"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 133-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының "Парламентаризм институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.
2. Мыналар:
1) "Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы" мемлекеттік мекемесі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы (бұдан әрі – уәкілетті орган) болып;
2) заңнама тиімділігін талдауды (нормативтік құқықтық актілерді талдауды) қамтамасыз ету арқылы Қазақстан Республикасындағы парламентаризмді дамыту және оның тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын әзірлеу кәсіпорын қызметінің негізгі нысандары болып айқындалсын.
3. Уәкілетті орган (келісу бойынша):
1) кәсіпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2) кәсіпорынды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзгеде шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |