2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және 2003 жылғы 8 шiлдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес "Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Отрадненск орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жалпы алаңы 0,81 гектар жер учаскесi орман қоры жерлерінің санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыштық қызмет, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Ақмола облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесінің
220 кВ ӘЖ электр беру желісін салу және пайдалану үшін "RG PROCESSING"
(РГ ПРОЦЕССИНГ) жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі – серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін.
3. Серіктестік (келісу бойынша) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алудан туындаған орман шаруашылығы өндірісі шығындарын республикалық бюджет кірісіне өтесін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы | |
Үкіметінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 739 қаулысына қосымша |
Орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыштық қызмет, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждықтарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылатын жерлердің экспликациясы
Жер пайдаланушының атауы |
Жалпы алаңы, гектар | оның ішінде: | ||
---|---|---|---|---|
орман көмкерген | жайылым | өзге жерлер | ||
"Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Отрадненск орман шаруашылығы мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 0,81 | - | 0,81 | - |
Барлығы: | 0,81 | - | 0,81 | - |