"Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында қазіргі заманғы реттеушілік саясатты енгізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 851 қаулысы.


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында қазіргі
заманғы реттеушілік саясатты енгізу жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында қазіргі заманғы реттеушілік саясатты енгізу жөніндегі шаралар туралы

      Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында қазіргі заманғы реттеушілік саясатты енгізу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) 2021 жылғы 1 сәуірге дейін қазіргі заманғы реттеушілік саясаттың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысына шығарсын, оның ішінде мыналар да көзделеді:

      реттеушілік саясаттың мақсаттарын, міндеттерін, негізгі қағидаттары мен қазіргі заманғы тәсілдерін айқындау;

      кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін енгізу;

      эксперименталды құқықтық режимді енгізу;

      құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген нормаларының қолданылуының соңғы мерзімін айқындау жөніндегі заңнамалық талапты бекіту;

      қазіргі заманғы реттеушілік саясатқа сәйкес келмейтін талаптарды бұзғаны үшін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап кәсіпкерлерді жауаптылыққа тартуға жол бермеу бойынша заңнамалық талапты бекіту;

      кәсіпкерлік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді сапалы жаңартуға бағытталған өзге де ережелер;

      2) 2021 жылғы 1 маусымға дейін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Реформалар жөніндегі жоғары кеңес мақұлдаған қазіргі заманғы реттеушілік саясаттың негізгі қағидаттары мен тәсілдерін көздейтін Қазақстан Республикасы заңының жобасын әзірлесін және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін;

      3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

      2. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады