"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 922 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., № 23-24 (қосымша); 1995 ж., № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 187-құжат; № 14, 274-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 1-2, 8-құжат; № 5, 55-құжат; № 12, 183, 184-құжаттар; № 13-14, 195, 205-құжаттар; 1998 ж., № 2-3, 23-құжат; № 5-6, 50-құжат; № 11-12, 178-құжат; № 17-18, 224, 225-құжаттар; № 23, 429-құжат; 1999 ж., № 20, 727, 731-құжаттар; № 23, 916-құжат; 2000 ж., № 18, 336-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1, 7-құжат; № 8, 52-құжат; № 17-18, 240-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 2, 17-құжат; № 10, 102-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 11, 56, 57, 66-құжаттар; № 15, 139-құжат; № 19-20, 146-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 56-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 10, 31-құжат; № 14, 58-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 4-құжат; № 3, 22-құжат; № 4, 24-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 13, 85-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20, 21-құжаттар; № 4, 28-құжат; № 16, 131-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114, 115-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 16, 18-құжаттар; № 8, 44-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2011 ж., № 2, 21, 28-құжаттар; № 3, 32-құжат; № 4, 37-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 16, 129-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 13, 15-құжаттар; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 20, 121-құжат; № 21-22, 124-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 7, 36-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 76-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 61, 63-құжаттар; № 14, 84-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 7, 34-құжат; № 8, 42, 45-құжаттар; № 13, 68-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; № 8-II, 70-құжат; № 12, 87-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 15, 55-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 50-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 23, 103-құжат; № 24-І, 118-құжат):

      1) мазмұны мынадай мазмұндағы 390-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:

      "390-1 бап. Генетикалық материалды (генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімді) беру және оны қолдану ережелері туралы шарт";

      2) 193-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "193-бап. Жерге және басқа да табиғи ресурстарға меншiк

      Жер, оның қойнауы, су, өсiмдiктер және жануарлар дүниесi, өсімдіктердің генетикалық қоры мен генетикалық ресурстары, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттiк меншiкте болады. Жер, өсімдіктердің генетикалық ресурстары заңнамалық актiлерде белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте болуы да мүмкiн.";

      3) 224-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң меншiгiнде жер учаскелерi, жер учаскесiндегi екпелер, оның iшiнде жеке орман қорының екпелері, ерiксiз және (немесе) жартылай ерiктi жағдайларда өсiрiлiп, ұсталатын жабайы жануарлар, өсімдіктер мен жануарлар тұқымдарының генетикалық ресурстары, олар азық-түлік өндіру, ауыл шаруашылығын жүргізу үшін пайдаланатын генетикалық ресурстарға қатысты дәстүрлі білімдер, шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнiм беретiн және жегiн мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдықтар, көлiк құралдары, құрал-саймандар және қожалық мүшелерi берген және (немесе) қожалық үшiн оның мүшелерiнiң ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлiк болуы мүмкiн.

      3. Шаруа немесе фермер қожалығының қызметi нәтижесiнде алынған жемiстер, өнiм мен кiрiстер, осы баптың 2-тармағында көрсетілген генетикалық ресурстар, шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерiнiң ортақ мүлкi болып табылады және олардың арасындағы келiсiм бойынша пайдаланылады.";

      4) мынадай мазмұндағы 390-1-баппен толықтырылсын:

      "390-1 бап. Генетикалық материалды (генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімді) беру және оны қолдану ережелері туралы шарт

      1. Генетикалық материалды (генетикалық ресурстарға байланысты дәстүрлі білімді) беру және оны қолдану ережелері туралы шарт генетикалық ресурстарды пайдаланушы мен иеленушінің (меншік иесінің) қатынастарын реттейтін негізгі құқықтық құжат болып табылады.

      Шартта оның мәнін белгiлеуге мүмкiндiк беретiн талаптар болуға тиiс.

      2. Шарт өсімдіктер дүниесі саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісуге жатады.

      3. Егер шарт жасалғаннан кейін пайдаланушы алынған генетикалық ресурстардың (генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімнің) шартта мәлімделген қолданылуын өзгертуге ниеттенсе, ол бұл туралы осы ресурстардың иеленушісін (меншік иесін), сондай-ақ Генетикалық ресурстарға қолжетімділік пен пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіру орталығын және генетикалық ресурстарға қолжетімділік пен пайданы бірлесіп пайдалануды реттеу үшін Халықаралық делдалдық тетігін хабардар етуге тиіс. Иеленуші (меншік иесі) генетикалық ресурстарды (генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімді) қолданудың пайдаланушы ұсынған өзгеруімен келіскен жағдайда тараптар өзара келісілген ережелерге өзгерістерді қоса алғанда, қолданыстағы шартқа өзгерістер енгізуге тиіс.

      Генетикалық материалды (генетикалық ресурстармен байланысты дәстүрлі білімді) беру және оны қолдану ережелері туралы қолданыстағы шартқа барлық өзгерістер генетикалық ресурстарға қолжетімділік пен пайданы бірлесіп пайдалану мәселелері жөніндегі тиісті ұлттық құзыретті органмен алдын ала келісуге жатады.".

      2. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., № 9, 26-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 79, 83-құжаттар; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 14, 105-құжат; № 15, 106, 109-құжаттар; № 16, 129-құжат; № 17, 139-құжат; № 18, 143-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 15-16, 64-құжат; № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 13-14, 62-құжат; № 15-16, 76-құжат; № 17, 79-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 49, 50-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 114-құжат; № 15, 120-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 9, 11-құжаттар; № 3, 27-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 11, 80-құжат; № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 64-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; № 21, 118, 122-құжаттар; № 23, 143-құжат; № 24, 145-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 19-І, 99, 101-құжаттар; № 19-ІІ, 103-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 115, 117-құжаттар; № 21-І, 124, 126-құжаттар; № 22-ІІ, 145-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53, 56-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 10, 79-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 4, 7-құжат; № 12, 34-құжат; № 14, 51, 54-құжаттар; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 9, 27-құжат; № 10, 32-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат):

      1) 16-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) жеке орман өсіру үшін жер учаскелерін беру;";

      2) 65-баптың 1-тармағының 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер, жануарлар дүниесiн, орман, су және басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тәртiбiн сақтауға, мемлекет қорғауындағы тарихи-мәдени және табиғи мұра объектілерінің және жер учаскесiнде орналасқан басқа да объектiлердiң қорғалуын қамтамасыз етуге;";

      3) 122-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Табиғи гендік қорды сақтау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілері жинақы өсетін жерлерде ғылыми жұмыстар жүргізу мақсатында генетикалық резерваттардың, өсімдіктердің түрлік және түрішілік саналуандығының далалық генетикалық банктерінің учаскелері бөлінуі мүмкін.

      Бұдан басқа, жабайы жануарлардың көбеюі және дамылдауы үшін учаскелер бөлінуі мүмкін.

      Мұндай учаскелерді бөлу тәртібін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган айқындайды.".

      3. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 11, 102-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 3, 27-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 10, 52-құжат; № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 56-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 19-20, 86-құжат):

      1) 21-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Мемлекеттік орман инспекциясының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық және әлеуметтік қорғалуға жатады.";

      2) 38-баптың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде басты мақсатта пайдалану үшін ағаш кескен кезде орманның қайта жаңаруын қоса алғанда, орман орналастыру жобасына сәйкес ағашы кесілген алаңның қылқанжапырақты және қатты жапырақты тұқымдастары үшін екі еселенген мөлшеріне тең, жұмсақ жапырақты тұқымдастар үшін бір еселенген мөлшеріне тең алаңда ормандарды молықтыруды жүзеге асыруға;";

      3) 51-баптың 1-1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Мемлекеттік орман қоры жерін орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін басқа санаттардағы жерге ауыстыруға айрықша жағдайларда орман орналастыру және жерге орналастыру материалдары негізінде Қазақстан Республикасының орман және жер заңнамасының талаптарына сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде және:

      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге;

      2) халықаралық міндеттемелерді орындауға;

      3) оларды игерудің баламалы нұсқалары болмаған кезде кен орны учаскесінің астынан пайдалы қазбалардың табылуына;

      4) халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын және теміржолдарды, электр беру желілерін, байланыс желілерін және магистральдық құбыржолдарды оларды ықтимал орналастырудың баламалы нұсқалары болмаған кезде салуға;

      5) оларды ықтимал орналастырудың басқа нұсқалары болмаған кезде елді мекендер шекарасының (шегінің) өзгеруіне;

      6) мемлекеттік шекара және қорғаныс объектілерін жайластыруға байланысты ғана жол беріледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда орман қоры жері ауыстырылған кезде пайдасына учаске ауыстырылатын тұлғалар ауыстырылатын учаске алаңының екі еселенген мөлшерінде өтемдік орман дақылдарын отырғызуды және мемлекеттік орман қорының құрамына ауыстыру үшін мемлекеттік орман иеленушіге өтемақы тәртібімен тиісті жергілікті атқарушы органдар берген жер учаскелерінде оларды отырғызғаннан кейін алғашқы үш жыл бойы орман дақылдарына күтімді жүзеге асырады.";

      4) 103-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға Генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасы шеңберінде орман флорасы мен фаунасының гендік қорының өсіп-өну материалдарына қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-ІІ, 20-ІІІ, 112-құжат; 2016 ж., № 1, 4-құжат; № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-І, 62, 65-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 124, 126-құжаттар; 2017 ж., № 9, 21-құжат; № 14, 50, 51-құжаттар; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 23-V, 113-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 11, 37-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46, 49, 50-құжаттар; № 19, 62-құжат; № 22, 82, 83-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 5-6, 27-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 108-құжат; № 24-I, 118-құжат; № 24-II, 123, 124-құжаттар):

      1) 46-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің меншігінде жер учаскелері, жер учаскесіндегі екпелер, оның ішінде жеке орман қорының екпелері, заңды негіздерде еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілген және ұсталатын жабайы жануарлар, осы шаруашылықтардың меншігінде болатын дәстүрлі сұрыптар мен халық селекциясының тұқымдастарын қоса алғанда, дақылдық өсімдіктер мен жануарлар тұқымдастарының генетикалық ресурстары, генетикалық ресурстарға қатысты азық-түлік өндіру, ауыл шаруашылығын жүргізу және басқа да қызметпен айналысу үшін олар пайдаланатын дәстүрлі білімдер, шаруашылық және өзге де құрылыстар, мелиорациялық және басқа да ғимараттар, өнімді және жұмыс малы, құс, ауылшаруашылық және өзге де техника мен жабдықтар, көлік құралдары, мүкәммал және шаруашылық мүшелері берген және (немесе) оның мүшелерінің ортақ қаражатына шаруашылық үшін сатып алынған басқа да мүлік болуы мүмкін.

      3. Шаруа немесе фермер қожалығы қызметінің нәтижесінде алынған жемістер, өнім және кірістер, осы баптың 2-тармағында көрсетілген генетикалық ресурстар шаруа немесе фермер қожалығы мүшелерінің ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік мүлкі болып табылады және олардың арасындағы келісім бойынша пайдаланылады.

      Дәстүрлі сұрыптар мен халық селекциясының тұқымдастарын қоса алғанда, мәдени өсімдіктер мен жануарлар тұқымдастарының генетикалық ресурстарын, генетикалық ресурстарға қатысты дәстүрлі білімдерді шаруа немесе фермер қожалығының мүшелері Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға Генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасының талаптарына сәйкес алдын ала негізделген келісім мен өзара келісілген шарттар негізінде шетелдік пайдаланушыларды қоса алғанда, үшінші тұлғаларға пайдалану үшін бере алады.";

      2) 77-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Кәсіпкерлік субъектілері қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, табиғи ландшафттарды сақтау мен орнықты пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс.".

      5. "Өсімдіктер карантині туралы" 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., № 2-3, 34-құжат; № 23, 931-құжат; 2002 ж., № 4, 30-құжат; 2003 ж., № 15, 121-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 123-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 13, 65-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., № 8-І, 65-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 39-құжат; № 19-20, 86-құжат):

      7-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) өсімдіктер дүниесі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша өздеріне қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесін әзірлейді және бекітеді;".

      6. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 24, 146-құжат; 2011 ж., № 1, 3, 7-құжаттар; № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат; № 14, 92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 19-І, 19-ІІ, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 19-ІІ, 103-құжат; № 21-І, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-ІІ, 130, 132-құжаттар; № 22-І, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-І, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 91-құжат; № 23, 103, 108-құжаттар; № 24-I, 119-құжат):

      27-баптың 1-тармағында:

      18-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18-1) жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылуын және оларды күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ республикалық және халықаралық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі жұмыстарды қоспағанда, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріндегі ғылыми-реставрациялық жұмыстардың және археологиялық жұмыстардың жүргізілуін, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қаланың және астананың шекарасында орналасқан жасыл екпелердің күтіп ұсталуын және қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 36-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "36-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биологиялық және ландшафтық әртүрлілікті сақтау, бірегей табиғи объектілерді сақтау мақсатында өсімдіктер дүниесі объектілерін пайдаланудың жекелеген түрлерін шектеу (тоқтата тұру) туралы шешімдер қабылдайды;".

      7. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 16, 96-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; 2008 ж., № 21, 95-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 114-құжат; 2012 ж., № 3, 27-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 19-І, 19-ІІ, 96-құжат; 2015 ж., № 23-ІІ, 172-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 12, 34-құжат; № 23-V, 113-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2019 г., № 19-20, 86-құжат):

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) жаратылыстану-ғылыми коллекциялар мен ғылыми табиғи объектілер – табиғи жағдайларда бөлінген және сақталатын не жасанды жағдайларда сақтау үшін жиналған, жүйеленген және құжатталған, заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен ботаникалық, зоологиялық, геологиялық, палеонтологиялық және өзге де табиғи компоненттер, зерделеу мен пайдалану үшін нақты немесе әлеуетті құндылығы бар объектілер.

      Жаратылыстану-ғылыми коллекциялар мен ғылыми табиғи объектілер:

      1) өздерінің табиғи мекендейтін жерлерінде сақталатын (орман генетикалық резерваттары, сапасы жоғары ағаштар, шарбақтарда ұсталатын жануарлар және басқалар);

      2) өздерінің табиғи мекендейтін жерлерінен тыс сақталатын (мемлекеттік ботаникалық бақтардың, мемлекеттік дендрологиялық парктер мен арборетумдардың дала коллекциялары, дала гендік банктері, мемлекеттік зоологиялық бақтар жануарларының коллекциялары, жабайы табиғатта олардың санын көбейту, сақтау және ұлғайту үшін пайдаланылатын мамандандырылған питомниктердің сирек кездесетін жануарларының аналықтар саны), геологиялық және палеонтологиялық объектілердің үлгілері, сондай-ақ консервациялаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалана отырып, арнайы бақыланатын жағдайларда ұсталатын (гербарийлер, табиғат мұражайларының экспонаттары, өсімдіктердің, жануарлар мен микроағзалардың, олардың бөліктері мен дериваттарының гендік банктері) болып бөлінеді;";

      2) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құзыретiне:

      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

      2) заңды тұлға мәртебесіндегі республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн иелену, пайдалану және иелiк ету құқығы;

      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi органды айқындау;

      4) өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қоюға шешім қабылдау және оларды алып қою көлемдерін бекіту;

      5) заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесiн төмендетуге немесе арттыруға әкеп соғатын бiр түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешiм қабылдау;

      6) орман флорасы мен фаунасының гендік қорының өсіп-өну материалын басқа мемлекеттермен алмасуға шешiм қабылдау;

      7) мыналарды:

      республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн;

      республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттік қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын қысқарту тәртібін;

      Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын;

      өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупi төнген түрлерінің тізбесін;

      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін;

      осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда жерді бір санаттан басқа санатқа ауыстыру тәртібін;

      ғылыми табиғи объектіге "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беру туралы өтінішхаттың негіздемесін дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну тәртібін;

      "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілердің мемлекеттік тізілімінің жүргізу тәртібін бекіту;

      8) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құруға және кеңейтуге байланысты жағдайларда барлық санаттағы жерлерден жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін беру және алып қою;

      9) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту;

      10) осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда уәкілетті органның ұсынысы бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру, сондай-ақ босалқы жерді қайтадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жеріне ауыстыру;

      11) жаратылыстану-ғылыми негiздемеге берiлген мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи қаумалдар мен республикалық маңызы бар мемлекеттiк қорық аймақтарын тарату және олардың аумақтарын кішірейту;

      12) "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беру;

      13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы халықаралық ынтымақтастық;

      14) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.";

      3) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8 бап. Уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің құзыреті

      Уәкілетті орган мен оның ведомствосының құзыретіне:

      1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық үйлестіру;

      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы жергiлiктi атқарушы органдардың үйлестіруді және оларға әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асыруы;

      3) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

      4) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту, сондай-ақ осы Заңның 23-бабы 2-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген жағдайларда ғана ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерін босалқы жерге ауыстыру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      5) мыналарды:

      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiн;

      республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн;

      Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларын;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн;

      мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын;

      биоәртүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, үкiметтiк емес ұйымдар мен қорлардың тiзбесiн;

      республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды, республикалық маңызы бар мемлекеттік қорықтық аймақтарды тарату және олардың аумақтарын кішірейту тәртібін;

      сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің тізбесін;

      ғылыми табиғи объектіге "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беру туралы өтінішхаттың негіздемесін дайындау және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну тәртібін;

      "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесі бар ғылыми табиғи объектілердің мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;

      6) мыналарды:

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және оларды кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердің жобаларын әзiрлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету тәртiбiн;

      өзінің қарауындағы республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және оларды кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын;

      республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тiркеу) қағидаларын;

      табиғат қорғау ұйымын басқару жоспарын әзірлеу қағидаларын;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды биосфералық резерваттарға жатқызу қағидаларын;

      республикалық және жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды және республикалық маңызы бар мемлекеттік қорықтық аймақтарды таратудың және олардың аумағын кішірейтудің жаратылыстану-ғылыми негiздемесінің жобаларын әзірлеу қағидаларын;

      табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет пен ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын;

      ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялардың құрамын және ережесін;

      айырым белгілері бар нысандық киiм (погонсыз) үлгiлерiн, оны киiп жүру тәртiбiн және онымен табиғат қорғау мекемелерiнiң мемлекеттiк инспекторларын қамтамасыз ету нормаларын;

      жеке тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда болу қағидаларын;

      осы Заңның 43-1-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда жүзеге асырылатын мелиорациялық аулауды жүргізу қағидаларын;

      заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына кіретін су объектілерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, мелиорациялық аулауды, ғылыми-зерттеу үшін аулауды, өсімін молайту мақсатында аулауды жүзеге асыру қағидаларын;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен объектілер саласында ынталандыру қағидаларын және құрметті атақтар, төсбелгілер және құрмет грамоталарын беру тәртібін;

      табиғат қорғау ұйымының үйлестіру кеңесі туралы үлгілік ережені;

      жаратылыстану-ғылыми коллекциялардың мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін және мемлекеттік үлгідегі коллекция сертификатының нысанын;

      жаратылыстану-ғылыми коллекцияларды қалыптастыру, есепке алу және пайдалану туралы үлгілік ережені;

      мемлекеттiк ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларын;

      ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттiк кадастрын жүргiзу тәртiбiн;

      биоәртүрлілікті сақтауға және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға гранттар беретiн халықаралық және мемлекеттiк ұйымдардың, үкiметтiк емес ұйымдар мен қорлардың тiзбесiн әзірлеу және бекіту;

      7) мыналарды:

      өзінің қарауындағы табиғат қорғау мекемелерінің ережелерін;

      табиғат қорғау ұйымының символикасын (эмблемасы мен туын), сондай-ақ табиғат қорғау мекемесiнiң символикасын (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану тәртiбiн;

      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және оларды кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын;

      республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың техникалық-экономикалық негіздемелерін түзету жобаларын;

      өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басқару жоспарларын;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің қарауындағы заңды тұлға мәртебесiндегi республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететiн қызметтер үшiн тарифтердің мөлшерiн;

      заңды тұлға мәртебесі бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрамына кіретін су объектілерінде балық аулау көлемін;

      осы Заңның 43-1-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда жергілікті халықтың мұқтаждықтары үшін рұқсат етілген әуесқойлық (спорттық) балық аулау қағидаларын;

      республикалық маңызы бар мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi аумақтарының шекарасын және оларды қорғау режимiнiң түрiн бекіту;

      8) мыналарды:

      өзінің құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аумағын ұйымдастырудың бас схемаларын, аумақтық дамудың өңіраралық схемаларын, қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын және өзге де қала құрылысы құжаттамасын;

      облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ұсынуы бойынша жергiлiктi маңызы бар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң тiзбесiн;

      өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен объектілердің жай-күйi, оларды күзету, қорғау, пайдалану, сондай-ақ қаржыландыру мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың есептерiн қарау және келісу;

      9) өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға басшылық жасау, олардың табиғи кешендерді күзету, қорғау және қалпына келтiру жөніндегі қызметін қамтамасыз ету;

      10) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда ғылыми қызметті және ғылыми зерттеулердің жүзеге асырылуын ұйымдастыру және оларға басшылық жасау;

      11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізу;

      12) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiн, күзетiлуiн, қорғалуын және пайдаланылуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру;

      13) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілері саласындағы ашық ақпаратқа еркін қолжетімділікті, экологиялық желінің дамуын қамтамасыз ету;

      14) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында халықаралық ынтымақтастықты және халықаралық шарттардың іске асырылуын жүзеге асыру;

      15) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

      Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері өз қызметін уәкілетті органның ведомствосы белгілеген құзыреті шегінде жүзеге асырады.";

      4) 9-бап мынадай мазмұндағы 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Үкіметіне бірегей қорғалатын табиғи аумақтар мен объектілерге "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін беру туралы өтінішхат дайындау туралы ұсыныс енгізеді;

      6-2) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өзінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілері саласында ашық ақпаратқа еркін қолжетімділікті қамтамасыз етеді;";

      5) 10-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 8-1) және 15-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-1) жергілікті маңызы бар жаратылыстану-ғылыми коллекциялар мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етеді;";

      "15-3) "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілері саласында ашық ақпаратқа еркін қолжетімділікті, экологиялық желінің дамуын қамтамасыз етеді;";

      6) 13-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ғылыми-техникалық және үйлестіру кеңестерінің жұмысына қатысуға құқылы.";

      7) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санаттары мен түрлерi

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң маңыздылығына байланысты республикалық немесе жергiлiктi маңызы бар санаттарға жатқызылады.

      2. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимiнiң түрлерiне байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi:

      1) мемлекеттiк табиғи қорықтар;

      2) мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер;

      3) мемлекеттiк табиғи резерваттар;

      4) мемлекеттiк зоологиялық парктер;

      5) мемлекеттiк ботаникалық бақтар;

      6) мемлекеттiк дендрологиялық парктер;

      7) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;

      8) мемлекеттiк табиғи қаумалдар;

      9) мемлекеттiк қорық аймақтары.

      3. Жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылу мақсаттарына және қорғалу режимiнiң түрлерiне байланысты мынадай түрлерге бөлiнедi:

      1) мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктер;

      2) мемлекеттiк зоологиялық парктер;

      3) мемлекеттiк ботаникалық бақтар;

      4) мемлекеттiк дендрологиялық парктер;

      5) мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;

      6) мемлекеттiк табиғи қаумалдар.

      4. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.

      5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды республикалық маңызы бар санатқа жатқызуды уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Yкiметi, жергiлiктi маңызы бар санатқа жатқызуды уәкiлеттi органмен келiсу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүргiзедi.

      6. Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесiн төмендетуге әкеп соғатын бiр түрден басқа түрге ауыстыру табиғи және (немесе) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан оның ерекше құндылығы мен бiрегейлiгi сипатының iшiнара немесе толық жоғалуына байланысты жүргiзiледi.

      Заңды тұлға мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақты оның мәртебесiн төмендетуге әкеп соғатын бiр түрден басқа түрге ауыстыру туралы шешiмдi жаратылыстану-ғылыми негiздеме жасалған мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы негiзiнде:

      1) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша – уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi;

      2) жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша – уәкiлеттi органмен келiсу бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы қабылдайды.

      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды "республикалық маңызы бар" санатынан "жергілікті маңызы бар" санатына ауыстыруға жол берілмейді.

      7. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның өтінішхаты бойынша жекелеген ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға Қазақстан Республикасының Үкіметі "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесін бере алады.";

      8) 19-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Табиғат қорғау ұйымдары өздерiнiң рәмiздерiн (эмблемасы мен туын) пайдаланудың ерекше құқығын иеленеді және оларды жеке және заңды тұлғаларға жарнамалық мақсаттарда шарттық негізде пайдалануға рұқсат етуi мүмкiн.";

      9) 20-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту туралы шешiм мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердiң негiзiнде қабылданады.";

      10) 25-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтағы жаратылыстану-ғылыми коллекциялардың тізбесі, Мемлекеттік жаратылыстану-ғылыми коллекциялар тізіліміндегі олардың тіркеу нөмірлері, сондай-ақ мемлекеттік тізілімдегі тіркеу нөмірі көрсетілген "Ғылыми-табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесі (ол болған кезде);";

      11) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "29-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету және қорғау

      1. Қоршаған ортаға зиянды әсердің алдын алу және оны жою мақсатында ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда табиғи кешендерді күзету және қорғау жөніндегі іс-шаралар жүргізілуі мүмкін.

      2. Күзету жөніндегі іс-шаралар:

      1) Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын бұзушылықтың жолын кесу мақсатында аумақты патрульдеуді, оның iшiнде жерүсті және әуе көлiгiн пайдалана отырып патрульдеуді;

      2) өрттiң алдын алуды, оларды анықтауды және сөндiрудi;

      3) суды ластанудан, былғанудан және сарқылудан күзетудi қамтиды.

      3. Қорғау жөніндегі іс-шаралар:

      1) судың зиянды әсерiнiң алдын алуды және жоюды;

      2) өсiмдiктердi қорғауды, зиянды жәндiктер мен орман ауруларының ошақтарын дер кезiнде анықтауды және оларға қарсы күресудi, санитариялық және өзге мақсатта ағаш кесудi (жол салуға байланысты орман жолдарын тарту, өртке қарсы жыралар қазу кезiнде орманды тазарту);

      3) iндеттер мен эпизоотиялардың алдын алу мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын және ветеринариялық мониторингтi қамтамасыз етудi, жануарлар санын реттеудi;

      4) жердi эрозиядан қорғауды қамтиды.

      4. Өрттiң алдын алу, оларды анықтау және сөндiру Қазақстан Республикасының өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес жүргiзiледi.

      5. Қорғау жөніндегі іс-шаралар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды күзету режимiнiң түрi ескеріле отырып, ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негiзiнде және қарауында осы аумақтар болатын орталық немесе жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша жүргiзiледi.";

      12) 32-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "32-1-бап. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы

      1. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы Қазақстан Республикасының аумағында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жай-күйі, оларды зерделеу, қорғау, өсімін молайту және орнықты пайдалану жөніндегі қажетті шаралар туралы мәліметтер жиынтығын қамтитын сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген өсімдіктер мен жануарлар түрлері тізбелерінің суреттермен безендірілген басылымы болып табылады. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы қазақ және орыс тілдерінде шығарылады, қажет болған жағдайда басқа тілдерде де шығарылуы мүмкін.

      2. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына Қазақстан Республикасының аумағында, Қазақстан Республикасының континенттік қайраңында және айрықша экономикалық аймағында табиғи еркіндік жағдайында, құрлықта, суда, атмосферада және топырақта тұрақты немесе уақытша өсетін өсімдіктердің (биік және аласа) және мекендейтін жануарлардың (омыртқалылар және омыртқасыздар) мәртебесінің санаттары мынадай:

      1) жойылып бара жатқан (жойылып кету қаупі төнген немесе жойылып кеткен);

      2) азайып бара жатқан (саны әлі де болса жоғары, бірақ ол тым жылдам азайып бара жатқан);

      3) сирек кездесетін (шектеулі мөлшерде немесе тым шағын аумақтарда кездесетін);

      4) анықталмаған (жеткілікті дәрежеде зерттелмеген, ал популяцияларының саны мен жай-күйі алаңдаушылық тудыратын);

      5) қалпына келтірілген (түрлердің жай-күйі енді алаңдаушылық туғызбайтын, бірақ популяцияларына тұрақты бақылау қажет) түрлері (кіші түрлері, популяциялары) енгізіледі.

      3. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізуді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын жүргізу қағидаларына сәйкес бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен уәкілетті орган (уәкілетті органның ведомствосы) жүзеге асырады.

      Қызыл кітап қағаз және электрондық жеткізгіштерде ресми жариялануға (шығарылуға) жатады, сондай-ақ уәкілетті органның (уәкілетті орган ведомствосының) интернет-ресурсында орналастырылады, Қызыл кітаптың өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің суреттермен безендірілген материалдары бұқаралық ақпарат құралдарында, ақпараттық және өзге де басылымдарда жариялануы мүмкін.

      4. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерін өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбесіне және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізу не олардан шығару жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін құрамы мен ережесін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның ведомствосы бекітетін ведомствоаралық ботаникалық және зоологиялық комиссиялар құрылады.

      5. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабы өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің мемлекеттік кадастрының құрамдас бөлігі болып табылады.";

      13) мынадай мазмұндағы 5-1-тараумен толықтырылсын:

      "5-1-тарау. Жаратылыстану-ғылыми коллекциялар

      33-1-бап. Жаратылыстану-ғылыми коллекцияларды құру және мемлекеттік есепке алу

      1. Жаратылыстану-ғылыми коллекциялар тірі табиғат объектілерін де, жансыз табиғат объектілерін де қамтуы мүмкін және олар ғылыми зерттеулер, табиғи процестердің мониторингін жүргізу үшін пайдаланылады. Жаратылыстану-ғылыми коллекциялар ретінде генетикалық банктерді, ДНҚ және РНҚ коллекцияларын қоса алғанда, өсімдіктердің, жануарлардың және микроағзалардың генетикалық ресурстарының коллекциялары (қорлары) құрылуы мүмкін.

      2. Жаратылыстану-ғылыми коллекциялар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде белгіленген негіздерде, шарттарда және шекте мемлекеттік не жеке меншікте болуы мүмкін.

      3. Меншік нысанына қарамастан, жаратылыстану-ғылыми коллекциялар мен оларды ұстаушылар (меншік иелері) өсімдіктер дүниесі саласындағы уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен мемлекеттік есепке алынуға және тіркелуге тиіс.

      33-2-бап. Жаратылыстану-ғылыми коллекцияны тіркеу

      1. Жаратылыстану-ғылыми коллекцияны және оны ұстаушыны (меншік иесін) тіркеуді өсімдіктер дүниесі саласындағы уәкілетті орган коллекция туралы деректерді Жаратылыстану-ғылыми коллекциялардың мемлекеттік тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырады.

      2. Жаратылыстану-ғылыми коллекциялардың мемлекеттік тізіліміне енгізілген жаратылыстану-ғылыми коллекцияның ұстаушысына (меншік иесіне) мемлекеттік үлгідегі сертификат беріледі. Сертификаттың нысанын өсімдіктер дүниесі саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

      Сертификаттың болуы коллекцияны ұстаушыға (меншік иесіне) коллекцияны немесе оның бір бөлігін ғылыми мақсаттар, халықаралық көрмелерге, форумдарға, басқа да көпшілік іс-шараларға қатысу үшін Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге уақытша әкетуді және оны Қазақстан Республикасына әкелуді кедергісіз ресімдеуге құқық береді.";

      14) 45-баптың 3 және 4-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Реттелмелi экологиялық туризмдi, мемлекеттiк табиғи-қорық қорының бүлiнген табиғи кешендерi мен объектiлерiн қалпына келтiру бойынша iс-шаралар өткiзудi қоспағанда, экологиялық тұрақтандыру аймағында шаруашылық және рекреациялық қызметке тыйым салына отырып, қорықтық қорғау режимi белгiленедi.

      4. Туристiк және рекреациялық қызмет аймағы мемлекеттiк ұлттық табиғи паркке келушiлердiң реттелмелi қысқа мерзiмдi демалысы мен ұзақ мерзiмдi демалысы учаскелерi болып бөлiнедi.

      Туристiк және рекреациялық қызмет аймағында мемлекеттiк табиғи-қорық қорының табиғи кешендерi мен объектiлерiнің сақталуын қамтамасыз ететiн қаумалдық қорғау режимi белгiленедi, оның аумағында реттелмелi туристiк және рекреациялық пайдалануға (аң аулаудан басқа), оның iшiнде рекреациялық жүктемелердің нормалары ескеріле отырып, туристiк маршруттар, соқпақтар ұйымдастыруға, демалу алаңқайлары мен тамашалау алаңдарын, жағажайларды, қайық станцияларын, суда жүзетін көлік түрлері мен жағажай мүкәммалын прокатқа алу пункттерін орнатуға жол беріледі.";

      15) 46-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің учаскелері туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін бес жылға дейінгі мерзімге қысқа мерзімді пайдалануға және он жылға дейінгі мерзімге ұзақ мерзімді пайдалануға беріледі. Осы учаскелерді беру мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Туристік және рекреациялық қызметті жүзеге асыру үшін учаскелер мемлекеттік ұлттық табиғи парктің инфрақұрылымын дамытудың бас жоспарына сәйкес және қазіргі инфрақұрылымымен де, жаңа инфрақұрылым құру үшін де туристік және рекреациялық (уақытша құрылыстар ғана салу үшін), шектеулі шаруашылық қызмет аймақтарында ғана беріледі.";

      16) 47-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) жанама орман пайдалану (шектеулi мал жаю, шөп шабу, саңырауқұлақтарды, жемiстер мен жидектердi әуесқойлық мақсатта жинау, бақ шаруашылығы);

      2) шектеулi алаңдарда ағаш және бұта тұқымдарының екпе материалдарын, дәрiлiк шөптер және басқа да өсiмдiктер өсiру;";

      17) 67-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) биологиялық (ботаникалық, зоологиялық) – өсімдіктер мен жануарлардың бағалы, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау және қалпына келтіру үшін;";

      18) 69-баптың 1-2-тармағы алып тасталсын;

      19) 16-тарау мынадай мазмұндағы 73-1-баппен толықтырылсын:

      "73-1-бап. Мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің түрлері

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне:

      1) мемлекеттік орман қорының аса құнды екпелері;

      2) сулы-батпақты алқаптар (халықаралық және республикалық маңызы бар);

      3) негізгі орнитологиялық аумақтар;

      4) бірегей табиғи су объектілері немесе олардың учаскелері;

      5) экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық ерекше құнды жер қойнауы учаскелері;

      6) жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері;

      7) ерекше ғылыми және (немесе) тарихи-мәдени маңызы бар өсімдіктер дүниесінің бірегей дара объектілері;

      8) сауықтыру орындары мен курорттар жатады.

      Республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары бекітеді.";

      20) 75-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "75-бап. Сулы-батпақты алқаптар

      1. Өсімдіктер немесе су маңындағы жануарлар, ең алдымен халықаралық және республикалық ресурс болып табылатын сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген құстарды қоса алғанда, қоныс аударатын суда жүзетін құстар түрлерінің (кіші түрлерінің) елеулі жиынтығының резерваттары қызметін атқаратын теңіз акваторияларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи және жасанды су айдындары сулы-батпақты алқаптар болып табылады.

      2. Сулы-батпақты алқаптар өздерінің мәні бойынша халықаралық маңызы бар және республикалық маңызы бар алқаптар болып бөлінеді. Олар жұмыс істеп тұрған ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына енгізілуі мүмкін не олардың негізінде жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылуы мүмкін.

      Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімі Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенция (Рамсар Конвенциясы) шеңберінде, негізінен суда жүзетін құстардың мекендейтін жері ретінде қалыптастырылады.

      Халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың және республикалық маңызы бар сулы-батпақты алқаптардың тізімдерін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган бекітеді.

      3. Сулы-батпақты алқаптарда суда жүзетін құстар мекендейтін жерлерді қорғауды және қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметтің қорықтық және (немесе) қаумалдық режимі не реттелмелі режимі (құрамына олар кіретін ерекше қорғалатын табиғи аумақтың түріне қарай) белгіленеді.

      4. Сулы-батпақты алқаптарда сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қоса алғанда, жануарлар дүниесінің түрлерін қорғау және өсімін молайту жөніндегі шаралар көзделеді. Сулы-батпақты алқаптарды сақтауды қамтамасыз ету мақсатында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган оларды дамыту жоспарларын бекітеді.";

      21) 75-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "75-1-бап. Негізгі орнитологиялық аумақтар

      1. Негізгі орнитологиялық аумақ - бұл өзінің биотоптық, тарихи немесе өзге де себептеріне байланысты ұя салу, түлеу кезеңінде, қыстау немесе қоныс аудару кезінде дамылдау орындарында құстардың бір немесе бірнеше түрлерінің шоғырлану орны болып табылатын аумақ. Бұл аумақтар ең алдымен сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген құстар түрлеріне бөлінеді.

      Негізгі орнитологиялық аумақтарға маңызды ғылыми және танымдық мәні бар учаскелер жатқызылуы мүмкін. Негізгі орнитологиялық аумақтар ретінде табиғи мекендейтін жерлер ғана емес, сондай-ақ жасанды құрылған объектілер: су қоймалары, балық өсіру тоғандары, ормансыз аудандардағы жасанды орман екпелері және көбінесе құстардың алуан түрлілігімен және санымен сипатталатын өзге де объектілер бола алады.

      2. Қазақстанның негізгі орнитологиялық аумақтары негізгі орнитологиялық аумақтардың республикалық және халықаралық желісінің бір бөлігі болып табылады. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның жәрдем көрсетуімен республикада елдің негізгі орнитологиялық аумақтарының каталогы шығарылады және кезең-кезеңмен нақтыланып тұрады, онда осы аумақтардың кеңістікте орналасуы туралы деректер мен осы аумақтардың сипаттамасы қамтылады.";

      22) 78-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "78-бап. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері

      1. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбелерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Олар түрлердің қазақ, латын және орыс тіліндегі атаулары көрсетілген туыстық топтар бойынша биологиялық сыныптаманың қазіргі заманғы жүйесі негізінде қалыптастырылады.

      2. Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қорғауды мемлекет жүзеге асырады. Жеке және заңды тұлғалар оларды қорғау жөнінде шаралар қолдануға міндетті.

      3. Саны мен орнықты өмір сүру жағдайлары олардың өсімін молайтуға және табиғи еркіндік жағдайында гендік қорын сақтауға қатер төндірмейтіндей шектерге дейін қалпына келтірілген өсімдіктер мен жануарлардың түрлері өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің тізбелерінен шығарылуға тиіс.

      4. Өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде:

      1) мына:

      табиғи популяциялар санын қалпына келтіру;

      халықаралық алмасу мақсатында арнайы жасалған жағдайларда көбейту;

      2) ғылыми зерттеулер, оның ішінде ДНҚ және РНҚ коллекцияларын қоса алғанда, дала коллекцияларын, генетикалық банктер жасау;

      3) селекция үшін жүзеге асырылады.

      5. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын алып қою мемлекеттiк экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде:

      1) мына:

      табиғи популяциялар санын қалпына келтіру;

      халықаралық алмасу;

      аң аулаудың дәстүрлі ұлттық түрлерін дамыту мақсатында арнайы жасалған жағдайларда көбейту;

      2) ғылыми зерттеулер, оның ішінде ДНҚ және РНҚ коллекцияларын қоса алғанда, дала коллекцияларын, генетикалық банктер жасау;

      3) селекция үшін жүзеге асырылады.

      6. Орман флорасы мен фаунасының гендік қорының репродукциялық материалын басқа мемлекеттермен алмасу мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері негізінде жүзеге асырылады.

      7. Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның күші қолданылатын жануарлар мен өсімдіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелу және (немесе) одан тысқары жерлерге әкету тәртібі "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" және "Өсімдіктер дүниесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.";

      23) 16-тарау мынадай мазмұндағы 78-1-баппен толықтырылсын:

      "78-1-бап. Өсімдіктер мен жануарлардың генетикалық ресурстары

      1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (мемлекеттік ұлттық және өңірлік табиғи парктерде, мемлекеттік табиғи резерваттарда) сақтау, зерделеу және халықаралық ынтымақтастық мақсаттары үшін өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлері мен олардың түрішілік нысандарының гендік қорының генетикалық резерваттары бөлінуі, сондай-ақ осы түрлер мен нысандардың далалық "тірі" коллекциялары (далалық генетикалық банктері) құрылуы мүмкін.

      Өсімдіктердің сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерінің генетикалық резерваттарын бөлу және олардың дала коллекцияларын (далалық генетикалық банктерін) құру, сондай-ақ осы түрлердің генетикалық ресурстарын, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық шеңберінде пайдалану тәртібін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      2. Биологиялық әралуандық туралы конвенцияға және осы Конвенцияға Генетикалық ресурстарға қол жеткізуді және оларды қолданудан алынған пайданы әділетті және тепе-тең негізде бірлесіп пайдалануды реттеу жөніндегі Нагоя хаттамасына сәйкес өсімдіктердің, оның ішінде ормандар мен жануарлар дүниесінің генетикалық ресурстарын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілетін рұқсаттың негізінде жүзеге асырылады.".

      8. "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 3, 5-құжат):

      1) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Жайылымдардың құқықтық режимі

      Жайылымдардың құқықтық режимі Қазақстан Республикасының жер, орман, су заңнамасына, Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және өсімдіктер дүниесі саласындағы заңнамасына сәйкес жердің қандай да бір санатына олардың тиесiлілігі және рұқсат етілген пайдалану тәртібі негiзге алына отырып айқындалады.";

      2) 4-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) өсімдіктердің түрлік құрамын сақтай отырып, жайылымдарды ұтымды пайдалану;".

      2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады