Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.09.2023 № 780 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.06.2022 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2) "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 61, 345-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Ұйымда басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жүйесін ұйымдастыруды, жүргізуді және жетілдіруді, әдістемелік басшылық жасауды және архив ісі мен басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілеген құжаттармен жұмыс істеу тәртібінің сақталуын бақылауды басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруға арналған құрылымдық бөлімше (бұдан әрі – БҚҚ қызметі) жүзеге асырады. Бұл ретте бір құрылымдық бөлімшенің құрамында құпия емес және құпия іс қағаздарын жүргізуге тыйым салынады.";
төртінші бөліктің 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"10) орындаушы туралы белгі (орындаушының тегі және телефоны) (Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында орындаушының аты-жөні және телефоны көрсетіледі);";
бесінші бөлікте:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) адресат мемлекеттік органның атауы (аумақтық органдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде бөлімшелердің атаулары кодтарға сәйкес көрсетіледі);";
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"11) орындаушының тегі (Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында орындаушының аты-жөні көрсетіледі);";
46-тармақтың он алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер бір парақтан тұратын бұйрық ұйымның бланкісінде ресімделсе, онда "қолы" деген деректемеде құжатқа қол қоятын адам лауазымының толық атауы көрсетілмейді.";
мынадай мазмұндағы 102-1-тармақпен толықтырылсын:
"102-1. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының өңірлік сапарлар, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ұйымдарға берген тапсырмалары тармақтарының уақтылы және сапалы іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 103-1, 103-2, 103-3, 103-4, 103-5, 103-6, 103-7, 103-8, 103-9-тармақтармен толықтырылсын:
"103-1. Мынадай лауазымды адамдар ұйымдарда Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыратын субъектілер болып табылады:
1) жалпы басшылықты және Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысы;
2) жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының актілері мен тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз ететін ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары.
Көрсетілген лауазымды адамдар Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының актілері мен тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуына дербес жауаптылықта болады.
103-2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының актілері мен тапсырмаларын қоса орындаушы ұйымдар:
1) "өте шұғыл" белгісі бар шұғыл бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде – тапсырма түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде, "шұғыл", "жылдамдатылсын" белгісі бар – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, үш жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) қысқа мерзімді бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындалу мерзіміне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) орта мерзімді бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, ол үшін белгіленген орындалу мерзіміне дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) ұзақ мерзімді бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде – егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, ол үшін белгіленген орындалу мерзіміне дейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей өз ұсыныстарын жинақтауды жүзеге асыратын ұйымға енгізеді.
103-3. Егер Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының актілері мен тапсырмаларының тармақтарын белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаған жағдайда, онда ұйымның басшысы, ал Үкіметтің өкілеттігі қозғалған жағдайда – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне орындаудың ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігіне дәлел келтірілген негіздемемен хат енгізеді. Бұл ретте нақты орындау мерзімі, орындаушы мемлекеттік органның, сондай-ақ қоса орындаушы мемлекеттік органдардың жауапты саяси мемлекеттік қызметшілері және ұйымдардың лауазымды адамдары көрсетіледі.
Осы Қағидалардың 102-1-тармағында көрсетілген, белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмайтын тапсырмалар бойынша орындаушы ұйымның басшысы белгіленген мерзімнен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығына немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына орындаудың ағымдағы жай-күйін көрсете отырып, орындау мерзімін ұзарту не оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігіне дәлел келтірілген негіздемемен хат енгізеді. Қазақстан Республикасының Үкіметі хат бойынша қабылданған шешім туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігін он жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етеді.
103-4. Осы Қағидалардың 102-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының актілері мен тапсырмалары тармақтарының орындалу мерзімін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы негізінде бір реттен асырмай ауыстыруға жол беріледі.
Осы Қағидалардың 102-1-тармағында көрсетілген тапсырмалардың орындалу мерзімдерін ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе оның орынбасарының шешімі бойынша бір реттен асырмай ауыстыруға жол беріледі.
103-5. Осы Қағидалардың 102-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының актілері мен тапсырмалары тармақтарын орындау мерзімін қайта ұзартуға Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша ерекше жағдайларда, ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарай отырып жол беріледі.
Осы Қағидалардың 102-1-тармағында көрсетілген тапсырмалардың орындалу мерзімдерін қайта ұзартуға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің немесе оның орынбасарының шешімі бойынша ерекше жағдайларда, ұйымдардың жауапты лауазымды адамдарын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарай отырып жол беріледі.
103-6. Орындалу мерзімі үш айдан асатын Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының актілері мен тапсырмаларын қайта ұзарту туралы ұсынысты орындаушы ұйым, ал Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігі қозғалған жағдайда – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен (оның міндетін атқарушы адаммен) немесе оның орынбасарымен келіскеннен кейін, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне орындалу мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы ұсыныс түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалмау себептерін анықтау мәселесі бойынша тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды.
Осы тармақтың ережелері осы Қағидалардың 102-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларға қолданылмайды.
103-7. Осы Қағидалардың 102-1-тармағында көрсетілген, орындалу мерзімі үш айдан асатын тапсырмаларды қайта ұзарту туралы ұсынысты орындаушы ұйым Қазақстан Республикасы Үкіметінің басшылығына немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысына орындалу мерзімі аяқталғанға дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей енгізеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің жауапты құрылымдық бөлімшесі осы ұсыныс түскен кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей тапсырманың орындалмау себебін анықтау мәселесі бойынша тексеру жүргізеді және оның нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды дайындайды.
103-8. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының актілері және тапсырмалары тармақтарының орындалу мерзімін ұзарту туралы екі реттен артық ұсыныс енгізілген жағдайда, ұйымдардың бірінші басшыларын жазалау туралы мәселе қаралады.
103-9. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке тапсырмаларының орындалу мерзімін ұзартуды Қазақстан Республикасының Президенті ғана жүзеге асырады.".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 24.06.2022 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № 809 қаулысына қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.06.2022 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.