"Direct Investment Fund "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)" Ltd. және "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd. жеке компанияларының акцияларын сыйға тарту шарты бойынша жеке меншіктен республикалық меншікке қабылдау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 681 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, 169-бабының 1-тармағына, "Сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттің мүлік құқығына ие болу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қыркүйектегі № 1103 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" акционерлік қоғамының "Direct Investment Fund "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)" Ltd. жеке компаниясы акциялары пакетінің 100 (бір жүз) процентін және "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd. (бұдан әрі – жеке компаниялар) жеке компаниясы акциялары пакетінің 100 (бір жүз) процентін сыйға тарту шарты бойынша республикалық меншікке беру туралы ұсынысы қабылдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;

      2) жеке компаниялар акцияларының мемлекеттік пакеттеріне иелік ету және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне беруді қамтамасыз етсін.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 20 қазандағы
№ 681 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-197 және 21-198-жолдармен толықтырылсын:

      "21-197. "Direct Investment Fund "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)" Ltd. жеке компаниясы

      21-198. "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd. жеке компаниясы".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 217-15 және 217-16-жолдармен толықтырылсын:

      "217-15. "Direct Investment Fund "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)" Ltd. жеке компаниясы

      217-16. "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd. жеке компаниясы".

      3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7 және 8-жолдармен толықтырылсын:

      "7. "Direct Investment Fund "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF)" Ltd. жеке компаниясы

      8. "Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company" Ltd. жеке компаниясы".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады