Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 940 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) құрылсын.

      2. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісу бойынша) айқындалсын.

      3. Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы қызмет көрсетілетін мемлекеттік органдардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қарамағындағы объектілерде орналасқан заңды тұлғалардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, ақпараттандыру объектілерін күтіп ұстау мен дамыту және олардың жүйелері мен технологияларының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы (келісу бойынша) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорынның жарғысын бекітсін;

      2) кәсіпорынды тіркеуші органдарда мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      5. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығы" акционерлік қоғамы таратылсын.

      6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейін Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Инженерлік-техникалық орталығы" акционерлік қоғамының қалған мүлкін кәсіпорын теңгеріміне берсін.

      7. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 940 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасының мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      акцияларының мемлекеттік пакеттерін, мемлекеттік қатысу үлесін иелену, пайдалану және басқару құқығы Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасына берiлетiн акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестердің тiзбесiнде:

      "Инженер-техникалық орталығы" АҚ" деген жол алып тасталсын.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат).

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдар және шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қ." деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-102-жол алып тасталсын.

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілген республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 238-11-жол алып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 29 қарашадағы № 1212 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 8-жолмен толықтырылсын:

      "8. "Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының инженерлік-техникалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады