"Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қазандағы № 723 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) құрылсын.

      2. Мыналар:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 731 (01.09.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;
      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 731 (01.09.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен;

      3) қоғам қызметінің негізгі нысанасы денсаулық сақтау саласындағы, оның ішінде денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 731 (01.09.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 731 (01.09.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      4. Қоғамның жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің теңгеріміндегі республикалық мүлік акцияларын төлеуге беру есебінен қалыптастырылсын.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) қоғам жарғысын бекітуді;

      2) қоғамның атынан құжаттарды мемлекеттік тіркеу үшін қол қоюға, қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және Қоғам органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында олардың мүддесін білдіруге уәкілетті тұлғаларды сайлауды;

      3) қоғамды әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқықтарын беруді;

      5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      6. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 30 қазандағы
№ қаулысына
қосымша

"Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілетін республикалық мүліктің тізбесі

Р/с №

Мүліктің атауы

Орналасуы

Өлшем бірлігі

Алаңы

Кадастрлық нөмірі

1

Ғимараттар мен құрылыстар – А литері -жедел жәрдем ғылыми-зерттеу институты

Нұр-Сұлтан қаласы, Керей, Жәнібек хандар көшесі, 3

ш.м.

24 916,4

21:320:097:986:3/А

2

Ғимараттар мен құрылыстар – К литері -қазандық

ш.м.

281,4

21:320:097:986:3/К

3

Ғимараттар мен құрылыстар – Ж литері - су қоймасы

ш.м.

108,1

21:320:097:986:3/Ж

4

Ғимараттар мен құрылыстар – Л литері- өте беріс

ш.м.

28,0

21:320:097:986:3/Л

5

Ғимараттар мен құрылыстар – Е литері- трансформаторлық кіші станция

ш.м.

135,6

21:320:097:986:3/Е

6

Ғимараттар мен құрылыстар – Д литері- оттегі үшін құрылыс

ш.м.

72,9

21:320:097:986:3/Д

7

Жер учаскесі

гектар

4,0929

21:320:097:986

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 30 қазандағы
  № 723 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-199-жолмен толықтырылсын:

      "21-199. "Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 227-25-жолмен толықтырылсын:

      "227-25. "Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы".

      3. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомствосының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "4. Акционерлік қоғамдар" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 16-жолмен толықтырылсын:

      "16. Turar Healthcare" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады