"Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 937 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 20, 108-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидаларында және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібінде:

      22-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың төмендетілген мөлшерлемелерінің қолданылуын шектеудің үш жылдық мерзімі акцияларының бақылау пакеті ұлттық компанияға және/немесе дауыс беретін акцияларының 70 және одан да көп пайызы ұлттық компанияға тиесілі заңды тұлғаларға тиесілі заңды тұлғаға қатысты қолданылмайды.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады