"Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 838 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Авиамаршруттарды субсидиялау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 10-11, 145-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Авиамаршруттарды субсидиялау қағидаларында:

      8-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Авиамаршруттарды субсидиялауға бөлінген ақшалай қаражатты тиімді пайдалану мақсатында (тұрақты авиамаршруттарды бюджеттік субсидиялау шартының немесе шарттардың шеңберінде тараптардың келісімі бойынша) субсидиялауға жататын нақты сома авиамаршруттар бойынша жоспарланған субсидиялар мөлшеріне қарағанда азайған немесе артқан жағдайда:".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады