Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Кишинев қаласындағы (Молдова Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Кишинев қаласындағы (Молдова Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын қайта ұйымдастыру туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Елшілігі ретінде қайта құру жолымен Кишинев қаласындағы (Молдова Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |