"Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 қаңтардағы № 8 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жаһандық және өңірлік ауқымдардағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимылдар жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 486 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген қаулыға 2-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 14 қаңтардағы
№ 8 қаулысына
1-қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 486 қаулысына
1-қосымша

Жаһандық ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары

Р/с № Іс-шаралар Жауапты орындаушылар Орындау мерзімі Аяқтау нысаны


1 2 3 4 5

1.

Төтенше жағдай аймағында бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру*

ТЖМ, ІІМ, ЖАО

С + 0.30

адамдарды, жануарларды және мүлікті құтқару, эвакуациялау

2.

Президент Әкімшілігін, Премьер-Министрдің Кеңсесін, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесін және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарын төтенше жағдайдың туындау фактісі туралы хабардар ету*

ТЖМ

С + 0.30

ақпарат

3.

Халықты қалыптасқан жағдай туралы құлақтандыруды және хабардар етуді ұйымдастыру*

ЖАО, ТЖМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ

С + 1.00

ақпаратты халыққа жеткізу

4.

Жаһандық ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау және төтенше жағдайды жою жөніндегі басшыны тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің жобасын дайындау*

ТЖМ, ЖАО

С + 1.00

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің жобасы

5.

Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерін төтенше жағдай режиміне ауыстыру*

ТЖМ, ІІМ, ДСМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ, ЭГТРМ, СИМ, ЖАО

С + 1.00 (жұмыс уақытында)
С + 2.30 (жұмыс уақытынан тыс)

орталық атқарушы органдардың бұйрықтары/ ЖАО шешімдері

6.

Жедел штабты өрістетуді және қауырт желі телефонының жұмысын ұйымдастыру*

ТЖМ, ІІМ, ДСМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ, Қорғанысмині, ЭГТРМ, СИМ, ЖАО

С + 1.00 (жұмыс уақытында)
С + 2.30 (жұмыс уақытынан тыс)

жедел штабтың және қауырт желі телефонының жұмысы

7.

Төтенше жағдай аймағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету *

ІІМ

С + 1.00

қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша кешенді шаралар өткізу

8.

Зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру*

ДСМ, ТЖМ, ЖАО

С+ 1.00

зардап шеккен халықтың денсаулығын сақтау және қалпына келтіру

9.

ВАМК отырысын өткізу*

ВАМК төрағасы,
мүшелері

С + 2.00

ВАМК отырысының хаттамасы

10.

Төтенше жағдай аймағында авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру *

ТЖМ, ІІМ, ЖАО, ДСМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, Қорғанысмині

С + 2.00

авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар

11.

Қалыптасқан ахуалды уақтылы және шынайы жария ету бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету*

АҚДМ, ЖАО

С + 2.00

бұқаралық ақпарат құралдарын үйлестіру

12.

Инфекциялық және паразиттік ауруларға байланысты төтенше жағдай аймағында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру*

ДСМ, ЖАО

С + 2.00

халық арасында инфекциялық, паразиттік аурулар, улану ошақтарын оқшаулау және жою

13.

Төтенше жағдай аймағында ветеринариялық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру*

АШМ, ЖАО

С + 2.00

жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болдырмау

14.

Зардап шеккен халықтың және төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған күштердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру*

ЖАО, ТЖМ, ІІМ, ЭМ, СИМ

С + 2.00

адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасау

15.

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіне кіретін аса маңызды объектілер мен жауапты тұтынушыларды үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету*

ЭМ, ЖАО

С + 3.00

энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету

16.

Төтенше жағдайларды жою кезеңінде сауда қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету*

СИМ, ЖАО

С + 3.00

сауда қызметін реттеу

17.

Зардап шеккен халықты теміржол, әуе, өзен және автомобиль көлігімен тасымалдауды қамтамасыз ету*

ИИДМ, ТЖМ, ЖАО, ІІМ

С + 3.00

зардап шеккен халықты қауіпсіз аймаққа жеткізу

18.

Химиялық, радиациялық және өрт қаупі бар объектілердегі, сондай-ақ су айдындары мен бөгендердегі авариялардан болатын зиянға жол бермеу және зардабын азайту бойынша іс-шаралар өткізу*

ЖАО, ЭМ, ИИДМ, ТЖМ, ЭГТРМ, Қорғанысмині

С + 4.00

қауіпті объектілердегі превентивті іс-шаралар

19.

Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, сондай-ақ жұмылдырылатын басқа да күштерді төтенше жағдай аймағына көшіру**

ТЖМ, ІІМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, әкімдіктері

С + 48.00

төтенше жағдай аймағына көшіру

20.

Еріктілерді, қоғамдық бірлестіктерді төтенше жағдайдың салдарын жоюға тартуды ұйымдастыру*

ЖАО, ТЖМ, АҚДМ

қажет болғанда

еріктілердің, қоғамдық бірлестіктердің төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысуы

21.

Қайтарымсыз шығындарға сот-медициналық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету*

Әділетмині

қажет болғанда

қайтарымсыз шығындарды сәйкестендіру

22.

Қайтарымсыз шығындарды көму орындарын дайындауды ұйымдастыру*

ЖАО

қажет болғанда

көму орындарымен қамтамасыз ету

23.

Көршілес мемлекеттерді, халықаралық ұйымдарды қалыптасқан ахуал туралы хабардар ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру*

ТЖМ, СІМ

қажет болғанда

ақпарат

24.

Шет елдер мен халықаралық ұйымдарға қажетті гуманитарлық және өзге де көмек көрсету туралы сұрау салуды дайындау*

СІМ, ТЖМ

қажет
болғанда

сұрау салуды жолдау

25.

Мемлекеттік материалдық резервтің және ТЖМ жедел резервінің материалдық құндылықтарын броньнан шығару*

ТЖМ, ЖАО

қажет болғанда

ТЖМ бұйрығы

26.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу*

ТЖМ, Қаржымині, ЖАО

қажет болғанда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы /
ТЖМ бұйрығы/
ЖАО қаулысы

      Ескертпе:

      * – іс-шаралар су басу, тасқын, орман және дала өрттері, жер сілкіністері болған кезде өткізіледі;

      ** – іс-шаралар жер сілкіністері болған кезде өткізіледі;

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі;

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

      ВАМК – Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      ЖАО – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) (аумағында төтенше жағдай орын алған) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі;

      ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі;

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      С+ – төтенше жағдайдың туындағаны туралы сигнал алынған уақыт;

      +0.30; +1.00 – іс-шараларды орындаудың шекті уақыты, мұнда нүктеге дейін сағат нүктеден кейін минут көрсетіледі.

      Ескертпе: Орталық атқарушы органдар осы жоспарды ескере отырып және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген құрылымға сәйкес жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі ведомстволық іс-қимыл жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.

      Азаматтық қорғау күштері мен құралдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасындағы жер сілкінісінің салдарын жоюға тартылатын) есеп-қисаптары азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларында белгіленеді.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 14 қаңтардағы
№ 8 қаулысына
2-қосымша
 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 16 тамыздағы
№ 486 қаулысына
2-қосымша

Өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспары

Р/с № Іс-шаралар Жауапты орындаушылар Орындау мерзімі Аяқтау нысаны


1 2 3 4 5

1.

Төтенше жағдай аймағында бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру*

ТЖМ, ІІМ, Қорғанысмині, ЖАО

С + 0.30

адамдарды, жануарларды және мүліктерді құтқару, эвакуациялау

2.

Президент Әкімшілігін, Премьер-Министрдің Кеңсесін, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесін және Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарын төтенше жағдайдың туындау фактісі туралы хабардар ету*

ТЖМ

С+ 0.30

ақпарат

3.

Халықты қалыптасқан жағдай туралы құлақтандыруды және хабардар етуді ұйымдастыру *

ЖАО, ТЖМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ

С + 1.00

ақпаратты халыққа жеткізу

4.

Төтенше жағдайларға ақпараттық ден қоюды қамтамасыз ету*

ТЖМ, АҚДМ

Дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде жедел хабарлау және ақпараттық ден қою алгоритмінде көзделген мерзімдер

БАҚ-та ресми хабарламаларды жариялау және жылжыту

5.

Өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайды жариялау туралы және төтенше жағдайды жою жөніндегі басшыны тағайындау туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің жобасын дайындау*

ТЖМ, ЖАО

С + 1.00

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің жобасы

6.

Мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің аумақтық және салалық кіші жүйелерін төтенше жағдай режиміне ауыстыру*

ТЖМ, ІІМ, ДСМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ, ЭГТРМ, СИМ, ЖАО

С + 1.00 (жұмыс уақытында)
С + 2.30 (жұмыс уақытынан тыс)

орталық атқарушы органдардың бұйрықтары/ ЖАО шешімдері

7.

Жедел штабты өрістетуді және қауырт желі телефонының жұмысын ұйымдастыру*

ТЖМ, ІІМ, ДСМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, АҚДМ, ЦДИАӨМ, Қорғанысмині, ЭГТРМ, СИМ, ЖАО

С + 1.00 (жұмыс уақытында)
С + 2.30 (жұмыс уақытынан тыс)

жедел штабтың және қауырт желі телефонының жұмысы

8.

Төтенше жағдай аймағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету*

ІІМ

С + 1.00

қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша шаралар кешенін өткізу

9.

Зардап шеккендерге медициналық және психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру*

ДСМ, ТЖМ, ЖАО

С+ 1.00

зардап шеккен халықтың денсаулығын сақтау және қалпына келтіру

10.

Кейіннен эвакуациялау үшін халықты қауіпсіз орындарда жинау пункттерін ұйымдастыру*

ЖАО, ТЖМ, ИИДМ, Қорғанысмині

С+1.00

жинау пункттерін ұйымдастыру,ақпаратты халыққа жеткізу

11.

Халықты эвакуациялау үшін автомобиль және теміржол көлігін бөлу. Жаяу колонналарды, халықты эвакуациялаудың аралық және межелі пункттері орналасқан жерлерді нақтылау*

ЖАО, ИИДМ, ТЖМ, ІІМ, Қорғанысмині

С+3.00

жинау пункттерін ұйымдастыру, ақпаратты халыққа жеткізу

12.

Эвакуациялау кезінде жоғалған адамдардың (балалардың) тізімін жариялау*

ТЖМ, ІІМ, ЖАО, АҚДМ

С+3.00

тізімдерді бұқаралық ақпарат құралдарында және жергілікті атқарушы органдардың сайттарында орналастыру

13.

ВАМК отырысын өткізу*

ВАМК төрағасы, мүшелері

С + 2.00

ВАМК отырысының хаттамасы

14.

Төтенше жағдай аймағында авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру*

ТЖМ, ІІМ, ЖАО, ДСМ, ИИДМ, ЭМ, АШМ, Қорғанысмині

С + 2.00

авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстар

15.

Бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасқан ахуалды уақтылы және шынайы жария ету жөніндегі
іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету*

АҚДМ, ЖАО

С + 2.00

бұқаралық ақпарат құралдарын үйлестіру

16.

Инфекциялық және паразиттік ауруларға байланысты төтенше жағдай аймағында санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру*

ДСМ, ЖАО

С + 2.00

халық арасындағы инфекциялық, паразиттік аурулар, улану ошақтарын оқшаулау және жою

17.

Эпидемиялық ошақ белгіленген аумақта шектеу, оның ішінде карантин іс-шараларын жүзеге асыру*****

ДСМ, ЖАО, ІІМ, ТЖМ

С + 2.00

шектеу іс-шараларын өткізу

18.

Халықты және тартылатын күштердің жеке құрамын инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу бойынша хабардар етуді ұйымдастыру*****

ДСМ, ЖАО, АҚДМ

С + 2.00

инфекциялық және паразиттік ауруларың алдын алу бойынша хабардар ету

19.

Төтенше жағдай аймағында ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру ******

АШМ, ЖАО

С + 2.00

жануарлар ауруларының пайда болуын болдырмау

20.

Эпизоотиялық ошақ белгіленген аумақта шектеу іс-шараларын және карантин белгілеу
******

ЖАО, АШМ, ІІМ, ТЖМ

С + 2.0

ЖАО шешімі

21.

Халықты және тартылатын күштердің жеке құрамын эпизоотияның алдын алу бойынша хабардар етуді ұйымдастыру******

АШМ, ЖАО, АҚДМ

С + 2.00

эпизоотияның алдын алу бойынша хабардар ету

22.

Өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру*******

АШМ, ЖАО

С + 2.00

өсімдіктер ауруларының пайда болуын, таралуын болдырмау

23.

Өсімдіктер карантині режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу *******

АШМ, ЖАО

С + 2.00

АШМ бұйрығы

24.

Жол ұйымдарының көлік магистральдарындағы авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуін ұйымдастыру***

ЖАО, ИИДМ, ІІМ, ТЖМ

С + 2.00

көлік магистральдарындағы авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар

25.

Күшті әсер ететін улы және радиоактивті заттармен зақымдану көздерін оқшаулауды және залалсыздандыруды жүргізу****

ЖАО, ИИДМ, Қорғанысмині, ЭМ

С + 2.00

оқшаулауды және залалсыздандыруды қамтамасыз ету

26.

Коммуналдық-энергетикалық желілердегі және гидротехникалық құрылыстардағы ақауларды оқшаулауды жүргізу****

ЖАО, ЭМ, ЭГТРМ

С+2.00

зақымдануларды оқшаулауды қамтамасыз ету

27.

Зардап шеккен халықтың және төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған күштердің тіршілігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру*

ЖАО, ТЖМ, СИМ

С + 2.00

адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасау

28.

Тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйесіне кіретін аса маңызды объектілер мен жауапты тұтынушыларды үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету*

ЭМ, ЖАО

С + 3.00

энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету

29.

Төтенше жағдайды жою кезеңінде сауда қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету*

СИМ, ЖАО

С + 6.00

сауда қызметін реттеу

30.

Авариялық-құтқару жұмыстарының мұқтаждықтары үшін жанар-жағармай материалдарының резервін қамтамасыз ету*

ТЖМ, ЖАО, ЭМ

С+3.00

жанар-жағармай материалдары қорының болуы

31.

Зардап шеккен халықты теміржол, әуе, өзен және автомобиль көлігімен тасымалдауды қамтамасыз ету*

ИИДМ, ЖАО, ІІМ, ТЖМ

С + 3.00

зардап шеккен халықты қауіпсіз аймаққа жеткізу

32.

Химиялық, радиациялық және өрт қаупі бар объектілердегі, сондай-ақ су айдындары мен бөгендердегі авариялардан болатын зиянға жол бермеу және зардабын азайту бойынша іс-шаралар өткізу****

ЖАО, ЭМ, ИИДМ, ТЖМ, АШМ, ІІМ, Қорғанысмині, ЭГТРМ

С + 4.00-6.00

қауіпті объектілердегі лу превентивті іс-шаралар

33.

Радиациялық, химиялық және биологиялық барлауды ұйымдастыру (бақылау)****

ИИДМ, Қорғанысмині, ДСМ, ТЖМ, ЭМ

С+4.00

барлауды ұйымдастыру

34.

Ғимараттарды, құрылыстарды, жол учаскелерін, техника мен жабдықтарды дезактивациялау, газсыздандыру, дезинфекциялау****

Қорғанысмині, ДСМ, ЭМ, ТЖМ, ІІМ (тиесілігіне қарай)

С+5.00

тиісті күштер мен құралдарды іске қосу

35.

Аумақты жарылыс қаупі бар заттардан тазарту жұмыстарын ұйымдастыру****

Қорғанысмині, ІІМ (тиесілігіне қарай)

С+5.00

тиісті күштер мен құралдарды іске қосу, жарылғыш заттарды тасымалдау

36.

Эвакуацияланған халық үшін Мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын ұйымдастыру*

ЖАО, ЦДИАӨМ

С+12.00

эвакуацияланған халықтың құжаттарын қалпына келтіру

37.

Авариялық-құтқару жұмыстары мен кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын, сондай-ақ жұмылдырылатын басқа да күштерді төтенше жағдай аймағына көшіру****

ТЖМ, ІІМ, облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері

С + 48.00

төтенше жағдай аймағына көшіру

38.

Еріктілерді, қоғамдық бірлестіктерді төтенше жағдайдың салдарын жоюға тартуды ұйымдастыру*

ЖАО, ТЖМ, АҚДМ

қажет болғанда

еріктілердің, қоғамдық бірлестіктердің төтенше жағдайдың салдарын жоюға қатысуы

39.

Қайтарымсыз шығындарға сот-медициналық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету*

Әділетмині

қажет болғанда

қайтарымсыз шығындарды сәйкестендіру

40.

Қайтарымсыз шығындарды көму орындарын дайындауды ұйымдастыру*

ЖАО

қажет болғанда

көму орындарымен қамтамасыз ету

41.

Мемлекеттік материалдық резервтің және ТЖМ жедел резервінің материалдық құндылықтарын броньнан шығару*

ТЖМ, ЖАО

қажет болғанда

ТЖМ бұйрығы

42.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу*

ТЖМ, Қаржымині,
ЖАО

қажет болғанда

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы /
ТЖМ бұйрығы/
ЖАО қаулысы

      Ескертпе:

      * – іс-шаралар су басу, тасқын, орман және дала өрттері, жер сілкіністері, сел ағындары, қар құрсауы және борандар, әсері күшті улы заттармен, радиоактивті және биологиялық қауіпті заттар шығарындыларымен байланысты техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, эпидемиялар, эпизоотиялар, эпиофитотиялар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі жарылыс, эпидемиялар, эпизоотиялар мен эпиофитотиялар туындаған кезде өткізіледі;

      ** – іс-шаралар жер сілкіністері болған кезде өткізіледі;

      *** – іс-шаралар қар құрсауы және борандар болған кезде өткізіледі;

      **** – іс-шаралар әсері күшті улы заттармен, радиоактивті және биологиялық қауіпті заттар шығарындыларымен байланысты техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі объектілеріндегі жарылыс туындаған кезде өткізіледі;

      ***** – іс-шаралар эпидемия пайда болғанда өткізіледі;

      ****** – іс-шаралар эпизоотия пайда болғанда өткізіледі;

      ******* – іс-шаралар эпифитотия пайда болғанда өткізіледі;

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АҚДМ – Қазақстан Республикасының Ақпарат жəне қоғамдық даму министрлігі;

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;

      ВАМК – Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі ведомствоаралық мемлекеттік комиссия;

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

      ЖАО – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) (аумағында төтенше жағдай орын алған) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

      Қорғанысмині – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

      ТЖМ – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі;

      ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі;

      ЭМ – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      С+ – төтенше жағдайдың туындағаны туралы сигнал алынған уақыт;

      +0.30; +1.00 – іс-шараларды орындаудың шекті уақыты, мұнда нүктеге дейін сағат нүктеден кейін минут көрсетіледі.

      Ескертпе: Орталық атқарушы органдар осы жоспарды ескере отырып және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген құрылымға сәйкес жаһандық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі ведомстволық іс-қимылдар жоспарларын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады.

      Азаматтық қорғау күштері мен құралдарының (оның ішінде Қазақстан Республикасындағы жер сілкінісінің салдарын жоюға тартылатын) есеп-қисаптары азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның жаһандық және өңірлік ауқымындағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-қимыл жоспарларында белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады