Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Кейбір мәдениет ұйымдарына "Ұлттық" мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғып № Жарлығына ҚОСЫМША |
"Ұлттық" мәртебе берілетін кейбір мәдениет ұйымдарының
ТІЗБЕСІ
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
4. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
5. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы" республикалық мемлекеттік мекемесі.