"Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 13 қаңтардағы № 7 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұйымдар қызметкерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай ЛА (тарифтік мөлшерлемесін) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді осы қаулының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында белгіленген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады.

      Педагогтердің жекелеген санаттары үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады.

      Заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттік жоғары оқу орындарының мамандары мен қызметшілеріне ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) белгіленген ЛА мөлшеріне арттыру коэффициентін қолдану арқылы айқындалады.

      Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру ұйымдарының педагогтеріне ЛА (тарифтік мөлшерлеме) белгіленген ЛА мөлшеріне:

      2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,25 мөлшерінде;

      2021 жылғы 1қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдану арқылы айқындалады;

      мемлекеттік ұйымдардың: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелердің, үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарының, жұмыспен қамту орталықтарының басқарушы, негізгі персоналдарының жұмыскерлеріне ЛА (тарифтік мөлшерлеме) белгіленген ЛА мөлшеріне:

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,5 мөлшерінде;

      2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,75 мөлшерінде;

      2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2,0 мөлшерінде түзету коэффициентін қолдану арқылы айқындалады;";

      көрсетілген қаулыға 6-қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жолда 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4)

Әкімшілік, қосалқы персоналдардың жұмыскерлеріне, жұмысшыларға мемлекеттік ұйымдардағы: стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелеріндегі,
үйде қызмет көрсету, уақытша болу ұйымдарындағы жұмыс үшін


ЛА-дан 40 %


  ".

      2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады