "электрондық үкімет" шлюзінде, "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы;";

      21-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету "электрондық үкіметтің" веб-порталы және "электрондық үкіметтің" шлюзінде, "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінде орналастырылған сервистермен интеграцияланған ақпараттандыру объектілері арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      59. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 7, 35-құжат; 2015 ж., № 22-II, 145-құжат; № 22-V, 156-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; № 24, 115-құжат; 2020 жылғы 6 шілдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар, көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру, жалпыға бірдей декларациялау және экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 9-бап мынадай мазмұндағы 9-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасына қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмесін сақтауға берген;";

      2) 12-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Дербес деректерді сақтауды меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға Қазақстан Республикасының аумағындағы базада жүзеге асырады.";

      3) 20-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Дербес деректер мемлекет кепілдік беретін қорғауға жатады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";

      4) 22-баптың 1-тармағында:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпке сәйкес:";

      "3) тармақшадағы "азайтуды қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажетті шараларды қолдануға міндетті." деген сөздер "азайтуды;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған, қолжетімділігі шектелген, дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыру үшін уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектелген дербес деректерді пайдаланатын, сақтайтын, өңдейтін және тарататын ақпараттандыру объектілеріне мемлекеттік техникалық қызметке рұқсат беруді ұсынуды қамтамасыз ететін дербес деректерді қорғау жөніндегі қажет ететін шараларды қолдануға міндетті;";

      5) 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау

      Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау ерекшеліктері Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.";

      6) 25-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен дербес деректерді қорғау үшін қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қолдануға және сақтауға;";

      7) 27-1-бап:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) меншік иесінің және (немесе) оператордың өздері жүзеге асыратын міндеттерді орындау үшін қажетті және жеткілікті дербес деректердің тізбесін айқындау тәртібін әзірлейді;";

      мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған қолжетімділігі шектелген дербес деректерді сақтау, өңдеу және тарату процестерінің қорғалуын қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекітеді;".

      60. "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 10-11, 55-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 1, 1-құжат; № 6, 28-құжат; № 8, 49-құжат; № 11, 61-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 6, 27-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 50-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 7-і, 49-құжат; № 8-І, 65-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 42, 44-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 23, 106-құжат, 2020 жылғы 7 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      3) тармақшадағы "қызметті" деген сөзден кейін ", сондай-ақ осы Заңда айқындалған өзгеде функцияларды" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ерiктi зейнетақы жарналары –Қазақстан Республикасының заңнамасында және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта айқындалатын тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына зейнетақы төлемдерін алушының пайдасына салымшылар өз бастамасы бойынша салатын ақша және (немесе) депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы;

      7) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт – ерікті зейнетақы жарналарына, жинақтарына және зейнетақы төлемдерін алуға байланысты құқықтық қатынастарды белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы шарт, оның талаптарын салымшы (алушы) ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен ғана қабылдайды;";

      8) тармақшадағы "айқындалатын" деген сөзден кейін ", жеке тұлға дербес айқындайтын және оның қалауы бойынша өзгертілуі мүмкін" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) тармақша "заңды тұлға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен жүзеге асыратын жеке тұлға;" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "16-1) зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі – салымшының (алушының) жасы, салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу арқылы зейнетақы жүйесіне қатысуының болжамды кезеңі ескеріле отырып есептелген, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі зейнетақы мөлшерінен төмен емес ай сайынғы зейнетақы төлемдерін қамтамасыз ету үшін қажетті, зейнетақы жинақтарының міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын ең төменгі мөлшері;";

      17-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "17-1) уәкілетті оператор – тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры банк шотына міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетін кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуды жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;";

      19-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-1) инвестициялық портфельді басқарушы – "Бағалы қағаздар рыногы туралы" және "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензия негізінде инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті өз атынан және клиенттің мүддесі үшін және оның есебінен жүзеге асыратын, сондай-ақ зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы;";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) кастодиан-банк – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі немесе кастодиандық қызметке уәкілетті органның лицензиясы бар екінші деңгейдегі банк;";

      2) 3-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасының сақтандыру ұйымдарына қатысты қолданылатын ережелері осы Заңның 60-бабының 8-тармағын қоспағанда, Қазақстан Респуликасының аумағында уәкілетті органның тиісті лицензиясының негізінде "өмірді сақтандыру" саласында сақтандыру шарттарын жасау және орындау бойынша қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру ұйымдарының филиалдарына қолданылады.";

      3) 5-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мемлекет алушыларға осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында және 3-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында және 3-тармағында көрсетілген адамдарға төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарының сомаларын қоспағанда, осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде айқындалған тәртіппен адамдар осы Заңның 11-бабының 1-тармағында және 32-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген жасқа жеткен кездегі, сондай-ақ 31-бабының 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында, 32-бабының 1-тармағының 3) және 3) тармақшаларында белгіленген жағдайларда инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мемлекет беретін кепілдік салымшының (ол үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның) зейнетақы жинақтарының құрамында инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға берілген міндетті зейнетақы жарналарына (міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына) қолданылмайды.

      Осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет осы Заңның 11-бабының 1-тармағында белгіленген жасқа жеткенге дейін сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан кезден басталатын кезеңде жүзеге асырылған инфляция деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына кепілдік береді.";

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) және 1-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) зейнетақы активтері есебінен инвестициялық портфельді басқарудың шарттары мен тәртібін белгілеу;

      1-2) инвестициялық портфельді басқарушыларға қойылатын, осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген, инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды табыстылығы мен зейнетақы активтері табыстылығының ең төменгі көлемі арасындағы теріс айырманы меншікті капитал есебінен өтеу жөніндегі талаптарды белгілеу;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген зейнетақы активтерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыру;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін кастодиан банкте сақтау жөніндегі талаптарды белгілеу;";

      4) 6-бапта:

      1-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекітеді;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтарын алуды жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру, алушының орташа айлық табысын зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін айқындау әдістемесін бекітеді;";

      5) 7-баптың 8) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) орталық атқарушы орган мен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ақпараттық жүйелері арасында жеке зейнетақы шоттары бойынша қозғалыстар туралы, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін алушылар мен олардың мөлшерлері туралы ақпарат алмасу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      9) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін мiндеттi зейнетақы жарналары, міндетті кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтарын, тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында алуды және (немесе) зейнетақы жинақтарынан емдеу ақысын төлеуді жүзеге асыру, оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қайтару қағидаларын, зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру, алушының орташа айлық табысын зейнетақы төлемдерімен алмастыру коэффициентін айқындау әдістемесін, зейнетақы жинақтарының ең төмен жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесін әзірлейді;";

      6) 8-бапта:

      мынадай мазмұндағы 1-3) және 1-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-3) осы Заңның 35-1-бабына сәйкес зейнетақы активтері сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін инвестициялық портфельді басқарушыға қойылатын талаптарды, сондай-ақ осы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;

      1-4) зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушылардың тізілімін жүргізеді және өзінің интернет-ресурсында орналастырады;";

      мынадай мазмұндағы 4-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-2) үлгі нысанын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры әзірлейтін және бекітетін ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру шартының мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 6) және 7) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6) зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беру және зейнетақы активтерін бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беру қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді;

      7) инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналдық табыстылығы мен зейнетақы активтері табыстылығының ең аз көлемі арасындағы теріс айырманы есептеу қағидаларын, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының өз қаражаты есебінен теріс айырманы өтеу қағидалары мен мерзімдерін әзірлейді және бекітеді.";

      7) 27-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ерікті зейнетақы жарналарын төлеудің мөлшері мен кезеңділігін жеке және заңды тұлға дербес белгілейді.";

      8) мынадай мазмұндағы 27-1-баппен толықтырылсын:

      "27-1-бап. Кепілдік берілетін депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптасқан ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу

      Кепілдік берілетін депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынған кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомалары бар салымшылардың (алушылардың) тізімі негізінде ерікті зейнетақы жарналарын есептеу үшін жеке зейнетақы шотына есепке жатқызады.";

      9) 28-баптың 1-тармағындағы "Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі" деген сөздер "Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 30-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "30-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін ұйымдастыру

      1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері міндетті зейнетақы жарналары, белгіленген кестеге сәйкес ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан және (немесе) зейнетақы жинақтары есебінен зейнетақы аннуитеті шартына сәйкес сақтандыру ұйымынан төленетін сақтандыру төлемдерінен, сондай-ақ тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында көрсетілген адамдарға емделуге ақы төлеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде жүзеге асырылады.

      Егер осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы сақтандыру ұйымымен жасалған зейнетақы аннуитеті шартының сомасынан асып кеткен жағдайда, осы айырма салымшыға (алушыға) белгіленген кесте бойынша бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан ай сайынғы зейнетақы төлемдері түрінде төленеді.

      Егер осы Заңның 31-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдардың зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын жағдайда, бұл сома салымшыға (алушыға) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бір рет төленеді.

      Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының екінші бөлігінде, 32-бабының 1-1-тармағының екінші бөлігінде аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемінің мөлшері салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегі арасындағы айырма сомасынан аспауға тиіс.

      Осы Заңның 31-бабы 1-1-тармағының үшінші бөлігінде, 32-бабы 1-1-тармағының үшінші бөлігінде аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын біржолғы төлеу мөлшері салымшының (алушының) міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен төленетін зейнетақы жинақтары мөлшерінің 50 пайызынан аспауға тиіс.

      2. Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры алушының және (немесе) бенефициардың банк шотына аударады.

      Міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен аударуға, есепке жатқызуына және зейнетақы төлемдеріне байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу оларды айырбастау, бенефициардың біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке жатқызуына және (немесе) кейіннен аударуына байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу сомаларын қоспағанда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Бенефициардың қызметтеріне ақы төлеу, оның ішінде осы Заңның 31-бабының 1-1-тармағында, 32-бабының 1-1-тармағында аталған адамдарға міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерімен байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу аталған адамдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.";

      11) 31-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Өзінің пайдасына немесе жақын туысы болып табылатын отбасы мүшесінің пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған аурулардың жекелеген тізбесі бойынша өзі немесе жақын туысы болып табылатын отбасы мүшесі үшін емделуге ақы төлеу үшін міндетті зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға мына шарттар болған жағдайда:

      егер салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы міндетті зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы жинақталған зейнетақы қаражатының ең төменгі жеткілікті шегінен асса;

      егер зейнетақы төлемдерінің мөлшері жиынтығында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдар құқылы.";

      12) 32-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Өзінің пайдасына немесе жақын туысы болып табылатын отбасы мүшесінің пайдасына тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған аурулардың жекелеген тізбесі бойынша өзі немесе жақын туысы болып табылатын отбасы мүшесі үшін емделуге ақы төлеу үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен біржолғы зейнетақы төлемдерін алуға мына шарттар болған жағдайда:

      егер салымшының (алушының) жеке зейнетақы шотындағы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының сомасы жинақталған зейнетақы қаражатының ең төменгі жеткілікті шегінен асса;

      егер зейнетақы төлемдерінің мөлшері жиынтығында Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалатын 40 пайыздан төмен емес деңгейде алушының орташа айлық кірісін алмастыру коэффициентін қамтамасыз етсе, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында зейнетақы жинақтары бар адамдар құқылы.";

      13) 33-бапта:

      1-тармақ 3) тармақшадағы "құжаттарды ұсынған адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды." деген сөздер "құжаттарды ұсынған;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) инвестициялық портфельді басқарушының инвестициялық басқаруындағы ерікті зейнетақы жарналары мен оларға есептелген инвестициялық кіріс сомалары шегінде кемінде бес жыл зейнетақы жинақтары бар құжаттарды ұсынған адамдардың ерiктi зейнетақы жарналары есебiнен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдерiне құқығы туындайды.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін алушы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес дербес айқындайды.";

      14) 34-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілетін депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуды және есептеуді жүзеге асырады және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

      Өзге тұлғаларға міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын тартуға, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілетін депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуға және есептеуге тыйым салынады.";

      8-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттарға, кастодиандық шарттарға, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.";

      9-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілетін депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке жатқызуды және есептеуді жүзеге асыруға;";

      2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) алушылар мен бенефициарларға зейнетақы төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асыруға;

      3) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен зейнетақы жинақтарын, оның ішінде инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы жинақталған зейнетақы қаражатын және зейнетақы төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруға;";

      мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-2) атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегінен асатын міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты ақы алмай беруге міндетті.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беру тәсілі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қағидаларында айқындалады;

      4-3) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен біржолғы зейнетақы төлемдерін есепке алу, аудару, төлеу мәселелері бойынша бенефициармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

      4-4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;";

      мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-1) инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты, оның ішінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттар жасасқан инвестициялық портфельді басқарушылардың тізбесін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және көлемде ашуға;

      5-2) жыл сайын, күнтізбелік жыл басталғанға дейін бір айдан кешіктірмей, кемінде екі баспа басылымында қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ өзінің интернет-ресурсында жариялау арқылы алдағы жылға есептелген және қолданыстағы зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруға;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) салымшының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы өтініші келіп түскен кезде, осындай беруді жүзеге асырудан бас тарту үшін негіздер болмаған кезде осы Заңның 35-1-бабында айқындалған тәртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруге;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) инвестициялық портфельді басқарушымен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушымен және кастодиан банкпен кастодиандық шарт жасасуға;";

      19) тармақшадағы "болуы міндетті." деген сөздер "болуы;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 20) және 21) тармақшалармен толықтырылсын:

      "20) салымшы, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлға осы Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес зейнетақы жасына жеткен кезде зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асыруға;

      21) мұрагерлер бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшы қайтыс болған жағдайда зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтінішпен жүгінген кезде зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына аударуды жүзеге асыруға міндетті.";

      10-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) ұйымдасқан және ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарықтарында қаржы құралдарымен мәміле жасау кезінде маржалық және өзге де қамтамасыз етуді беруді қоспағанда, зейнетақы активтернін кепiлге беруге;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) ұйымдасқан және ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарықтарында қаржы құралдарымен мәміле жасау кезінде маржалық және өзге де қамтамасыз етуді, сондай-ақ тендерлер және (немесе) конкурстарға қатысу кезінде қамтамасыз етуді беруді қоспағанда, меншікті активтерді кепiлге беруге;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарын сатып алу, сондай-ақ қарыздарды бағалы қағаздарды кепілге беру арқылы жүзеге асыруды қоспағанда, қарыздарды кез келген тәсілдермен беруге;";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың талаптары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері және (немесе) меншікті активтері есебінен жүзеге асырылатын бағалы қағаздармен "репо" операцияларына қолданылмайды.";

      15) 35-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару тәртібі. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық декларациясы";

      16) мынадай мазмұндағы 35-1-баппен толықтырылсын:

      "35-1-бап. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқару, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу тәртібі

      1. Инвестициялық портфельді басқарушының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен инвестициялық портфельді басқарушының арасында жасалған зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт (бұдан әрі – зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт) негізінде жүзеге асырылады.

      2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры инвестициялық портфельді басқарушымен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасасады және зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт жасалғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Заңның 34-бабы 9-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес осындай инвестициялық портфельді басқарушы туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      3. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың үлгі нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт осы баптың 11-тармағында көрсетілген кастодиан банктегі шоттарға зейнетақы активтері түскен күннен бастап күшіне енеді.

      4. Инвестициялық портфельді басқарушы инвестициялық портфельді басқарушы алған зейнетақы активтерінің номиналды табыстылығы мен осы Заңға және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісіне сәйкес есептелген зейнетақы активтері табыстылығының ең аз мәні арасында теріс айырма пайда болған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына осы теріс айырманы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде меншікті капитал есебінен өтейді.

      5. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беруді бір мезгілде мынадай:

      1) салымшының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында белгіленген нысан бойынша және құжаттарды қоса бере отырып, инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау (өзгерту) туралы жазбаша өтінішінің болуы;

      2) зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарттың, сондай-ақ бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан банк арасында жасалған кастодиандық шарттың болуы;

      3) салымшының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның, инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілуге жататын зейнетақы жинақтары салымшының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен салымшының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігінің шегі арасындағы айырмадан аспаса;

      4) салымшының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның өтінішінде көрсетілген инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келетін талаптарды орындаған кезде жүзеге асырады.

      6. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруді осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде осы баптың 5-тармағының 3) тармақшасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, осы өтініште көрсетілген зейнетақы жинақтарының сомасына сәйкес сомада жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптар орындалмаған және (немесе) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген өтініш келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күні ішінде зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына беруден бас тартады.

      7. Инвестициялық портфельді басқарушының өзінің сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін басқа тұлғаға сенімгерлік басқаруға беруге құқығы жоқ.

      8. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт мынадай жағдайларда:

      1) инвестициялық портфельді басқарушы қадағалау ден қою шараларын қолдану негіздерін уәкілетті орган белгілеген мерзімдерде жоймаған жағдайда;

      2) инвестициялық портфельді басқарушы осы Заңның 8-бабының 1-3) тармақшасына сәйкес зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда (инвестициялық портфельді басқарушы зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыру үшін уәкілетті органның талаптарына сәйкес келетін инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімінен шығарған жағдайда);

      3) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруында зейнетақы активтері мен олар бойынша міндеттемелері болмаған жағдайда оның бастамасы бойынша;

      4) инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды жүзеге асыратын кастодиан банк лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған не одан айырылған және кастодиан банк лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған не одан айырылған күннен кейін күнтізбелік он күн ішінде басқа кастодиан банкпен жаңа кастодиандық шарт жасаспаған жағдайларда бұзылады.

      9. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шарт бұзылған кезде инвестициялық портфельді басқарушы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына беру жөніндегі рәсімдерді жүзеге асырады.

      10. Инвестициялық портфельді басқарушыға осы Заңға қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының нормалары қолданылады.

      11. Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кастодиан банктегі шоттарында сақталады және есепке алынады, оны таңдауды инвестициялық портфельді басқарушы жүзеге асырады.

      Бір инвестициялық портфельді басқарушыға инвестициялық басқаруға берілген зейнетақы активтерін сақтауды және есепке алуды бір кастодиан-банк жүзеге асыруға тиіс.

      Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, инвестициялық портфельді басқарушы және кастодиан банк арасында жасалған кастодиандық шарттың үлгі нысаны уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленеді.

      Инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу ерекшеліктері Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленеді.";

      17) 39-бапта:

      тақырыбы "кәсіптік зейнетақы жарналары" деген сөздерден кейін ", ерікті зейнетақы жарналары" деген сөздермен толықтырылсын;";

      1-тармақтың бірінші абзацында "кәсіптік зейнетақы жарналары" деген сөздерден кейін ", ерікті зейнетақы жарналары" деген сөздермен толықтырылсын;

      1-тармақтың 1-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігі шегінен асатын міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға;";

      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының нақты сомасы мен салымшының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаның зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілігі шегі арасындағы айырмадан аспайтын сомада зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін инвестициялық портфельді басқарушыны таңдау туралы өтінішті уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен беруге;

      4-2) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен бір инвестициялық портфельді басқарушыдан басқа инвестициялық портфельді басқарушыға өзінің зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін инвестициялық портфельді басқарушыны өзгерту туралы өтінішті жылына бір реттен жиі емес ұсынуға;

      4-3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне сенімгерлік басқаруға қайтаруға (зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына бастапқы берілгеннен кейін кемінде үш жыл өткен соң) өтініш беруге;

      4-4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі құжаттарында көзделген өзге де ақпаратты алуға;";

      18) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-бап. Салымшының (алушының) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен шарты

      1. Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылардың (алушылардың) құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі және өзге де құқықтық қатынастары белгіленеді.

      2. Ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ерікті зейнетақы жарналарын аудару кезінде агенттердің бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері негізінде жүзеге асырылады.

      3. Ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шотын ашу уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен ерікті зейнетақы жарналарын аудару кезінде бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеке тұлғадан өз пайдасына немесе үшінші тұлғаның пайдасына түскен бастапқы жарнаның негізінде жүзеге асырылады.

      4. Салымшы (алушы) ерікті зейнетақы жарналары сомасы түскен күннен бастап ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартқа қосылған болып саналады.

      5. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына салымшының (алушының) кепілдік берілетін депозиті бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасын аударған жағдайда, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым арасында жасалған келісімде белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынған кепілдік берілетін депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомалары бар салымшылардың (алушылардың) тізімі негізінде жасалады.";

      19) 50-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Заңның 35-бабының 2-тармағына және 35-1-бабына сәйкес активтерді инвестициялық басқаруға арналған шарт негізінде берілген зейнетақы активтері салымшының (алушының), Мемлекеттік корпорацияның, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, кастодиан банктің және инвестициялық портфельді басқарушылардың борыштары бойынша міндетті зейнетақы жарналарына, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына, өсімпұлдарға, зейнетақы активтеріне және зейнетақы жинақтарына бұғаттауға немесе өндіріп алуға, оның ішінде аталған субъектілер таратылған және (немесе) банкрот болған жағдайларда жол берілмейді.";

      4-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) осы Заңның 35-1-бабына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушы сенімгерлік басқаруға берген зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарына орналастыруға;";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында зейнетақы төлемдерін және зейнетақы жинақтарын алуды жүзеге асыруға;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) зейнетақы активтерін осы Заңның 35-1-бабына сәйкес инвестициялық портфельді басқарушыға сенімгерлік басқаруға беруге;";

      6) тармақшадағы "төлеуге пайдаланылады." деген сөздер "төлеуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) ұйымдасқан және ұйымдаспаған бағалы қағаздар нарықтарында қаржы құралдарын сатып алуға немесе сатуға байланысты брокерлік комиссияларды, биржалық алымдарды және өзге де шығындарды төлеуге пайдаланылады.";

      20) 55-бапта:

      2-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) уәкілетті органның оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің-филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиясынан айыру туралы шешім қабылданғанға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге, не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республика бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде бұрын қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының басшысы немесе басшысының орынбасары, қаржы ұйымының ірі қатысушысы – жеке тұлға, ірі қатысушысы –заңды тұлғаның басшысы болған.

      Көрсетілген талап уәкілетті орган оларды таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, банкті, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын төлемге қабілетсіз банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары санатына жатқызу туралы, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп иелену, қаржы ұйымын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату не оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады;

      5) осы және (немесе) өзге қаржы ұйымында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің осы және (немесе) өзге филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалында басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісім қайтарып алынған. Көрсетілген талап уәкілетті орган басшы қызметкер лауазымына тағайындауға (сайлауға) келісімді қайтарып алу туралы шешім қабылдаған күннен кейін тізбекті күнтізбелік он екі ай ішінде қолданылады.

      Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған не тағайындау (сайлау) күніне дейінгі үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған адам да бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшы қызметкері болып тағайындала алмайды (сайлана алмайды);";

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының басшы жұмыскерін тағайындауға (сайлауға) келісімді уәкілетті органның қайтарып алуы өзге қаржы ұйымдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарында, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарында осы басшы жұмыскерге бұрын берілген келісімді (келісімдерді) қайтарып алу үшін негіз болып табылады.".

      61. "Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы" 2013 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2013 ж., № 15, 80-құжат; 2014 ж., № 12, 82-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 152-құжат; 2016 ж., №7-I, 47-құжат; № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 36-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 82-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; 2020 жылғы 5 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:

      "8) "Бизнеске арналған үкімет" веб-порталы – жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларына, сондай-ақ электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық жүйе.";

      2) 11-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ұлттық палата кәсіпкерлік субъектілері үшін бірыңғай интернет-порталды және "Бизнеске арналған үкімет" веб-порталын құрады және оны қолдауды, әкімшілендіруді және дамытуды жүзеге асырады.";

      3) 14-бап мынадай мазмұндағы 17), 18) және 19) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерімен және дерекқорымен тиісті сақтық индексін, адал отандық бизнес-әріптестер туралы өзге де рейтингтерді және мәліметтерді қалыптастыру мақсатында интеграцияланған кәсіпкерлік субьектілері туралы мәліметтерді, сондай-ақ рейтингтерді және адал отандық бизнес әріптестер туралы мәліметтерді қамтитын бизнес-әріптестердің жосықтылығы тізілімін жасауды және жүргізуді қамтамасыз етеді.

      Ұлттық кәсіпкерлік палатасы бизнес-әріптестер жосықтылығы тізілімін жасауды және жүргізуді Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады.

      18) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
бизнес-әріптестердің жосықтылығы тізілімін қорғау үшін құпиялылықты қамтамасыз етеді және қажетті шараларды, оның ішінде құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды сақтайды;

      19) кәсіпкерлікті дамыту, адал отандық және шетелдік кәсіпкерлердің – отандық кәсіпкерлік субъектілерін сатып алушылар мен өнім берушілердің құқықтарын бұзу тәуекелдерін төмендету, көлеңкелі экономиканы қысқарту, жалған кәсіпкерлікті анықтауға жәрдемдесу, кәсіпкерлік субъектілері қызметінің ашықтығы мен айқындылығын арттыру, кәсіпкерлер қызметіндегі тәуекелдерді азайту, сол сияқты отандық кәсіпкерлер өндіретін тауарларды және олар орындайтын жұмыстарды, олар көрсететін қызметтерді тұтынушылардың тәуекелдерін төмендету мақсатында бизнес-әріптестердің жосықтылығы тізілімі базасында рейтингтік және өзге де сервистерді әзірлейді және ұсынады.

      Бизнес-әріптестердің жосықтылығы тізілімінің деректері мен сервистерін қоса алғанда, рейтингтік және өзге де сервистердің тізбесі және оларды отандық және шетелдік кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдарды қоса алғанда, өзге де мүдделі тұлғаларға ұсыну тәртібі Төралқаның шешімімен айқындалады.".

      62. "Оңалту және банкроттық туралы" 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 4-5, 23-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20, 117-құжат; № 21-III, 136-құжат; № 22-I, 143-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-II, 53, 55-құжаттар; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; 2019 ж., №7, 37-құжат):

      1-баптың 10) тармақшасы екінші бөлігінің жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "кредиторлар – кепілмен қамтамасыз етілмеген қарыз (микрокредит) алуға арналған шарттардан туындайтын талаптар жөніндегі қаржы ұйымдары;".

      63. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-II, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 90-құжат; 2020 жылы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) интеллектуалды көлік жүйесі – жол жүрісі мен тасымалдау қызметін басқаруды, мониторингтеуді және бақылауды қамтамасыз ететін өзара байланысты автоматтандырылған жүйелер, сондай-ақ автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі және жол жүрісі саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары, аспаптар мен жабдықтар кешені;";

      мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "34-1) көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі – Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне байланысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеуді және сақтауды және осындай құжаттар туралы формальдандырылған ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар мен тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;";

      2) 31-бапта:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) тасымалдау қызметін мониторингтеуді және бақылауды қамтамасыз етеді;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) криминалдық және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда және жол жүрісі мен автомобиль көлігі саласындағы құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты тиісті уәкілетті органдарға жедел түрде ұсынады;";

      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) жол жүрісі және автомобиль көлігі саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркейді.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) тасымалдау қызметіне мониторинг және бақылау жүргізеді.";

      3) 54-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "жол парағын, тасымалданатын жүкке арналған құжатты (тауар-көлік жүкқұжатын), сондай-ақ көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде тіркелгендерді қоспағанда, көлік құралына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжаттарды, өзімен бірге алып жүруге және ішкі істер органдарының, көліктік бақылау органдарының және мемлекеттік кірістер органдарының оған уәкілеттілік берілген лауазымды адамдарының талабы бойынша оларға тексеру үшін беруге;".

      64. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 9, 51-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 8, 45-құжат; № 9, 46-құжат; № 11, 57-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-II, 144, 145-құжаттар; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-I, 169-құжат; 2016 ж., № 1, 2, 4-құжаттар; № 6, 45-құжат; № 7-I, 50-құжат; № 7-II, 53-құжат; № 8-I, б. 62; № 8-II, Б. 68; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; № 9, 21, 22-құжаттар; № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-III, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47, 49-құжаттар; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90-құжат):

      1) 1-бапта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) лицензия – жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейіне байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға лицензиар беретін бірінші санаттағы рұқсат;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) лицензиат – лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы;";

      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "15) рұқсат – рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыруға арналған құқығын растау;";

      2) 29-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Шетелдік заңды тұлға, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалы, шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам болып табылатын өтініш беруші өзінде осы баптың
3-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттар болмаған кезде өтініш беруші туралы осыған ұқсас мәліметтерді қамтитын басқа да құжаттарды ұсынады.";

      3) 32-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың осы санаты, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынған;";

      4) 33-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) заңды тұлға-лицензиаттың, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға-лицензиат филиалының атауы және (немесе) орналасқан жері өзгерген (лицензияда мекенжай көрсетілген жағдайда);";

      5) 35-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі тоқтатылғанда;";

      6) 49-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жеке немесе заңды тұлғаның, қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметі немесе жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттері (операциялары) тоқтатыла тұрған жағдайда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне тиісті мәліметтер енгізіледі.";

      7) 1-қосымшада:

      53-жолдың 3-бағанында:

      4-тармақ "Банктердің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақ "банктер" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      8-тармақ "банктің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      13-тармақ "Банктерге" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      14-тармақ "Банктерге" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;

      57-жолда:

      2-баған "банктері" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасы бейрезидент-ислам банктерінің филиалдары" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-бағанда:

      3-тармақ "банкінің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкі филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақ "банкінің" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банкі филиалының" деген сөздермен толықтырылсын.

      8) 2-қосымшада:

      68-жолдың 2 және 3-бағандары "банк" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалын" деген сөздермен толықтырылсын;

      69-жолдың 2 және 3-бағандары "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын ашуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 69-1-жолмен толықтырылсын:

      "

669-1

Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган басқармасының Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат беру туралы (рұқсат беруден бас тарту туралы) қаулысы

Мерзімсіз рұқсат;
конкурс рәсімін қолдануға келмейді;
рұқсат беру кезінде осы Заңның 25-бабының 3-тармағы бірінші бөлігінің және
26-бабы 1,
2-тармақтарының күші қолданылмайды

      ";

      245-жолда:

      2-баған "таратуға" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-баған "таратуға" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының қызметін ерікті түрде тоқтатуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      251-жолда:

      2 және 3-бағандар "таратуға" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қызметін ерікті түрде тоқтатуға" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 3-қосымшаның 54-тармағы алып тасталсын.

      65. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы"2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 116-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 20, 96-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 7 (2782), 39-құжат):

      1) 3-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттары:

      1) реттілік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастарды кезең-кезеңмен орнату;

      2) конкурстық қағидаты– осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, жекеше әріптесті конкурстық негізде айқындау;

      3) теңгерімділік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру процесінде мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасында міндеттерді, кепілдіктерді, тәуекелдер мен кірістерді өзара тиімді бөлу;

      4) нәтижелілік қағидаты – мемлекеттік-жекешелік әріптестік нәтижелеріне қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін өлшемшарттар мен көрсеткіштерді белгілеу;

      5) халық үшін құндылық қағидаты – әлеуметтік инфрақұрылымды және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жүйелерін дамытуды қамтамасыз ету, тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру шеңберінде жұмыс орындарын құру болып табылады.";

      2) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік белгілері

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің айрықша белгілеріне мыналар:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу арқылы мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің қарым-қатынастарын орнату;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді кезеңі (мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне байланысты үш жылдан отыз жылға дейін);

      3) мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің осы Заңда көзделген нысандарда мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бірлесіп қатысуы;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптестің ресурстарын біріктіру;

      5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін жеке әріптестің инвестицияларды жүзеге асыруы жатады.";

      3) 9-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Егер әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектісін пайдалану жекеше әріптес инвестицияларының өзін-өзі ақтауын қамтамасыз етпесе, жекеше әріптестің шығындарын толық өтеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік инфрақұрылым мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын, қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға жүктелген объектілер, объектілер кешендері жатады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне шығындарды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалады.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалануға бергеннен кейін мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес кемінде бес жылды құрайтын мерзім ішінде тең үлеспен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында белгіленген инвестициялық шығындардың өтемақысын төлеу мерзімдерін неғұрлым ерте кезеңдерге ауыстыруға тыйым салынады.";

      4) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдалану кезеңі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ерекшеліктеріне байланысты кемінде бес жыл мерзімге белгіленеді.";

      5) 23-бапта:

      3) тармақша "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде (құны төрт миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жергілікті жобалар бойынша және республикалық жобалар бойынша)
мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына салалық қорытынды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар дайындауды жүзеге асырады;";

      6) 25-бапта:

      2) тармақша "конкурсты" деген сөзден кейін "(аукционды)" деген сөзбен толықтырылсын;

      4) тармақша "конкурсты" деген сөзден кейін "(аукционды)" деген сөзбен толықтырылсын;

      7) 28-баптың 3) тармақшасы "конкурстық" деген сөзден кейін "(аукциондық)" деген сөзбен толықтырылсын;

      8) 31-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жекеше әріптесті айқындау мынадай тәсілдермен жүзеге асырылады:

      1) конкурс тәсіл (ашық конкурс, оңайлатылған тәртіппен және екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып конкурс тәсілмен).

      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс Қазақстан Республикасының Үкіметі тізбесін айқындайтын объектілерге қатысты жабық болуы мүмкін;

      2) тікелей келіссөздер;

      3) аукцион тәсілі.";

      9) 32-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Конкурсқа (аукционға) не жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздерге қатысу үшін әлеуетті жекеше әріптес мынадай жалпы біліктілік талаптарына сәйкес келуге:

      1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін) және азаматтық әрекет қабілеттілігінің (дара кәсіпкер үшін) болуы;

      2) төлем қабілеттілігінің болуы, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салық берешегінің болмауы;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржылық және (немесе) материалдық және (немесе) еңбек ресурстарының болуы;

      4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпауға, баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрмауға;

      5) соңғы үш жыл ішінде жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік не концессия шарттары бойынша міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес не концессионер деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жауаптылыққа тартылмауға;

      6) әлеуетті жекеше әріптестің құрылтайшылары, басшылары терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілмеуге;

      7) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілмеуге;

      8) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі құнының кемінде он пайызын құрайтын меншікті қаражаты болуға тиіс.

      Меншікті қаражат деп мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға тікелей тартылатын әлеуетті жекеше әріптеске тиесілі меншікті капитал, ақша және өзге де активтер түсініледі. Осы талап мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына енгізіледі.";

      3 және 4-тармақтар "конкурсты" деген сөзден кейін "(аукционды)" деген сөзбен толықтырылсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әлеуетті жекеше әріптес біліктілік талаптарына сәйкестігіне анық емес ақпарат берген жағдайда, сот оны жосықсыз әлеуетті жекеше әріптес деп таныған кезден бастап кейінгі үш жыл бойы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға жіберілмейді.

      Әлеуетті жекеше әріптес ұсынатын біліктілік талаптары жөніндегі ақпараттың анықтығын конкурстық (аукциондық) комиссия, конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді өткізудің кез келген сатысында анықтауы мүмкін.";

      7-тармақта бірінші және екінші абзац "конкурсты" деген сөзден кейін "(аукционды)" деген сөзбен толықтырылсын;

      8-тармақ "конкурсты" деген сөзден кейін "(аукционды)" деген сөзбен толықтырылсын;

      10) 33-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "33-бап. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға байланысты шектеулер

      1. Әлеуетті жекеше әріптес, егер:

      1) осы әлеуетті жекеше әріптес басшыларының және (немесе) осы әлеуетті жекеше әріптестің уәкілетті өкілінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары жекеше әріптесті айқындау туралы шешім қабылдау құқығына ие болса не конкурсты (аукционды) не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушының өкілі болып табылса;

      2) баланстық құны тиісті негізгі құралдар құнының он пайызынан асатын әлеуетті жекеше әріптестің мүлкіне тыйым салынған болса;

      3) әлеуетті жекеше әріптестің атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген болса;

      4) әлеуетті жекеше әріптестің қаржы-шаруашылық қызметі
Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резиденті емес әлеуетті жекеше әріптес мемлекетінің заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрса, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) не тікелей келіссөздерге қатысуға құқығы жоқ.

      2. Әлеуетті жекеше әріптестің және әлеуетті жекеше әріптестің үлестес тұлғасының жекеше әріптесті айқындау жөніндегі бір конкурсқа (аукционға) қатысуға құқығы жоқ.

      3. Осы баптың талаптарын бұзушылықтарды мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жоспарлау мен іске асырудың кез келген сатысында Конкурстық комиссия, конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы, уәкілетті мемлекеттік органдар белгілеуі мүмкін.";

      11) 34-баптың 3-тармағы "конкурсқа" деген сөзден кейін "(аукционға)" деген сөзбен толықтырылсын;

      12) 35-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "35-бап. Жеке әріптесті конкурс (аукцион) тәсілімен айқындау)

      1. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.

      2. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы жекеше әріптесті айқындау үшін конкурстық (аукциондық) комиссия құрады.

      3. Мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) нәтижелері, сондай-ақ жекеше әріптесті айқындау жөніндегі жабық конкурс нәтижелері туралы мәліметтерді конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы қазақ және орыс тілдерінде жариялайды өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады және мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.";

      13) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "36-бап. Конкурсты (аукционды) өткізу туралы хабарлама

      Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу туралы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының ресми интернет-ресурсында орналастырылады және мерзімді баспа басылымдарында жарияланады. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты (аукционды) өткізу туралы ақпарат мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы туралы, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) өткізілетін күні, орны мен уақыты туралы мәліметтерді қамтиды.";

      14) 37-бапта:

      1-тармақ "конкурсты" деген сөзден кейін "(аукционды)" деген сөзбен толықтырылсын.;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы барлық әлеуетті жекеше әріптестерге осы Заңның 20-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және осы Заңның 21-бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген, мынадай ақпаратты қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын ұсынады:

      1) әлеуетті жекеше әріптестердің қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарға қойылатын талаптар;

      1-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақ;

      2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің орналасқан жері;

      3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша мемлекеттік қолдаудың болжанатын түрлері мен көлемдері, сондай-ақ шығындарды өтеу мен кірістерді алу көздері;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасы;

      5) үздік конкурстық (аукциондық) өтінімді айқындау өлшемшарттарын сипаттау;

      6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының өлшемшарттары көрсетілуге тиіс валютаны (валюталарды) көрсету және оларды салыстыру және бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын валюта (валюталар) бағамы;

      7) конкурстық (аукциондық) өтінім берілетін тілге қойылатын талаптар;

      8) әлеуетті жекеше әріптестің өз конкурстық (аукциондық) өтінімін конкурстық (аукциондық) өтінімдерді табыс ету мерзімі өткенге дейін өзгерту немесе кері қайтарып алу құқығына нұсқау;

      9) конкурстық (аукциондық) өтінімнің мазмұны, конкурстық (аукциондық) өтінімдерді табыс ету тәсілі, орны, мерзімі және қолданылу мерзімі, сондай-ақ конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді енгізу шарттары;

      10) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасының мазмұны бойынша түсіндірулерді алу тәсілдері;

      11) конкурстық (аукциондық) өтінімдер салынған конверттерді ашу рәсімдері, орны, күні және уақыты;

      12) келіссөздер барысында өзгерістер енгізуге жол берілмейтін конкурстың шарттары.";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Конкурстық құжаттамада осы Заңның 40-бабына сәйкес келіссөздер барысында өзгерістер енгізуге жол берілмейтін, конкурстың (аукционның) елеулі шарттары болып табылатын конкурстың (аукционның) шарттары айқындалады.";

      3, 4, 5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Конкурстық құжаттама әлеуетті жекеше әріптеске қағаз жеткізгіште ұсынылған жағдайда, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының ұсынылған конкурстық құжаттамасы үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасының көшірмесін жасауға жұмсалған шығындардан аспайтын ақы алуға құқылы.

      4. Әлеуетті жекеше әріптес конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын түсіндіру туралы сұрау салумен, бірақ конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей өтініш білдіруге, ал жекеше әріптесті айқындау жөнінде қайталап конкурс (аукцион) өткізген кезде – конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өтініш білдіруге құқылы.

      Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мұндай сұрау салу тіркелген кезден бастап үш күн мерзімде әлеуетті жекеше әріптестерге түсіндіру береді.

      5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімдерді ұсыну мерзімі өткенге дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей өз бастамасы бойынша немесе әлеуетті жекеше әріптестің сұрау салуына жауап ретінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге құқылы.

      Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулардың мәтінін барлық әлеуетті жекеше әріптестерге ұсынады. Бұл ретте конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімдер ұсыну мерзімін конкурстық (аукциондық) өтінімдерде осы өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әлеуетті жекеше әріптестердің ескеруі үшін күнтізбелік отыз күннен кем емес мерзімге, ал қайта конкурс (аукцион) кезінде күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімге ұзартады.

      6. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын түсіндіру үшін әлеуетті жекеше әріптестермен кездесу өткізуге құқылы.";

      15) 38-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "38-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінім

      1. Конкурстық (аукциондық) өтінім әлеуетті жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасында белгіленген талаптар мен шарттарға келісім білдіру нысаны болып табылады.

      2. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді конкурсты (аукционды) ұйымдастырушыға мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасында көрсетілген оны ұсыну мерзімі өткенге дейін ұсынады.

      3. Әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімі мынадай:

      1) әлеуетті жекеше әріптес және (немесе) консорциумға қатысушы бұрын жекеше әріптесті айқындау жөніндегі және (немесе) сол бір лотқа қатысты осы конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінім берген;

      2) конкурстық (аукциондық) өтінім жекеше әріптесті айқындау жөніндегі осы конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін келіп түскен жағдайларда қабылданбайды.

      4. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімдерді табыс ету мерзімі аяқталғаннан кешіктірмей:

      1) енгізілген конкурстық (аукциондық) өтінімді өзгертуге және (немесе) толықтыруға;

      2) өзі енгізген конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді қайтару құқығын жоғалтпастан, өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін кері қайтарып алуға құқылы.

      5. Конкурстық (аукциондық) өтінімнің қолданылу мерзімі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасында белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келуге тиіс.";

      16) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету

      1. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді:

      1) конкурстық (аукциондық) өтінімдерді табыс ету мерзімі өткеннен кейін өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін кері қайтарып алмайтынына не өзгертпейтініне және (немесе) толықтырмайтынына;

      2) өзін жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп айқындаған жағдайда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасатындығына кепіл ретінде енгізеді.

      2. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша болжанатын инвестициялар құнының оннан бір пайызы мөлшерінде енгізіледі.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша болжанатын инвестициялардың құны конкурстық құжаттамада айқындалады.

      3. Егер әлеуетті жекеше әріптес екі кезеңдік рәсімдер пайдаланыла отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысса, ол конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізбейді.

      4. Әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етудің мынадай түрлерінің бірін:

      1) конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шотқа енгізілетін кепілдікті ақшалай жарнаны;

      2) банк кепілдігін таңдауға құқылы.

      Әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімі өткенге дейін енгізілген кепілдікті ақшалай жарнаға тұтастай не оның бір бөлігін талап ету құқығының үшінші тұлғаларда туындауына әкеп соқтыратын әрекеттер жасауына жол берілмейді.

      Осы баптың 5-тармағында көрсетілген әрекеттерді қоспағанда, конкурсты (аукционды) ұйымдастырушының әлеуетті жекеше әріптес енгізген кепілдікті ақшалай жарнаны пайдалануына жол берілмейді.

      5. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі орын алған кезде:

      1) әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурстық (аукциондық) өтінімді кері қайтарып алғанда не өзгерткенде және (немесе) толықтырғанда;

      2) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасудан жалтарғанда қайтармайды.

      6. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайлардың бірі орын алған кезде конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз ету сомасы тиісті бюджет кірісінің есебіне жатқызылады.

      7. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы әлеуетті жекеше әріптеске ол енгізген конкурстық (аукциондық) өтінімді қамтамасыз етуді мынадай жағдайлардың бірі орын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады:

      1) осы әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімдер ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурстық (аукциондық) өтінімін кері қайтарып алуы;

      2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысуға рұқсат ету туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Көрсетілген жағдай жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысушылар деп танылған әлеуетті жекеше әріптестерге қолданылмайды;

      3) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылғанда қайтарады. Көрсетілген жағдай жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) жеңімпазы деп айқындалған жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсқа (аукционға) қатысушыға қолданылмайды;

      4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының күшіне енуі;

      5) әлеуетті жекеше әріптестің конкурстық (аукциондық) өтінімінің қолданылу мерзімінің өтуі.";

      17) 40-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "40-бап. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қарау

      1. Конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қарауды және іріктеуді конкурстық (аукциондық) комиссия жүзеге асырады.

      Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      2. Конкурстық (аукциондық) комиссия конкурстық (аукциондық) өтінімдер салынған конверттерді мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасында көрсетілген мерзімде ашады.

      3. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) өтінімдерге қажетті сараптамалар жүргізуді қамтамасыз етеді.

      4. Конкурстық (аукциондық) комиссия барлық конкурстық (аукциондық) өтінімдерді қарайды.

      Егер бір конкурстық (аукциондық) өтінім ғана ұсынылған жағдайда, бұл өтінімді конкурстық (аукциондық) комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.

      Егер үштен аз аукциондық өтінім ұсынылған жағдайда, онда аукцион өтпеді деп есептеледі.

      5. Конкурстық (аукциондық) өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптеспен не жалғыз әлеуетті жекеше әріптеспен (конкурсты өткізу кезінде) конкурстық (аукциондық) комиссия мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын нақтылау жөнінде келіссөздер жүргізеді.

      6. Келіссөздер жүргізуге дайындық кезеңінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша ескертулер мен ұсыныстарды конкурстық (аукциондық) комиссия жазбаша нысанда әлеуетті жекеше әріптеске жіберуі тиіс.

      Келіссөздер жүргізу қорытындылары бойынша конкурстық (аукциондық) комиссия шешім қабылдайды.

      Келіссөздер барысында жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) шарттарына өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      7. Егер конкурстық (аукциондық) өтінімі үздік деп танылған әлеуетті жекеше әріптес конкурстық (аукциондық) комиссияның ескертулері мен ұсыныстарына сәйкес конкурстық (аукциондық) өтінімді және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарын талқылаудан және нақтылаудан бас тартқан не оның ұсыныстары жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) шарттары тұрғысынан қолайсыз болып табылған жағдайда, онда конкурстық (аукциондық) комиссия бұл конкурстық (аукциондық) өтінімді қарамайды және үздік конкурстық (аукциондық) өтінімді жаңадан таңдайды.

      8. Жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурс (аукцион) қорытындылары бойынша конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімімен үздік конкурстық (аукциондық) өтінім айқындалады, ал өтінім беруші жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазы деп танылады.

      9. Конкурсты (аукционды) ұйымдастырушы конкурстық (аукциондық) комиссияның шешімі негізінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) жеңімпазымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады.

      Ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру үшін конкурсты ұйымдастырушы комиссияның шешімі негізінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру мақсатында (мемлекеттік әріптеске мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында айқындалған көлемде және талаптарда осындай заңды тұлғаның міндеттемелерін орындаудың банктік кепілдіктерін беру шартымен) конкурс жеңімпазы құрған конкурстық өтінімде конкурс жеңімпазы құрған заңды тұлғамен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасады.

      10. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу мерзімі жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурстың (аукционның) қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік тоқсан күннен аспауға тиіс.";

      18) мынадай мазмұндағы 44-1-баппен толықтырылсын:

      "44-1-бап. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің ерекшеліктері

      1. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңның ережелеріне сәйкес іске асырылады және жеке жобалар үшін (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), сол сияқты индустриялық аймақтар құру шеңберінде жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған.

      2. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту шеңберінде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруды (реконструкциялауды) және (немесе) пайдалануды мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына сәйкес жекеше әріптес жүзеге асырады.

      3. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру нәтижесінде туындаған инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік меншікке беріледі.

      4. Жекеше әріптестің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды құруға (реконструкциялауға) бағытталған инвестициялық шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      5. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау және іске асыру ерекшеліктерін, оның ішінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";

      19) 45-бапта:

      1-тармақта "конкурс" деген сөзден кейін "(аукцион)" деген сөзбен толықтырылсын.;

      2-тармақта "мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган" деген сөздер "тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 46-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптары маңызды болып табылады және мұндай өзгерістердің (бюджет шығыстарын ұлғайтпау, мемлекеттік кірісті ұлғайту) бюджеттік оң тиімділігі (ақшалай мәнінде) жағдайында ғана, сондай-ақ мұндай өзгерістер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапалық сипаттамаларына және/немесе көлеміне және/немесе қолжетімділігіне қойылатын талаптарды төмендетпеген жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының экономикалық және әлеуметтік тиімділігі сақталған жағдайда ғана тараптардың келісуі бойынша өзгертілуі мүмкін";

      21) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын өзгерту, бұзу, тоқтату негіздері

      1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты тараптарының келісуі бойынша өзгертілуі және бұзылуы мүмкін.

      Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына оны өзгертуді немесе бұзуды көздейтін қосымша келісім мүдделі мемлекеттік органдармен келісу қорытындылары бойынша жасалады.

      1-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз мемлекеттік міндеттемелер мөлшерінің өзгеруіне әкеп соғатын өзгертуге жол берілмейді.

      1-2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты:

      1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының бұзылуымен не қолданылу мерзімінің аяқталуымен;

      2) жекеше әріптестің таратылуымен;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.

      2. Мемлекеттік әріптестің талап етуі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты:

      1) жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын елеулі түрде бұзған кезде;

      2) егер жекеше әріптес өзінің дәрменсіздігіне (банкроттығына) байланысты мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын жүзеге асыруға қабілетсіз болғанда;

      3) қоғам мен мемлекет мүддесінде, оның ішінде мұндай әрекеттер ұлттық қауіпсіздікті, халықтың денсаулығын және оның имандылығын қамтамасыз ету мақсатында жасалғанда ғана сот шешімімен бұзылуы мүмкін.

      3. Жекеше әріптестің талап етуі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты мемлекеттік әріптес және (немесе) мемлекеттік орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын елеулі түрде бұзған кезде ғана сот шешімімен бұзылуы мүмкін.";

      22) 52-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Институционалдық мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құрады.

      Мемлекеттік әріптес мұндай компанияның жарғылық капиталындағы қатысу үлесін аукцион арқылы жекеше әріптеске сату үшін мемлекеттік-жекешелік әріптестік компаниясын құра алады.".

      66. "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" 2015 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-II, 129-құжат; 2018 ж., № 2, 5- құжат; № 22, 82-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат):

      12-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы 14-1) және 24-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;

      24-1) бизнес жүргізудің жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингін жүргізеді;".

      67. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-І, 142-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 22, 83-құжат; № 23, 91-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 23, 106-құжат):

      31-баптың 1-тармағындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1,25 еселенген базалық мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      68. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-V, 155-құжат; 2016 ж., № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 20, 96-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 19, 62-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 5-6, 27-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1) 1-бапта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) ақпараттандыру саласындағы сарапшылық кеңес (бұдан әрі – сарапшылық кеңес) – арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттандыру жөніндегі мәселелерді қарайтын, уәкілетті орган жанындағы ведомствоаралық комиссия;";

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) арнайы сарапшылық кеңесі – Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қызметін ақпараттандыру мәселелерін қарайтын Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының комиссиясы;";

      мынадай мазмұндағы 29-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-2) электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектелген дербес деректердің сақталу, өңделу және таратылуы процестерінің қорғалуын қамтамасыз етуді мониторингтеу, – электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектелген дербес деректерді өңдеуді, сақтауды, таратуды және қорғауды жүзеге асырған кезде қолданылатын қауіпсіздік шаралары мен қорғау әрекеттеріне бақылау жүргізу;";

      мынадай мазмұндағы 73) және 74) тармақшалармен толықтырылсын:

      "73) ұлттық жасанды интеллект платформасының операторы – өзіне бекітілген Ұлттық жасанды интеллект платформасының дамуы мен жұмыс істеуі жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;

      74) Ұлттық жасанды интеллект платформасы – деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға және таратуға және жасанды интеллект саласында қызмет көрсетуге арналған технологиялық платформа.";

      2) 4-бап мынадай мазмұндағы 3 және 4-тармақтармен толықтырылсын:

      "3. Екінші деңгейдегі банктерге қолданылатын осы Заңның ережелері Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына қолданылады.

      4. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерін құру және дамыту осы Заңның 39-1-бабында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.";

      3) 8-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі арнаулы мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттандыру мәселелерін қарау үшін арнайы сарапшылық кеңес құрады.

      Оның ережесі мен құрамы Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары бірінші басшыларының бірлескен бұйрығымен бекітіледі.

      Арнайы сарапшылық кеңес өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады және оның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып табылады.";

      4) мынадай мазмұндағы 13-2-баппен толықтырылсын:

      "13-2-бап. Жасанды интеллект ұлттық платформасы операторының құзыреті

      Жасанды интеллект ұлттық платформасы операторының құзыреті:

      1) ұлттық жасанды интеллект платформасының жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      2) ұлттық жасанды интеллект платформасын сүйемелдеу және жүйелік-техникалық қызмет көрсету;

      3) ұлттық жасанды интеллект платформасы негізінде жасанды интеллект саласында қызметтер көрсету;

      4) ашық көздерден алынатын деректерді, "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері мен иеленушілері ұсынатын деректерді жинау, сақтау, өңдеу және тарату;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.";

      5) 14-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:

      "17) электрондық ақпараттық ресурстардағы қолжетімділігі шектелген дербес деректердің сақталу, өңделу және таратылу процестерін қорғаудың қамтамасыз етілуіне мониторингті жүзеге асырады.";

      6) 17-бап мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:

      "2-2. Дербес деректері бар ақпараттандыру объектісінің иеленушісі Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен дербес деректерді қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға міндетті.";

      7) 36-бапта:

      5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесінің немесе иеленушісінің пайдаланушының ақпаратты интернетте орналастыруы бойынша қызметтер көрсетуі "электрондық үкімет" порталында сәйкестендіре отырып, жазбаша (оның ішінде электрондық) нысанда жасалатын келісім негізінде немесе келісім жасасу үшін бір реттік парольды қамтитын қысқа мәтіндік хабар жібере отырып, пайдаланушының жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурста тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

      Пайдаланушының ақпаратты орналастыруы өзінің атынан немесе бүркеншік аты (ойдан шығарылған аты) арқылы жүзеге асырылады. Дербес деректерді иесіздендіру келісімнің негізінде және онда айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      Пайдаланушы интернетте ақпаратты орналастыру бойынша қызмет көрсететін электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесі немесе иеленушісі келісім жасалған кезде пайдаланылатын ақпаратты келісімнің қолданысының бүкіл кезеңінде, сондай-ақ ол бұзылғаннан кейін үш ай бойы сақтауға және жедел-іздестіру және қарсы барлау субъектілерінің жедел-іздестіру және қарсы барлау шараларын жүргізуі үшін ұйымдастырушылық және техникалық жағдай жасауға міндетті.";

      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған дербес деректерді сақтауды меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіпке сәйкес дербес деректерді қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының аумағында серверлік үй-жайда орналасқан электрондық базада жүзеге асырады.";

      8) мынадай мазмұндағы 39-1-баппен толықтырылсын:

      "39-1-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйесін құру және дамыту тәртібі

      Арнаулы мемлекеттік органдардың міндеттерін іске асыруға арналған ақпараттық жүйе мынадай тәртіппен құрылады немесе дамытылады:

      1) ақпараттық жүйені құру немесе дамыту туралы шешім қабылдау;

      2) ақпараттық жүйені құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырма әзірлеу;

      3) бюджет қаражатын бөлмей, ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға не жұмыстарды жүзеге асыруға техникалық ерекшелік әзірлеу;

      4) бюджет қаражатын бөлмей, ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру не жұмыстарды жүзеге асыру;

      5) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес ақпараттық жүйенің тәжірибелік нұсқаулығын әзірлеу, жүргізу, енгізу және өнеркәсіптік пайдалануға беру.

      Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарының "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерімен интеграцияланатын ақпараттық жүйесін құру немесе дамыту жағдайларында осы баптың талаптары ескеріле отырып, осы Заңның 39-бабында көзделген нормалар қолданылады.

      Арнаулы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру және дамыту шығындары арнайы сарапшылық кеңес (бюджеттік бағдарламаның әкімшісі өз бетінше) қорытындысының негізінде жоспарланады.".

      69. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 9, 21-құжат; 2018 ж., № 13, 41-құжат; №14, 44-құжат, № 16, 56-құжат):

      1) 1-бапта:

      8-тармақтың 1) тармақшасында:

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "212, 229, 231 және 259-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:";

      мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "212-бап. Қаржы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті немесе өзге де есептілікті ұсыну мерзiмдерiн бұзуы";

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 212-бапта:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "212-бап. Қаржы ұйымдарының және өзге де тұлғалардың қаржылық есептілікті, бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті немесе өзге де есептілікті ұсыну мерзiмдерiн бұзуы";

      бірінші бөліктің бірінші абзацында:

      "Қаржы ұйымдарының" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      "көзделген қаржылық" деген сөздерден кейін "есептілікті, бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті" деген сөздермен толықтырылсын;

      екінші бөліктің екінші абзацы "ірі кәсіпкерлік" деген сөздерден кейін
", Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) тармақшада:

      тоғызыншы және оныншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "бірінші абзац "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокері филиалының" деген сөздермен толықтырылсын;";

      екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін "Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын";";

      мынадай мазмұндағы он бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "бірінші абзацта:";

      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сақтандыру қайта сақтандыру ұйымының" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының" деген сөздермен толықтырылсын;";

      мынадай мазмұндағы он алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "қаржылық есептілікті" деген сөздерден кейін ", бухгалтерлік есеп деректері бойынша есептілікті" деген сөздермен толықтырылсын;";

      он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "екінші абзац "заңды тұлғаларға" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарына" деген сөздермен толықтырылсын;";

      12-тармақта:

      12) тармақшада:

      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қазақстан Республикасында бейрезидент-банктердің филиалдарын ашуға осы Заңда көзделген талаптарда рұқсат етілді.";

      тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші және он сегізінші абзацтар алып тасталсын;

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) 42-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету, депозиторлар мен кредиторлардың заңды мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы үшін пруденциялық нормативтерді және сақтауға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi белгілейді.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастырады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) пруденциялық нормативтері және сақталуға міндетті өзге де нормалары мен лимиттері, олардың нормативтік мәндері және есептеу әдістемесі, оған қоса Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі, олардың тізбесі және мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-ислам банктері филиалдарының) пруденциялық нормативтерінің тізбесі, оларды орындауы туралы есептілік нысандары оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімдері мен тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

      Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының банк заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйінің қойылатын талаптарға сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында уәкілетті орган белгілі бір күнге резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы активтерінің мөлшерін анықтауға құқылы.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы бухгалтерлік есеп және (немесе) өзге де есептіліктің деректері бойынша есептіліктегі деректерді түзету бойынша жазбаша ұйғарымда көрсетілген уәкілетті органның талаптарын орындамаған жағдайда пруденциялық нормативтер мен сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің есебін өзі түзеткен есептіліктің негізінде уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген меншік капиталының жеткіліктілік коэффициентін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы уәкілетті органға қайта капиталдандыру жоспарын жолдауы тиіс. Жоспар бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар мен мерзімдердің толық сипаттамасымен меншік капиталының жеткіліктік коэффициентін бұзған күннен бастап бір ай ішінде ұсынылуы тиіс.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы меншік капиталының жеткіліктілік коэффициентін қолдау бойынша уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген шараларды қабылдауға міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйі нашарлаған жағдайда Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі уәкілетті органның талабы бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық жай-күйін жақсарту, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде резерв ретінде қабылданатын Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының активтерін ұлғайту бойынша шаралар қабылдауға міндетті.";

      33) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) 75-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы Заңның екінші деңгейдегі банктерге қатысты қолданылатын талаптары (1, 3, 5, 5-1, 10, 10-1, 11-1, 11-2, 13, 14, 15, 16, 16-1, 16-2, 16-3, 17, 17-1, 17-2, 18, 19, 21, 23, 24, 25, 28, 47-1, 48-1, 52-4, 52-7, 52-9, 52-13, 52-14, 52-15, 52-16, 52-17, 54-1, 59-1, 59-2, 59-3, 60, 60-1, 61-2, 61-4, 61-9, 61-10, 61-11, 61-12, 61-13, 62, 63, 64, 65, 66, 67, 67-1, 68, 68-1, 70, 71, 72, 74, 74-1, 74-3, 76-1, 78-баптарды қоспағанда) Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына осы Заңда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып қолданылады.

      Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктермен байланысты құқықтық қатынастарды реттеу саласындағы өкілеттіктері, оның ішінде осы Заңды іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілер қабылдауға өкілеттіктер Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарымен байланысты, осы Заңның 8-1, 20, 26, 27, 30, 31, 31-1, 34, 35, 36, 39, 40, 40-5, 45, 45-1, 50, 57, 61-5, 61-6, 61-7, 69, 73-баптарыда көзделген құқықтық қатынастарға қолданылады.";

      18-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 2-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Осы Заңның Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлеріне қатысты қолданылатын талаптары (10-1, 10-2, 10-3, 16-2, 16-3, 18, 18-1, 18-2, 19, 21, 24, 25, 25-1, 26, 26-1, 27, 28, 30, 31, 32, 35, 40, 48, 49, 50, 51, 52, 52-3, 53-4, 54-1, 55-1, 55-2, 55-3, 55-4, 55-5, 55-6, 56, 59, 60, 61, 62, 63, 65, 66, 67, 69, 69-1, 71, 74-1-баптарын қоспағанда) Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына осы Заңда белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, қолданылады.

      Уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары мен сақтандыру брокерлеріне байланысты құқықтық қатынастарды реттеу саласындағы өкілеттігі, оның ішінде осы Заңды іске асыру мақсатында нормативтік құқықтық актілерді қабылдау өкілеттігі Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына байланысты, осы Заңның 6, 9, 11-1, 12, 15-1, 15-2, 16, 17, 20, 31-1, 34, 36-2, 36-3, 37, 37-1, 46, 47, 52-1, 53, 53-1, 75, 77, 79, 81, 82-баптарында көзделген құқықтық қатынастарға қолданылады.";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) 16-1-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалын ашуға рұқсат етіледі.";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) 22-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының корпорациядағы филиалы ретінде филиалды есептік тіркеумен және сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның болуымен айқындалады.";

      14) тармақша алып тасталсын;

      16) тармақшада:

      жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Қазақстан Республикасында бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарын ашуға осы Заңда көзделген талаптарда рұқсат етілді.";

      сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы және он жетінші абзацтар алып тасталсын;

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) 46-бап мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:

      "12. Уәкілетті орган қаржы жүйесінің тұтастығын және тұрақтылығын қамтамасыз ету, инвесторларды, сақтанушыларды (сақтандырылушыларды, пайда алушыларды) қорғау мақсатында пруденциялық нормативтерді және Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалдары үшін сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді белгілейді.

      Уәкiлеттi орган қосымша пруденциялық нормативтерді, оның ішінде аннуитеттік сақтандыру бойынша сақтандыру резервтерінің орнын толтыратын активтерді инвестициялау бойынша қосымша пруденциялық нормативтерді белгілеуге құқылы.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы есептік тіркелгеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастырады.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі, олардың тізбесі мен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру ұйымы филиалдарының пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуға міндетті өзге де нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының бейрезидент сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын жауаптылыққа тарту бойынша шаралар қабылдайды.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Сақтандыру, қайта сақтандыру, ортақ сақтандыру (бірлескен қайта сақтандыру) шарты (шарттары) бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының меншікті ұстап қалуының мөлшерін есептеуге қойылатын талаптар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерінің және сақталуға міндетті өзге де нормалар мен лимиттердің нормативтік мәндері және оларды есептеу әдістемелері, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының резерв ретінде қабылданатын активтерін қалыптастыру тәртібі, олардың тізбесі мен мөлшері уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының осы Заңда көзделген исламдық сақтандыру қызметін жүзеге асыру ерекшеліктері ескеріле отырып белгіленеді.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалдарының пруденциялық нормативтерді орындауы туралы есептіліктің тізбесі, нысандары, оны Ұлттық Банкке ұсыну мерзімдері мен тәртібі уәкілетті органмен келісу бойынша Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.

      Филиалы Қазақстан Республикасының аумағында ашылған Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының пруденциялық нормативтерін белгіленгеннен төмен емес деңгейде ұстап тұру бойынша көзделген шараларды қабылдауға міндетті.

      Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайы нашарлаған жағдайда, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы, оның ішінде уәкілетті органның талап етуі бойынша Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық жағдайын жақсарту, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген резерві ретінде қабылданатын активтерін Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы филиалының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін жеткілікті мөлшерде ұлғайту бойынша шаралар қабылдауға міндетті.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы қабылдайтын, осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген шаралар жеткізіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы бұрын осы Заңның 30-1-бабының 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес уәкілетті органға берілген жазбаша міндеттемелерге сәйкес орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған міндеттемелерді орындайды.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы қатысушы уәкілетті органның жазбаша ұйғарымында көрсетілген бухгалтерлік есеп және (немесе) өзге де есептілік деректері бойынша түзету жөніндегі талаптарын орындамаған кезде пруденциялық нормативтерді және басқа да міндетті нормалар мен лимиттерді есептеуді уәкілетті орган өзі түзеткен есептілік негізінде жүзеге асырады.

      Осы баптың 3, 5, 6, 9 және 10-2-тармақтарының ережелері Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалына қолданылады.".

      26-тармақта:

      7) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;

      8) тармақшаның үшінші абзацы алып тасталсын;

      42-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

      2-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында:

      "жетінші абзацынан бастап он сегізінші абзацын" деген сөздер "жетінші абзацынан бастап сегізінші абзацын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "14) тармақшаларын, 16) тармақшасының алтыншы абзацынан бастап он жетінші абзацын" деген сөздер "тармақшаларын, 16) тармақшасының алтыншы абзацынан бастап сегізінші абзацын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      ", 42-тармағының 1) тармақшасын" деген сөздер алып тасталсын.

      70. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына ("Егемен Қазақстан" 08.12.2015 ж., № 235 (28713); "Казахстанская правда" 08.12.2015 ж., № 235 (28111); Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 23-ІІ, 171-құжат):

      39-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 57) тармақшамен толықтырылсын:

      "57) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес тауарларды Инвестициялар туралы келісім жасасқан заңды тұлғадан сатып алу.".

      71. "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 48-құжат; 2017 ж., № 13, 45-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 15, 50-құжат; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 23, 106-құжат; 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 13-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамға өтеусіз негізде жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен әлеуметтік кәсіптік бағдарлау және кәсіптік оқыту бойынша қызметтер көрсетеді.";

      2) 14-бапта:

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жұмыс іздеп жүрген адамды жұмыссыз ретінде тіркеу халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";

      1-тармақтың екінші абзацы алып тасталсын;

      3) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеп жүрген адамға жұмыссыз ретінде тіркелген күні немесе тіркеуден бас тарту туралы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және мерзімде хабарлайды.".

      72. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 12, 86-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 12, 36-құжат; № 13, 45-құжат; № 14, 53-құжат; № 21, 98-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      27-баптың 11-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызуға арналған банктік шоттар бойынша, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаға, инвестициялық шығындардың өтемақысын есепке жатқызуға арналған банктік шоттардағы ақшаға, сондай-ақ нотариус депозиті шарттарында енгізілген, "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шоттардағы ақшаға, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының банктік шоттардағы активтеріне, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және (немесе) мәжбүрлеп тарату процесінде тұрған банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ақшасына, уәкілетті мемлекеттік орган лицензиядан айырған және қызметті мәжбүрлеп тоқтату процесінде тұрған, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының ақшасына тыйым салуға, шығыс операцияларын тоқтата тұруға, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қоюға, мүлікпен мәмілелер және өзге де операциялар жасауға шектеулер қоюға жол берілмейді.".

      73. "Қарсы барлау қызметі туралы" 2016 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 24, 125-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 22, 83-құжат, 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1) 1-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) байланыс желісінің және ақпараттандыру объектілерінің жедел мониторингі – байланыс желісі арқылы берілетін немесе ақпараттандыру объектілерінде өңделетін ақпараттан барлау-нұқсан келтіру әрекетінің белгілерін жасырын табу;";

      2) 11-баптың 1-тармағында:

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) нәрселерді, заттарды және деректерді жедел табу, зерттеу, тіркеу;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) байланыс желісінің және ақпараттандыру объектілерінің жедел мониторингі;".

      74. "Коллекторлық қызмет туралы" 2017 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 9, 20-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 14, 44-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      1-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) кредитор – берешек бойынша борышкерге талап ету құқығы бар екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым немесе микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым.".

      75. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 24 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 10, 32-құжат):

      2-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-3-тармағының қолданысы тоқтатыла тұрсын.".

      76. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2018 ж., № 13, 41-құжат; 2019 ж., № 7, 337-құжат; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      2-баптың 14-тармағындағы "2021" деген цифрлар "2023" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      77. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2018 ж., № 23, 87-құжат, 2019 жылғы 31 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне теміржол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Заңы):

      1) 15-баптың 16-тармағы 3) тармақшадағы "көлеміне (салмағына) қарай саралануы мүмкін." деген сөздер "көлеміне (салмағына);" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) сумен жабдықтау көлемі мен уақытына қарай саралануы мүмкін.";

      2) 26-бапта:

      2-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 23-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "23-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен бизнес-әріптестердің жосықтылығы тізілімін құру және жүргізу мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қажетті ақпаратты беруге;";

      мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "24-1) табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі техникалық жай-күйді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және жақсарту үшін шаруашылықаралық және шаруашылықішілік каналдармен магистральдық каналдарды беру жөніндегі сенімгерлік басқару шартын уәкілетті органмен келісуге;"

      26) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "26) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларды және осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 13) тармақшасында көзделген реттелетін қызметті қоспағанда, реттеліп көрсетілетін қызметті өндіру және (немесе) ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде тиесілі мүлікті сенімгерлік басқаруға, лизингті қоса алғанда, мүліктік жалдауға (жалға алуға) бермеуге, табиғи монополия субъектісінің сенімгерлік басқаруға берілетін активтерін кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау және техникалық жай-күйін жақсарту үшін шаруашылықаралық және шаруашылықішілік каналдары бар магистральдық каналдарды сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.

      Шаруашылықаралық және шаруашылықішілік каналдары бар магистральдық каналдарды сенімгерлік басқаруға берген жағдайда, сенімгерлік басқарушы суды арналар арқылы беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке уәкілетті орган бекіткен тариф деңгейінен аспайтын бағада арналар бойынша су беру жөнінде қызметтер көрсетеді;".

      3) 33-баптың 4-тармағындағы "қайта қаржыландыру мөлшерлемесі" деген сөздер "базалық мөлшерлемесі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      78. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" 2019 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 7 (2782), 38-құжат):

      1) 14-бап 14) тармақшасындағы "жүзеге асыру жатады." деген сөздер "жүзеге асыру;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

      "15) осы Заңның талаптарына сәйкес бір мезгілде жекеше әріптес болып табылатын арнайы экономикалық аймақ қатысушысының пайдасына арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясынан уақытша жер пайдалану құқығын иеліктен шығаруға байланысты арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын жасасу жатады.";

      2) 16-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін арнайы экономикалық аймақ шекараларындағы жер учаскесімен бірге беру арнайы экономикалық аймақтың шекарасын және (немесе) алаңын өзгерту үшін негіз болып табылмайды.

      Арнайы экономикалық аймақтар шекараларындағы жер учаскесіндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісі арнайы экономикалық аймақ аумағында қалады.";

      3) 17-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Арнайы экономикалық аймақ оның қатысушыларының стандарттау саласындағы уәкілетті орган бекіткен экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптаушының белгілі бір бөліміне сәйкес келетін басым қызмет түрлерін жүзеге асыруы үшін жиырма бес жылға дейінгі мерзімге құрылады.

      Арнайы экономикалық аймақтың осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жұмыс істеу мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша ұзартылуы мүмкін.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 295-2-бабына сәйкес инвестициялар туралы келісім жасасқан, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген он бес миллион еселенген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде инвестицияларды жүзеге асыруды көздейтін арнайы құқық режимінің экономикалық аймақтың қатысушылары үшін арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеу мерзімі, арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері инвестициялар туралы келісімнің қолданылу мерзіміне сақталады.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының талаптарына сәйкес мемлекеттік әріптеске беру үшін арнайы экономикалық аймақтың қатысушысына уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын иеліктен шығарады. Осы бапқа сәйкес уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару арнайы экономикалық аймақ құрылатын мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін қайта жер пайдалану (қосалқы жалдау) шартын тоқтату үшін негіз болып табылады.";

      4) 18-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Өтініш берушілерге:

      1) жер қойнауын пайдаланушылар;

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 462-бабының 6) тармақшасында көзделген акцизделетін тауарларды өндіруді, құрастыруды (жинақтауды) жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, акцизделетін тауарларды өндіретін ұйымдар;

      3) арнаулы салық режимдерін қолданатын ұйымдар мен дара кәсіпкерлер;

      4) 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін инвестициялар жөніндегі уәкілетті органмен жасалған келісімшарттар бойынша инвестициялық салық преференцияларын қолданатын ұйымдар жатады;";

      5) 39-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бойынша жекеше әріптес болып табылатын арнайы экономикалық аймақ қатысушысының пайдасына уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын иеліктен шығару;".

      6) 56-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "56-бап. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік

      Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік осы Заңға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      79. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 19 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 8, 45-құжат):

      1-баптың 13-тармағының 4) тармақшасында:

      бесінші абзац алып тасталсын;

      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген автокөлік құралын тоқтату үшін негіздер зияткерлік көлік жүйесімен айқындалады.".

      80. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2019 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 15-16, 67-құжат):

      1-бапта:

      29-тармақта:

      5) тармақшада:

      қырық төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың екінші бөлігінің 2), 3), 14), 15) және 17) тармақшаларының талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қолданылады.";

      мынадай мазмұндағы қырық бесінші абзацпен толықтырылсын:

      "Осы баптың екінші бөлігінің 14) тармақшасын Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарына, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдарына қатысты қолдану мақсаттары үшін бухгалтерлік есепке алу деректері бойынша есептілік қаржылық есептілік болып танылады.";

      2-баптың 1-тармағының 3) тармақшасында "қырық төртінші абзацын" деген сөздер "қырық төртінші және қырық бесінші абзацтарын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      81. "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2019 ж., № 23, 105-құжат, 2020 жылғы 14 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 17-баптың 1-тармағындағы "қайта қаржыландырудың 1,25 еселенген ресми мөлшерлемесі" деген сөздер "1,25 еселенген базалық мөлшерлеме" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 19-бапта:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдер тағайындауға қажетті құжаттар қабылданған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде немесе әлеуметтік төлемдерді белсенді қызмет арқылы тағайындауға келісім алынған күннен бастап жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті, оларды беру мерзімі екі жұмыс күнінен аспайтын құжаттарды қоспағанда, қорға береді.";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік корпорацияда барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш тіркелген күннен бастап немесе "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес белсенді қызмет көрсету арқылы әлеуметтік төлемдер тағайындауға келісім алынған күннен бастап алты жұмыс күнінен аспайтын, жұмысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді қоспағанда, Әлеуметтік төлемдерді тағайындау мерзімі сегіз жұмыс күнінен аспайды.";

      3) 39-баптың 4-тармағы 4) тармақшасының бірінші абзацындағы "қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін" деген сөздер "базалық мөлшерлемесін" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2-бап.

      1. 2021 жылғы 1 сәуірден бастап мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      2. Депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның кепілдік берілген өтемді төлеу жөніндегі міндеттемелері, осы Заңның 21-1-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, осы Заңның 21-1-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген тәртіппен кепілдік берілген өтемді төлеу басталған күннен бастап және (немесе) кепілдік берілген өтеудің талап етілмеген сомалары бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударылғаннан кейін бір жыл өткен соң тоқтатылуға жатады.";

      2) "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "8) қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиясынан айыру кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшіліктен, мәжбүрлеп таратылатын қатысушы банктің (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының) тарату комиссиясынан депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқару органы айқындаған нысан бойынша және тәртіппен депозиторлар тізілімін және оған енгізілген өзгерістерді уақтылы ұсынуды талап етуге;";

      3) "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағы мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "3. Қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айыру кезеңінде тағайындалатын уақытша әкімшілік (қызметі мәжбүрлеп тоқтатылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының тарату комиссиясы) қатысушы банкті барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банкті депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқару органы айқындаған нысан бойынша және тәртіппен барлық банк операцияларын жүргізуге арналған лицензиядан айырған күні жасалған депозиторлардың тізілімін ұсынуға міндетті.

      Депозиторлардың дербес деректерін жинауды және өңдеуді депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым дербес деректер субъектілерінің немесе олардың заңды өкілдерінің келісімінсіз жүзеге асырады.";

      4) осы Заңның 1-бабының 49-тармағы 10) тармақшасының сегізінші абзацы осы Заң қолданысқа енгізілгеннен кейін жасалған банктік шот және (немесе) банктік салым шарттарына қолданылатыны;

      5) осы Заңның 1-бабы 49-тармағының 16) тармақшасы он екінші абзацының және 17) тармақшасының қолданысы барлық банктік операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айырылған және (немесе) осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін таратылу процесінде тұрған қатысушы банктердің депозиторларына қолданылады деп белгіленсін. Бұл ретте көрсетілген қатысушы банктердің депозиторлары осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап бір жыл ішінде кепілдік берілген өтемнің төленуі үшін:

      төлемдердің электрондық порталы не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымға;

      осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін конкурс негізінде іріктелген және оған қатысты агент банк арқылы төлем жасау туралы келісім қолданылатын агент банкке өтініш білдіруге құқылы.

      Депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйыммен төлемдердің электрондық порталына қосылу және кіру талаптары мен тәртібін айқындайтын келісім жасауға міндетті.

      2. Осы Заң мыналарды:

      1) осы Заңның 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағының 1), 2), 3) және 6) тармақшаларын, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларын, 7-тармағын, 8-тармағының 3) тармақшасын, 6) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын,
9-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларын, 10-тармағының 1) тармақшасын, 11-тармағының 4) тармақшасын, 15-тармағының 4) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 16-тармағын, 17-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларын, 6) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші абзацтарын, 7), 8) және 9) тармақшаларын, 10) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, оныншы және он бірінші абзацтарын, 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23) және 24) тармақшаларын, 20, 22, 24, 25-тармақтарын, 28-тармағының 4) тармақшасын, 29, 30, 31, 32, 33-тармақтарын, 34-тармағының 1) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы абзацтарын, 3), 4), 5), 17), 18), 19), 20), 21), 22) тармақшаларын, 23) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтарын, 29) және 30) тармақшаларын, 35-тармағының 3) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он алтыншы және он жетінші абзацтарын, 4) және 5) тармақшаларын, 7) тармақшасының бірінші, үшінші және төртінші абзацтарын, 8), 9), 10) және 11) тармақшаларын, 37, 38, 39, 43, 44, 45, 46-тармақтарын, 49-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 3) тармақшасын, 4) тармақшасының сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтарын, 5) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 6), 7), 8) тармақшаларын, 9) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 10) тармақшасының бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, он төртінші және он бесінші абзацтарын, 11), 12) тармақшаларын, 18) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 5) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 6), 7), 8) тармақшаларын, 9) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 10) тармақшасының бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, он төртінші және он бесінші абзацтарын, 11), 12) тармақшаларын, 18) тармақшасының бірінші, екінші және үшінші абзацтарын, 50-тармағының 1), 3) және 4) тармақшаларын, 54-тармағын, 57-тармағының 2) тармақшасын, 60-тармағының 2) және 20) тармақшаларын, 64-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларын, 68-тармағының 2) тармақшасын, 72 және 74- тармақтарын;

      2) осы Заңның 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын, 8-тармағы 6) тармақшасының үшінші абзацын, 11), 12) тармақшаларын, 15-тармағының 2) тармақшасын, 4) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, сегізінші және тоғызыншы абзацтарын, 27-тармағын, 35-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасын, 3) тармақшасының бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, он төртінші, он бесінші абзацтарын, 6) тармақшасын, 7) тармақшасының екінші абзацын, 36-тармағын, 51-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасын, 3) тармақшасының үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 57-тармағының 1), 3), 5), 8), 9), 10) 11), 12), 13) тармақшаларын, 60, 61, 62, 63-тармақтарын, 64-тармағының 9) тармақшасын;

      3) осы Заңның 2021 жылғы 4 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабы 57-тармағының 4), 6) және 7) тармақшаларын;

      4) осы Заңның 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-бабының 49-тармағы 2) тармақшасының алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтарын, 4) тармақшасының бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарын, 5) тармақшасының төртінші абзацын, 9) тармақшасының төртінші, бесінші абзацтарын, 10) тармақшасының үшінші, сегізінші, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші абзацтарын, 13), 14), 15), 16), 17) тармақшаларын, 18) тармақшасының төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші абзацтарын, 60-тармағы 1) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші абзацтарын, 6) тармақшасының алтыншы абзацын, 7), 8), 13) тармақшаларын, 14) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, сегізінші, тоғызыншы, он жетінші абзацтарын, 17) тармақшасының екінші, үшінші абзацтарын, 18) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. "Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының екінші бөлігі 2021 жылғы 1 сәуірге дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады