"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Іле ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 48 орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Төлеген Айбергеновтің есімі берілсін.
2. Мынадай білім беру ұйымдарының атауы:
1) "Кеген ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "№ 3 Кеген орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесі – "Кеген ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Кеңес Нұрпейісұлы атындағы орта мектеп"" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
2) "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Үшқоңыр қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Қарасай ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі "Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |