Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет түрлерін айқындау туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № 30 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 912 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі, 01.01.2025 дейін қолданылады) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 696-1-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 912 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі, 01.01.2025 дейін қолданылады) қаулысымен.

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет түрлері айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 912 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі, 01.01.2025 дейін қолданылады) қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 2 ақпандағы
№ 30 қаулысына
қосымша

Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану мақсаттары үшін қоғамдық тамақтандыру саласындағы қызмет түрлері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 912 қаулысымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі, 01.01.2025 дейін қолданылады).

Р/с №

ЭҚЖЖ

Қызмет түрлері

1

2

3

1.

55.10.1*

Жол бойындағы белдеулерде орналасқан қонақүйлерді қоспағанда, мейрамханалары бар қонақүйлердің қызметтер көрсетуі

2.

55.10.3*

Ресми іс-шараларға арналған мейрамханалары бар қонақүй қызметтерін көрсету

3.

56.10.1

Жол бойындағы белдеулерде орналасқан объектілердің қызметін қоспағанда, мейрамханалардың кызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтер

4.

56.10.2

Мейрамханалардың қызметі және жол бойындағы белдеулерде орналасқан объектілердің тамақ өнімдерін жеткізу бойынша қызметтер көрсетуі

5.

56.21.0

Тапсырыспен дайын тамақ жеткізу және тамақтандырумен қамтамасыз ету бойынша өзге қызмет

6.

56.29.1

Елді мекендерден тыс жерде тамақтануды ұйымдастырудың өзге түрлері

7.

56.29.2

Жолаушылар пойыздарында тамақтандыруды ұйымдастырудың өзге түрлері

8.

56.29.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген, тамақтануды қамтамасыз ету жөніндегі өзге қызмет

      * қонақүйлердің қызметтер (қонақүй қызметтерін) көрсетуін қоспағанда


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады