"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № 831 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 ақпандағы № 69 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.02.2024 № 69 қаулысымен.

      "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" 2012 жылғы 1 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 15-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы (келісу бойынша)  Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан гимнастика федерациясы орталығының құрылысын қаржыландыруды;

      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.12.2021 № 863 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады