Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 934 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мыналардың:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті "Селденқорғау құрылыс" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "Селденқорғау құрылыс" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "Селденқорғау құрылыс" ШЖҚ РМК) болып;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті "Резерв" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті "Резерв" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – "Резерв" ШЖҚ РМК) болып өзгертілсін.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі "Селденқорғау құрылыс" ШЖҚ РМК қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып;

      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті "Резерв" ШЖҚ РМК қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне "Селденқорғау құрылыс" ШЖҚ РМК және "Резерв" ШЖҚ РМК жарғыларын бекітуге ұсынуды;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында "Селденқорғау құрылыс" ШЖҚ РМК және "Резерв" ШЖҚ РМК мемлекеттік қайта тіркеуді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдарың акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне берсін.";

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне берілетін заңды тұлғалардың, акциялардың мемлекеттік пакеттері мен қатысудың мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарының тізбесі";

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі" деген бөлімде:

      "Мемлекеттік кәсіпорындар" деген кіші бөлім алып тасталсын;

      "Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті" деген кіші бөлім алып тасталсын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады