"Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 118 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № 27 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 502 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.06.2023 № 502 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.04.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бірыңғай байланыс орталығын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 15-16, 81-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Бірыңғай байланыс орталығы болып айқындалсын.".

      2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады