Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін зымырандардың бөлінетін бөлшектері құлайтын аудан ретінде пайдалана отырып, Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы келісімге Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысушы болмау ниеті туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 қарашадағы № 771 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 қазанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының аумағындағы жер учаскесін зымырандардың бөлінетін бөлшектері құлайтын аудан ретінде пайдалана отырып, Домбаровский позициялық ауданынан зымырандар ұшыруды жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі туралы келісімге қатысушы болмау ниеті туралы Ресей Федерациясының Үкіметін хабардар етсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады