"Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің атауы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті болып өзгертілсін.
3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитетіне бөлу арқылы қайта ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті таратылсын.
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |